Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Наблюдение на прогулке "Көктем белгілерін бақылау"

Наблюдение на прогулке "Көктем белгілерін бақылау"

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


№1 Көктем белгілерін байқау.


Мақсаты: балаларды өз ынталарымен көктемнің белгі нышандарын анықтауға үйрету (қары еріп кетіп ашылған жерлер, сүмелек мұздар, аспандағы түйдектелген бұлттар, жылғалар т.б.).Көктемнің басынан аяғына дейінгі құбылыстарындағы жүйелілікті айтып, түсіндіру. Наурыздың 21 - інші - күн мен түннің теңелетін күнін ерекше атап айту: күн тура - 12 сағат, түн де - 12 сағат. Осы күннен бастап күн тез ұзара бастайды, аспандағы күннің көзі де жоғарылай береді. Енді оның алтын нұры жерге тік түседі, қар оған шыдамай ери бастайды.

Көркем сөз:

Бақтар мүлгіп қуаныш тосады әлде,

Көрік беріп тұрғандай осы әлемге.

Келген көктем аялап қарт шопанды,

Шопан көктемді оятып, қосады әнге.

Қимылды ойын:

"Аузыңды ашып тұрып қалма,

Тез өзіңе орын сайла!"

Мақсаты: жылдам жүруге үйрету, ойын шартын бұзбай жаттығулар жасау.

Еңбек: кіреберісті қардан, мұздан тазарту.

Мақсаты: еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Жеке жұмыс: хоккейшілер ағаларына еліктеп іс - қимылдар жасай білу, шайбаны қақпаға таяқшамен кіргізу.

Мақал - мәтелдер: Мезгіл жетсе,

Мұз да ерір.

Жорамалдар:

Төбедегі сүмелек мұздар ұзын болса, көктем ұзақ болады.



2 Қардың, мұздың еруін бақылау.


Мақсаты: қардың, мұздың қасиеттері туралы балалардың түсінік, білімдерін арттыру. Табиғаттағы көктем құбылыстары туралы балалардың білімін арттыру. Қар мен мұздың қай жерде тез еритіндігін көрсету. Неге шалшық түнде мұз болып қатады, ал күндіз ериді? Балаларды аңғарымпаздыққа үйретіп, ойлау қасиеттерін қалыптастыру.

Көркем сөз:

Ағымды сайға қар суы,

Көктемнің қандай тартуы?

Құс көзі жерге қуатты,

Төгеді нұрлы шуақты.

Қимылды ойын: "Үйшіксіз қоян"

Мақсаты: жүгіру жаттығуларын дамытып, айналада тез бағдарлай білу.

Еңбек: алаңшада су жүретін өзекшелер жасау.

Мақсаты: еңбекке дағдыландыру. Алаңшада тәртіп сақтауға үйрету.

Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей алға секіру.

Жұмбақтар:

Отқа жанбас,

Суға батпас.

(мұз)











3 Сүмелек (сүңгі) мұздар мен тамшыларды бақылау.


Мақсаты: балалардың көктем нышандары (белгілері) туралы түсінігін, білімін арттыру. Мұз ертіндісі - сүмелек мұзшалардың, тамшылардың қалай пайда болуы туралы түсінік беріп, таныстыру.

Көркем сөз:

Қар еріді, су ақты,

Күндер келді шуақты,

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты.

Еңбек: жүргінші жолдарды еріген қардан, мұздан тазарту.

Мақсаты: еңбекке дағдыландырып, күректі дұрыс ұстауға машықтандыру.

Қимылды ойындар: "Күн мен түн"

Мақсаты: тез жүгіруді, "қашқан" баланы ұстап алуды үйретіп, ықыласпен тыңдап, үлкен адамды сыйлау қасиеттерін қалыптастырып, оны дамыта түсу.

Жеке жұмыс: бір аяқпен ұсақ тасты, затты теуіп алға секіру...

Жорамал:

Еріген сүмелек мұзша ұзын болса - көктем ұзақ болады.

4 Аспан мен күн көзін бақылау.

Мақсаты: балалардың назарын көктем мезгіліндегі жарқыраған күн көзіне, ашық аспанға аударып, әңгіме - сұхбат жүргізу. Сондай - ақ күн көзінің таңертен ерте "оянып" жоғары көтерілгеніне, жер - ананы, барша табиғатты мол шуағына бөлеп тұрғанына балалрдың көңілін аударып, әңгімелеу. Аспанда мап - мамық түйдек бұлттар қалқып жүргендері қандай тамаша!Көктемдегі аспан әлеміне, күн көзіне, күннің ұзаруына көңіл бөліп, балалармен сұхбат жүргізу.

Көркем сөз:

Әнге бөлеп төбені,

Құстар ұшып келеді.

Аппақ бұлттар аспанда,

Ақ жаңбырын төгеді.

Қимылды ойын: "Ордағы қасқыр"

Мақсаты: ұзындыққа секіруді, тез жүгіруді, белгі бергенде бірден жүгіруді үйрету.

Еңбек: жолды қардан тазалап, сыпыру жұмыстарын жүргізу.

Мақсаты: еңбекке дағдыландыру, қоян - қолтық бәрі бірге еңбек ету.

Жеке жұмыс: доппен жаттығулар, допты қабырғаға лақтырып, кейін серпілген допты қағып ұстап алу.


5 Шалшық жылғаларды бақылау.

Мақсаты: табиғаттың көктемдегі құбылыстары туралы балалардың түсінік - білімдерін арттыру: шалшық жылғалардың пайда болуын бақылау. Табиғаттағы судың буға айналуы туралы түсінік беру. Көктемге, жылы күндердің келуіне қуана білу.

Мақсаты: балалрдың көңілін көтеріп, қуанту.

Еңбек: кіші топтың балаларына алаңшада су жүретін өзекшелер жасауға көмек беру.

Мақсаты: кішкентай балдырғандарға қамқор болу.

Жеке жұмыс: 80 - 85 метр орташа жылдамдықпен жүгіртіп, жаттығулар жүргізу.

Мақал - мәтелдер:

Наурыз айында қойдың құмалағы арға батса - көктем ерте болады.

Жұмбақ:

Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады.

(жұлдыз)



6 Көктемгі найзағайды бақылау.

Мақсаты: балаларға табиғаттағы найзағай құбылысын түсіндіру. Оның кенеттен, тез арада пайда болатындығын айтып түсіндіру. Құстар бұл сәтте үн қатпайды, ауадан гүлдердің аңқыған иісін сезінуге болады, үнсіздік орнайды. Кенеттен басыңның терісін шымырқатар, құлағыңды тұндырар күркіреген, жер жарардай дыбыс естіледі, найзағай оты жарқ ете қалады, нөсер жауын төгіп, төгіп жібереді...

Көркем сөз:

Жаңбыр жауды күркіреп,

Шөптер өсті дүркіреп.

Гүлдер өсті жайқалып,

Ақ, сары боп үлпілдеп.

Мақсаты: "оригами" техникасына үйрету, балалардың көңіл - күйін көтеру.

Еңбек: жер тез кепсін деген мақсатпен алаңшалардан суды жылғалармен өткізу.

Мақсаты: балаларды еңбек етуге дағдыландыру.

Жеке жұмыс: ұзындыққа секіру. "Жылғадан секіре біл!"

Жорамал:

Егерде ерте көктемде найзағай жарқылдаса - ал күн күркіремесе, жаз ыстық болады.

Мәтелдер:

Ай қараланса арысыңды сыйла,

Көктемде қоқысыңды сайла.


7 Алғашқы жасыл өскіндерді бақылау

Мақсаты: балалардың байқағыштық қасиеттерін дамыту. Балалардың өсімдік қауымының өсіп - дамуы туралы түсінігін күннің ұзаруымен, жылынуымен байланыстыру. Шөп өсімдіктері туралы сөз болғанда әр шөптің өз атауы болатындығын айтып түсіндіру.

Көктемдегі жасыл желекке сүйіспеншілікпен қарауды үйрету.

Көркем сөз:

Көктем келді, құлпырды гүл бәйшешек,

Тамшы ақты төбеден, терлеп әйнек.

Бойын жазды тал ағаштар көркейіп,

Қонсын деп бұтағыма торғай, көкек.

Қимылды ойын: "Қармақ"

Мақсаты: балаларға жылдам секіруді және ептілікке үйрету.

Еңбек: балаларды гүлзардағы гүл үймелерін гүл отырғызуға дайындау.

Мақсаты: гүл отырғызу жұмыстарымен таныстыру.

Жеке жұмыс: допты жоғары лақтырып, екі алақанды бір біріне соғып, допты қағып алуға дағдыландыру.

Мақал - мәтелдер:

  1. Көктем гүлге толы болса,

Күз жеміс - жидекке молы болады.

  1. Сәуірде су көп болса,

Мамырда шөп көп болады.


8 Көктемгі көшет отырғызу жұмыстарын бақылау.

Мақсаты: балалардан ағаш, бұтаны қалай отырғызатындары туралы түсініктерін тексеру. Көшеттерді көріп, оның тамыры, бүршіктері болатынын атап көрсету. Еңбекке қатысу құлшыныстарын қолдап, оның қалыптасуына тәлім - тәрбие жүргізу.

Көркем сөз:

Құс келіп, паң далаға ән кіреді,

Қураған ағаштарға сән кіреді.

Қой қоздап, ешкі лақтап, бота боздап,

Ауылдың өміріне мән кіреді.

Еңбек: ағаш, бұталарды отырғызуға қатысу.

Мақсаты: үлкендерге көмек көрсетуді дағдыландыруға тәрбиелеу.

Қимылды ойын: "Ақ серек, көк серек"

Мақсаты: тез жүгіруді, жалтаруды, ептілікке үйрету.

Жеке жұмыс: гимнастикалық орындықта аяқты салмақпен басып, адымдап жүру.




9 Ағаштар мен бұталарды байқау.

Мақсаты: балаларды қоршаған ортамен таныстыруды одан әрі жалғастыру. Балабақша ауласында өсіп тұрған ағаштар мен бұталар туралы балалардың білімдерін арттыру. Ағаштар мен бұталардағы жапырақтардың, бүршіктердің түрі қандай, олардың қалай орналасқандары туралы түсінік беру.

Көркем сөз:

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

(ағаш)

Қимылды ойын: "Допты түсіріп алма!"

Мақсаты: қимылды бір бағытта жүргізіп, ептілікке үйрету.

Еңбек: ағаштардың айналасын (түбін) топырақпен жабу.

Мақсаты: ағаштарға күтім жасау, еңбекке баулу.

Жеке жұмыс: допты оң, сол қолдарыңмен кезек - кезек жерге ең кемінде 10 рет соғу.


10 Аққайын ағашын бақылау.

Мақсаты: ағаш туралы балалардың түсінік - білімін анықтау. Ағаштың қожыры, жапырағы, шоқ гүлі арқылы ағаштың атын атауды үйрету. Балалармен бірге бүршіктің қалпын көріп, анықтау, шоқ гүлінің, қолға кілегейленіп жабысатын алғашқы жасыл жапырақтар туралы әңгіме - сұхбат жүргізу. Балалардың табиғаттың көктемде оянып, гүлденіп, құлпыруына сүйіспеншілікпен қарауын тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Көктем келді!

Көктемде күнге беріп маңдайын,

Қоңыр самал өпкенде,

Сыбырласар тал, қайың.

Қимылды ойын: "Қай ағаштың жапырағы?"

Мақсаты: айналаңды бағдарлай білу, жүгіру.

Еңбек: ағаштардың артық бұтақтарын кесу жұмысына көмектесу.

Мақсаты: ересектермен бірге еңбек етуге тәрбиелеу.

Қимылды жаттығулар: баскетбол ойынындағы элементтерді жасап, жаттығу өткізу. Допты келесі ойыншыға (балаға) әдіс - айла жасап, дәл бағыттау.

Мақал:

Қайың ағашқа құс қонар.



11 Гүлденген мойылдың гүлін бақылау.

Мақсаты: бұта ағаштары жөніндегі балалардың білімдерін арттыру. Мойылды гүлін иісінен таба білуге үйрету. Гүлденген жапырақшалары жерге түскен гүл бұтаның әсемдігін көруге үйрету, сүйсіне білу. Балаларды табиғат ананы қадірлеуге, қамқор болуға тәрбиелеу жұмысын үнемі жүргізу.

Көркем сөз:

Жер беті аумаған,

Көк түсті матадан.

Шөп кешіп қаулаған,

Гүл тердік жатадан.

Қимылды ойын: "Бос орын"

Мақсаты: кім жылдам жүгіре алады? Балаларды жылдам жүгіруге үйрету.

Еңбек: мойылды бұтасының түбіндегі жерді қопсытып, күту.

Мақсаты: балаларды табиғатқа ұқыптылықпен қарап, қадірлеуге үйрету.

Қимылды жаттығулар: баскетбол ойынындағы қимылдарды жасап жаттығу, допты торға түсіре білу.






12 Гүлденген бақбақ гүліне бақылау.

Мақсаты: бақбақ гүлін, оның жапырағын, сабағын, тамырын, гүлін анықтау. Балаларға мойыл гүлінің ауа әбден жылығанда ғана гүлдей бастайтынын айтып, ескерту. Балаларға көктем табиғатының әсемдігін сезініп, қуануларына мүмкіншілік жасау.

Көркем сөз:

Жазықта, тауда өседі,

Басы сарғылт домалақ,

Мұны қай гүл деседі,

Айтыңдаршы жобалап?

(бақбақ)

Қимылды ойын: "Гүлді кім тез табады?"

Мақсаты: балаларды аңғарымпаздыққа, зейінділікке, сезгіштікке тәрбиелеу.

Еңбек: балаларды гүлзардағы гүл түптерін күтуге, көң шірінділерін шашуға (төгуге) қатыстырып, еңбекке баулу.

Мақсаты: ересек адамдарға қолқабыс жасау.

Қимылды жаттығулар: бөрене үстінен (арнайы жасалған спорт құралы) аяқты тік басып жүруге дағдыландыру.

Жорамал:

Бақбақ гүлі гүлді жапырақтарын жапса - жаңбыр жауады.


13 Інжір гүлін бақылау.

Мақсаты: балаларды көктем гүлдерімен таныстыру жұмысын жалғастыру. Гүл шешегінің құрылысына, иісіне назар аудару.

Інжір гүлі көлеңкеде өседі.

Әдемі, нәзік, қоңырауға ұқсас жапырақшаларын қызықтап, сүйсіне білу.

Көркем сөз:

Інжір гүлі, жамағат,

Расында ғажап - ақ!

Ғарышқа аттанады,

Рустем мен Азамат.

Қимылды ойын: "Аралар мен аю"

Мақсаты: тез жүгіруге, өрмелеп жоғары көтерілуге үйрету.

Еңбек: гүлзардағы гүлдің түбін қопсытып, қажет болса су құю.

Мақсаты: гүлдерді күтіп, оған қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Қимылды жаттығулар: екі дөңгелекті ойын арбашасымен екі аяқпен жерді тепсініп сырғанау.



14 Гүлдене бастаған алма ағашын бақылау.

Мақсаты: жеміс ағаштары туралы балалардың білімін арттыру. Алма ағашының гүлденіп, аппақ болып, кішкентай жапырақтарының да әзірше көрінбейтіндігін атап айту. Алма ағашының гүлдеріне көп аралар жиналатынына балалардың назарын аудару.

Көркем сөз:

Алма пісті қызыл алма, ақ алма,

Оттай болып басылады жанарға.

Сілкіп қалсақ бір бұтағын ақырын,

Топырлап бір төгілгені жаман ба?

Еңбек: алма ағашы түбінің жан - жағының жерін қопыстап, су жиналатындай шұңқырша жасау.

Мақсаты: балаларды ағаштарды күтуге, еңбек етуге үйрету.

Қимылды ойын: "Бас ойыншыға допты дәл бағыттау"

Мақсаты: допты нысанаға бағыттай білу, допты қағып ала білу, ептілікке үйрету.

Қимылды жаттығулар: допты оң, сол қолыңмен жерге ұра отырып, айнала жүруге үйрену.




15 Жәндіктерді бақылау.

Мақсаты: алғашқы жәндіктердің қыбырлап жүргендеріне назар аудару. Бұл сол күнгі ауа райымен байланыстыру дұрыс болады. Балаларды жиі кездескен әртүрлі жәндіктерді сыртқы түрінен айыра білуге үйрету.

Жәндіктер неге қыста болмайды? Жәндіктердің әрқайсысы әртүрлә қимылдап жүретіндіктерін түсіндіру. Балалардың осы орайдағы ойларын тыңдап, сұхбат жүргізу.

Көркем сөз:

Жаз айында инелік,

Жасқанбайды именіп.

Көбелекке иіліп,

Дейді "қалқам билейік".

Қимылды ойын: "Өрмекші мен маса"

Мақсаты: тез жүгіруге, денені тепе - тең ұстауға үйрету.

Еңбек: ауланы сыпырып, тазалаушыға көмек жасауға үйрету.

Мақсаты: үлкендерге көмек жасауға тәрбиелеу, оны дағдыға айналдыру.

Қимылды жаттығулар: алдағы нысанаға затты лақтыруға жаттықтыру.

Күннің II жартысы:

"Жабайы өсімдіктер" тақырыбына сурет салу. Әрбір элементтерінің бояуын аша отырып салғызу.



16 Құстарды бақылау.

Мақсаты: балалардың құстар туралы түсінік - білімдерін анықтай отырып, қандай құстардың бізде қыстайтынын, қандай басқа жақтан бізге ұшып келетіндігін айту. Торғайлардың көктем маусымдағы жай - күйіне назар аудару. Солар жиі шықылықтайды, жылғаларға шомылады. Көктеммен бірге келген құстарды атау. Құстардың азан - қазан болып шуылдап, шықылықтауын, қалқылдаруын, үн қатуын тыңдау.

Көркем сөз:

Күннің көзі жарқырап,

Қошеметтеп оларды.

Қараторғай қалықтап,

Ұясына оралды.

Қимылды ойын: "Ұядағы құстар"

Мақсаты: жүгіруге жаттықтыру, айналаны бағдарлай білуге тәрбиелеу.

Еңбек: құстарға арналған жемсалғыштарды алып, тазартып, келесі қысқа дейін сақтап қою.

Мақсаты: балаларға құстарға деген қамқоршылық қасиетті қалыптастырып, түрлі жабдықтарды, құралдарға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Қимылды жаттығулар: денені тепе - тең ұстап, гимнастикалық орындықтардағы заттарды аттап өтуге жаттықтыру.

Жорамалдар:

  1. Қара тағанды (грач) көрсең -

Көктемді қарсы ал.

  1. Қарлығаштар келсе ұшып,

Кешікпей күн күркірейді.















17 Қара торғайдың үйшігін бақылау.

Мақсаты: жыл құстары, сондай - ақ қара торғайдың сыртқы түрі туралы балалардың түсінік, білімдерін анықтап, бұл жөнінде балаларға толығырақ мағлұмат беру. Құстарға қамқоршы болуға тәрбиелеу. Қара торғайлар не істеп жүргендеріне балалардың назарын аудару.

Көркем сөз:

Ұстап алдым торғайды,

Торғайда ақыл болмайды.

Қанша бағып - қақсам да,

Қолыма қайтып қонбайды.

Қимылды ойын: "Жыл құстары келеді"

Мақсаты: ойынның шартын бұзбай ойнауға үйрету.

Еңбек: балалармен бірге тағы бір қара торғай үйшігін ілу.

Мақсаты: құстраға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Қимылды жаттығулар: жүгіріп келіп ұзындыққа секіруге жаттықтыру.



18 Шырша ағашының гүлденуін бақылау.

Мақсаты: балалардың қылқан жапырақты ағаштар туралы білімдерін арттыру, байқағыш қасиеттерін қалыптастыру. Шырша ағашы бұтағының үшіндегі қызылдау келген бүршікке назар аударсаңдар - ол шыршаның гүл жарғаны. Шыршаның жасын анықтауға да болады. Жыл сайын шыршаның басы өсіп, айналасына жаңа бұтақтар өседі. Шыршаның тік бойында қанша айналмалы бұтақтар болса, шырша ағашы сонша жыл өмір жасап келеді.

Көркем сөз:

Мерекеге келдік - ау,

Тақпақ айтып бердік - ау,

Ойыншықтарын тізген,

Шыршаны да көрдік - ау.

Қимылды ойын: "Аюдың орман алқабында"

Мақсаты: жаттығуларды бірқалыпты асықпай жүргізуге дағдыландыру. Ойынның шартын бұзбай ойнауға үйрету.

Еңбек: шыршаға су кұю.

Мақсаты: балаларды ағаштарға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Оларға шыршаның тамыры сыртқа жақын орналасқанын, сондықтан шыршаға жиі су құйып отыруларын үйрету.

Қимылды жаттығулар: жолға қойылған заттардан өте білу жаттығуларын орындауға үйрету. Жүгіру, биікке өрмелеп шыға білу, екі аяқпен бірдей секіру, денені тепе - тең ұстап тік жүру сияқты жаттығуларды жасауға үйрету.

















19 Аула сыпырушының еңбегін қадірлей білу.

Мақсаты: ересек адамдардың еңбегімен таныстыруды жалғастыру.Көктемде аула сыпырушы ағаш, бұталардын бұтақтарын қысқартып кеседі, көгалдарды өткен жылғы шөптен тазартады. Ересек адамдардың еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Күрекпен жерді қаза аламыз,

Ағашқа, гүлге су құямыз,

Біз жұмыстан қорықпаймыз,

Тиянақты оны атқарамыз.

Еңбек: аула сыпырушыға көмек жасау: кесілген бұтақтарды, жиналған қоқыстарды тасу.

Мақсаты: ересек адамдарға қолдан келгенше көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Қимылды ойын: "Шеңберге түсіре біл!"

Мақсаты: лақтыруға жаттықтыру.

Қимылды жаттығулар: бөгеттерден өтуде: секіріп жерге түсе білу, кедергілерге шыға білу, тез жүгіруге үйрету.

Мақал - мәтелдер:

  1. Ұйықтаған ұйқы алады,

Ұйықтамаған түлкі алады.

  1. Жалқаудың ертеңі таусылмас...


20 Мемлекеттік автоинспекция қызыметкерлерінің жұмысымен танысу.

Мақсаты: МАИ қызыметкерлерінің жұмысы туралы балалардың түсінік - білімдерін нақтылап арттыру.

Жол жүру тәртібін сақтауға байланысты жаттығулар жүргізу.

Көркем сөз:

Белгімін көрсетер жылдамдық пен бағытты,

Ылди мен бұрылыс, қатер мен қауіпті!

Барлығын анықтап, көрсетіп тұрамын,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

Қимылды ойын: "Жанады - жанбайды"

Мақсаты: тез жүгіруге жаттықтырып, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Еңбек: балалармен бірлесіп бірнеше жол белгілерін жасау.

Мақсаты: көшенің түйіскен жерлерін безендіру.

Жеке жұмыс: Жол жүру тәртібін есте сақтау үшін қайталау сабақтарын өткізу.

Жұмбақ:

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та.

(бағдаршам)

21 Өзен жиегіне мақсатты серуен құру.

Мақсаты: көктемнің қызықты, есте қалатын бір құбылысы - сең жүру. Бұл туралы балалардың түсінік - білімін арттыру. Көктемнің басында, аяғында мұздың көтерілгенін жарылғандарын, содан соң өзеннің ағуын көріп, бақылау.

Бұл құбылыстарды балаларға күннің жылуынан, қардың, мұздың еруінен деп түсіндіру, мұздың жарылғанын тыңдау.

Көктемде мұз үстінде сақтану ережелері.

Көркем сөз:

Ойланбай оранғандай жалынға әлі,

Жосады ау тұлпардай бір бабындағы.

Бұлақтың тасығаны - мұз құрсаған,

Өзеннің еркіндігін сағынғаны.

Қимылды ойын: "Қолға түспе!"

Мақсаты: секіру, өрмелеу жаттығуларын белсенді жасауға жаттықтыру.

Қимылды жаттығулар: секіргіш жіппен жаттығулар жасап, секіру арқылы алға жылжу.

Жорамал:

Шағала ұшып келсе, іле сең жүріп, мұздар ери бастайды.

Жұмбақ:

Отта жанбайды, суға батпайды. (мұз)




22 Саябаққа саяхат

Мақсаты: балаларға көктемде күн көзінің шуағы мол болатынын, қар, мұз да оған шыдамай ери бастайтынын, торғайлар қатты шықылықтайтынын, шалшыққа үйіліп шомылатынын түсіндіру.

Балаларды табиғаттағы көктем өзгерістерін бақылауға үйретіп, қызығушылықтарын, сүйіспеншілігін ояту.

Көркем сөз:

Тамылжып көктем нұр тамады,

Естіліп тұрады бақ әні.

Қарлығаш ұшып кеп былтырғы,

Өзінің ұясын табады.

Қимылды ойын: "Белбеу тастау"

Мақсаты: шапшандыққа жаттықтыру.

Еңбек: алаңды ересек адамдармен бірге тазалау.

Мақсаты: еңбекке баулу, дағдыландыру.

Қимылды жаттығулар: тосқауылдардан өте білу, жолдағы қойылған заттардан айналып өту, кубоктардан секіріп өту.

Мақал:

Ай қораланса, арысыңды сайла,

Көктемде қонысыңды сайла.





23 Шөптерді бақылау

Мақсаты: балаларға көктемде жасыл өскен - шөптердің, ағаштарда, бұталарда жасыл жапырақтардың пайда болатын, гүлдер гүлдей бастайтынын айтып, түсінік - білімдерін арттыру. Балаларға көктем табиғатының сұлулығын сезіндіре білуді үйрету. Қардың әлі толық еріп кетпегендігін атап көрсету.

Көркем сөз:

Көлде аққу, көкте қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көктем кеп,

Құлпырып дала жайнаған.

Қимылды ойын: "Қара торғайдың үйшігі"

Мақсаты: кеңістікті бағдарлай білу, жүгіру.

Еңбек: саябақата балалармен бірге 1 - 2 түп өсімдікті қазып алып, алаңшаға отырғызу.

Мақсаты: балаларды байқағыштыққа үйретіп, жаттықтыру.

Қимылды жаттығулар: көлемі шамалы, тар, иректелген, бұталақ жерлермен аяқты жерге нығырлап басып жүргізуге жаттықтыру.

Мақалдар:

Көктемде гүл көп болса - күзде жеміс - жидек, астық мол болады.

Сәуірде су көп болса - мамырда шөп көп болады.


















24 Саябаққа саяхат.

Мақсаты: көктем мезгілі туралы балалардың түсінік, білімдерін кеңейте түсу. Өсімдіктердің құрамындағы өзгерістерді (өсіп, өнудегі) күннің жылуымен байланыстыру: күн жылына түсті, күннің нұры молая түсті, ағаштар жасыл жапыраққа оранды, айнала гүлдене бастады. Мойыл, алма ағашы, шие бұтағы, бақбақ, мамыргүл, інжір гүлі.

Көркем сөз:

Тамшы, тамшылар,

Көгерді ағаш тал, шынар.

Тамшылардан өнетін,

Тамаша гүл бар шығар.

Қимылды ойын: "Біз көңілді баламыз"

Мақсаты: жылдамдыққа баулу.

Еңбек: бақбақ гүлін қазып алып, ыдысқа отырғызып, күту.

Мақсаты: "Табиғат бұрышына" отырғызған гүлдің өсіп - өнуін бақылау.

Қимылды жаттығулар: кім жылдам жүгіре алады? Кім жалаушаға бұрын жетеді?

Жаңылтпаштар:

  1. Жайлауға көш кетті,

Көш кеш кетті.

  1. Көктемде шөп өнер жер,

Мол келер, мал өрер жер.



25 Табиғат күнтізбесі бойынша бақылау.

Мақсаты: ауа райына бақылау жүргізу. Тәрбиеші балаларды тынышталуға шақырып, бірір минут ауа райының жайына көңіл аудартып, мына сауалдарға жауап берулерін сұрайды:

  1. Күн жылы ма, суық па?

  2. Балалар қалай киініп келді? Неге осылай киініп келгендерін түсіндірсін?

  3. Жел бар ма?

  4. Оны қалай анықтап білді?

  5. Күн шуақты ма, әлде бұлтты ма?

  6. Жауын - шашын бар ма?

Балабақшаға серуендеп келген соң балалармен бірге табиғат күнтізбесіне (күнделікке) ауа райының қалпын жазу. оның қалай белгілейтіні туралы балалардың есіне салып, көмек беру.

Көркем сөз:

Көктем келіп бәрімізді,

Мол нұрына бөледі.

Жер - анамыз ұйқысынан,

Мүлдем міне арылды.

Қимылды ойын: "Тышқандар мен мысық"

Мақсаты: балаларды жан - жаққа жүгіруге, белгі берілісімен бірден жүгіруді бастауға, әрі сезгіштікке, әрі батыл болуға тәрбиелеу.

Еңбек: балаларды гүлзарды тазалауға үйрету.

Мақсаты: еңбек құралымен жұмыс атқаруды, гүлдерді күтіп, су құюды үйрету.

Қимылды жаттығулар: жүгіріп келіп, ұзындыққа секіруді үйрету.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 04.09.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров56
Номер материала ДБ-176028
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх