Инфоурок Классному руководителю КонспектыНа тему "Әділет таразысы" 9 класс

На тему "Әділет таразысы" 9 класс

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Әділет таразысы

Мақсаты:

1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

2.Мұғалім:Сыбайлас-жемқорлық  деген не?

    “Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. 

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.                                     

3Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

   2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

    3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

 

 

 

4. Адамгершілік,әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
                                                                        Өзенге көпір салған бір сауап,
                                                                       Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

5.Сабақты қортындылау: Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .

 

 

 

 

 

 

№ 47 жалпы білім беретін орта мектебі

 

 

 

 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Әділет таразысы»

 

 

9«А» класы

Класс жетекшісі: Хуанар Т

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы

2015 – 2016 оқу жылы

іл мәртебесі - ел мерейі

Жарияланды 31-01-2014, 23:36 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Тіл мәртебесі – ел мерейі (7 - сынып)
Мақсаты: оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын арттыру, қазақ халқының салт - дәстүрімен, мәдениетін білуге, қазақ тілін меңгеруге, өз ойын жеткізе білуге үйрету, қазақ ақын - жазушыларының шығармаларымен таныс болып, оны жатқа білуге баулу, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: техникалық құралдар, тіл туралы нақыл сөздер, ҚР мемлекеттік рәміздері. Түрі: сайыс сабақ.. Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздену, шығармашылық, топтармен жұмыс.
Сайыстың барысы:
«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» (слайд)
- деген елбасымыздың осы жолдармен сайысымызды ашқым келіп отыр.
1 - жүргізуші: - Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: - Қазақ осы айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы аңғал - саңғал жабусыз,
Қазақ осы ағыл - тегіл, көл - көсір.
Қазақ осы «Өнер алды - тіл» дейтін,
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,-
деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әли айтқандай, ұлы қазақ даласында 130 - дан астам басқа ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстанда тұратын әрбір адам Отанын сүйіп, мәдениеті мен тілін білу керек.

1 - жүргізуші: - Осы мақсатпен Тілдер күніне орай « Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты сайыс жүргізіп отырмыз.
Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 - кезең: «Танысу» (слайд)
1 - жүргізуші: – Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Енді, сайысымыздың «Танысу» кезеңін бастаймыз (әр топ топтың атын, ұранын айтып, көрсетеді)
1 - топ - «Тұлпарлар»
2 - топ - «Көгершіндер»
2 - кезең: «Үй тапсырмасы». (слайд)
1 – жүргізуші: - Бұл кезең тапсырмасы бойынша әр топ «Ана тілі туралы» дайындап келген тақпақтарын айтады.

3 – кезең: «Кім көп біледі?» виктариналық сұрақтар.(слайд)
1 - жүргізуші: - Келесі сайысымыз –«Кім көп біледі?». Бұл сайыста қай топ тез әрі сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді.
2 - жүргізуші: (слайд)
- «Тұлпарлар» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
2. Қазақтың ұлы ақыны кім?(Абай)
3. ҚР рәміздерін ата.(ту, елтаңба, әнұран)
4. Қазақ тілінде неше септік бар?(7)
5. Буын түрлерін ата.(ашық, бітеу, тұйық)

1 - жүргізуші:
- «Көгершіедер» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?(9)
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?(2)
3. Ұлттық тағамдарды атаңдар?(ет, бауырсақ, қазы - қарта)
4. Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?(салалас, сабақтас. аралас)
5. Биенің сүтінен жасалатын сусынды.(шұбат)

4 - кезең: «Полиглот болғың келсе».

1 - жүргізуші:- Бұл кезеңде сайыскерлер қоржыннан қима қағаздарды алып, онда берілген сөздерді қанша тіл білсе, сонша тілде айтады.
1 - топ – воскресенье, утро, город, независимый.
пятница, день, улица, народ.
2 - топ – среда, вечер, проспект, Родина.
понедельник, ночь, центр, государство.
5 - кезең: «Капитандар сайысы» (слайд)

2 - жүргізуші: - Топ басшыларын ортаға шақырамыз. Олар 3 минут ішінде берілген сөз тіркесінен бірнеше сөйлемдер құрастыруы керек:
«Тұлпарлар» тобы – қазақ тілі
«Көгершіндер» тобы – орыс тілі
6 - кезең: «Мақал - мәтелдер» (слайд)
1 - жүргізуші: - Бұл кезеңде сайыскерлер берілген тақырып бойынша көп мақал - мәтелдер айтуы керек.
1 - топ – «Отан», «Еңбек».
2 - топ - «Білім», «Тіл».
2 - жүргізуші: - Осымен, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтасын.
7 – кезең: Мақалды толықтыр.
«Тұлпарлар» тобына берілетін тапсырмалар:
Халықтың ортақ үйі -....

Көп сөз -....
Аз сөз -....
Керекті сөздер: күміс, Отан, алтын.
«Көгершіндер» тобына берілетін тапсырмалар:
Көз.... Ақыл....
Қол.... Білім....
Керекті сөздер: батыр, қорқақ. тозбайды, азбайды.

Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ;
Тілден терең теңіз жоқ. (слайд)
деп, айтқан атамыз Ғ. Мүсірепов. Тілімізді әрқашанда қадірлейік, мерейін әрқашанда көтерейік. деген сөздермен сайысымызды аяқтаймын.



«Тіл мәртебесі - ел мәртебесі»

·         автор: Гульжайнар

·         категория: Ұстаздарға / Тәрбие сағат

·         19-09-2015, 20:23

·         қарау саны: 29

Кеш тақырыбы: «Тіл мәртебесі - ел мәртебесі» Мәнерлеп оқу сайысы 
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру; Еліміздің паториоты болуға, ана тілге құрметпен қарауға баулу.
Барысы:
Кіріспе сөз. 
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі өйткені халқымыздың дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Еліміз Қазақстан егеменді ел атанып ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заңы қабылданды. Тіл байлығы – әрбір елдің мақтанышы. Демек, әрбір адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.»Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас» деп қырғыз ақыны айтса, Ғамзатовтың «Ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге дайынмын!» деген ойлары тілдің қай елде, қай ұлтта болса да қастерлі екенін дәлелдейді.
Ортаға 2-ші сынып оқушыларын шақыру:
1. «Қазақ тілі»
2. «Ана тілі»
3. «Ана тілім»
1. Мақал мәтел білесің бе? «Жалғастыр» ойыны
2. Тіл тас жарады ......тас жармаса бас жарады
3. Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл..... ең қатты да, ең жұмсақ та тіл
4. Шебердің қолы ортақ ..... шешеннің тілі ортақ
5. Бас кеспек болса да, ...... тіл кеспек жоқ
6. Сүйдірген де тіл ..... күйдірген де тіл
7. Икемді тіл .... инеден өткір
Ортаға 3-ші сынып оқушыларын шақыру:
1. «Қазақ тілі» Қ. Мырзалиев
2. «Тіл құдіреті» О. Қиқомов
3. «Тіл туы» Қ. Мырзалиев
2. «Тіл – өнер» Өлеңнің атын, авторын табу және жалғастыру.
1. Ең бірінші бақытым – халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін ...... «Үш бақытым» М. Мақатаев
2. Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам ........
(Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда кім болам?) «Шәкірт ойы» С. Торайғыров
3. Ана тілім – ерлігім, ана тілім – елдігім ...
(Ана тілім болмаса бүтінделмес кемдігім) «Ана тілі» Қ. Мырзалиев
4. Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай ..... Қазыбек би
Ортаға 4-ші сынып оқушыларын шақыру:
1. «Қазақ тілім жасай бер»
2. «Ана тіл»
3. «Қазақ тілі»
3.«Полиглот» Түсіп қалған сөзді 3 тілге аудару
Құлақтан кірген ....., Жүрекке барып мұз болар (сөз, слова,word )
Таза мінсіз асыл .... Су түбінде жатады (тас, камень,stone)
Сөз анасы құлақ, ... анасы – бұлақ (су, вода,water )
Жігіт бір сырлы ..... қырлы болады (сегіз, восемь)
Ілім бұлақ, ... шырақ (білім, знание, )
Қорытындылау Бүгінгі кештің жеңімпазы аудандық сайысқа жолдама алған .... марапатталады.
Тіл басты байлығымыз, сәніміз, ата-бабамыздың мұрасы. Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін! Ана тілін ардақтайық, ағайын!


 

Тақырыбы: «Қазағымның тілін біл

  

Мақсаты:елімізде тұратын ұлт өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу,өз ана тілінің қадір-қасиетін,сөз құдіретін түсініп,

Оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Көрнекілігі:тіл мерекесіне орай шығарылған қабырға газеттері,шарлар,ақын жазушылардың тіл туралы өлең шумақтары.

1-жүргізуші:Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2-жүргізуші:Елім десе еміреніп арқалы ақын,

              Халқым десе тілінен бал таматын,

              Қош келдіңіз,қадірлі көрермендер,

              Көруге бүгінгі күн салтанатын!

1-жүргізуші:Қазақстан Республикасының «Тілдер күніне» арналған «Қазағымның тілін біл»атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

(Әнұран орындалады).

2-жүргізуші:1989 жылдың 22-қыркүйегінде Қазақ ССР-ында «Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тілі «Мемлекеттік тілі» мәртебесінеие болды.1993 жылдың 28-қаңтар күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.Онда «Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» болып бекітілді.

1-жүргізуші:

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Қазақстан Республикасының «Тілдер күніне» арналған тілек сөз директордың

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Рүстем ағайға беріледі.

2-жүргізуші:

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,

Құтты болсын мереке шашулары.

Бар өнер,ән биіміз сіздер үшін,

Сіздер үшін әншінің асыл әні.

(ән орындалады)

1-жүргізуші:Біздің бүкіл тарихымыздың жеткен жетістіктерінің бірі-ата –бабаларымыз ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен қанын төгіп жүріп қорғап қалған қасиетті жеріміз болса,екіншісі –сол ата-бабалардың арқасында бар бояуымен кестедей өрнектелген сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен қазақ тілі.Бұның өзі қазақ тілінің мәртебелі де қасиетті тіл екеніне дәлел бола алады.

2-жүргізуші:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат,бақ,ардың

Жауыз  тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз-бабам тілі,сен қалдың.

1-жүргізуші:

Ана тілмен өмір жолы жалғанады,

Бақытты күндер күтер алдан әлі

Қазақтың би атасы «Қара жорға»

Мерекеде сіздерге арналады.

2-жүргізуші:Қазақстанда 140 ұлт өкілдері 17конфессияның өкілдері тұрып жатыр.Әрине бұл қазақ халқының ұлылығынан «Кең болсаң кем болмайсың»

деген қазақ халқының  пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің  тұрып жатқан жайы бар.  

 

 

1-жүргізуші:Тіл мәселесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үлкен бағытты белгіледі:мемлекеттік тіл халықты біріктіруші фактор болуы керек. «Тілі бірдің –тілегі бір,тілі бірдің –жүрегі бір».Осы елдің мемлекеттік тілін білу арқылы халық бірін-бірі түсінеді,тағдырлары мен тарихы ортақ екенін сезінеді.Тілін түсінген халықтың мәдениеті мен салт дәстүріне де құрметпен қарайды.

                         Тілім менің –тірегім,дінім менің,

                         Тілсіз қандай болады күнім менің?

                         Өз халқыма жетеді өз мәнінде

                         Өз тілімде оқылса жырым менің.

2-жүргізуші:

Бұл жанды тіл –менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры қуат сөзі ана уызындай

Жасай бер,Ана тілім,Қазақ тілім!

Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!Ана тілін білу,оның қасиетін түсіну –біздің парызымыз.Өз еліне,ұлтына деген махабаттың, құрметпен ізеттің бастауы ол өз тіліңді құрметтеуден басталады.Ана тіліміз тек биіктерден көрініп өркендей берсін.

«Қазағымның тілін біл» атты әдеби-сазды бағдарламамызды аяқтаймыз.    

 

Ана тілі – жүрек үні

Жарияланды 17-04-2014, 03:13 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Ана тілі – жүрек үні

Мақсаты: 1. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру.
2. Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру, елін, жерін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Мақал - мәтелдер, оқушылардың газеттері, Қазақстан картасы, үнтаспа, кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ. (Н. Ә. Назарбаев)

Барысы:
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен қонақтар! Сіздерге арнап “Ана тілі - жүрек үні”атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясындағы “Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі”деп жазылған.
1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.
2 - жүргізуші: Қазақ тілі түрлі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілдес халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, әзірбайжан, тува, хақас, алтай жатады.
1 - оқушы: Жер шарының бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрды. Басқа шетелдерде тұратын қазақтар да өз тілін ана тілім деп есептейді. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.
2 - оқушы: Ол енді толық мағынасында республикада білім, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.
3 - оқушы:
Ана тілі - бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы.
Алақаны мейірімді анаңның,
Ұстазыңның жарқын жүзі - жайдары.
Ана тілім - тастамайтын әліппем,
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімді жақсы көру арқылы,
Достасамын басқа барлық халықпен.
4 - оқушы:
Ана тілің - біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің - біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
5 - оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім - жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
6 - оқушы: Халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғаевтың айтқанындай,”Ана тілін сүймеген адам, халқын сүйіп те жарытпайды’’
7 - оқушы: Тілді жасаушы халықтың өзі. Сондықтан халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Қазақ тілі - дамыған, жетілмеген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын, кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын.
8 - оқушы: Қазақ тілінің байлығы - қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен шық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.
9 - оқушы:
Ең бірінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
10 - оқушы:
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
11 - оқушы:
Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілімнен әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Оқу, білім, тіл, өнер туралы мақал мәтелдер:
1. Білім кілті - тіл.
2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
3. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
4. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
5. Тіл - көңілдің кілті.
Сынып сағатымыздың соңында ұлы адамдардың ана тілі туралы айтқан нақыл сөздерін айтып қорытындылаймыз.
Мысалы:
Тіл дегеніміз - қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.

Кері қайту

Материал рейтингісі:

ТІЛІМ МЕНІҢ –ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

ADMIN · АВГ 27TH, 2014 · 0 COMMENT

tillАмантаева Айсұлу

Сабақтың тақырыбы: «Тілім менің –тірлігімнің айғағы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіріп,ана тілі туралы өлеңдер,нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,шешендік сөздер айту арқылы сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту.Ана тілін сүюге,ардақтай білуге тәрбиелеу,өз ойын толық жеткізе алатын білімді,саналы,салауатты,жан-жақты рухани бай жеке тұлға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы ақындардың,ҚР Президентінің қанатты сөздері,Тәуелсіздік монументінің суреттері,слайд,мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру
Кіріспе сөз
1-жүргізуші: Армысыздар,осы кештің қонақтары,
Халқымның ашық болсын атар таңы.
«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты кешімізде
Беделін көтерейік тарихтағы.
2-жүргізуші
Сәлем бердік кешіміздің көрермені,
Қазақтың ол анық қой,өнер кені.
Тілге арналған кешімізге қош келдіңіз,
Алдарыңда болашақтың өрендері.
1-жүргізуші:Еуразияның қақ ортасында орналасып,талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған,тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы,қазақ жері,қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші….
2-жүргізуші:Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.
1-жүргізуші:Тіл-ұлттың белгісі,халықтың мұрасы,дүниетаным құралы.Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген сөзді жадымыздан шығармайық.
2-жүргізуші:Тіл халық тарихы,тіл ұлттық қазына,тіл біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз.
1-жүргізуші:Бүгінгі күні «Ел тағдыры-тіл тағдыры» деген сөздің мәнін терең пайымдасақ,мемлекетімізге тәңір сыйлаған тәуелсіздігіміздің тірегі тіл екендігін жүрегімізбен сезіндік.
2-жүргізуші:Сол еліміздің тірегіне айналған «Тіл туралы заңның» тарихына назар аударайық. (Интерактивті тақта арқылы әр жылға тоқталып,мемлекеттік тіліміздің қалыптасуын оқушылар таныстырып шығады.)
1-оқушы:1989 жыл 22-қыркүйек.Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң қабылданып,қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді.
2-оқушы:1993 жыл 28-қаңтар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданып,онда қазақ тілі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі» болып бекітілді.
3-оқушы:1995 жыл 30-тамыз.Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі-қазақ тілі»,-делінген.
4-оқушы:1997 жыл 11-шілде. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң Парламентке қайтадан талқыланып,ол Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілді.Бұл Заң бойынша қазақ тілі- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі,қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі,-деген. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң 6 тарау,27 баптан тұрады. (Оқушылар заңның әр тарау,бабын жатқа кезекпен айтады)
3-бап: Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
Мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
5-бап: Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
6-бап: Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолданылуына,қарым-қатынас,тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.
7-бап:Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
13-бап: Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі,ал қажет болған жағдайда,сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
16-бап
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.
17-бап:Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі.
18-бап :Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің,басқа да тілдердің қолданылуын қамтамасыз етеді.
19-бап:Мемлекеттік ұйымдардың,олардың құрылымдық бөлімшелердің атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде беріледі.
20-бап:Кісі есімін,әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуге тиіс.
24-бап.Тіл туралы заңды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тартылады.
1-жүргізуші. Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.
2-жүргізуші: Б.Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген.Шынында,тілін білмеген адам өз халқының тарихын,дәстүрін,мәдениетін өз тілінде сезініп,терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға,білуге тиіс.Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз.Ана тілімізді құрметтей білейік.
1-оқушы
Қуан, далам!
Қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кеске жаңа кіндігін.
2-оқушы
Қуан,бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің-
«Тіл бар жерде өмір бар»
Халық жауы
Атандық-ау сол үшін
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар.
3-оқушы
Тілім келді,дінім қайта оралды,
Басқа төнген қара бұлттар жоғалды.
Көк аспанда күндей болып жарқырап,
Қазақ елі егеменді бола алды.
4-оқушы
Тілім менің-тірегім,дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің?!
Өз халқыңа жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
5-оқушы
Тілім менің-қуатым,күнім менің,
Күнім кетсе не болар ісім менің?!
«Тілсіз өмір бар» десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
6-оқушы
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
7-оқушы
Төл тіліңді таза біл
Абайдан қалған асыл сөз,
Жамбылдың жауһар жырлары,
Қасымның қайсар ызғары,
Төлегеннің жыр бағы,
Мұқағали сырлары,
Жұмекеңнің жыр нәрі,
Фаризаның мақалы,
Қадырдың шыққан қырлары,
Тұманбайдың тыңдары,
Мұхтардың маңғаз нұрлы әні.
Қалмасын десең тыңдаусыз,
Түсінемін десең ымдаусыз,
Тіліңді білгін бұл даусыз.
8-оқушы
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін..
9-оқушы
Тілім менің тірлігім мол мұрамсың,
Ата рухын жаныма қондырасын.
Өзіңменен таныдым тарихымды,
Кемелденген өзіңмен толды жасым.
10-оқушы
Тілім менің сарқылмас қазынамсың,
Бір сенімен болыстың назы басым.
Бұл күнде тарихым сөйлейді өзің болып,
Жыр-ғұмыр боп бүгінде жазыласың.
1-жүргізуші
Әннің де естісі бар есері бар,
Тыңдаушының құлағын тесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар.
Ән: «Ананың тілі-аяулы үні»
2-жүргізуші
Салт-дәстүрдің бойындағы қаны-сол халықтың ана тілі.Қансыз тіршілік жоқ.Демек,ел боламын десең,есіңді жи,әуелі оң-солыңа жіті қарап,өзіңнің де,дініңді де,жер-су байлығыңның да ешкімнен кем емес екенін байқа.Ендеше,ана тілдің мерейін көтерейік,ағайын!
1-жүргізуші
Дауға салса қара қылды қақ жарған,сөз өнерінің дамуына,таралуына,сақталуына ерекше қызмет етіп келген 15-18 ғасырлардың жыршы,жыраулар еңбегі арнайы сөз етуді,үлкен құрметпен атауды керек етеді.Ендеше,билер сөзін қазақ тілінің ең асыл,қазыналы бөлшегі ретінде тани отырып,кезекті қазақтың кемеңгер билерінің тапқыр ойларына береміз.
Көрініс: «Билердің төрелігі»
2-жүргізуші
Келесі кезекті тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болған тіл туралы мақал-мәтелдерге береміз
Тіл туралы мақал-мәтелдер
1.Бас кеспек бар,тіл кеспек жоқ.
2.Сүңгі жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
3.Өнер алды-қызыл тіл.
4.Өз тілің-бірлік үшін,
Өзге тіл-тірлік үшін.
5.Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.
6.Тіл- қылыштан да өткір.
7.Тіл – тас жарады,тас жармаса да бас жарады.
8.Тіл сүйексіз болса да,өзі сүйектен өтеді.
9.Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.
10.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл.
11.Қаһарлы сөз қамал бұзар.
12.Айтылған сөз , атылған оқпен тең.
13.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты сөз бұзар.
14.Жақсы сөз жарым ырыс.
15.Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.
16.Көре-көре көсем боларсың,сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
1-жүргізуші
Бұл қызық!
Қай тіл көп тараған?
Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсы дегенде,біреулер ағылшын тілі десе,енді біреулер қытай тілі деп жауап береді.Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс?Бірінші орынды,сөз жоқ,ағылшын тілі болып табылады.Ал егер бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша анықтасақ,ағылшын тілі екінші орында тұрады.Сол бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған тіл қытай тілі екен.Бұл тілде- 844млн адам сөйлейді.Ағылшын тілінде-434 млн,үнді тілінде-338 млн, испан тілінде-331 млн адам сөйлейді.
2-жүргізуші
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің,тілім менің – тірлігім!
Әрине,тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.Ұлылардан қалған дана сөздерге құлақ салайық.
Даналардан қалған сөз
1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді» Ғ.Мұстафин
2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді». Ғ.Мүсірепов
3-оқушы: «Әрбір саналы,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік» М.Әуезов
4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызыд ұмыту» Б.Момышұлы
5-оқушы: «Ана тілің — асылың,оны білмеген-масылың.» Қадыр Мырза Әлі
6-оқушы: «Ана тілі-жүректің терең сырларын,басынан кешкен дәуірлерін,қысқасы,жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына.» Ж.Аймауытов
7-оқушы: «Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл-қуатты тіл,қазақ тілі-сондай тіл». Н.Назарбаев
8-оқушы: «Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл.Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады,өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады». А.Құнанбаев
1-жүргізуші
Тіл –халықтың жаны,сәні.Оның өткендегісін байыптап,бүгінгісін біліп қана қоймай,келешегін де күн ілгері көре білетін өздерің.Халық өзінің ғасырлар бойына жасалған асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді.Олай болса,ата өсиетіне құлақ салып,ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал болайық!
2-жүргізуші
Су қараңғы болғанындай жанардың,
Тіл тағдыры-тағдырындай Аралдың.
Гүлін қалай таптамақпын даланың,
Тілін қалай сақтамақпын анамның.
Хор: «Атамекен»
1-жүргізуші
Ұлы тілдің құдіреттілігі мен қасиеттілігін аңғарсақ,сол ұлы тілмен шешілген талай дау,талай өткір сөздер,талай шешендердің шұрайлы ойлары таңдай қақтырады.Енді осындай ұлы есімдер мен халық есінде қалған мына бір көрініске назар аударайық.
Көрініс: «Тілден өткір не?»
2-жүргізуші
Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап,олардың мәнін түсіне бастады.
1- жүргізуші
Ия,бір данышпан:
Сенің әрбір тынысыңмен тілдесем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын
Ана тілім егер сені білмесем.
2-жүргізуші
Олай болса,бүгінгі ұрпақ- ертеңгі күннің иелері тіл туралы ой толғайды.
Бүгінгі ұрпақ ой толғайды
1-оқушы
Ана тілім,дана тілім бақытым,
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
2-оқушы
Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
3-оқушы
Қазақ тілі-ұлы Абай,Шоқан,Мұхтар,Сәбит аталарымыздың тілі.Менің тілім!Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма,ана тілімде ойымды жеткізіп отырғаныма қуанам!
4-оқушы
Ақын атамыз Ә.Тәжібаев: «Болдым,толдым деме,ізден.Іздегендердің бәрі мұрат-мақсатқа қол жеткізген.Ана тіліңді қастерле!Пір тұт.Сонда ғана ел сүйетін,ел қастерлейтін нағыз қазақтың өнерлі азаматы бола аласың»,-деген екен.Ендеше,мен ана тілімді дәріптеп,құрметтеймін!Ана тілімнің болашағы зор болатынына сенемін.
1- жүргізуші
Ана тілде ата-баба срыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай бүгінгі ұрпаққа саналы тәрбие беріп,ана тілімізді оқытып жүрген ұстаздардың да пікірін тыңдағымыз келіп «Қазақстан» телеарнасынан тілші шақырғанбыз.Енді сол тілші сөзіне құлақ түрсек. (бір оқушы тілші болып шығып,амандасып,мұғалімдерге төмендегідей сұрақтар қояды)
1.Қазіргі таңда тіл мәртебесі қай деңгейде деп ойлайсыз?
2.Бүгінгі кешке тіл туралы тағы қандай деректер қосылса екен деген ойдасыз?
3.Қазақ тілі биік дәрежеге көтерілу үшін мемлекетіміз қандай жұмыстар атқару қажет деп ойлайсыз?
Ән: «Қазақ елі»
Қорытынды
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың соңын ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен аяқтаймын
Тілің-халқың,халқың-тілің,қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз,
Халық пен тіл-жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек,жасайды сол қос – егіз!

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: « Ата жолы»
Мақсаты:
а) Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә)Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.
б) Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
3. Оқушыларға кезек берейік.



1 – жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!
2 – жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Ато жолы» атты сынып сағатымызға қош келіпсіздер!

1 – жүргізуші: Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.
2 – жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» деп айтып отыратын.

Бала:
Ата! Қол бастау қиын ба, 
Жол бастау қиын ба, 
Сөз бастау қиын ба?
Қарт:Е, балам!
Қол бастау қиын емес, 
Көк найзалы ерің болса, 
Жол бастау қиын емес, 
Соныңнан ерген елің болса, 
Бәрінен де сөз бастау қиын.
Тауып айтсаң, мереке қылады.
Таппай айтсаң, келеке қылады.
Бала:Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Қарт: Е, балам!
Таза мінсіз асыл сөз, 
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас, 
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас, 
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз, 
Шер толқытса шығады.

Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көпӘділ төре ел бастар, 
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар, 
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң, бүркіт жи.
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң, 
Азбас – тозбас мүлік етер.
Бір жаманмен дос болсаң, 
Бүкіл алаңға күлкі етер.
Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез болуы керек.
1 – жүр: .
Аталар мұрасы – халық қазынасының бірі домбыра.
2 – жүр:
Халық әні. «Еркем - ай»
1 – жүр: .
Әй, тәкаппар, дүние!
Маған да бір қарашы!
Танимысың сен мені, 
Мен қазақтың баласы.

2 – жүргізуші:.
Ізетіңді ине етіп
Иманыңды түйме етіп
Инабатты күйме етіп, 
Жүрші балам жамандықты күйретіп, - дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.
1 – жүр: .
Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.
Батаның түрлері көп.
Бала: Ата бата беріңізші!

Қарт: Жақсы айналайын!
Ата сөзі дарып мол, 
Ақ уызға арып бол, 
Абылайдай алып бол, 
Шоқан сынды жарық бол, 
Абайға ұқсап милы бол, 
Құрманғазыдай күйші бол, 
Ақандайын сері бол, 
Қажымұқандай ері бол, 
Сәкен сынды сұңқар бол, 
Бағың жанып әрдайым, 
Жақсыларға жақын бол, 
Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.
Бәрінен де құлыным, 
Аман бол, қалқам, аман бол!
Әумин!

1 – оқушы:
Кең даланың ежелгі, 
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де, 
Бар дәстүр мен салтымыз.
2 – оқушы: .
Ата салты ардақты, 
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.


3 – оқушы:
Тілім бар да, қазағым бар, халқым бар, 
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы, 
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ
Жарасып тұр дәстүрім!




Қорытындылау:
Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

Ашық сабақтың тақырыбы: Құрбан айт – қасиетті мереке Ашық сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру. 2.Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Ашық сабақтың көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер, діни кітаптар. 1.Құрбан шалу – мұсылмандықтың маңызы. 2. Құрбан шалу көрші ақысын еске түсіріп, татулыққа бастайды. 3. Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді. 4. Құрбан шалудың қоғамдық пайдасы мол. Ашық сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Ашық сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды екі топқа бөлу. ІІ.Құрбан айт туралы не білеміз? Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- құрбан айт. Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт- мұсылманның ұлық мерекесі. Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп. Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп: - Мұсылман болуы; - Ақылды және балиғат жасына толуы; - Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы; - Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат. Ибраһим (а.с) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла тағалаға жалбарынғанды.Бұл тілегі қарттық шағында болмасы бар ма?! Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқанын көрді.Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз жеткізген Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденеді. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы тиіс.Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «балам түсімде Алланың әмірімен сені құрбандыққа шалуға ниеттеніп, бауыздайтын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?» дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді: «Әкетай,еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не болса да орында.Тәуекел ет!» деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес,Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді.Сол үшінде қыңқ деместен, «кессең мойным міне» деп пышаққа түсті.Әттең,қанша қайралса да пышақ өтпей қор қылды.Соңынды сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Алланың өзі аян білдірді: «Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың.Міндетіңді орындадың. Исмайылдың орнына құрбандық ретінде шаларсың деп қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды осылай марапаттаймыз!» Иә, Алла тағала сынағаны болмаса, Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады.Ол тек Ибраһим пайғамбардың өзіне адалдығына,әмірін қалтықсыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Ибраһим пайғамбардың кезінде құрбан шалу қажылықтың бір шарты ретінде сүннетке айналып,соңғы елші хазірет мұхаммедке де (с.а.с) жетті.Осы кезден бастап құрбан шалу қажылықтың бір рәсімі ғана емес, бүкіл мұсылман жұртшылығына ортақ құлшылықтың түріне айналды.Құрбан шалу Алла елшісі (с.а.с) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін,хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді. Топпен жұмыс. І. Екі топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар бойынша оқушылар жауап береді. 1 топ 1. Құрбан шалудың пайдалары 2. Құрбандыққа шалынатын мал қанша адамға жетеді? 2 топ 1. Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар 2. Құрбандықтың уақыты ІІІ. Өзіңді таны І топ Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерді жазу. ІІ топ Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жазу. ІҮ. Мақал –мәтелдер сайысы І топ. Адамгершілік, мейірімділік, ұқыптылық, тазалық туралы. ІІ топ. Еңбек туралы. Ү. Қорытынды Егемен ел атанған көпұлтты мемлекетіміз өткен жылдар ішінде дүниежүзінің қалың жұртшылығына жан-жақты жаңарған, экономикасы серпінді дамыған, өсіп-өркендеу мүмкіндігі мол, діні мен тіліне қарамастан барша адамзат балаын бауырына басқан еңселі мемлекет ретінде танылды. Тұғыры берік тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі жасампаз халқымыздың ділімізбен қайта қауышуы екені даусыз.Олай болса үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше.Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы жаратушы Иеміз-Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міксін жандарға қамқорлық көрсетеді. Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн. Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын.

ұрбан айт мүбәрак болсын!
24 - қыркүйекте Құрбан айт басталады


Биыл 23 қыркүйек Арапа күні болса, 24 қыркүйекте мұсылмандардың қасиетті құрбан айт мерекесі басталып, ол 3 күнге созылады. Қазір біздің елімізде Құрбан айттың бірінші күні мемлекеттік мереке болып саналады.

Ұлық Пайғамбарымыз Мұхам- медтің (с.ғ.с.) шәріп-хадисте-рінде (Айша (с.ғ.) анамыздан риуаят): «Адам баласының Құрбан айт күніндегі сауап істерінің ең жақсысы – қан шығару (яғни, құрбандық шалу). (Ол сойылған мал). Қиямет күнінде өз нәпсіңізді тазалаңыз», - деп жазылған. Ал енді Ислам діні дағуатшыларының айтуынша, бір күні Зеид ибн Аркам деген сақаба (пайғамбарға жақын жүрген адам, досы) Расул Аллаһқа: «Құрбандық шалу бабамыз Ибраһимнен қалған сүннет», - деген.

Ислам дінінің ғұлама дағуат-шысы Халифа Алтай айтады: «Құрбан шалу біздерге хазірет Ибраһимнен (ғ.с.) қалған жол. Аллаһ Тағала Ибраһимды (ғ.с.) сынамаққа: «Ұлың Исмағұлды құрбан ет», -деп түсінде аян береді. Ұлық Пайғамбар оны дереу орындау үшін баласына білдіргенде, баласы ықыласпен қабылдап, Мина тауына апарып бауыздағанда пышақ кеспейді. әке мен баланың ықыласына разы болған Алла Тағала құді-ретімен құрбандыққа қошқар жіберіп, баланы құтқарады. «Шын мәнінде ол ашық сынау еді».

Әбу Әнас ибн Мәліктен риуаят етілген хадистен: «Расуллаһ (с.ғ.с.) Мединеге келгенде қаладағы тұрғындардың ойнап-күлетін екі мейрамы болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл қандай күн?», - деп сұрады. Олар: «Иә, Расулалла, бұл біздің жаһилиет заманындағы ойнап-күлетін мейрамдарымыз еді», - деп жауап берді. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шынында Аллаһ Тағала екі мейрамды бұдан да жақсы екі мейрамға ауыстырды, бұл Ораза айт пен Құрбан айт», - деді».

Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) хадистерінде айт мейрамына тағам жеп, сусын ішу, Аллаһты еске алу, қонақ күту тән екендігі білдірілген. Ендеше, айт күндерін құлшылығымызды кемітпестен көтеріңкі көңіл-күймен және басқа да сауабы мол істермен өткізгеніміз абзал.

Айт күнінің өзіне тән жарасымды да сауапты амалдары мол. Ерте оянып, ғұсыл құйынып, дәрет алып, таза, жаңа киім киіп, жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу – сүннет. Айт мейрамында ата-ана мен қарияларға сәлем беріп батасын алу, сырқат кісілерді зиярат етіп көңілін сұрау да ізгілікті амалдарға жатады. Ренжісіп қалған кісілермен татуласып, қатынас үзілген туыстардың үйлерін аралау да ерекше маңызды. Аллаһ Тағала: «Сен, кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» деген («Ағраф» сүресі, 199 аят). Сөйтіп, мұсылмандарды барынша кешірімді бола түсуге шақырған.

Құрбан айт амалдары 1. Ерте тұру. 2. Ғұсыл құйыну. 3. Мисуақ қолдану. 4 Хош иіс себіну. 5. Жаңа және таза, бүтін киім кию. 6. Араздасып қалғандарды татуластыру. 7. Қа- бірге зиярат ету. 8. Жүзік тағу. 9. Жылы жүзді болу. 10. Мешітке ерте бару. 11. Мешітке бара жатқанда тәкбір айту. 12. Кездескен мұсылмандарға сәлем беру. 13. Мұсылмандарды мейрамымен құттықтау. 14. Кедейлерге садақа беру. 15. Туыстарға бару. 16. Діні бір бауырластарға бару. 17. Сыйлық апару. 18. Қо- нақтарды күту. 19. Көп дұға оқу, тәубе ету. 20. Құрбандық шалу. 21. Құрбандық шалатын жағдайда пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сәйкес айт намазын оқып болғанша іші-жеуден тиылу. 

Құрбан айт құтты болсын, мұсылмандар!

Айтпен құттықтау - Құрбан айт құтты болсын!
- Айтсын. Жақсылығы бірге X болсын! - Айтыңыз қабыл болсын, ниетіңіз ақ, әділ болсын!
Дастархан батасы Дастарханыңнан дәм кетпесін,
Көңіліңнен сән кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,
Өміріңнен мән кетпесін! Дастарханың бай болсын,
Қазан-ошағың май болсын.
Құдай пейіліңді тарылтпасын, Қуаныштан арылтпасын.
Көңілің ұлысты болсын, Өмірің ырысты болсын!
Әумин!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Құрбан айт – қасиетті мереке

 Мақсаты:

1.Білімділік:  Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру.

2.Тәрбиелілік:  Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, суреттер, діни кітаптар.

1.Құрбан шалу – мұсылмандықтың маңызы.

2.      Құрбан шалу көрші ақысын еске түсіріп, татулыққа бастайды.

3.      Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді.

4.      Құрбан шалудың қоғамдық пайдасы мол.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың барысы:

                                                      І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

                                                     ІІ.Құрбан айт туралы не білеміз?

   Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- құрбан айт.

Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт- мұсылманның ұлық мерекесі.

Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп.

Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп:

§  Мұсылман болуы;

§  Ақылды және балиғат жасына толуы;

§  Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы;

§  Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы.

Нисап мөлшері – 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат.

Ибраһим (а.с) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла тағалаға жалбарынғанды.Бұл тілегі қарттық шағында болмасы бар  ма?! Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқанын көрді.Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз жеткізген Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденеді. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы тиіс.Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «балам түсімде Алланың әмірімен сені құрбандыққа шалуға ниеттеніп, бауыздайтын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?» дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді: «Әкетай,еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не болса да орында.Тәуекел ет!» деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес,Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді.Сол үшінде қыңқ деместен, «кессең мойным міне» деп пышаққа түсті.Әттең,қанша қайралса да пышақ өтпей қор қылды.Соңынды сынақтан да сүрінбей өтті-ау.      Алланың өзі аян білдірді:

Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел»

Мақсаты:  1.Даналық ұғымдар,мақал-мәтелдер,нақыл сөз,салт-дәстүрлерді дәріптеуге,тәрбиеленушілердің  өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәлім-тәрбие беру.   

Міндеті: Атаның  қасиетті  сөздерінен бастау алып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, тарихын біліп, бүгінгіміз бен келешегіміздің мән- мағынасын тәрбиеленушілерге ұғындыру.

    Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, буфер.

     Қазақстан  Республикасының -  әнұраны  орындалады.

   Тәрбиеші  сөзі:

         Құрметті   қонақтар, көрермендер, ақ  жаулықты  аналар  мен  ақылгөй дана  қариялар!

     Бүгінгі  балауса шағын  балалар  орталығының  «Қарты  бар  ел- қазыналы  ел»  атты  ашық  тәрбие  сағатына  қош  келдіңіздер!

   «Ауылыңның  маңында  төбе болса,  ерттеулі   тұрған  атпен тең. Ауылыңда  ақылгөй  қария  болса , жазып  қойған  хатпен  тең»  деген  екен  біздің  бабаларымыз. Иә, өткенімізді  осы  үлкендерсіз  елестету  мүмкін  емес.Біздің  бүгінгі  нұрлы  өміріміздің, алаңсыз  күлкі,  тәтті  ұйқымыздың  да  бейбіт   сақшысы  бола  білген,  самайларын  қырау  шалып,  жүздерін  уақыт  әжімі  торлаған  данагөй  қарияларымыз  бен ақ  жаулықты  әдемі  әжелеріміз  емес  пе?

             Тақпақ;

Бекзат;

1. Әжем  менің  әлі  де,

     Ұқсамайды  кәріге.

     Шай қайнатып  береді,

     Қажет  болса  бәріне.

2.Іңкәр;

   Әжем  менің ақ  әжем,

Көп  жасаған,  жан  әжем,

Ауырғанда  мен  үшін,

Бір  сүйгені  дәрі әжем.

3.Айсұлтан;

  Аппақ  күміс сақалды,

 Жақсы  көрем  атамды.

4.Жасмин;

   Менің  әжем  бал  әжем,

   Айтқан  сөзі  дәл  әжем.

Ән. «Қошақаным».

1.Жазда  апамның  ауылына,

   Барып едім  қыдырып.

   Бір  қошақан  алдымнан,

Шыға келді  жүгіріп.

  Қайырмасы;

Ақ  маңдайы  Ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен.

Кеттім  оны  сағынып,

Қошақаным  қайда екен.                                                                                                               

2.Анаң  кетті жайлауға,

   Оны іздеп қайғырма.

  Анаң  бізге  келеді,

  Ақ сүтінен  береді.

  Қайырмасы;

Ақ маңдайы  Ай  ма екен,

  Шекер ме екен, бал ма екен.

  Кеттім  оны сағынып,

  Қошақаным қайда екен.

«Ата көрген  оқ  жонар».

IV. Сайыскер  қарттар   немерелерімен  бірге  келіп  мұндағы  мақал- мәтелдің бірінші  жолы  айтылады,  оны  сайыскер  қарт пен  немересі  жалғастыруы  керек.

1.Атадан  жақсы  ұл  туса,

   Есіктегі басын  төрге  сүйрер.

   Атадан  жаман  ұл  туса,

   Төрдегі  басын  көрге  сүйрер.

2.Туған  жердей  жер  болмас,

    Туған елдей   ел болмас.

3.Өзге  елде сұлтан  болғанша,

    Өз  еліңде  ұлтан бол.

4.Білімдіден  шыққан сөз,

    Талаптыға болсын  кез.

5.Заманың  түлкі боп қашса,

    Сен тазы боп  шал.

 V.Би. «Чунга- чанга».

VI.Әр  ұлттың  өзіндік  ерекшеліктері,  салт- дәстүрі,  тілі,  ұлттық   мәдениеті  болатыны  белгілі.  Біздің  тәрбиеміз  де  ананың  ақ  сүтінен,   ана   әлдиінен  және  атаның  қасиетті, баталы  сөздерінен   бастау  алады. Халқымыздың  әдет- ғұрпын,  дәстүрін,  тарихын  біліп, оны  қастерлеп,  бүгініміз  бен  келешегіміздің  нәрлі  қайнарына  айналдыру – әрқайсымыздың  азаматтық  борышымыз.

        Шарты  «Білім  мен  парасат».

Сұрақтарға  жауап  алынады,  тапсырма  үш   тапсырмадан  тұрады.  Құрметті  ұстаздар,  көрермен,  ақ  жаулықты   әжелер,  менің   қолымдағы  табақшадан   сұрақтарды  алуларыңызды   өтінемін.Салт- дәстүрлер  сөздеріне  байланысты  сұрақтарға  жауап  беру;

1.     Ерулік  дегеніміз  не?  Оның  мақсаты  қандай?

      Жауап;

      Ауыл  арасына  жаңа  үй  көшіп  келсе,  сол  ауылда   бұрыннан   тұратын   адамдар  жаңа   үй  иелерін  ерулікке  шақырады,  яғни  ас   пісіріп  табақ  тартады. Бұл жаңадан  көшіп  келушілерді   бөтенсіретпей  өз  ортасына  тартудың,  сыйласудың  үлкен  белгісі.

«Сауын  айту»   туралы   не  білесіз?

2.Жауап;

     Бір  елде  ас,  үлкен  той  болатын  болса,  ол  күні   бұрын  жан-  жаққа  хабарланып  сауын   айтылады. Бұл жай  шақыру  емес,  әр ел  салт- дәстүрмен,  яғни  батыр,  палуанымен,  жүйрік  атымен,  ақын- жыршысымен келсін дегенді  білдіреді.Асқа, тойға  келгендер  бір- бірінен асып  түсуге тырысатын болған.

3.Бие  сүтінен ашытылатын,  қазақ халқының  ұлттық тағамдарының  ішіндегі  ең бағалы сусыны қалай   аталады?  Соның ішінде сірге жияр  туралы  айтып  берсеңіз?

Жауап;

 Қымыз-  жаңа сауылған бие сүтін,  саумалды  сүзгіштен өткізіп,  жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы қымыздың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут  пісіп, аузын байлап немесе  тығындар  ұстаған. Алғаш рет қымызды ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының  немесе қордың  үстіне құйылады. Қор  дегеніміз- былтырғыдан қалған  жақсы ашыған қымыз.

   «Ауруға ем, сауға қуат, дәрі-қымыз» деп Жамбыл  атамыз айтқандай  қымыз  адамның  денсаулығына  өте пайдалы  сусын.

   Қымыздың түрлері  бар;  уыз қымыз,  сары  қымыз, құнан қымыз,  бал қымыз,  сірге жияр қымызы т.б.

    «Сірге жияр  қымызы».

Күзді  күні  бие ағытарда  соңғы қымыз  бірнеше  күн жиналады. Салт бойынша  көрші- маңай, туған-туыс шақырылып,  ет  асылып  сірге жияр  қымызы  ішіледі.

4. Қолкесер  деген  қандай  дәстүр?

  Жауап.  Біреудің  соғымын  сойысқан  соғымшыға  үй  йесі «қолкесерің» деп  сыбағалы  етін  береді.Қолкесер  білетіндердің айтуынша соғым  союшының  байқаусызда  қолын  кесіп алса соның  төлеуі  ретінде  шыққан  көрінеді.

5.Салбурын  дегеніміз  не?

Жауап. Бұл -  аңшылық  термин. Аңшы , саятшы жігіттердің топ  болып,  бірнеше күн бойы  аңға  шығуын «салбурын» деп  атайды.   Мұңы  аңшылық  мерекесі  десе де болады.  Мұнда алған  аң бәріне бірдей  тең  бөлінеді. Салбурын аңшылардың  ерлігін,  ептілігін,  азаматтығын  сынайтын  жол.

 6.Көгентүп  туралы не  білесіз?

     Жауап.  Бір- біріне  жақын  туыс,  жұрағат  адамдардың  баласына  ескерткіш,  сый  ретінде  берілетін  мал. Бұл бала үшін  сый,  қуаныш  болса,  оның  ата- аналары  үшін  құрметтеудің  белгісі десе  де  болады.

            «Ұлағатты  ұлттық  ұғымдар».

Мына  сандардың  біреуін  таңдап,  артындағы  тапсырмаға   жауап  беру  керек.

1.     3 арсыз; ұйқы,  күлкі, тамақ.

2.     3 би;  Төле би, Әйтеке  би,  Қазыбек  би.

3.     3 бәйтерек;Сәкен,  Ілияс,  Бейімбет.

4.     7 ата; Әке, бала, немере, шөбере,  немене,  шөпшек,  туажат.

5.     7 күн; Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі,   жексенбі.

6.     3 қуат;Ақыл,  жүрек,  тіл.

Жауап  бергендеріңізге  көп  рахмет.

(

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "На тему "Әділет таразысы" 9 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 993 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2016 2121
    • DOCX 109.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хуанар Таншолпан Хуанаркызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хуанар Таншолпан Хуанаркызы
    Хуанар Таншолпан Хуанаркызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16805
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе