Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Видеоуроки / На тему: "Гүлдің құрылысы"

На тему: "Гүлдің құрылысы"


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_40ad0418.gifhello_html_40ad0418.gif Тақырыбы:  Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Гүлсерігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің негізгі бөліктері: аналығы және аталығы. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік гүлдерінің ерекшеліктері. Гүлшоғырлары, олардың биологиялық маңызы.

14 зертханалық жұмыс.

Гүлдің құрылысын қарау

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы туралы таныстырып және гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдар қалыптасиыру;

Дамытушылық:Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік:Оқушыларға гүлдің құрылысын, гүл бөліктерінің қызметін түсіндіре отырып, гүлсеріктердің бөліктерін айыра білуге, солар арқылы өсімдіктерді анықтауға үйрету, сонымен бірге өсімдіктерді қорғауға, әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу .

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, гүл моделі, тірек- сызба

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. әлемдесу,түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Тақырыбы: Қыс кезіндегі өсімдік өркендері. Қыс кезіндегі жапырағын тастаған ағаштар және бұталармен, ағаштардағы және шөптесін өсімдіктердегі қайта жаңаратын бүршіктермен танысу.


ІІІ. Жаңа сабақты өту Ассосациялық карта: балалар гүл дегенде көз алдарыңа не келеді, ойларыңызға не түседі?

Хош иіс Әдемілік Сыйлық


ГҮЛ






Көбею мүшесі Қысқарған өркен Әртүрлі түстер


ТІРЕК- СЫЗБАМЕН ЖҰМЫС


Гүл құрылысы көрсетілген макет және нағыз гүлді көрсете отырып оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру.

Гүлдің құрылысы

Гүл сағақ

Гүл табан

аналық

аталық

күлте

тостағанша









Гүлсерік

Қос гүлсерік

Жай гүлсерік

Гүлсеріксіз

тостағанша, күлте

күлте

тостағанша

Тостағанша мен күлте жапырақшалары болмайды







МӘТІНМЕН ЖҮМЫС

Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады (1-сурет). Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра). Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді.

http://itest.kz/upload/images/1349784098.45.jpeg.png

1-сурет. Гүлдің құрылысы. 1. Гүл сағағы. 2. Гүл табаны. 3. Тостағанша жапырақша. 4. Күлте жапырақша. 5. Аталықтар. 6. Аналық.


Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.

Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді.

Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді. Жай гүлсерікте (2-сурет) тек тостағанша жапырақшалары болып, күлте жапырақшалары болмайды (қалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері, қарағаш гүлдері). Немесе керісінше, күлте жапырақшалары ғана болады (қызғалдақ, лалагүл, інжугүл).

http://itest.kz/upload/images/1349784207.19.jpeg.png2- сурет. Қызғалдақтың жай гүлсерікті гүлі.

http://itest.kz/upload/images/1349784258.85.jpeg.png3- сурет. Қазтабанның қос гүлсерікті гүлі.

http://itest.kz/upload/images/1349784328.99.jpeg.pnghttp://itest.kz/upload/images/1349784352.98.jpeg.png

4-сурет. Аталықтың құрылысы.

1. Аталық жіпшесі; 2. Тозаңқабы; 3. Тозаңдар.

Қос гүлсерікті гүлде (3-сурет) тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие ағаштарының гүлдері). Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды гүлсеріксіз гүлдер дейді (тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі).

Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады. Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.

Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі (4-сурет). Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында тозаң түтігінің өнуіне қажет көптеген тесіктері болады. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар.

Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді (5-сурет).

Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.

Аналықтың мойны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т. б.

Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір (бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша (аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді. Әрбір аналық өзара бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жемісжапырақшаларынан түзіледі.

http://itest.kz/upload/images/1349784418.75.jpeg.png5-сурет. Аналықтың құрылысы. 1. Аналық аузы; 2. Мойны; 3. Жатыны.

Дұрысгүл мен бұрысгүл (6-сурет). Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе – дұрысгүл (алма, итмұрын, мақта және т. б.). Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл (соя, үрмебұршақ, сәлбен және т. б.).

http://itest.kz/upload/images/1349784508.4.jpeg.pnghttp://itest.kz/upload/images/1349784533.98.jpeg.pnghttp://itest.kz/upload/images/1349784577.74.jpeg.pnghttp://itest.kz/upload/images/1349784603.26.jpeg.png

6-сурет. Мақтаның дұрысгүлі мен сызбанұсқасы (1) және асбұршақтың бұрысгүлі мен сызбанұсқасы (2).

14-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Гүл құрылысын талдау.

Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу.

Құрал-жабдықтар:нағыз гүлдер (қызғалдақ гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.

Жұмыстың барысы:

1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап ажырату.

4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін салып атын жазу.

Нәтижесі:1) Гүлдің құрылысын жаз:

35


1.____________________________________________

2.____________________________________________

3.____________________________________________

4.____________________________________________

5.____________________________________________


2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).

132202195-1

1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан.

2. Тозаң ұясы бар.

3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі.

4. Үлпекке айналған бөлігі.

5. Жәндіктер қоректенеді.

6. Шірне бөлетін бөлігі.

7. Жабысқақ сұйықтық бөледі.

8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі.

9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі.

10. Хош иіс шығаратын бөлігі.

11. Мойны бар.

3) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл?

BLG41BLG31

Қорытынды:________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

БЕКІТУ

Гүлдің сағаққа бекінген бөлімі –

Гүлдің кеңейген жері –

Гүлдің жыныс мүшелері –

Гүлдің жеміс түзуге қатысатын бөлімі –

Аналықтың ең негізгі бөлімі –

*Аталықтың тозаң ұясы бар бөлімі –

ІІІ.Оқушыларды бағалау

ІХ. Үйге тапсырма:   §22  Гүлдің құрылысы.



Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Видеоуроки
Просмотров549
Номер материала ДВ-420145
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх