Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / На тему: "Қазақстан машина жасауының салалық құрылымы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

На тему: "Қазақстан машина жасауының салалық құрылымы"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан машина жасауының салалық құрылымы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның машина жасау кешені, салалары, орналасу принциптері, мамандану мен кооперативтендіру, кешенді сала екендігі жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап, Топтастыру.                    

Сабақтың көрнекілігі:Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын сұрау. Тақырыбы: Машина шығарудың технологиялық кезеңдері, икемді технологиялар, машина жасауды орналастыру факторлары

Тест:

1.Өнеркәсіп  өнімдері  арасындағы  машина  жасау  кешені  өнімдерінің  үлесі:

А) 1%     Ә)50%    Б) 40%    В)4%     Г)60%

2. Қорғасын  зауыттарының  азаматтық  өнімдер  шығаруға  түрленуі:

А)прогресс      Ә)депрессия   Б)конверсия   В)мамандану    Г)кооперация

3. Өнім  түрлеріне  мамандану:

А)технологиялық  мамандану        Әөлшектік  мамандану

Б)жүйелік  мамандану     В)қызметтік  мамандану Г)бұйымдық  мамандану 

4. Егер  зауыт  жылдамдықты  өлшегіш  құрал  шығарса, бұл  қандай  мамандануға  жатады? А)технологиялық  мамандану        Әөлшектік  мамандану

Б)жүйелік  мамандану     В)қызметтік  мамандану   Г)бұйымдық  мамандану 

5. Машина  жасаудағы  технологиялық  процестің  бірінші  кезеңі:

А)құрастыру    Ә)дайындау    Б)өңдеу     В)бояу       Г)сынақтан  өткізу

ЖАҢА САБАҚ




























МӘТІНМЕН ЖҰМЫС.

Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді:

1)машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару);

2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу);

3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту).

Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады

Қорытындылау.Сен білесің бе?

  • 1. Қазақстандағы ең алғаш құрылған машина жасау көсіпорнына 1909 ж. Верный (Алматы) қаласында орналаскан тұқым сепкіш машинасын жатқызуға болады.

  • 2. Металл өңдеу өнеркөсібінің ең бір ерекше кәсіпорны - Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасының Монеталар сарайы. Ол 1992 жылы ұлттық валюта - теңгенің енуіне дайындыққа байланысты Үлбі металлургия зауытының бір цехының негізінде құрылған. Монеталар сарайы монеталар соғады, Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарын, төс белгілер мен әскери қызметкерлердің айыру белгілерін, әшекей бұйымдар шығарады.

  • 3. Құны 20 млн. долларды құрайтын «Азия-Авто» зауыты Өскеменде 2003 жылы салынған. Бұл зауытта автокөлік дайын күйінде келген бөлшектерден құрастырылады. Оны ресейлік «АвтоВАЗ («Ниват») зауыты, чехиялық «Шкода-Ауто» («Шкода») және америкалық серіктестігінің оңтүстік корей филиалы «Дженерал Моторс»Шевроле») зауыттары «Шкода» маркалы автокөлігін құрастыруға көшуде. Зауыттың жобалау қуаты - жылына 15 мың, 2008 ж. 3271 автокөлік құрастырылды: оның 2358- «Лада», 593 - «Шевроле» және 320 -«Шкода». Бұл еліміздегі ең ірі автокөлік құрастыратын өндіріс.

  • 4. Қазақстанда барлығы 30-дай өр түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобильдерін (микроавтобустар, самосвалдар, рефрижераторлар) троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері, коммуналдық техника шығаратын Алматы қаласында орналасқан. Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайнын шығарады.

  • 5. Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда өнімдері КСРО-ның басқа еш жерінде шығарылмайтын бірнеше ерекше зауыттары болды. Олардың ішінде «Ақтөбеауылмаш» (қой қырқатын машинкалар шығаратын), Алматы электротехника зауыты (жер асты тұзды суларын тұщыландыратын қондырғылар), «Целиноградауылмаш» (жер кабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары, дестелегіш жөне қар тоқтатқыштар) зауыттарын айтуға болады.

  • 6. Көп уақытқа дейін Қазақстанның ауыр машина жасау өнеркәсібінде жетекші орында Алматы ауыр машина жасау зауыты болды. Зауыт әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Зауыт өнімдері - алюминий, мыс сым темірлері, құбыр, прокат құралдары, металлургия, химия өнеркәсіптеріне және атом реакторларына арнап күрделі прокаттық құрал-жабдықтар шығарылады, олар - ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарында пайдалануда.

  • 7. Жоспарлы экономика кезеңінде республика аумағындағы корғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Бұл зауыттар өскери техника, қару-жарақ және оқәрі шығарған. Солардың арасындағы жетекші зауыттар Петропавл (орта қашықтыққа ататын зымырандар, бүл зымырандар ядролық зарядтарды тасымалдай алатын КСРО мен АҚШ арасындағы келісім бойынша қарудың бұл түрі жойылды), Алматы (әскери теңіз флотына арналған торпедо), Орал (атқыш қару-жарақ), Зырян (зымыран техникаларына арналған микросызбалар) қалаларында орналасты. Қазіргі кездің өзінде де осы аталған 50-ге тарта қорғаныс зауыттар Қазақстан жөне ТМД елдерінің Қорғаныс күшіне арнап, өнімдер шығаруда.

  • 8. 2009 ж. Астана каласында америкалық «Дженерал электрик» компаниясы мен ірі тепловоз құрастыратын зауыт пайдалануға берілді. Ол бүгінгі күнге сай Қазақстандықтар және шетел нарығы үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловоз шығаратын болды

БЕКІТУ. Тест орындау.

1.Шаруашылықтың салалалры үшін құрал-жабдық, сондай-ақ халық
тұтынатын бұйымдар өндіретін өнеркәсіп салаларының жиынтығы:
А) Шоғырландыру В) Мамандандыру
С) Машина жасау кешені Д) Икемді технология
2.
Машина жасау саласы неше сатыдан тұрады:
А) 4 В) 3 С) 5 Д) 2
3. Машина жасау экономикалық қызметтің қандай түрлдерін қамтиды:
А) Машиналар мен жабдықтар В) Компьютерлер мен оптикалық өнім өндірісі С) Электр жабдығы өндірісі Д) Барлығы жұрыс
4.Машина жасау саласы бойынша мамандар дайындайтын негізгі облыстар:
А) Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар
В)Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан
С) Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе
Д) Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Ақмола
5. Машина жасау саласының бірінші даму бағытына жатады:
А) Автомобиль өнеркәсібі В) Құрылыс техникасы
С) Станов жасау, тұрмыстық техникалар өндірісі Д) Мұнай-газ, тау-кен
6. Төменгі вольтті аппаратура шығаратын зауыты бар қала
А) Алматы В) Шымкент С) Тараз Д) Астана
7. Өскемен электр станциялары үшін қажетті құрал- жабдықтар жасайтын экскаватор зауыты орналасқан қала
А) Алматы В) Кентау С) Тараз Д) Астана
8. Трактор шығаратын зауыт
А) Астана В) Алматы С) Шымкент Д) Павлодар
9. Машина жасау өнеркәсібінде қолданылатын өндірісті ұйымдастырудың ерекше түрі
А) құрамдастыру В) шоғырландыру
С) мамандандыру, кооперативтендіру Д) өндірісті құрастыру
10. Ауылшаруашылық машиналарын шығару орталықтары
А) Атырау, Ақтөбе В) Астана, Павлодар
С) Алматы, Шымкент Д) Тараз, Өскемен
11. Аккумулятор шығаратын зауыт орналасқан қала
А) Алматы В) Талдықорған С) Шымкент Д) Кентау
«ОЙ ҚОЗҒАУ» Егер зауыт жылдамдықты өлшегіш құрал(спидометр)шығарса,бұл қандай мамандануға жатады?

Қай қалада трактор шығарылады?

Аккумулятор шығаратын зауыт қай қалада?

Ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын ірі орталықтар?

Ірі пресс-автомат зауыты орналасқан қала?

Рентген аппаратуралары зауыты қай қалада орналасқан?

Кабель шығаратын зауыт

Экскаватор қай қаладан шығады?

Таразы қай қаладан шығады?

Жоғары вольтті аппаратура шығаратын зауыт?

БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1431
Номер материала ДВ-435714
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх