Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Биология / Научные работы / Научная работа на тему " Қазалы өңіріндегі емдік қасиетке ие дәрілік өсімдіктер"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Научная работа на тему " Қазалы өңіріндегі емдік қасиетке ие дәрілік өсімдіктер"

библиотека
материалов


Кіріспе


Биология,медицина,фармакология және фармакокнозия ғылымдарынан хабары жоқ кезде де халық өздеріне белгілі өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтарын және буын-бұтақтарын дәрі-дәрмек орнына пайдаланып келген.

Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасы жағына көз жіберіп қарасақ,жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектердің 78%, ішек, қарын, бауыр,жүрек дәрілерінің 75%,жатыр ауруларының шипалы дәрі- дәрмектерінің 80%,қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қант тыятын дәрілердің 65%, тек өсімдіктерден алынады.Орман-тоғайлар әр-түрлі шөптер адамға қанша пайда әкелетінін түгел санап шығу мүмкін емес.Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып,20000 астам мәдени өсімдік түрлерін 5000-нан асады.Мұның көпшілігі Қазақстанның таулы аудандарында кездеседі.Соның 500-дейінен әр түрлі аурудан айықтыратын шипалы дәрі-дәрмек жасалады.Қазалы өңірінде осылардың ішінде адыраспан, кәдімгі жантақ, сарымсақ, шеңгел, шашыратқы, өгейшөп, жусан, мия, андыз, сусамыр, және т.б. толып жатқан өсімдіктер бар.Осынша табиғат байлығын игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор.Мысалы, өзіміздің ауданымызда өсетін көптеген жергілікті дәрілік өсімдіктерді пайдалану әдістері туралы бірнеше мәлемет жинадық.Ауылымыздың тұрғындары алуан түрлі өсімдіктерді тағам, отын ретінде пайдаланып жүріп, олардың кейбіреулерін дертке шипа болатынын және олардың дерттің жеңіл-желпі түрлеріне қолданылуын біледі.Медицинаның дамуына байланысты дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер біртіндеп көбейе беруде.Төменде өзіміздің ауданда бірнеше дәрілік өсімдіктердің қарапайым ауруларға ем болатыны туралы медициналық мәліметтер берілген.
















Зерттеу бөлімі

А) Қазалы өңіріндегі дәрілік қасиетке ие дәрілік өсімдіктердің түрлері

Қызылорда облысындағы 8 ауданның бірі - Қазалы өңірі.Теңіз деңгейінен +63 метр.Кайназой эрасындағы антропоген жүйесіндегі қазіргі шөгінді жыныстардың бетінде орналасқан.Мезазойға дейінгі фундамент 500 метр тереңдікте орналасқан. Беттік шөгінді жыныстар антропогендік жүйенің элювияльді,деэлювияльді шөгінді жыныстар.Жерасты суларының орналасу тереңдігі 2 метр.Жерасты суы Қызылқұм артезиян бассейініне жатады.Өзен аңғарлық террассада орналасқан.Жыл ішіндегі күннің түсу ұзақтығы 2900 сағат.

Желдің соғу жылдамдығы 4-4,5 м/сек.Қаңтар айының орташа температурасы – 12-градус,абсолюттік минимум – 42 градус.Шілде айының орташа температурасы + 26 градус, абсолюттік минимум +46 градус.Жылдық жауын-шашынның 75%-ы түседі.Атмосфералық қ ұрғақшылық орташа 85 см-ді құрайды. Қар жамылғысы 104 тәулік жата алады.ал қалыңдығы 10см-ден төмен.Бұрқасынды күнде 10 тәуліктен жоғары.

Қазалы өңірінің климаты континетті,жазы ыстық,қуаңшылық сондықтан шөлге төзімді дәрілік қасиетке ие өсімдіктердің түрлері өседі.

Қазалы өңіріндегі дәрілік өсімдіктерді зерттеудің маңызы зор.Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан Қазалы халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.

Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктерден дайындалады.Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия,үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті.Ол үшін дәрісіз «ем –домды» дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы

«Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің шырынында»

«Дана көптен шығады-дәрі шөптен шығады» деп біз өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз.

Табиғат байлығын игерумен бірге өңіріміздегі дәрілік өсімдіктерді зерттеуді өзімнің перзерттік парызым деп санадым.

hello_html_mceb45b7.png

«Қазалы өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктер» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысымды жүргізу барысында осы өңірде өсетін өсімдіктерден адыраспан өсімдігін өз үйімнің бақшалық жеріне тұқымнан өсіруден бастадым.

Зерттеу жұмысымды негізінен салыстыру,өлшеу,бақылау,тәжірибе жасау әдістерін пайдалану арқылы жүргіздім.

Зерттеу барысында төмендегідей емдік шөптердің дәрілік қасиеттері туралы мәліметтер жинақтадым.

Қазалы өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктердің түрлері:



Кәдімгі жантақ

Қазақстанда жиі кездесетін көп жылдық өсімдік.Бұл көбіне шөл және шөлейтті аймақтарда, сазды далаларда,сортаң, құмды жерлерде, ал бау-бақшалада арамшөппен бірге өседі.Оның тамырының ұзындығы жер асты су деңгейіне жетеді.Жантақ құрғақшылыққа төзімді. Гүлдерінің түсі күлгін,қызғылт болып келеді.Ірі бұршақтарының ішінде бүршік тәрізді тұқымдары болады.Әсіресе шөлді жерлерде азықтың маңызы зор.Шөбін ұнтақтап,мал азығы ретінде дайындайды.Жантақтың гүлдеп тұрған шіліктері бал өндірудің бағалы көзі болса керек.Маусым,шілде айларында шірне алады.Жантақтың тамыры,жапырақтары халықтық медицинада,әсіресе бауыр,асқазан және баспа, жара сияқты ауруларды емдеуге бірден-бір ем.Дәмі тәтті, қант тәрізді.Шөптерінен қайнатпа дайындап шай ретінде ішсе, ағзаның қорғану қызметін арыттырады.Жантақтың шайы шөл қандырады әрі тер бөлінуді азайтады.

Шеңгел

Шеңгел- бұталы дәрілік өсімдік.Сабақтары қызыл қоңыр түсті әрі тез өседі, бұтақтары көп.Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сабақтары ұзын,төменгі жағындағы және орта шеніндегі жапырақтары үш-үштен қосақталып тұрады.Гүлдері ірі ,масақ тәрізденіп,бұтақтарының үш жағында,жапырақтарының қуысында екі-екіден жиналып тұрады.Оңай ашылатын буылтық қауашағындағы екі тұқым.Дәрілік мақсатта шеңгелдің тамырын күзде қазып алады.Құрамында ононин,ононит бар.Шеңгел тамырының тер шығаратын,іш жүргізетін,несеп айдайтын қасиеті бар.Осыған байланысты халық медицинасында шеңгел тамырымен шеменді,сарыпты,ревматизмді емдейді.Сонымен қатар бүйрекке және қуыққа тас байлағанда да оның тамырын пайдаланады.Іш жүргізетін қасиетін геморойды емдегенде қолданады.Мұндай аурудың іші дұрыс жүріп,жағдайы жақсарады.

Шашыратқы Жолдардың жиегінде,шалғынды беткейлерде,егістік жерледе,ауыл арасында өсе береді.Дәрі жасау үшін шашыратқының тамырын күзде қазып алады. Оның құрамында белок,май,ащы заттар,инцулин,хонин,илік заттар, аскорбин қышқылы,қант,В дәрумені бар.Шашыратқының тамырынан жасалған дәрілердің микробтарды жоятын,тамаққа тәбетті арттыратын, өт айдайтын, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар.Мұны ас қорыту бездерінің жұмысын реттеу үшін,асқазанның қабынуын, бауыр ауруларын емдеу үшін де пайдаланады.Өт қалтасы қабынғанда және тас пайда болғанда да шашыратқының шипалық қасиеті мол деп есептелінеді.hello_html_m62ca9f55.png

Өгейшөп

Дәрілік мақсатта пайдаланады.Құрамында туссилягин,шырышты заттар, органикалық қышқылдар,илік заттар,сапониндер,эфир майлары, аскорбин қышқылдары бар.Өгейшөптің жапырақтары тер шығарады,қабынуға қарсы әсер етеді,қақырық түсіреді.Сонымен бірге өгейшөптің жапырақтары жоғары тыныс жолдары мен өкпе қабынуына,тыныс демікпесіне,тамақ бездерінің ауруларына шипа.hello_html_m3dee5838.png

Жусанның пайдасы

Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішіндегі ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті артырады деп есептеген. Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңілінің орнығады. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз, көзіңіз тез ілінеді. hello_html_4056654d.png



Биік андыз - тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік, андыздың бір түрі. Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді.hello_html_19da4dac.png

Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы 10-15 см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді.

Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді. Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек.

ИТМҰРЫН(Раушангүлділер тұқымдасы)

Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (А лтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сүр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.hello_html_7dcd055b.png

Осылардың ішінде менің ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған яғни Қазалы өңірінде өсетін емдік қасиеті бар,ауданымыздың қуаншылығына бейімделген,шөлде өсетін – адыраспан өсімдігіне жеке тоқталсам. Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған.Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған. Біріншіден, оны қауызы толып, тұқымы толық піскен кезде ғана жұлған. Екіншіден, ер адамның ғана жұлуына рұқсат етілген. Үшіншіден, сол жұлатын адамның жаны ғана емес, үсті-басы таза, дәреті бар екеніне мән берілген. Төртіншіден, жұлушы кісі міндетті түрде Аллаһқа құлшылық етіп, «Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим! Мен келдім әр нәрсеге, адыраспан, Атыңды қойған екен Омар, Оспан. Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим!» деп барып, өсімдіктің сағағына қолын тигізген. Бұл жердегі Омар мен Оспанның пайғамбарымыз Мұхаммед ғалаһауи-с-саламның әйгілі төрт сахабасының екеуі екенін мүмкін жұрт білетін шығар деп ойлаймыз.

Адыраспан - көп жылдық, шөптектес түйе табандар тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы, жалаңаш жасыл түсті және қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген, етті өсімдік.Оның тостағаншасы – бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5 – 2 см аталығы 15. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ, диаметрі 6-10 мм шар тәріздес, үш жеміс қалтасынан тұрады. Тұқымының түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр , ұзындығы 3 – 4 мм, .үш ұшты төбешік тәрізді. Мамыр , шілде айында гүлдейді, шілде – тамыз да піседі. Қатты хош исі бар. Топтанып өседі . Жеке ірі бұтақтарында 150 – ге дейін сабақтары болады. Өсімдіктің жер бетіне өсіп өнуі наурыз айының аяғы мен сәуір айында болады.Бүршіктенуі сәуір айында басталады, мүшелердің шығуы тамыз айында басталып, күзге үсік болғанда аяқталады. hello_html_m255689b7.pnghello_html_m26d638fc.png

Бақшамда еккен адыраспанымның гүлдеген кезінде яғни шілде айында жинап аладым. Оны алғанда сол тұрған бойы бәрі ала бермей оның пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін бір қиқымын жерге түсірмей көлдей орамалға түйіп, тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кестім.Сөйтіп кептіріп көлеңкелі жерге ауа өтіп тұратын жерге 1 жыл сақтадым.



1Ғылыми дәлелдемеге сүйенсек адыраспан – барынша улы өсімдік. Оның мұндай қасиеті барын аталмыш өскінді ыстау үшін отқа тигізген кезінде ұшатын ащы түтінінің өзі байқатады.Адыраспанның химиялық құрамына көз жүгіртсек, бұл сөзіміздің дәлелді екенін анық аңғара түсер едік. Адыраспанның тұқымында 3,5-6 пайыз алкалойд, 60 пайыз гармалин, 30 гармин және шамалы ғана мөлшерде гармалол, пеганин (вазицин) мен дезоксивицинон шөбінің құрамында 1,5-3 пайыз алкалойд, 60 пайыз пеганин мен вазицинон бар. Бұдан басқа аздау көлемде пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылған. Тамырында -1,7-3,3 пайыз, сабағында -0,23-3,57 пайыз, жапырағында – 1,07-4,96 пайыз, гүлінде – 2,82 пайыз, жемісінде – 1,08 пайыз, тұқымында 2,38-4,59 пайыз алкалоидты заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мөлшері 2 есе көп келеді.

Фармакологияда адыраспан шөбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас, зәр айдауды жақсарту, тер шығару, ішек құрттарын өлтіру, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин мен пеганин қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазан мен жүректің жұмысын баяулатады. Ал адыраспан шөбінен қолдан дайындалған тұнбаларды емшілер бұдан да басқа алуан түрлі науқастарды жазу үшін пайдаланады. Айталық, адыраспан тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін, малярия, безгек, мерез ауруларын жазған.Адыраспанның түтіні және одан жасалған тұнба аяқ сырқырауынада ем.Мен осы тәжіребиені пайдалана отырып,экологиялық аймақтағы науқас адамдарға жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің бірі – адыраспаннан тұнба жасап пайдалану арқылы көмек беруді мақсат еттім.Сөйтіп өз әжем Байназарқызы Тұрсынды емдедім.Мен оның ауруын жазу үшін өз тәжірибем бойынша 1 жыл сақталған яғни кептірілген адыраспаннан тұнба дайындадым(оны төмендегі 2 кестеден көруге болады).

2 - кесте

А

д

ы

р

а

с

п

а

н

Аяқ сырқырап ауруы

1 стакан қайнатылған суға

1 ас қасық адыраспан шөбін салып

30 минут қойып дәкемен сүзіп алып аяқтың ауырған жеріне 1ай таңдым.












































Қорытынды

Менің осы ғылыми ізденіс еңбегім жергілікті жер табиғатын экологиялық зардаптардан сауықтырудың тиімді жолдарын қарастыру арқылы аймақ экономикасын тұрақты дамытуға және тұрғылықты халықтың келешекке деген сенімі мен үмітін тұрақтандырдым. Осы сыр өңіріндегі дәрілік өсімдіктерді пайдалану әдістері туралы бірнеше мәлімет жинап, олардан адам өміріне пайдалану жолдарын іздестірдім. Ғылыми ізденістегі жобаның нәтижесі бүгінгі таңда жергілікті халық шаруашылығында қолданылуда. Ұсыныс:

- Жоба сарапталып ғылыми орталықтарға ұсынылса .

- Халықты сауықтыруға бағытталған осы тақырыпқа ұқсас жұмыстар жинақталып , мектеп бағдарламаларындағы биология және химия пәндерінің үйірмелерінде насихатталса .

- Мен осы жобам арқылы ҚР - ның 2030 жылға арналған даму

бағдарламасына өз үлесімді қосамын деген ойдамын .





























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


1.Е.Ағелеов Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы


2.Н.Т.Дәріұүлыов Ботаника

3.М.Османова, Өсімдік – жанға шипа


4.Ж.Лұқпанов,Дертке дауа


5.Биология анықтамалығы журналы №1,2011 жыл


6.Биология журналы №4,2002 жыл








9


Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Биология
Подраздел Научные работы
Просмотров401
Номер материала ДБ-028153
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх