Инфоурок Биология Научные работыНаучная работа по биологий: «Жасыл балдырлардың адам ағзасына пайдасы»

Научная работа по биологий: «Жасыл балдырлардың адам ағзасына пайдасы»

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ҒЫЛЫМ  ЖӘНЕ  БІЛІМ  МИНИСТРЛІГІ

 

 

«Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласы А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия

 

 

Аблайсан Бағдад    9 «Б» сынып

 

 

 

«Жасыл балдырлардың адам ағзасына пайдасы»

 

 

Бағыты: «Таза табиғи орта  Қазақстан  2030  стратегиясын

 іске асырудың  негізі»

Секциясы:   биология

 

 

Ғылыми жетекшісі:  БҒМ  ҒК  РМК    «Адам және жануарлар физиологиясы институты» биология ғылымдарының кандидаты лаборатория меңгерушісі   Қалекешов Асқар Маралұлы.  Жетекшісі: биология пәні мұғалімі  Мадиева Гульмира Амиртаевна.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы   2015 жыл

 

   Аңдатпа

Зеттеу барыснда қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде адамзатқа, жан-жануарларға келетін зиян мөлшерін анықтап, оның бетін қайтару-ғылымдағы негізгі мәселелердің бірі болып отырғаны мәлім.

Қоршаған ортaның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек екендігі сөзсіз.

Адам организмінің қорғаныштық қасиетін арттырып,иммундық жүйесін жоғарлатуда витаминдер мен қоректік заттарға бай табиғи биологиялық белсенді қоспаларды қолдану мәселесі қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі.Ондай заттарға жасыл балдырларды жатқызуға болады.

Сондықтан зерттеу барысында организмнің қорғасын тұзымен улануы кезінде қан плазмасы мен лимфа құрамындағы ақуыз мөлшері азаятыны белгілі болды.Оған қарсы глюкоза мөлшерінің артуы орын алады. Жануарларға хлорелла беру бауыр қызметінің қалпына келтіріп,ақуыздық алмасуды жақсартады. Қорғасын тұзының улы әсерін бейтараптайтыны байқалады.

      Аннотация

В ходе исследования было выявлено, что объем загрязнения окружающей среды, вред наносимый человечеству,флоре и защита Земли является основной задачей ученых.

Снижение экологических условий окружающей среды и уровня здоровья у людей является ответом на неблагоприятные условия.

Основной проблемой развития защитных свойств человеческого организма т.е. иммунитета являются повышение применения витаминов и биологических акитвных веществ.К таким веществам можно добавить и зеленые водоросли.

Поэтому в ходе исследования было известно, что отравление организма свинцовой солью приводит к уменьшению белка в плазме крови, а это может привести к увелечению глюкозы.

Подача хлореллы животным приводит в порядок печень, улучшает обмен веществ, нейтролизует действие свинцовой соли.

 

Annotation                      

Researching environmental pollution we have learned damage to people and animals. So scientific all over the world are worn to protect the environment. Ecological problems and peoples’ health are dangerous.

To protect human body to improve immunity we have take vitamins and supplements (biological additives) is the most topical solution in our time. One of the supplements is Chlorophyta: Green algae.

   During the research we have learned that the body was poisoned with the lead salt and the structure of lymph protein will be low in our organism. We have noticed that the glucose was increased in the body

Кіріспе

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі уақытта,  қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде адамзатқа, жан-жануарларға келетін зиян мөлшерін анықтап, оның бетін қайтару - ғылымдағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе, өндіріс орындарының, көлік құралдарының қалдық заттары - ауыр металл иондарының ауада, топырақ пен өсімдік құрамында, адам мен жануарлар ағзасында белгіленген көрсеткіштерден артық кездесуі көпшілікті алаңдатарлық жағдай.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейіадамның   денсаулығының   төмендеп,   ауруға   шалдығуын   ағзаның  ортаға   толық   бейімделе   алмауымен,  қолайсыз   әсерлерге   берген   теріс жауабы   ретінде   қарастыру  керек. Адам организімінің қорғаныштық қасиетін арттырып, иммундық жүйесін жоғарлатуда витаминдер мен қоректік заттарға бай табиғи биологиялық белсенді қоспаларды қолдану мәселесі қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Ондай заттарға жасыл балдырларды жатқызуға болады. Жасыл балдырлар — төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы суларда мекендейді. Тұзды және теңіз суларында, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі.

Жасылбалдырлардың 5 класы:

·                     вольвокс жасылбалдырлары (Volvocophyceae);

·                     протококк жасылбалдырлары (Chlorococcophyceae, Protococcohyceae);

·                     улотрикс жасылбалдырлары (Ulotrіchophyceae);

·                     сифонды жасыл балдырлары (Sіphonophyceae);

·                     конъюгаттар (Conjugatophyceae).

Қазақстанда 178 туысы, 700-дей түріанықталған. Бұлар бірклеткалы, көпклеткалы, колониялы тіршілікетеді. Клеткалары бір не көпядролы, кейдежалаңаш, көбінесе целлюлозалы және пиктинді қабықшаменқапталған. Кейбіртүрлеріірілігінеәрітарамдалғанынақарамастанклеткаларғабөлінбеген (сифондыжасылбалдырлары). Клеткаларында хлорофилл басым болғандықтан түсі жасыл және жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей каротин, ксантофил пигменттері болады.

Қорзаты – крахмал, кейде май. Жыныссыз (зооспораларымен, жылжымайтынспораларымен), жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия,коньюгация) және вегетативтік (бірклеткалытүрлері – екігебөлінуарқылы, көпклеткалытүрлері – жіпшелерініңбөліктерімен) жолдарменкөбейеді. Кейдебірклеткалыжәнеколониялытүрлері (вольвокстыжасылбалдырлары) шамадантыскөбейіпкетсе, су «гүлдеп» тұрғандайкөрінеді. Жасылбалдырларыдың теңіз салаты (Ulva), монострома (Monostroma) түрлері Шығыс Азия елдеріндетағамретіндепайдаланылады. Бірклеткалыжасылбалдырларды (хлорелла, сценедесмус, т.б.) тағамға, малғажемретінде, лас суды, ауаны

(ғарыш кемелерінде, сүңгуір қайықта) тазарту үшін қолдан өсіреді.

Жасыл балдырлар – табиғатта көп тараған, жиі кездеседі, 15000-нан астам түрлері бар. Оларға бір клеткалы, қауымды, көп клеткалы тарамдалмаған /трихальды/ және тарамдалған /гетеротрихальды/ жіптесінді, пластинкалы және сифонды құрылысты балдырлар жатады. Бұлардың ішінде барлық структуралық құрылысты организмдер бар. Осындай алуан түрлілігіне қарамастан барлықтарына тән аттарына байланысты хлоропластың таза жасыл түсті болып келуі, онда хлорофильдің және пигметтерінің басым болып келуінде, сонымен бірге қосымша каротин, ксантофилл пигменттері де болады. Жасыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді.

Зерттеу мақсаты.Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты жасыл балдырлардың организмнің қорғаныштық қасиетін арттырудағы рөлін зерттеп, организмді оңалту амалдарын табу болып табылады.

Қорғауға ұсынылған негiзгi мәселелер.

1.   Жасыл балдырларды беру кезіндегі қан плазмасындағы биохимиялық көрсеткіштер өзгерістерін зерттеу.

2.   Жасыл балдырлардың тағамдық құндылығын анықтау.

Ғылыми жаңалығы. Жасыл балдырлардың организмнің қорғаныштық қасиетін арттырудағы маңыздылығы анықталды.

Тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу барысында алынған деректерді, жасыл балдырлардың организмге тиімді әсерін анықтау бағытындағы жұмыстарға қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі.

Диплом жұмысы кіріспе, әдебиеттерге шолу, зерттеу әдістері мен құралдарын баяндау, зерттеу нәтижелері және оны талқылау, қорытынды, әдебиеттер тізімі бөлімдерінен құралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Жасыл балдырларға сипаттама

 

1.1 Вольвоксты балдырлар

 

  Вольвоксты –VOLVOCALES балдырлар қатары. Бұл қатарға вегетативтік уақытында қозғалғыш келетін бір клеткалы, ценобиальды-монада құрылысты организмдер жатады. Хламидомонада туысы бір клеткалы дөңгелек, сопақ, ұршық т.б. пішінді, монада құрылысты организм. Вольвокс туысы шар пішінді, диаметрі 2 мм-ге дейін жететін ценобиальды балдыр. Ценобиаль құрайтын клеткалар шардың сыртқы бетіне орналасады да бір-бірімен протоплазмалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Ал шар, сыртынан тор сияқтыболады. Мұндағыклеткалар саны 500-ден 60000-ға дейінбарады. Вольвокстықұрайтынклеткаларқұрылысыжағынанхламидомонадағаұқсас, олардыңәрқайсысыныңхлоропластасы, цитоплазмасы, ядросы, көзшесіжәнеекіталшығыболады. Осы талшықтардыңбірбағытқақарайқозғалуынабайланыстыбірорнынанекіншіорынғақозғалыпотырады. Вольвокс клеткаларыбіркелкіболмайірілі-ұсақтыболыпкеледі. Ұсақклеткаларбөлінугеқабілетсіз. Оларкөмірқышқылгазынанжарықтакөміртегінассимиляциялайды, сөйтіп фотосинтез қызметінатқарады. Ал іріклеткаларкөбеюгеқабілетті. Ондайіріклеткалардың саны оншақты, олардыпартеногонидиялықклеткалардыңбойлайбөлінуіарқылыжаңаклеткалартүзіледі, бұлардандамыған пластинка табақсияқтысыртқақарайдөңгеленіпиіледі. Бұлкездеденесініңалдыңғыжағыиілгенпластинканыңішінеқарапжатады, кейінненалдыңғыжағыарқылысыртқақарапайналыптүседі де пластинка шеттеріарқылытүйісіп, ішіқуысшарғаайналады. Кейінгілердіңклеткаларыаналықшардыңклеткаларынаұқсасжәнеәрбір клетка екіденөзінеталшықтүзетінболады. Мұндайжасшарларбірнешеуболып, аналықшардың орта қуысынатүсіпқозғалады. Олардыңұлғаюынананалықшардыңқабырғасыжыртылады да жасшарларсыртқашығып, өзбеттеріментіршілікетебастайды. Жыныстыкөбеюіоогамиялы.

Вольвокстар тұщы суларда кең тараған, қауымы шар тәрізді жасыл түсті. Қауымын кілегейлі зат қоршап тұрады, ішінде бір-бірімен цитоплазмалық көпірше (түтікше) арқылы байланысқан жасушалары орналасқан, әрбір жасушаның талшықтары қауымның сыртына қарай шығып тұрады. Қауымдағы дарақтардың саны 500-ден 20 мыңға дейін жетеді. Жасушаларының құрылысы эвгленаларға өте ұқсас, айырмашылығы екі талшықтың болуында.

·                     Вольвокстың жасушалары атқаратын қызметтеріне қарай ірілі-ұсақты болып келеді. Ірі жасушалары немесе генеративті жасушалары көбею қызметін атқарады, аналық (макрогамета) және аталық (микрогаметаларды) түзейді. Ал ұсақ жасушалар немесе соматикалық жасушаларының көбеюге қабілеті жоқ, сондықтан қалған барлық қызметтерін атқарады (қозғалу немесе жылжу, ас қорыту т.б)

 

http://900igr.net/datai/okruzhajuschij-mir/Mnogoobrazie-rastenij-i-ikh-znachenie/0005-016-Mnogoobrazie-rastenij-rastenija-karliki.jpghttp://forum.vitawater.ru/sites/default/files/imagepicker/26194/chlamydomonas.jpgВольвокс жыныссыз полинтомия жолымен көбейеді, шар тәрізді қауымның ішінде жас қауымдар түзіледі. Олардың ұлғаюынан аналық шардың қабырғасы жыртылады да, жас шарлар сыртқа шығып, өз бетінше тіршілік ете бастайды. Жас қауым өсе келе ересек қауымға айналады. Вольвокс жынысты жолмен де көбейеді. Генеративті жасушалардан пайда болған макро- және микрогаметалар қосылып зигота түзейді, зиготаның бөлінуі нәтижесінде қауым түзіледі.Қауымды талшықты қарапайымдылардың теориялық маңызы зор. Эволюциялық тұрғыдан қарағанда көпжасушалы жануарлардың ата-тегі біржасушалы қауымды талшықты қарапайымдылар болып саналады.

 

1.2 Протококкты

 

http://aquanaft.ru/images/stories/yoo_gallery/vodorosli/Chlamydomonas/Chlamydomonas3.jpgПротококкты балдырлар класы- Рrоtососсорhусеае Протококкты балдырлар класына негізінен бір клеткалы, сиректеу колониялы организмдер жатады. Тек қарапайым жіп тәрізді және пластинкалы формалары ғана көп клеткалы болып келеді. Бір клеткалы жасыл балдырлардың ішінде кең тарағандарының бірі хлорелла (Chlorella). Ол тұщы суларда және топырақта көптеп кездеседі. Хлорелланың клеткалары ұсақ, шар тәрізді, тек микроскоппен қарағанда ғана жақсы көрінеді. Хлорелланың клеткасының сыртын жылтыр қабықша қаптап тұрады, оның астында цитоплазмасымен ядросы орналасады, ал цитоплазмасында - жасыл хроматофорасы болады. Хлорелла қозғалмайтын автоспоралары арқылы өте тез көбейеді және өзін қоршаған ортадан органикалық заттарды белсенді түрде сорып алады. Хлорелла жыныстық жолмен көбеймейді. Сондықтанда оны лас суларды биологиялық жолмен тазартуға жиі пайдаланад

http://www.aquarim-fish.ru/wp-content/uploads/2012/04/aqua83.jpg

1.3 Улотриксті балдырлар

 

http://www.aquarim-fish.ru/wp-content/uploads/2012/04/aqua84.jpghttp://www.growing-algae.com/images/Chlorella2.jpgУлотриксті балдырлар класы — Ulоthrісhорhусеае. Улотриксті балдырлар класына талломының құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін көптеген жасыл балдырлар жатады. Ағын сулы өзендердің астындағы тастарда және шіріген ағаштардың қалдықтарында жабысып тұрған ашық-көк түсті жіптердің жиынтығын көруге болады. Ол көп клеткалы, жіп тәрізді жасыл балдыр - улотрикс. Оның жіптері қысқа, цилиндр тәрізді клеткалардың тізбегінен тұрады. Осы клеткалардың әрқайсысында бір-бірден ядро және ұштары қосылмаған сақина тәрізді хроматофоры болады. Улотрикстің клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жіптері ұзарып өсіп отырады. Улотриксте хламидомонада секілді фотосинтез процесінің нәтижесінде қажетті қоректік органикалық заттарды сорып қабылдайды. Улотрикстың базальды клеткасы түссіз сопақша болып келеді. Ол арқылы жіпше субстратқа бекініп тұрады. Жыныссыз көбеюі сопақша болып келген төрт талшықты, сиректеу екі талшықты зооспоралары арқылы жүзеге асады. Зооспоралары қолайлы жағдайларда базальды клеткадан басқа кез-келген клеткадан 2-4-тен (макрозооспоралар) немесе көптен (микрозооспоралар) пайда болады. Олар аналық клеткадан босап шығып, біраз қозғалып жүргеннен кейін талшықтарын тастап, су түбіндегі тастың бетіне, не топыраққа бекініп бөліне бастайды. Олардан келешегінде улотрикстің жаңа жіпшесі дамиды. Қолайсыз жағдайларда балдырдың кейбір клеткаларынан көптеген ұсақ екі талшығы бар қозғалғыш гаметалар (4)-8-32(64) пайда болады. Гаметалардың мөлшері бірдей (изогаметалар), олар суға шығып екеу-екеуден қосылады. Әдетте әртүрлі жіптерден пайда болған гаметалар қосылады. Одан зигота түзіледі. Ол қалың қабықпен қапталып ұзақ уақыттар бойы тыныштық күйінде тұра алады. Қолайлы жағдайда зигота бөлініп одан төрт қозғалмайтын клетка - спора түзіледі. Олардың әрқайсысы су астына шөгіп жаңа жіп тәрізді балдыр улотриксқа айналады.

http://animals-world.ru/wp-content/uploads/2014/02/uoltriks.jpg

1.4 Сифонды балдырлар

 

Сифонды балдырлар класы -Siрhоnорhусеае Бұл класқа жататын балдырлардың басқа жасыл балдырлардан айырмашылығы сол, олардың клеткалық құрылысы болмайды. Сифонды балдырлар түрлерінің саны онша көп емес (400-500 түрден аспайды). Сифонды балдырлардың 90%-ті теңізде өседі. Негізгі өкілдерінің бірі каулерпа туысы. Бұл Жерорта теңізінде жиі кездесетін талломының ұзындығы 0,5 метр, кейде одан да көптеу (1 метрге жететін) болатын балдыр. Сырт қарағанда оның субстратқа төселіп жататын "тамырсабағы", одан жоғары тік өсетін "сабақшасы" үлкен "жапырақ" тәрізді жасыл пластинкалары және субстратқа бекініп тұратын "тамыр" тәрізді ризоидтары болады. Алайда бұл протопласты барлығына ортақ, көп ядролы, жасыл дән тәрізді хроматофорасы бар, аса үлкен бір клетка түрінде болатын балдыр, талломының қуысы ешбір перделермен бөлінбеген, яғни клеткаланбаған, бірақ оны целлюлозалы тіректер қиып өтеді. Нағыз жыныссыз көбеюі жоқ, кейде талломының бөліктері арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық процесі изогамиялы. Өмірлік циклының барлығы дерлік диплоидты фазада өтеді. Мейоз процесі изогаметалар түзілердің алдында ғана жүреді.

Жасыл балдырлар әртүрлi құрлықтағы су қоймаларында кең таралған, сондықтан тiрi күйiнде оларды зерттеу қолайлы. Жасыл балдырлар бiр жасушалы, көп жасушылы және колониялы болады. Көп жасушалы балдырлардың денесi сабақ, жапырақ болып бөлiнбегендiктен таллом деп аталады. Жасуша қабықшасы целлюлозалы (жасунықты). Хлорофилi бар пластидтер хроматофор деп аталады. (Гректiң «хромос» – бояу, «форос» -тасыушы деген сөздерiнен). Хроматофорларда крахмал жинақталады. Хроматофорлар әртүрлi формалы. Кейде iрi бiр-бiрден немесе бiрнешеу , кейбiреулерiнде – ұсақ, дән тәрiздi, өте көп. Балдырдың түр-түсi хлорофилден басқа каротин және ксантофиллдерге де байланысты.

Бiр жасушалы балдырлар және олардың өкiлдерi. Бiр жасушалы жасыл балдырларға хламидомонада, хлорелла, хлорококка, жасыл эвглена, вольвокстар жатады. Осылардың iшiнен кең таралғаны –хламидомонада. Ол кiшi iирiм суларда, тоғандарда кездеседi. Кейде, дымқыл жол бетiңдегi иiрiм сулар, тоған сулары ақшыл –жасыл түске боялады. Осындайды «гүлдеген« су деп атайды. Сулардың осылай «гүлдеуi« хламидомонаданың көптеп шоғырлануынан су жасыл түстi болып көрiнедi.

Хломидомонада жасушасы сопақша немесе алмұрт пiшiндi болып келедi.. Оның денесiнiң алдыңғы созылған ұшында денесiн қозғалысқа келтiретiн екi талшығы болады. Бұл жануарлар ағзаларына тән туыстық белгi. Жасушасы сыртынан целлюлозалы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және iрi тостаған тәрiздi хроматофоры бар.

Жасушаның алдыңғы бөлiмiнде екi жиырылғыш вакуоль және жарық сезгiш көзше орналасқан. Жарық сезгiш көзше түскен жарықты қабылдап, хламидомонада сол жерге қарай талшығының көлiгiмен қозғалып барады. Жиырылғыш вакуоль артық суды бөлiп шығарады.

Хламидомонада тек қана фотосинтез кезiнде пайда болған органикалық заттармен қоректенбейдi, дайын органикалық заттарды бүкiл денесiмен сiңiрiп те қоректенедi. Суда ерiген оттегiмен тыныс алады.

Көбеюi екi жолмен жүредi – жыныстық және жыныссыз. Жаз айларында қолайлы жағдайлар туғанда жыныссыз көбейедi. Бұл үрдiс көбiнесе түнде жүредi, хламидомонада тоқтап талшығын тастайды (жоғалтады), бөлiнiп 2,4 кейде 8 ұсақ жасушаларға (хламидомонадаларға) айналады. Оларды зооспаралар деп атайды. Зооспоралардың талшықтары болғандықтан өз беттерiмен қозғала алады. Сонымен хламидомонаданың жыныссыз көбеюi споралары арқылы жүредi. Споралар аналық жасушаның қабықшасы жарылғаннан кейiн кiшкене хламидомонада түрiнде суға жүрiп шығады. Суда бiраз жүзiп жүрiп аналық жасушаға дейiн үлкейiп өскен соң жыныссыз көбеюге кiрiседi.

Жынысты көбею күннiң суытып, иiрiм сулардың кеуiп кетуi сияқты қолайсыз кезең басталғанда жүредi. Аналық жасушада 2 талшықты гаметалар түзiледi. Олар аналық жасушаның қабықшасынан шығып басқа хламидомонаданың гаметаларымен жұптасып қосылады. Осының нәтижесiнде тығыз қабықпен қапталған зигота түзедi. Қолайлы жағдай туғанда зигота бөлiнiп одан 4 хламидомонада түзiледi.

Хлорелла (Chlorella) – бiр жасушалы көзге көрiнбейтiн ұсақ жасыл балдыр. Домалақ шар тәрiздi хлорелла жасушасы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және жасушасын жасыл түске бояп тұратын iрi хроматофор бар. Егер бiр тамшы жасылсуды микроскоппен қарасақ көптеген түссiз шар тәрiздi денелердi көруге болады. Олардың iштерiнде жасыл хроматофоры да көрiнедi.

Хлорелла тек суда ғана кездеспейдi. Жаңбыр жауғаннан соң, немесе тұман түскен кезде ағаштардың дiңiнiң жасыл түспен тұтылғанын байқауға болады. Осындай құбылысты ылғал топырақ бетiнен де көруге болады.

Хлореллада фотосинтез аса қарқынды жүредi. Сондықтан ол көп мөлшерде оттегiн бөлiп, мол органикалық зат бередi. Көбеюi тек қана жыныссыз жолмен жүредi. Күн сәулесi түсiп тұрған суда қарқынды көбейедi. Жасушасы 4,8,16-бөлiкке бөлiнiп кiшкене шарлар –споралар пайда болады. Осы споралар аналық жасушы қабықшасын жарып шығып суда жүзiп өзбеттерiнше тiршiлiк етедi. Бұл жасыл шарлар суда ерiген минералдық заттар мен көмiр қышқыл газын сiңiрiп өз хроматофорларында органикалық заттар тұзедi.

Өзiнiң аса кiшi көлемiне қарамастан хлорелла қазiргi ғалымдардың , оның iшiнде тек ботаниктердi ғана емес ғарыш кемесi конструкторларын , ғарышкерлердiң көңiлiн аударуда.

Екiншi ғарыш кораблiнiң iшiнде басқа да өсiмдiктер мен жануарлар арасында осы хлорелла да болған. Планета аралық саяхат кезiнде ғарышкерлер кабинасында үнемi оттегi мөлшерi тұрақты болып, жаңа дайындалған тағам қажет. Ғарышкерлер кабинасында кiшкене бiр тұйық әлемдегiдей зат айналымы жүрiп тұруы керек.

Жаңа азық-түлiк алуға шикiзат ретiнде де хлорелла ғалымдарды қызықтырады (мысалы Орта Азияда хлорелланы мал азығына қосады). Өсiмдiк өнiмдерiн алу үшiн теңiздер мен мұхиттарды пайдалану көзделiп отыр, ал олар бiздiң планетамыздың 2/3 бетiн алып жатыр. Хлорелла және де басқа микроскоптық балдырлар мен жануарлар 100 м тереңдiкке дейiнгi су қабатын алып жатыр. Оны планктон деп атайды.

Көп жасушалы жасыл балдырлар. Бiр жасушалыдан басқа суда көп жасушалы балдырлар да көп. Осы балдырлар iшiнде ұйысқан тұтас жiп тәрiздi балдыр улотрикс бар. Улотрикс ағыны қатты сулардың беткi қабатында кездеседi. Оның өсiндiсi тұтасқан шым тәрiздi болады. Олар сумен тербелiп жиектерде , жарларда және су астындағы тастарда бекiнедi. Улотрикстiң жақсы тiршiлiк етуi үшiн үнемi ауа ағыны қажет , сондықтан балдыр жағаға жақын өседi. Улотрикс қысқа цилиндр тәрiздi жасушалардан тұрады. Ол жасушалар бiр қатарда тiзiлiп орналасып жiпше түзедi.

Талломның барлық жасушалары бiрдей құрылысты. Ризоиды түссiз ұзын болып созылған жасуша. Су түбiндегi тасқа осы ризоидтарымен бекiнедi. Жасуша қабықшасы целлюлозадан тұрады. Улотрикстiң ересек жасушаларында ядросы, хроматоффорасы бар цитоплазма жасуша қабырғаларына қарай орналасқан. Жасушасында хроматофоры бiреу.

Аса көп таралған көп жасушалы балдырлардың бiрi – спирогира (Spirogyra). Кез келген тоғанда, немесе өзек тоқтауларында кездесетiн жасыл үстi қолға ұстағанда тайғақ тәрiздi болатын салындыны кездестiруге болады. Осындай салындының көпшiлiгi спирогира жiпшелерiнiң жиынтығы, олар суда еркiн жүзiп жүредi. Жiпшелерi шырышты қапшықпен жабылған.

Спирогира – жiп тәрiздi көп жасушалы балдыр. Жiпшесiндегi жасушалары бiр қатарға орналасқан. Көпшiлiк жасушалары бөлiнедi, соның арқасында жасушалар саны артады. Спирогира жасушалары (клетчатка) жасунықты қабықшамен қапталған. Цитоплазмасы жасуша қабықшасына ығыстырылған жасуша ортасында ядрошығы бар iрi ядро орналасқан. Жасуша iшi үлкен бiр вакуольмен толы. Бiр немесе бiрнеше таспа тәрiздi хроматофоры жасыл түстi болып келедi.

Тұщы суларда кездесетiн көпшiлiк балдырлардың бiрi кладофора (Cladophora) Кладофора теңiздерде де жиi кездеседi. Спирогира сияқты кладофора да жiп тәрiздi балдыр, бiрақ оның құрылымы күрделi болып келедi. Көпшiлiк жағдайда кладофора жiпшелерi тармақталып су түбiне бекiнiп тұрады, әсiресе жас өсiмдiктерi. Үлкейген өсiмдiктер суда жүзiп жүредi.

Хроматофорлары iрi тор тәрiздi болып келедi. Осы балдырдың бiр қызықты ерекшелiгi әрбiр жасушасы көп ядролы. Бұндай ерекшелiк жоғары сатыдағы өсiмдiктерде ешқашан болмайды.

Қоңыр және қызыл балдырлар. Қоңыр балдырлар (PHAEOPHYTA) негiзiнен теңiз өсiмдiктерi. Олар теңiзде орман және шалғын сияқты ну болып өседi. Бұл балдырлар көпжасушалы, денесi шырышпен қапталған. Көпшiлiк қоңыр балдырлар аса iрi болып бiрнеше метрге тiптi ондаған метр ұзындыққа жетедi.

        Қоңыр балдырлардың жасушаларында барлық балдырларға тән органойдтар бар. Хроматофорларында хлорофилл, каротин, ксантофилл және қоңыр фукоксантин бар. Осы пигменттердiң әртүрлi көлемде (аз, көп) болуына байланысты қоңыр балдырлардың түсi де таза жасылдан қара-қоңырға, тiптi кейде қараға дейiн өзгерiп тұрады.

Ламинария – бұл қоңыр балдырдың қиыр шығыстан Солтүстiк Мұзды мұхит теңiздерiне дейiн кездесетiн түрi. Ламинарияның денесi ұзындығы 1 метр немесе бiрнеше метр болатын ұзынша келген сағақтағы жапырақ тәрiздi. Дегенмен бiз айтқандай балдырлардың барлығында нағыз жапырақ, сабақ, тамыр сияқты мүшелерi болмайды. Ламинарияның және басқа балдырлардың денесiн қабаттама дейдi. Су түбiне ламинария тамыр тәрiздi өсiндiлерi –ризоидтарымен (гректiң «ризат» – тамыр, «идес» – түр деген сөзiнен шыққан) бекiнедi. Ризоидтары басқа балдырлардыкiндей тек қана бекiну үшiн қажет. Су дене қабаттамасының бүкiл бетiмен сорылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң сүзгiлi түтiктерi сияқты оның сүзгiлi жасушалары бар. Бiрақ, өткiзгiш түтiктерi болмайды, судағы балдырларға оның қажетi де шамалы.

Жағалауда өсетiн кәдiмгi қоңыр балдырлар қатарына фукус та жатады. Қайыс тәрiздi аса тармақталған фукустың қабаттамасы 50 см-ге дейiн жетедi. Бұл балдыр суда ауаға толы кең қуыстары арқасында тiк тұрады. Су деңгейi төмендегенде фукустың ну өсiндiлерi құрлықта, құрғақта қалады.

Қызыл балдырлар (RHODOPHYTA) өте тереңде мекендейдi. Балдырлардың осы типтерiне тән пигмент – қызыл фикоэритрин. Қызыл балдырларда одан басқа хлорофилл, каротин, ксантофилл және фикоциан сияқты пигменттер де бар. Қоңыр балдырлар сияқты бұлардың да осы пигменттер көлемiнiң әр түрлi болуына байланысты түстерi де қара-қоңырдан ашық-қызылға дейiн өзгерiп отырады. Қызыл балдырлардың түсi олар мекендейтiн 100 м тереңдiкке дейiн жететiн күн сәулесiне байланысты.

Қызыл балдырлар көпжасушалы . Олар кейде жiп тәрiздi тармақталған ағзалар, кейде күрделi тармақталған таспа тәрiздi болып сыртқы құрылысы жоғарғы сатыдағы жапырақты өсiмдiктерге ұқсайды.

Хлорофилдерiнiң есебiнен жарықта фотосинтез жүредi. Осы кезде суға оттегi бөлiнiп, судан көмiрқышқыл газы сiңiрiледi. Олардың денесiнде ақуыз, май, қант, крахмал сияқты органикалық заттар түзiледi.

 

 

 

2 Зерттеу әдістері мен объектілері

 

Адам және жануарлар физиологиясы институтының ғылыми қызметкерлерімен бірлесе отырып хлорелладан қоспа дайындау технологиясы меңгерілді.

Зертханада инокуляты дайындадық, оларды өндірістік культиваторларға жіберіп отырдық. Хлорелланы өсіру кезінде бастапқы инокулятта 1 мл 2-3 миллион хлорелла жасушалары болды. Өндірістік культиваторларда 1000 л сыйымдылығымен, суспензиянің бастапқы тығыздығы 1мл 3-5 миллион болса, соңғысында - 150-200 миллионнан аса жасуша болды.

Қоректік орта ретінде Кноп ертіндісін қолдандық. Құрамы 1000л суға:

• Азотқышқылды калий – 250г
• Фосфорқышқылды калий – 250г
• Азотқышқылды кальций – 1000г
• Күкіртқышқылды магний – 250г
Барлығы – 1750г

 

Сурет 8 – Көміртегінің қос тотығы көмегімен хлорелланы өсіру

 

Жасушаларды есептеу -  Axioscope-40 микроскобының көмегімен жүзеге асырылды, қосымша CallZeiss цифрлық фотокамера және "видеотест-морфология"(Санкт-Петербург) бағдарламалық қамсыздандырумен мәліметтер алынды.

         Балдыр суспензиясын егеуқұйрықтарға беру арқылы тірі организмге әсерін анықтадық.

Азықтандырылу мерзімі аяқталған соң жануарлардың салмағы өлшеніп, қан үлгісі алынды. Одан соң сою арқылы ішкі мүшелері зерттеуге алынды.

Үлгілерді зерттеу жұмыстары ҚР БҒМ ҒК МҚК Адам және жануарлар физиологиясы институтының лабораториялық базасында жүргізіледі.

Қанның биохимиялық көрсеткіштерін анықтау барысында, алдымен қанды гепарин арқылы тұрақтандырып, центрифуга арқылы жасушалық масса мен плазмаға ажыратамыз. Қан плазмасынан жалпы ақуыз, альбумин, глюкоза, холестерин, үшглицеридтер мен сілтілі фосфотазаны ашық типтегі Biochem FC-360 биохимиялық анализаторы арқылы анықтадық.

Biochem FC-360 биохимиялық анализаторы әр көрсеткішті анықтауға қажетті дайын реагенттерге сәйкес калибровка жасалды.

 

 

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

3.1 Қан плазмасы мен лимфа құрамындағы биохимиялық көрсеткіштерге қорғасын тұзы мен хлорелланың әсері

 

Жалпы ақуыз және нуклеин қышқылдары барлық тірі организмдердің құрамына кіреді және әрбір жасуша, орган, барлық организмдердің негізгі құрылымдық материалын құрайды. «Ақуыз» атауы алғашқыда құс жұмыртқа затына берілді. Оны жылытқанда ақ ерімейтін затқа айналады. Кейіннен бұл термин ұқсас қасиетті жануарлар мен өсімдіктердің әр түрлі тканьдерінен алынған басқа заттарға да таралынды. Биохимиялық және молекуларлық генетиканың соңғы оң жылдықта дамуы ақуыздардың күрделі және көп түрлі болатындығын көрсетті. Ақуыздар организмде көптеген функциялар атқарады. Олар вирустар, бактериялар, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының басты құрылымдық компониенті. Ақуыздар үлесіне жануарлар денесі шикі массасының 18-25 % немесе 50 %- ға жуық құрғақ массасы кіреді. Табиғи және жасанды иммуниеттің негізі – антиденелер, химиялық табиғаты бойынша ақуыздар болып саналады. Ақуыздардың химиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу олардың түрлік, тұқымдық және жеке дарақтық ерекшеліктері болатындығын көрсетті. Сүтқоректілердің түрлі тканьдерінің және организмдердің сандары мен түрлерінің көп болуы органикалық дүниеде ақуыздардың әртүрлі болуына негізделген. Бұл ақуыз молекуласы құрылымы ашылуының нәтижесімен ғана емес, серологиялық зерттеулермен  де расталынды. Ақуыздардың антигендік жекешеленуі серологиялық әдістермен жеңіл көрсетіледі. Егер жануар қанына бөтен ақуыз (антиген) енгізсе, организмде табиғаты глобулиндік ақуыз болатын спецификалық антиденелер жасалынады. Олар негізіне қан сарысу ақуыздарының гамма-глобулиндік фракцияларында байқалады. Ақуыздардың құрамы, физикалы-химиялық және биологиялық қасиеттері түрліше болып келеді. Электрофорез әдісімен қағазда немесе агар-агарда ақуыздарды төрт негізгі фракцияларға бөлуге болады: альбуминдер, α-, β -және γ- глобулиндер. Полиакриламидті геле электрофорезінде әрбір фракция саны 30-ға дейін және одан артық бірнеше фракция топшаларына бөлінуі мүмкіндік болады. Кейбір авторлар мәліметтері бойынша сарысуда 80-ге жуық жеке ақуыздар болады.

    Зерттеу нәтижесінде қақпа венасы қанының плазмасында жалпы ақуыз мөлшері бақылау тобында 60,3±1,7г/л көрсеткішінде болса, қорғасын тұзымен әсер ету тобында ол 54,68±2,5 г/л  мөлшеріне төмендеді.  Хлореллаберу кезеңінде жалпы ақуыз қалыпты деңгейге келді. Жоғарғы қуысты вена қанының плазмасындағы ақуыз көрсеткіші де қорғасын тұзының әсерінде 33 пайызға төмендесе, Хлорелла беру кезінде ол 8,5 пайызға ғана азайды. Дәл осы сияқты көрініс лимфа құрамының жалпы ақуыз мөлшерінде де байқалды, яғни тиісінше 44 және 14 пайызды көрсетті (кесте 1).

 

Кесте 1

Қан плазмасы мен лимфа құрамындағы жалпы ақуыз мөлшеріне қорғасын тұзы мен хлорелланың әсері

 

 

 

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

 

Бақылау

 

Қорғасын тұзы

Қорғасын тұзы+Хлорелла

Қақпа венасы қанының плазмасындағы жалпы ақуыз, г/л

 

60,3±1,7

 

54,68±2,5

 

58,6±1,7

Жоғарғы қуысты вена қанының плазмасындағы жалпы ақуыз, г/л

58,9±1,9

45,47 ± 1,6

**

53,9±0,8

 

Лимфа сұйықтығындағы жалпы ақуыз, г/л

18,3±0,4

10,22±0,7

15,7±0,23

Өзгерістер статистикалық тұрғыда шынайы:

*-р<0,05, **- р<0,01, ***- р<0,001

 

 

 

 

Сурет 1. Қорғасын тұзы мен Хлорелланың әсері кезіндегі қан плазмасы мен лимфа құрамындағы жалпы ақуыздың пайыздық ауытқу көрсеткіші

 

   

Қақпа венасы мен жоғарғы қуысты вена қаны плазмасындағы глюкоза концентрациясы қорғасын тұзы әсері кезінде тиісінше 67,3 және 116 пайызға артқаны белгілі болды. Хлорелла қолдану бұл көрсеткіштерді қалыпты деңгейге дейін әкелді.

Осылайша қорғасын тұзының әсері кезінде қан плазмасы мен лимфа құрамының жалпы ақуыз мөлшері айтарлықтай төмендеп, Хлорелла беру кезінде олардың бақылау деңгейіне дейін жақындайтындығын байқадық.

 

Сонымен қатар қан плазмасы мен лимфадағы глюкоза мөлшерінің 2 есеге дейін жоғарлайтындығы тіркелді. Бұл жағдай қорғасын тұзының улы әсері бауыр жасушаларының көмірсу алмасудағы қызметіне нұқсан келтіргендігінің дәлелі деп айтуға болады (кесте 2).

 

 

Кесте 2

Қан плазмасы мен лимфа құрамындағы глюкоза мөлшеріне қорғасын тұзы мен Хлорелланың әсері

 

 

 

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

 

Бақылау

 

Қорғасын тұзы

Қорғасын тұзы+Хлорелла

Қақпа венасы қанының плазмасындағы глюкоза, мМ/л

4,9±0,03

8,2±0,12

***

5,3±0,01

 

Жоғарғы қуысты вена қанының плазмасындағы глюкоза, мМ/л

4,12±0,02

8,9±0,04

**

6.3±0,7

*

Лимфа сұйықтығындағы глюкоза, мМ/л

1,89±0,1

2,28±0,02

*

3,8±0,02

**

Өзгерістер статистикалық тұрғыда шынайы:

*-р<0,05, **- р<0,01, ***- р<0,001

 

 

 

Сурет 2. Қорғасын тұзы мен Хлорелланың әсері кезіндегі қан плазмасы мен лимфа құрамындағы глюкоза мөлшерінің пайыздық өзгерісі

 

 

    Жедел тәжірибе кезінде де жоғарыда аталған көрсеткіштердің, яғни жалпы ақуыздың қан плазмасы мен лимфа құрамындағы мөлшерінің төмендегенін көрдік (кесте 3).

 

    Кесте 3

Жедел тәжірибе кезіндегі қан плазмасы мен лимфадағы жалпы ақуыз мөлшері

 

 

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

 

Бақылау

 

Қорғасын тұзы

Қорғасын тұзы+Хлорелла

 

Қақпа венасы қанының плазмасындағы жалпы ақуыз, г/л

 

63,8±0,8

 

53,6±0,8**

 

59,9±1,9*

 

Жоғарғы қуысты вена қанының плазмасындағы жалпы ақуыз, г/л

 

60,8±0,2

 

51,5±0,6**

 

56,5±0,8**

 

Лимфа сұйықтығындағы жалпы ақуыз, г/л

 

31,4±0,3

 

28,8±0,4 ***

 

35,8±0,9*

Өзгерістер статистикалық тұрғыда шынайы:

*-р<0,05, **- р<0,01, ***- р<0,001

 

хлорелла

 

Сурет 3. Жедел тәжірибе кезіндегі қан плазмасы мен лимфадағы жалпы ақуыз мөлшерінің пайыздық өзгерісі

 

 

    Кесте 4

Жедел тәжірибе кезіндегі қан плазмасы мен лимфадағы глюкоза мөлшері

 

 

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

 

Бақылау

 

Қорғасын тұзы

Қорғасын тұзы+Хлорелла

 

Қақпа венасы қанының плазмасындағы глюкоза, мМ/л

 

8,1±0,4

 

9,5±0,4 ***

 

12,2±0,7 ***

 

Жоғарғы қуысты вена қанының плазмасындағы глюкоза, мМ/л

 

7,5±0,2

 

10,4±0,5 ***

 

14,7±0,9 ***

 

Лимфа сұйықтығындағы глюкоза, мМ/л

 

6,2±0,04

 

7,7±0,1 *

 

8,9±0,2**

Өзгерістер статистикалық тұрғыда шынайы:

*-р<0,05, **- р<0,01, ***- р<0,001

 

 

 

Сурет 4. Жедел тәжірибе кезіндегі қан плазмасы мен лимфадағы глюкоза мөлшерінің пайыздық өзгерісі

 

 

    Кесте 5

Жедел тәжірибе кезіндегі қан плазмасы мен лимфадағы холестерин мөлшері

 

 

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

 

Бақылау

 

Қорғасын тұзы

Қорғасын тұзы+Хлорелла

Қақпа венасы қанының плазмасындағы холестерин, мМ/л

4,5±0,1

2,8±0,05 ***

2,4±0,1 **

Жоғарғы қуысты вена қанының плазмасындағы холестерин, мМ/л

4,8±0,07

2,8±0,03 ***

2,06±0,02 ***

Лимфа сұйықтығындағы холестерин, мМ/л

0,93±0,05

1,82±0,01

***

1,88±0,01

***

Өзгерістер статистикалық тұрғыда шынайы:

*-р<0,05, **- р<0,01, ***- р<0,001

 

 

 

 

   

Азыққа Хлорелла қосу зерттеуге алынған көрсеткіштерді соның ішінде жалпы ақуыз мөлшерін бақылау тобының деңгейіне дейін жеткізіп отырды. Лимфа сұйықтығындағы жалпы ақуыз Хлорелла беру кезінде бақылау тобымен салыстырғанда 14 пайызға жоғарлады.

    Глюкоза деңгейінде басқаша өзгерістер орын алды. Яғни қорғасын тұзының әсері кезінде глюкоза мөлшері қақпа венасы қанында – 17 пайызға, жағарғы қуысты венада- 38 пайызға, лимфа сұйықтығында 24 пайызға көтерілді. Ал Хлорелла беру кезінде бұл көрсеткіштер тиісінше 50, 96, 42 пайызға артты.

    Холестерин мөлшеріне тоқталатын болсақ, қорғасын тұзы әсері кезінде қақпа венасы қанында – 38 пайызға, жағарғы қуысты венада- 42 пайызға, лимфа сұйықтығында 95,7 пайызға артқан. Хлорелла беру бұл көрсеткіштерге айтарлықтай өзгеріс әкелмеген.

 

 

 

 

Сурет 5. Жедел тәжірибе кезіндегі қан плазмасы мен лимфадағы холестерин мөлшерінің пайыздық өзгерісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2  Организмнің қорғасын тұзымен улануы кезіндегі аш ішектің лимфа түйіндерін гистологиялық зерттеу

   

    Лимфа жүйесі - жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйыктық - лимфа ағады. Лимфа қанға ұксас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұксас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы — лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйык. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады.

    Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер). Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды.

    Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «антидене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.

 

 

 

 

 

 

Тәжірибеде ішек бойының лимфа түйіндерінің үлгілері алынып гистологиялық зерттеулер жүргізілді.

Capture_00041Capture_00032Бақылау кезеңінде лимфа түйінінің лимфоидтық фолликулалары анық көрініп, ұлпаның біртұтастығы бұзылмағаны анықталды. Қорғасын тұзын беру кезеңінде лимфа түйінінің ісініп, бұзыла бастағаны анық көрінеді.

 

Сурет 6.  Бақылау тобындағы лимфа түйінінің гистологиялық көрінісі.

Сурет 7. Қорғасын тұзы әсері кезіндегі лимфа түйінің көрінісі

Capture_00055

Capture_00056

Сурет 8. Қорғасын тұзы әсері кезіндегі лимфа түйінің көрінісі

Сурет 9.  Азыққа қорғасын тұзымен бірге Хлорелла беру кезеңі

 

Қорғасын тұзымен бірге Хлорелла  беру лимфа түйіндерінің айтарлықтай бұзылысын тудырған жоқ.

 

Лимфа түйіндерінің гистологиялық зерттеулері, қорғасын тұзын енгізу кезінде ұлпалардың некрозға ұшырайтындығын көрсетіп отыр. Ал қорғасын тұзы мен бірге Хлорелла  беру ұлпалар құрылымының бақылау кезеңіндегі деңгейіне жақындайтындығын көрсетті. Мұнда синусоидтардың ұлғаюы, резиденттік макрофагтар белсенділігінің артуы байқалды. Оның өзі Хлорелланың қорғасын тұзының улы әсерін төмендету нәтижесінде компенсаторлық үдерістің іске қосқандығын білдіреді. 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Тәжірибе деректеріне тоқталар болсақ, организмге қорғасын тұзы әсері кезінде қақпа венасы мен жоғары қуысты вена қанының плазмасында жалпы ақуыз бен холестериннің төмендеуі тіркелді. Осы кезде глюкоза мөлшерінің көтерілуі байқалды. Азыққа хлорелла қосу аталған көрсеткіштердің қалыпқа келуін қамтамасыз етті. Лимфа сұйықтығында глюкоза мен холестерин мөлшерінің одан әрі артуы байқалды.

Осылайша қорғасын тұзының әсері ең алдымен бауырдың синтездік қызметіне нұқсан келтірген, әсіресе ақуыз синтезіне. Қорғасын тұзының ұйқы безі қызметіне де зиянды әсер етуі қан мен лимфа құрамындағы глюкоза мен холестериннің артуына әкелді. Лимфа тамырларының резорбциялық қызметі нәтижесінде артық мөлшердегі холестериннің лимфа сұйықтығына өтуі жүзеге асқан. Ол организмнің гомеостазды бірқалыпты ұстауға бағытталған қорғаныштық механизмі деп айтуға болады.

Гистологиялық зерттеулер көрсеткендей организмнің қорғасын тұзымен улануы кезінде аш ішек лимфа түйіндері құрылымының бұзылуы орын алады.

Ал қорғасын тұзы мен бірге хлорелла беру ұлпалар құрылымының бақылау кезеңіндегі деңгейіне жақындайтындығын көрсетті.

Қорыта келе төмендегідей тұжырымға келуге болады.

1.   Организмнің қорғасын тұзымен улануы кезінде қан плазмасы мен лимфа құрамындағы ақуыз мөлшері азаяды. Оған қарсы глюкоза мөлшерінің артуы орын алады.

2.   Жануарларға хлорелла беру бауыр қызметін қалпына келтіріп, ақуыздық алмасуды жақсартады. Қорғасын тұзының улы әсерін бейтараптайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.   Левина Э.Н. Общая токсилогия металлов.-Л.:Медицина, - 1972.-315с.

2.   Алексеев Ю.В. тяжелые металлы в почвах и растениях.-Л.:Агропромиздат. Ленингр. Отд.,-1987.-142с.

3.   Войнар А.И. Биологическая роль микроэлементов в организме животных и человека.-М.:Высшая школа,-1960,-544с.

4.   Голиков С.Н.,Саноцкий И.В.,Тиунов Л.А., Общие механизмы токсического действия-М.,Медицина,1986,-280с.

5.   Иванов А.Г., Петрова В.А., Кэнигсберг Я.Э. Ветеринарная токсикология.-Минск; Ураджай,-1988,-67с.

6.   Грушко Я.М. Вредные неорганические соединения в промышленных выбросах в атмосферу. Справочник.-Ленинград;Химия,-1987,-14 с.

7.   Сперанский С.В.  О возможности ускоренной оценки токсичности металлов.Сб.тр.: Вопросы общей и частной прмышленной токсикологии.-Л.,-1965.-с.56.

8.   Кирога  Мария. Воздействие на тежнитеиметалли верху репродукнивните функции на овце от промышленно замьрсен район в Болгария,-Селскостоп.Наука,-1996,-34, №3.-с.37-39. Болг.рез.рус.англ.

9.   Саноцкин И.В., Методы определения токсичности и опасности химических веществ,-М., Медицина,-1970,-344 с.

10.        Саноцкин И.В., Фоменко В.Н. Отдаленные последствия влияния химических соединений на организм, Москва, Медицина,-1979,-232 с.

11.        A cracterіzatіon of the blool lead concentratіonsіnSaudіArabіanchіldren. Al-SalehІman, A.DeVol Edward, Taylor Andrew//Ann.Clіn.Bіochem.-1994.31 №5.P.469-472.

12.        Лазарева Н.В., Гадашина И.Д. Вредные вещества в промышленности, Химия,-1977,-т.3.-607 с.

13.        Горшков В.В., Орлова Л.П.,  Воронкова  М.А Журн. Аналит. Химии,-1980,-т. 35,-с. 1277-1282.

14.        Киселев В.Б.,  Никулина Л.А., Быстрова А.С.  Вопросы курортологии, физиотеропии и леч. Физ. Культ.-19980,- №1,-с.59-62.

15.        Golіmowskі J.,Valenta P.,Stoppres M.et  al. Talanta, 1979,vol. 266p.649-556/

16.        Robіnson J.N., Rhodess L., Wolcott D.K.-Anal. Chіm.Acta.1975,vol 78.p.474-478.

17.        Мамбеева А.А. Поражения желудочно-кишечного тракта при свинцовой иноксикации.Изд. Казакстан, Алма-Ата,-1975.

18.        Алданазаров А.Т. Изменение системы крови при сатурнизме,Алма-Ата,Наука,-1974,-252с.

19.        Израилет Л.И. Гигиена профзаболевании.Рига:  Мед.ин-т,-1980,-с.157-159.

20.        Макашев К.К. Обменные процессы при сатурнизмең,Алма-Ата, Казакстан,-1976,-128с.

21. Акзамов А. Продуктивность микроводорослей, выращенных в раз­личных условиях перемешивания без продувания углекислым газом / А. Ак- замов, Х.А. Бердыкулов, Ю. Ахмедов // Физиолого-биохимические аспекты культивирования водорослей и высших водных растений в Узбекистане. - Ташкент: Фан Уз ССР, 1976. - С. 92-93.

22. Андреева В.М. Род CLORELLA. Морфология, систематика, принци­пы классификации / В.М. Андреева - Л.: Изд-во «Наука», Ленингр. отд., 1975. - 110 с.

23. Арутюнян Н.П. Культивирование одноклеточных зеленых водорос­лей / Н.П. Арутюнян // Ереван: Изд-во АН Армянской ССР, 1966. - 81 с.

24. Асалханов К.В. Опыт выращивания и применения хлореллы в каче­стве подкормки для крупного рогатого скота / К.В. Асалханов // Культивиро­вание и применение микроводорослей в народном хозяйстве: материалы конф. - Ташкент: Фан Уз ССР, 1980. - С. 80-82.

25. Богданов Н. И. Хлорелла - высокопродуктивная кормовая добавка / Н.И.

Богданов // Кормопроизводство. - 1998. - № 9. - С. 32.

26. Богданов Н.И. Концепция очистки сточных вод / Н.И. Богданов // Окружающая природная среда и медицинская экология: сборник материалов. Пенза, 2001. - С. 109-110.

27. Богданов Н.И. Штамм микроводоросли ChlorellavulgarisBIN для получения биомассы и очистки сточных вод : патент Рос. Федерации № 2192459 / Н.И. Богданов ;Бюл. № 31. - 2002.

28. Богданов Н.И. Хлорелла - нетрадиционная кормовая добавка / Н.И. Богданов // Комбикорма - 2002. - № 6. - С. 49.

29. Богданов Н.И. Хлорелла повышает продуктивность птицы / Н.И. Богданов // Птицеводство. - 2002. - № 3. - С. 31-33.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       Қосымшалар

Зерттеу нәтижелері

 

Жануарларға хлорелла беру бауыр қызметін қалпына келтіріп, ақуыздық алмасуды жақсартады. Қорғасын тұзының улы әсерін бейтараптайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научная работа по биологий: «Жасыл балдырлардың адам ағзасына пайдасы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 797 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.05.2016 2910
    • DOCX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мадиева Гульмира Амиртаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мадиева Гульмира Амиртаевна
    Мадиева Гульмира Амиртаевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38979
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 316 человек из 67 регионов

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе