Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Нан дастарханға қалай келеді"

"Нан дастарханға қалай келеді"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Нан дастарханға қалай келді?

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нанның жасалу жолдарымен таныстыру. Нанның қандай еңбекпен

дастарханға келетінін түсіндіру.

Дамытушылық: Нан туралы өлеңдер, мақал- мәтелдер арқылы тіл байлығын, сөздік қорын

дамыту.

Тәрбиелік: Киелі нанды қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, нанның түрлері, мазмұнды суреттер.

Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, СТО әдістері, ойын , рөлдік қойылым.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) сәлемдесу

Ә) түгелдеу

Б) психологиялық сәт

В) топқа бөлу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Үлкендерге құрметпенен

Сәлем бердік біз.

  • Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қандай ?

  • Олай болса, бүгінгі оқу іс – әрекетімізді бастайық.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Сұрақтар:

  • Балалар , біз өткен оқу іс – әрекетімізде қандай тақырыппен танысқан едік? (слайд)

  • Қандай көлік түрлерін біліесіңдер?

  • Әуеде ұшатын көліктерді ата?

  • Суда жүзетін көліктерді ата?

  • Жерде жүретін көліктерді ата?



Ойын : «Кім қандай көлікпен жүреді?» (слайд)



ІІІ. Жаңа оқу іс – әрекеті.



Ал балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

Мен, сендерге жұмбақ жасырайын.

Мұқият тыңдап отырайық.



Жұмбақ

Әжем оны пісірді майға қақтап,

Дәмі оның болады тәтті-ақ. (бауырсақ)



Асты та, үсті тас

Ортасында піскен ас. (таба нан)

  • Таба нан, бауырсақ нан түрлеріне жатады екен.

  • Сендер қандай нанның түрлерін білесіңдер?



Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келді»?



  • Қазір қай мезгіл?

  • Көктем айларын атаңдаршы?

  • Көктемде қандай еңбек етеміз?



Кіріспе әңгіме: (слайд)

Ерте көктем келісімен, адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді.Оны күтіп баптайды, тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп, жаз бойы егін басында жүреді. Егін піскен кезде , адамдар оны комбайынмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып диірменге апарады. Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп қалаларға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханаларда ұннан түрлі нандар пісіреді. Наубайханалдардан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып дастарханға қояды. Міне дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді . Нан оңай жолмен дастарханға келмейді.

  • Мен сендерге балалар, Ә. Ахметовтың мынадай өлең жолдарын оқып бергім келіп отыр.



Мәнерлеп оқу.

Анасы, баласы,

Дүкеннен нан алып,

Көңілді келеді,

Үйіне оралып.

Дән бірақ өспейді

Дүкенннің төрінде.

Тек еңбек ісі игі

Жеткізер өнімге.



  • Бұл өлеңде не туралы айтылған балалар?

  • Сендер бүгін нан туралы өлеңдер дайындап келдіңдер ме?



ІҮ. Сабақты бекіту.

Тақпақтар «Нан».

1-оқушы. 2-оқушы.

Жарып шыққан қауызын, Ерте тұрып ақ таңнан,

Дән өмірлік азығың. Қара жерге нәр құйған.

Жегеніңде ақ нанды, Айналайын диқаннан,

Нәрге толар ауызың. Егін егіп дән жиған.



3-оқушы 4-оқушы

Нан атасы бидаймын, Нан болса ойнап күлеміз,

Елге астық сыйлаймын. Нан болса еркін жүреміз.

Дәнім толы піскенде, Нан қасиет, нан-береке,нан-мереке.

Қауызыма сыймаймын. О, адамдар нанды баспаңдар.

6-оқушы

5-оқушы 6-оқушы

Нан ардақты адал ас, Нан уағын шашпаңдар,

Кәрі жас одан аттамас. Жерде жатса баспаңдар.

Нандай жоқ қой асыл дән, Теріп алып қастерлеп,

Жеп үйренген жасыңнан. Торғайларға тастаңдар.

7-оқушы 8-оқушы

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар, Ақ, қарамын, сарымын

Нанда адамның еңбегі мен ары бар. Мен өнімді нанымын.

Нан өмірдің ана сүті арқауы, Халқым еңбек сіңірсе,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар. Қайтарамын қарызын.



  • Өте жақсы , балалар! Жарайсыңдар!

  • - Балалар, бізге ата- әжелеріміз қандай тыйым сөздер үйретеді.

  • - Қанекей, есімімізге түсірейікші.



Тыйым сөздер

  1. Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

  2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

  3. Нанды, дастарханды баспа.

  4. Нанды аяққа баспа.

  5. Нанды сатып алғанда таза дорбаға сал.

  6. Нанның сапасын қолымызбен анықтауға болмайды.

Мақал- мәтелдер

Дастархан көркі нанмен,

Тойдың сәні әнмен - демекші, ендігі кезекте нан, еңбек туралы мақал-мәтел айтайық.

  1. Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі – нан.



  1. Дастарханында наны жоқтың,

Тамағының дәмі жоқ.



  1. Нан болса ән болады.

  2. Тістем нанның қадірін,

Тарыққанда білесің.

  1. Нан тамақтың атасы,

Ынтымақ көптің батасы.



ІҮ. Сергіту сәті

Тауық, үйрек, қаз, әтеш

Бидай теріп жейді екен.

Тұмсығымен шоқып жеп.

Қандай дәмді дейді екен.



Ү. Рөлдік қойылым

Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ»? атты рөлдік қойылымы.



Дастарханда шашылып

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап:

Қайдан келдің бауырсақ?

Дүкеннен келдім нан сатқан.

Дүкенге келдің қай жақтан?

Наубайдан келдім нан жапқан.

Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

Жер анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.



ҮІ. Шығармашылық тапсырма



(Қиылған суреттерді құрастыру)

  1. «Бауырсақ» ертегісі.

  2. «Маша мен аю» ертегісі.

ҮІІ. Қорытынды

« Ішіне – сыртына»



ҮІІІ. Бағалау

(белсене қатысқан оқушыларды мадақтау)

ІХ. Үйге тапсырма

(Бауырсақтың суретін салып келу.)

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров315
Номер материала ДВ-436911
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх