Инфоурок Классному руководителю СтатьиНашақорлық – тұңғиық түбі

Нашақорлық – тұңғиық түбі

Скачать материал

Тақырыбы: Нашақорлық – тұңғиық түбі

 

             Тербеле жайқалған көгі бар, мөлдір шалқар көлі бар, айнала қоршаған асу-асу таулары, еркін тыныстар ауасы бар кең жазира дархан даламда өмір сүрген тіршілік атаулының тілегі-бейбіт өмір, еркіндік және денсаулық.

Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?!

Байлық әрқашан денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол денсаулығымызға кейбір залалды нәрселер әсерін тигізуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі, наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері.

Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.

Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады. Ал есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен құтылып шығудың екіталай екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама айтып, теледидар, газет-журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. Нашақорлардың өмірі көбінесе қайғы-қасіретпен аяқталатынын естіп, көріп те жүрміз.

Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге жасырын емес.

Әркімнің ата-анасы - әулиесі емес пе? Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса»,- делінген онда. Өкінішке орай есірткінің құрығына іліккен жастардың ата-анасының қасіретін сөзбен жеткізу қиын.

Тәуелсіздік алып, шет мемлекеттермен байланысымыз нығайып келеді. Абай атамыздың «Үйрен де жирен» сөзін тура түсінетін адамдар қолдарынан келгенше батыстан, одан қалса Шығыстан үйренуде. Қазақстандағы нашақорлардың саны тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда 5-6 есе өскенін немен түсіндіруге болады?

«Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, апиынға үйрет!» деген  сөзді ата-бабаларымыз айтқанын үлкендерден естіген едім. Неге бұлай ащырақ айтқанын өзімше түсінгенім: әкесін өлтірген адамды ешкімде алмасы анық. Оның құны да өлшеусіз. Сондықтан әкесін өлтірген адfмның баласын апиынға үйретіп, аздырып-тоздырып, тұқымын жойып жібермекші. Бұл ата-бабаларымыздың ескерту үшін айтқан сөзі сияқты. Қазақстанда нашақорлық тарату ісінің кеңірек етек алуына жағдай жасайтын немесе сол іске тікелей қатынасы барлардың балалары бар ма екен деп ойлаймын. Бар болса сақтандыру ретінде айтқан бабаларымыздың «ащы дауысын» естісе деймін. Баласының болашағы – елінің болашағы емес пе?! Сондықтан мұндай жолдан аулақ болу керек. Өзің ғана емес, өзіңнің жолдас-жораларыңды да аулақтату парызымыз екенін ұмытпағанымыз абзал.

Жас, бойында күш-қуаты мол адам ғана пайда келтіреді. Ауру, нашақор, маскүнем жандар ешкімге де керек емесі аян. Сондықтан да аз ғұмырды өзіңе де, өзгеге де пайдаң тиетіндей етіп өткізу керек.

Нашақор, маскүнем жандар – отбасы мен сол қоғамда өмір кешіп отырған есті адамдар қателігі деп білемін. Көптеген отбасы ата-аналары осындай жаман қылықтарға салынып, өз өмірін жалғастырушы ұрпағына көңіл бөлмей, оларды аздырып отыр. Қоғам оларды ерте анықтап, оның ұрпағының азбауына жол бермеуі керек болса да, ол міндетті әлі де болса дұрыс атқара алмай отыр деп ойлаймын.

Адам барлық жағынан толық қамтылған болса, қорғалған болса бұл сияқты жандар болмас еді. Әр азамат пен азаматшаның денінің сау болуы өзіне де байланысты.

Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық.. Жаман әдеттерден аулақ болудың  жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар  жас ұрпақтың дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.

Нашақорлық, қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күресек, алынбас қамал жоқ.

Ашық аспанымызға қара бұлт төңірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.

Біз салауатты өмір салтын қалаймыз.

Ол үшін жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, спортпен айналысып, зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек.

Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу - біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз... Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын барлықтарыңызды!

Салауатты өмір салты – біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, әрине, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қазынамыз. Осы, қазынамызды тұңғиық түбіне батырмайтық, нашақорлық-тұңғиық түбі.   

  «Өмір» атты  кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз-шетсіз ғарыш кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік достар!

Айгерім:

Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін

Ей адамдар,аулақ болғын жаманнан,

Ұрынсаң егер құр қаларсың бұл жалғаннан,

Жамандыққа бет бұрмай, таза жүрсең,

Жақсылар да табылады тек жаныңнан.

Бұл әлемде лас істің көп қой түрі,

Барлығы да адамды күйдірір тірі.

Соның бірі нашақорлық жанды жеген,

Жақсы мейлі жаманды да қылған жынды.

Нашақорлық бұзады сау адамның тірлігін,

Қаларсың жалғыз әлемде,қызығын көрмей өмірдің,

Өзің көрген азапты өзгелерге көрсетпе,

Ата-анаңды ойлағын,олардың бұзба өмірін.

Арын сатқан аңқауларға ермегін,

Бетке ұста еліңнің ұлы ерлерін.

Құндыз:

Солардай сен бола алсаң айбынды

Ата-анаң мен мақтанышы еліңнің.

Бірақ рет қана тәуекелдің зардабы,

Өміріңнің мәңгі өшпес сортаңы.

Одан кейін еш ойлантпас,қиналтып,

Сол нәрсенің бойыңды арбап алғаны.

Ол әкетер сені де үйір қылып,

Құтылып көрші сен одан болсаң жүйрік.

Жан-дүниең өртеніп кететіндей,

Бір сәт оны қабылдамай тартсаң күйік.

            Мейрамбек:

Түсінбеймін,осыларды біле тұра,

Адамдар неге үйір бұл құрғырға.

Бұларсыз-ақ өмір сүріп болмас па еді,

Өміріңді бүлдірмегін,жүргін таза!

Адамның ең қымбаты-бұл өмірі,

Ал денсаулық өміріңнің бір бөлігі.

Сол нәрсені жоғалтсаң өміріңнің,

Құрығаны ақырғы түп тамыры.

Наша деген адамның осал тұсы,

Нашақордың белгілі ғой сау шықпасы.

            Ердәулет:

Әлін білмей, мұндай жолға түскен жанның,

Әлдеқашан бастан ұшқан бақыт құсы.

Осы жерде айтып берсем бір мысалды,

Бір жанұя басында болған жайды.

Бәлкім мұны оқыған ерен жастар,

Ақыл санап,үйренер біраз үлгі.

Болыпты бір жанұя баяғыда,

Бірлігі мен берекесі сай жараса.

Оларды көрген жанның есі кетіп,

Қалады екен бірлігіне таң-тамаша.

            Қамал:

Отбасының тірегі әкесі екен,

Ал анасы отбасына жылу берген.

Олардың жалғыз ғана ұлы болды,

Ата-ананың сүйеніші бола білген.

Осылайша бақытты күндер өтті,

Жылдар зулап дөңгелеп өте берді.

Әкесі жұмысынан оралады,

Айдың нұры бөлеген сәтті күні.

Әкесі кіріп келді шат көңілмен,

Ал баласы қарсы алды оны есіктен.

Жайғасып отырды да дастарханға,

Сөз бастады әкесі қуанышпен.

«Дайындай бер сүйіншіңді арнап маған,

Мен бүгін көтерілдім жұмысымнан»

Осы сөзді ести сала қуанышпен,

Дереу ұлы ұшып тұрды өз орнынан:

«Әке, маған алып берші көп ойыншық»

Деді әкеге қуанышты жүзі күліп.

Әйелі де қуаныштан жарылардай,

Күйеуіне мақтау айтты көңілденіп.

Келесі күннен бастап отбасында,

Туғандай болып еді күн жаңаша.

            Нарқыз:

Бастықсынған әкесінің сиқымына,

Әйелі мен баласы да таң-тамаша.

Күнді өткізіп,айлар,жылдар зымырайды,

Әкесі өзін ең бақытты жан санайды.

Бір күндері әкенің жұмысына

Ұйымдасқан топ өкілдері көз тастайды.

Белгілі ғой бастықтардың өз жайы,

Арқасы мықтының ғана бар бағы.

Жаңа бастықты орнынан түсірмек боп,

Әлгі топ пайдаланды жемқорлықты.

            Динара:

Бір күні әлгі адамдар келеді оған,

Болған істің барлығын да жоспарлаған.

«Егер сен өз орныңда қалғың келсе,

Бізбен бірге жұмыс істе»-деп қолқа салған.

 «Ал егер келіспесең бұл сөзіме,

Өкінетін боласың бұл ісіңе.

Ал менімен қызметтес болсаң егер,

Пайдасы мол тиетін бір өзіңе»

Бұл сөзге ол құлақ түріп тұра қалды,

Көзін төмен жіберіп,көп ойланды.

Ақырында бір шешімге келе алмай,

«Ойлануға уақыт бер»-деп сұрады.

Мұнан кейін ол бәрін ойға салды,

Алдын ойлап,артын да абайлады.

            Арайлым:

Кенет оны бір шайтан түрткендей боп,

Орнынан түрегеліп тұра қалды.

Ойындағы шешіммен ол әлгілерге,

Қас қаққанша шыдамай жетіп барды.

Барды да олардың қарсы алдында,

Өзінің келісетінін айтып салды.

Құдай –ау қандай шайтан қаққан бұны,

Байлыққа қызыққаны не қылғаны.

Бұл іспенен түбінде сорлы болып,

Өз түбіне жетерін ойланбады.

Сол бір күннен бастап ол көп өзгерді,

Болды үйіне әрдайым кеш келетін.

Ал әйелі сұраса міз қақпастан,

«Шаршадым»-деп өтірікті төңкеретін.

Байланысып адамдармен арам ойлы,

Ойланбады қандай жолға түскендігін.

            Әсел:

Бас қаңғырып,саралауды тіпті қойды

Құрдымға қалай өзінің кеткендігін.

Селтеңдеп байлық қуып жүргенінде,

Пайдаланды бір күні өзі сол нашаны.

Ұмытты ең баққыты күндерін де,

Байлық көксеп,қазған орға түсіп қалды.

Ал енді барлық билік құзғындарда,

Әлгі аңқауды ұқсатты кей құлдарға.

Сол нәрсесіз өзі де күн көре алмас,

Енді ұстап бере алмас ешбір жанға.

Құмарлықпен сол жолға кіріп кетті,

Одан аман шыға алмасы анық еді.

Бұл пәлеге қу басы ұшырасымен,

Отбасын да зор қайғыға душар етті.

            Пакиза:

Кеш батып,қас қарайып түнергенде,

Үйіне келеді екен әрбір күнде.

Тұнжырап қабақ түскен,бас салбырап,

Бара сап құлайды екен бір төсекке.

Уайымдаған сорлы әйелі күйеуіне,

Оны сүйеп апарады өз төсегіне.

Жайластырып жатқызып жатқанында,

Көзі түсті бір нәрсеге қалтасында.

Алып қарап еді әйелі оны ашып,

Кенеттен кетті оның түрі қашып.

Есінен танардай боп қалтырады,

Ақша менен инені тауып алып.

Сонда қайда бұлардың бірліктері,

Қайда кеткен бұрынғы тірліктері.

            Аида:

Байлықсыз-ақ бақытты өмір кешкен,

Осындай ма құрғырдың бай біткені.

Осыдан соң жатып қалды төсек тартып,

Ал күйеуі,ұқсамайды жүргенге күйік тартып.

Керісінше, сол салғырт,жынды кейпі,

Келмейтін де болды үйіне жүгін артып.

Мұндай іспен айналысқан надандардың,

Белгілі көп уақытқа ұзамасы.

Өз өмірін өзі құртқан бұл жындының,

Бір күні темір тордан шықты басы.

Мұны естіген әйелі күйік тартып,

Сол жатқан төсегінде жан тапсырды.

Ал олардан сорлаған жалғыз тұяқ,

Тентіреп екі ортада жетім қалды.

Көрдіңдерме адамдар бұл лас жолдың,

Адамның өміріне қастандығын.

Ондай жолмен мал тауып,байығанша,

Өз наныңды еңбекпен адал тапқын! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  Нашақорлық – тұңғиық түбі

 

Топ жетекшісі:  Д.Ержанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 – 2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Нашақорлық – тұңғиық түбі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 802 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2017 1349
    • DOCX 63 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ержанова Динара Жайлаубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ержанова Динара Жайлаубаевна
    Ержанова Динара Жайлаубаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 65744
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов