Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыНа тему "Менің Отаным - Қазақстан"

На тему "Менің Отаным - Қазақстан"

Скачать материал

 

Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»

Мақсаты: 1.ҚР - ның картасымен, әсіресе Шығыс Қазақстан  облысы, туған жерімізбен таныстыру.                                                                                                                2. Музыка ырғағы арқылы патриоттық сезімін ояту.
3. Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, ҚР картасы, тақырыпқа сай әуен, сөз жұмбақ,  интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру

2.     Ән “Атамекен”

3.     Сұрақ – жауап

4.     Ән: “Менің Отаным”

5.     Әдеби монтаж

6.     Көрініс

7.     ШҚО жайлы түсінік

8.     Би “Жұмыр қылыш”

9.     Мақал-мәтел айтайық

10. Сөзжұмбақ шешу

11.  Бекіту

12. Патриоттық би қимылдары

13. Қорытынды


Мұғалім: - «Қайырлы күн, құрметті шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар, ұстаздардан білім алудан жалықпайтын оқушылар және қанаққа келіп отырған ата-аналар!  Бастауыш пән бірлестігінің апталығында 1-4- сыныптар арасында өткелі отырған «Менің Отаным - Қазақстан» атты ертеңгілікке хош келдіңіздер!

1.     3-4-сынып оқушыларың орындауында «Атамекен әні». Сөзі : Қадыр Мырзалиев, әні: Ескендір Хасанғалиев.

 

      2.Сұрақ – жауап:

1.Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)

-Қазақстан Республикасының жері өте үлкен.Жер көлемі бойынша  дүние жүзінде 9-шы орын алады. Ал ТМД елдері бойынша 2-ші орында.Қазақстан жеріне 5 Франция сыяды. Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер:Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.
 Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. 

 

 

Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет, 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Қазақстан - жері ұлан байтақ , пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Жер көлемі: 2724,9 мың шаршы шақырым.Шекарасының ұзындығы – 15мың шаршы шақырым. Соның 12мың шаршы шақырымы құрлықпен , 3 мың шаршы шақырымы теңіздермен шектеседі. Халық саны – 16 миллионнанм астам. 14 облысы бар.

Қазақстан Республикасы 14 әкімшілік облысқа, 5 экономикалық ауданға бөлінген:

1. Батыс Қазақстан облысы, орталығы – Орал қаласы.

2. Атырау облысы, орталығы Атырау қаласы

3. Маңғыстау облысы, орталығы – Ақтау қаласы.

4. Ақтөбе облысы, орталығы – Ақтөбе қаласы.

5. Солтүстік Қазақстан облысы, орталығы – Петропавл қаласы.

6. Ақмола облысы, орталығы – Астана қаласы.

7. Қостанай облысы, орталығы – Қостанай қаласы.

8. Павлодар облысы, орталығы – авлодар қаласы.

9.  Шығыс Қазақстан облысы, орталығы – Өскемен қаласы.

10. Қарағанды облысы, орталығы – Қарағанды қаласы.

11. Оңтүстік Қазақстан облысы, орталығы – Шымкент қаласы.

12. Қызылорда облысы, орталығы – Қызылорда қаласы.

13. Жамбыл облысы, орталығы – Жамбыл қаласы.

14. Алматы облысы, орталығы – Талдықорған қаласы.

 

2.Біздің Президентіміз кім?(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында  Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Үлкен қызы - Дариға Назарбаева- саясат

ғылымдарының докторы. Екінші қызы -  Әлия Назарбаева – бизнеспен айналысады. «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады . Үшінші қызы - Динара Назарбаева- Н.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарды.

Сонымен қатар Елбасы көптеген кітаптар жазған.                                                Кітаптары :

      Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып 

                               бойынша кітаптардың авторы:

      -«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

      -«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

      -«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

      -«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),

 

 

      -«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

      -«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

      -«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

      -«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

      -«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

      -«Тарих толқынында» (А., 1997),

      -«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

      -«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),

      -«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

      -«Сындарлы он жыл» (А., 2002),

      -«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

 

3.Елордамыз қай қала? (Астана қаласы)

1997 жылы Ақмола қаласы ҚР астанасы болып жарияланды. 1998 ж 10 маусымда жаңа астананың тұсаукесері болды.

Қазақстанның бұрынғы астаналары:

ž 1920-1924 жылы қазақ автономиялы кеңестік республикасының  астанасы – Орынбор қаласы болған.

ž 1925 жылы бұрынғы Қоқан хандығының шекаралық қамалы болған Ақмешіт, Қызылорда қаласы деп атауын өзгертіп, Қазақстанның астанасына айналды.

ž 1927 жылдан бастап Қазақстанның астанасы  Верный ( қазіргі Алматы) қаласына көшірілді. Және тура 70 жыл орталық қызметін атқарды.

 

             «АСТАНА қаласына саяхат» бейне баян.

 

Оқушылар тақпақтарын айтады.

Нұр – ата

Қазағымның бағына,

Нұр боп туған Нұр ата.

Қараңғы түнін жарық қып,

Күн боп туган Нұр ата.

Ұмыт болған тілімді,

Алға тартқан Нұр ата.

Тәуелсіздік еліме,

Алып келеген Нұр ата.

 

 

 

 

2. Астанам қол созады алысқа,

Елім менің айналуда барысқа.

Астанама күн де күліп тұр , әне,

Астанадай жұлдыздар тұр ғарышта.

 

...Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтанын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз,
міне осындай қала.
                                       Н.Ә. Назарбаев

 

4.Рәміздерді ата, авторлары кім? (Ту, Елтаңба, Әнұран)

Әнұранның авторлары: Сөзін жазған-Н.Ә.Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденов, әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов.

 

Оқушылар тақпақтарын айтады.

 

1.Әнұраным – жан ұраным,                     2.  Аспан түстес көгілдір,

Айғағындай тілегімнің.                                 Тік бұрышты матаның.

Даланың үні бұлағымның,                            Ортасында төгіп нұр,

 Атойлы үні жүрегімнің.                                Күн жаяды шапағын.

Мың қайталап айтам мұны,                           Астында оның қалқыған

Керемет қой оның үні.                                   Қыран құстың бейнесін.

Республикам Әнұраны                                   Азат елдің шалқыған

Мәңгілікке шырқалады.                                 Көңілі деп білерсің!

                                                                                                                                                                                                                                                            3.Алтын қанат көмкереген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көреген

Жай бейне емес, ұғып ал.

Көгілдір түс аясы –

Бейбіт дала елесі.

Шаңырақ – жұрт панасы,

Уықтар – күн сәулесі.

 

 

 

 

 

 

5.Отан деген не?

Отан деген – адамның туып – өскен жері, атамекені, кіндік қаны тамған жері, ауылы, достары, салт –дәстүрі, әдет – ғұрпы т.б.

 

 4. 1-сынып оқушыларының орындауында «Менің Отаным» әні. Сөзі: Б.Ысқақов, әні: Ө.Байділдаев

 

      5. Әдеби монтаж:

1.Күнді құшқан қос қыран,                           2. Туған жерде толамыз,

Аясында қалқыған.                                             Ертең жігіт боламыз.

Аспан түсті туым бар,                                        Отан – ортақ үйіміз,

Көк теңіздей шалқыған.                                     Көңілді ән мен күйіміз.

               

 3.Аялап ару ананы                                           4.Отанды біз атамекен,

Өсірген еркін баланы.                                        Деп аялап атаймыз.

Бесік боп тербеткен,                                          Өйткені оны мекен еткен,

Отаным менің-Қазақстан!                                 Бабамыз бен атамыз.

                 

    5.Отан - сенің ата - анаң,                            6. Қазақстан - туған өлкем,
    Отан - досың, бауырың.                                 Жер көп пе, сендей көркем?
    Отан - өлкең, астанаң                                     Көрсін деп күллі әлемге
    Отан - аудан, ауылың.                                    Жалауыңды желге желпем.

   7.Туған жер беу, туған жер!                        8.Ана тілі-өлеңімнің бастауы,
  Сен ыстықсың біздерге.                                 Ана тілі-өмірімнің арқасы.
  Мың - мың дастан жыр жатыр                      Ана тілі-Абай тілі, ұлы тіл,
  Халқым басқан іздерде.                                 Намысты бол, қазағымның жастары!

    9.Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан,                   10.Қазақстан даласы,

   Өзің жайлы жазамын жыр-дастан.                           Керемет қой, қарашы!

   Әр балаға  Отаны оттан да ыстық,                           Нұрсұлтандай Елбасы,

   Мен елімді сүйемін ес білген жастан!                     Осы жердің баласы.

                     

   11.Туған жерім-тұғырым,                                    12.Өскен елім-өзегім,

    Қасиетіңді ұғындым.                                                Көлім менен өзенім.

    Шексіз байтақ далаңа                                               Орман, тоғай, тауларың,

    Қорған болар ұлыңмын.                                           Ыстық маған, сеземін.

 

 

 

 

 

 

           

6. Көрініс: “Ата ақылы”

Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз. Отанды көркейту үшін сендер сабақты жақсы оқуларың керек.

Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстнады одан әрі дамыту үшін сабағымды жақсы оқитын боламын.
Атасы: Балалар, туған дерді гүлдендірер ұл - қызы, міне, сендерсіңдер.
(Атасы мен немересі шығып кетеді).
                

      7. Шығыс Қазақстан облысы туралы түсінік беру.

 Біз ШҚО, Үржар ауданы, Жанай ауылында тұрамыз.

                                                     ШҚО-да

 

            15 аудан              10 қала          24 кент            826 ауыл бар.

ШҚО Ресеймен, Қытаймен, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарымен шектеседі. ШҚО әкімі – Ахметов Даниал Кенжебайұлы. Ол  2014 жылдың 11 қарашасында ШҚО әкімі болып тағайындалды.

                                     Үржар ауданында

27 ауылдық округ             54 елді мекен                 52 мектеп

Үржар ауданының әкімі – Серік Зинабекұлы  Зайнулдин    

                                                                                     

                        Жанай ауылында

1 мектеп       1 мешіт     1 ет комбинаты    3 дүкен           

1 қатымхана       223 үй           халық саны-1063

 Жанау ауылы Егінсу ауылдық округіне қарайды.

Егінсу ауылдық округінің әкімі – Ибраев Дәулет Төлепбергенұлы

 

 

 

                                              

  8.Би: «Жүмыр қылыш» Орындайтын 3-4сынып оқушылары Хамитханова Раушан мен Зекенқызы Ақерке.

                                                                                    

9.Мақал – мәтел айтайық.

1.  Ел – ерлік сияқты сын сағатта танылады.

2.Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

3.Қазақтың бәрі де бір-біріне ағайын.

4. Елін сүйер сеніңіз, өз отбасын сүйе алған.

5. Туған жерге туың  тік.

6. Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің.

7. Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар.

8. Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.

9. Отан үшін күрес – бізге тиген үлес.

10. Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады.

11. Ұлттық намыс – ұлы ұғым.

12. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

13. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

14. Отан – елдің анасы, ел .– ердің анасы.

15.Ит – тойған жеріне, ер – туган еліне.

16. Отанды сүю отбасынан басталады.

17. Ел іші – алтын бесік.

18. Отан – оттан да ыстық.

19. Отан үшін отқа түс – күймейсің.

20. Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.

21. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.    

      

             10. Сөзжұмбақ шешу.  

1) Қазақстан Республикасының астанасы.

2) Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесінің аты.

3) Рәміздердің бірі.

4) Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы.

5) Қазақстан 1991 жылы қай айда тәуелсіздік алды?

6) Дүние жүзі бойынша 9-шы орында тұрған мемлекет.

7) «Алтын адам» Қазақстанның қай қаласынан табылды?

8) Қазақстанда ежелден бері өмір сүріп жатқан халық?

9) Елбасының дүниеге келген айы?

10) Қазақстанға көрші мемлекеттің астанасы.

11) Сара Назарбаева қай қорға басшылық етеді?  

 

 

 

 

 

 

            11.Бекіту:

1) 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

2) 1991 жылы 21 желтоқсанда ТМД-ны құру аяқталды.

3) 1992 жылы наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше боп қабылданды.

4) 1993 жылы ұлттық валюта – теңге енгізілді.

5) 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.                                   6) 1997 жылы қазанда Елбасы «Қазақстан-2030» атты кезекті жолдауын жолдады.

7) 2012 жылдан 2020-жылға дейін 3 миллион, ал екінші бағытына сәйкес 1,5 миллион шаршы метр баспана салынып, ел игілігіне берілмек.

 8) 2014 ЖЫЛЫ  17 ҚАҢТАРДАҒЫ“ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ-2050:БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ,БІР БОЛАШАҚ ”атты жолдауын жолдады.

9) 2014 жылы қарашадағы “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол”атты жолдауын жолдады.

             2015 жылы –

      Ұлы жеңіске – 70 жыл

      Қазақ хандығына – 550 жыл

      Жаңа конституцияға -20 жыл

      Қазақстан халқы ассамблеясының   

      құрылғанына -20 жыл

 

Би:  «Патриоттық би қимылдары»  орындайтын 3-4сынып оқушылары  

 

12.Қорытындылау:

Оқушылар бірге: - «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н.Ә.Назарбаев.

Құттықтау сөз мектеп директоры Сауле Сембайқызына беріледі.

Ең үздік шығарма байқауының жеңімпазын анықтау.

Ең үздік сурет байқауының жеңімпазын анықтау.

“Тәуелсіз елдің ұланымыз”атты  шығарма байқауы ұйымдастырылған болатын. Осы шығарманың жеңімпаздарын марапаттауға рұқсат етіңіздер.

4-сынып оқушысы – Зекенқызы Ақерке

4-сынып оқушысы – Нурсилина Ақниет

 

 

3-сынып оқушысы – Берікбол Қуаныш

3-сынып оқушысы – Төлепбергенова Аружан

«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына салынған ең үздік сурет жеңімпаздарын марапаттау:

1)    4-сынып оқушысы Амангелдиев Бекарыс

2)    2-сынып оқушысы Қабдоллаев Дінмұхамет

3)    1-сынып оқушысы Берікболова Айғаным

4)    1-сынып оқушысы Алибек Ислама

«Алақай, қыс келді» тақырыбына салынған ең үздік сурет бойынша:

1)    3-сынып оқушысы Тоқтағанова Раушан

2)    4-сынып оқушысы Амангелдиева Аружан

3)    2-сынып оқушысы Серікұлы Қазыбек

4)    2-сынып оқушысы Мерхатова Алтынай

 

Мұғалім:  -  Қазақстанның гүлденуі мен дамуы – Жас ұрпақтың қолында екенін естен шығырмайық , балалар. Осымен «Менің Отаным – Қазақстан » атты ертеңгілігіміз аяқталды. Хош сау боп тұрыңыздыр!

 

 

 

 

 

 

            

                    

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "На тему "Менің Отаным - Қазақстан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 222 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 1464
    • DOCX 35.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тюлюбаева Арай Нурмуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тюлюбаева Арай Нурмуратовна
    Тюлюбаева Арай Нурмуратовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69217
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек