Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Научная работа "Қостанай облысының ғалым математиктері"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Научная работа "Қостанай облысының ғалым математиктері"

библиотека
материалов

Қостанай облысының білім басқармасы

Управление образования Костанайской области

Қостанай гуманитарлық колледжі

Костанайский гуманитарный колледж









Ғылыми зерттеу жұмысы


Тақырыбы: Қостанай облысының ғалым -математиктері және олардың ғылыми еңбектері.








Жазғандар: ЕТ мен АЖБҚ – 31 тобының оқушылары

Сатбаева Айсауле Ғалымбекқызы

Садуақас Ерболат Қайржан ұлы

Думан Дулат Думан ұлы

Ғылыми жетекшісі:

колледжінің оқытушысы

Ерманова Сара Есенбайқызы




























Мазмұны


Кіріспе....................................................................................................................


1.Заңғар Закарин


1.1.Білім жолында ...................................................................................


1.2.Ұлттық ғылым академиясындағы зор еңбегі...............................................


2.Ғарыштық зерттеулердегі ірі тұлға


2.1.Жұлдызды жылдар.............................................................................

2.2.Ғылыми жұмыстарының жоғары нәтижелері............................................

2.3.Отандық ғарышты зерттеу бағдарламасының негізін салушы...............

4.Қорытынды.....................................................................................................

5.Әдебиеттер тізімі...........................................................................................

6.Қосымшалар..................................................................................................

























КГК оқушылары А.Сатбаева,Д.Думан,Е.Садуақастың ғылыми зерттеу жұмысына

Ұсыныс-рецензия

Мамандығы:Есептеу техникасымен автоматты жүйеде басқаруды қамтамасыз ету.

Тақырыбы: Қостанай облысының ғалым- математиктері және олардың ашқан ғылыми жаңалықтары.

Ғылым мен техниканың аса жоғары қарқынмен дамуы жағдайында оқушылардың өз бетімен білім алуы, білімді іс жүзінде қолдана білуін дамыту, таным белсенділігін ғылымға, білімге қызығушылығын тәрбиелеу маңызды орын алады.

Бұл жұмысты аталған оқушылар ынтамен қолға алуының себебі түсінікті. Өйткені техника бөлімінде білім алып жатса, олардың математикаға ынтасы жоғары. Ендеше бұл жұмысты қолға ала отырып, қызығушылықпен ізденіске кіріскен. Қостанай өңірінің атақты математиктері туралы мағлұматтар іздестіре отырып, өздеріне және өзге де жастарға рухани байлық жинауды мақсат етіп қойған.

Жұмыста ашқан жаңалықтары әлемдік ғылымға зор үлес қосқан математиктер облысымызда болғанын жазған. Атап айтқанда кезінде Қазақ мемлекеттік университетінің негізін қалаушылардың бірі, жоғарғы геометрия оқулықтарын жазған атақты ғалым Асқар Закарин туралы, ғарыш саласында Отанымыз үшін көп еңбек еткен, ғарыштық бағдарламаның авторы жерлесіміз академик Өмірзақ Сұлтанғазин туралы құнды деректер жинаған.

Оқушыларды облыс математиктерінің тек өмірбаяны қызықтырмаған , ол ғалым математиктердың ғылыми еңбектері , ашқан жаңалықтары, атқарған елеулі қызметтері туралы мәліметтер іздестірген. Оларды бір жүйеге келтіре отырып, нақты мағлұматтармен толықтырған.

Авторлардың көптеген баспасөз материалдарымен жұмыс істегендері, ізденгені, зерттегені және нәтижеге жеткені көрінеді.

Жұмыс әдеби, ғылыми тілде сауатты жазылған. Сонымен қатар жұмысқа қосымшада даярланған.

Ескерту

Ғалым-математиктердің ғылыми еңбектеріне сілтемелер берілмеген.

Ғылыми жетекшісі: Ерманова С.Е










Кіріспе



Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Абай.


Біз бүгін жаңа ғасырдың алғашқы 15 жылдығында өмір сүріп жатсақ та, бүгініміз бен келешегіміздің тамырларының бірі 20 ғасырдың қойнауында

жатыр. Сондықтан ғалымдар мен отандық тарихты зерттеушілер елімізге жан тәнімен қызмет еткен шынайы ерлердің адал есімдерін мұқият зерттеп халықына қайтаруда.Тарихта із қалдырған адамдарды білу, олардың еңбектерін бағалау үлкен көрегендіктің белгісі,дәлелі.

Математика тарихын зерттеген М.Искаков, А.Маманов, А.Көбесов сияқты зерттеушілерге сүйенсек, қазақ математикасының гүлденген шағы ІХ-ХІ ғасыр арасы болған.Бірте-бірте сөніп, тек ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары қайта өркендей бастады. Бүгінгі күні математикалық білімді одан әрі жетілдіру үшін әртүрлі дәрежелі оқу орындары ашылып, тиянақты бағдарламалармен жұмыс істеуде. Ғылымның практикалық жағынан көңіл бөлінген Халықаралық тіл- ағылшын тіліне ден қойылуда. Отандық математиктер сапалық теориясына, есептеу математикасында,математикалық логикада, халық календарында, есептеу техникасын оқытуда, математикалық экономикада іргелі табыстарға жетті.Атап айтсақ, О.А.Жәутіков, А.Д:Тайманов, Ө.М.Сұлтанғазин, Т.Аманов т.б. еңбектерін дүниежүзі ғалымдары біледі.

Өз облысымыздан шыққан атақты ғалымдар да бірнешеу.Әсіресе алғашқы автоматты есептегіш машиналарды оқу орындарына енгізген А.Закарин, ғарыш саласында өз қолтаңбасы бар Ө.М:Сұлтанғазин т.б. математика ғалымдарын мақтан етуге болады.Сонымен қатар ұстаздық пен ғылыми жұмысты алып жүрген математика ғалымдары қаншама.

Осы еңбегімізде аталған ғалымдардың ғылыммен айналысудағы өмір жолдарын аша түсеміз және өзімізге зор рухани байлық жинаймыз деп ойлаймыз.









Ғылыми − зерттеу жұмысы.

Тақырыбы:Қостанай облысының ғалым- математиктері және олардың ашқан ғылыми жаңалықтары.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Біздің колледж техникалық мамандықтарды даярлайтын болғандықтан, математикалық білімі мол оқушылардың болуы өте қажетті. Ал математиканы білу үшін, оған қызығушылық таныту керек. Сол қызығушылықтан нағыз білімді адам, атақты оқымысты да шығуы әбден мүмкін. Ұлы ғалымдарымызды жастарымыз білу, үлгі тұту, олардың ізін жалғастыру өзекті мәселе.

Біздің облысымызда өмір сүрген және сүріп жатқан, мемлекетіміздің ғылыми-техникалық, экономикалық дамуына зор үлес қосқан профессор және академиктерімізді білу, үлгі ету біздің борышымыз.

Зерттеудің негізгі мақсаты:

Облысымыздағы ғылымға зор үлес қосқан математика ғалымдары туралы білу, олардың еңбектерімен танысу, жүйелеп қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Отандық ғылым саласына мол еңбек еткен жерлес математика ғалымдарының еңбек жолдарын зерттеу.

  • Олардың ашқан жаңалықтарының мәні мен маңызын анықтау.

  • Облыстағы математика ғалымдарын кезеңдерге бөліп, олар туралы мәліметтер жинақтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

Кейбір деректер қажет болып, баспасөз беттерінен немесе ғаламтордан іздесең, өз жерлес ғалымдар туралы мәліметтер ( әсіресе ана тілімізде ) өте аз кездеседі.

Жазылған ғылыми жұмыс осы деректерді толықтыруға аз да болса үлес қосты.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы:

Жерлес математика ғалымдары туралы жазылған бұл жұмысты кітапша етіп шығарып, оқушыларға қосымша оқуға ұсынуға болады.

Ғылыми жұмыста жинақталған мәліметтерді колледж оқытушылары мен оқушылары қажет уақытында пайдалануға болады. Оқушыларға реферат, дипломдық жұмыс жазғанда да тигізер пайдасы мол.

Зерттеу құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, жеті тақырыптан және қосымшадан тұрады.

Ғылыми болжам:

Қостанай облысынан шыққан математика ғалымдарының өмірі мен еңбектерін іздеп, жүйелеу.



1.Заңғар Закарин.

1.1.Білім жолында.

Қай елдің болмасын математикалық мәдениеті тарихында өшпес із


қалдырған жұлдыздары болады.Сондай жарық жұлдыздардың бірі,


жерлесіміз белгілі ғалым – математик , Қазақстан


Республикасының еңбек сіңірген қызметкері , профессор Асқар


Закарияұлы Закарин.


Асқар Закарин 1908 жылы 15 желтоқсанда талай ұлы ғұламалар


шыққан Жангелді ауданынның Қызбел ауылында дүниеге келген.


Мектепте өте зерек оқыған Асқар Закаринді мұғалімі әрі қарай


оқуын жалғастыруға ақыл береді.Бойында білімге деген ынтасы


мол Асқар Закарин 1924 жылы Орынбор қаласына барады.Орыс


тілін білмегендіктен 2 жылдай оқуға түсе алмай , әр түрлі


жұмыстар істейді.


1926 жылы осы Орынбордағы жұмысшы факультетіне оқуға


түседі.Ол оқуды өте үздік оқып бітіріп, еліміздің кез – келген


жоғарғы оқу орнына емтихансыз қабылдануға жолдама


алады.Ғылымға ынталы Закариннің таңдауы еліміздегі ең ірі оқу


орындарының бірі Ломоносов атындағы Москва Мемлекеттік


университеті болды.


Оған университетте оқу оңай болған жоқ.Себебі Асқар Закаринге


қаржылай көмектесетін ата- анасы болмағандықтан, ол нан табу


үшін күндіз оқып, түнде жұмыс істеді.Сонымен қатар орыс тілін


жетік білмеуі де кейбір пәндерді оқу үшін қиындық тигізді.Бірақ


оқуға деген ынта оны жеңе алмады.оның өте талантты екенін


аңғарған профессорлар одан Қазақстан ғылымына бір


оқымыстынының қосылатынына сеніммен қараған.


Москва университетінің математика факультетін 1937 жылы үздік


бітіріп , Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында


математикадан сабақ береді.Сонымен қатар ғылыми зерттеу


жұмыстарын да жаза бастайды.Сол кездегі саяси жағдайдың


қиындығына қарамастан ол өзінің зерттеу жұмыстарын, оның


ішінде жоғарғы геометрия саласын қарастырады.


Өз ғылыми баспалдағын бастаған Асқар Закаринді Ұлы Отан


соғысының басталуы біраз жылға тоқтатады.Өз қалауымен №100


бригаданың құрамында болып , Москвадан Брестке дейін , одан әрі


Кенигсбергке дейін барады.Содан кейін Квантун армиясын жою


үшін Маньчужуриеге дейін соғысқан.Соғыстағы ерлігі үшін


«Қызыл ту» орденімен ,«Ерлігі үшін» , «Германияны жеңгені


үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

1.2.Ұлттық ғылым академиясындағы зор еңбегі.


Соғыстан кейінгі жылдар Қазақстан экуономикасы үшін оңай жылдар болған


жоқ.Ғылым білім үшін көптеген қиындықтар туындап жатты.Соған


қарамастан Соған қарамастан ғылымға деген құлшыныс Асқар Закаринді


еңбектерін жалғастыруға жетеледі.1950 жылы қазақтың Абай атындағы


педагогикалық институтында директор, 1953 жылдан КазМУ-дің ректоры


болып қызмет атқарды.Осы жұмыста қызмет атқарып жүргенде көптеген


шеттелдік оқу орындарымен ғылыми байланыс орнатты.Алғаш рет


уиверситетке есептегіш машиналар ЭВМ «Урал-2» және «Урал – 11 »


әкелініп , программистер мамандықтарын даярлау үшін зор үлес қосты.Осы


университеттің материалдық та, ғылыми жағынан да өсуі үшін көп еңбек


жасады.


1955-1958 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу Министрі қызметін


атқарды.


1958-61 жылдары Қазақ ССР-нің Министрлер советінің төрағасының


орынбасары және Қазақстан сыртқы істер министрі болып істеді.


1961-70 жылдар арасында қайтадан ҚазМУ-дің ректоры болып


тағайындалды.


Асқар Закарин 1970 жылдан бастап осы университетте кафедра


меңгерушісі болып істеген.


Жауапты қызметтері мен міндеттері көп болса да Асқар Закарияұлы


ғылыми зерттеу жұмыстарын жазып отырған.Ол кісі «Қазақстан тарихы» ,


«Қазақ Мемлекеттік университеті» кітаптарының авторы.сонымен қатар «Из


жизни замечательных математиков», «Геометрия негіздері», «Основных


идеях современной геометрии» т.б. ғылыми еңбектер жазған.


«Абель, Галуа Лобачевский,Эйнштейн» атты кітабында математика


ғылымының тарихында өшпес із қалдырған , оған зор үлес қосқан төрт ұлы


ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектері туралы баяндалған.Кітап


көпшілікке, әсіресе математикаға талабы бар жастарға арналып жазылған.


Ол осы кітаптағы алғы сөзінде «Бұлар туралы мағлұмат алу кімге болса да


зиян болмас.Әсіресе жастарға, оларды білімге жетектеуге , әлемді тануда


өшпес нысана болағандай» деп жазған.


Асқар Заракаиннің Қазақстан жоғарғы мектебін қалыптастырумен


дамытудағы қосқан үлесі білгір ұйымдастырушылық қасиеті , өскелең


ұрпаққа үлгі болып қала бермек.


Кезінде Мыржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов т.б. қоғам


қайраткерлерін көзі көрген Асқар Закарин 82 жасында Алматыда қайтыс


болған.


Қостанай елі ғалымды еске алу мақсатында 2008 жылы КМУ-де «Закарин


оқулары» атты ғылыми конференция өткізді.


Бірінші тарауға қоытынды.

Өмірдің қиын кездерін бастан өткізсе де , ғылымға деген ынта оны үлкен биікке жеткізген жерлесіміз Асқар Закария ұлы Закарин туралы бөлімде баяндалған.

Сонымен қатар 1937 жылы МГУ –ді бітіріп өз еліне келіп, тікелей ғылыммен айналысуы, жоғары геометрияға жол ашуы туралы жазылған.

Бүкіл саналы ғұмырын Қазақстан ғылымына арнаған Асқар Закариннің тарихта өз орны бар екенін көрсеткен.



2.Ғарыштық зерттеулердегі ірі тұлға.

2.1.Жұлдызды жылдар.


Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин- математик академик, (1983),


физика-математика ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974). Ол


қазан айының төртінші жұлдызында Қостанай облысы, бұрынғы Урицкий


ауданында өмірге келді. Қароба қазақ орта мектеінде оқыды. Математик


болуына мұғалімі Мырзағали Қарсақбаев жөн-жоба сілтеді.[]


Осы бастау Өмірзақ Сұлтанғазинді Қазақ Мемлекеттік университетінің


физика – математика факультетіне жетеледі.Оған түсі оңай болғанмен


табанды еңбек пен табиғи дарынның негізінде ол ғалым – математик болып


қалыптаса бастады.Көрнекті ғалымдар Константин Персидский Тайманов


А.,Жәутіков О, КазМУ-дің сол кездегі ректоры , математик Асқар Закарин,


физика -математика факультетінің деканы Қасен Ибрашев студент


Сұлтанғазиннің талабын тез танып, оның дарынын ашуға өздерінің ұстаздық


үлестерін қоса білді.


Ғалымның жұлдызды жылдары КазМу-ді үздік бітіріп ,сонда ұстаздық


еткен кезі, одан кейін атағы дүркіреп тұрған Новосібірдегі бүкіл одақтық


ғылым академиясының Сібір бөлімінде алдымен аспирант болып , артынан


ғылыми ізденістерін жалғастырған жылдары еді. «Новосібірде болашағынан


үміт күттіретін қазақтың бір баласы оқып жатыр» деп КазМУ-дің ректоры


Асқар Закарин өз замандастарына Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімін


мақтанышпен айтқан екен.Сібір бөліміндегі математика институтында ол


ғылым кандидаты, ғылым доктарлығына еңбектерін жазып, ойдағыдай


қорғалды.Аталмыш институт , жалпы академияның Сібір бөлімі сол кездерде


тек Одақ көлемінде ғана емес , барша әлем ғылымында дәрежесі зор ғылыми


жаңалық болды.Мұнда дүние жүзі ғылымына зор үлестерін қосқан


академиктер Л.В.Конторович,И.Марчук,М.М.Лаврентьев,


С.Л.Соболев,С.К.Годунов тағыда басқа ғылым саңлақтары қызмет


атқарды.Осы ғалымдардың ортасында Өмірзақ Сұлтанғазинннің де дарыны


ашыла түсті.Аталмыш ғалымдар қоғамның ең керекті ғылыми – техникалық


проблемаларымен оларды шешу жолдарымен шұғылданатын еді.Сұлтанғазин


акдемик Л.В.Конторовичтің математикалық экономика саласындағы ғылыми


семинарына белсенді қатысқан азамат еді.Кейін Л.В.Конторович осы


саладағы еңбектері үшін Нобель сыйлығын иеленді.


Кейіннен осы семинардағы алған ілімі мен тәжірибесін Сұлтанғазин ғарыш


әлемін зерттеу геоақпараттық жүйе жасау, ғарыштан жер үсті мен астының


байлығын зерттеу жұмыстарына тиімді пайдаланып жүрді.


Академик Г.И.Марчук ядролық реакторларды есептеу тәсілдерімен


шұғылданды.Сол кезде отызға толмаған Марчуктың еңбектері осы саладағы


ғылымға үлкен жаңалық әкелді.Осындай дарынды ғалым шебер


ұйымдастырушы қабілетінде көрсете біліп, КСРО-ның ғылым Академиясын


жемісті басқарды.Марчук Сұлтанғазиннің ізденістеріне тікелей жетекшілік


етті.Осы атом энерге энергетикасы үшін аса маңызды салада Сұлтанғазин


ғылыми жетекшісі Марчукпен бірге ғылыми ізденістің жақсы нәтижелерін


дүниеге әкелді.


2.2. Ғылыми жұмыстарының жоғарғы нәтижелері.


Сұлтанғазиннің математика ғылымына қосқан жаңалықтары көп-ақ


, оның ең ірілерінің бірі ғылымдағы өзекті проблема «Больцман


теориясына» қосқан үлесі.Осы жаңалық тек қана Қазақстанда


немесе Одақ көлемінде емес, барша әлемдегі математика ғылыми


қауымдастығына да Сұлтанғазин есімін танымал етті.Шетелдік


жетекші ғалым- математиктер «Больцман теориясына үлес қосқан –


Сұлтанғазин бағыты» деп Сұлтанғазин ашқан жаңалыққа арнайы


айдар тақты, өз еңбектерінде осы жаңалыққа сілтемелер жасап


отырды. «Менің ғылыми бір жағынан теорияға , бір жағынан


практикаға байланысты.Сібір академиясындағы ғылыми


ізденістерім ядролық реакторларды есептеу жұмысына арналды.Ал


бұл есеп қарындаш алып есептей салатын дүние емес.Ол үлкен


теориялық дайындықты қажет етеді»- дейтін академик.


Осындай жоғарғы теориялық дайындықтың арқасында «Больцман


теориясына» өзінің дербес үлесін қосқан Сұлтанғазин әлем


деңгейіндегі ғалымдардың санатына қосылды.Академиктің


еңбектеріне дүние жүзі ғалымдары сұраныс салды, ол көптеген


елдерде өткен өте маңызды ғылыми конференцияларға қатысты,


шетел университеттерінде дәріс оқыды.Америка Құрама


Штаттарының, Францияның, Германияның , Польшаның ,


Чехсловакияның , тағы басқа мемлекеттердің университеттеріне ,


ғылыми орталықтарына арнайы шақырылып, оларда дәріс беруі


академик Сұлтанғазиннің ғылыми еңбектерін, оның ғалымдық биік


тұлғасын бүкіл дүние жүзі оқымыстыларының мойындағанының


айқын айғағы еді.


1996 жылы Қазақстанда ұйымдастырылған ғылыми


конференцияға Француз акдемиясының президенті, дүние жүзі


ғалымдары әлемде №1 математик деп мойындаған Жак Лионс


арнайы жеделхат жіберді.Конференция жұмысына тікелей қатыса


алмағанына өтніш білдіре отырып, оның ұйымдастырушысы


академик Сұлтанғазинге: «Мен сіздің ғылыми жұмыстарыңызды


өте жоғары бағалаймын.Сіздің «Оуспечи» журналында


жарияланған Больцман теңдеулері туралы классикалық еңбегіңізді


аса қызыға оқығаным әлі есімді.Новосібірде, Мәскеу мен Парижде


кездесіп, сіздің лекцияларыңызды қызыға тыңдаған сәттерімді де


ұмытпаймын.Франция акдемиясы мен барлық француздық


әріптестеріңіздің атынан сізге шын жүректен шыққан сәлемімді


жолдаймын!» деген жүрекжарды сөздерін арнаған.


1972 жылы КСРО Ғылым академиясы Сібір бөлімінің математика


институтында Сұлтанғазин «Тасымалдың бейстационарлық


кинетикалық теңдеуі үшін сфералық гармоника әдісі» деген


тақырыпта докторлық диссертация қорғады.Сфералық гармоника


тәсілдерімен әлемде көптеген ғалымдар шұғылданады.Олардың


қатарында атағы баршаға мәлім С.Чандерасекар,Р.Маршак,


Дж.Марк, Г.Бете, Л.Гонке, Б.Дэвидсон сияқты ғалымдар


бар.Дегенмен кинетикалық теңдеу үшін жасалған тәсілдің толық


негіздемесін Сұлтанғазин берді.Бұлда оның ғалым – математик


ретіндегі әлем деңгейіндегі беделін арттыра түсті.Осы бағыттағы


ізденістерге шәкірттерін жұмылдырып, математика саласында


ғылыми мектебін ашты.Қазір де осы ғылыми мектептің ғалымдары


жемісті еңбек үстінде.


Ол ашқан тасымалдау теңдеуінің негізінде ғарыштық мониторинг


бағдарламасы жасалды, осымен қатар тамосфералық


құбылыстардың математикалық моделі де жасалды.Осының


негізінде Алматы қаласы атмосферасының ластану болжамын


жасап, оны Үкімет назарына ұсынды.Осындай озық математикалық


модель әлі еш жерде жоқ дейтін ғұлама ғалым.


Өткен ғасырдың 90 жылдары және жаңа ғасырдың басында оның


басқаруымен елімізде өте маңызды оншақты ғылыми конференция


өтті.Онда көтерілген мәселелер , яғни Қазақстанның экологиялық


жүйесінің математикалық моделі , қашықтықтан зонттау тәсілдерін


ауыл шаруашылығында пайдалану , КСРО-ның Орталық Азиядағы


атмосфералы аэрозалдар, қашықтықты зонттауды табиғи


байлықтарды зерттеуге қолдану, тағы басқа осындай күрделі


проблеммалар шетелдердің жетекші мамандарының қатысуымен


талқыланды, сонда қаралған ұсыныстар Үкімет назарына


ұсынылып кейбіреулері біздің тәжірибемізде бүгін тиімді


пайдаланылып отыр



2.3. Отандық ғарышты зерттеу бағдарламасының

негізін салушы.

Акдемик Өмірзақ Сұлтанғазинның соңғы 15-20 жылғы ғылыми ізденістері


ғарыш әлемін зерттеуге арналды.Соның негізінде ғарыштық зерттеулер


институтты құрылды, Сұлтанғазин 15 жыл , өмірінің соңғы күніне дейін, сол


ғылыми мекеменің басшысы болды.Енді осы институттың атқарған істері


туралы академиктің өз сөзін келтірейік.Иституттың «негізгі бағыты


қашықтықтан зонд арқылы бағдарлаудың теориялық проблемаларын –


қазақы ұғымға сәйкестендірсек – ғарыш сырн зерттейді.Осы уақытқа дейін


институт қазақ халқының , бүкіл Қазақстандықтардың мақтанышы , тұңғыш


ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшу бағдарламасын жүзеге


асырды.Екінші қыранымыз Талғат Мұсабаевтың төрт айлық сапарына


арналған ғылыми эксперименттік бағдарлама әзірленіп, ол да жоғарғы


дәрежеде іске асып, нәтижеге жетті.Бұлар көптеген елдердің зиялы


өкілдерінен жоғарғы бағаға ие болды.Қазір мына бағыттарда жұмыс істеп


жатырмыз: ел аумағындағы табиғи ресурстардың мониторингісі,


биотехнологиялық тәжірибелер, медициналық, биологиялық т.б.


зерттеулер.Сонымен қатар , Отанымыздың экологиялық жағдайы мен табиғи


ресурстар мониторингісінің жоба жүйесі өмірге келді.Мұны әлем


оқымыстылары жоғары бағалап , қызығушылық танытуда.Қарапайым тілмен


айтар болсақ , ғарыштағы жер серіктерінен қабылданатын ақпараттардың


көмегімен ел аумағын алақандағыдай көруге болады.Сол арқылы тиісті


орындарға барлық жағдайды хабардар етіп отырамыз.


Бізге тапсырыстар түсіп жатады.Мысалы, егіннің шығымын есептеу,жердің


бағасын анықтау, табиғи байлықтарды барлау, экологиялық қиындықтарды


болжау және сол сияқты.Егер қаржыдан тапшылық көрмесек , оларды біз дер


кезінде орындап шығуға мүмкіндігіміз мол.»

Жоғарғыдағы пікірді академик Өмірзақ Сұлтанғазин 1999 жылы айтып


еді.Осыдан кейінгі 5-6 жылда ол ғарышты зерттеудің бұрынғыдан да


ауқымды шараларын үкімет назарына ұсынды.2004 жылы академик


«Ғарыштық мониторингтің Қазақстандық Ұлттық жобасын » жасауға


арналған ғылыми – техникалық бағдарламаға басшылық етті.Осы


басшылығымен «Қазақстандағы Ғарыш іс – қимылдың 2005-2007 жылдарға


арналған » Мемлекеттік бағдарламасы жасалды, Оны Республика Президенті


өзінің арнайы үкімімен бекітті.Кәзір Сұлтанғазин ортамызда жоқ , бірақ ол


басшылық еткен ауқымды бағдарламалар іс жүзінде аса бастады.Соның бір


айғағы 2006 жылы ғарышқа шықққан Қазақстанның тұнғыш жер серігі-


Қазсат.Келешек жобаларға олардың әлі де бірнешеуі ұшырылмақ, қазақ елі


космостық держева дәрежесіне қол созуда.Осыған қосқан Өмірзақ


Сұлтанғазинның үлесі орасан зор, ол Қазақстан ғарышының негізін салушы


да , шынайы атасы да бола білді.Сондықтан да оның еңбегі ешқашан


ұмтылмайды.








Екінші тарауға қорытынды.

Өмірзақ Сұлтанғазин «Больцман теориясы » атты еңбегімен әлем деңгейіндегі ғалымдардың санатына қосылады.Өмірзақ Махмұтұлын ұлы ғалым Қаныш сатпаевтан кейін халықаралық дәрежеде танылған қазақ оқымыстыларрының бірегейі Сатпаевтың дәстүрін тікелей жалғастырған мұрагері деп толық айта аламыз.Өмірзақ Махмұтұлы шыққан жаңа белес – ғарыш ізденістері Қазақстан ғылымына сілтеп кеткен бағыт – бағдары.












Ғылыми жұмысқа қорытынды.

Республика президенті ғылымға деген қаржының алдағы жылдары 25 есе өсетінін айтты.Осылай мемлекет тарапынан қолдау тапса , Елбасы қойған асқақ міндет – бәсекеге қабілетті 50 елдің санатына қосылуға ғылымның әсері көп болуы мүмкін.

Тағы бір күрделі мәселе – жалпы Қазақстанның экономикасының , әрбір кәсіпорынның , жеке кәсіпкерлердің ғылымға деген көзқарасын өзгертіп, ғылым жаңалықтарын өндіріске енгізу ынтасын арттыру.Бұл саясат, бұл тетік.Оларды терең зерттеп, іс жүзінде ғылым мен техниканың , өндірістің тығыз байланысын жасау, қамтамасыз ету алда тұрған үлкен міндет.

Ел экономикасымен ғылымының дамуы үшін еңбек етіп жүрген Қостанай өңірінің белгілі математик ғалымдарын түбегейлі танып, оқырмандарға тарату мақсатында өзіміз жинаған азды- көпті мәліметтерді ұсынып отырмыз.Әрине, облыс математиктері туралы мәліметтер осымен түгелденді деп айта алмаймыз.Әлі де тың деректермен толықтыра түссе дұрыс болар еді.Бұл келешек жастарға жинап, зерттеп, талдауға міндет болмақ.



Қолданған әдебиеттер.


1. Егемен Қазақстан. 03.10.06

2. Егемен Қазақстан. 27.05.09

3. Казахстанская правда. 12.12.2008 ж.

4. Казахстанская правда. 05.12.2008 ж.

5. Қазақстан энциклопедиясы. 1,2,3 том

Алматы 2003.

6. Қазақтың есептері С. Елубаев

Алматы 1996

7. «Математика және физика»

3. 2007 ж.

8. Рассказы об ученых.

9. Изд-во «Наука» 1986 ж.

10. Энциклопедия Костанайской области.










Общая информация

Номер материала: ДВ-264069

Похожие материалы