Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / На тему "Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютер буыны." (6 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

На тему "Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютер буыны." (6 класс)

библиотека
материалов

Сыныбы: 6

Күні:


Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютер буыны.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларды ЕТ-нің даму тарихымен оны құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру; ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру,

тәрбиелік: оқушыларды шыншылдыққа ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланысы: тарих

Көрнек-құралдары: кесте, оқулық, слайд

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

б) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

  1. Техника қауіпсіздігінің ережелері не үшін керек?

  2. Техника қауіпсіздігінің ережелері қанша пунктан тұрады?

  3. Кабинеттегі техника қауіпсіздігінің ережелеріне қандай талаптар қойылады?

  4. Монитор мен көздің ара қашықтығы қанша см болуы керек?

ІІІ Үй тапсырмасын қорыту

ІV Жаңа білім беру

Компьютерді ойлап шығарғанға дейін де адамдар есептеу құрылғыларының көптеген түрін жасаған. Бүгінгі сабақ сол құрылғылар жайында болмақ.

Шамамен б.д.д. 300 жыл бұрын алғашқы санау құралдары пайда бола бастады. Олар әр елде әртүрлі аталатын еді: абак, орыс шоттары, жапон соробаны.

Римдік абак – ойып алынған жолақтары бар мәрмәр тақтасы болған. Санау үшін осы жолақтарға салынған мәрмәр шариктер қолданылған. (1-сурет)

hello_html_m6f193a55.pnghello_html_73c76ae5.pnghello_html_m1e954776.png

1-сурет. Римдік абак. 2-сурет. Жапон соробаны 3-сурет. Ресей шоты

Шоттар деп аталатын құрал (3-сурет) ХХ ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді. Шотта қосу және алу амалдарын орындау ыңғайлы болатын.

Бірінші механикалық есептеу құрылғысы 1642 жылы құрылды. Машина ондық сандарды қосу және айыру амалдарын орындай алатын. Блез Паскаль жасағандықтан – Паскалина деп аталды. (4-сурет).

Барлық төрт арифметикалық амалдарды орындау үшін неміс математигі Лейбниц 1673 жылы арифметикалық машина жасап шығарды. 1820 жылдары шығарыла бастап, ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін қолданылды. (5-сурет).

hello_html_m24c80233.jpghello_html_m2deb0231.jpg

4-сурет. Паскалдың қосу машинасы. 5-сурет. Лейбництің арифметикалық машинасы

Алдын ала берілген программа бойынша жұмыс істей алатын машина жасауға Чарльз Бэббидж 1833 жылы кірісті. Өз құрылғысын аналитикалық машина деп атап, оның қызметін толық сипаттап жазды және сызбаларын дайындады. Машина бес құрылғыдан тұруы тиіс еді: арифметикалық құрылғыдан, есте сақтау құрылғысынан, басқару құрылғысынан, енгізу жіне басып шығару құрылғыларынан. Аналитикалық машина 4000 құрыш детальдан құралды. Оның салмағы 3 тонна болды. (6-сурет).

hello_html_24dc5d5f.jpghello_html_m76eaf0d3.jpg6-сурет. Аналитикалық машина 7-сурет. ENIAC

1843 жылы Беббидж машинасы үшін алғашқы программа жасалды. Оны ағылшын ақыны Джордж Байронның қызы Ада Лавлейс жазды. Графиня Лавлейс бірінші программалаушы саналды және оның құрметіне аталған АДА программалау тілі деп аталды.

1890 жылы халық санағының нәтижелерін өңдеуді жылдамдату үшін американдық Герман Холлерит табулятор құрды. 1924 жылы Холлериттің электромеханикалық машинасын жасайтын кәсіпорынның негізінде IBM фирмасы құрылды.


ЭМН кезеңдері.

ЕМ негізі болған құрылғы – ол реле. Реле екі жағдайда болуы мүмкін – қосылған және ажыратылған. 1930 жылдары осындай релелер негізінде программа бойынша жұмыс істейтін есептеуіш машиналарын жасап шығару басталды.


ЭЕМ I буыны. (1946-1958)

Бірінші электрондық сандық есептеуіш машина ENIAC 1946 жылы АҚШ – та жасалды. (7 – сурет). Бұл машинаға ондаған мың электрондық лампалар мен релелер қолданылды. Оның жадында 20 сөз сақтауға болатын. Машина өте үлкен көлемді 200 шаршы мертдей алаңды алып жатты және салмағы 50 тоннаны құрады.


ЭЕМ II буыны (1958-1964)

1958 жылы ЭЕМ үшін жартылай өткізгіш транзисторлар қолданыла бастады. Олар сенімді, ғұмыры ұзақ, көлемі кіші болды. Бір транзистр 40 эектрондық лампаны алмастыруға қабілетті және үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алды.

Ақпарат тасығыш ретінде магниттік таспалар қолданылды («БЭСМ-6», «Минск-2», «Урал-14» ЭЕМ).

ЭЕМ III буыны (1964-1972)

1960 жылы алғашқы интегралдық сызбалар(микросызбалар) пайда болды. Осындай бір ғана сызба он мыңдаған транзисторларды ауыстыруға қабілтті болып шықты. Микросызбалар негізінде үшінші буын машиналары жасала бастады. ЭЕМ мөлшері кішірейді енді ол жұмыс үстеліне сиятындай болды. Ортақ программалар жазу мүмкіндігі туды, алғашқы оперециялық жүйелер құрылды.


ЭЕМ IV буыны (1972 жылдан бүгінгі күнге дейін)

Төртінші буын ол компьютерлік техниканың бүгінгі буыны. Адамдар микросызбаларды бір кристалға біріктіруді үйренді. Мұндай сызбалар үлкен интегралдық сызбалар деп аталды.

1980 жылдан бастап АҚШ-тың IBM фирмасы ДК шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші фирма болып саналды. Ал 90 жылдардың басынан бастап Apple Corporation фирмасының Macintosh маркалы компьютерлері көпшілікке таныла бастады. ҚР –ның ұлттық радиоэлектроника және байланыс орталығы Германияның Siemens фирмасымен бірлесіп мектептерге арналған ДК шығару ісін жолға қойды.


ЭЕМ болашақ V буыны

Болашақ буын ЭЕМ – ол жасанды интеллектісі бар жарқын болашақ машинасы. Оған ақпаратты дауыстап енгізе алатын боламыз және олардың көмегімен «дауыстық байланысу», «маниналық көру», «машиналық сезу» мүмкін болады.


V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

1. Бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?

2. «Марк-1» машинасы қандай элементтерден жасалды?

3. Бұрынғы Кеңестер Одағындағы бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

4. ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

VІ Сабақты қорыту тапсырмалары.

Кестені толтыр.

Буын (жылдары)

ЭЕМ элементтік базасы

Жаңалықтары

Артықшылықтары

Кемшіліктері

I буын

(1946-4958)

Электрондық лампа

ENIAC машинасы жасалды

Жадында 20 сөз сақтауға болды

200 шаршы метрдей алаңды алды, 50 тоннаны құрылды

II буын

(1958-1964)

Трназисторлар

Бір трназистор 40 электрондық лампаны алмастыруға қабілетті, үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алды.

Сенімділігі артты, ғұмыры ұзақтау, көлемі кіші болды


III буын

(1964-1972)

Интегралдық сызбалар

Он мыңдаған транисторларды ауыстыруға қабілетті болды

ЭЕМ мөлшері кішірейді, жұмыс үстеліне сиятын болды. Секундына 10 млн амалды орындай алды, ОЖ құрылды


IV

(1972 жылдан басталды)

ҮИС

Суперкомпьютер

Дербес бола бастады



VІІ Үйге тапсырма

Конспект жазу, оқып келу.

VІІ Білімдерін бағалау кезеңі



Автор
Дата добавления 28.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров362
Номер материала ДВ-205410
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх