Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / ОБЖ / Другие методич. материалы / Начальная военная подготовка "Тактикалык дайындык"(10 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • ОБЖ

Начальная военная подготовка "Тактикалык дайындык"(10 класс)

библиотека
материалов



А.М.Горький атындағы №16 орта мектеп














Тақырыбы: Тактикалық дайындық Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы Т 3-4





Дайындаған: Махамбет Талғат


















КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету – оның әр азаматының міндеті. Бұл – еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге халықтың білдірген сенімі. Бұл – бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге халықтың білдірген сенімі.

«Тактикалық дайындық » жалпы әскери ұрыстың негіздері, оқушыларды ұрыс әрекетіне үйрету принциптері, қарсыластың жаяу әскері мен сауытты машиналарын жою мақсатында қару мен гранаталарды қолдана білу, бағдарлар мен жергілікті заттарға қарап, олардың орналасқан жерін таба білу мәселелері баяндалады.

Тактика дұрыстығының өлшемі – ұрыста жеңіске жету болып саналады. Бөлімдер мен бөлімше жауынгерлері игерген тактика өнері неғұрлым жоғары болған сайын, жеңу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Кез келген ұрыс тактикалық тактикалық тәсілдермен басталады, сонымен жүргізіледі және аяқталады. Қарулы Күштердегі тактикалық дайындық әскери дайындықтың барлық пәндерін біріктіретін, жауынгерлерді оқытудың маңызды пәні болып есептеледі.

Тактиканы терең білу, ұрыста әрекет ете білу – жауынгерлердің күшті қарсыластарды да жеңуіне мүмкіндік береді.

Тактиканың дамуына әр замандардың Александр Македонский, Ганибал, Юлий Цезарь, Александр Невский, Дмитрий Донской, Бірінші Петр, А.В.Суворов, М.И.Кутузов, П,И.Багратион, Г.К.Жуков секілді және басқа да көптеген әскербасылары мен қолбасшылары үлкен үлес қосты.

Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды, техника не бәрі жауапкершілік қасиетін толықтырып, күшейте түседі, сондықтан да барлық әскер түрлерінің негізгі, және басты тірегі, діңгегі адам болып қалады, техниканың өзі соғыспайды, техникамен қаруланған және оны игеретін адам соғысады.





АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

10- СЫНЫП


Сабақтың тақырыбы: Тактикалық дайындық .Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы Т 3-4


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазіргі жалпы әскерлік ұрыстың сипаттамасын анықтайтын тактиканың негізі мен теориялық жағдайларды түсіндіру.


Міндеттері:

1. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын үйрену,оқушылардың тактиканы терең білуі;

2. Іс істеу шеберлігін, өз қаруы мен техниканы ұрыста пайдалану қажеттілігін саналы түрде түсіну.

3. Оқушыларды төзімділікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, әскери патриоттық тәрбие беру.


Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақты ұйымдастыру формасы: Блум жүйесі

Сабақтың әдістері: түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, ішінара іздену


Жүргізілетін орны: Интерактивті оқыту кабинеті


Көрнекіліктер: АӘД оқулығы, интерактивті тақта


Сабақтың барысы:


І Ұйымдастыру бөлімі: /5 минут/

Взвод командирі сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт, амандасу түгендеу сырт көріністі тексеру.


ІІ. Жаңа сабақ: /35 минут/

Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

  1. Білу /2 минут/

  1. Мотоатқыштар бөлімін ұйымдастыру

  2. Штаттық қарулануы және ұрыс техникасы

  3. Жаяу әскер ұрыс машинасы

  4. Бронды машина ( БТР)


  1. Түсіну /15 минут/

Интерактивті тақта арқылы жаңа материалды түсіндіру.

Жауынгерлік дайындықтың басқа пәндерінің бәрін оқып-үйрену тактикалық дайындыққа бағындырылған.Ол жеке құрамының атыстық, техникалық, инженерлік, саптық, дене күші дайындықтарында, жаппай қырып- жою қаруынан және оқып-үйренілетін басқа да пәндер сабақтарында меңгерген білімдерін, біртұтас кешен етіп біріктіреді.


Мотоатқыш бөлімше- ең төменгі (бастауыш) тактикалық бөлімше, ұйымдық жағынан ол ЖҰМ (БТР)- дағы мотоатқыш взводының құрамына кіреді.Қазақстан Републикасының Қарулы Күштерінде мотоатқыш жаяу әскер ұрыс машинасымен (ЖҰМ) немесе бронетранспортермен қарулануы мүмкін.

ЖҰМ- дағы мотоатқыш бөлімшесінің құрамында бөлімше командирі (к), көздеуіш оператор(КО), механик-жүргізуші (МЖ), пулеметші (П), атқыш- гранататқыш (ГА), гранататқыштың атқыш-көмекшісі (ГК), аға атқыш (АА), және атқыш (А) болады.

Бөлімшенің қаруында ЖҰМ, Калашников қол пулеметі (ҚҚП), танкіге қарсы қол гранататқышы (ТҚГ-7),Калашников автоматтары (КА), жарықшақты қол гранаттары (ҚГ) және танкіге қарсы кумулятивтік қол гранаттары (КҚГ-3) болады.

ЖҰМ-бөлімшенің жеке құрамының жүруі мен ұрыс жүргізуіне арналған сауытты шынжыр табанды машина.Оған танкіге қарсы басқармалы ракета кешені (ТҚБР), 30 мм автоматты зеңбірек және онымен қосақталған танктік Калашников пулеметі (ТКП) орнатылған. Машина шапшаң жылдамдықпен жүреді, су бөгеттерден, жолсыз жерден, батпақ пен күртік қардан бөгелмей өте береді.Атомға қарсы қорғаныс жүйесімен және түнде көру құралдарымен жарқталған.Қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті.Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында,ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

hello_html_m78fd2726.jpghello_html_7f5f7576.jpg


БТР-дегі мотоатқыш бөлімше құрамында бөлімше командирі, пулеметші, атқыш-гранататқыш, гранататқыштың атқыш көмекшісі, мерген (МН), аға атқыш, екі атқыш пен жүргізуші болады.

Бөлімшенің қару-жарағында БТР, Калашников қол пулеметі, танкке қарсы қол гранататқыш,Калашников автоматтары, Драгуновтың мерген винтовкасы (ДМВ), танкке қарсы жарықшақты және кумулятивтік қол гранаттары болады.


БТР- көбіне бөлімшенің жеке құрамын ұрыс даласына тасымалдауға және ұрыста атыспен қолдауға арналған ұрыстық дөңгелекті машина.БТР-де Владимировтың ірі калибрлі пулеметі орнатылған.


Мотоатқыш бөлімшенің жауынгерлік мүмкіндіктері оның атыстық және маневрлік мүмкіндіктерімен сипатталады.


ЖҰМ мен БТР-дің негізгі – тактикалық сипаттамалары.


Көрсеткіштер

ЖҰМ

БТР

Масса, т

Жауынгерлік есептоп,адам

Қару-жарағы,өлшем.




Двигателдің қуаты, а/к

Ең шапшаң жылдамдығы км/сағ

Жүріс қоры, км

13

8

30-мм автоматты зеңбірек

7,62 мм ТКП

4 ТҚБР

10 Ф-1

300


70

600

11,5

9

14,5-мм ірі кали-лі пулемет

7,62 мм ТКП


10 Ф-1

115


80

400



Әр алуан қару-жарағы бар бөлімше қарсыластың танктері мен сауытты машиналарына, төмен ұшқан ұшақтары мен тікұшақтарына қарсы ойдағыдай ұрыс жүргізіп, оның атыс құралдары мен адам күшін жоя алады.Ол шабуылда қарсыластың 1-2 танкін,БТР мен сарбаздар тобын,қорғаныста 2-3 танкін, 1-2 БТР мен 12-15 сарбазын жоя алады.

«Өз ойыңды түйінде» стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді дәптерге жазып отыру.

  1. Қолдану. /5 минут/

Әскери сынақхат жазу кезінде өздері түйіндеген ойларын, мәліметтерді пайдаланады.

«Әскери сынақхат»

Мотоатқыштар бөлімшелері - ......... бөлімшелер болып табылады, ұйымдық жағынан ол ЖҰМ (БТР)- дағы мотоатқыш взводының құрамына кіреді. Қазақстан Републикасының Қарулы Күштерінде мотоатқыш ............ немесе ..................... қарулануы мүмкін. ЖҰМ - бөлімшенің жеке құрамының жүруі мен ұрыс жүргізуіне арналған .................................. машина.Оған танкіге қарсы басқармалы ................., ..................автоматты зеңбірек және онымен қосақталған ..................... пулеметі (ТКП) орнатылған. Машина .......... жылдамдықпен жүреді, су бөгеттерден, жолсыз жерден, батпақ пен күртік қардан бөгелмей өте береді.Атомға қарсы қорғаныс жүйесімен және ........................ жарақтанған.Қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға .................. Олар жылдың және тәуліктің ............. мезгілі мен уақытында, ауа райының .............. жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.


  1. Талдау. /5 минут/

«Ти кестесі» ЖҰМ мен БТР-ді салыстыру.

Айырмашылықтары

Ұқсастықтары

ЖҰМ

БТР

К

КО

МЖ

П

ГА

ГК

АА

А

К

П

ГА

ГК

МН

АА

2-А

Ж

К

П

ГА

АА

ГК



  1. Жинақтау. /6 минут/

«Толықтыру тесті»

  1. ЖҰМ- дағы мотоатқыш бөлімшесінің құрамын атаңдар.

__________________________________________________________________________________

  1. ЖҰМ- дағы қару-жарақтарды атаңдар.


---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. БТР-дегі мотоатқыш бөлімше құрамын атаңдар.

__________________________________________________________________________________

  1. БТР-дегі қару-жарақтарды атаңдар.


---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Жауынгерлік мүмкіндіктер дегеніміз не?


---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Бағалау. /2 минут/

Оқушыларды «Ти кестесі» , «Әскери сынақхат», «Толықтыру тесті» арқылы бағалаймын.


ІІІ.Сабақты қорытындылау. /4 минут/

Сұрақ-жауап арқылы бүгінгі сабақта не үйренгендерін сұрау.


ІV.Үйге тапсырма: /1 минут/ «Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы Т 3-4» тақырыбын оқып, мазмұндау. Интернеттен қосымша мәліметтер жинақтау.


Сабақты талдау



Р/с

Өтілу барысы

Жетістіктер мен кемшліктер

1




2








3

4

Сабақтың тақырыбы: Тактикалық дайындық. Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімінің ұйымдастырылуы Т 3-4

Жаңа сабақ

  1. Білу

  2. Түсіну

  3. Қолдану

  4. Талдау

  5. Жинақтау

  6. Бағалау

  7. Қорытынды

Сабақ қорытындыланды.

Үйге тапсырма берілді.

Ұйымдастыру кезеңінде өзімді еркін ұстадым. Оқушыларды ұйымдастырып, сабаққа назарын аудардым өте жақсы болды.

Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарладым. Интерактивті тақта арқылы жаңа материалды түсіндірдім. Жаңа сабақты жақсы меңгерттім. Оқушылар жаңа сабақ белсенді, ойлары ұшқыр болды. Түрлі жаңа иновациялық әдістерді пайдалана білдім. Блум жүйесі сәтті шықты. Жинақтау кезінде тест жұмысын алдым. 6 минут ішінде оқушылар тест жауаптарын оқып берді. Оқушылар жаңа сабақты жақсы игерді. Мен сабақ өту барысында өз мақсатыма жеттім. Сабақ қорытыланды. Оқушылардың көңіл – күйі жақсы болды. Үйге тапсырма берілді. Сабақ сәтті аяқталды.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.10.2015
Раздел ОБЖ
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров774
Номер материала ДВ-023433
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх