Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
«Миға
шабуыл» стратегиясы (Карточкалар көмегімен
берілген сұрақтарға жауап беру)
1.
Математикадағы “” және “_________деп аталады.
2.
Мұндағы, “” және “
3. Координаталық
сәуледе кіші сан_______жақтағы нүктемен, ал одан үлкен сан ____жақтағы
нүктемен кескінделеді.
4.Салыстырылатын
екі натурал санның разрядтар саны __________.
5.
Разрядтар саны әр түрлі екі натурал санның қайсысының разряды __________
болса, сол сан үлкен болады.
6.Салыстырылатын
екі натурал санның разрядтар саны __________________.
7.Разрядтар
саны бірдей екі натурал сан жоғарғы разрядтарынан бастап _______________
разрядтары бойынша салыстырылады.
8.Егер
екі натурал санның разрядтар саны бірдей және аттас разрядтардағы цифрлары
бірдей болса, онда мұндай натурал сандар өзара___________________болады.
9.Кез
келген 3 санды салыстыру___________түрінде жазылады.
10.Қос
теңсіздіктер___________ саннан бастап оқылады.
|
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
I тәсіл. Натурал сандарды санауы бойынша салыстыру.
Анықтама: Екі натурал санды санағанда
өсуретімен алғашқы айтылғаны кіші, ал кейін айтылғаны үлкен болады.
Мысал
келтіріңдер:
II тәсіл. Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру.
Анықтама:
Екі натурал
санның жазылуында қайсысының разряды үлкен болса, сол сан үлкен және
қайсысының разряды кіші болса сол сан кіші болады.
Мысалы, 101 > 99,
өйткені 101 санның жазылуында үш разряд, ал 99 санның жазылуында екі разряд
бар, яғни 101 санның разрядтар саны 99 санның разрядтар санынан көп.
Анықтама: Разрядтары бірдей екі натурал санның
қайсысының (солдан оңға қарай) бірдей разрядтағы цифры үлкен болса, сол сан
үлкен болады.
Мысалы,  себебі
3>1.
Салыстырыңдар: 5814 □
5814, 6230□6240
Анықтама:
Екі натурал
санның разрядтар саны мен бірдей разрядтағы
цифрлары бірдей болса, онда олар тең болады.
Мысалы,  
III тәсіл. Натурал сандардың координаталық сәуледе орналасуы
бойынша салыстыру.
Анықтама:
Екі натурал
санның координаталық
сәуледе сол жақта орналасқаны кіші, ал оң жақта орналасқаны үлкен болады.
Мысалы,
О
1-сурет
0 1
14 19
19 саны 14
санының оң жағында орналасқан, сондықтан 19 >14.
Егер қандай да бір сан
біреуі сол жағында, ал екіншісі оң жағында орналасқан екі санмен
салыстырылса, онда қос теңсіздік қолданылады.
Мысалы,
О
 • • •
• 2-сурет
0 1 12
15 19
15 саны
координаталық сәуледе 12 санының оң жағында, ал 19 санының сол жағында
орналасқан. Онда 12<15 <19 деп жазамыз. Мұндай жазуды қос теңсіздік
дейміз.
12<15
<19 қос теңсіздігінің оқылуы:
-15 саны
12-ден үлкен, бірақ 19-дан кіші немесе 15 саны 19-дан кіші, 12-ден үлкенОқулықтағы тапсырмалармен
жұмыс жүргізу.
Қосымша
тапсырма.
. Белгісіз цифрлары жұлдызшалармен ауыстырылатын сандарды
салыстырыңдар:
1)3** және 7*;
2) 42* және 81*;
3) **1 және ***4;
4)45**9 және 36**2;
5) 56**3 және 54***3;
6)***7 және **7.
Теңсіздіктегі жұлдызшаның орнына теңсіздік тура болатындай ең
кіші сан шығатын цифрды қойыңдар:
1)3715 371*;
2) 476*8 ;
3) *3 204 63204;
4)1*296 10 497;
5) 104 927 *3 812;
6)*65 913 397 224.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Аяқталуы
16 минут
Қызықты тапсырма
8 минут
|
5, 0
және 3 цифрларының әрқайсысы бір рет қана пайдаланып, үш таңбалы сандарды
жазыңдар. Осы сандардың ең үлкені ең кішісінен қанша артық?
Шешуі:
305;
350; 503; 530 сандары; 530-305=225-ке артық.
Сандарды
кему ретімен ата:
25 ,
98 , 78 , 64 , 52 , 46 , 89 , 87
48 ,
32 , 23 , 19 , 91 , 84 , 71 , 17
Сандарды
өсу ретімен ата:
18 ,
28 , 5 , 14 , 15 , 29 , 105
189
, 156 , 12 , 31 , 178 , 10
Жауабы:
Сандарды
кему ретімен ата:
98 ,
89 , 87 , 78 ,64 , 52 , 46 , 25
91 ,
84 , 71 , 48 , 32 , 23 , 19 , 17
Сандарды
өсу ретімен ата:
5 ,
14 , 15, 18 , 28 , 29 , 105
10 ,
12 , 31 , 156 , 178 , 189
|
Оқулық, дәптерлер.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.