Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Нашақорлық - біздің тақырыбымыз емес

Нашақорлық - біздің тақырыбымыз емес

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)

Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Нашақорлық- біздің тақырыбымыз емес»

«Құрманғазы атындағы саз колледжі»

«Кітапхана ісі»бөлімінің оқытушысы

Г.Х. Суйншкалиева

Мақсаты: Жас ұрпақтың ЖҚТБ туралы білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы білім алуға жағдай туғызу. Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Бабаларымыз «Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал» деген екен. Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі ең басты мәселенің бірі болып келеді. Есiрткi жер бетiн әбден жайлап алды. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа қарсы күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткiмен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан нашақорлар саны күннен күнге өсiп келедi.

Статистикаға сәйкес есірткі әлем бойынша жыл сайын 250 мың адамның өліміне себеп болып отыр. Осы мәселенің экономикалық нәтижелерге теріс әсер етуімен қатар қоғамның психикалық саулығын шынайы қатерге тіреуде. Есірткіге тәуелді адамдардың санының көбеюі есірткі саудасымен айналысатындар үшін пайдалы. Заңсыз есірткі нарығының пайдасы тоқтамай, есірткі түрлерінің кеңейіп, нашақорлар санының көбеюімен бетпе-бет келеміз. Мамандардың пікірінше, әлемдік есірткі нарығы мафияның қолына шамамен 500-700 миллиард доллар пайда түсіреді. Бұл ақшаның көбі акциялар ретінде енгізіліп, содан сон есірткі нарындағы мафиялар пайдаланатын ақшаға айналады. Қоғамдық сарапшылардың пікірінше, бұл құбылыс халықаралық мафиялар саласындағы сауда мен пайдалы әрекеттер деп саналуымен қатар дамушы елдерге билік жүргізетін құрал болып табылады. Ауғанстан елінің жағдайы осы мәселені растайды.

Жылдарға созылған ішкі соғыс, бөгде күштердің орналасуы, экономикалық қиындықтар және Ауғанстандағы пайдақұмарлардың әрекеттері өкінішке орай, осы елді әлемдік есірткінің негізгі орталығына айналдырды. Деректер бойынша соңғы он жылда америкалық және бөгде күштердің Ауғанстанда есірткі өндіруі 40 есе өсті. БҰҰ-ның мәліметтері осы кезде Ауғанстандағы апиын шығарудың мөлшері әлемдік мөлшердің 90 пайызын құрайтынын көрсетеді. Ауғанстанда апиынмен бірге жыл сайын 700 тонна героин өндірледі. Сөйтіп, бұл ел әлемдегі ең үлкен гашиш шығарушыға айналды. Айта кететін жәйт, осы мәселе Ауғанстанда мыңдаған НАТО және басқа елдердің мыңдаған күштері орналасып, олардың міндеттерінің бірі – Ауғанстандағы есірткінің тамырын жою болып отырған жағдайда орын алуда.

Деректер аймақта есірткі және контрабанда мафияларының Ауғанстаннан әлемдік нарықққа дейін таралып, әрекеттенуін көрсетеді. Мамандардың көбісі, атап айтқанда ғылыми "Соғыс құдыреті және есірткі экономикасы" атты мақаланың авторы Дженит Курсованың пікірі бойынша Ауғанстан апиынының пайдасы 200 миллиард доллардан асады. Бұл мөлшер әлемдік банктің мәліметінше Ауғанстанға көрші елдердің, мәселен Иран мен Қытайдың жылдық пайдасынан да жоғары.

Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiрнеше рет көзге түсiп тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар екен. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталған. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлсе де, нашақорлардың саны азаяр емес.

Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Дүниежүзі елдерін жайлап, күн сайын тамырын тереңге жайып, асқынып бара жатқан нашақорлықтың мұншалықты етек алуы неден деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Менің ойымша, оның басты себебі- еліктеушілік, отбасындағы тәрбиенің тізгіннен кетуі, немесе жан күйзелісі, жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық болуы да мүмкін. Кейінгі есірткілік заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Осы мінезден болашағына емес, бір күндік рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп «шоқ басқанын» өзі де білмей қалады.

Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай   топтар үй жақта, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы «тексерістер» болып өтеді. Топтық психология, еліктеушілік, ермелік топ ішінде біреуі есірткі немесе шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен алкогольге әуестенуге соқтырады. Бұзақылар арасына түсудің де себептері көп. Бұл отбасындағы кикілжің де, ата-аналардың, мұғалімдердің бала бос уақытын калай өткізетініне назар аудармауы да, тіпті баланың қолында артық ақшаның жүруі де болуы мүмкін. Кеш болысымен жиналатын жасөспірімдер музыка тыңдап, бейне таспаларын көріп немесе көше кезіп уақыт өткізеді. Ал бұл болса адамның ішін пыстырады. Қазір спорт, музыка, өнер мектептерінде оқу қымбат, барлық ата-ананың қаржысы жете бермейді. Сөйтіп күндердің күнінде топқа бұрын есірткінің дәмін татқан «білгіш» қосылады. Бір ерекшелігі нашақорлар басқаларды есірткіге әуестендіру әрекетін әдейі жасайды. Өйткені нашақор еңбек етуге дәрмені жоқ адам, ол есірткі сатып алуға қажетті ақша іздейді де жүреді. Нашақор қаражатты ұрлықпен табудан басқа амалын білмейді, ал ұрлык әрдайым жазасыз болмайды. Сондықтан нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіге әуестендіруге, соның арқасында өзінің «қамын» ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысуды, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын дейді. Бара-бара жасөспірім нашақорға, есірткінің құлына айналады.

 Осы орайда  «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген Ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есімізге түседі. Жас кезінде адам қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып көруден бастап, ал екінші біреулері, біреулердің  мәжбүрлеуімен нашақор болып кеткендер бар. Есірткіні таратушылар қызық көріп жүрген жастарды, «Инемен салмасаң болды» нашақор емессің, ал біз иіскейміз, одан нашақор болмаймыз деп алдауы да мүмкін. Ал шындығында, жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді..

Ата-ана бала тәрбиесін оқу орындарына қарай ысырып қойғандықтан, содан кейін сол оқу орынын кінәлайды. Бұл үлкен қателік екендігін, қайта сол оқу орнының және мұғалімнің беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуі керек.Негізінен ата-ана бала тәрбиесін уыстан шағарып алады.Өз ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын,  от басында  ата-ана мен бала бір-біріне суық,  рухани адамгершілік тұрғысында отбасында дағдарыс қалыптасты. Бірақ бұл дағдарысты көпшілік сезіне бермейді, өйткені әркім өз кемшілігін өзі көре алмайды, түзей алмайды. Отбасындағы дағдарыс қоғамдық деңгейге қалықтап шықты, осыдан келіп өз арамызда нашақорлар мен араққұмарлар саны арта түсті. Бізде,  «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деген қате ұғым бар.

      Психолог- дәрігерлер: «отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет  туралы ерте білсе, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын ескертеді.

       Күнен күнге психоактивтік заттардың зияндығына қарамастан оны қолданатын адамдардың саны артуда. Жасөспірімдер нашақорлығының әлеуеттік келешегін мамандар алдын ала болжауға болатындықтан олар:

 - біріншіден,  12-18 жастағы нашақорлар - бұл ар-ождан принциптері бұзылған,  адамгершілік қасиеттері төмен денгейдегі адамдар.Сонымен  қатар,  есірткі қолдану балаларды жиі қылмысқа итермелейді. Сөйтіп 10-20 жылдан кейін жас өспірім нашақорлық әлеуметтік қауіп тобын құрайды.

- Екіншіден нашақор балалардың көпшілігі өліп кетеді  немесе дені сау келешек ұрпақ өсіре алмайды, яғни СПИД, вирусты гепатит, ақыл-ойдың дұрыс болмауы және т.б. аурулар біздің қоғамның дамуына көп қауіп төндіреді.

- Үшіншіден мұндай жағдай қоғамның экономикалық және саяси ахуалына өз әсерін тигізеді, білім және маман әлеуетінің (потенциалын) төмендеуі, жұмыс күшінің азаюы мен есірткі бизнесінің шарықтауы экономикалық дағдарысты одан әрі өсіреді де нәтижесінде тұрақтылық  бұзылады. Сонымен қатар есірткі тек оны қолданатын адамға ғана зиянын тигізіп қоймайды, сонымен қатар оның жақындарына, туыстарына және жалпы қоғамдағы адамдарға көп қиындықтар туғызады: 1 нашақор 10 адамның өмірін  бұзады. Соңғы  жылдары  елімізде есірткінің заңсыз айналымы проблемасы жалпы ұлттық сипатқа ие болуда. Есірткі заттарының аса қымбат еместігі, оларға іс жүзінде еш  кедергісіз қол жеткізудің мүмкіндігі  нашақорлар қатарының кемімей,  қайта керісінше үнемі артып отыруына алып келді.

Нашақорлық, наркомания (грек. ессіздік, қүтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Нашақорлықтың алғашқы кезеңінде организм есірткі заттарды қабылдауға дағдыланады. Есірткіні алғаш қабылдағанда адамның көңіл-күйі көтеріліп, еріксіз күліп, өзін ұшып кететіндей жеңіл сезінеді (эйфория). Бұл кезеңде адам өзін нашақормын деп есептемейді.
Нашақорлықтан туындайтын ауру белгілері білінбей басталады. Бірте-бірте тек есірткі заттарды тауып, қабылдасам деген психикалық тәуелділік, кейін есірткі заттарынсыз тұра алмайтындай физикалық тәуелділік қалыптасады. Осы есірткі заттарының әсерінен жүйке жүйесінде, ішкі органдарында ауыр клиникалық-морфологиялық өзгерістер дами бастайды. Егер есірткіні ұзақ уақыт пайдаланып, күрт тоқтатса, организмде «абстиненттік синдром» дамиды. Абстиненттік синдром кезінде науқас қатты қиналады, денесі тырысады, буындары бұралып, үзіліп кететіндей сезінеді, сүйектері сынып жатқандай мазасызданады, жүрегі тарсылдап, ауа жетпей қиналады. Нашақорлықтың соңғы кезеңінде есірткіні қабылдау мөлшері кеми бастайды, яғни үлкен дозаны көтере алмайды, есірткісіз де өмір сүре алмайды.
Нашақорлық - бұл миллиондаған ата-аналар мен балалардың қайғы-қасіреті, бұл отбасының шырқының бұзылуы, үмітінің үзіліп, армандарының өшуі, бүлінген тағдырлар, бұл көз-жанарлардың оты өшіп, есірткіні көрсе еліру, бұл жандүние жарығының сөніп, тек сол сұрқия заттың құлы болу, бұл енді өлімге апарар жол, бұл өзіне-өзі қол салу.
Нашақорлықтың қауіп-қатерінің осынша ауыр екендігін ұғынуы бойынша балаларды әсерлі әдіс дерек беру және сақтап қалу біздің басты міндетіміз болып табылады. Осы орайда жасөспірімдермен жастар арасында қалыпты өзін-өзі бағалай білуді қалыптастыру, өзі деңгейлестердің қысымшылық көрсетуіне қарсы тұра алатын дағдыларды, нашақорлыққа, ішімдік, темекі сияқты ересектік өмірдің атрибуттарын жоққа шығара білуді, сондай-ақ әлеуметтік икемділіктерді дамыту мақсатында Құрманғазы атындағы саз колледжіндегі оқушылар арысындағы нашақорлық, есірткі және ішімдіктің алдын алу бойынша шаралар өткізілмек. Айта кететін болсам "Жас ұрпақтар таңдайды" (пікірталастар), "Егер жоқ дегің келіп тұрса, "ия" деме" (топ жетекшілрінің арасында тәрбие сағаттары), "Денің сау болған қандай жақсы" (спорттық жарыстар), "Біз -салауатты өмір салтын қалаймыз" (флеш- моб), "Нашақорлыққа "Жоқ!" десен, деніңнің саулығына "Ия" дегенін!" (кездесулер, әңгімелер), "Нашақорлық- ешқайда апармайтын жол" (суреттер конкурсы, плакаттар), сонымен қатар сауалнама, анкеталық сұрақ-жауаптар жүргізу

Жастар, егемен еліміздің болашағы сіздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.

Елбасының «Қазақстан -2050» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі болып табылады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»

Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.

Бұрын жағдайы нашар ортадан шыққандар ғана нашақор болса, ал қазір бұл эпидемия қоғамның барлық деңгейін қамтып келеді. Нашақорлық ұлт таңдамайды. Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Тек санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі - оларды ешуақытта татып көрмеу. Дана халқымызда: «Аллам сақтанғанды сақтайды» дейді. Сондықтан жаман әдет, жат қылықтан аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстанғанымыз жөн болар.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

«Нашақорлық- біздің тақырыбымыз емес»

«Құрманғазы атындағы саз колледжі»

                                                      «Кітапхана ісі»бөлімінің оқытушысы

Г.Х. Суйншкалиева

Мақсаты:ЖасұрпақтыңЖҚТБтуралыбілімдерінтиянақтауға, салауаттыөмірсалтынұстанудыңпайдасытуралыбілімалуғажағдайтуғызу.Нашақорлық - ғасырдертіекендігін, нашалықзаттардыңадамөмірінеасақауіптілігінұғындыраотырып, алдыналу, саналыдасалауаттыөмірсүругетәрбиелеу.

Общая информация

Номер материала: 467671
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)

Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы