Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / На тему "Тәуелсіздік туы желбірейді"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

На тему "Тәуелсіздік туы желбірейді"

библиотека
материалов

Тәуелсіздік туы желбірейді
Мақсаты: 1) еліміздің Тәуелсіздік алып жеткен жетістіктерімен таныстыру, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру;
2) Желтоқсан құрбандарын еске алу, тіл байлықтарын, сана - сезімдерін дамыту;
3) туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
суреттер, нақыл сөздер, рәміздер
Барысы.
16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
Радиодан төтенше хабардың белгісі берілді.

1986 жылы 16
- желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.
Асығыс өткен пленум шешімі дүйім Қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті.



Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жок. Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. Әсіресе Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ. 1991 жылы иісі қазақ Тәуелсіздікке қолы жетіп шаттыққа бөленді.Еліміз Туымен тұғырлы, Елтанбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты


Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз?! Неге соншама қастерлі ұғым?! Әдетте әр халық, дәлірек айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге күш салады. Өзі мекендейтін жерді жаудан жанын сала қорғайды.
Бұл — атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр.
Желтоқсанның бораны,
Желтоқсанның қар мұзы.
Ұмытылған жоқ әлі
Жалпы жұрттың жалғызы...
Шығар шақта қайраңнан
Атқа қону - ар ісі...
Қайран елдің қайраңнан
Қасиетті намысы
Булықтың да бұлқындың.
Қара ормандай жұртымның
Қайсар туған қыздары - Ләззат пен Сәбира!

Тәуелсіздік шежіресі. «Сандар сөйлейді» ойыны.
1) 1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 - желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.
2) 1991 жылы 10 - қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
3) 1992жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ - на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
4) 1993 жыл қарашаның 15күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
5) 1994жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
6) 1995жыл тамыздың 30да Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
7) 1996жыл 30қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.
8) 1997жыл қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
9) 1997жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.
10) 1997жылы Тіл туралы Заң қабылданды.
11) 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6 - мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті
12) 1999жыл 10қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 - жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
13) 2000жыл Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500жылдығы тойланды.
14) 2001жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21 - ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
Ақпан айының алғашқы жетісінде Тәуелсіз Қазақстан мұғалімдерінің ІІсъезі өтті.
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев 2001жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады. «Туған өлкем» өлеңін оқиды.
15) 2006жыл! Желтоқсан оқиғасының 20жылдығы аталып өтті. 2006 - 2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.
16) 2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді..
17) 2010жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды
18. 2011жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н. Ә. Назарбаев болды.

Мұғалім:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Мұғалім: 16 желтоқсан. Бүл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлык күні, өктемдік үні еді. Олар... қазақтың ес жиып, етек жауып, өз алдына ел, мемлекет болғанын, өзгемен терезесі тең болғанын көкседі, бірақ көрген жоқ. Бірақ олар осы күнді жақындатып кетті, осы күнді бізге сыйлап кетті.
Олар... қазақ үшін қан төкті, жанын берді. Қазақтың баласы ешкімнен көзтүрткі көрмеуін күндіз - түні тіледі.
Оларды... Отан үшін, Қазақстанымыз үшін апат болғандарды әрдайым естен шығармауымыз керек, халқым!
«Болашақ біздің көзімізбен» ой толғау, сурет салу.

Мұғалім: Бүгінгі біздің бақытты өміріміз қан төгіп құрбан болған боздақтарымыз мәңгі есімізде. Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен әкелер мен ағалар, апаларға басымызды иеміз!
(Бір минуттық үнсіздік.)
Қорытынды.
Міне, оқушылар, бүгін сендер Тәуелсіздік мерекесі күні өз еліміздің тарихы жайлы, Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан құрбандары туралы көп нәрсені ортаға салдыңдар, үлкен сабақ алдыңдар деп ойлаймын.
Ендігі сендерге айтарым: осы Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысыңдар. Ел бейбітшілігін, ел тыныштығын сақтау жолында күресе біліңдер. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс. Еліміздің болашағы өздерің. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан тұтып жүріңдер. Сендерге сәттілік, ақ жол тілеймін!


Мұғалім:
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-519174

Похожие материалы