Инфоурок Другое Другие методич. материалыНа тему: "Дара, күрделі зат есімдер"

На тему: "Дара, күрделі зат есімдер"

Скачать материал

                                                                                    «№34 Гагарин атындағы жалпы орта мектеп»

                                                                        коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

                                                                            қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                                          Таева Гүлзат Абилкасимовна

 

                                                                                       ОҚМУ 2003 жылы

                                                                                       Еңбек өтілі 13 жыл

 

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 9 «В»

Күні: 30.04.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Дара, күрделі зат есімдер.

                                          Мектеп тірегі-ұстаз.

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға дара және күрделі зат есім туралы түсінік беру

б) оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын дағдыландыру

в) оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, кестелер, бүктеме, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастару.

 

а) оқушылармен сәлемдесу «Қар көшкіні» әдісі бойынша

ә) «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлемін.

б) қазақ тілі –өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім – деп қазақ тілімізді  

    бастаймыз.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру, сұрау.

Зат есім бойынша ауызекі сұрақ-жауап өткізу.

1.      Зат есім деп неге айтамыз?

2.      Жалпы есім мен жалқы есім деп қандай зат есімдерге айтамыз?  Мысалдармен түсіндіру.

3.      Негізі және туынды зат есім деп қандай зат есімдерге айтылады. (балық-балықшы, дос-достық).

4.      Туынды зат есім жасайтын жұрнақтарды мысалдармен түсіндіріп беру (малшы,кітапхана, шаруашылық)

Жұрнақтарды дефис арқылы жазу:

етін-ші, ег-ін, ауру-хана, мейман-хана, бай-лық, талап-кер т.б.

ІІІ. Өтілген сабақтарды қортындылау.

Зат есім деп неге айтамыз? Заттың атын білдіретін атау сөздер есім деп аталады. Зат есімдер: кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап береді.

Мысалы: ата, бала, оқушы, қойшы  сөздері кім? деген сұраққа жауап берсе, ал ағаш, дәптер, кітап не? деген сұраққа жауап береді.

       Біркелкі заттарды жаппай атайтын зат есімдер жалпы есім деп аталады.

Мысалы: адам, тау, көл.

     Біркелкі заттарды жекелеп атайтын зат есімдер жалқы есім деп аталады.

Мысалы: Шоқан Алатау

Түбір зат есімдер негізгі зат есімдер деп аталады.

Мысалы: бала, дос, сөз, сарай, мектеп.

  Жұрнақ арқылы жасалған зат есімдер туынды зат есім деп аталады. Мысалы: дос-тық, балық-шы, етік-ші.

 «Зат есім» бойынша өтілген тақырыптарға өлең жазып бергенмін. Олар сендерге, қазір осы өлеңді оқып береді. Сендер зат есімдерді есте сақтап қалыңыздар.

  Зат есім

Мен зат есіммін, есіммен,

Естілердің естісімін

Етістікпен жолдаспын

Түрленемін, өзгеремін,

Түбірімді сатпаймын.

Жалпы есім-атау, тау

Жалқы есім – Алатау.

Дос-сөзі түбір ғой!

Достық –сөзі туынды

Жұрнақтарым, жалғауларым көп менің

Соның үшін мақтанышым көп менің.

Зат есімдер құрамы жағынан дара және күрделі зат есім болып екіге бөлінеді.

Негізгі түбірден жасалған зат есімдерді дара зат есім дейміз. Мысалы: бала, оқушы, кітап.

Екі не бірнеше сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалған зат есімдерді күрделі зат есім дейміз.

Мысалы: көзқарас, Ақтөбе, ата-ана, тасбақа.

Енді, балалар мен 3 топқа үш түрлі тапсырма беремін.

1-      ші топ кеспелер бойынша жұмыс жасайды, 2-ші топ суретті кеспелер бойынша орындайды, 3-ші топ талдау жасайды.

1-тапсырма

1-ші қатар 5 кеспе қағазы:  дара және күрделі сөздерді ажырату.

1)      Біздің мектеп жарық, кең және таза.

2)      Біздің мұғалім егде адам.

3)      Мектептің екінші қабатында кітапхана бар.

4)      Оның бала-шағасы көп еді.

5)      Мен мұражайға бардым.

2-тапсырма: Кеспеде берілген суреттердің орнына дара және күрделі зат есімдерді қойып жазыңыздар:

1)      Маған әжем туылған күніне әдемі                      сыйлады.

 

2)      Біз тауда                   көрдік.

 

3)      Далада өте әдемі ағаштар,                  өседі.

 

4)      Қаланың орталығында               дәріханалар бар.

ІV. Жаңа сабақ. Мәтінмен жұмыс

Тұла бойы тұнған асылқасиет,

Айтатыны – ақыл-кеңес, өсиет!

Ұстаз атты ұлылықтың алдында,

Патша, ғалым, шешен-бәрі бас иед!

 

1-      Тапсырма. Сөздердің синонимдік қатарымен танысып, сөйлемдер құрау

Мұғалім-ұстаз, оқытушы.

Білімді-оқымысты, сауатты, зиялы.

Өсиет-ақыл кеңес, нақыл

Сыйлы- құрметті, қадірлі

1.      Мен ұстазды құрметтеймін.

2.      Мұғалім бізге білім береді.

3.      Мен алған білімімді өзгелерге беру арқылы ұстазымның сенімін ақтамақпын

Енді, мұғалім сөзін, мектеп сөзін септейік.

Атау кім?- мұғалім                                   - мектеп

Ілік кімнің? – мұғалімнің                        - мектептің

Барыс кімге? – мұғалімге                        - мектепке

Табыс кімді? – мұғалімді                         -мектепті

Жатыс кімде? – мұғалімде                       -мектепте

Шығыс кімнен? – мұғалімнен                  -мектептен

Көмектес кіммен? – мұғаліммен             -мектеппен

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, жазамыз.

 

                           ақыл кеңес                                                                          Жомарт

            Ұстаз                         өсиет                             айтады   Ұстаз                      Сыйлы                           адам

                                    ақыл кеңес                                                                   Зиялы

 

Енді, балалар, мен жұмбақ жасырамын:

 

Оқулықты құрметте

Күтіп ұста кірлетпе.

                                       (кітап)

 

Ақыл –ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары

Биігіне бойлаған

Қанбайды адам құмары

                        (Білім)

«Білім» сөзіне морфологиялық талдау жасайық

біл- етістік

ім- зат есім тудырушы жұрнақ

Мақал-мәтелдер:

1.      Ақыл- тозбайтын тон

      Білім- таусылмайтын кен

2.      Мектеп- кеме, білім-теңіз.

3.      Кісінің көркі киім емес – білім.

 

V.  Сабақты бекіту.

 

Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу

 

 

            Суретші                  дәрігер                      ұшқыш

 

                          Мамандық иелері (кім? кімдер?)

 

                    Дихан               жазушы                 мұғалім

 

      Қоян        қасқыр           аю           түлкі

      

            Жануарлар, заттар (не? нелер?)

 

          Есік        терезе         тақта        бор

 

VІ.Сабақты қорыту.

 

Ұстазыңа рахмет айтып, құттықтау сөз жазып көріңдер.

          қуаныш                         денсаулық

 

                  Ұстаздарға не тілейсің?

         ұзақ өмір        табыс        жақсылық

 

VІІ. Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.

VІІІ. Үйге тапсырма

5- тапсырма. «Үйреттіңіз мұғалім» өлеңін түсініп оқып, жаттап алу.

 

                                              

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "На тему: "Дара, күрделі зат есімдер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 308 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2016 8715
    • DOCX 24.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таева Гүлзат Абилкасимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Таева Гүлзат Абилкасимовна
    Таева Гүлзат Абилкасимовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8792
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции