Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Научная работа 3 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Математика

Научная работа 3 класс

библиотека
материалов

hello_html_1567013c.gifhello_html_m141ec12a.gifhello_html_597ca56a.gifhello_html_m71f07b4b.gifhello_html_c966a60.gifhello_html_6b3f3c0e.gifhello_html_m6f9989a0.gifhello_html_4e95305a.gifhello_html_17a0f5b9.gifhello_html_707dbe47.gifhello_html_m3750f852.gifhello_html_c45b9cd.gifhello_html_49b62aaf.gifАқмола облысы

Степногорск қаласы

1 Ақсу орта мектебі





Халық санамақтары



Ғылыми бағыт: Экономикалық және әлеуметтік жобаларды

математикалық моделдеу

Секция : математика



Мүдәліп Нұрым 3-сынып

Серік Наргиз 3 – сынып

№1 Ақсу орта мектебі

Степногорск қаласы

Ақмола облысы


Жетекші: Жумаева Айнур Кудайбергеновна

бастауыш сынып мұғалімі

№1 Ақсу орта мектебі


2015 жыл


Аннотация


Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Халық санамақтары – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей, халық санамақтары жас балаға сан үйретудің дидактикалық құралы десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып, жас балалардың қарапайым математикалық білім-түсініктерін қалыптастыру негіздерін жасаған.

Оқушылардың халық санамақтарын игеруі, олардың математикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Зерттеу жұмыстың мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы сезімге, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Зерттеу міндеттері: Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру.

Зерттеудің әдістері:

Талдау,сұхбаттасу,бақылау.

Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:

Қазақтың әр түрлі санамақтары және олардың жіктелу жолдары игерілді. Бұл берілген жұмысты математикадан қосымша сабақтарда оқушылар қызығушылықпен қолдануға болады. Санамақ жырлары арқылы балалардың тілін дамытып, санау қабілеттерін арттырған.






МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. Халық санамақтарының тарихы ...............................

2. Санамақтардың түрлері, ерекшеліктері ..............................

3. Санамақтардың ауыз әдебиетімен байланысы .....................

Қорытынды ........................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................























Кіріспе

Халық санамақтары балалар ойындарын бастауда басты рөл атқарады. . Санамақты балалар тiлi еркiн шыға бастағаннан (3-5), ойыннан қол үзiп ересек тарта бастағанға дейiнгi (13-15) жас кездерiнде жарыса жаттап, қызыға айтып жүредi.

Барша халықтар санамақтарының атқаратын негiзгi қызметi ортақ, ол – ойынды бастауға жетекшi тағайындау және сол ойындағы әр баланың мiндетiн анықтау болып келеді.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз, өңделіп, жаңарып жетуі нәтижесінде санамақтардың жаңа түрлері қалыптасты. Егер санамақтар мазмұнына назар аударсақ, олардан қандай да бiр реттiлiктi тану қиын емес. Бұл, әсiресе, сан аралас келетiн санамақтардан айқын көрiнедi. Демек, санамақтардың шығу тегiне балаларға сан үйрету өлеңдерi негiз болған деген тұжырым жасауға әбден болады. Яғни бүлдiршiндер ойын барысындағы өз реттерiн табу үшiн алғашқы кезде ата-аналарынан үйренген сан өлеңдерiн пайдаланған. Олар келе-келе түрлi өзгерiстерге түсiп, балалардың өз шығармашылығымен және тағы басқа жолдармен толығып, жеке арна түзген.

Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған санамақтар атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол – тарихи тәлім, өнеге.











  1. Халық санамақтарының тарихы

Санамақ — қазақтың жас балаларына  (4 — 7 жас) арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілік пен икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы математикалық дәріс — санауды үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Мысалы: Бір дегенім не? — Бір дегенім білеуЕкі дегенім не?— Екі дегенім егеуҮш дегенім не? — Үш дегенім үшкірТөрт дегенім не? — Төрт дегенім төрткүл. Санамақ ойыны осылайша сұрақ қойып, түрлі сандар мен сөздерді қайталап айтқызу арқылы баланың ойлау қабілетін арттырып, сөздерді анық айтуды үйретеді. Қай халықтың болмасын балалар ойындарын бастауда санамақтар басты рөл атқарады. Өзiнiң ерекше кең таралуымен де, балалар көңiл күйiне әсерлiгiмен де, сандық көлемi жағынан да бұл жанр ойындық балалар фольклорында ерекше маңызды орын алады. Солай бола тұрғанмен де, қазақ балалары арасындағы санамақтарға осы уақытқа дейiн арнайы көңiл аударылған емес. Тек олардың бiрен-саран үлгiлерi ғана «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан» сияқты газет-журналдарда жарияланып келедi. Тек 1988 жылы басылған қазақ балалар фольклорына арналған «Ақ сандық, көк сандық» атты алғашқы толымды жинақта ғана санамақтар жеке жанрлық түр ретiнде топтастырылып берiлдi. «Санамақ» сөзi орысша «считалки», өзбектерде «санамалар», түркiмендерде «санавыч», татарларда «санамышлар» болып бiр түбiрде келетiн бұл терминнiң мазмұны жалпы жанрлық түрдiң iшкi мәнiнен туғандығын байқатады. Барша халықтар санамақтарының атқаратын негiзгi қызметi ортақ, ол – ойынды бастауға жетекшi тағайындау және сол ойындағы әр баланың мiндетiн анықтау. Бiр қызығы қазбалай сұрасаңыз олардың барлығы да сол санамақты балалық бал-дәурен шақтарында құшырлана жатқа айтқан болып шығады, қажет болса кейбiр үлгiлерiн айтып та бередi. Санамақты балалар тiлi еркiн шыға бастағаннан (3-5), ойыннан қол үзiп ересек тарта бастағанға дейiнгi (13-15) жас кездерiнде жарыса жаттап, қызыға айтып жүредi. Балалар арасында санамақты көп бiлумен және оны мәнерiне келтiрiп айта бiлетiндiгiмен «беделге» ие болғандары болады. Жас өспiрiмдер арасында осыншалық құрметке ие болған бұл жанрдың тәлiмдiк мәнi де өте зор. Ең алдымен ұйқасты өлеңдер баланың поэзияға құмарлығын арттырып, әдемi сөйлеуге дағдыландырса, санамақты көп жаттауға деген құлшыныс олардың жаттау қабiлеттерiн, танымдық ой өрiсiн дамытады, ал санамақты ырғағымен айта бiлу мәнерлi сөйлеуге үйретсе, санамақ тәртiбiн бұзбай айту баланы сергектiкке, байқампаздыққа, турашылдыққа баулиды. Егер қазақ балалары санамақтарының өлең құрылысын шығу тегi жағынан сараласақ, оның ала-құла екендiгiн байқау қиын емес. Олардың iшiнде мағыналық үйлесiм ескерiле бермейтiн балалардың өз шығармашылығы да, халық шығармашылығының басқа жанрларынан ауысып келген шумақтар да, тiптi басқа халық балаларының репертуарынан (әсiресе, орыс халқынан) репертуарынан ауысқан өлеңдер де кездеседi. Осы алуан түрлi өлеңдердiң iшкi мазмұнынан балалар психологиясының ерекшелiктерi танылады. Егер санамақтар мазмұнына назар аударсақ, олардан қандай да бiр реттiлiктi тану қиын емес. Бұл, әсiресе, сан аралас келетiн санамақтардан айқын көрiнедi. Демек, санамақтардың шығу тегiне балаларға сан үйрету өлеңдерi негiз болған деген тұжырым жасауға әбден болады. Яғни бүлдiршiндер ойын барысындағы өз реттерiн табу үшiн алғашқы кезде ата-аналарынан үйренген сан өлеңдерiн пайдаланған. Олар келе-келе түрлi өзгерiстерге түсiп, балалардың өз шығармашылығымен және тағы басқа жолдармен толығып жеке арна түзген. Санамақтардағы мағынасы түсiнiксiз жұмбақ сөздер де өзгеше назар аударуды қажет етедi. Г.С.Виноградовтың орыс санамақтарына байланысты «Басқа бiрде-бiр жанрда жұмбақ сөздер санамақтардағыдай көл-көсiр, алуан түрлi және шебер пайдаланылған емес», – деген пiкiрi барлық халықтар санамақтарына ортақ. Ғалымдардың пайымдауынша жұмбақ сөздердiң шығу тегi сонау алғашқы қауымдық құрылысқа тiреледi. Ол кезеңде шаруашылықтағы құралдардан бастап, аң-құс, табиғат құбылыстарының көпшiлiгi тура аталмай, шартты атауларға ие болған. Санамақтарда сол дәстүрдiң сарқыны бар. Балалар тiрлiгiнде ол әлi күнге сол дәрежесiнде көрiнiс тауып келедi, – деген ғылыми пайымның дұрыстығын қазақ санамақтарының табиғаты да дәлелдейдi. Бiздiңше, қазақ санамақтарын да осы принциппен жүйелеу тиiмдi болады.


2. Санамақтардың түрлері мен ерекшеліктері

1. Сан алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден бастап - ақ қоғамдық құбылыс ретінде баланың ақыл - ойын дамытуда, баланың бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсету секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеуде мәні, орны ерекше. Сондықтан да «Ұлттық ойын»- тәрбиеші деуге де болады. Соның ішіндегі бір бөлігі санамақ. Санамақтар бірнеше түрге бөлінеді.
1. Саусақ санамақ.
2. Сан санамақ
3. Ұлттық санамақ
4. Күн санамақ , тағы да басқа сан алуан түрлері бар.
1. Саусақ санамақ
Кел санайық, санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.
2. Ойын ойнағанда басшы таңдау үшін айтылатын санамақ
Бірім, екім,
Алма текім.
Сапар айым,
Сар шымшық
Балтаңды ал да,
Жүгіріп шық.


3.Аң- санамақ
Бір дегенім - бөрі, Алты дегенім -арқар

Екі дегенім - елік. Жеті дегенім-жайран,

Үш дегенім - ұшар (аң), Сегіз дегенім –сілеусін.

Төрт дегенім - түлкі. Тоғыз дегенім-толай,

Бес дегенім - бөкен, Он дегенім –ор қоян.

4. Ағаш -санамақ
Бір дегенім - бәйтерек, Алты дегенім –арша.

Екі дегенім - емен. Жеті дегенім-жиде,

Үш дегенім -үйеңкі , Сегіз дегенім –сексеуіл.

Төрт дегенім - тұт. Тоғыз дегенім-тораңғы,

Бес дегенім – беке(айва), Он дегенім –орман.

Орман –аң-құстарға қорған.


5.Құс -санамақ

Бір дегенім - бірқазан, Алты дегенім – алабұлдырық,

Екі дегенім - ементұмсық. Жеті дегенім-жек (дуадақ),

Үш дегенім - үйрек, Сегіз дегенім - сұңқар.

Төрт дегенім - торғай. Тоғыз дегенім - тоқылдақ,

Бес дегенім - безгелдек, Он дегенім - оқпақ.


6.Өсімдік -санамақ

Бір дегенім - бүрген, Алты дегенім - алқа.

Екі дегенім - ермен. Жеті дегенім - жекен,

Үш дегенім - үлпілдек, Сегіз дегенім - селеу.

Төрт дегенім-түлкішек. Тоғыз дегенім - тошала,

Бес дегенім - бестамақ, Он дегенім-ошаған,

Шөптен дәрі жасаған.


Онға дейін санайық

Қолға қалам алайын,

Қанша сан бар жазайық.

Қарап тұрмай, сандарды

Қайта-қайта санайық.



0 1

Дөңгелекке ұқсайды, Біздің үйде бір тауық

Доп сияқты, ұшпайды. Бір жұмыртқа жүр тауып.

Досым нөлді О дейді, Бір сиыр бар қорада,

Десем «бұл нөл», ұқпайды. Бәтіш тәтем жүр сауып.

2 3

Екі аяқпен жүремін, Үйімде бар үш қалам,


Екі көзбен көремін. Үшеуін де ұштағам.


Екі қолым бар менің, Үш досымды салдым мен,


Екеу құлақ, білемін. Үш балыққа ұқсаған.




4 5

Төрт дөңгелек арбада, «Бестік» деген бағаны,

Төрт аяқ бар малда да ... Бақыт күнде алады.

Тауыса алмай бидайды, Бәрі жақсы көреді,

Төрт тышқан жүр қамбада. «Беске» оқыған баланы.



6 7

«Алақай!» Дер келді күн, Жеті саны киелі,

Алтыдамын мен бүгін. Жұрттың бәрі біледі.

Алты жасқа келмекші, Жеті жасқа жеткендер,

Алғы аптада енді кім? Жығылмай-ақ жүреді.

8 9

Сен де, мен де баламыз, Тоғыз жасқа келгенім -

Сегіз санын саламыз. Тоғыз жылды көргенім.

Сегіз деген екі төрт, Тоғыз жаста тәнті еткен,

Сегіз жаста ағамыз. Талабымды көр менің!

10

Он жыл, он жас - он деген,

Он жас кіші ол менен.

Онды жаза аламыз,

Он - тұрған бір нөл менен.



Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.



Оң аяқта бес башай,

Сол аяқта бес башай.

Қосып едім екеуін

Болып шықты он башай.









Санамақтың ерекшеліктерін біз төмендегідей сипаттадық.

Бір дегенің-білеу. Бір санының таңбасы, яғни бір цифрының кескінделуі білеуге ұқсайды. «Білеу-қайрақтас, қайрақ».

Екі дегенің- егеу. Қазақта ағаштан ыдыс-аяқ жасағанда оның ішін ұңғып оятын, ұшы қайқы құрал түрі болған. Демек, екі саны егеуге ұқсайтын пішінде таңбаланады.

Үш дегенің –үскі. Үскі –жергілікті тілде бұрғы, тескіш сөздерінің синонимі ретінде қолданылады. Үш санының таңбасы бұрғы тәріздес болатынын бірден байқауға болады.

Төрт дегенің-төсек. Төрт санының таңбасы қазақтың төсек ағашының пішініне ұқсайтыны көрініп тұр.

Бес дегенің –бесік. Біздіңше,бестің таңбалануы «бесік жамбыға» ұқсас екендігі меңзеліп тұрған сияқты. Бесік жамбы –бесік формасында құйылған күміс не алтын.Алты дегенің-асық. Алты санының таңбалануы «асық жамбы» пішіндес. Асық жамбы –үлкендігі қой асығы көлеміндей алтын немесе күміс.

Жеті дегенің желке. Бұл жерде жеті санының таңбалануы қазақ қолөнеріне қатысы бар желкелік сөзімен байланысты деп ойлаймыз. Желкелік –біріншіден жүгеннің екі жақтауының желкеде түйісетін ұшы;

Екіншіден киім жағасының астына қадалған ілгек(бау.

Сегіз дегенің –серке. Сегіздің таңбалануын серкенің мүйізіне ұқсату болуы мүмкін. Бірақ жоғарыдағы заттардың бәрі дерлік қазақ қолөнеріне қатысты болғандықтан, біздің пікірімізше,бұл жерде серке емес, бастапқыда сірке сөзі қолданылған сияқты. Сірке – аяқ киімнің сірісіне салынатын түртік-түртік өрнек.

Тоғыз дегенің –торқа. Тоғыздың таңбалануы оралған матаның кескініне ұқсайды. Торқа – ең қымбат жібек мата.

Он дегенің –оймақ. Оймақ іс тіккенде саусаққа ине, жуалдыз батпау үшін пайдаланылатын темірден, жезден,күмістен жасалған құрал. Демек, он саны саусақ пен оның қасындағы оймақ пішіндес ноқат арқылы таңбаланады.

Біздің ойымызша, алтыға дейінгі сандарды қамтып келетін санамақтардың айтылу мақсаты да балаға алтыға дейінгі сандардың жазбаша нумерациясын игертумен байланысты сияқты.

Саусақ санамақ. Айдағы күн санын анықтау.

"Бұл ай нешесіне бітуші еді? -деп күнтізбені қарап жататынымыз белгілі. Желтоқсан мен Ақпанға ғана қиналмаймыз, себебі бірі - жылдың соңы, екіншісі - қысқа ай. Кібісе жылдарды шатастырмасаң болғаны. Ал басқа айлар ше? Олардағы күн санын жатқа білетіндер де бар шығар, бірақ өзім ондаймен басымды қатырмаймын. Өйткені балабақшада үйреніп алған тәсілім бар. Бұл тәсілді барлығы біледі деп ойлап жүретінмін, сөйтсем білмейтіндер кездеседі екен. Сондықтан "Саусақ санамаққа" қосуды жөн көрдім. Бұл әдіске саусақтар емес, түйілген жұдырығыңыз керек. Екінші қолыңыздың сұқ саусағы да артық болмас. Ай санын анықтауды сол қолдан бастайық.



Ал, шілдеден кейінгі айларды оң жұдырығымыздан қараймыз. Дөңес жері (буын) - 31 күн, ал ойысы (буын арасы) - 30 күн (Ақпан болса 28-29 күн) екенін көрсетіп тұр.


Шілде мен Тамыз қатарынан 31 күндік айлар болғаны туралы мынандай аңыз бар екен. Ежелгі Рим императоры Август өзінің атымен аталған айда 30-ақ күн екеніне іші күйіп: "Юлий Цезардың атымен аталған Июль айында 31 күн болғанда менікі неге кем болу керек?" деп, Февральдан бір күнді тартып алып, Августқа қосып алыпты-дейді.
























3. Санамақтардың ауыз әдебиетімен байланысы

Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі санамақ. Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен қатар халқымыздың атадан қалған салт дәстүрін де санау арқылы үйренеді, әрі дүниені таниды. Баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Атау ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әр санға ұқсас заттарды танып біледі. Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін.
Саусақтарды саралап,
Кел санайық санамақ.
Бірім – бірлік, Алтым – асық,
Екім – елік, Жетім – желке,

Үшім – үскі, Сегізім – серке,
Төртім – түскі, Тоғызым – торқа,
Бесім – бесік, Оным – олжа,
Санамақты санадық
Енді сәл дем алалық.
Санамақтар әртүрлі мағынада болады. Осындай санамақтар арқылы балалардың тілі дамып, санау қабілеттері артады. Санамақтағы әрбір сөзді, атауды есінде сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп ойлаймыз. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге қызығушылығын арттырады. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге оларды мектепке даярлайды.

Бала тәрбиесіндегі санамақтар да үлкен орын алады. Санамақтар туралы Ә.Табылдиев былай дейді: «Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді».
Санамақтар баланы әдемі сөйлеуге дағдыландырса, жаттау қабілеттерін, танымдық ой-өрісін дамытады. Санамақ тәртібін бұзбай айту балаларды аңғарымпаздық қасиетке баулиды. Санамақ балалардан белсенділік пен алғырлықты талап ететін жанр.
Сен кір, сен шық, – дегенде бала санамақты тыңдап қана қоймай, оны қайталайды, сол арқылы сандарды таниды, жаңа бір ұғымдармен танысып, дүниетанымын кеңейтеді, есте сақтау қабілеті мен тілін жаттықтырады. Өйткені санамақ қарапайым сандар мен сөздердің жиынтығы ғана емес, ол – көркем сөзбен кестеленген тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шағын поэтикалық шығарма. Санамақтар көп ретте реттік сандармен басталады.
Бір дегенім – бесік, Алты дегенім – ақыл,
Екі дегенім – есік, Жеті дегенім – жалау,
Үш дегенім – үміт, Сегіз дегенім – сұрау,

Төрт дегенім – мүлік, Тоғыз дегенім - талғам,
 Бес дегенім – батыр, Он дегенім – орман...
Он жасында талайлар,
Елге қорған болған! – дегенде
атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі. Екіншіден, саусақ ойыны баланы сан үйренуге ынтықтырады. 
Санамақтардың түпкі негізі осылай халықтық педагогикамен байланысып жатады. Санамақтардың да өзіндік туу заңдылықтары бар. Олар бала өмірінің қажетін өтеу үшін туады да, баланың әр кездегі жас мөлшеріне, психологиясына лайықталып айтылады. Жоғарыда алынған үзінділердегі санамақ бала санасына сіңіп, оның ұғымын, түсінігін де кеңейтеді. 
Санамақ жыры балаға сан үйретуден басталады. Мұнда сандар жеке айтылмай, кейде атауы ұқсас екінші бір затпен қосақталып, («Бір дегенім – білеу, Екі дегенім - егеу» деген сияқы), кейде сан тәуелдік және атау түрінде өзара тіркесіп «Бірім-бір, екім-екі, үшім-үш» түрінде қайталанды. 
Мұның бәрі жас баланың санды тез жаттап алуына қолайлы болуын көздейді.


Зерттеу нәтижесі

Біз әр сыныптарға барып, оқушылармен кездестік. Әр о

















Қорытынды

Сонау, ерте замандардан бері көшіп- қонып жүрген біздің қазақ ұлты санамақтарды тұрмыс - салт ерекшелігіне, күнделікті тұрмыстың, өз кәсібінің қажеттілігіне сай қалыптастырған. Сөзіміздің дәлелі ретінде санамақтардың түр –түріне тоқталдық. Мысалы:«Бір дегенің – білеу,екі дегенің – егеу» деген сияқты тілдік қорымызда да мұндай санамақтар көп кезігеді .Жыл мезгілдерін меңгерту барысында жұдырық арқылы айдағы күн санын анықтаған.

Бала ұғымын, түсінігін кеңейтуде, оның тілін, ойын дамытуда, оларды үлгілі істерге тәрбиелеуде санамақтар да маңызды рөл атқарады. Санамақтар құпиясы баланы әрқашан қызықтырып, ілгері жетелейді. Сол негізде санауға үйретеді. Мұндай санамақтар бала ойын ұштайды. 

Міне, көріп отырсыздар ойласақ бәріде ертедегі көшпенді тұрмысымызда қолданысқа түскен, қазірде ел аузында күнделікті тұрмыста айтып жүретін халық санамақтары әлі де қолданыс үстінде. Солайда, біз бүгінгі дәуір ұрпақтарымызға ата- бабасының осы санамқтарының ғылимылығын дұрыс түсіндіріп, оларды даналарымыздың тағылымы мен ақыл-парасатының жауһарынан терең сусындатып, ұлтымыздың байырғы тапқырлықтарын жадында сақтайтын, өздерінің ана тіліндегі сөздік қорын байытуына септігі тиер деген ойдамыз.



 






Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Кенжеахметұлы. С. « Жеті қазына ». Алматы,

« Ана – тілі », 2000, 49 – б, 57– б

2. «Санамақтар жинағы» 1996 жыл

3. «Алгорифм» физика –математикалық журнал №5 2010 жыл

4. «Мөлдір бұлақ» журналы

5. «Айгөлек» журналы























Степногорск қаласы

1 Ақсу орта мектебінің 2 «А» сынып

оқушылары Мүдәліп Нұрым мен

Серік Наргиздің « Халық санамақтары»

атты зерттеу жұмысына


Пікір


Бұл жұмыста оқушы халық санамақтарына тоқталған және санамақтардың түрлерін көрсеткен. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің халық санамақтарына аса қызығушылықпен қарайтынын, замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған санамақтарды жинап, оларға сипаттама берген. Бұл берілген жұмысты математикадан қосымша сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын , логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып,
бала ұғымын, түсінігін кеңейтуде, оның тілін, ойын дамытуда, оларды үлгілі істерге тәрбиелеу мақсатында кеңінен қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын.


Жетекші А. Жумаева



















Оқушылармен кездесу сәттері























Автор
Дата добавления 22.12.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров202
Номер материала ДВ-279045
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх