Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Рабочие программы / Натрий және онын қосылыстарының қасиеттері (8 сынып)

Натрий және онын қосылыстарының қасиеттері (8 сынып)

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Жангелдин орта мектебі








hello_html_a7e7845.gif






Тақырыбы: §41 Темірдің маңызды қосылыстары

9-сынып








Химия – биология пәнінің мұғалімі: Естайлақ Ақгүл Абусағитқызы




















2012-2013 оқу жылы

Сынып: 8 химия

Сабақтың тақырыбы: §65 Натрийдің химиялық қасиеттері және қолданылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: натрий және қосылыстарының қасиеттері туралы білімді жүйеге келтіру,маңызды табиғи қосылыстарының қолданылуымен таныстыру.

Дамытушылық: Сілтілік металдар, натрийдің химиялық және физикалық қасиеттерін, қолданылуы туралы білімдерін бекіту, дамыту.

Тәрбиелік: Натрийдің алыну жолын, қолданатын жерлерін біле отырып, білім дағдыларын өмірде пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

1.Сілтілік металдарды периодтық жүйеде орналасуы, қасиеттері туралы білім беру.

2.Натрийдің физикалық, химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерінің механизмі туралы түсінік беру.

3.Химиялық баланыс, реакция типтері, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш туралы түсінікті дамыту.

4. Оқушының эрудициясы, логикалық және ассоциативті ойлауларының дамуына әсер ету.

Сабақтың түрі: паноромалық сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелесу, көрнекілік, практикалық-логикалық байланысымен, зерттеу жұмыстары, есептер шығару, ауызша тест

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тәжірибе жасауға қажетті құрал-жабдықтар (натрий, дист су, қысқыш, сынауық т.б), жаттығу есептері, периодтық кесте, бағалау парағы.

Пән аралық байланыс: биология және физика.

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасы:

I. Қызығушылықты ояту.

Интерактивті тақтадан Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасы көрсетіліп, үй тапсырмасы бойынша ауызша тест сұрақтары қойылады.

  • Сілтілік металдар қай топта орналасқан?

  • Сілтілік металдарды ата?

  • Қандай топшада орналасқан?

  • Валенттіліктері нешеге тең?

  • Сілтілік металл деп аталуы неліктен?

  • Электртерістілігі қандай?

  • Тотығу дережесі қанша?

  • Сыртқы энергиялық деңгейде неше электрон бар?

  • Тотықтырғыш па, әлде тотықсыздандырғыш па?

  • Электртерістілігі 0,9, ядро заряды +11 тең қандай элемент?

Оқушылар дәптерлеріне күнді жазып, кесте сызады және натрийге тән физикалық қасиеттерін оң жағына толтырып, сол жағын ашық қалдырады. Дәптерге жазғандарын интерактивті тақтаға шығып жазады.




Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері

  • иондық кристал торлы

  • иілімді әрі жұмсақ

  • пышақпен оңай кесіледі

  • оңай балқиды

  • судан жеңіл

  • тығыздығы 0,97 г/см3hello_html_m53d4ecad.gif

  • балқу t=97,7 0C сұйық күйінде электр тогын, жылуды жақсы өткізеді

  • жарықтың әсерінен электорндарын оңай береді.

  • ауада тез тотығады

  • қолмен ұстауға болмайды

  • ауада өздігенен тұтанада немесе қопарылыс береді.


Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылардың шығармашылығы тексеріледі.

«Натрийдің Қазақстандағы кен орындары мен тұрмыста қолданылатын ас тұзының қасиеттері» туралы шығармашылық жұмыс. (Оқушылардың жинақтап жазғандары оқылады.)

3. Жаңа материалды оқу.

II. Мағынаны тану. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазады. Натрийдің химиялық қасиеттері. Алынуы, Қолданылуы.

Алдымен оқушыларға интерактивті тақта арқылы реакция теңдеулері беріледі, дәптерлеріне жазып, не түсінгені, қандай порцесс жүріп жатқандығын бұрынғы біліктілік дағдыларына сүйене отырып оқушылар айтып, түсіндіреді.

  1. Na0 -1ē = Na+

  2. 4Na + O2 = 2Na2O

  3. 2Na + S = Na2S

  4. 2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

Мұғалім тек оқушылардың айтпаған мәліметтерін ғана қосады, сөйтіп оқушының өзінің алуына мүмкіндік тудырады.

Тәжірибе жұмысы.

1. Натрий сумен әрекеттесуі, сутек газы бөлінгенін анықтау.

2. Пайда болған ерітіндінің ортасын анықтау.

3. Na+ ион анықтауға сапалық реакция (NaCl суда ерітіп спирт шамының үстіне қойып қыздыру арқылы жалынның сраы түске боялғанын көрсету.)

Натрийдің алынуы. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви электролиз әдісі арқылы алды.

2NaCl →2Na + Cl2

Оқушылар химиялық қасиеттерін дәптерлеріндегі кестенің 2- бөлігіне жазады.

Оқулықтағы натрийдің қолданылуы атты мәтінді оқушылар өз бетімен оқып шығып, «Инсерт» стратегиясы арқылы белгілейді, ондағы құс қанаты (V)-бұрынан білемін, + белгісі мен үшін жаңалық, - белгісі келіспеймін, ? белгісі сұрағым бар дегеніді білдіреді.


V

+

-

?






Интерактивті тақтадағы тірек сызбаны талдау. Натрийдің қолданылуы.

  • металлургияда тотықсыздандырғыш

  • органикалық химияда катализатор

  • медицинада радиоактивті изотоптар

  • таза алтын алуда

  • авиациямен ядролық реакторлардың жылу тасымалдағышы

  • тұздар алуда.

  • шамдарды буымен толтыру

ІІІ. Ой толғаныс

«Кім білімпаз?» ойыны интерактивті тақтада есептер шығару.

1. Реакция теңдеулерін аяқтап, реакция нәтижесінде түзілген заттарды атаңыздар.

  1. Na + Cl2 =

  2. Na + HCl=

  3. Na + H2 =

  4. Na + N2 =

2 Зат мөлшері 2 моль натрийді суда еріткенде сутектің қандай көлемі (қ.ж) бөлінетінін есептеңіздер.

3. Төмендегі айналуларды жүзегі асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

hello_html_m7faf031e.gif

«Кім жылдам?»

а) Оқушыларды топтарға бөлемін.Кубизм әдісі бойынша әр топ бір қосылысты таңдап алып,қолданылуын түсіндіреді.Интерактивті тақтада электронды оқулықты пайдаланамыз.

hello_html_dd9d753.jpghello_html_m506de5ac.jpghello_html_m2b4a0cbf.jpghello_html_11fbd5c8.pnghello_html_m5dd298d3.jpg






hello_html_m735420bd.jpg




ә) интерактивті тақтада берілген қосылыстардың атауларын атайды. Атын дұрыс атағанда шарлар әуеге қалықтайды.


Формуласы

Химиялық аталуы

Тұрмыстағы атауы

NaCl



NaHSO4



Na2CO3



NaHCO3



NaNO3



NaOH




Мұғалім: жаңа сабақты мына өлең жолдары арқылы қорытындылайды:

Мен – натрий, сілтілік жеңіл металмын

Өзім жайлы баяндауға бет алдым

Алуан түрлі қасиетім бойымда

Қосылысым сабынның да бойында

Бу түрінде сары түске енемін

Суыңды да айналдырам сілтіге

Су бетінде еркін жүре бермін

Мен ауаға сутекті де бөлемін

Тұздарыммен астың дәмін кіргізем

Сол арқылы пайдамды да тигизем

Космоста да сары түсті буыммен

Зымыранды көз алдыңда жүргізем.

4. Бағалау.

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Бекіту

Ауызша тест

Кесте

Шығармашылық жұмыс

Химиялық қасиеттері

Қолданылуы

Алынуы

Кім білімпаз?

Кім жылдам?

10

10

10

10

10

10

10

10


Әр оқушының орындаған тапсырмалары бойынша бағаланады.

5. Үйге тапсырма. §65 оқып түсіну. №6 есеп.

Шығармашылық жұмыс: натрийдің қосылыстары және олардың қолданылуы туралы қосымша мәліметтер жинап, жазып келу.

«Сілтілік металдар әлемі» тақырыбына сілтілік металдардың, натрийдің химиялық, физикалық қасиеттерін сиппаттай отырып, ертегі құрастыру. Жоғарыда айтылған өлең жолдары сияқты, натрийдің қасиеттерін көрсете отырып құрастырады. Оқушылар қосымша мәліметтерді физика, биология кітаптарынан, интернеттен іздеуіне болады.




Жангелдин орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі: Естайтақ Ақгүл Абусағитқызы



Натрий табиғатта адамға ежелгі заманнан белгілі қосылыстар құрамына кіреді. Жер қыртысында натрий далалық шпат және гранит құрамына кіреді. Тау жыныстары желдің әсерінен мүжілгенде натрийдің ерімтал қосылыстары түзіледі, ол теңізге және мұхиттарға дейін жетеді. Мұхит суларында шамамен 2,8% натрий хлориді бар, ішкі теңіздерде оның мөлшері одан да жоғары. Ертеде, теңіз жағалауларындағы байқалатын құбылыстарды қазіргі кезде Каспий және Арал теңіз жағалауларынан көруге болады. Саяз сулы шығанақ теңізден бөлінеді де, ондағы құрғақ климаттың салдарынан қарқынды булану жүреді және теңіздің тұздарының мөлшері артады.

Біздің елімізде көптеген тұзды көлдер мен тас тұздарының шөгінділері бар. Олар натрий хлоридін өндірудің көзі болапы табылады. Оның ең мол қоры – Каспий ойпатында, Арал маңында, Ертіс өзенінің жағалауында бар. Қазақстанда Алматы, Қызылорда обылыстарында мирабилиттің hello_html_bfb44e5.gif ірі кен орындары бар. Іле ойпаңында және Балқаш маңында содалық көлдер бар.

Натрий хлориді адам тағамы мен жануарлар азығының қажетті компонеті болып табылады. Организмде натрий иондары биохимиялық реакцияларға қатысады. Натрий иондары клеткааралық кеңістікте клетка функциясының процестеріне қатысады. Олар жетіспеген жағдайда бұл процестер бұзылады, сондықтан да адам сұйықтықпен бірге көп тұзды жоғалтқанда, оған аздап тұз қосылған су ішу ұсынылады. Бірақ барлығы да белгілі бір мөлшерде болуы керек. Адамға тәулігіне 5-10 г ас тұзы жеткілікті, бұл нормадан асып кетсе, қауіпті деп есептеледі. Тұзы артық тамақтарда үзбей пайдалану бүйрек қызметінің бұзылуына және қан қысымының көтерілуіне әкеледі, түрлі науқасқа шалдықтырады.
























Ертегі: Натрий

Менделеев қалашығында сілтілік металдар деп аталатын мирко аудан бар. Бұл ауданның бұлай аталуының өзіндік сыры бар. Сумен қосылысып, барлығы дерлік сілті түзеді, сондықтан осылай аталған. Бұл микроауданның үйлері қызылмен боялған, басқаларынан ерекшеленіп тұруы үшін. Осы мкоауданда 3 көшенің 11 пәтерінде натрий тұрады. Бұл үйді ол Менделлев атамыздың қолынан алған. Өзінің қасиеті алуан түрлі, барлық жұрт осы натрийден хабардар. Ешқашан жалғыз жүрмейді, мүмкін өзінің шатақ мінезінен қорқатын болар, сондықтан қасына үнемі біреу еріп, қосылып жүреді. Мінезі де қызық, өзі металдардың ішіндегі ең жұмсағы, дегенмен өзі жарықты ұнатпайды, қараңғы бөлмеде жатқанды ұнатады.

Өзі өте белсенді, жұртпен тез тіл табысады. Қолындағысын жұртқа беруге даяр, ешқашан біреуден бірдеңе алған емес. Жалғыз электронын біреуге қажет болса, қиналмастан бере салады. Өзі суда жақсы жүзеді, ауаға сутекті бөліп, суды да сілтіге айналдырады. 8 пәтерді тұратын оттекті көрсе, жана түседі, сары жалынға айналады.

Тұздар көптеген жерде қолданылады. Тұзы астың дәсін кіргізеді, сабынның да құрамында болады. Қосылыстары ауылшаруашылығында, күнделікті тұрмыста да қолданылады. Ядролық реакторларда және авиацияда да қолданылады.

Натриймен істес болғанда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек, оқыс қимылдар өз өміріңе қауіп төндіруі мүмкін.















Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Бекіту

Ауызша тест

Кесте

Шығармашылық жұмыс

Химиялық қасиеттері

Қолданылуы

Алынуы

Кім білімпаз?

Кім жылдам?

10

10

10

10

10

10

10

10














Аты – жөні: __________________________________________





Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Бекіту

Ауызша тест

Кесте

Шығармашылық жұмыс

Химиялық қасиеттері

Қолданылуы

Алынуы

Кім білімпаз?

Кім жылдам?

10

10

10

10

10

10

10

10















Аты – жөні: __________________________________________


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Натрий және оның қосылыстары тақырыбындағы сабақ жоспары 8 сыныптың химия пәні бойынша құрастырылған.

 Сабақтың мақсаты:

         Білімділік: натрий және қосылыстарының қасиеттері туралы білімді жүйеге келтіру,маңызды табиғи қосылыстарының қолданылуымен таныстыру.

         Дамытушылық: Сілтілік металдар, натрийдің химиялық және физикалық қасиеттерін, қолданылуы туралы білімдерін бекіту, дамыту.

         Тәрбиелік: Натрийдің алыну жолын, қолданатын жерлерін біле отырып, білім дағдыларын өмірде пайдалануға тәрбиелеу.

  Сабақтың әдістері: әңгімелесу,зерттеу жұмыстары, есептер шығару, ауызша тест

Автор
Дата добавления 28.04.2015
Раздел Химия
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1502
Номер материала 502096
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх