Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / "Натрийдің қосылыстары" атты өткізілген сабақ туралы баяндама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

"Натрийдің қосылыстары" атты өткізілген сабақ туралы баяндама

библиотека
материалов

Сәлеметсіздер ме, қымбатты әріптестер! Менің аты-жөнім Болатова Марал Канатовна, Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімімін.Сіздердің назарларыңызға үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы курсының практикалық кезеңінде өткізген 2- сабағымды ұсынамын.

Сабағымды бастамас бұрын, сіздердің араларыңызда бұл 3 айлық курсты өтпегендеріңіз де, бар болуы мүмкін деген оймен, білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздеріне, яғни 7 модуль идеяларына тоқталып өтуді жөн көрдім.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы,сенімді,сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ ,орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады.Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады , бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталатындықтан, тақырыпты оқыту аяқталған немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды.Сындарлы оқытудың мақсат-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді.

Бұл теория оқушылардың ойлауын, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымдамаға негізделген.

Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Құзырлы оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.

Бұл бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.Енеді осы 7 модульге қысқаша тоқталып өтейін.

1-модуль. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.Жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, жаңа әдіс ретінде «Диалог арқылы оқыту» басты әдіс болып табылады.Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектеседі.

2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту. Бұл бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

3-модуь. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Бағалау- одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Бағалаудың екі түрі бар формативтік -оқыту үшін бағалау және жиынтық-оқытуды бағалау.

4-модуль. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады.

5-модуль.Талантты және дарынды балаларға білім беру. Қазақстанның көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды.Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттармен танылуы ықтимал.Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін.Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер,ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады.

6-модуль.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу. Бұл модуль алдындағы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

7-модуль.Білім беруді басқару және көшбасшылық. Осы модульде , әсіресе,3-деңгейде, айтылған көшбасшылық тәсілі, «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жөніндегі жұмыстар» қағидатына негізделген.Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.Сондықтан мұғалім көшбасшылығы әр деңгей қырынан қарастырылу мақсатында Бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген.

Назарларыңызға практика кезіндегі 8 сыныпта химия пәнінен 7 модуль идеялары негізінде құрылған сабағымды ұсынамын.Бұл сабақ 8-тараудың 2-сабағы. Бұл сабақты жоспарлау барысында , алдыңғы сабағымда болған кемшіліктерді ескере отырып жоспар құрдым.Ол барлық оқушыларды сөйлету мәселесі болатын, өйткені алдыңғы сабағымда сөйлемей қалған оқушылар да кездескен болатын.Сабағымның тақырыбы, натрийдің қосылыстары, мақсатым: 7 модульді қолдана отырып натрийдің қосылыстарының құрамы, қасиеттері,адам өміріндегі маңызы ,олармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау керетігі жайлы ұғымдарды қалыптастыру.

Сабағымды әрине,оқушылармен амандасудан бастадым,одан кейін сыныптағы психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында сабаққа деген көңіл күйлерін сұрадым.Ары қарай сабағымыздың ережелерін қайталап өттік.Ережелерді қайталап, есімізге түсіріп болғаннан кейін әр оқушыға бүгінгі сабақ бойынша құрылған бағалау парақтарын таратып бердім.Сабағым СТО ойлау бағдарламасының жоспары бойынша құрылған болатын.

Қызығушылықты ояту кезеңіне келетін болсам, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, диалогқа тарту және жаңа топ құру мақсатында, интербелсенді тақтада жазылып тұрған жұмбақ өлең жолдарын Айнаш деген оқушыма мәнерлеп оқытқызудан бастадым.Өлеңді оқығаннан кейін оқушылардың сыни ойлауын бақылау мақсатында сұрақ қойдым: Бұл өлең жолдарында не туралы жазылған? Осы кезде оқушымен мұғалім арасында диалог өтті.Біз дәстүрлі сабақ кезінде оқушыларға осындай өлең жолдарын оқытып, оны талқылауға көп мән бермейтінбізде, осы жерде сабаққа мүлдем қызығушылық танытпай отыратын,оқушылар Сания, Сұлтан, Данияр болса, өз ойларын жарыса отырып ортаға салғандығы мені таң қалдырды.Мен осы жерде оларды әдебиет пәні қызықтыратындығын байқадым. Диалог кезінде оқушылар бұл өлең жолдарында не туралы айтылғандығын бірден тапты.

Сабақ барысында, зерттеуге алған оқушыларымды да бақылай отырып, Сания мен Азаматтың сабаққа жақсы қатысып, өз ойларын айтып отырғандығын байқадым, ал зерттеудегі үшінші оқушым Лаура бір де бір жауап айтпай үндемей отырды. Олардың ойлары тыңдалғаннан, талқыланғаннан кейін, оқушыларды ортаға шақырып, мұғалімнің столының үстінен өлең жолдары жазылаған парақшаларды алуды ұсындым. Олар алғаннан кейін сынып 2 топқа бөлініп, орындарын тауып, орнығып отырып алады.Осы кезде 1-ші топта тек жақсы оқитын оқушылар Айгүл,Мөлдір,Айнаш және Дәулет,ал 2-ші топта нашар оқитын оқушылар Сұлтан,Данияр,Сәния, Азамат және екпінді,әрі мен зерттеуге алған оқушым Лаура болды.Осы жерде тағы да Лаураның ұнжырғасы түсіп қалды.Содан кейін тағы оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында сұрақ қойдым:Натрий туралы не білеміз? Олар осы сұраққа :жеке-жеке, жұпта, шағын топта/флипчартқа салып/,ортаға шығып қорғау тапсырылды.Осы жерде мен сырттай олардың жұмыс жасау іс-әрекеттерін бақылап, бағалап отырдым.1-ші топ оқушылары Айгүл,Даулет,Мөлдір,Айнаш бірлесе жақсы жұмыс жасап отырса, 2-ші топта шамалы келіспеушілік жағдайлар болды, әсіресе Данияр мен Сәнияның арасында түсініспеушілік болған сияқты,өйткені видеодан қараған кезде Данияр Санияға ұнатпай қарады.Уақыт аяқталап топтар ортаға шақырылды,осы кезде 1-ші топтан Айгүл,ал 2-ші топтан Данияр шығып, қорғады.Мен Даниярдың көшбасшылыққа жақын екендігін осы жерде байқадым,осы 2-ші топтағы оқушылардың ішінде тек Лаура жақсы оқитын оқушы болса да, ол тобындағы оқушыларды ұнатппағандықтан ба әлде өзінің мінезінен бе,әлде тағы басқа бір мәселе ме, ортаға шығып қорғаған жоқ,сабаққа деген көңіл күйі болмай отырды.Менің зерттеуім бойынша Лаура отбасында ең кенжесі болғандықтан,еркелікке жақын,әрі барлығы оның көңілін тауып отырғанды қалап отыратын оқушы екенін байқадым.Қорғап болғаннан кейін үйге берілген тапсырма тексерілді.Ол «металдардың адам өміріндегі маңызы» атты эссе жазып келу болатын.Осы жерде барлық оқушылар жазып келгендігін бақыладым.Бірақ уақыттың тығыздығына байланысты әр топтан өз еркімен оқимын деген оқушылар ғана тыңдалып өтті, олар:Айгүл,Айнаш,Сұлтан,Данияр оқыды,осы жерде оқушылар АКТ-ны қолданғандығын көрдім.

Үй тапсырмасы тексеріліп болған соң ,жаңа ақпарат алу кезеңіне , яғни мағынаны тану кезеңіне көштік.Ол үшін 2 топта бір мәтінді жеке, жұпта, топта талқыға салды. Содан соң мен,олардың өзін-өзі реттеудің қаншалықты деңгейде екендігін бақылау мақсатында алдарына осы тақырып бойынша, натрийдің қосылыстары жазылған карточка тастайдым да, оларға өздерінің осы берілген натрийдің қосылыстарының біреуін таңдап алып, рөлге кіру қажет екендігін айттым.Оқушылар тағы шамалы дайындалып алады да, ортаға шығып әр оқушы сөйледі.1-ші топ оқушылары жақсы дайындалғандығы көрініп тұрды, ал 2-ші топ оқушыларының ішінде зерттеуге алған 3 оқушым бір топта отырды.Енді олардың әрбіреуінің іс-әрекетін сипаттайтын болсам,Азамат осы топта ең жақсы, жауапкершілікпен қарағандығы қорғау кезінде көрінді, ал Лаура болса, көңіл күйі сабақ басында топқа бөлген кезде бұзылған қалпымен жүргендігі айқын көрініп тұрды.Ал Сания өзінің биязы мінезімен ,бір қалыпта болып, сабаққа жақсы қатысып отырды. 2 топ та сөйлеп болғаннан кейін оларға сұрақ қойылады, сонда біз не туралы өттік?Тақырып не болды? –деп.Сол кеде олар тақырыпты айтты.

Содан соң алған білімдерін бір жүйеге келтіру үшін әрі жас ерекшеліктерін ескеру, дарындылықтарын анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар берілді. 1-деңгей: химиялық диктант 2-деңгей: сәйкестендір 3-деңгей: есеп шығару.Олар оны жеке-жеке орындайды да, орындап болаған соң жұптарымен алмасып, бір-бірінің жұмысын тексереді, дұрыс жауапты мен интербелсенді тақтада көрсеттім, тексеріп болған содан соң олар бір-бірін бағалады.Бағалап болғаннан кейін , неліктен осындай бағамен бағалағандықтары туралы қысқаша айтып өтті.Содан соң кері байланыс парағы таратылып, олар бүгінгі сабақта алған әсерлері туралы жазып , ілді.Үй тапсырмасы беріліп сабағымызда аяқталып қалды.

Жалпы сабағымды өткізгеннен кейінгі әсерім жаман емес деп айта аламын,бірінші сабағыммен салыстыратын болсам, топпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасып келе жатқандығы айқын көрініс тапты.Сонымен қатар оқушылардың сыни ойлауы, диалогқа түсу қабілеттері, дарындылықтарын анықтау мақсатындағы деңгейлік тапсырмалардың орындалу деңгейі, мағынаны тану кезінде де өзін-өзі реттеу мен қатар, жеке, жұппен, топпен және рөлдерге бөліну арқылы қорғау кезінде де оқушылардың жақсы деңгейде жұмыс жасағандықтары көрінді. Ең соңында міндетті түрде кері байланыс жүргізу керек, кері байланыстың пайдасы өте зор ,өйткені біз күнделікті сабақта оқушылардың ішкі жан-дүниесіне мүлдем көңіл аудармаймыз, ал бұл кері байланыста оқушы сабақ бойынша өз ойын жазып, сабақ ұнады ма,әлде жоқпа , нені өзгертер едім деген ойларын жазады.Сабақ өткен соң кері байланыс парағын оқи отырып , мен мынадай ой қорыттым, оқушыларға топпен жұмыс жасаған ұнайтындығын, болашақта осындай сабақтар өткізілсе деген тілектері де болды.Менің өзіме де осы 7 модульді қолдана отырып өткізген сабақтарым қатты ұнайды.Сіздерге де осы курстан өту қажет деп ойлаймын, өйткені өте қызықты, тартымды, өздеріңізге көп қажетті нәрсе аласыздар деген сенімдемін.

Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!Назарларыңызға көптен-көп рахмет!





















Ақмола облысы

Бурабай ауданы







Кембридж тәсілінің теориялық негіздері және 7 модуль идеялары бойынша өткізілген сабақ

Облыстық семинарда оқылған баяндаманың тақырыбы:









Дайындаған: Химия пәнінің мұғалімі-Болатова М.К.



















Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп

2012 жыл













Краткое описание документа:

   Сабағымды бастамас бұрын,  сіздердің араларыңызда бұл 3 айлық курсты өтпегендеріңіз де, бар болуы мүмкін деген оймен, білім берудегі Кембридж  тәсілінің теориялық негіздеріне, яғни 7 модуль идеяларына тоқталып өтуді жөн көрдім.

     Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы,сенімді,сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ ,орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

 

Автор
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров687
Номер материала 155955
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх