Инфоурок Другое Научные работыНарманбет шығармалары тақырып өзектілігімен, көркемділігімен үздік шығармалар қатарына қосылады

Нарманбет шығармалары тақырып өзектілігімен, көркемділігімен үздік шығармалар қатарына қосылады

Скачать материал

НАРМАНБЕТ  ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ  ЗЕРТТЕЛУІ

Жабыменен жарысып,

Наданменен алысып,

Қиналып  өтті –ау есіл жас!

Енді өзіңе  ие бол,

Адасқанға жүйе бол,

Сөзіңе зорлық қыла алмас.

                 Н.Орманбетұлы

 

         ХХ ғасыр басындағы  қазақ әдебиетінің  ақтаңдақ беттерін халқымыздың  рухани  игілігіне айналдыру ісі  бүгінгі әдебиеттану  ғылымында жақсы жолға қойылып отыр. Шындығында,  сол кезеңнің  әдеби  мұраларын  ұлттық көзқараспен қайта екшеп, жұрыс  сараптау бүгінгі  ұрпақтың  абройлы міндеті болып отырғаны  ешкімге  жасырын емес.  Әдебиет тарихындағы  рухани  ордалы  олжамыздың олқы тұсын орнықтыру, теперіш  көріп теріскей, тасада  қалып  келген  жақтарын толықтыру  ұлы міндет болып отыр. Бұндай істердің  барлығыда ұлт  әдебиетін ұлықтау  ауданында  жасалған  ізгі қадамдар болып табылады. Сондай  берекелі  істің   нәтижесінде Абай дәуірінің ақтаңдағы болып табылған Шәкәрім, Ахмет, Жүсіпбек, Мағжан, Міржақып  сынды  алаш  арыстары әдеби  ортамызды  толтрып отыр. Олардың  есімі мен істерінің әдбиетімзге қайта оралып, тұғырын табуы егеменді ел әдебиеті  үшін зор  мәртебе.

Десек те,  төл әдебиетіміздің зерттелу  тарихында сан түрлі  пікірлер  қатығысына  түсіп, шығармашылық  қырлары  толықтай  ашылып болмаған өнер майталмандары, тұғырлы  тұлғаларымыз баршылық. Оның ішінде қаза қоғамының  саяси да  рухани да толқымалы тұсында  тағдыр кешкен, алмас тілді,  асыл  жырлы ардақты  да  асқаралы  ақынымыз Нарманбет Орманбетов деп  айтсақ  асқақ сөйлегеніміз емес.

Алмас тілді, орақ ауыз  ақынның  әдеби мұрасы  жөнінде  тұңғыш ғылыми пікір  білдірген  ғалым М.О.Әуезов еді.  Біртуар  ғалымның 1923-24 жылдары  жазған “Қазақ  әдебиетінің қазіргі  дәуірі” атты  еңбегі қазақ  әдебиеттану  ғылым  үшін  жаңа  бір  қадам, жасампаз  төңкеріс болды. Танымал  зерттеуші А.Бабашов М.Әуезовтің нарманбеттану ісіндегі зерттеушілік қайраткерлігін орынды  танытып, оның  ақын  шығармашылығын  зерттеудің басты назар аударарлық  себептерін  айта келіп, біріншіден, Нарманбет Абайдың  ақын шәкірттерінің бірі  болса, екіншіден, қазақ  әдебиетіндгі “зар заман” ағымының   соңғы буынында жататынын орынды да дұрыс атап береді. [1:] (Бабашов А. Нарманбет ақын және “зар  заман” ағымы. Қаз МУ хабаршысы. Филология  сериясы. №41.)

Н.Орманбетов  поэзиясндағы  ең алдымен  көзге  түсетін  айрықша белгісі ақынның заман мәселелерін  бейнелеп көрсетудегі реалистік қасиетінде  болса керек. Ақын  үш тарихи да  шынайы  өмір оқиғасының бел ортасында болып, сол  кезеңдегі  тарихи оқиғалар  легіне  шынындада  тікелей куәгер болған ақын екендігін тарих беттерінен білеміз. Сондықтанда ақын  өлеңдерінде  1905,1916, 1917 жылдардағы тұтастай бір ұлт  басына төнген нәубетті  жағдайларды шынайылықпен, жұртын сүйген  жүрекпен, өз дәуірінің қатігез де сұрқия да сайқалдығына  азаматтық үнмен  қарсы  тұрады.

М.О.Әуезов  өзінің әйгілі “Әдебиет тарихы” атты еңбегінде: “Біз жоғарыда  зар заман сарыны Абылай тұсындағы екі алуан  ақыннан басталады дедік. Біреуі –ақылшы  би, қари, екіншісі –толғаушы жырау. Енді осы жіктің адамдары  кім? Соларға келейік.

Әзірше бұл  жіктің  алғашқысында қосатынымыз: Асан қайғы, екіншісі – Бұқар  жырау” [2:198] (Әуезов М. Зар заман ақындары. Әдебиет  тарихы. Алматы. 1991.)

Зерттеуші ғалым  зар заманның  ақындарын  Асан қайғыдан  бастап Нарманбетпен аяқтаған. Жыр  жауқары  саналған  жыраулардың  соңғы тұяғы  ретінде  Нарманбетті қастерлеген.

М.Әуезовтің  бұл  еңбегінен соң жарық көрген  Халел Досмұқамедовтің “Год работы казахского высшего  педагогического института” атты жинаққа енген “Қазақ  халық әдебиеті. Қысқаша очерк” деген  ғылыми  зерттеуінде өзі  жіктеген  поэзия  түрлерінің  бірін “зар заман” деп атап көрсетеді. Ғалым осы аталмыш еңбегінде зар  заман ақындары  қатарында  Нарманбеттің  есімі мен ісін атап  келтіреді. [3: ] (Досмұхамедов Х.. Аламан. Алматы. Ана тілі. 1991.)

Академик  Серік Қирабаев Мұхтар Әуезов  атаған  ақындардың  қайсысының   поэзиясында  тән  екендігі  жөнінде  өзіндік  ұйғарымын ұсына  келіп, оның  ішінде отар  елдің ішкі дүниетанымды  күйін  сүмірейте  суреттеп, одан шығар  жол таппай, тығырықа  тірелген зар заман  ақындарының  бірі  ретінде Нарманбет Орманбетұлының   алар орнын   айырықша атап өтеді.[4:]  (Қирабаев С. Зар заман шындығы. \\Қазақ әдебиеті \\1997. 23-қыркүйек)

Нарманбет қынның  “Замана”,  “Кер заман”, “Шал  қайғысы”, “Сарыарқа, сайран жерім –ай” т.б. өлеңдерінде зар –заман сарындары айқын байқалады. Абайдың  өлең үлгісінен  үйренген Нарманбетті  М.Әуезов: “Зар заманның” артқы ақыны ХІХ  ғасыр мен ХХ ғасырдың  І жартысында өмір  сүріп, сол кезде өлең айтқан Нарманбет. Заман  зарының  е  ақырғы күйін  шертіп, тоқтаған осы  ақын. Осының заманымен осыдан  кейінгі зар, күй қазақ  әдбиетінде бітеді” [2.120] (Әуезов М. Зар заман ақындары. Әдебиет  тарихы. Алматы. 1991.

Зар заман ақындарының атамекен  ұғымындағы  Сарыарқаны  жырлап, өткен күнді жоқтау  үрдісін  Нарманбетте  жалғастырады. Ақын “Сарыарқа, сайран жерім –ай”  деген  өлеңінде жерінен  айырылған  халықтың зердесіне   қозғау салып,  ел болуға,  тәуелсіз  ұлт  болуға  батыл  үндейді.

Қалмады, ей, Сарыарқа сенде қызық,

Сандал тау сары  өлкені алды  мұжық.

Қолынан келерде жоқ,  өнерде жоқ,

Баласы  байғұс қазақ қалды мыжып.

Таппадық   Сарыарқан  неше жүз жыл,

Батыр  жоқ,  баласы жоқ, сондада тұл,

Ерініп, еңбек  қылмай, егін салмай,

Халыққа  қала салған  боламыз  құл.[5.91]

(Туғанбаев А. Нарманбет. Қарағанды. Болашақ. 1998)

         Нарманбет зар заманның  хал –ахуалын осылайша жаңа  үнмен,  өзгеше  өрнекпен, ешкімге ұқсамайтын  үлгімен жырлады. Оның  өлеңдерінде  зар заман тұстың  мұңлы қоңыр үні  анық байқалып, оқырманын  қалың  ойға бөлейтіні анық.  Ақын поэзиясының өз  қатарының алды  болып танылған  жыр жүйріктерінен артықшылығын М.Әуезов былай  деп танытады. “Нарманбет осы  дәуірдің ішінде  туған  ақын болған соң  зар заманның  барлық бағыт,  мақсатын  ұғып отырса да, солай айтқан  күйді қайта шертудің  мезгілі  өтіп  кеткенін  сезген. Бірақ,  ақын жүрегі бұл  күнге  солардай ырза емес, соларша  құсаланып, қайғырып  шерленеді. Қилы заман көңлінің күйі солармен  туыстастырады. Бірақ олардың  үлгісі  өтіп кеткенін  күндегі  өмір мен күндегі тіршілік мақсаттары  көп дәллмен иландырып, ұқтырып отыр. Сондықтанда  зар заман  дәуірінде “Сарыарқа”  деген өлеңімен  қош –қош айтады.” [2:320,321]

         Зар заман  ағымы  уақыт сахнасынан  ығысып,  поэзияның өзгеше  сипатқа  ауысуы да Нарманбет шығармаларында  көзге ұшырайды. 1916 жылғы  тарихи оқиғаны, ұлт азаттық көтерілісті   қайғылы  сарынмен жырлап, дәрменсіздік  танытқан  ақын тарихи  өзгерістен  соң  оң көзқарас қалыптастырып, елді батыл да асқақ рухқа,  ер қимылына шақырады. Мәселен, оның “Ұран”, “Азаматтар қайдасың?”, “Қариялар  қайдасың?”, “Ақындарым қайдасың?” тағы да  басқа  жігерлі де  отты өлеңдері  ақынның  зар заман ағымы  ықпалынан  анық  басын бөлетеп шыққанын танытады. Нарманбет  осы ағымды   әрі дамыта  жалғастырған, әрі соңғы  нүктесін қоя  түйіндеген ақындарымыздың  бірі.

         Ақын мұрасын зерделей отырып,  оның ХХ ғасыр басындағы қазақтың  ұлттық азаттық сүйген аламан әдебиетінің көрнекті тұлғасы,  жалынды жыршысы  екендігін атап өту  лайық  іс болмақ. Ұлы ойшыл  Абайдың  ақындық  мектебінен  тәлім  алып, оның  ақындық  дәстүрін дамыта  жалғастырған Н.Орманбетұлы  шығармашылығы сан алуан, қыры мол   өнер  игілігі.

         Ұлт тұрмысының  өзекті  мәселелерін  өз жырына  тақырып етіп, Ресей  патшалығының  отаршылдық   саясатын анық әшере  етіп туған халқын  оқуға,  өнер – білімге  шақырған Нарманбет лирикасы  өзінің  мәңлік  биік  рухымен  асқақ. Қай ақынды алсақ та, оның  өзге ақындардан  айырмашылығы  шығармашылық мұрасына  алтын  өзек  болған  өмір шындығын,  заман болмысын, уақыт келбетін  айтатындығы белгілі. Қоғамның, өмірдің,  дәуірдің болып  жатқан оқиғаларының  бел ортасында жүрген ақын ғана   шыншыл да өміршең  өлең  тудыра  алмақ.

Нарманбет Орманбетұлының шығармаларының баспа бетінде жариялануы мен зерттелуі жайлы  сөз өтер болсақ, ең алдымен аузымызға әдебиетші ғалым Есмағамбет Самүратұлы Ысмаиловты аламыз. Ол кісінің “37-ойраны”  онша –мұнша алыстай қоймаған уақыттың өзінде 1939 жылы Орманбетұлының өлеңдер жинағын баспаға бастырып, алғы сөз ретінде  үлкен мақала жазды. Ақынның сол мезгілге  дейінгі шығармалары жайлы осы мақаласында Самұратұлы Есмағанбет “Нарманбеттің өлеңдері бұл күнге шейін ешқайда  тұтас кітап болып басылмаған емес, кейбір тақпақ сөздері мен мақалалары газеттерде басылған.

Нарманбеттің өлеңдерінен Ғылым Академиясының филиалына жиналып түскені 4000 жолдай. Бұл жинаққа әзірше Нарманбеттің ең таңдамалы  өлеңдері кірді. Ақынның шығармалары толық жиналғасын академиялық толық жинағы шықпақшы” – деп  басқандай мол мағлұматтың жоқ екенін айтады. Е. Ысмаиловтың осы мақаласы түпнұсқасымен және Нарманбеттің қырық шақты өлеңі “ Абай” журналының 1996 жылғы №1 санында әдебиетші ғалым Көбей Сейдағанұлының академиялық архивтен алып даярлағаны бойынша жарық көрді. Айтар ойымыз анығырақ болу үшін Самұратұлы Есмағанбеттің еңбегі жөніндегі Көбей Сейдаханұлының пікірін бірге беріп отырмыз.

         “Е.С. Ысмаилов /1911-1966/ СССР Ғылым Академиясы қазақ филиалының әдебиет және халық творчествосы секторын басқарып отырғанда “Нарманбеттің өлеңдері” жинағын / ҚҚӘБ, Алматы 1939/ озі құрастырып осы мақаланы алғы сөз ретінде жариялаған.  Бұл қазақ зиялыларының қаймағы Сталиндік репрессияға ұшырап жазықсыз жазаланған қаралы кезеңі еді. Осыған қарамастан өз ұлтының мұддесін жырлаған ақынның кітабын шығару батылдық екені анық. Жас ғалым әділетсіз қатал саясаттың әуеніне ыңғайлы, ыңғайлап біраз сын айтқанымен Нарманбет творчествосына жоғары баға берген. “Сарыарқа” толғауынан үзінді келтіріп идеялық сарының құптаса да, ол жинаққа еңбек қалған. Сірә, кітап басылар алдында цензураның “суық қолына” ілінсе керек…

         Алғы сөзде Нарманбет шығармаларының толық жинағын шығару ұйғарылғаны айтылған. Алайда, ондай жинақ шығару тұрмақ, осы шағын кітаптің өзі тәркіленіп, Нарманбет есімін атауға тиым салынғаны мәлім. Сондықтан, Е. С. Ысмайылов кейін бұл мақаласын өзінің ешбір кітабына енгізбеген. Нарманбеттің академиялық толық жинағын біздің институт баспаға әзірлеуде.”

         Қ. Шаяхметовтың 1990 жылғы “Семей таңы” газетіне басылған “Тарихи әділет” мақаласынан үзінді:

         “40 жылдардың орта тұсынан бері ол туралы теріс пайымдаулардың асқынып, үкім – кесім тәрізді сипат алғандығын әсіре солақайлықпен сұлатып салу дәрежесіне жеткендігін түгелдей тізбелемей-ақ ғылыми және ресми ең жоғары бедел болуға тиіс, екі басылымынан анық та, толық та ұғынамыз.

         Қазақ ССР тарихында Көкбай Жанатаев екеуін Абайдың ізбасарлар санатына қосуға болмайтындығы айрықша аталған. /”Қазақ ССР тарихы” бес томды үшінші томы “Ғылым” баспасы, Алматы 1982 жыл 509 бет./

         Ал қазақ әдебиетінің тарихында “Россия мен қазақ елінің достық қарым – қатынасын түсінгісі келмеген”, “Зар заман”, “Кер заман”, “Сұр заман” деп “зарлап өткен” кертартпа ақын ретінде ерекше сыналған, / “Қазақ әдебиетінің тарихы” екінші том, екінші кітап. “Ғылым” баспасы, Алматы 1965 жыл, 25-26 беттер/ екі материалдың да авторы – Қазақ ССР академиясының корреспондент мүшесі Ысқақ  Тәкімұлы Дүйсенбаев.

         Мұндай жел сөзден жапсырылған жала тұжырымының үстемдігі ақынның адал бейнесін бәрі бір тұмшалай алмаған еді.

                            Жабыменен жарысып,

                            Наданменен алысып,

                            Қиналып өтті – ау есіл жас!

                            Енді өзіңе ие бол,

                            Адасқанға жүйе бол,

                            Сөзіңе зорлық қыла алмас.- өткінші болса да өкінішті.

         Ақын сөздеріне үстірт қарау, сыңаржақ бұрмалау, “сөзіне зорлық қылу” едәуір мезгілге созылды. Оның түп себебі – Нарманбет өлеңдерінде “Мен істеген іс түгелімен “алашордалық” деп өсиет етіпті – міс. Яғни, айғақсыз, дәйексіз әлдебір коньюктуралық өспеқорлықпен таратылған бос әңгіме.

         Мұхтар Әуезов оны Абайдың замандасы, бағыттас серігі, Абай поэзиясының насихатшысы ретінде сипаттаған. Е. Ысмаилов 1939 жылы Нарманбет шығармасының жинағына алғы сөз жазып, оң пікір білдірген. / Бүгінге дейінгі бірден – бір жалғыз жинақ/

         Профессор Б. Кенжебаев ғылымдағы әр алуан әбестік пен дүмбілездікке қарсы шығып, ХХ ғасырдың басындағы демократ ақындар легінде Нарманбет құрметті орын иеленетіндігін байсалдылық пен таймас табандылықпен дәлелдеп өтті.

         Атақты жазушы М. Мағауин 1978 жылы бүкіл одақтық “Ақын кітапханасы” сериясы арқылы “Қазақстан ақындары” антологиясын шығарып, оған Шәкәрім, Ғұмар Қарашов, М. Ж. Көпеев, Нарманбет Орманбетов шығармаларын енгізіп, Сусловтық идеологияның тас қамалын тойтара бұзғаны мәлім. Ақыры міне, қайта құру ахуалы “Ақтаңдақтар” ақиқатын ашуға мүмкіндік беріп, Нарманбет ақын да құрметті орынға жайғасты. Бүгінгі ұрпақпен қауышып, анық сырын жырмен шертер күн келді”. Қарағанды қаласындағы  болашақ баспасынан жарияланған “Нарманбет Орманбетұлының шығармалар” жинағы нарманбеттау ісіндегі  атқрылған  қомақты де  кесек  жұмыс болғаны  баршаға  анық. Осы  жинақты құрастырып, оған  алғы  сөз бен  түсініктемесін жазған  А.Н.Туғабаев  халқымыздың  рухани  мұрасын  әдеби  қорымызға  қайта қосуда елеулі  үлес  қосты. 

Құрастырушы  осы бір   еңбегі  туралы “Ұлы ақын  жайлы  алдағы кезеңдрде әлі  талай  толғамды да толымды пікірлер  айтылып,  көлемді  еңбектер туа  жатар.  Біздің жоғарыда келтірген алғы сөзіміз оның ақындық жолымен туындыларындағы көтерілген  мәселелерді қысқаша шола отырып,  таныстрып өтуге  ғана құрылды. Бұл шолуда нарманбеттің  ақын ретіндегі   қазақ  өлеңіне  енгізген  жаңалықтары, түр табудағы  ізденістері, ойшыл  философиялық болжамдары мен  өмірлік тұжырымдары, айтыстары мен  жұмбақтары,  мақалға айналған маржан  сөздері мен  жеке  биліктері талданып  айтылмайды. Олар  бір шолудың  аясына  сыя қойматын  көлемді де  салмақты  дүниелер.”, - дейді [8.53].

         Бұл мақала қайта құрылу кезеңінен кейінгі Нарманбет ақын жайлы баспа бетінен жарық көрген бірден – бір деңгейлі дерек болды.Осы уақыттардан бастап Орманбетұлының шығармалары да аз да болса ара- кідік арасына жылдар салып, жарияланып тұрды.

         1990 жылғы “Жұлдыз” журналының №2 санында Гүлжан Тұрсынованың Қазақ ССР Ғылым Академиясы қорындағы нұсқалар негізінде баспаға әзірлеумен Нарманбет ақынның “Сахараға қарасақ” деген тақырыппен 23 өлеңі оқырмандардың ортасына келді. Осыдан кейін араға үш- төрт жыл салып, 1994 жылы Алматы “Білім” баспасынан филология ғылымының кандидаты Құлбек Ергөбектің құрастыруымен баспадан шыққан “ХХ ғасырдың басындағы әдебиет” атты жинақ кітапқа алты өлеңі енген. 2006 жылы Бөрлідегі Мұхтар Әуезов мұражайының директоры Бекен Исабеков ақсақалдың  ақынның біздер әлі жолықтыра қоймаған өлеңдеріне мынандай үзінділері:

Үндінің жуып алдым бұлағына,

Сондықтан кір жұққан жоқ шырағыма.

Бармақ басқа болғанымен білек бірге,

Кірмейді дұшпан сөзі құлағыма

 

Әбен деген байға.    

Сәлем де Әбенге,

Бір ат берсін сұлу жас.

Белді, аяншыл марал бас.

Шабысты болмаса да дабысты,

Желісті болмаса да келісті,

Салып қалса қамшымен,

Сүрінбей бассын еністі.

 

Хан тірегі Қаракем,

Дін тірегі Құнекем.

Осыларды айтпауым

Өз басыма мін екен.

         Нарманбеттің шығармашылық мұрасы туралы мол мағлұматтарды әйгілі абайтанушы әдебиетші ғалым Қайым Мұхаметхановтың “Нарманбет ақын” атты мақаласына жолықтырамыз. Осы мақаланың қызықты да құнды жерлерінің бірінен өз еңбегімізге үзінді пайдаландық. Осындай естелік әңгімені Қайым ағаның Нарманбетті жақсы білетін, оның замандасы әрі жерлесі ақын Төлеу Көбдіковтың /1874-1954/ жазып алған екен.

         “Тұрсынбек деген бай ағайыны, партия кезінде /елдің талас-тартысы. Қ.М.”/ Нарманбетке тілектес жолдас болып жүріп, бір күні:

-                                 Нареке, осы мен қандай кісімін? – депті. Сонда Нарманбет:

-                                 Сен бе, сен:

Тарбақ танау тағансыз,

Жолдас болдым амалсыз.

Желбір танау, жел көтен,

Жеңілдігің бір төтен,-

          Кісісің ғой сен,-  депті. Не дерін білмей, сасып қалған Тұрсынбек:

-                                 Ал сонда өзін қандай кісісін? – дегенде,

Нарманбет: - Мен,

         Құлжа мойын, марал бас,

         Адам алдап ала алмас,

         Бөкен қабақ, бүркіт қөз,

Өн бойымның бәрі сөз,

Кереге сақал, кер табан,

Керек қылсан, кел маған, –деген кісімін депті.

         Осы келтірілген мысалдың өзінен-ақ, Нарманбеттің ұшқыр, қиялды, алғыр ойлы, шебер суреткер ақын екенің тани аламыз. Осымен қатар Қайым атамыз Төлеу ақыннан “Ойнайды жоғарыда көкала үйрек” өлеңінің шығу тарихында жазып алған екен. Қайым ағаның мақаласында ақынның сан алуан астарын аша түсуге негіз беретін деректер молшылық. Сондай-ақ осы мақаладан ақынның еш жерде кездестірмеген “көкесер деген жігіт бар”, “Бірінші  хаттың” бірінші түрін, “Төрт –бесте талап қылдық асық жинап”, “Шешенің әкеге айтқаны”,  “Толықтау болса өзенің”, “Бұл дүниеде не ғаріп?” деген өлеңдері бар.

         Нарманбеттің жырлары өнер, өлең сүйгіш қауымды толғандыра отырып, ізгілікке, әлеуметтіке, патриоттыққа баулитын асыл қазына. Шығармашылығының ауқым – аясы, өрісі кең. Қандай тақырыпқа өлең жазса да, жай тақпақтау емес, шешен де өткір өрнектей алған. Келеңсіз, жұртқа жағымсыз жайттарды нысанасына тигізу ерекшеліктері жырларында басым кездесіп отырады. Өз заманының қайғысын арқалап, халық басындағы ауыр халге күйініп, зарланса да өз дәуіріндегі күрделі саяси оқиғалардан тысқары қалған емес. Ол ең алдымен халқының өткен тарихына, қазіргі жағдайына назарын кең аударған. Өз халқымен өзге халықтарды салыстыра отырып, артта қалған мешеу ауыл үшін күйетіндігін ашып, әйгілеп айтып отырады. Ақынды толғандырар басты мәселе – жеке бастың, белгілі таптың мүддесі емес, халық тағдыры, елдің қайғысы мен мұңы. Жеке адамды, жеке ойды бөліп алмайды, тұтас қарайды, шолып жалпылай сөйлейді. Тіпті өз дәуіріне ғана емес, келешекте ел басына түсетін қанды ноқта, темір кісенді көрегендікпен болжай білген. Бұл ретте Асанқайғы, Бұқар, Шортанбай, Дулат, Мұрат поэзиясындағы қазақ елінің еркіндігінен айырылу кесапатынан қан жылаған, шермен зарлана айтылған өксікті толғаулармен сабақтас сарын айқын өсіп тұр.

Белгілі жазушы, ғалым Зейнолла Қабдолов ағамыздың “Сөз өнері” монографиясында әдебиет туралы тұжырымдарының бірінде: “Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы, шығарма арқауы-шындық” деген жолдарды жалғастыра келіп шындық жайлы шырайлы ойын Белинскийдің “Қазіргі шындыққа тамыр тартпаған кез келген поэзия, - еріккеннің ермегі… қуыршақ ойнау… қуыс кеуде кісілердің ісі…” деген пікірімен шындай түседі. Осындай әдебиет, поэзия талаптары Нарманбет туындыларының – темірқазығы, өлеңді ермек үшін жазбағанын жазбай-ақ танимыз.

Ақын шығармашылығында ХІХ ғасырдың соңымен ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласының саяси-экономикалық және әлеуметтік шындық бейнесін айқын көрінеді. Туындыларының негізгі үні – халықтың қоғамдық өмірін айтып, жырлап беру. Ол өз дәуірінің шындығын, прогрессивті ағымын, халық өмірінің екі түрлі сипаты бар дәуірдің, халық өмірінің екі түрлі сипаты бар дәуірдің айнысы, ұлы шындығын елестетуші қоғам қайраткері, сыншыл ақын

Біздің  төл әдебиетімізге  ең  керегегі -  ақтаңдақ болып танылған  әдебиет беттерін  әлі де  зерттеп рухани  игілігімізге айналдыру. Нарманбеттану ғылымының  зерттелу, ғылыми  айналымға ену  жолы бүгінде  бірталай белден асып, сараланып  жүйеленген  қалыпқа  еніп келе  жатыр.  Болашақта,  Нарманбет шығармаларының жинақталу,  зерттелу мәселелері тұлғатану  ісінің ең бір  сүбелі  саласы, я тармағы болып  енуі  сөзсіз.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Нарманбет Орманбетұлы. Шығармалары. Қарағанды: Болашақ.1998

2.     “Абай” энциклопедия Алматы 1995 ж.

3.     Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы. 1986.

4.     Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы “Мектеп” 1973 ж.

5.     Алдажаров Н. Тобықты тарихы. “Жұлдыз” журналы. 1996 – 8.

6.     Ақылдың кені. Алматы “Қазақстан” 1991 ж.

7.     Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар Алматы “Ғылым” 1986 ж.

8.     Әуезов М: Абай ақындығының айналасы. “Әдебиет майданы” 1934 №11, 12.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Нарманбет шығармалары тақырып өзектілігімен, көркемділігімен үздік шығармалар қатарына қосылады"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ақын шығармашылығында ХІХ ғасырдың соңымен ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласының саяси-экономикалық және әлеуметтік шындық бейнесін айқын көрінеді. Туындыларының негізгі үні – халықтың қоғамдық өмірін айтып, жырлап беру. Ол өз дәуірінің шындығын, прогрессивті ағымын, халық өмірінің екі түрлі сипаты бар дәуірдің, халық өмірінің екі түрлі сипаты бар дәуірдің айнысы, ұлы шындығын елестетуші қоғам қайраткері, сыншыл ақын

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 833 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.04.2018 2440
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адуова Бижан Тулешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адуова Бижан Тулешовна
    Адуова Бижан Тулешовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8333
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе