Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / "Нар идірген" 1 сыныпқа

"Нар идірген" 1 сыныпқа



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Музыка бейнелейді : «Нар идірген»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды «Нар идірген»күйімен таныстыру

Дамытушылық :Оқушыларды әуен,дыбыс сезіну қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні :Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі :Жаңа сабақ

Көрнекілігі : Оқулық, үнтаспа,суреттер


Сабақтың барысы : Ұйымдастырушылық кезең

Қасиеттi қазақ шаңырағынан тiк шығып самғаған «Нар иген» бүкiл қазақ әлемiн шарлады. Бармаған жерi, аспаған тауы, баспаған тасы қалған жоқ. Талайдың шаңырағынан тiк түсiп, талайдың тойы мен қуанышына, қайғысы мен қасiретiне судай сiңiп, тастай батты. Адам баласының алпыс екi тамырын иiткен «Нар иген» қазақтың алпыс екi қоңыр күйiнiң бiрi.

Нар идiрген

Бар ынтасымен талпына ұмсынған баласын бауырына басып, құшырлана иiскеп, сүйген ананың iшкi мейрiмiн тiлмен айтып жеткiзу мүмкiн емес. Жан-жануарлар әлемiнiң ұрпағына деген мейiр-шапағатында шек жоқ. Ұлы мұхиттан Амур өзенiн өрлеп келе жатып, бауырын тасқа ұрып, жарып уылдырық тастап өтетiн «кета» деген балық бар. Маң далада қара жусан арасына жұмыртқалайтын дуадақ, тырна, бозторғай сынды құстардың ұясына жақындаған адам тықыры естiлсе, аспанға дереу көтерiлiп арқан бойы биiкке барып, мертiгiп қалғандай тыпырлайды. Бұл — құстың аңшыны балапанынан алыстатқысы келген айласы. Осылайша оны ұшқыр аттылар ұрып алады не жүйрiк құмай тазылар қағып әкетедi. Ақырында балапанын қорғаймын деп өзi мерт болады. Қазақ халқы киелi санайтын аққу атты құстың бiрiн атып түсiрсең, сыңары өзiн жерге ұрып өлтiредi деген сөз бар.

Бұл – адам мен жан-жануарларда болатын табиғат құпиясы, ұрпақ қорғау тектiлiгi. Оның арзан-қымбатын бағалауға, салмағын өлшеуге келмейдi. Өйткенi әрбiр табиғатқа тәңiр сыйлаған тектiлiк жұмбағы осында жатыр.

Ал, ботасын көз алдында бақыртып қасқыр жеген аруананың қайғы-қасiретiн, сiрә, жануардың өзi ғана түсiнер. Көкiрегi қарс айырылған сор маңдай боз iнген күндiз-түнi боздайды, ыңырсиды, күңiренедi. Ботасын қасқыр жеген жаққа тұра жөнеледi. Боздаған өксiгi басылмай жетiп барғанда бөрi тарпа бас салған ботасына араша түсе алмай, қоралы түйемен үрке жөнелгенi ғана есiнде. Бота сүйегi жатқан жерге баруға батылы бармай, өзi алғаш үрiккен жерден бүгiн де қайта қайтты.

Қасиеттi атамекен Тарбағатай тауының күнгей бетi, атақты Қараүңгiр өзенiнiң саласында отырған төрт түлiгi сай қазақ ауылдары бәз баяғыдай. Төрт түлiгi төңкерiлiп, жөңкiлiп жатыр, ырысты ел, тынысты жер. Тек иттiң аты – ит қой, боздап күңiрене қайтқан боз iнгенге ауыл иттерi жабыла үрiп қарсы алды. Боз iнген келе сала үйдi айнала бердi. Боздай, күрсiне күңiренедi, үздiксiз ыңырсиды, көзiнен жас бұршақтайды. Зарлайды, зарығады, күйзеледi, ботасын күтедi. Жаратқан тәңiрден жебеу тiлегендей төңiрегiне үздiксiз жалтақтайды. Киiзi қоңырқай тартқан еңсесi биiк алты қанат киiз үйдiң iшiнен күмбiрлей безек қаққан домбыра үнi ботаның боздағанына ұқсайды. Жаралы жүректiң қайғы-дертiн қайталап тұрғандай. Өзара таласқан екi қасқырдың қанды аузынан әрең құтылған жаралы ботасының безiп келе жатқаны елес бердi. Боз iнген ботасын кеше қасқыр жеген жаққа қадала қарап тұр. Ботасы келе жатыр…

Боталаған күнi бәйбiше ырымдап төбесiне таққан қара бас үкiсi бұлғақ қағады. Тiп-титтей иiр мойнағын алдына соза түсiп, жасқа толы екi көзi мөлдiреп, сыңси боздап, шойнаңдап басып, бүлк-бүлк желедi. Қоңырқай үйден шыққан қоңыр күй боздаған ботамен бiрге зар илегендей. Жұп-жұмсақ титiмдей табанымен басқанда қара жердiң қабырғасы қайысып, шым-шытырық алуан түрлi дыбыс арасынан жусан иiсi аңқыған сайын даланың жусаны түгел майысып, жапырылып, шытырлап, күйреп, сынып жатқандай естiледi. Қара дала бұлбұлы, бозторғай шырылы, жапырыла ұшқан шегiртке шырылы, ботаның алды-артын орай ұшып, көбелек қаққан қарлығаш қанатының сусылы құлақ тұңдырады. Өз ботасының сағыныш меңдеткен, ыңырси боздаған әлсiз үнi боз iнгеннiң көкiрегiн қарс айырады. Қоңырқай үйден шыққан қоңыр домбыраның қоңыр үндi күйi күмбiрлеп, бiрде тау iргесiн көбелеп, бiрдi сағалап, бiрде шарықтап, алуан түрлi ырғаққа басып, бебеулеп, безектеп жаралы ботаны қақпалап, сүйемелдеп келе жатыр… Мiне, тiптi жақындап қалды…

Боз iнген боздап жiбередi…

ЕAutoShape 2кi көзiне жас толған боз iнгеннiң басы айналып, көзi қарауытып, емшегiн сорып жатқан ботасының құйрық түбiнен иiскеп тұрғандай сезiледi. Жан дүниесi езiлiп, балқып, алпыс екi тамыры иiгендей сүтi сорғалай бередi. Көзден аққан қанды жас пен сорғалап аққан сүттi қара жер, қара топырақ сiмiре тартып жұтып жатыр…

«Ой-бу-ай! Мына сорлының сүтi далаға ақты-ау!», — бәйбiшесiнiң дауысын естiгенде домбыра бетiн алақанымен баса қойған күйшi «Бұл күйдiң аты – «Нар иген» дейдi. Күнге күйiп тотығып, қоңырқай тартқан бетiнiң терiн жаулығымен сүрте берiп, шанаққа қарады да «шарықта «Нар иген», шарықта!» деп айғайлап жiбердi. Қай заман, қай дәуiр екенi белгiсiз.

Қасиеттi қазақ шаңырағынан тiк шығып самғаған «Нар иген» бүкiл қазақ әлемiн шарлады. Бармаған жерi, аспаған тауы, баспаған тасы қалған жоқ. Талайдың шаңырағынан тiк түсiп, талайдың тойы мен қуанышына, қайғысы мен қасiретiне судай сiңiп, тастай батты. Адам баласының алпыс екi тамырын иiткен «Нар иген» қазақтың алпыс екi қоңыр күйiнiң бiрi.

Қорытындылау: Сұрақтар қою,күйді қайталап тыңдау

Бағалау : Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Күйді тыңдап келу,оқу




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров364
Номер материала ДВ-097810
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх