Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Научная работа на тему "Шетел тілін оқытуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу "

Научная работа на тему "Шетел тілін оқытуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу "

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Ғылыми жоба



Мазмұны:

I. Кіріспе 2-3


II. Негізгі бөлім



2.1. Теориялық бөлім



А) Жалпы алғанда «жоба» термині 4-6



Б) Білім саласындағы «жобалау» 7-8



2.2. Практикалық бөлім



А) «Travelling» тақырыбындағы сабақ жоспары 9-10



Б) «Leisure» тақырыбындағы сабақ жоспары 10-11



В) «What’s in a name?» тақырыбындағы сабақ жоспары 12-13



Г) «Can you remember?» тақырыбындағы сабақ жоспары 13-14



Д) Пікірсайыстың бағалау парағы- «Judge’s list» 15

III. Қорытынды



Уақыт талабы дәлелдеген жобалау әдісінің қажеттілігі 16-17



Қолданылған әдебиеттер тізімі 18



Қосымша 19-25












Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі:

Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шетел тілді оқытып, шетел тілін оқытуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады.

Бүгінде бүкіл елде орын алып отырған мектепте бейінді оқыту пәнді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп қана отырған жоқ. Ең алдымен ол оқыту мазмұнының елеулі мөлшерінде саралау, жеке білім беру бағдарламаларын құру үшін жағдай жасауды көздейді, кәсіптік білім алуға анағұрлым тиімді және мақсатты дайындықпен келуді қамтамсыз етеді, оқушылардың қабілетін, бейімділігін және нені қалайтынын ескеруді мүмкін етеді, жоғары сынып оқушыларының көпшілігінің білім алудағы және өмірлік мақсаттарының құрылымына сай келеді, оларды әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару сапалы білім беру нәтижеге жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс [1].

Қазақстан республикасының “Білім туралы” заңы, Қазақстан республикасында 2005-2010 ж.ж білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан республикасы үкіметінің 2006 жылғы 19-шілдедегі №681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық орта жалпы білім беруге көшуге арналған іс-шараларының жоспарында оқушылардың жобалық, ғылыми зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі қаралған [2].

Харри Ларсен мен Патрисиа Ларсеннің “Халықаралық шеберхана” деген ғылыми еңбектерін оқып, осы әдістер арқылы оқушылардың ағылшын тілінде қызығушылығын арттыру жолдарын қарастырдым. Негізгі жобалау әдісі Жапонияда 1990 жылдары жобалау бизнесінің «Мекеменің стратегиялық даму анализі» атты жобамен жүзеге асырылған[3]. Осы жоба арқылы Жапония өз экономикасын дамытуға және ілгері басуға үлкен мүмкіндік алған, кейін 2000 жылдары жоба әдісі Америкада, Калифорнияда, Англияда, Малайзияда қолданылып, әрқайсысы өз саласында үлкен жетістікке жетті. Жобалау жұмысы жүйелі, тиімді әдіс ретінде танылды.

Біздің мектепте ағылшын тілін меңгеру тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан оқушылар 8 -11 сыныптарда оқу жылының аяғында ағылшын тілінде жоба қорғайды. Жыл бойы сол жұмысты атқаруға дайдық өткізіледі және сабақта мини-жобалар қорғалады. Жоба қорғау әдісі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзінің ойын ағылшын тілінде еркін айтуға үйретеді. Оқушы өз қызығушылығына орай тақырып таңдайды, зерттейді, әдебиет оқып, талдайды, жоспар құрады, жоспар арқылы жобаны жүзеге асырады. Оқушы мектеп қабырғасында ғылыми жұмыспен шұғылданып, зерттей білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыда шыдамдылық, жүйелі жұмыс дағдысы пайда болып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Теориялық алған білімді оқушы практикалық жүзінде өмірде қолдана біледі. Жоба қорғау әдісі арқылы оқушы сөйлеу қабілеті мен сауаттылығын арттырады.

Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. “Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім”, деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім барша әлем тыныс тіршілігінің алғашқы іргетасы.

Тәуелсіз еліміз қанатын кең жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселенің бірі – білімді де, іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру. Бүгінде әлемдегі қауымдастықтан тәуелсіздіктің тұлғасы биіктеп, ғылыми-техникалық прогресс қарыштап, дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар, жан-жақтылық, ғылымның бар саласынан хабардар болудың маңызы зор[4]. Сондықтан, оқушылардың жобалау әдісін ағылшын тілі сабағында кеңінен қолданып, жоба қорғауы – заман талабы. Бұндай жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылын арттырып, олардың ғылыми жұмыспен шұғылдануға алғашқы қадамы болып табылады[5]. Негізгі жасөспірім ғылыми-техникалық прогресс өкілдері ретінде, әртүрлі инновациялық өзгерістерді тез қабылдайды және шығармашылықпен қолдана біледі. Оның дәлелі TIPD халықаралық жоба бойынша Ұлыбританиядан келген әріптестеріміз біздің мектеп оқушыларымыздың білімге деген құштарлығын, өз елдеріне деген сүйіспеншілігін, нағыз патриот азаматтары тәрбиеленіп жатқандарын анық айтты. Оқушылардың ағылшын тілінде өз ойларын еркін айтқандарына шетел қонақтарымыз риза болды. Оқушылардың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру;

  • Әртүрлі проблемаларды ағылшын тілінде талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту арқылы жоба қорғау әдістерін үйрету;

  • Ақпаратпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Ағылшын тілін жақсы меңгерген, өз бетімен тиімді еңбек ете алатын және алған білімін өмірде қолдану мүмкіндігін толық пайдалана алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.


Теориялық бөлім

Бұл жұмыстың мақсаты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдере жобалау әдісін меңгеруге көмек беру.

Ең біріншіден «жоба» терминіне тоқталып өтейік.«Жоба» деген терминнің шығу тарихы әлі де жазылмаған, бірақ бұл туралы жалпы ойымызды айта кетейік. Назар аударатын бірінші жәйт ол- ХХ ғ. әлеуметтік практиканың өзгеруі. Бұрын қандай да өзгерістер өзімен-өзі пайда болатын болса, ал ХХ ғ. біз көп өзгерістерге тап болдық. Өмір жылдамдай бастады, адамдар соған бейімделуге мәжбүр болды. Ал екінші жәйт-өзгерістерді басқару. Бұрын олар бірінің ізін бірі басып жай өзгегеретін болса, қазіргі таңда олар алдын ала жобаланып іске асатын болды. Мысалы, кәсіпкерліктің ғылымға араласуы- практикада қолдану үшін ірі корпорациялардың ғылыми жұмыстарды қаржыландыруы.

Осы өзгерістер әлеуметтік практиканың жаңадан пайда болған 2 нысанын бөліп көрсетті:

  • әрбір жұмыста уақыт факторын негізге алу;

  • әрбір жұмыстың құрамына өзгерістерді басқару нысандырының кіруі;

Сонымен жоба- уақытты негізге ала отырып өзгерістерді басқару мақсаты. Жобалаудың негізіне белгілі бір мәселенің шешілуі мен нәтижесі кіреді. Мысалы, ғимарат- бұл мәселенің шешілу мақсаты мен нәтижесі ғимараттың өзі емес, ал сол ғимаратта тұратын адамдардың өмір сүру жағдайының өзгеруі. Ең біріншіден белгілі бір мәселені шешудегі нақты мақсаты қойылады, соған байланысты жоба да құрылады[6].

Жобалау мен шығармашылық. Жобалауды шығармашылықпен байланыстыратындар көп, олар жобалауды жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашу деп түсінеді. Алайда бұл түсінік дұрыс емес. Шығармашылық бұл- жаңаның пайда болуы. Бұл жерде жобалаумен байланысы бар, бірақ шығармашылықтың жобалауға айналуы үшін уақыт факторы негізге алынып, нақты нәтижені елестету керек. Алайда шығармашылықты нақтылықпен байланыстыру мүмкін месе.

Жобалау мен басқару. Практиканың қандай бір түрінде өзгерістерді жобалап, іске асырып, оларды басқарғанда ғана біздің жұмысымыз алға басады. Қазіргі кезде менеджмент сөзі пайда болды, ол басқару дегенді білдіреді. Білімде де менеджмент сөзі қолданылады. Қазіргі таңда білім алу түрлері де көбейді, ол территория мен уақытқа қарай бөлінеді. Осыған орай өзінің білім алу процесін басқару, білім алғандағы нәтижені жобалау міндетті түоде қажет болды. Сонымен практика нысанында пайда болған жобалау үлкен әлеуметтік контекстке шығады. Осының бәрі әлеуметтік ғылымдардың басты мәселесіне жобалаудың білімдегі орнын жатқызады.

Жобалау мен даму. Жобалау теориясында белгілі бір мәселенің дамуына әкелетін өзгерістер айтылған, яғни біз тек мәселенің өзгеруіне әкелетін жобаларды қолдануымыз керек. Бірақ бұл тек теорияда қолданылады, яғни біз жасаған жұмысымыз оның нәтижесіне тең емес. Мысалы, гүл отырғызу мақсаты, отырғызатын орны, жасалған жұмыстар мен гүлдердің өзі жобалау болып табылады. Алайда жобалаудың теориялық тұрғысынан бұл жерде жобалаудың негіздері жоқ, ең біріншіден мәселенің анализі, яғни гүлдер отырғызылған жағдайда өзгеретін жәйт. Гүлдер отырғызылған жағдайда не өзгереді? Біз өзгерткіміз келген заттың жұмыс істеу системасы қалай өзгереді? Нәтижесін қайдан көреміз? Теория тұрғысынан осындай сұрақтарға міндетті түрде жауап беруіміз керек.

Жобалаудың құрылымы:

  • нақты нәтиже шығару жобасы

  • нақты мәселенің анализі

  • нақты уақыт белгілеу

  • жұмыс жүргізу жобасы

  • нәтиже шығару

Жобалаудың ең негізі- мәселенің анализі болып табылады. Мәселе шешудегі нәтиже белгіленіп, оған жету үшін жасалатын қадамдар жобасы жасалады. Мәселе анализі неғұрлым нақты жасалатын болса, жоба да соғұрлым жақсы болады.

Жоба мен ғылыми жұмыс. Бұл жерде мысал ретінде ғылыми жұмысты қарастырғанымыз жөн. Жазылып, қорғалған диссертация диссертантты жаңа сатыға көтере отырып, практикалық жұмысын ұлғайтады- жаңа мамандық, адамдардық құрметі мен жаңа айлыққа иеленеді; яғни диссертанттың әлеуметтік жоба негізін мәселенің нәтижесі ретінде ғылыми жұмыс қарастырылады.

Ғылыми жұмыс пен жоба ұқсас келеді. Ғылыми жұмыс жобаның негізін құрай алады. Сонымен қатар кейбір жобалар ғылыми ізденіс тудырып, ғылыми жұмысқа айналуы мүмкін.

Жоба мен қабілет. Жобалауды жүзеге асыру үшін тұлға қандай қабілетке ие болу керектігін айтамыз. Ең біріншіден тұлға продуктивті ойлау қабілетіне ие болуы керек.

Продуктивті ойлаудың негізгі сатылары:

  • мәселенің анализі, тақырыптың пайда болуы;

  • мәселені шешудегі жұмыстар жобасын құру;

  • мәселе шешудегі ойларын іске асыру;

Продуктивті ойлаудың екінші сатысы- мәселені түсіну, яғни анализ жасау. Назар аударарлық тағы бір жәйт мәселе шешудегі шешім қабылдау.

Мәселені шешу сатылары:

  • мәселенің негізі, яғни қандай жұмыс жасау керектігін ұғу;

  • мәселе құрамын бағалау, яғни мәлімен іздеу және іріктеу; Мәселе шешудегі нақты қадамдарды анықтап, іске асыру.

  • мәселе шешудегі нәтижеге жету жолдарын іздестіру;

  • мәселені шешу;

Қорытынды саты- шешім қабылдау. Шешім қабылдау өте қиын процесс. Шешім қабылдау 9 элементтен тұрады[7]:

  1. Таңдау. Бұл тұлғаның өзінен немесе қоғаммен жасалған таңдау болуы мүмкін.

  2. Ұғыну. Мәселе шешу және шешім қабылдау тұлғаның сол мәселе шешудегі ролін ұғынуы керек.

  3. Креативтілік. Мәселе шешудегі креативтілік, яғни стандартқа сай емес шешімдерді іздеу.

  4. Компромисс. Мәселе шешуде компромисс іздеу, яғни мәселеге қатысты барлық тұлғалардың жағдайын ойлау.

  5. Алдын-ала ойлау. Мәселені шешкеннен кейін нәтижесінің қандай болатыны ойлау, ұғыну.

  6. Шешімнің дұрыстығы- шешім қабылдау сатысының ең қиын бөлігі.

  7. Мәліметтердің нақтылығын тексеру.

  8. Шешім қабылдау сатыларының дұрыстығын тексеру.

  9. Жауапкершілік.

Сонымен қазіргі кезде психология мәселені ұғыну, шешудегі жолдарын қарастыру, шешім қабылдау деген жәйттарға көңіл бөліп отыр.

Біз қарастырған теориялардың барлығында тұлғаның шешім қабылдауы, мәселенің анализін жасауы, шешімді қабылдауы, нәтижесіне өзінің жауапкершілігін алуы аталып өтеді.

Білім беру жүйесі. Білім беру жүйесінің негізін мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы құрайды. Орта мектептің білім беру жүйесінің түрлері мен заңдылықтары бар. Білім беру жүйесінде оқушы өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне жауапты болады, яғни баға алып, мұғалім мен ата-анасының көзқарасына ие болады. Осыған байланысты оқушылар практикалық іс-әрекет жасауға икемденеді[8].

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің маңызды бөлігі бағалау болып табылады. Оқушының іс-әрекетінен пайда болған нәтижені оқушы өзі бағалай алмайды, алайда мұғалімнің қойған бағасымен танысады. Сонымен бағалау- оқушының жауапкершілігін арттыру механизмі болып табылады.

Негізі бағалау бірнеше сатыдан өту керек: ол-жаттығулардың дұрыстығын бағалау; ойының оригиналдығын бағалау; жаттығуды орындаудағы оқушының еңбегін бағалау т.с.с. Бірақ қазіргі жағдайда бағалау тек жаттығулардың дұрыстығын бағалайды. Бағалаудың дұрыс жүргізілуі үшін білім беру жүйесіне мұғалімнің ғана емес, сонымен қатар оқушының да іс-әрекеті септігін тигізуі керек. Яғни, оқушыға жаттығуды таңдау, бағалау түрін таңдау мүмкіндігі берілу керек. Мысалы, екі сағаттық тестілеуден кейін оқушылар жаттығуларды қандай тәртіппен орындағандарын сұрады. Олар жаттығуларды бірінен соң бірін орындаған екен, тек бір оқушы ғана кері қарай, соңынан бастаған екен. Сонда оқушылардың белгілі бір жаттығуды орындаудағы жолдарын таңдау мүмкіндігі жоқ екен. Жақсы бағалар тек жаттығудың дұрыс орындалуына ғана қойылады. Оқушылар тек жаттығуды дұрыс орындауды ғана, ал шешу жолдарын мүлде елемейді екен. Осындай жағдайлар көп кездеседі.

Сонымен бағалау оқушыға өз іс-әрекетінің нәтижесін байқап, пассивті процесті өздік таңдау жағдайына алып келетін ең негізгі механизм болып табылады.

Білім жүйесінің формалары оқушының өздік оқыту субъектісіне айналуына және жобалау жұмысының негізі бола алатынын түсіндік. Осындай қолда бар материалдармен жобалау жұмысын құруға болады. Іс-әрекет жасау, мәселе шешудегі жолдарын қарастыру, нәтижесінің қандай болуын ойлау- жобалау жұмысының негізін құраушылар болып табылады. Сонымен оқу процесі оқушының практикалық іс-әрекетін қолдану үшін жағдай тудыруы қажет, яғни жоба оқу процесі мен оқушылардың практикалық іс-әрекетіне негізделіп құрылуы керек. Іске асу формалары:

  • ғылыми-практикалық ізденістер, эксперименттер;

  • өзінің шығармаларын жазу;

  • нақты мәселенің анализі, адамдардың қарым-қатынасын жобалау;

Яғни, қазіргі кездегі білім беру үрдісі белгілі бір мәселелердің оқу-практикалық тұрғысына негізделуі керек. Белгілі бір пән оқыту үрдісі теория мен практикадан құрылуы керек.Себебі практикада оқушының ойлау қабілеті ұлғайып, мәселерді шешуге бейімделеді. Ал бұлар жобалау жұмысындағы негіздердің бірі болып табылады. Сол үшін жобалау жұмысын жүргізуде практикалық сабақтарды жоспарлау мен іске асыру мұғалімдер алдындағы басты мәселе болып табылады[9].

Сонымен білім беру жүйесі оқушының қазірден пайда болған қиын мәселерді шешу, шешудегі әр-түрлі жолдарды қарастыру іс-әрекетіне әсер етеді. Сондықтан білім беру жүйесін барынша жүйелі және оқушылар мен мұғалімдер үшін ыңғайлы етіп жасауымыз керек. Осы мақсатқа жету үшін жаболау әдісін бірінші мұғалімдерге, сосын оқушыларға үйретіп оқыту үрдісін дамыту қажет.

Ал енді білім саласындағы «жобалау» терминің қарастырайық.

Жұмыс барысында қаралған сұрақтар:

  1. Жобалау әдісі дегеніміз не?

  2. Жобалау әдісінің негізін құрушылар

  3. Жобалау жұмысын құру

  4. Ағылшын тілі пәнінде қолданған жобалау жұмысы


1. Ең біріншіден жобалау әдісі дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік. «Жоба» (лат.)- алдында жүретін. Яғни қандай да жоба болса да алға жүретіні сөзсіз.«Әдіс»- белгілі бір мақсатқа жету үшін практикалық немесе теориялық білімдердің ізденудегі жұмысы, дидактикалық категория. Жобалау әдісі бұл- белгілі бір мәселені оқу-әдістемелік білімді негізге ала отырып түпкілікті құрылымын айқындау арқылы шешу. Жобалау әдісін басқаша мәселе әдісі ретінде де танимыз, себебі белгілі бір теориялық немесе практикалық мәселені шешуді мақсат етеді. Қазіргі кезде жобалау әдісін мұғалімдердің жобалық оқытуында қолданылатын педагогикалық технология деп түсінеміз.

2. Әлемдік педагогикада жобалау әдісі жаңа емес. Ол 1920 жылы АҚШ-та пайда болған. Оны философиядағы гуманистік ағымдар мен білім идеяларымен байланыстырған. Американдық философ және педагог Дж. Дьюи мен оның оқушысы У.Х. Килпатрикті жобалау әдісінің негізін салушылары ретінде танимыз. Жобалау әдісі орыс педагогтарын да қызықтырды. 1905 жылы орыс педагогы С.Т.Шацкий басшылығымен жобалау әдісін дәріс беруде қолдануға әрекеттенген мұғалімдер тобы құрылды. Кейін Совет үкіметі кезінде бұл идея мектептерге енгізіле бастады. Бірақ дұрыс құралмағандығынан қолдану аясынан шықты.

Бұл уақытта жобалау әдісі шетелдік мектептерде кеңінен қанатын жайды. АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Гермения, Италия, Бразилия, Нидерланды және т.б. көптеген елдерде Дж.Дьюидің білімге деген гуманистік идеясы қолдау тапты[10].

Осы жоба негізінде 1990 жылдары Жапония өз экономикасын көтеруге мүмкіндік алды. Қазіргі кезде жобалау әдісі көптеген ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған: Г.К. Селевко, И.П. Подласый, Е.С. Полат, М.В. Кларин, М.Р. Ковжасарова, П.В. Степанов, А.К. Кусаинова, Г.Ш. Альназарова.

3. Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына орай таңдалуы мүмкін. Жобалау жұмысын орындаудағы талаптар төмендегідей:

- Оқыту жобасының классификациясын таңдау

- Жоба презентациясын дайындау

- Жобаға баға беру критериилерін айқындау

- Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру

- Жобалау әдісін оқытудағы мұғалімдердің мақсаты мен міндеттерін айқындау

Қазіргі кездегі оқу жобаларының түрлері (оқушылардың қызығушылығына негізделген):

  • практикалық

  • ғылыми жобалау

  • ақпараттық

  • шығармашылық

  • рольдік

Құрамы бойынша мини-жоба, моно-жоба пәндік және пәнаралық болып бөлінеді. Мини-жоба бір пән негізінде ғана ұйымдастырылса, пәндік жобалар факультативтік сабақтар аясында қолданылады. Ал пәнаралық жоба бірнеше пән негізінде құралады. Қатынас құралы бойынша дара және топтық болып бөлінеді. Өз алдына топтық: сыныпішілік, мектепішілік, аумақтық және халықаралық болып бөлінеді. Ұзақтығына байланысты мини-жоба- 1 сабақтық, қысқа- 4-6 сабақтық, апталық- 30-40 сағаттық, ұзақ немесе жылдық- дара немесе топтық жобалар міндетті түрде сабақтан тыс жүргізілуі керек.

Жобалар презентациясының түрлері: ғылыми жұмыс, іскерлік ойын, видео-фильм көрсету, экскурсия, бағдарлама, ғылыми конференция, театр көрсетілімі, тарихи немесе әдеби диалогтар, спорт ойыны, спектакль, жарнама, пресс-конференция.

Ал жобалау әдісінің практикалық бөлімін қарастырсақ бұл жерде жоба дайындау қажет ақпаратты жинақтау,рәсімдеу кезеңдеріне назар аударатын сабақ жоспарлары мен дебат пікірсайысына дайындық кезеңдерін атап өтейік. Негізгі жоба тақырыбы оқушы өзі қызығушылығына орай таңдайды,бірақ бағыт-бағдарды әрине мұғалім береді. Төменде сабақ жоспарлары беріліп, дайындық жұмысын ұйымдастыру кезеңдері көрсетілген[11].





































Практикалық бөлімі

English

10a

The theme: Travelling

The aims of the lesson:

- to discuss the topic

- to describe the pictures

- to describe the photographs in great detail, making sure nothing is missed

The type of the lesson:

Combined lesson

Methods of teaching:

- interactive-communicative

- RWTT

Literature: Laser B2, a textbook, a table, cards, photographs, IWB

The procedure of the lesson.

1 Warm up.

Questions: Do you like traveling?

What places would you like to visit?

What activities to you like?

What do you think about self-catering holiday?

What kind of holiday do you prefer?

2 Speaking.

* A photograph captures a moment in time.

What tense do we use to describe the things happening in the photograph at that moment?

* A photograph often shows an example of something.

What tense do we use to talk about it in general?

3 Talks.

Look at photos A and B in Exercise F and decide which photo each comment refers to some comments may refer to both photos.

On this holiday….

  • you might need an experienced tour guide

  • you might get bored with doing the same things

  • the crowds might get on your everyday life

  • good weather is important

4 Make a note of one other point you can make about each photo.

5 Useful phrases.

Choose the correct words to complete these sentences.

  • A safari more / very exciting than a beach holiday.

  • A beach holiday is little / less expensive than a safari.

  • On the / this one hand, a beach holiday is relaxing.

  • On the next / other hand, it can’t be quite boring.

  • I like beach holidays, however / although would prefer to go on safari.

  • A safari is exciting, whereas / despite a beach holiday isn’t.

6 Listen to the extract from an interview.

Which of these things does Katherine do?

  • She describes the first photograph in detail and then the second photograph. Then she talks about the ideal holiday.

  • She briefly describes the photos and then talks about whet similan or different ideas they both show. Then she talks about her own preferences.

7 Now listen to another extract from speaking Part 2. What does Nick do?

* He gives a brief response to the question, showing that he was listening to what Katherine said.

* He does the same thing as Katherine, comparing the photographs before talking about the preferences.

8 Conclusion of the lesson.

The pupils should be given two photographs, showing different kinds of holiday. They should compare and tell which holiday you would prefer to go on.

9 Homework.

Make a project for your summer holidays.


English

10б

The theme: Leisure

The aims of the lesson:

- to encourage pupils to think about the topic;

- to provide speaking practice;

- to make phrases connected with camping.

The type of the lesson:

  • combined lesson.

Methods of teaching :

  • interactive - communicative.

Literature: Laser B2, a textbook, a table, cards, interactive board.

The procedure of the lesson

I.Warm up:

  1. To discuss the topic: LEISURE TIME ACTIVITIES

II. People associated with leisure time activities:

  1. Match the people with their definitions:

Cast - the actors in a play

Audience - the people watching a play, attending a concert, etc

Spectator – a person watching a sporting event

Lifeguard - a person who saves swimmers who are in a trouble

Host - a person who organizes a party, etc

Guest - a person who is invited to a party

Viewer - a person watching TV

Sightseer - a person looking at a tourist attraction

Crowd - a large group of people

III. Word power

Basics campfire open air penknife put up (a tent ) torch

When you go camping, you go back to basics.

  • How do think the words might relate camping?

  • Let`s review modals:

  • How can we use modals?

IV. Starting point:

  • What do people usually do when they go camping?

  • How do they cope without electricity and other things we take for granted at home ?

V. Match to make phrases connected with camping.

Swiss army knife

Inflatable boat

Sleeping bag

Cassette recorder

Fishing boat

Gas cooker

VI. Look at the exam task in exercise C and listen to these students

doing speaking Part 3. For each extract, write a word in the gap to complete the useful phrase. (T.17)

VII. Tasks for the exam practice:

*I`d like you to imagine that you are both going camping for a week in the summer with some friends. Here are some things you might take with you. Talk to each other about how useful these things would be and then decide which two things you would definitely not take with you. You have about three minutes.

* How useful would these things be?

* Which two would you definitely not take with you?

VIII. How should you do speaking Part 3?

  1. The right answer

IX. Make a project for the theme: leisure time activities. Exam practice speaking Part 4.















English

11д

The theme: What’s in a name?

The aims of the lesson:

  • to make the sentences

  • to develop the habits of reading

  • to make conversation


The type of the lesson:

  • combined lesson.

Methods of teaching :

  • interactive - communicative.

Literature: Laser B2, a textbook, a table.



I. Warm up: Recognizing phonetic symbols.

II. Presentation:

  • Read the text quickly. Which sentence (1-3) best describes what it’s about?

  • How parents choose names for their children?

  • The effect your name can have on your life.

  • Why some names are more attractive than others.



III. Read the paragraph 1 again more slowly. Try to understand the main point, then write T or F after sentence 1. Do the same with paragraphs 2-6.

  • Your name doesn’t have any influence on how happy you are.

  • Your name could stop you getting a job.

  • People with unattractive names don’t normally work as hard as people with attractive ones.

  • An actress called Agnes might want to change her name.

  • British parents today tend to called their children after film or TV characters.

  • Parents shouldn’t give children two names.

IV. Build your vocabulary.

Learning words from a text.

V. Making conversation: Names in your country.

VI. Check what you know.

VII.a) Complete the phrasal verbs with the correct particle (on, off, ets) or the verb in the correct tense.

One mark for each correct word. Example: My car broke down on the motorway yesterday.

  • I _____after my father-we’re both very independent.

  • Would you fill _____this form, please?

  • The party was great fun. We _____on dancing until 4.30 in the morning.

  • I’ve decided to _____up drinking coffee.

  • As usual half the class turned _____late.

  • _____out! There’s a car coming!

  • I was brought _____ ___ mainly by my mum because my dad was away a lot.

  • It took me two weeks to get _____the flu.

  • The quiz show contestant _____out of time and lost the game.

b) Write the word(s) for the definitions.

One mark for each correct word or phrase.

  • the first page of a newspaper: f______ ______

  • a name given to you by friends or family, not your real name: n_____

  • unpleasant symptoms you can get from taking medicine, e.g. nausea: s_____ _____

  • a film or programme which makes you laugh: c_____

  • an adjective describing sb who is funny and clever with words: w_____

  • an adverb meaning in the end, in spite of difficulty: e_____

  • the piece of paper the doctor gives you to take to the chemist’s: p_____

  • a person who studies plant and animals: b_____

  • a portable computer: l_____

  • an adjective meaning tired and frustrated: f_____ _____

c) Circle the correct word(s).

One mark for each correct answer.

  • I didn’t think I’d enjoy skiing but it was fun/funny.

  • At first the doctor thought she was really ill. At the end/ In the end he decided she was a hypochondriac.

  • I’m afraid he’s not in at the moment/actually. He’ll be back at 3.00.

  • I love all music but specially/especially jazz.

  • He’s not very punctual- he/s never on time/ in time.



VIII. Homework. Make a project in theme: names in your country. Exercise 1-3.



























English

11в

The theme: Can you remember?

The aims of the lesson:

  • word-building memory techniques

  • making conversation

  • remembering words


The type of the lesson:

  • combined lesson.

Methods of teaching :

  • interactive - communicative.

Literature: Laser B2, a textbook, a table.



I. Warm up.

II. Making conversation.

Tick the sentences which apply to you. Compare with a partner.

III. Let’s discuss.

How important in having good memory for you? Do you think it’s possible to improve your memory?

IV. Word-building, remembering words.

V. Put the words into the correct column.

Nouns

Verbs

Adjectives

Adverbs







enjoyable modernize improvement shorten

happiness discussion admiration useful

terribly gradually impersonal apparently

patience unforgettable hopeless possessive

VI. Complete the sentences with a form of the word in brackets.

VII. Go to communication memory techniques

  1. A p121. B p 125. Read about the linkword method. Explain to B what the method is and how to use it.

  2. Read the definitions.

  3. Use the first memory letter memory aid technique to remember the following uncountable nouns.

VIII. Homework. Make a project in theme: how important in having good memory for you?



Пікірсайыс оқушылардың ағылшын тілінде сауатты сөйлеп, өз ойларын нақты дәлелдеу дағдысын қалыптастыруға үлесі зор. Оқушы белгіленген уақытта нақты фактілерге жүгіне отырып, кейс талабына сай өз сөйлейтін сөзін дайындайды. Әділ қазылар алқасы оқушының сауатты, нақты тақырып бойынша сөйлей білу қабілетін анықтайды және бағалайды. Төменде бір пікірсайыстың бағалау парағы көрсетілген.



JUDGE’S LIST

Round Date:15.11.2009 Room: 26 Time: 10:10

3

Dear Judge! It will certainly take definite time to fill this list in, but nevertheless, please, do it as well as possible.

Thank you!!!

Banana Haters Lil banana haters

Government Opposition



Abilkhakim A.

Abylgazina K.

Abetaeva A.

Name

Shakhay D.

Alieva Z.

Bakgazarova F.

24

28

20

Points

16

18

20

2

1

3

Places

3

2

1



ATTENTION!!! The winner team must have MORE points!!!



GOVERNMENT: Individual comments

OP"border: 1px solid #00000a; ">

Very good case, was introduced in a very understandable way.

She didn’t argue with the case of the Opposition.

Very emotional speech.

Friendly manner of arguing.

Tried to do the rebattle, but haven’t said anything about the case.

Too self-confident .

Constructive analisys.

Very constructive speech, good knowledge of English.



Main points of the battle and the reasons of your decision:

The team of Opposition had found only unimportant remarks in the case of the Government. There was no rebattle from the Opposition. They couldn’t break the case of the government. There was a lot of misunderstanding because of the difference between the levels of English.

The team of Opposition didn’t understand the case of the Government, that’s why they couldn’t do any rebattle.



Winner team Government, team Banana Haters

Қорытынды

Әлеуметтік процестердің жылдамдатылуына байланысты әр жұмыста уақыт факторы мен өзгерістерді болжамдау негізге алынады. Жобаны басқару- практикада болып жатқан процестерді жандандыру құралы, яғни жоба- уақытты негізге ала отырып өзгерістерді басқару. Жобалауда жоба өнімі мен оның нәтижесі екі бөлек. Жоба өнімі- негізгі мақсат емес. Оның негізгі мақсаты- өзгерістерді еңгізу болып табылады. Сонымен жоба- өзгерістерді басқару құралы болып табылады. Соған байланысты қазіргі кезде «жобалық басқару» деген термин пайда болды.

Теориялық тұрғыдан жобалау- белгілі бір мәселенің өзгеруі, дамуы деп танимыз. Жобаның құрылымы мәселенің анализінен басталып, оны шешіп нәтижесіне жету үшін жасалатын қадамдардың жобалауынан тұрады. Жобалау жұмысында ой өрісінің дамуы, критикалық ойлау, креативтілік, сонымен қатар мәселелерді шешу қабілеті пайда болады.

Жобалау әдісі бастауыш, негізгі, орта мектептегі оқыту үрдісіне әр-түрлі сипатта әсер етеді.

Бастауыш мектептегі оқыту үрдісі тек сабақтармен ғана қамтылады. Оқушылар өздерінің мұғалімдеріне бауыр басып, мектепке бар ынтасымен барады. Сонымен қатар сабақ үлгерімі де қанағаттанарлық.Жобалау әдісін бастауыш мектепке еңгізу міндетті емес, алайда осы кезден бастап балалардың мінез-құлқысының реттелуіне өз септігін тигізері анық. Бастауыш мектепте жобалау әдісін бір мұғалім қолдана алады, себебі сабақтар тек пәндік тұрығысынан жүргізіледі. Оқушылардың жобалау жұмыстары мұғалімнің қойған мақсатына негізделеді. Мұғалім ұсынады, ал оқушылар бар ынтасымен орындайды. Осындай жобалау жұмыстарында ең негізгісі іске асыру болып табылады. Бағалау да осы іске асыру, оның креативтілігі мен сапасына негізделеді.

Бастауыш мектептегі жобалау әдісін қолдану негізгі мектептегі жобалау жұмыстарының даму негіздерін қалайды. Оқушылар жобалау жұмысының негізін ойы мен іске асыру, шешім қабылдау, нәтиже шығару деп таниды. Жобалау жұмыстары сабақтан тыс жүргізіліп, пәндік тұрғысынан да шығып кетеді. Осының нәтижесінде оқушылар арасындағы және мұғалімдермен қарым-қатынасы өзгереді. Жобалау жұмыстарының нәтижесін алдын-ала білмеген соң, баға идея, оның іске асуы, жобалау нәтижелерінің практикалық қолданануы және де ынтаға қойылады. Жобалау жұмысына қойылған баға арқылы оқушы өзіне баға беріп, өзін көп жақтардан тани бастайды. Бірақ жобалау жұмысының нақты жүргізілуі үшін мектеп мұғалімдерінің барлығының жұмысы керек. Жобалау жұмысын жүргізу үшін уақыт, лаборатория, шеберхана, кітапханада өзіндік жұмыс жүргізуге мүмкіндік, топпен жиналып консультация алу үшін уақыт бөлу керек.

Ал орта мектепте бастауыш пен негізгі мектепте алған білімдері жобалау жұмысының негіздерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушы мақсат қойып, нәтижеге жету үшін қолданатын бар ресурстарды бағалап, өзінің шешімдерінің дұрыс және бұрыс жақтарын көріп, нәтижесінің алдын алуды жобалау жұмыстарында қолдана алады. Жобалаудың іске асу нәтижесі оқыту үрдісіндегі оқушының өз жолын өзі таңдауы болып табылады. Өзі таңдау жасап отырып, нәтижесіне өзі жауапты болады. Бұл жерде уақытты, бағаларды, нәтижені ескеріп отыру қажет.

Мектептің барлық сатыларында жобалау әдісінің даму жүйесінің ең маңыздысы оқыту үрдісі мен жобалау жұмыстарының қарым-қатынасы. Бұл оқушының іс-әрекетін басқару мен нәтижесіне жауапты болуын арттырады.

Негізгі бұл жұмыстың қажеттілігін уақыт талабы дәлелдейді. Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасында мұғалім мен оқушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады. Мектеп қабырғасында оқушыда зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады және жобалау әдісі белгілі мерзімге берілуіне байланысты оқушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте оқушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды. Сондықтан өз алдыма қойған мақсатым: ағылшын тілін жақсы меңгерген, өз бетімен тиімді еңбек ете алатын және алған білімін өмірде қолдану мүмкіндігін толық пайдалана алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу деп білемін. Бұл мақсатқа жетуге осы еңбектің үлесі зор.

































Қолданылған әдебиеттер тізім:


1 ҚР білім беру дамыту 2015 ж. тұжырымдамасы.

2 ҚР «Білім беру туралы заңы» 2007 жыл 27 шілде.

Қазақстан республикасында 2005-2010 ж.ж білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан республикасы үкіметінің 2006 жылғы 19-шілдедегі №681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық орта жалпы білім беруге көшуге арналған іс-шараларының жоспары.

3 Жайтапова А.Ә.

Нәметқұлова Ф.Ж.

«TQM негізінде білім сапасын басқару»

4 ҚР білім беру орталығы 2010 ж. бағдарлама.

5 Поливанова К.Н.

«Проектная деятельность школьников»

6 Туркина Н.В.

«Работа над проектом при обучений английскому языку»

«Иностраннный язык» №3,2002 г.

7 Макаревич И.Г.

«Проектные работы»

«Иностранные языки в школе» №6,2002 г.

8 Маслыко Е.А.

«Настольная книга преподавателя иностранного языка» Минск,2004 г.

9 Жайтапова А.Ә.

Нәметқұлова Ф.Ж.

«TQM негізінде білім сапасын басқару»

«Creating positive attitudes towards English as a Foreign language»

10 Поливанова К.Н.

«Проектная деятельность школьников»

11 Peter Brandt

«Laser B2»

«Creating positive attitudes towards English as a Foreign language»



j0217698

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 20.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров174
Номер материала ДВ-173696
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх