Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "«Нан туралы өлең» Кәрім Сауғабаев" тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ (4 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"«Нан туралы өлең» Кәрім Сауғабаев" тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ (4 сынып)

библиотека
материалов

Ә.Майкөтов атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Нан туралы өлең» Кәрім Сауғабаев

(4-сынып)







Өткізген: Какенова Ф.Қ

Күні: 20.02.2015

























Күні:

20.02.2015


Сынып: 4

Пәні: әдебиеттік оқу. (Ашық сабақ)

Сабақтың тақырыбы:

Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев.


Сабақтың мақсаты:


а) Білімділігі: Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңімен таныстыру, мағынасын түсіндіру, қасиетті тағамның бірі – нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсіндіру;

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту;

б) Тәрбиелігі: Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу;


Сабақтың түрі:

жаңа сабақ


Сабақтың әдісі:

сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмысы, сөзжұмбақ шешу, полиглот

Сабақтың көрнекілігі:

слайд, суреттер (альбом)



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. (2 минут)

1-слайд.

Күнге қолымды созамын,

Күн жылуын аламын.

Жүрегіме басамын

Айналама шашамын. (Шеңберде тұрып орындау)

(Оқушылар айтып болған соң, жылтыр шашылады)


Топқа бөліну:

І-топ: Риза, Асан, Елхан, Диас

ІІ-топ: Абзал, Ерлан, Аслан

Сабақтың және топта жұмыс жасау ережесі:

  • Белсенді қатысу

  • Тыныштық сақтау

  • Бірін-бірі тыңдау

  • Ойын ашық айту

  • Бір-бірін сынамау

  • Ынтымақтастылық

Бағалау әдісімен таныстыру.

Бағалау парағы:


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: (4 минут)

253-256-бет. Мәңерлеп оқу. түсінік.

Сурет салу. Өлең шығарып келу.

Топпен жұмыс.

Сұрақтар: «Кім жылдам?»

(2-слайд)

  1. «Төрт үлік туралы сабақ» атты өлеңнің авторы кім? (Асқар Тоқмағамбетов)

  2. «Түлік туралы сабақ» атты өлеңдегі киіпкерлерді ата. (Болат, Марат)

  3. Болат пен Марат неге таласты?

  4. Марат қандай бала? (Марат сөзуар, сөзшең бала)

(Төрт түліктің түрлеріне қарай қалай бөлінетіні туралы таласты)

  1. «Сөзуар» сөзінің мағынасы? (Сөзшең)

3-слайд.

І-топ

ІІ-топ

Болаттың сұрақтары:

1.Қойдың түрлерін ата.

(қозы, марқа, , тоқты, қой, қошқар)

2.Сиырдың түрлерін ата.

(бұзау, торпақ, баспақ)

1.Жылқының түрлерін ата.

(жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті, ат)

2.Ешкінің түрлерін ата.

(лақ, туша, бөрте, шыбыш, ешкі, серке, теке)



4-слайд.

Тақырып:

Төрт түліктің пірлері

Оларды қалай шақырады?

Олар қалай дыбыстайды?

І-топ

Қой (Шопан ата)

Сиыр (Зеңгі баба)

пұшайт-пұшайт

аухау-аухау


ІІ-топ

Жылқы (Қамбар ата) Ешкі (Шекшек ата)

құрау-құрау

шөре-шөре



«БІЛУ»

Мағынаны тану: (3 минут)

Жаңа тақырыпқа кіру мақсатында сөзжұмбақты шешу.

5-слайд


қ

ұ

л

ы

н

о

й

с

ы

л

қ

а

р

а


а

й

р

а

н


1.Жылқының төлін ата.

2.Түйенің пірін ата.

3.Сиыр сүтінен не ашытылады?


Жаңа сабақ: (13 минут)

Жоспары:

6-слайд.

  1. «Егін шаруашылық» тапсырмасы.

  2. «Элеватор» тапсырмасы.

  3. «Диірмен» тапсырмасы.

  4. «Наубайхана» тапсырмасы.

  5. «Дүкен» тапсырмасы.


«ТҮСІНУ»

І.«Егін шаруашылық» тапсырмасы. (7-слайд)


hello_html_132ae85a.jpg


1.Кәрім Сауғабаевтың өмірбаяны және шығармашылығы.

Сауғабаев КәрімСауғабаев Кәрім (1941–2002) 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ (бұрынғы Қу) ауданының Едірей ауылдық кеңесінде туған. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітіреді. Балаларға арналған алғашқы өлеңдері 1972 жылы кітап болып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып істеді.

Шығармалары: «Жазушы», 1972; Көктем келді, алақай. «Жалын», 1977; Ақшақар. 1980; Балқантаудың басында. 1982; Үлкендерден үлгі аламыз. 1983; Үшқара оттары. 1985;


2.«Нан туралы өлең»

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.

  • Бір шумақтан тізбектеп оқыту.

«Нан туралы өлең» Кәрім Сауғабаев



О, адамдар, айтарым бар,

... Нанды баспаңдар!



Онда қол жетпейтін аспан бар,

Әлі ешкім жазбаған дастан бар.

Өтініп сұраймын,

Ана бол, дана бол, бала бол,

Нанды баспаңдар!



Ол биіктен төгілген

Мөп-мөлдір

Зәмзәм суынан өседі,

Нан – өмір.

Нанға «пірім» деп,

Нанға «жарым» деп,

Табынам.

Даланың арынан,

Даланың таңынан,

Даланың жанынан,

Даланың қанынан

Өседі.



Нанға үлкен жүрекпен

Қараңдар!

Нанды өмір деп санаңдар.

Нан болмаса,

Қызығың, бақытың

Құр әуре, далбаса.



... Нансыз тыныштық та болмайды,

Көкіректі мұң,

Жерді шаң торлайды.

Екі ел бірін-бірі жалмайды.

Елімнің құдіретін асырып тұрған,

Менің де, сенің де, оның да

Мерейін үстем ғып тұрған

Дән емес пе?

Дән – ән емес пе,

Дән – нәр емес пе?

Дән – нәресте,

Дән – тіршілік тоқтамайтын...



О, адамдар!

Тіршілік арнасын сақтаңдар.

Диқанның еңбегін

Тер төгіп ақтаңдар.

Әр дәнді жоғалтпай,

Өмірдей сақтаңдар!



О, адамдар! Кең пейілдер!

Бір дән жолда жатса,

Ұлылықпен еңкейіңдер!



«ҚОЛДАНУ»

ІІ.«Элеватор» тапсырмасы: (8-слайд) ( 5 минут)


hello_html_1598e12e.png

1.Сұрақтар:

- Осы өлеңдегі негізгі ой не?

- Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?

- Нанның қандай пайдасы бар?


2.Сөздіктермен жұмыс:

Зәмзәмсу- «Әлемдегі ең жақсы су – зәмзәм суы. Оның жағымды дәмі бар, әрі ауруларға ем»

Пірім – пір деген сөздің сөздіктегі мағынасы ақсақал, қарт кісі деген мағынаны білдіреді.

Далбаса –құр, босқа, т.б


«ТАЛДАУ»

ІІІ. «Диірмен» тапсырмасы: (9-слайд) (3 минут)

hello_html_13dba9ad.png

1.(Топпен жұмыс)

І-топ

ІІ-топ


Нанның түрлерін ата.



(Табанан, бауырсақ-Қазақстан

Каравай -Россия, Украина, Беларусь

Лаваш –Кавказ

Бейгл –США

Брецель -Германия

Юха –Азербайджан)




Нанның дастарханға келуі.

2.Тыйым сөздер:

1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

3.Нанды аяқ астына тастама.


Сергіту сәті: Қимылды жаттығу. (2 минут)


«ЖИНАҚТАУ»

ІV.«Наубайхана» тапсырмасы. (10-слайд) ( 5 минут)

hello_html_m69d41f02.png

Өлеңдегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастыру.

О , адамдар!

... ... ақтаңдар,

... ... баспаңдар.

... ... ... ,

... ... сақтаңдар.


V.«Дүкен» тапсырмасы. (11-слайд) (2 минут)

hello_html_m52ae711.png

Полиглот. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

І-топ

ІІ-топ

  • Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі- ... (нан- хлеб-bread)



  • Дастарханында наны жоқтың

Тамағының ... жоқ (дәмі-вкус-tastl)

  • Нан болса ... болады.

(ән –музык-muzik)

  • Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса ...

( баспаңдар- ненаступать-donotvalk )




Қорытынды. (2 минут)

Нан –дастархан құты. Нан – тоқтық , нан-байлық. Дастархан басындағы әрбір түйір нан қаншама адамның еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Нанды шашуға, тастауға, басуға болмайды. Жерде нан жатса,алып адам баспайтын жерге қою керек. « Егер менен Әлемдегі ең асыл не?-дей қалса «Нан»деп жауап берер едім. Себебі нан –әлемнің жарығы. Күннен нұр алады, адамға Күннің нұрын құяды, оның өмірін күндей жарқыратады»деген екен Ыбырай Жақаев.


Үйге тапсырма: (1 минут)

  1. 256-257-беттер,өлеңді мәнерлеп оқу. «Ас атасы - нан» (шығарма)


«БАҒАЛАУ» (3 минут)

Рефлексия:

Топ басшылары бағалайды.

Әр топты сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтау, масақтар тарату.


Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларғат тастаңдар!




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров4793
Номер материала ДВ-107268
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх