Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / Научная работа на тему"Кристалл өсіру"

Научная работа на тему"Кристалл өсіру"


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Кристалл өсіру

Кіріспе
Кристалдар ертеден өзінің әсемдігімен, дұрыс пішінімен, жұмбақтығымен адамдардың назарын өзіне аударған. Мені де осы қасиеттері қызықтырды.

Өзімнің зерттеу жұмысымда мен келесі мақсаттарды алдыма қойдым:
1 Кристалдарды « кім» екенін білуге
2 Ас тұзы мен мыс купоросының кристалдарын өсіру.

Алға қойған мақсаттарға жету үшін, келесі негізгі міндеттері анықталды:
1 Жұмысымды жоспарлау
2 Кристалдар туралы ақпараттар табу
3 Тәжірибе жүргізу
4 Жұмысымда талдау жасау
5 Жұмысымды мультимедиялық презентация түрінде безендіру
Зерттеу жұмысымның алдында мынадай проблема туындады:
Үй жағдайында кристалдар өсіруге бола ма және оларды қайда қолдануға болады?

Зерттеу тәсілдері: теориялық зерттеу, бақылау, эксперимент, қорытынды.

2 Негізгі бөлім
2. 1 «Кристалл» деген сөз қалай пайда болды?
Кристалл(грек сөзінен) алғашқыда мұз, соңында - тау хрусталі (кристалл) қатты денелер, онда атомдар белгілі заңдылықпен орналасып, кристалл торларын түзеді. Кристалдардың өсу нәтижесінде, олардың бетіне өздігінен тегіс қырлар пайда болады да, кристалдар әртүрлі геометриялық пішіндерге ие болады. «Кристалл»сөзінің пайда болуы да қызық (ол сөз барлық еуропалық тілдерде бірдей айтылады ). Көптеген ғасырлар бұрын Альпі тауларының мәңгі қарларында, қазіргі Швейцария мемлекетінің территориясында, таза мұзға ұқсас, өте әдемі, әсем, түссіз кристалдар табылған. Ежелгі натуралистер оларды солай атаған -«кристаллос» мұз; бұл сөз грекше «криос» суық,, аяз деген мағына білдіреді. Мұзды көп уақыт тауда, қатты суықта тас болады да еру қабілетінен айрылады деп есептеді. Антикалық мәртебелі философтардың бірі Аристотель былай деп жазған, «кристаллос жылуынан толық айрылған судан пайда болады». Кристалл барлық жерлерде кездеседі, біз олардың үстінен жүреміз, құрылыста пайдаланамыз, зертханада және заводтық құрылғыларда оларды өсіреміз, кристалдардан құрал - жабдықтар мен өнімдер жасаймыз, техника мен ғылымда оларды кеңінен қолданамыз, ас тұзының - кристалдарын тірі ағзалардан табамыз, кристалдардан жасалған құралдарды қолданып, ғарыштық кеңістікке шығамыз.
2. 2 Кристалдар мен минералдардың түрлері
Кристалдардың ішінде маңызды орын алатын бағалы тастар, олар ерте заманнан адамдардың назарын өзіне аударып келеді. Адамдар көптеген бағалы тастарды жасанды жолмен алуды үйренді. Мысалы, сағаттың подшипниктері және басқа тура құралдар ертеден жасанды гауһарлардан жасалады.
Гауһар - түссіз, ашық - қызыл, қою - қызыл немесе күлгін - қызыл түсті. Оның түсі хром қоспаларымен анықталады. (косымша1)
Изумруд – алюминий мен берилийдің бериллосиликаттарының түр өзгерісі. Жасыл түсінің болуы изумруд хром иондарына байланысты, олар кристалл торда алюминий иондарының бір бөлігінің орнын басады.
Аметист – түссіз және жартылай түссіз кварцтың күлгін түсті түр өзгерісі; әр түрлі қою және ашық түсте болады, түссіз сұр - күлгін түстен
көгілдір - күлгін, қызғылт - күлгінге дейін, қою - күлгін түстен қара түске
дейін, жеке кристалдар түрінде немесе бірнеше кристалдардың өсіндісі түрінде кездеседі; түстері темір қоспаларына байланысты.

2. 3 Неге кристалдар сондай әртүрлі?

Кристалдар құрылысына байланысты иондық, коваленттік, молекулалық және металдық болып жіктеледі. Және де идеалды және нақты кристалл деп бөлуге болады.
Идеалды кристалл – бұл математикалық объект, толық, өзіне тән симметриялық қасиеті, тегіс қырлары болады. Нақты кристалл әр түрлі дефектілері, қисық, кедір - бұдырлы қырлы болатын объект. Бұл спецификалық орта жағдайында өсу нәтижесінен, қоректену ортасының әрекеті болуымен түсіндіріледі.
Бұл кристалда кристаллографиялық қырлар және дұрыс пішіндер болмайды, бірақ басты қасиет – кристал торында атомдардың орналасу заңдылығы сақталады.
2. 4 Кристалдарды зерттейтін ғылымдар.
Кристаллография – идеалды кристалдарды симметрия заңдары тұрғысынан зерттейді және нақты кристалдармен салыстырады.
Құрылыстық кристаллография – кристалдардың ішкі құрылыстарын анықтаумен және кристалл торларының жіктелуін зерттеумен айналысады.
Кристалдық оптика – кристалдардын оптикалық қасиеттерін зерттейді.
Кристаллохимия – әртүрлі заттардан және әртүрлі ортада кристалдардың түзілуі заңдылықтарын зерттейді.
2. 5 Кристалдарды өсірудің әдістері
Қаныққан ерітінділерін біртіндеп салқындату жолымен кристалдарды өсіру әдісі, ерігіштіктері температураға тәуелсіз заттарға қолдануға болмайды.
Кристалдады алудың келесі әдісі, қаныққан ерітіндіден суды біртіндеп кетуі. «Артық»зат бұл жағдайда кристалданады. Үшінші әдіс - сұйық заттарды баяу салқындату арқылы, балқыған заттардан кристалдарды өсіру. Барлық әдістерді қолданғанда, ең жақсы нәтижелер ерітіндіге немесе балқымаға бастапқы өнім ретінде - дұрыс пішінді кішкене кристалл салғанда шығады.

2. 6 Қолданылуы
Кристалдар ғылым мен техника кеңінен қолданылады жартылай өткізгіштер, оптикалы құралдарға арналған призмалар мен линзалар зергерлік өндірісте, қатты денелі лазерлер, оптикалық және электрооптикалық кристалдар, ферромагнетиктер және ферриттер, жоғары сапалы металлдардың монокристалдары.
2. 7 Тәжірибелік бөлімі
Барлық үйде тіршілік үшін маңызды тағам бар, ол - қадімгі ас тұзы. Біз оған үйреніп кеттік. Кәдімгі жағдайда ол қатты зат, бірақ тұтас емес, кішкене кристалдардан жиналған зат. Суда тұз жақсы ериді.

Кристалдардың өсінділерін өсіру.
Құрал - жабдықтар: Мыс купоросы, шыны ыдыс, тұз, су, таразы, өлшеуіш цилиндр.(косымша2)
Жұмыстың барысы:
Қажет құрал - жабдықтарды дайындадым: су құйылған ыдыс(банка), тұз, мыс купоросы, қасық. Су құйылған ыдысқа тұз бен мыс купоросын сеуіп салдым және жақсылап араластырып, ерітіндіні өте қаныққан күйге келтірдім (ол ерітіндіде тұздарды ары қарай еріту мүмкін болмайтындай етіп). Содан кейін ерітіндіні сүзіп, оған ыдыстың қабырғалары мен түбіне тимейтіндей етіп жіп салдым. Әрі қарай жіп салынған ыдысты салқындатуға қойдым, бірнеше сағаттан кейін жіпке жабысқан кристалл түйінділерін көрдім.(косымша3) Екі күн кристаллдардың өсуіне уақыт бердім, содан кейін кристалл өсінділері жабысқан жіпті алып, ерітінді құйылған ыдысты қайнағанша қыздырдым, яғни ыдыстың түбінде қалған тұз тұнбасын ерітуге тырыстым(тағы да ыдысқа тұз салдым ).
Сонан соң кристалдар жабысқан жіпті ыдысқа қайтадан салдым. Солай мен екі айдың ішінде бірінші кристалды өсірдім.(косымша3)

Жеке кристалды өсіру
Жұмыстың барысы:
Тұз бен мыс купоросының қаныққан ерітіндісіне жіпті салдым. Бір күннен кейін жіпте кристалл өсінділері пайда болды. Ерітіндіден кристалл өсінділері жабысқан жіпті - алып, ең тегіс және ірілеу деген кристалл түйіршігін сындырып бөліп алдым. Кристалл түйіршігін басқа жіпке байлап, ыдыстың тура ортасына тұратындай етіп ерітіндіге батырдым. Әлсіз суытылған ерітіндіден кристалдар көпжақты пішінде өсті. Температураның төмендеуіне байланысты әртүрлі қырлары үшін өсу жылдамдығы артқан сайын кристалдың сыртқы келбеті өзгереді.(косымша4 - 6)
3 Қорытынды:
Зерттеу жұмысымның барысында тәжірибелер мен бақылаулар жүргізілді Жұмысқа мақсат қойылып, ол мақсатыма жеттім. Кристалды өсіріп, танып білдім. Кристалл күңгірттеу болып шықты, себебі: кристалға ашық ауада жарықта жиі жанасқан сайын күңгірттенеді, яғни, кристалл желдетілгенде оның құрамына кіретін су молекуласының құрылымы өзгереді, басқа атомдар байланысады.
Мынадай қорытындыға келдім:
1 Қаныққан ерітіндіні дұрыс дайындау керек
2 Заттардың ерігіштігі температураға, өсіру жағдайына тәуелді.
3 Ерігеннен кейін кристалл өзінің қасиетін жоғалтпайды(тұз тұзды күйінде қалады.)
4 Өскен үлкен көлемді поликристалл бір - біріне ұқсайтын кіші монокристалдардан тұрады.
5 Үй жағдайында әшекей бұйымдары ретінде, сувенир жасауға қолданылатын әдемі кристалл өсіруге болады.
6 Ең бастысы физиканың қорқынышты емес екенін, физиканың қызықты екенін түсіндім.
Біз кристалдардың басқа материалдардан өсіру жолдарын қарастырған жоқпыз. Мысалы: хромды калийлі ашудастан. Сонымен қатар кристалл түрлерінің физикалық қасиеттеріне тәуелділігін қарастырғым келеді.


Қолданылған әдебиеттін тізімі:
[1] Физика в школе №6 2001
[2] Банн Г. А. Кристаллы - Москва
[3] Шаскольская М. И. Кристаллы
[4] www. google. ru Выращивание кристаллов в домашних условиях























Справка по работе над ошибками тестовых заданий 4 «В» класса

Коргалжынской школы-гимназии

по подготовке к ВОУД



16 октября 2015 года в 4 «в» классе был проведен тест по русскому языку, состоявший из 20 вопросов. Критерий оценок: 0-1 ошибок – отметка «5», 2-3 ошибок – отметка «4», 4 ошибок – отметка «3», 5 ошибок – отметка «2».

На «5» написали следующие учащиеся: Кобзарук Н, Анисимов В, Тусупбеков А, Морина С.

На «4» написали: Абатбай А, допустил ошибки в следующих вопросах:

Выпиши синонимы к прилагательному «старый дом»;

Укажи словосочетание с главным словом существительным?

Найди слово с пропущенной безударной гласной в корне?

На «3» написали: Жгун М, допустил ошибки в следующих вопросах:

Выпиши числительное без мягкого знака в середине слова;

Укажи определения в предложении;

Выпиши синоним к прилагательному «старый дом»;

Выбери слово с парным согласным на конце слова;

Была проведена работа над ошибками, учащиеся при повторении правил и разборе вопросов исправили неправильные ответы.






Классный руководитель: Ш.Ж.Есим








Физика пәнінен факультатив сабағының жоспары

Тақырыбы

Сағат саны

Ұйымдастыру формасы

Күні

 

Жылу құбылыстары

3

 

 

1

Ішкі энергия, оның өзгерісі, жылу берілу, жылу мөлшерін есептеу, меншікті жану жылуы

1

Лекция

 

2

Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК

1

Лекция

 

3

Жылу құбылысына арналған тест

1

Тест

 

 

Электр  құбылыстары

4

 

 

4

Электр өрісі, заряды, өткізгіштер, электр өріс кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Электр тоғы, өткізгішті тізбектей және параллель жалғау. әр түрлі ортадағы электр тоғы, электролиз  

 

3

 

Лекция / есеп

 

5

Жылу құбылыстары және электр бөліміне арналған тест

1

Тест

 

 

Электромагниттік құбылыстар 

2

 

 

6

Магнит өрісі, тоғы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері. Электромагниттік индукция.

1

Лекция

 

7

Генераторлар. Трансформаторлар.

1

Оқушы рефераты

 

 

Жарық құбылыстары

2

 

 

8

Жарық жылдамдығы, жарық шағылуы, линзалар

1

Лекция

 

9

Линза көмегімен кескін алу

1

Лекция 

 

 

Қозғалыс және денелердің өзара әсері

4

 

 

10

Тең айнымалы, еркін түсу, шеңбер бойымен қозғалыстар. Ньютонның 1,2,3 заңдары, масса және салмақ.

Дене импульсі, энергияның айналу және сақталу заңы  

 

3

 

Лекция және есеп

 

11

Электромагнит, жарық және механика бөліміне тест

1

Тест

 

 

Тербелістермен толқындар

2

 

 

12

Тербелістер, резонанс, эм тербелістер

1

Лекция

 

13

Ғарыш әлемінде

1

Оқушы рефераты

 

 

Механика

2

 

 

14

Кинематика, динамика.

2

Лекция және есеп

 

 

        Молекулалық физика және термодинамика

4

 

 

15

Молекулалық – кинетикалық теория негіздері

2

Лекция және есеп

 

16

Термодинамика негіздері

1

Лекция және есеп

 

17

Қазақстан жылу энергетикасы

1

Оқушы рефераты

 

18

                       Электродинамика

7

 

 

19

Электростатика, тұрақты электр тоғы, магнит өрісі, электромагниттік индукция, әр түрлі ортадағы электр тоғы

6

Лекция және есеп

 

20

Механика, молекулалық физика, электродинамика бөліміне арналған тест

1

Тест

 

 

Кванттық физика

4


21

Жарық кванты, атом физикасы, атом ядросының физикасы

3

Лекция және есеп

22

Кванттық физика бөліміне арналған тест

1

Тест

 

 
































 11сынып (34  аптасына 1 сағаттан)  

Мақсаты:

-         Оқушылар бойына физика пәніне  шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.

-         Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу.

Міндеттері:

-         Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.

-         Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.

-         Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.

Күтілген нәтижелер:

қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:

- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.

- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;

- есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;

- нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;

- электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып,оны өмірде дұрыс пайдалана білу;

- тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;

- зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;

- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;

 

Қосымша сабақ жоспары төмендегі әдебиеттерден пайдаланып жасалды:

1.     Б. Кронгарт В. Кем «Физика 10 сынып». Алматы 2006ж.

2.     «Физика 11 сынып». Алматы 2006ж.

3.     Р. Башарұлы «физика 9 сынып». Алматы 2009ж.

4.     Б. Дүйсембаева «физика 8 сынып». Алматы 2008ж.

5.     Оқушы анықтамасы (7-11 сыныптар). «Арман-ПВ» баспасы, 2005ж.

6.     Р. Рымкевич «Физика есептер жинағы». 

 





Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров193
Номер материала ДВ-462032
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх