Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / На тему "АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ –ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ"

На тему "АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ –ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ"


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов



Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы

Лицейдің Бастауыш сынып мұғалімі:

Жакупова Улпан Қуандыковна

Тақырыбы: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ –ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ

Мақсаты: Оқушыларға алаштың бес арысын таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу. Қазақ автономиясының құрылуын насихатау. Тәуелсіздігімізді айқындау.
Түрі: ауызша журнал
Көрнекілігі, керекті құралдары: Фото суреттер

Ахмет  Байтұрсынов – қазақ  әліпбиінің,  грамматикасының  және әдебиет теориясының  ғылыми негізін  қалаушы

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)
Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы.

1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1905 жылы жер мәселесі, қазақтың өз жерін өзіне қайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907 , 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою - өрнек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалы жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

Ахаң әліпбиі мен оның «Оқу құралы» атты қазақша әліпби оқулығына  - 100 жыл
Ұлағатты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туған тіл туралы өзекті мақалаларында: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. ...Біздің заманымыз - жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деп жазған екен. Шындығында, ол қазақ әліпбиін түзеп, түрлеудің, ана тілінде оқулықтарды жазудың мәні зор екенін ғасыр басында қоғами ахуалмен байланыстыра отырып, ауыр жүкті қолға алып, замандастарымен бірге ұлт тілінің келешегі үшін күрескен кемеңгер. Кемеңгерлігі сол, әркімнің тіліне еріп, адасып жүрген жұртына «Қазақ әліпбиін» тайға таңба басқандай жасап берді. Ахмет түрлеген әліпбиді күллі түркі жұрты, сонымен бірге орыс ғалымдарының «...енді түзетуді қажет етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» деп бағалағаны тарихи шындық. Міне, сол әліпбиге биыл - 100 жыл толып отыр! «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, баба мұрасымен алға жылжудың орнына, әліпбиді әлі күнге өзекті мәселесі етіп, текке даурығудамыз... Бұл «даулы мәселені» ғалым атындағы Тіл білімі институтының зерттеушілері бір шешімін табатынына кәміл сене отырып, енді Ахаң әліпбиінің тарихына шолу жасасақ.   
А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуы негізіндегі әліпбиі заманында қазақ халқының мәдени дүниесінде зор серпілістер әкелгенін, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына ықпалы болғандығы туралы Д.Міржақыпұлы, Е.Омаров, Т.Шонанұлы, С.Сейфуллин және М.Әуезов т.б. сол кездің өзінде айырықша атап, жоғары бағалады.                                       
ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімі мен әдебиетте сан салалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен бірге түрлі оқулықтар жасаудың да қажеттілігі сезіліп, аса маңызды мәселе ретінде алға қойылған тұста - Ахмет Байтұрсынұлы ұлт тілі мәселесіне өте жауапкершілікпен қараған. Ол кирилл таңбасындағы қазақ алфавитіне мойынсұнбаған. Қазақ жұртының төл, ана тілін саф қалпында сақтау үшін қандай таңбаны алу керектігіне зор мән берген. Және осы жолда төте жол іздеді. Ағартушы өзінің ұзақ жылдар бойғы ізденісі барысында кирилше жазудың бодандағы қазақ елі үшін тіл саясатындағы «тұсау», тіпті «бұғау» деп түсінді. Ол сол себептен де аса сақтықпен ұлтының болмысын жоғалтпайтын, дыбыстық ерекшеліктерін бере алатын, әрі исламды діл мен діннің лұғаты деп зерделегендіктен араб  графикасын таңдады. 
Әліпби - тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы. М.Әуезовше айтсақ, Ақаң  ашқан қазақ мектебінің ұстанымы - қазақ баласын ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай, оның танымдық талғамын қазақша қалыптастыру болған. Өйткені, сол тұстағы оқыған, сауатты жандардың басым көпшілігінің  тілі не татарша, не орысша шыққаны және сол тілдермен өз тілін араластырып, «қойыртпақ тіл» жасағаны тарихтан  белгілі. Сондықтан да ағартушы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін ұстанды. Әрі осы жолда қазақ баласы үшін түрен жол салып берді: «...Қазақша дұрыстап қат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп қат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, парсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұлай болған соң әуелі оқу құралы жақсы болып жан қинамасына не керек?» - деп, «ана тіл» деген пәнсөздің негізгі мәні атау тұлғадағы ұғым екеніне үлкен салмақ салып, әрі төл тілдің бастау көзін ашып алады. 
Мақаладағы асты сызылған тіркестердің мағынасын ашып жатудың өзі артық, бірақ осы «...қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын» деп, таза арабшамен тіл сындырушылардың да төл тілінен ажырайтынын, қазақша болмысын жоғалтатынын айтып отыр. «Қазақтың тіліменен оқытуды» көксейді, сол қазақ тілінде оқытудың амал-тәсілдерін, «соқырға таяқ ұстатқандай» көрсетіп те берді. Ең бастысы, «әліпби түзелмей, іс оңалмайтынын» білген ағартушы қазақ әрпін әрлеуді қолға алды емес пе! Енді Ахаң түзген әліпбидің кестесі ұсынамыз.
Байтұрсынұлы әліпбиінің кестесі

ﱠ    



Общая информация

Номер материала: ДВ-519111


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»