Инфоурок Информатика Научные работыНаучная работа по информатике тема «Инклюзия- бірыңғай ақпараттық орта »

Научная работа по информатике тема «Инклюзия- бірыңғай ақпараттық орта »

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



7 Қ.Сыпатев атындағы мектеп- лицейі

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: «Инклюзия- бірыңғай ақпараттық орта »


Бағыты: "Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны"

Секция: информатика

Орындаған: 11«В» сынып оқушысы Асет Камила

Жетекшісі : информатика пән мұғалімі Полатбекова А.А.

hello_html_5ea8721f.jpg

























Шымкент 2014 жыл



Аңдатпа

Ақпарат-адам мен адамды байланыстыратын негізгі құрал. Онсыз біз өмір сүре алмаймыз, ақыл-өрісімізді кеңейте ала алмаймыз. Қоғамдағы барлық мәселелер бірыңғай ақпараттық ортамен тығыз байланыста. Сондықтан бірыңғай ақпараттық ортада өмір сүріп келетін барша адамдар-қоғамның ажырамас бөлшегі. Алайда барлық адамдар бірдей сол ақпараттық ортаға қол жеткізе ала ма немесе барлық адамдар дерлік қоғамдық ортада өмір сүріп келе ме? Инклюзия ұғымының мағынасы қандай? Қазақстандағы инклюзивті білім беру жағдайы бүгінде қандай болмақ? Технологиялар дамыған XXI ғасырда барлық жаңа технологиялар қолданысы жан-жақты қарастырылған ба,олар адам мүмкіндіктеріне сай жасалынған ба? Компьютерде тапсырманы орындау арқылы мәтін тергенде,яғни пернетақтаны қолданғанда қиындықтар мен кедергілер туындай ма? Олардың алдын алу жолдары қандай? Сонымен қатар, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пернетақталар бүгінде қолданыста ма? Олардың ерекшелігі қандай? Олардың жасалу технологиясы өзгеше ме? Міне осы секілді сұрақтар менің қызығушылығымды тудырды. Мұның бәрін біліп танысқым келді.

Анотация

Информация является инструментом связывающим человека с человеком. Без него мы не можем жить, не можем умственно развиваться. Всё в нашем обществе тесно связано с единой информационной средой. И поэтому, все люди живущие в единой информационной среде являются неразделимой частью общества. Однако все ли люди одинаково достигают информационной среды или все ли люди обитают в общественной среде.Что такое инклюзия? Каково сегодня состояние инклюзивного образования в Казахстане? ХХI век это- век развития технологий. Предусмотрены ли различные способы обращения к новым технологиям, соответствуют ли возможности человека с возможностями технологий? Сталкиваемся ли мы с проблемами и трудностями когда работаем на клавиатуре ? Как можно предотвратиь их ? И еще пользуются ли спросом клавиатуры для людей с ограниченными возможностями? В чём их особенность? Отличаются ли технологии клавиатуры современного образца для людей с ограниченными возможностями? Вот такие вопросы вызвали мой интерес, обо всём этом я хотела разузнать и выяснить.














Anatation

Information is a tool for connecting human to human . Without it we can not live , can not develop mentally . Everything in our society is closely associated with a single information environment . And so all the people living in a single information environment are inseparable part of society. However, if all people are equally reach all of the information environment , or whether people live in public srede.Chto such inclusion ? What is today the state of inclusive education in Kazakhstan? Twenty-first century is the age - technology development. Are there different ways in which new technologies, whether human performance capabilities with technology? Do we face challenges and difficulties when working on the keyboard ? How can I prevent them? And still use the keyboard if demand for people with disabilities? What are their features? Are the modern keyboard technology sample for people with disabilities? These are the questions aroused my interest in all this , I wanted to find out and find out .





















Жоспары:



І. Кіріспе

Зерттеу мақсаты:

Инклюзивті оқыту жүйесінде пернетақтаны қолданудағы қиындықтар мен кедергілерді табу және оларды зерттеу.

Зерттеу кезеңдері:

  • Пернетақтаның шығу тарихы

  • Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бүгінгі пернетақта және оның ерекшеліктерін анықтау.

  • Пернетақтаның тышқанмен салыстырғандағы артықшылықтарын қарастыру.

Зерттеу әдістері

  • Сұрау әдістері (анкеталау, сұқпаттасу)

  • Әдебиеттермен танысу



ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Пернетақтаның шығу тарихы

2.3. Пернетақтаның тышқанмен салыстырғандағы артықшылықтарын

қарастыру.

2.4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бүгінгі пернетақта және

оның ерекшеліктерін анықтау.


ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер











hello_html_40ef96c0.jpghello_html_40ef96c0.jpghello_html_40ef96c0.jpgІ. КІРІСПЕ

Қоғамның дамуы, ондағы барша адамдардың өмір сапасының жақсаруының кепілі. Өмір сапасына адамның денсаулық жағдайы, қарым-қатынас пен қоғамда алып жатқан орны, таңдау құқығы менен білім деңгейі, мәдени құндылықтары жатады. Оған қоса кез келген адам қоғамдағы өз орны менен өзге адамның алып жатқан орнын салыстыра қарайды. Яғни адам өзін өзгеден кем сезінгісі келмейді. Сондықтан адам үшін ең бастысы өзін өзгелердің мойындауы және қоғамда өзін-өзі қолайлы сезінуі, яки қоғамның ажырамас бір бөлшегі болу, өмірде өз орнын табуы. Осыған орай қазіргі қоғамның ең өзекті мәселесі инклюзия болып табылады. Инклюзияның негізгі позитивті ойы-мүмкіндіктері шектеулі адамдардың толықтай қоғамдық ортаға қосылуы.

Әзірше біз инклюзия ұғымын тек білім жүйесінде жиі естіп келеміз. Бірақ бұл ұғымның мағынасы әлдеқайда терең. Инклюзияның негізгі материалдық шарты немесе мақсаты-қол жетімді ортаны қалыптастыру. Ал осы қол жетімді ортаның тез арада құрылып, іске асуы қалай және қай жерде толық жүзеге асады? Меніңше, қол жетімді ортаның тез арада құрылып, іске асуы ақпараттық технологиялар саласында жүзеге асады! Егер ақпараттық технологиялар болмағанда біздің алтын уақытымыз еш нәрсеге жетпес еді.

Ақпараттық технологиялар арқасында біз өз уақытымызды үнемдейміз, әрі тиімді пайдалана аламыз. Яғни технологиялар арқасында біздің өміріміз түгелімен жақсара түсті. Ақпараттану дәл бүгін ,қазір өз нәтижесін беруде. Бір ғана қоғамдық орта-«кедергісіз кеңістікте» қозғалу мүмкіндігі және көру мүмкіндігі шектеулі адамдар,жалпы мүмкіндігі шектеулі адамдар бірыңғай ақпараттық орта арқылы өзіне қажетті заттарды алуы тиіс. Ақпаратқа қол жеткізу өте маңызды.Ол қарым-қатынас мақсатында барлық кедергілерді жояды,барлық мүмкіндігі шектеулі адамдардың толықтай қоғамдық ортаға,қоғамдық өмірге қосылуына мүмкіндік береді. Ал осы ақпараттық ортаның, ақпараттық технологиялардың адам өмірінің сапасына ықпал етуі сол технологиялар мен ортаны дұрыс қолдана білуіне де байланысты болып табылады. Соның ішіндегі сандық технологиялар барлық жағдайы бар адамдар үшін ғана емес,мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қызмет етуі керек,бұл инклюзия жолындағы басты қадамдардың бірі. Әрине мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бұл оңай емес. Себебі сандық технологияларды қолдану кезінде, мәселен компьютерді (пернетақтаны) қолдану барысында бірнеше кедергілер туындайды. Ал сол кедергілер мен қиындықтардың шешімі міне сіздерге ұсынылмақ.






2.1. Қазіргі уақытта қолданылатын пернетақтаның шығу

тарихы

1867 жылы американдық баспагер және саясатшы Кристофер Шоулз (Christopher Sholes, 1819-1890) өзінің досы Карл Глидденмен бірге кітап беттерін номерлеу үшін аппарат ойлап тапқан. Бұл қарапайым құрал жазба машинкасының прототипі болған. Шоулз өзінің құралын 1867 жылы шығарады.


Алты жылдан кейін Шоулз бен Глидденнің жазба машинкасын 1951 жылы UNIVAC алғашқы компьютерін шығара бастаған танымал қару-жарақ фирмасы шығара бастайды.

Шоулз шамамен 30 машинадай құрған және қазіргі батырмаға ұқсас батырма құрастырған. Айтпақшы, Shift батырмасын тек 1878 жылы енгізген.

hello_html_m36718012.jpg

1867-1971 жылдары аралығында жасалған Кристофер Шоулздың алғашқы тәжірибелік жазба машиналары әліпби тәртібі бойынша орналасқан пернелердің екі қатарынан тұрған. Бұндай тәртіп иіндердің бір-бірімен жиі соғылуына әкеліп соқты. Осы мәселені шешу барысында Кристофер Шоулз пернелердің орналасуын өзгерте отырып, бірнеше рет тәжрірибе жасаған. Нәтижесінде ол Ремингтон 1-ді жарыққа шығарды. Бұл өндірістік мақсатта шығарылған алғашқы жазба машинасы еді, пернетақтада QWERTY тәртібі қолданылған. Пернетақта нарықта орнын тауып, бес жыл бойы сатылымда

болды, тұтынушылар QWERTY-ге уйреніп те үлгерді.

Көрмей теру тәсілінің 1888 жылы Франк Макгурриннің ашуы Ремингтон-2 жазба машинасының кең тарауына көмегін тигізді. Макгурриннің таң қалдырарлық жеңісімен аяқталған 1888 жылы орын алған пернетақтада тез теру

сайысы QWERTY пернетақталарының кең қолданысқа ие болуына тағы да оң әсерін тигізді. Осы кезеңнен бастап жазба пернетақталарын өндірушілер QWERTY тәртібіне көше бастады.

Осы уақыт ішінде пернетақтаның құрылымында талай өзгерістер, жаңалықтар болды, әріптердің орналасу тәртібі де бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Ал дәл бүгін қолданысқа ие болған QWERTY пернетақтасына барлығы дерлік үйреніп кетті. Онсыз дербес компьютерді елестету мүмкін емес. Алайда стандартты QWERTY пернетақтасынан өзге біз білмейтін мүлде басқа пернетақталар да бар шығар.Жалпы,кез-келген техниканы жасап шығармас бұрын оны барынша жан-жақты зерттейді,қолайсыз тұстарын жетілдіреді, қолдану барысында туындайтын қиындықтардың алдын алу шараларын жүзеге асырады. Пернетақталарда да дәл сондай.Gary Barber өзінің «Kill Accessibility»

мақаласында былай деген: « Кез-келген жаңа техниканы немесе бір затты жасап шығармас бұрын оның қолданыс аясын қарастырып,адам мүмкіндіктеріне қарай, яғни көздері көретін және соқыр,құлақтары еститін және саңылау,қозғала алмайтын адамдарға бірдей ыңғайлы етіп ойластыру керек.

Яғни кез-келген жаңа зат барлық адамдарға қолжетімді, әрі қолайлы болуы тиіс.Сондай-ақ, мүгедектердің құқығы туралы ООН Конвенциясында да кез-келген затты немесе программаны мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қабілетіне байланысты ойластырып,жасап шығару керек деп айтылған. Ал біздің қарапайым QWERTY пернетақтамыз барлық адамдардың қабілетіне лайықты ма? Өкінішке орай жоқ. QWERTY қарапайым стандартты пернетақтасында көп мүмкіндігі шектеулі адамдар жақсы жұмыс істей алмайды. Қарапайым пернетақтада жұмыстың жақсы немесе нашар жасалынуы адамның денсаулық жағдайына,қозғалу мүмкіндігіне байланысты.

Пернетақтадағы жұмысына байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдардың өзін қозғала алатын,қозғалуы орта деңгейдегі және қозғалысы нашар болып 3-ке бөле аламыз. Қозғала алатындарға көздері нашар немесе мүлде көрмейтіндер,саңылаулар жатады. Яғни кейбірі пернетақтада мәтін тергенде қиналады (көздері нашар көретіндер,соқырлар), ал кейбірі ақпаратты кеш қабылдайды,ол теру жылдамдығына әсер етеді (саңылаулар) Негізі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пернетақталардың өзі де жоғарыда айтылып өткендей қозғалу мүмкіндігіне немесе белгілі бір шектеуге байланысты.

Мәселен, кейбір жағдайларда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пернетақтаның тек кейбір бөліктерін ғана алмастырса, ал кей кезде пернетақтаның өзін түгелімен өзге пернетақтаға алмастырады.


2.2. Пернетақтаның тышқанмен салыстырғандағы артықшылықтары

Компьютермен жұмыс жасау барысындағы пернетақтаның да тышқанмен салыстырғандағы артықшылықтары бар. Себебі көп адамдарға тышқанға қарағанда пернетақтаны қолдану қолайлы. Мысалы,қолдың еріксіз қозғалысы кезінде,қол буындарының ауытқуы мен буындардың өзгеріске ұшырауы кезінде тышқанмен немесе манипулятормен жұмыс жасау қиындық тудырады.Осы кезде пернетақтаны қолдану өте тиімді. Егер адам қарапайым пернетақтамен жұмыс жасай алмаған жағдайда мәселені шешу үшін арнайы пернетақталарды жасатады немесе қарапайым пернетақтаның кейбір бөліктерін алмастырады. Мысалы: батырмалары үлкен және терең батырмалы пернетақталар немесе арнайы трафареті бар пернетақталар.

2.3.Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пернетақталарды қарастыру.

Арнайы пернетақталар

Адамның анатомдық, функционалдық ерекшеліктері пернетақтаны қолдануға кедергі болатын жағдайда, көмекке арнайы пернетақталар келеді. Кейде компьютерлік пернетақталарды қолөнер бұйымы, дизайнерлік бұйым ретінде жасап шығарады. Ал сол бұйымның бойынан кейбір мүмкіндігі шектеулі адамдар өзіне ыңғайлы, қолайлы тұстарды тауып жатады.Оған мысал-резеңкелі

пернетақталар.Бұл пернетақталар ДЦП (сал) ауруымен ауыратын балалар үшін өте ыңғайлы болды. Негізі бастапқыда резеңкелі пернетақталарды су өтпейтін, кез келген жерде орап алып жүруге ыңғайлы гаджеттер есебінде ойластырған болатын.


hello_html_43010845.jpghello_html_cbe0143.jpg



Резеңкелі пернетақталар


Бірақ, ДЦП(сал) ауруменен ауыратын балалардың ата-аналары резеңкелі пернетақталардың өзге де артықшылықтарын байқаған екен. Біріншіден, резеңкелі иілгіш пернетақтаны кез келген жерге орналастыруға, қағып қоюға болады,оған кез келген пішінді беруге болады. Сонымен қатар , резеңкелі пернетақта үстел үстінде өте бекем орналасады және жылжып кетпейді.

Екіншіден, резеңкелі пернетақта қауіпсіз,одан жарақат ала алмайсын, өте серпімді сәл шығыңқы батырмалары бар бұл пернетақтада жұмыс жасау барысында бала саусақтарын жарақаттап ала алмайды.Үшіншіден,пернетақта өте жұқа, батырмалар арақашықтығы алыстау.Сондықтан резеңкелі пернетақтаның үстіне тесіктері бар трафаретті де орналастыруға да болады. Бұл жұмсақ резеңкелі пернетақта өте шыдамды. Оны соққылап ұрсаң да, суға салсаң да, үстіне ыстық кофе құйсаң да, аяқпен таптасаң да, бәрібір, ол мұның бәріне төзімді келеді. Оны сындыру,бұзу мүмкін емес. Сондай-ақ резеңкелі пернетақталар тек қара түсті емес, түрлі түсті де болып келеді, батырмаларындағы әріптері де өте тұрақты, өшіп кетпейді. Айта кететіндей, резеңкелі пернетақтаның кемшіліктері де бар. Резеңкелі пернетақтаны қолдану уақыты шексіз емес, ол да уақыт өте келе тозады. Резеңкелі пернетақта жұмысының бұзылуына 1) резеңкелі тақтайша менен батырмалардың астыңғы бөлігінде жинақталатын ылғал мен қоқыс. Олар резеңкелі тақтайша мен батырмалар арасындағы байланысты бұзады.2) Токөткізгіш резина да уақыт өте келе өз сапалық қасиетін жоғалтады. Оның уақытша алдын алудың бірден бір шарасы бар.Ол үшін тоқөткізгіш бөлікті жұмсақ графитті қаламсаппен бояп немесе арнайы тоқөткізгіш жапсырма жабыстыру керек.

Әр түрлі елдерде резеңкелі пернетақтаны әрқалай атайды.Мысалы АҚШ-та оны атақты шайнайтын сағыз “Chiclets” атымен Chiclet keyboard деп атаған.Ал әрине, “Chiclets” сағызы сатылмайтын елдерде резеңкелі пернетақта басқаша атауға ие болды.Мәселен,Англияда резеңкелі пернетақта батырмаларының жұмсақтығын қол саусақтары сезінгендіктен, оны dead-flesh keyboard немесе


жай rubber-keyed keyboard деп атайды. Норвегияда оны өшіргішке теңеп,eraser keyboard деп атай бастады. Жалпы,жұмсақ резеңкелі пернетақта кез келген нәрсеге шыдамды, өте қолайлы зат. Айтып өткендей ДЦП (сал) ауруымен ауыратын балалардың ата-аналары резеңкелі пернетақтаны барынша жақтайды. Оған негізгі дәлел forum. detiangeli.ru. форумында осы балалардың ата-аналары Qumo,CBR маркалы резеңкелі пернетақталар жайлы оң көзқарастарын айтқан еді.

Өмірдегі деректер

Блаженов Александр І сатыдағы мүгедек . Ол ДЦП ауруымен ауыратын арбаға танылған кісі. ДЦП ауыруымен ауыратын адамдарға арналған пернетақта шықпас бұрын ол қарапайым пернетақтада мәтін тергенде пернелерді мұрынмен немесе аяқ саусақтарымен басып жұмыс жасайтын. Оның қолдары мен саусақтарындағы буындарының ауытқуынан ол пернетақтада қолмен жұмыс жасай алмайтын. Әрине бұл кісі үшін мұрынмен мәтін теру өте қиын болды. Себебі,мұрынмен мәтін тергенде терілген әріпті көру үшін басты көтеру керек,әрі мұрынмен мәтін тергенде басқа көршілес батырмалар да басылып кететін. Ал аяқпен мәтін теру көп уақытты алатын ,әрі шаршататын. Бірақ бұл пернетақта пайда болған сәттен бастап,қиындықтардың бәрі артта қалды. Ол енді резеңкелі пернетақтада қолмен жұмыс істей алады. Әрі тек пернетақтада емес тышқанмен де жұмыс жасай алатындығына көзі жетті. ДЦП үшін жасалынған бұл пернетақтада Блаженов Александр тек мәтін теріп қана қоймай ,бірыңғай ақпаратпен Интернет желісі арқылы алмаса алады. Ол кісі өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдармен әр түрлі форумдарда әңгімелесе алады,яғни бұл пернетақта арқылы ол қоғамдағы жаңалықтардан тыс қалмайды. Өзіне көмек керек болған жағдайда туған-туысқандарына хабарлай алады. Блаженов Александрдің өзі резеңкелі пернетақта жайлы оң көзқкарастарын айтқан. Оның айтуы бойынша,резеңкелі пернетақта арқылы ол кез-келген жерде кез-келген компьютерде жұмыс жасай алады, бұл пернетақта ол үшін қол мен саусақтарды шынықтыру құралы болып табылады, осы жағдайдан кейін ол кісі өз-өзіне , қолынан көп нәрсе келетіндігіне сенімді бола бастады,моральді күш-қолдау алды.Сонымен қатар, Блаженов Александр үшін резеңкелі пернетақта дербес компьютерде қайта жұмыс жасауға мүмкіндік берді.


hello_html_mbcec12f.jpg



Үлкен батырмалы пернетақталар

Батырмалары үлкенірек пернетақталар қозғалысы шектеулі адамдар үшін де, көздері нашар көретін адамдар үшін де өте қолайлы.Мәселен BigKeys LX стандартты пернетақтасы.

hello_html_3afc91dd.jpghello_html_m49b5a3d1.png

BigKeys LX пернетақтасы


BigKeys LX пернетақтасы арқылы тышқан меңзерін басқара аламыз, яғни пернетақта тышқан қызметін де атқарады. Ал пернетақтада тышқан меңзерін оңай басқару үшін бағыттар көрсетілген батырмалар ромб түрінде

орналасқан. Мұқият назар салып қарасаңыздар мұндағы әріптердің орналасуы қарапайым пернетақтадағы QWERTY орналасу тәртібіндей емес. Оның мәнісі неде? Қарапайым пернетақтада жиі қолданылатын әріптер ортаға таман орналасады. Ал,BigKeys LX пернетақтасында арнайы мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін,ойлау қабілеті төменірек адамдар үшін әріптер пернетақтаның жоғарғы оң бөлігіне, алфавиттік тәсілмен орналасқан. Оның артықшылығы, мұндай тәсілмен орналасқан пернетақтада жұмыс жасау оңай, әріптердің алфавиттік орналасуы ойлау қабілеті төмендеу адамдарға ыңғайлы, жаттанды болып кеткен, әрі мәтін тергенде қол саусақтары көршілес орналасқан батырмаларға тиіп кетпейді.

Тереңдетілген батырмалы пернетақталар

Тереңдетілген батырмалы пернетақталардың да батырмалары стандартты өлшемнен әлдеқайда үлкен, батырмалар арақашықтығы алыстау .Терең батырмалы пернетақталардың артықшылығы қол саусақтары бір мезетте бірнеше батырмаларға тиіп, басылып кетпейді.Пернетақтаның мұндай модельдері өте аз мөлшерде өндіріледі. Сондықтан бізге ең тиімді үнемді шешім ол қарапайым пернетақтаға трафарет(keyguard) орналастыру. Металлдық немесе пластмассалық трафарет қалыңдығы бірнеше миллиметрге жетеді.

hello_html_4a662027.jpghello_html_m47328c51.jpg

Трафарет орналасқан пернетақта



Ауыздан еріксіз сілекей бөлінетін адамдарға арналған

пернетақта

Бұл пернетақтаның бетіне арнайы жұмсақ жуылатын қабат төселген. Бұл беттік қабат арқылы пернетақтаға ылғал енбейді.

hello_html_7693ff53.pnghello_html_5e86092b.png











Арнайы залалсыздандыруға арналған пернетақталар. Сондай-ақ көрсетілгендей кейбір пернетақталарды сүртіп, жуып залалсыздандыруға болады. Мұндай пернетақталар көбіне залалсыздандыруды қажет ететін ота жасайтын кабинеттерде, тіс дәрігерінің бөлмесінде орнатылады

Кішігірім сандық пернетақта

Жоғарыда айтып өткендей пернетақта арқылы тышқан меңзерін басқаруға болады. Бұл жағдайда тышқан меңзерін тек бағытталған пернелер арқылы емес, кез келген стандартты пернетақтаның оң жағында орналасқан сандық блок арқылы да басқара аламыз. Сандық блоктың негізгі қызметі-пернетақтада жұмыс жасағанда сандарды теру, енгізу. Алайда көптеген ноутбуктарда мұндай топтағы батырмалар, яғни сандық блок жоқ. Осы кезде көмекке кішігірім сандық пернетақталар келеді.

hello_html_7266e671.jpg

Кішігірім сандық USB пернетақтасында бар болғаны 19 батырма бар. Бұл сандық пернетақта бастапқыда сандармен көп жұмыс жасайтын ноутбук қолданушыларға арнайы жасалған болатын. Алайда кішігірім сандық пернетақта басқа пайдаға да жарады. 1)Ол арқылы тышқан меңзерін басқара аламыз; 2)Оның кішігірім өлшемі арқылы кез келген жерде алып жүре аламыз, қалаған жерге орналастыра аламыз.Тіпті адам оны тізесіне қойып та жұмыс істей алады. Кішігірім пернетақта бағасы да қымбат емес қол жетімді, әрдайым сатылымда. Кішігірім пернетақта-«пернелі тышқанның» жалғыз кемшілігі өте кішкентай батырмалары болып табылады. Әйтсе де кішігірім пернетақтаның бетіне тоғыз тесікті бағыттары көрсетілген қабаттық бет төсеу арқылы тышқан меңзерін қиындықсыз басқаруға болады. Мұндас өндіріс бар, бірақ өте аз мөлшерде.

Пернетақтада қолмен жұмыс жасай алмайтын адамдар көбіне өзге дене мүшелерімен жұмыс жасайды. Осы кезде туындайтын сұрақ: Қандай пернетақтада мүмкіндігі шектеулі адамдар тістегі таяқшамен немесе мандайға, иекке бекітілген таяқшамен батырмаларды оңай басып, ешбір қиындықсыз жұмыс істей алады. Осы сұраққа жауап: Ынғайлы болу үшін пернетақта кішкентай, ал батырмалары сырғымайтындай, пернелері қиындықсыз, оңай,әрі жеңіл басылуы керек.Сонымен қатар пернетақтаны белгілі бір биіктікке, белгілі бір бұрышқа орналастыру керек.Осы айтылған сипаттамаларға дәл,дөп келетін пернетақта-малогабаритті пернетақта болып табылады. Малогабаритті пернетақталар деп портативті компьютерлермен (ноутбуктермен, планшетниктермен т.б) қолданыста бірге жүретін құралдар. Оларды арнайы жұқа, әрі жеңіл, аса үлкен емес қылып жасайды. Ең бастысы, мұндай пернетақталар қолжетімді, әрі әлдеқайда арзанырақ. Егер пернетақтада USB байланысы бар болса,онда оны кәдімгідей компьютерге жалғайды. Ал егер пернетақта сымсыз болса онда арнайы Bluetooth-адаптер қолданылады.

Көру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ақпарат алмасудың тәсілдері

Жалпы ақпаратты енгізгенде көру мүмкіндігі шектеулі адамдар қарапайым пернетақталар мен тышқандарды қолдана алады. Барлық пернетақталарда пернетақтаның ортасында орналасқан екі батырма <А> және <О> ны анықтай алатын арнайы шығыңқы белгілер бар, ал қалған батырмалар өздерінің стандартты сызбасына байланысты орналасқан. Мұндағы ең қиын жұмыс ол ақпаратты шығару, ақпаратты оқу. Бірінші шешім-әлемдік қолданысқа ие болған рельефті-нүктелі Брайль шрифтын қолдану. Алайда бұл тәсіл тек таза мәтіндік ақпаратпен жұмыс кезінде қолайлы-мәселен, құжаттармен, электрондық поштамен, хабарламалармен. Мұндағы дауыс


интерфейсі әмбебап. Ең бастысы,ол операциялық жүйенің графикалық интерфейсін орындай алады.

Енгізу және шығаруға арналған тактильді құралдар.

Француз баласы Луи 3 жасында етікші әкесінің шеберханасында пышақпен жарақаттанып, көз ауруының салдарынан көру мүмкіндігінен айырылады.1921 жылы 15 жастағы Луи алтынүктелік рельефті-нүктелі тактильді шрифтті ойлап табады. Екі ғасырға жуық өмір сүріп келетін Брайль шрифты соқыр адамдар мен көру мүмкіндігі шектеулі адамдарға жазу және оқу үшін барша адамдар мойындаған негізгі құрал ретінде саналып келеді. Брайльдік символ рельефті нүктелерінің биіктігі 0,6мм,диаметрі 1,4мм,4,2 х 7 мм өлшемдегі ұяшықта орналасады.Ұяшықтар арасындағы арақашықтық горизонталь бойынша 3,75 және вертикаль бойынша 5мм.

Дәстүрлі Брайль әліпбиінің алтынүктелік нұсқасында 63 символ бар.Осы 63 символ барлық елдің әліпбиі мен сандарын,тыныс белгілерін белгілеу үшін жеткілікті. Соқыр адамдар Брайль әліпбиін қолдану барысында грамматиканы оңайлатуға тырысады. Яғни сөздердегі кейбір әріптерді немесе тыныс белгілерін қалдырып кетеді, көбіне сөздерді бас әріппен жазады. Қарапайым өмірде біз SMS-ті солай жазамыз.

hello_html_m3999c3af.jpghello_html_m41b53265.jpg





Кириллица-Брайль шрифты Брайль шрифындағы өзге белгілер

hello_html_m31f2ecbc.pnghello_html_33d8eb93.png



БРАЙЛЬ ШРИФТЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ


Тифлокомпьютерлер деп көздері нашар немесе мүлде көрмейтін адамдар үшін жасалған дербес компьютерлер болып саналады. Мұндай компьютерлерді арнайы оқыту орындары мен көру мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жұмыс орындарында қолданады. Тифлокомпьютердің ерекшелігі мұндағы Брайль әліпбиінің болуы . Сондай-ақ барлық тифлокомпьютерлерде мәтіндік

синтезаторлық бағдарлама бар. Бұл бағдарлама енгізілген мәтінді және дисплейге шығарылған мәтінді дауыспен дыбыстап оқиды. Яғни тифлокомпьютерлердің бірінші негізгі жұмысы-мәтінді оқу, Интернет беттерін, электрондық поштаны қарап шығу. Екіншіден-жазба кітапшасының, органайзердің, жеке ақпараттарды сақтаушы рөлін атқара алады. Сонымен қатар дербес көмекші-тифлокомпьютер арқылы аумақты мәтіндерді, құжаттарды,мақалаларды дайындап, оларды электронды пошта арқылы жіберіп, Интернетке жариялауға да болады.

Бүгінгі таңда көпке белгілі тифлокомпьютерлер Freedom Scientific компаниясында(www.freedomscientific.com) PAC Mate маркасымен және новозеландиялық компания Human Ware Group-тың (www.humanware.com) BrailleNote Apex маркасымен өндіріледі. PAC Mate маркасымен өндірілетін тифлокомпьютерлер екі нұсқада өндіріліп келеді: PAC Mate BX-Брайльдің сегізпернелі пернетақтасы және PAC Mate QX-қарапайым QWERTY пернетақтасы.

hello_html_m26eb87f2.png

PAC Mate BX 420

Батырмалар арасындағы крестик тәріздес джойстик меңзерді басқару үшін, ал пернетақтадағы брайль дисплейінің екі жағындағы екі дөңгелек мәтінді қарап шығу үшін жасалған.

hello_html_m748a865c.jpghello_html_m1a8b74c1.jpg

PAC Mate QX 400 VoiceNote Apex QT


Тифлокомпьютерлердің бағасы әлдеқайда қымбат. Себебі оған қымбат Брайль дисплейі орнатылады. Мәселен жоғарыда айтылып өткен PAC Mate маркалы тифлокомпьютерлер 2500 доллардан кем түспейді.




2.4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бүгінгі пернетақта және

оның ерекшеліктерін анықтау.


Мүмкіндегі шектеулі балалардың перненақтамен жұмыс жасау жолын зерттеу үшін мен Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шымкент №1 саңырау-балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, сурдоинформатика пәнінің мұғалімі Жарқынбек Динара Серікқызының сабағында болдым. Алғаш рет 10 «Б» сыныбынының қабылдауында болдым.10 «Б» сыныбындағы оқушылардың пернетақтадағы жұмысын бақыладым.

hello_html_46d159d4.pnghello_html_m3157c7fe.jpg



hello_html_784b6632.pnghello_html_39896126.jpg

7 «В» сыныбының оқушылары

Оқушылар көбіне пернетақтада бір-бірлеп теру амалын қолданады,алайда екі қолмен теретін оқушылар да баршылық. Саңылау балалар болғандықтан мұғалімнің нұсқауын тез ұғып ала алмайды. Сондықтан пернетақтада жұмыс жасағанда соның салдары теру жылдамдығына әсер етеді. Ал екінші рет сурдоинформатика сабағында болғанымда 7 «В» сыныбының оқушыларымен жұмыс жасадым. Бұл сыныптың оқушылары пернетақтада мәтін тергенде бір-бірлеп теру амалын қолданды. Бақылау нәтижесінде байқағаным теру кезіндегі жылдамдық ең көп көрсеткен сынып 10 «В» болды.10 «В» сыныбының оқушыларының көп бөлігі арнайы құрал ойын құралын қолданады екен. Жалпы

оқушылардың компьютерді қолдануын қарастыру барысында, оқушылардың компьютердегі қандай жұмысты ұнататындығын білгім келді. Оқушылардың 50 % Интернет беттерінде отырғанды ұнатса, 25% ойын ойнағанды жақсы көреді екен, ал қалған 25% пернетақтада мәтін теріп жұмыс жасағанды қалайды екен. Сондай-ақ инклюзивті білім беру жайында оқушылардың, мұғалімнің ойын сұрастырған едім. Нәтижесінде байқағаным, оқушылардың көп бөлігі, яғни 80% қарапайым мектептерде басқа оқушылардың қатарында оқығысы келмейді, ал 20% оқығанды қалайды. Жарқынбек Динара Серікқызының айтуы бойынша сыныптағы 15 баланың ішіндегі 3-4 баланың құлағы, өзгелерге қарағанда едәуір жақсы естиді. Сондықтан,мұндай балалар қарапайым мектептерде оқыса, жанындағы достарының,мұғалімнің қолдауымен ортаға қосылып, дағдыланып үйреніп кете алады екен. Саңылау балалар үшін қарапайым адамдар арасында оңай емес. Себебі, адамдардың көп бөлігі Дактиль әліпбиін, яғни қол саусақтарының қимылын білмейді. Екіншіден, саңылау адамдарға ерінге қарап біреудің сөзін түсіну қиын. Динара Серікқызы маған бір әңгімесінде былай деген еді: саңылау оқушылардың ата-аналары үінде балаларымен сөйлескенде қиналады, оларға бір нәрсені түсіндіру қиынға соғады. Сондықтан ата-аналары көп жағдайда балаларымен сөйлесуді маңызды деп санамай, үйде жұмсағанда қол сілтеп заттарды көрсетіп жұмсайды екен. Бірақ ол дұрыс емес. Мұның салдарынан бала тұйық, шорқақ, өзіне сенімсіз болып өседі. Сондықтан ата-аналарына баласымен көп тілдесіп тұруды кеңес етеді. Сурдоинформатика сабағында оқушылар өз ойын тек қол саусақтарының қимылымен емес, дыбыстап айту арқылы да түсіндіреді екен. Оқушылар қарапайым мектептердегі пәндерді өтеді, бірақ оқушылардың деңгейінен бір саты төмен оқулықтармен оқытады. Мәселен 10 сыныптар 9 сыныптардың оқулықтырымен, 7 сыныптар 6 сыныптардың оқулықтарымен оқытылады екен. Сонымен, мен Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шымкент №1 саңырау-балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, сурдоинформатика сабағында болып, керемет дарынды оқушылармен жұмыс жасадым.Олардың ішкі ойлары менен аңсаған армандарын білдім. Бір қызығы оқушылардың көп бөлігі компьютерді жетік игеріп, осы салада жұмыс істегісі келеді. Менің ойымша егер, оқушылар компьютерді жетік игерсе олар өздерін қоғамның ажырамас бөлшегі екендігін айтқын сезер еді.

hello_html_4feda117.jpg




Пернетақтада мәтін теруде жылдамдықты жоғарлату

үшін ұсыныстар

1. "Оң саусақ" әдісін қолдану.

2."Жеке, бір - бірлеп теру"амалы

3."Stamina"жаттығу құрылғысы

4. Ойын - жаттығу құрылғысы



hello_html_m39b655e9.png

















ІІІ.Қорытынды.

Ұсынылып отырған жобада мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың компьютердің негізгі құрылғысы пернетақтаны қолдану барысында кедергілер мен қиыншылықтар туындайтынын анықтадым . Пернетақта туралы мағлұмат жинадым. Сонымен қатар, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пернетақталар және олардың ерекшелігін зерттедім. Оңтүстік Қазақстан обылысы білім басқармасының «Шымкент №1 саңырау-балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі оқитын оқушылардың дәстүрлі пернетақтаны қолданудағы қиындықтарын зерттей отырып,

Менің жаңалығым мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пернетақтаны және "бес саусақ" әдісін қолдану оқушыларға ақпарат алу, ой өрісті кеңейту және уақытты үнемдеуге көмек беретінін және компьютерге деген қызығушылық артатынын анықтадым.



































YI. Қолданылған әдебиеттер тізімі




1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010 ж.

2. 21-ші ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында, ақпараттық-әдістемелік дайджест, Алматы, 2009.

3. Мануал «12 жылдық мектептегі бастауыш білімнің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері», Ж.Ш.Адамова, Д.А.Сүртібаева, МББҚБА және ҚД институты, 2007

4. Мануалға қосымшалар, Ж.Ш.Адамова, Қарағанды,2008

5. Методические рекомендации по оценке учебных достижений учащихся в организациях среднего общего образования, Астана-2008.

6.Г.Е.Сенкевич Компьютер для людей с ограниченными возможностями (Санкт-Петербург 2014)




hello_html_m4b4fb2fe.png














Шымкент қаласы

7 Қ.Спатаев атындағы

мектеп -лицейінің

11"В" сынып оқушысы

Асет Камиланың

"Инклюзия - біріңғай

ақпараттық орта"

тақырыбында жазған

ғылыми жұмысына



Пікір


Инклюзивті білім беру жүйесіндегі оқушылардың ақпараттық технологияны қолдануда, қиындықтар мен кедергілер туралы толық мағлұмат жиналып, оған талдау жасалған. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған пернетақта ерекшеліктерін зерттеген.

Жұмыстың құндылығы мүмкіндіктері шектеулі балалардың пернетақтада жұмыс жасау барысындағы кедергілерлің алдын алу шараларын, яғни пернетақтаның кейбір бөліктерін алмастыру арқылы жұмыстың оңай жасалатындығын анықтаған .

Зерттеу туралы материалдар жинақталған. Жұмыс оқушылар үшін өте құнды, танымдылығы жақсы жасалған.







Ғылыми кеңес беруші О.Ғ.Т М.О. Балабекова


















Шымкент қаласы

7 Қ.Спатаев атындағы

мектеп-лицейінің

11"В" сынып оқушысы

«Инклюзия- бірыңғай

ақпараттық орта »

Асет Камиланың

жұмысына



Пікір


Инклюзия ұғымының мағынасы ашылған. Пернетақта туралы толық мағлұмат жиналған. Сонымен қатар, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пернетақталар және олардың ерекшелігін зерттеген. Камила өзінің ғылыми жобасында Оңтүстік Қазақстан обылысы білім басқармасының «Шымкент №1 саңырау-балалардың мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі оқитын оқушылардың дәстүрлі пернетақтаны қолданудағы қиындықтарын зерттей отырып, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пернетақтаны және "бес саусақ" әдісін қолдану оқушыларға ақпарат алу, ой өрісті кеңейту және уақытты үнемдеуге көмек беретінін және компьютерге деген қызығушылық артатынын анықтаған. Жұмыс өте құнды және танымдылығы жақсы жасалған.



Жетекшісі А.А. Полатбекова










hello_html_0.gifhello_html_0.gif





















































.








Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научная работа по информатике тема «Инклюзия- бірыңғай ақпараттық орта »"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 671 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 1068
    • DOCX 2.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Полатбекова Ахлима Ахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Полатбекова Ахлима Ахметовна
    Полатбекова Ахлима Ахметовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9589
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 22 регионов