Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / На тему "От-досымыз, от-жауымыз"

На тему "От-досымыз, от-жауымыз"


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

«Балдырған»мектеп-балабақшасы




Тәрбие сағаты:


Тақырыбы: «От – досымыз, от–жауымыз»







Тәрбиеші: Тастубаева А. С.

«Ботақан» тобы













2014-2015 оқу жылы


Тақырыбы: «От – досымыз, от –жауымыз»

Мақсаты: Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын үйрету. Өрт өшіретін құралды пайдалануды үйрету.

оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Өрт сөндіретін құралдар, сюжетті суреттер, макет,журналдар

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,тақпақтар әңгімелер,мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

-Сәлеметсіздер ме құрметті балалар,қонақтар! Бүгін біздің ұйымдастырылған «От – досымыз, от –жауымыз» атты тәрбие сағатына кош келдіңіздер.

Шаттық шеңбері:

Жазда келді сағынта

Жер жаһанды қаңсыта

Іші пысқан балалар

От жақты шөпті бықсыта

Бықсып жанған от енді

Алып - ұшып жөнелді

Өшірем деп ұмтылған

Балаларға көнбеді.

-Балалар біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білейік.

-От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От - өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған. Отты жер - қуатты жер. Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды. Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.

Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған.От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз.

- «Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ:

Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өртенген дала. Күйген ас.


«Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі)

Өрттің шығу себептері:

1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;

2.Шырпымен ойнаса;

3.Үтікті қосып кетіп қалса;

4.Газды ашық қалдырып кетсе;

- Балалар қане енді өрт туралы тақпақтарды айтып берейік

Дария: От жақпа күйерсің,

Өртеніп жүрерсің.

Сіріңкені ұстасаң,

Бәлеге сен түсерсің.

Рамазан: Алыңдар ұғып, балалар,

Істері кейде шалалар.

Шырпы, оттық, электрге

Шама келсе жоламаңдар

-Ендеше балалар бәріміз бірге от туралы мақал-мәтелдер айтайық

Мақал-мәтелдер:

Алан: Отпен ойнама,күйерсің.

Сағыныш: От жақпа-пісерсің,

Ор қазба -түсерсің.

Дидар: Сумен ойнама-батарсың,

Отпен ойнама-күйерсің.

Данияр: От пен су –тілсіз жау

Жанболат: Ойын түбі –от.

Яна: Отын деген шөп болар,

Жинай берсең көп болар.

Ерназар: Сақ жүрсең сау жүрерсің.


Қорытынды:

-Балалар осымен біздің «От –досымыз, от -жауымыз» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті балалар болып жүріңдер.




Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров604
Номер материала ДВ-330128
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх