Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Научная работа на тему "Оңалбек Кенжебекұлының әдеби мұрасының маңызы"

Научная работа на тему "Оңалбек Кенжебекұлының әдеби мұрасының маңызы"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Зеленобор мектеп-гимназиясы





Жобаның тақырыбы:

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі

ақын,жазушы,аудармашы

Кенжебек Оңалбек Қасымбекұлының

әдеби мұрасының маңызы








Секциясы: қазақ тілі мен әдебиеті

Орындаған: 10 сынып оқушысы Какимов Қанатбек

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Акатова Айжан Аманжоловна












Щучье, 2015



Мазмұны


Абстракт

І Кіріспе

Оңалбек Қасымбекұлының өмірбаяны.

ІІ Негізгі бөлім

Оңалбек Қасымбекұлының шығармашылығы.

(көркемдік тілі )

ІІІ Қорытынды

1Ақынның әдеби мұрасының маңызы.

2.Пайдаланған әдебиеттер

























Абстракт

Зерттеудің өзектілігі

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы : « Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі ақын,жазушы,аудармашы Кенжебек Оңалбек Қасымбекұлының

әдеби мұрасының маңызы» Бұл тақырыпты таңдау себебім әлі де аты танымал болып үлгермеген,бірақ әдебиетке өзінің қолтаңбасын қалдырған ақын-жазушының өз оқырмандарының табылуына ықпал ету.

Сол себептен де ақынның әдеби мұрасының маңызы бар деп есептеймін.

Мәселе: Мектеп оқушыларының қаламгер жайлы ақпараттан мүлде хабарсыз болуы:

Гипотеза: Егер де оқырман қауым қаламгердің шығармаларын оқыса, онда оқушы өзі үшін көптеген адами құндылықтарды тауып, бойына сіңіретініне кәміл сенемін. Өйткені ақын мұрасы оқуға тұрарлық нәрсе.

Жұмыстың мақсаты: Қазақ әдебиетіне өзіндік үлесін қосып,

өз қолтаңбасын қалдырған ,бірақ Қазақстандық оқырмандар үшін әлі бейтаныс , әлі зерттеліп өз бағасын алып үлгермеген ақын, жазушы, аудармашы Кенжебек Оңалбек Қасымбекұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, маңызын ашу.

Зерттеу заты: Ақынның мұрасы, қолжазбалары, газет-журнал материалдары,жеке тұтынған заттары т.б

Зерттеу міндеттері:

  • Ақынның өмірбаянын зерттеу;

  • Ақын шығармаларын жинақтау, зерттеу, жүйелеу;

  • Ақын поэзиясының тақырыбын және көркемдік ерекшелігін анықтау;

  • Ақын өмірінен түрлі фото- суреттер жинастыру;

  • Ақынның газет-журналдарда жарық көрген өлеңдерін жинастыру;

  • О.Қасымбекұлының көзі тірі кезінде тұтынған заттарын, құралдарын жинау;

Зерттеудің болжамы

  • Ақынның жарық көрмей қалған шығармаларын бастырып шығару;

  • Ақынның өмірі мен шығармаларын ғаламторға енгізу;

  • Ақынның шығармаларын қазақ әдебиетінің алтын қорына енгізу;

  • Ақын өмір сүрген Щучье қаласының бір мектебіне ақынға арналған мұражай не бұрыш ашу;





І Кіріспе

Оңалбек Қасымбекұлының өмірбаяны

Кенжебек Оңалбек Қасымбекұлы 1952 жылы 3 қаңтарда Шымкент облысы, Арыс қаласында көпбалалы отбасында балалардың тұңғышы болып дүниеге келді.Талантты бала мектеп қабырғасынан бастап-ақ аудандық баспа беттеріне шағын мақалалар жариялап,өзінің қаламын ұштай бастады. Мектептегі үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін мектеп басшылығы дарынды баланы сол кездегі Бүкілодақтық «Артек» балалар лагеріне жібереді.

Мектепті бітіргеннен кейін жазушы Алматы қаласындағы педагогикалық институтқа түседі.Оқуын жақсы аяқтап,қаламгер Қызылқұм ауданы, Ақтөбе ауылына қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып қызметін бастайды.

Осы мектепте ол орыс тілінің мұғалімі, сүйікті жары Раисамен көңіл қосып, шаңырақ көтереді. Дүниеге үш перзент: Ақмарал,Нұрлан,Арман, келеді.

1980 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, «Жазушы» баспасында

14 жыл қызмет етіп, жүздеген кітаптарға редакторлық жасайды. Болашақ жазушының қолынан көптеген атақты қаламгерлердің, журналистердің туындылары өңделіп өтті. Жазушы бұл жылдары да әдебиетпен жан-жақты шұғылданды. Кейін дарынды қаламгердің өзі де көптеген сықақ әңгімелерді өмірге әкелді. «Алты әзілкеш» , «Шыж-быж» , «Әңгіртаяқ» жинақтары баспа бетінен басылып шықты. Жазушының біраз скетчтері сол кездегі астаналық театрларда қойылып, көрермен қауымынан өз бағасын алды.

1994 жылы қаламгердің отбасы сол кездегі Көкшетау, қазіргі Ақмола облысы ,Щучье қаласына көшіп келеді. Оңалбек Қасымбекұлы бұл елде жергілікті «Бурабай» газетінде, «Аударма» баспасында қызмет істеді.

Ақын өзінің саналы ғұмырында көптеген тарихи мақалалар, өз өлкесінің экологиялық мәселесі жайлы құнды дүниелер жазып қалдырған.

Сонымен қатар ақынды толғандырған мәселе –қазақ тілінің тағдыры еді.

Ақын: «Тілсіз өскен шала ұрпақ шалажансар,


Мәңгүрт,мылқау,мақау боп азбайды ма?»- деп, бүгінгі таңдағы қазақ тілінің қадір-қасиетінің жойылып бара жатқан ащщы шындығын ашып айтады.

Ақын жер ортасы жасына келгенде прозға да,поэзияға да еркін қалам тартқан майталман жазушы атанады. 1994 жылы 15 қыркүйекте «Қазақстанның жазушылар одағына» мүшелікке кіреді.

Ақын жасы 55- ке келгенде , өзінің соңғы кітабы «Қас қағым сәт» жинағын дүниеге әкеледі. Бұл жинаққа өмірі «қас қағымдай» болып өткен ақынның өлеңдері, шағын әңгімелері, сықақ өлеңдері,әзіл-оспақтары ,скетчтері мен мақалалары енген.

«Қажымұқан тұлғалы түр-өңге бай,

Келбетінен тұратын күлімдеп Ай.

Қайран досым жеткенде жер ортаға

Парағыңның қапыда сүрінгені –ай – деп ақын өзінің

«Неге асықтың?» атты өлеңінде жырлап өткендей, ақынның өзі де алпыстың асуына шыға алмай, көлденең келген кеселді аурудан 2007 жылдың

30 мамырында көз жұмды.

Жазушы Арасанбай Естенов: «Қулық –сұмдықты , өтірік айтуды, «жауырды жаба тоқуды» білмейтін сабазың барды бар,жоқты жоқ деп айтып салып, қарап отырушы еді» -деп, Оңалбек Кенжебек ағаны жылы лебізбен еске алады. Шындығында, жары Раиса апайдың, қызы Ақмаралдың айтуынша, Оңалбек аға өте қарапайым, адал адам болған деседі. Ол өзінің туған тілін,дәстүрін,елдің тарихын, мәдениетін,әдебиетін терең білген.

Қаламгер тек қағазбастылыққа салынбай, сүйікті жар, өнегелі әке, ардақты ата да бола білген. « Балаларының,немерелерінің ортасында қызықты әңгімелер айтып, шахмат ойнап, немерелеріне сурет салуды үйретіп отыруды да ұмытпаушы еді»- деп еске алады Раиса апай.

Ендеше,жақсы азамат,адал дос,үлгілі әке,қаламы ұшқыр жазушы ретінде

Кенжебек Оңалбек Қасымбекұлының жарқын бейнесі жадымыздан мәңгі өшпек емес.

ІІ Негізгі бөлім . Зерттеу бөлімі

Оңалбек Кежебектің шығармашылығы

(көркемдік ерекшелігі)

Иә, өмір көшімен өтіп кетсе де, әдебиетте өзіндік қолтаңбасы бар,жазғаны тартымды белгілі жазушы, аудармашы, сатирик, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Оңалбек аға өзінің артынан мол әдеби мұра қалдырды деп жоғарыда айтып кеткенмін. Ақын шығармашылығын зерттеу барысында оның өлеңдері өзгеге ұқсамайтын өзгеше дүние екендігіне көзім жетті. Сол себептен де ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін ашуды өзімнің басты мақсатымның бірі етіп алдым.

...Жазушының жан дүниесі, адами болмысы тұнып тұрған философия.

Көзі тірісінде қолынан қаламы түспей, тізбектеп жүріп ой маржанын жіпке тізген ақын шығармашылығының жанры да әр қилы. Атап айтсақ, проза , поэзия, драматургия, сықақ әңгіме, ой-толғаулар т.б жанрларға қалам тартқан. Дестелеп-кестелеп, қиыннан қиыстырып , сөз сарасын іздеген қаламгердің қозғаған тақырыптары да әр алуан.

Ақын: Ғұмыр мен жалған алдамшы,

Өткеннің бәрі көрген түс.

Қызығы семіп арбаушы,

Елеске сеніп келгенбіз- деп, өмір жайлы толғанса,бірде:

«Ей ,әйелдер, бейбіт күнді аяла,

Тірлік үшін сиқырыңды аяма.

Әйел-ана,жар, жеңгетай,бауырың,

Ей, еркектер! Әйел-мәуе,саяла!- деп әйел затының құдіретін асқақтата жырлайды.





Жалықпай жазып, көз шырымын алмай ойланып, өз туындысына өзінің көзі қазы , көңілі таразы болған ақын әр қилы тақырыптарға қалам тартқан.

Жалпы ақын туралы , оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер

баршылық. Ендігі кезекте ақын шығармаларына лингвистикалық тұрғыдан, пәлсапалық, ғылыми тұрғыдан, әдебиеттанудан, соның ішінде, әдебиет теориясы тұрғысынан баға беру керек , өйткені ақын шығармашылығының көркемдік ерекшелігі туралы зерттеу жұмысы жоқ.

Енді, ақын суреткерлігіне, өлеңдеп өрілген ойларының көркемдігіне шындап көз жеткізу үшін жырларына кезек берейік. Түйеден түскендей түйдей-түйдек ойларын жыр үлгісінде жалаң түрде бере салған жоқ, керісінше, құбылту арқылы троп пен фигураның түрлеріне салып, тігісін жатқызып, икемдеп әкелді. Иін, иірім сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолданып, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп танытып, ойды өзгертіп жеткізе білді.

О,Поэзия!

Аппақ атқан таңбысың,

Мөлдір,таза армысың?

Қияли әлем ғажайып,

Құмыр ләззат жанбысың?

(«О,Поэзия»)

Бұл шумақта ақын метафораны (ауыстыру) шебер қолдана білген. Екі нәрсенің бір-біріне ұқсастығына қарай бір-бірімен ауыстырып айту арқылы мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейтеді. Сөзіміз дәлелді болсын:

Наурызбай,елдің асқан сұңқары едің,

Бәйгеге баптап жеккен тұлпары едің!

Қанатың қайырылды-ау жазықсыздан,

Сен де бір отбасының іңкәрі едің!

(«Наурызбаймен қоштасу»)


Көркем шығармада жансызға жан бітіріп, тірінің әрекетімен ауыстыра суреттеуді кейіптеу дейді. Ақын құбылтудың бір түрі осы кейіптеуді өлеңдерінде жиі қолданады.

Қақаған қыс арқада,

Қағады ма арқаға,

Бетіңнен кеп шымши ма,

Көне ме арқа-жарқаға?

(«Қыс»)

Ақын өлеңдеріндегі теңеулер оның ақындық қуаты, қаруы іспетті көп қолданысқа ие көркемдегіш құралдардың бірі. Теңеулерді қаламгер өте жиі қолданғанын ескеру керек.

... Бір сөз ғана жаныңды жаралайды,

Топас зеку арыңды аралайды.

Пәк сезімді кіршіксіз қалай қиып

Күл шашқандай бетке ұрып қаралайды.

немесе: Алатаудай басыңыз,

Сырдариядай тасыңыз.

Келіп те қапты байқаусыз

Сексен үш деген жасыңыз.

(«Әкем Қасымбекке»)

Эпитеттер де солай, жиі қолданысқа ие. Бұны ақын табиғат құбылыстарының өзгеше бейнесін оқушыларың көз алдына елестету, ой қиялына әсер ету мақсатында қолданған деп білдім.

Жайма-шуақ жайлы күз,

Ішкен-жеген майлы күз,

Пысық жандар елгезек

Қора-қопсы сайлы күз

(«Күз»)


немесе: ...Елік жанға нәзік өлшем ұнайды,

Нәзік сезім лүпілдесе, құлайды.

Әдемі сөз, сұлу сымбат іздейді

Озбырлықты көрсе үстем, жылайды.

(«Әйелдер-ай!»)

Оңалбек ағаның ой еңбегінің қажырлылығы, ізденісі шығармаларында жемісін берді. Ақын өлеңді сырттай тартымды ету мақсатында сөз көркемдеудегі ерек бір құбылыс қайталауды қолданады.

Суға да қағаз,

Шуға да қағаз,

Іске де қағаз,

Тіске де қағаз,

Бұру да қағаз,

Құру да қағаз,

Адамнан гөрі

Өтімді қағаз.

Қағазды бар ма

Өртейтін сабаз?

(«Қағаз хикаясы»)

Ақын өз шығармаларында мысал жанрына да қалам тартып, аллегорияны да шебер үйлестіре білген.

Ителгі торғайды азғырып,

Қырғиды жазғырып

Арыз жаздырды

Күлге көмулі жатқан

«Архивті» қаздырды...

(«Арызқойдың әлегі»)

немесе - Жел, дауылмен егеспе,

Олар-қуғын,біз-қашқын.

Табиғат заңы емес пе?-

Деп ақ бұлт жас бұлтқа

Ақыл айтты,

Өмір көрген,ес білген

Нақыл айтты...

( «Елес»)

Ақын шығармашылығының негізі әзіл-оспақтар мен сықақ әңгімелерге құрылса, онда жазушы сарказм мен иронияны да шебер қолдана білген.

Жоғарыдан нұсқау келсе,

Алаөкпе боп шабамыз.

Табылмасты табамыз,

Жабылмасты жабамыз.

«Бұйрық солай ,қажет» десе,

Ит болып та қабамыз.

Төменнен бір шағым келсе,

Қара күйе жағамыз,

Қақ тұмсықтан қағамыыз.

«Бәлеқор ол, арызқой» деп,

Түрмеге тез жабамыз.

(«Жоғары –төмен» сықақ өлең)

Қаламгердің шығармашылығында фигураның бір түрі риторикалық сұрау да молынан кездеседі.

Ағаш неге қуарған:

Су сұрай ма адамнан?

Тау-тас неге суалған:

Су сұрай ма адамнан?

Дала неге шөлдеген:

Су сұрай ма адамнан?

Егіс неге күйреген:

Су сұрай ма адамнан? («Шөл»)


Әдебиеттен мүлде жаңа өріс іздеп, өзгеше өрнектер табуға ұмтылған ақынның өлеңдерінен қандай мысал іздесең де табыла беретіні таң қалдырады.

Ақын шығармашылығының көркемдік тіліне келгенде , оның өлеңдерінің құрылысы мен ұйқас түрлерін де айта кеткенім жөн деп ойладым.

Оңалбек ағайда 11 буынды ,7,8 буынды, тіпті 5 буынды да өлең жолдары кездеседі.

Наурыз келді-көктем келді жайнаған, 11б

Көкіректе жыр бұлағы қайнаған. 11б

Мұндай күнге жеткен елім бақытты. 11б

О,Наурызым! Сенен бүгін айналам! 11б


Жұмбағың қайда , Жұмбақтас? 8б

Жұмбағың қайда ,қымбат тас? 8б

Айнакөлде қалқыған 7б

Кемедей зор сымбат тас. 7б

Суға да қағаз, 5б

Шуға да қағаз, 5б

Етке де қағаз, 5б

Сүтке де қағаз. 5б

«Адамға сенбе, 5б

Қағазға сен !» деп 5б

Қағазды қойған 5б

Билікпен теңдеп. 5б

Қаламгердің өлеңдерін зерттей келе , ақынның өлең өріміне келістіре бірнеше ұйқастың да түрлерін қолана білгендігін байқадым.

Ақын поэзиясы көбіне қараөлең ұйқасына құрылған.



...Кейде жарқын жадыраған жаздайсың, а

Өсек –аяң, сыпсың сөзге азбайсың. а

Ыстық соқсын,суық соқсын бір қалып, б

Үй ішіне жылу беріп маздайсың. а

(«Әйелдерге»)

Кезекті ұйқас:

Біреуі қырықпышақ боп а

Елге бөлінеді б

Біреуі тым-тырақай боп а

Жерге бөлінеді. б

Бір топас қоқиланып, а

Жұртқа бөлінеді. б

Бей-берекетсіз бөліну деген в

Біреуге мұраттай көрінеді б

(«Бөліну»)

Егіз ұйқас: Іздегені- дау-дамай, а

Сөз сөйлейді аңдамай а

Сусылдақтау мінезі б

Бәлеқорлау тым өзі. б

Көмекейі бүлкілдек, в

Көзінің алды күлтілдек. в

Аңдып жүріп ізіңді г

Жасар «қара тізімді» г

Кімді болсын жамандар д

Сөгіп,тілдеп,амалдар д

Айта берсек, барынша қамтылып, бірақ айта алмаған тағы-тағылар өте көп.

Ақсұңқар ақынның жырда тудырған жаңалығын, көркемдік ерекшеліктерін, образ жасауда шебер қолдана білген айшықтаудың, троп пен фигураның түрлерін зерттеуде менің,әзірше,сіздерге жеткізгенім осы . Уақыттың шаңына шалдығып, тозаңына алдырмайтын Оңалбек ағаның ұлы мұрасын қаз-қалпында қазіргі ұрпаққа таныту – біздің міндетті парызымыз деп ойлаймын.

ІІІ Қорытынды бөлім

Ақынның әдеби мұрасының маңызы.

Кенжебек Оңалбек Қасымбекұлының шығармаларында тілдік құралдар мен тәсілдер арқылы шындық болмыс шеберлікпен бейнеленеді. Шығарма тілінің көркемдігі мен қаламгердің тілдік құралдарды қолдану шеберлігінен жазушының өзіндік дара ерекшелігін таныдым. Өзіндік стилі қалыптасқан жазушы шығармаларынан ақынның өзіндік қолтаңбасын анық байқауға болады. Шығармаларында туған жеріне, тіпті оның жануары мен әр бұта-қарағанына деген, туған тілі мен елінің салт-дәстүріне деген шексіз махаббаты мен сүйіспеншілігі аңқылдап тұрады. Оңалбек Кенжебек шығармаларында автор бейнесі нақты қалыптасқан. Кейде автор жай бақылаушы қалыпқа түссе, кейде оқиғаға тығыз араласып кетеді. Кейде сыншыл, кейде мұңшыл кейіпке енеді.

Қорыта айтқанда, ақын шығармаларын оқытуда оны бүгінгі өмірмен ұштастыру, яғни кейіпкерлерінің азаматтық, адамгершілік мінез ерекшеліктерін айтқанда, өз елінің патриоты болуға, адал махаббат, сыйластық, ата-ананың балаға, баланың ата-анаға деген мейірімі, досқа, жолдасқа деген адалдығы, сертте тұрушылығы, жауапкершілігі, намысшылдығы сияқты мінез- қасиеттерді жастар бойынан табылуына өнеге етудің маңызы зор.



















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Оңалбек Кенжебек «Қас қағым сәт»

«Аударма» баспасы. Астана -2006

2.О.Кенжебек «Әңгіртаяқ»

«Жазушы» баспасы. Алматы-1993

3.Заки Ахметов «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі»

«Ана тілі», Алматы -1996

4.Жас ақындар жырлары «Көгілдір көкжиек»

«Жазушы» баспасы. Алматы-1985

5.»Бурабай»газеті 2003, 1 тамыз. 2003, 3 қыркүйек.

6. Ақын замандастарының (Т.Мәмесейітов,А. Естенов,О.Балабаев) естеліктері.













Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров157
Номер материала ДВ-217362
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх