Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / На тему "Әдепті болам десең, арлы бол!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

На тему "Әдепті болам десең, арлы бол!"

библиотека
материалов

Жамбыл облысы, Ақбастау ауылы,№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Жарылкапова Гүлжамила Усеновна


Сабақтың тақырыбы: Әдепті болам десең, арлы бол!

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп

әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

б) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

-Бүгінгі болатын 1 «Б» сынып оқушыларының ашық тәрбие сағатына қош

келдіңіздер!

-Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Психологиялық дайындық.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізу үшін, біз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны

(тілектер айтылады. )

-Еліңе қорған бол!

-Арманшыл бол!

-Әжеңнің шуағы бол!

-Атаңның ұрпағы бол!

Өнерлі бол!

-Биші бол!

-Әнші бол!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Нұр жаусын!

-Мерейің үстем болсын!

-Білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегеніңіз үшін рахмет!

-Рахмет!

-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралады екен.


3. Жаңа сабақ.

-Ал енді балалар бәріміз тақтаға қарайықшы.

hello_html_m15d42084.gif

hello_html_12f80165.gif


















-Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Әдепті болам десең, арлы бол!» Ал енді, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді топтастырайық.

-Сендер қалай ойлайсыңдар? Жарқырап тұрған күнге қандай баланы жатқызуға болады?

-Ал, мына бұлтқа қандай баланы жатқызуға болады?

-Олай болса, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, күннің шуағы мен бұлттан жауған жаңбырды көрсетейік.





hello_html_3e74af31.gifhello_html_m5831cec6.gifhello_html_m5831cec6.gifhello_html_m137a14e6.gif

Әдепті бала



hello_html_m66f64a2b.gifhello_html_m57919315.gif ұқыпты




Әдепсіз бала

hello_html_1dc27ef9.gifhello_html_23fa24fa.gifhello_html_mdf38759.gifhello_html_6b11c135.gif



hello_html_4c9ba1cc.gif

Әдепті және әдепсіз бала туралы тақпақтар айтыңдар.

Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек.

Әдепсіз балаға тән қасиеттерді бойына жинаған балалар қандай болады екен, осы жайлы сынып оқушыларына сөз берейік.

-Міне, балалар, уәде беріп оны орындамаса, кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондайды жұрт «әдепсіз екен» дейді. Әдепсіз баланы достары да сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.

-Ал, балалар, сендер бірінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Қысқы Азиадада ойналған ойынның бір түрі «Шайбалы хоккей»


Өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдар.

-Ал, енді балалар, өздерің білетін тыйым сөздерді айтыңдаршы?

-Қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

-Аталарың, әжелерің айта ма?

-Дұрыс. Сендер екінші тапсырманы да дұрыс орындадыңдар. Тыйым сөздерді жақсы біледі екенсіңдер. Қысқы Азиадада ойналған ойынның келесі түрі «Допты хоккей»



Жаман әдет туралы қандай мақал білесіңдер?


-Жаман әдет туралы мақал білетін болсаңдар айта қойыңдаршы?

-Ұрлық – түбі қорлық.


-Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаласың.

-Атақты ұры аштан өледі.

-Ұры қарының серігі.


-Міне, балалар, бұл жерден біздің білгеніміз кісі сыйлық жасаса рахмет, біреуді ренжітсең міндетті түрде кешірім сұрау керек екен. Біреудің затын ешуақытта да рұқсатсыз алмау керек екен, бір рет рұқсатсыз алсаң соған әдеттеніп кетесің де, біртіндеп ол әдетті бойыңа сіңіресің. Түбі ол сені үлкен ұрлыққа жетелейді. Ал өздерің білесіңдер «Ұрлық- түбі қорлық» екенін, ұрлық жасасаң заң алдында жауап беруге тура келеді.


Нақыл сөздер шеруі.
« Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде »
Жүсіп Баласұғұн.
«Сабырлы бол, салмақты бол.
Білімді ойлы бол,
Ата-анаңды сыйла, әдепті болып өс.»
Тәрбиешінің қорытынды сөзі:
Әдеп- барлық адамдарға жарасатын қасиет. Ол адамның бала жасынан қалыптасады, олай болса бәріміз әдепті болайық!
(Конвертті тәрбиеленушідерге сыйлықпен ұсыну)
Конвертті ашу ережесі
Жарқын болашағыңызды,
сәтті ақ жолыңызды,
бар арман мақсатыңды ,
орындатар жүрек жарды
тілегіңді ойла.
Дайын болсаңыз жаймен ғана конвертті ашыңыз
«Мен-ғажаппын»
- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.
- Мен ғажаппын, мен кереметпін.
- Менің күш – жігерім көп, денсаулығым мықты.
- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
- Мен тамаша жанмын.
- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.
- Мен сабырлымын, салмақтымын.
- Мені ешкім жолымнан тайдыра алмайды.
- Мен әділетті, адал жанмын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Менің қолымнан бәрі келеді.
- Менің айналамдағылар тек жақсы адамдар.
- Мен үшін өмірдің қызығы мол.
- Мен бәріне ризамын.
- Мен бақытты адаммын.



Қорытынды: Міне,балалар,біз бүгінгі тәрбие сағатында Азиададағы қысқы ойын түрлерімен таныстық және тапсырмаларды дұрыс орындап биік таудың шыңына шықтық.

Кеше Азиада ойынында өздерің көргендей біздің еліміз алтын, күміс, қола медальдарды қоржынымызға салып, спортшыларымыз еліміздің даңқын аспанға көтерді. Ал, енді сендер еліміздің болашақ чемпиондары болатындарыңа сенемін. Бүгінгі тәрбие сағатындағы көрсеткен өнерлерің мен білімдеріңді мен де қысқы Азиада медальдарымен марапаттаймын.

-Әдептілік, тәрбиелілік-асыл қасиеттер. Адамдарды бір-бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.

Қазақтың мынадай жақсы мақалы бар. «Жақсы бала ата-анасының есіктегі басын төрге, жаман бала төрдегі басын есікке сүйрейді» деген халық нақылын естеріңде ұстаңдар.

Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып , әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.



Автор
Дата добавления 24.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров284
Номер материала ДВ-093852
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх