Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалы"Натюрмортты штрихтау" ашық сабақ

"Натюрмортты штрихтау" ашық сабақ

Скачать материал

 

Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі

Байланыс тел: 87059152954, 87076179612

 

Сабақтың тақырыбы: Штрихтау (Натюрморт)

Сабақтың мақсаты:

             А) Білімділік:  Оқушыларға штрих жайлы түсінік беру, штрихтауды үйрету. Сурет         

                                       салу барысында штрихтың алатын орнының ерекше екенін  

                                       түсіндіру. Достық қарым-қатынасқа баулу;

  Ә) Дамытушылық:  Бейнелеу ережелерін ескерте отырып, көркем шығармада штрих  

                                       түрлерін қолдана білу қабілеттерін дамыту, өз беттерінше жұмыс  

                                       жасау қабілеттерін  арттыру.

             Б) Тәрбиелік:  Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Ұқыптылыққа,        

                                       шыдамдылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аукцион сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту

Сабақтың әдісі:көрсету, түсіндіру, үйрету, топтау

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың көрнекіліктері:слайд, фирма белгілері, Елтаңбаның, тудың  суреттері, геометриялық денелер бейнеленген плакаттар, түрлі-түсті таратпалар

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Ақ қағаз, қарындаш, өшіргіш

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу. (Сабақ аукцион сабақ түрінде өтетіндіктен, оқушылар аукцион ережесінің талабы бойынша екі сауда фирмасын құрады.Тақтаға елтаңба, тудың суреттері ірінеді. Оқушы таңдау жасайды. Таңдаулары бірдей оқушылар бір топ құрайды. Не себепті ол суретті таңдағандығы туралы айтып өтеді. Әр фирма өзіне лайықты ат қояды. Фирма құжатын дайындайды, араларынан өз менеджерлерін сайлайды. Менеджер топ мүшелерінің атқаратын қызметтерін бөліп береді.Бірінші фирма- «Қарындаш», екінші фирма «Қылқалам»)

б) Қазылар алқасын сайлау

в) Құралдарын тексеру

г) Сабаққа назар аудару

Қызығушылықты ояту

Атамыз білім дәнін болған екпек,

Оқытып, балаларға білім сеппек.

Қазақтың кең даласын жарық қылған,

Атамыз Ыбырайға мың рақмет!- дей отырып,  Құрметті қонақтар, бүгін  сіздер Қармақшы аудандық оқушылар үйі «Сурет-дизайн» үйірмесі жанынан құрылған «Кеңсе құралдары» ашық акционерлік қоғамы өткізіп отырған тендердің куәсі боласыздар.

Алдымен ашық акционерлік қоғам дегеніміз не? Соған тоқталайық.

ААҚ- бағалы қағаз, акция пакеті акционерлік қоғам қызметкерлерінің арасында өзара сатылады.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Менің ОтанымҚазақстан» тақырыбында сурет салу. Көрмеге қою.

ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталау.

Ашық лот

«Тізбек бойынша сұрау» әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез-келген жерден тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап беруі сұралады. Бұл әдіс оқушының зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.

Тақтаға ақ түсті қағаз ілінеді. №1 ақ түсті қағазда таңдағандарға  №1,4,6,7,9 ұяшық сурақтары жасырылады.Ал №2 ақ түсті қағазды таңдағандарға №2,3,5,8,10 ұяшық сұрақтары жасырылады. Оқушыларға тақтадағы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтар немесе суреттер жасырылады.

1-ұяшық: Натюморт –дегеніміз не? (Жансыз заттардан құралған көркем шығарма)

2- ұяшық: Биыл тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл болды? (20 жыл)

3- ұяшық: Пейзаж дегеніміз не? (табиғат көрінісін бейнелеу)

4- ұяшық: Батальдық жанр дегеніміз не? (соғыс тақырыбында салынған суреттер)

5- ұяшық: Елтаңбадағы жұлдыз нені білдіреді?(Елтаңбамыздың дәл ортасында бес  

                  бұрышты жұлдыз орналасқан. Жұлдыз- жарық пен пәктіктің белгісі)

6- ұяшық: Графика қай елдің сөзі, мағынасы. (грек, жазамын, суретін саламын)

7-ұяшық: Бәйтеректің биіктігі қанша метр (97 метр)

8- ұяшық: Живопись дегеніміз не? (әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық бетінде  

                  орындалған көркем шығарма)

9- ұяшық: Тудағы қыран бейнесі нені білдіреді? ( Дала тұрғындары үшін бұл –  

                  бостандықтың, айқын мақсатқа , биікке ұмтылудың, болашаққа самғаудың

                  белгісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыраны

                  қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой ниетінің биіктігін

                  білдіреді.)

10- ұяшық: Ертегі мазмұнына арнап салынған сурет қалай аталады? (иллюстрация)

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру

      Заттардың суретін салу барысында штрихтың орны ерекше. Заттардың сызықтық бейнесін салғанда сызықтың көптеген түрлері қолданылады. Олар тік, көлденең, көлбеу, доға, кереге,  шеңбер.

       Сурет өнерінде бейнелеудің негзгі екі түрі бар. Біріншісі, сызықтық бейнелеу, екіншісі, реңдік бейнелеу, яғни, штрихтау. Заттар мен құбылыстардың суретін сызықтық бейне арқылы айқындап алғаннан кейін барып, реңдік бейнелеу арқылы олардың пішінін, келбетін нақтылаймыз. Бұл дегеніміз Бейнені әуелі қарындашпен сызамыз, содан кейін барып штрихтаймыз. Сондықтан да штрих пен сызықты ажырата білу керек. Сызық заттың пішіндік шекарасын айқындаса, штрих сол заттың жарығы мен көлеңкесінің қоюлығын береді және нақты пішінін ашуға қатысады.

       Штрих дегеніміз- көптеген, біртектес сызықтардың жиынтығы. Заттардың суретін салу үшін штрихтың көптеген түрлері қолданылады.

Сол жақ көлбеу

 

 

көлденең

 

 

Кереге доға

 

 

Оң жақ көлбеу

 

 

көлбеу

 

 

Штрих

 

 

кереге

 

 

   тік

 

 

  доға

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

Сарамандық жұмыс

Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.

1-кезең: Ең алдымен бейнелейтін заттардың жалпы нәрсесін тұтастай қабылдап, оны  қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару керек.

2- кезең: Бейнелейтін заттардың өлшембірліктерін қатынасының дұрыс болуынаайрықша көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра қарау үшін көмекші сызықтар пайдаланған жөн.

3- кезең: Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады. Штрихтау заттың пішініне, формасына қарай беріледі. Штрих сызықтарының арасын бір-біріне жақын алған дұрыс.

       Суретті әдемі салу үшін жарық, көлеңке тұстарын айқындау керек. Нәрсеге сәуле түскен бет жарық деп аталады.Ең жарық жері –жылт, жарыққа қарама –қарсы беті –көлеңке, меншікті көлеңке деп аталады. Ал меншікті көлеңкеден біртіндеп жарыққа ауысқан кезде жартылай көлеңке пайда болады. Заттың шет жағында басқа денеге түскен жарықтың әсерінен пайда болатын әлсіз жарықты рефлекс деп атаймыз.

Ү. Сабақты бекіту  

Жартылай жабық лот

Оқушыларға көк түсті қағаз таңдауға беріледі.№1 көк түсті қағазда 9 ұпай. Ондағы тапсырма 3 заттан құралған геометриялық денелерді штрихтау. №2 көк түсті қағазда 10 ұпай. Ондағы тапсырма 5 заттан құралған  геометриялық денелерді штрихтау.

ҮІ. Бағалау

Сабаққа қатысқан және суреттерін аяқтап үлгерген оқушыларға баға қою. Дұрыс салынған сурет былай бағаланады.

10 ұпай -5 (Қатесіз орындалған тапсырма)

8 ұпай -4 (1-2 қате болса)

6 ұпай-3 (3-4 қате болса)

ҮІІ. Қорытынды

Жабық лот

Алға жылжып барамыз.

Бар асуды аламыз.

Не мәселе болса да,

Құпиясын табамыз.- деп оқушылар өздерін жігерлендіреді.

«Пайымдау сұрақтары» әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды. Мысалға сабақта не маңызды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер? Сұраққа бірнеше оқушы жауап береді.

Жеңімпаз фирманы  марапаттау, алғыс білдіру.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру

Ойдан натюрморт құрастырып штрихтау. «Келешекке көмек» ойыны: Өтілген тақырыпқа байланысты дидақтикалық тапсырмалар жинағын дайындау туралы ұзақ мерзімді үй тапсырмасын алады. Оған сұрақтар тізбегі, тірек белгі сияқты міндетті деңгейдегі тапсырмалармен қатар, сөзжұмбақтар мен қызықты деректер сияқты шығармашылық тапсырмалар кіреді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Натюрмортты штрихтау" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 188 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2016 1270
    • DOCX 57.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тәженова Бахтыгүл Әнуарбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32965
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель мировой художественной культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 538 человек

Курс повышения квалификации

Изучение русской живописи второй половины XIX века на уроках МХК в свете ФГОС ООО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 272 человека

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Педагог по изобразительной деятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 186 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе