Инфоурок Всеобщая история Научные работыНаучная работа на тему "Тарихта қалған Құрманғазылық батырлар"

Научная работа на тему "Тарихта қалған Құрманғазылық батырлар"

Скачать материал

«Тарихта қалған Құрманғазылық батырлар»

 

Кулесова Анаргуль Жулдузовна

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық  білім беру бөлімінің

мектепаралық оқу – өндірісітік комбинаты» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиялдан КСРО – ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды. Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес...

...Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл толды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен,  тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, аяулы да даңқты әйелдеріміз – өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналарымыз, жанан қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары, елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған – туысқандарына, жақын – жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіріп, тойлайды. Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылдық емес. 1941 – 1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы  шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік,  50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды. Бұл соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын. Ауыр шайқастарда  Жеңісті қамтамасыз етіп, ел абройы мен даңқын сақтап қалу жолында жүз мыңдаған әкелеріміз бен  ағаларымыз өз өмірлерін қиса, ауданымыздың өзінен 7 мыңға жуық адам майданға аттанып, оның 4 мыңы еліне, жеріне оралмай соғыста ерлікпен қаза тапты. Филипп Савельевич Мазуров – майдандағы ерлігі үшін 1943 жылы, Александр Никифировия Афанасьев – Ржищев маңындағы шайқастағы асқан ерлігі үшін, Мұқат Мусаев – Неміс – фашист басқыншыларымен соғыстағы жеке ерлігі үшін кеңес Одағының батыры, Ғизат Әліпов – Батыс, І – ші Украин, Беларусь майдандарындағы ерлігі үшін «Даңқ» орденінің толық иегері және қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш қыз Хиуаз Доспанова – «Халық кахарманы» атағының иегері. Иә, қаншама боздық Отан үшін апат болды. Отан үшін от кешкен боздақтардың есімі жас ұрпақтың есінде есімдері мәңгі қалары хақ.

http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=306ca507df1b4a8a&mb=imgdb_preview_1125Филипп Савельевич Мазуров Кудряшев ауылының тумасы. Балықшы  отбасында дүниеге келіп, кәрі Каспийден су маржанын тізген ол есейе келе  Астраханға барып балық комбинатына жұмысқа  орналасып, балық өңдеудің шебері атанды. «Стахановшы» деген атақ алып, еңбек екпіндісі ретінде марапаттарға ие болды.

Соғыс басталғаннан кейін ол 1942 жылы әскер қатарына  шақырылып, қысқа дайындық курсынан өтіп, І Украин майданының құрамында майданға ефрейтор шенімен сапер болып түседі.Гомель, Чернигов қалалары маңындағы шайқастарда ерлігімен көзге түсіп, бас қолбасшының Алғыс хатымен марапатталады.  «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін омырауына тақты.

 1943 жылғы қазанның 3-інен 4-не қараған түнінде толассыз  атқылаған оқ астында қолдан жасалған салмен Днепр өзенінің қарсы жағына 9 рет шығып, арғы бетке мұздай қаруланған 55 қызыл әскерді және 6 қару – жарақ пен   оқ – дәрі  тиеген жадыраны шашпай алып шығады. Теңіздік өренің осы көзсіз ерліктерінің нәтижесінде Кеңес әскерлері сол жерге  бекініп, өз учаскесінде жауға жойқын соққы беріп, алға жылжиды.

Сол ерлігі үшін Филипп Савельевич Мазуров 1944 жыл Кеңес Одағының батыры атанды.  Содан кейін де қайсар рухты азамат талай шабуылдарға қатысып, өзінің хас батыр  екенін бірнеше рет  дәлелдеп, жеңіс туын  желбіретуге лайықты үлес қосты.

Соғыстан кейін ол Астрахан қаласында тұрмыс қажетін өтеу комбинатында жұмыс жасап, жарақат зардабынан 1954 жылы бақилық болды.

http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=65aa8be2009521fc&mb=imgdb_preview_1231Александр Никифорович Афанасьев  Ганюшкин селосында балықшы отбасында 1914 жылы дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда  әскер қатарына шақырылды. Алғашқы дайындықтан өткеннен соң  ол Воронеж  майданында алғашқы  рет жаумен  ұрысқа түседі. Аз уақыттан  кейін оның  батылдығы мен ұқыптылығы, қаруластар  арасындағы беделі ескеріліп, ол взвод командирлігіне тағайындалады. Александр Никифоровичтің ұйымдастырушылық қабілеті Днепрден өту  кезінде айқын байқалады.  Аса маңызды тосқауыл болған үлкен  өзенді  жапу қалай да Кеңес әскерлеріне бермеуге тырысты. Екі жақтан да оқ  қарша жауды. Рота командирі оққа ұшқаннан кейін А.Афанасьев басқаруды өз қолына алып, қарсыластардың әрекетіне  қарамай Днепрдің арғы бетіне өтіп, жағаға  бекінеді. Сол ұрыста ол бастаған жауынгерлер  жаудың  2 пулемет ұясын жойып, 50 ден астам офицер мен солдаттарын  жер қаптырды. Бірақ, сәл кейін есіл  ер ерлікпен  қаза тапты.

Сол асқан ерлігі үшін Александр Афанасьев 1943 жылдың 13 қарашасында  Кеңес Одағының  батыры деген  атаққа ие болды. Арыстың мүрдесі Киев  облысы Кагарлык ауданындағы бауырластар зиратынан мәңгілік мекен тапты.

 

http://img-fotki.yandex.ru/get/5505/wiki-darling-history.1f/0_1547a8_770d88a_XL.jpgМұқат Мусаев  қыр қазағы Ұсағалидің  отбасында 1919 жылы Қошалақта дүниеге келген. Күнкөріс қамымен Қарабайлы ауданындағы Селитреное селосына қоныс аударады. Сонда өсіп ержеткен ол Астрахань облысынан  майданға аттанды.

ІІ Украина  майданының 53 армия, 228 атқыштар дивизиясындағы 795 атқыштар полкінде пулеметші болған ол өзінің ержүрек жауынгер екенін сан мәрте дәлелдеді. Қазақтың қайсар  ұлы әрбір шабуыл кезінде пулеметінен оқ жаудыртып, жауынгерлердің алғак шығуына мүмкіндік жасады.

1944 жылдың суық күзінде аспаннан шелектеп құйғанжаңбырға қарамастан Мұқат ротасына Тисса өзенінен өтуге бұйрық беріледі. Күн кешкіргеніне  қарамай  екі  жақта  ракета ұшырып қоюланған  ауаны жап – жарық етіп тұрды. Ағаш бөрнелерден жасалған салмен жүзіп келе жатқан Кеңес әскерлері өзенінің  орта жеріне  жете бергенде Мұқатта пулеметтен оқ жаудырта бастайды. Дүние алай – дүлей, зуылдаған оқ, жарылған бомба, судың беті қайнап жатқан қазандай   бұрқылдайды. Жауға  да жан керек, немістер де кеңес м жауынгерлерін арғы бетке  шығармауды ойлап оқты  боратқан  үстіне бората түседі. Бірақ,  тегеуріні мықты біздің жауынгерлер ақыры  арғы бетке  табан  тірейді. Шыға сала қайтадан пулеметіне  жармасқан ол немістерді дәлдеп көзбен атуға кірісті. Сол шайқаста Мұқат Мусаев жаудың 60 шақты офицерімен жауынгерлерін жайратып, 3 пулемет ұясының үнін өшірді. Осы ерлігі үшін  Қошалақтан ұщқан   қыран  Кеңес Одағының батыры  деген  атаққа ие болды. Хас батыр жеңісті жолын неміс  жерінде аяқтап, қайтадан Астрахан облысының Қарабайлы ауданына келеді. Мал дәрігерлік курсын тәмамдағанмен соғыстан  алған жарақатынан 35 жасында, 1954  жылы бақилық болды.

http://encyclopedia.mil.ru/download.sx?attr=body&objId=/alipov.jpg@cmsFile.images

Ғизат Әліпов1924 жылы кәрі Каспийдің толқынында тербеліп өмірге келіп ерте есейді. Теңізден балық аулап өскен 9 – шы сыныпты аяқтағаннан кейін «Қызыл ту» ұжымшарында есепші болып еңбек жолын бастайды. 1942 жылы жасы 18-ге толар – толмастан зұлым жаумен шайқасуға аттанады. Чкалов әскери училищесінде  оқыған Ғизат 1943 жылдың шілдесінде «кіші сержант» атағын алып ІІ Украин майданындағы 13 гвардиялық дивизиясында атқыштар бөлімшесін  басқарып Старый Оскол қаласында алғаш рет шайқасқа түседі. Содан кейін Кременчуг, Полтава қалаларын жаудан  азат етті. Батыл да алғыр Ғизат үнемі алғы шепте болғандықтан шығар 2 – 3 айдың ішінде 3 рет жеңіл жарақат алып, ақыры 1944 жылдың басында ауыр жараланады.

 Госпитальден шықаннан соң ол І Белорус майданының  құрамындағы 63 армия, 312 атқыштар двизиясының 599 саперлер батальон  сапында болды. 1944 жылдың 18 шілдесінде Буг өзенінен өткен кезде Қызыл Аримяға пландарын дайындаудағы ерлігі үшін Ғ.Әліпов ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Висла өзенінен өту кезіндегі ерлігі үшін ол ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ұлығыланды. Ал, 1945 жылы 17 сәуірде Германияның Лебус қаласын алу кезіндегі Висла өзені маңындағы  жан қиярлығы үшін старшина Әліпов І дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері атанды. Соғыс аяқталып қалып батыр орденін тек 22 жыл өткеннен соң кеудесіне қадады. Елге келгеннен кейін шаруашылықтарда зоотехник, ферма меңгерушісі жұмыстарын мінсіз атқарды. Еселі еңбегі үшін «Республикаға еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» деген құрметті атаққа ие болады.

 

http://f.azh.kz/news-kaz/002/980/17hiuaz_copy.jpgХиуаз Доспанова 1922 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданы Зормата ауылдық кеңесінде заманының сауатты әрі белсенді азаматтарының бірі, Теңіз уездік атқару комитетінің мүшесі Қайыр Доспановтың  отбасындадүниеге келді. Ауылда орталау білім алған  ол орта мектепті Орал қаласынан  бітірді. 9 сыныпта оқып жүргенде ол аэроклубқа жазылып, сонда да оқиды. Мектеп бітіргенде Хиуазға куәлікпен бірге әскери билет беріліп, «запастағы ұшқыш» деген атақ алады.

1940 жылы ол Мәскеудегі І дәрігерлік институтқа оқуға түседі. Бірақ, бір жылдан кейін  соғыс басталады да ол оқуын  жалғастырмай майданға сұранады. Көзі қарақты Хиуаз астанада әйелдер полкі құрылатынын естіп, соған баруға бел буады. Бірақ, оны  полкке бірден қабылдай қоймайды. Тек, ВЛКСМ Орталық комитетінің І хатшысы Косаревке мән жайды түсіндіргеннен кейін комсомол басшысының жолдамасымен Марина Раскова басқарған түнгі бомбалаушы авиация полкіне қабылданады.

1942 жылы көктемде әлемдік тәжірибеде алғаш рет құрылған түнде ғана шабуылға шығатын ұшқыш әйелдер полкі майданға аттанды. Полк Солтүстік Кавказ, Қырым, Украина, Белорусия, Польша мен Германияда көптеген әуе шабуылына қатысты.

Қазықтың қанатты қызы Хиуаз 300-ден астам рет әуе шабуылына шықты, 14 рет ұшақпен бірге жерге құлады. Он шақты рет ауыр, 4 рет өте ауыр жарақат алды.

Соғыстан кейін ол Орал облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКСМ ОК І хатшысы, Қазақстан Компартиясым ОК нұсқаушысы қызметтерін абыроймен атқарды. Көзсіз ерлігі мен еселі еңбегі лайықты бағаланған Хиуаз ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендер імен, көптеген  медальдармен марапатталады. Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында Елбасының Жарлығымен Х.Доспанова елдің ең жоғары марапты «Халық Қаһарманы» атағына ие болды.

Жеңіс күні – азамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 – мамыр – азат күресінің айбынды күні. Жеңіс күні, бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме? Отаны мен отбасы үшін тамшы қаны қалғанша соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен күресіп, туған жердің бір уыс топырағы да бұйырмай, жаны жат жерде мәңгілік жай тапқандар қаншама десеңізші. Оларды еске түсіру күні бүгін өлілерге емес, тірілерге қажет, соның ішінде жас ұрпаққа қажет, олардың ерліктерін оқып, өз Отанымыздың, туған елдің тарихын білуге, еліме деген сүйіспеншілікті арттыру – қасиетті борышымыз. Әсіресе, соғыстың өзін көрмесе де, салқындығының сызын сезінгендердің борышы. Себебі, ол еске түсірулер марқұмдарға бұйырған жалғыз ғана тағдыр сыйлығы, жалғыз ғана тарихи ескерткіш, ұлы ерліктің  жаңғырығы.

Фашистік Германияны тізе бүктіру – адамзат баласының ХХ ғасырдағы ұлы мерекесі болып табылды. Бұл мерекеге қазақстандықтар қомақты үлес қосып ғана қойған жоқ, бүгінгі азаттық пен тәуелсіздіктің іргетасын қалады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға  буын өкілдерінің, біздің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Егер Сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.» дегенді. Ұлы отан соғысының тағлымы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуы керек. Оның  майдайалысы – ұлтаралық үйлдесім мен азаматтық келісімді қастерлей білу. Баға жетпес осы қүндылықтар арқасында кеңес халқы жантүршігерлік қиыншылықтарды артқа тастап, азаттығын сақтап қалды. Бүгінгі ұрпақты береке – бірлікке, тату – тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне соғыс ардагерлері мол олжа салғаны ақиқат. «Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әскерлердің ұрпағы екенізімді әрдайым мақтан етеміз. Біз халықтар арасындағы достық пен бірлікті қастерлеген аға ұрпақтың жалғасы екендігімізді мақтан етеміз. Біз сіздер бастаған жасампаз істерді жалғастыру бақытына ие болғанымыз үшін мақтан етеміз» деген  болатын елбасы Н.Ә. Назарбаев Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты жиында. Ия, біз аға ұрпақтың ізін жалғастырушы жастармыз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      Атырау газеті №45  2014 жыл.

2.      Серпер газеті №9 2015 жыл.

3.      Құрманғазы ауданының энциклопедиясы 2008 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научная работа на тему "Тарихта қалған Құрманғазылық батырлар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.05.2016 1314
    • DOCX 124.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кулесова Анаргуль Жулдузовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кулесова Анаргуль Жулдузовна
    Кулесова Анаргуль Жулдузовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13379
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе