Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / На тему "Адамгершілік-жақсы қасиет"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

На тему "Адамгершілік-жақсы қасиет"

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: Адамгершілік-жақсы қасиет

Тәрбие сағатының мақсаты: Кішіпейілділік, тазалық, әдептіліккөмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүюадамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.

Көрнекілігі: Плакат, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:


Мұғалім сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған  қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.

Демек, асыл қасиет – адамгершілік, сондықтан сөзімнің басында  айтқан адамдықтың белгісі – адамгершілік екенін айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.

Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, -

«Кім жылдам?» – Мақал – мәтел сайысы.

  1. Жаман – бұзар, жақсы – түзер.

  2. Адам болатын бала алысқа қарайды.

  3. Сыйласаң, сыйымды боларсың.

  4. Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.

  5. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.

  6. Су ішкен құдығыңа түкірме.

  7. Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.

  8. Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.

  9. Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.

  10. Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.

  11. Ақыл – дос, ашу – дұшпан, ақылыңа ақыл қос.

  12. «Сіз» – сыпайылық, «сен» деген анайылық.

Адамгершіліктің бір парасы – біреудің еңбегін бағалау, тазалықты ұстау. Сондықтан өз еңбегіңді, біреудің еңбегін бағалау қажет.

Ойын: «Мен қандаймын?».
Оқушыларға тапсырма беріп, өздеріне баға беру.

Қорытынды.

Сұрақтар:

  1. Кімнің бойында адамгершілік қасиет көп?

  2. Жамандық жеңе ме, жаңалық жеңе ме?

  3. Адамгершілігі мол адам деп кімді айтамыз?

  4. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқыздық?

Адамгершілікті, әдепті болыңдар.
Бұл сабақ өмірлік сабақ болсын!



Автор
Дата добавления 04.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров127
Номер материала ДВ-503956
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх