Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / Научная работа по казахскому языку "Етіс категориясы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Научная работа по казахскому языку "Етіс категориясы"

библиотека
материалов

ӘОЖ 811.512.122


ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ

ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ


Кусманова Б.М.

batzhamal@mail.ru

Инновациялық Еуразия университеті,магистрант Павлодар қ, Қазақстан Ғылыми жетекшісі: Имамбаева Ғ.Е.


Функционалды грамматика белгілі бір тілдік категориялардың бірлігі негізінде қызметке ие болады. Функционалды грамматика бірнеше тілдік категориялардың жүйелілік принципіне негізделетіндіктен, оның етістіктің етіс категориясымен де тікелей байланысудың арқасында функционалдық қызметі жүзеге асады.


Функционалдық грамматика қарастыратын: аспектуальдылық, темпоралдылық, персональдылық, етістілік, посесивтік, ком-паративтік, каузальдық, кондидициональдық, локативті, таксис, модальділік, сандық, кеңістік, жағдаяттық  түрлерін жеткізуде етіс категориясының рөлі ерекше.
Шындап келгенде, функционалды грамматиканың  әр түрі мәтін көлеміндегі сөйлемдермен нақтылана түсетіндігін біле тұра,сөйлем құрамына  назар аударарлықтай тура келеді.


Сөйлемді адамдар арасындағы пікір алмасудың үлкен құралы ретінде қабылдай отырып,оның ішіндегі қимыл мен іс-әрекетті білдіретін етістік сөз табының қызметі айқындалатындығы белгілі.


Функционалды грамматиканың  негізгі міндеті тілдегі барлық байланысы бар құбылыстардың ортақ қасиеттерін қарастыруы болып табылатындықтан,

аталмыш грамматика мәселелерінің көріністерін  қазақ тіл білімінде, көбінесе,  етіс  категориясы арқылы анықтауға болатындығы сөзсіз.
Функционалды грамматиканың өзіндік объектілерінің біріне:темпоралдылық- мезгіл, персональдылық- жақтылық, посесивтік- меншіктілік,компаративтік- салыстырмалы, каузальдық- себеп, локативті- мекен, таксис, модальділік, сандық, кеңістік түрлерін жатқыза келе, олардың барлығы мәтін көлеміндегі сөйлем ішіндегі қимылды  жеткізетін  етістік сөз табы арқылы айқындалып, субъекті мен объектіге іс- әрекеттің қатыстығын білдіреді. Ойымызды нақтылау үшін, төмендегі кестеге  назар аударайық:
Функционалды грамматиканың топтау жүйелерін қарастыра келе,бұлардың барлығына  етістікке тән етіс категориясының қатысы бар екендігін атап кетуге болады.

Өйткені етіс категориясы  әр сөйлемнің негізі ретінде белгіленетін предикативтілікпен және де, жақтылықпен тығыз байланысты.
Предикативтілік- қимылды білдіретін,  етістік сөз табы,баяндауыштық қызмет атқаратындықтан,сөйлемнің негізгі қазығы болып саналады,етіспен қимылдың субъекті мен объектіге қатысы көрсетіледі.

Мысал ретінде Ж.Аймауытов шығармасынан келтірілген үзіндіде:
«Ауылдың кісілерін дереу жиғызып алып, Ақбілекті іздетуге бес кісі аттандырды» -өзгелік етісті хабарлы сөйлем. Бұл сөйлемде өзгелік етіс арқылы өтіліп жатқан қимылды жан- жақты қарайтын болсақ, функционалды грамматиканың бірнеше түрлерімен ұштасып тұрғандығын аңғаратын боламыз.

Осы жерде уақыт кеңістігі де орын алып,оқиғаның жеделділігін «дереу» сөзі арқылы жеткізе тұруымен қатар, қимылға басқа бір субъектілердің қатыстығын, солармен іс- әрекеттің өтетіндігін байқаймыз, бұған қоса,таксистік  құбылыс та  орнығып, қимылдың әрмезгілділігі айқын көрініп тұр. Шығарма мазмұнына үңілсек, ең әуелі,адамдарды жинатқызып, содан кейін Ақбілекті іздеуге бес кісіні аттандырғызады. Шынын айту керек, бұл жерде етістің жақ категориясына қатысы бар екендігін анықтауға болады. Қандай қимыл- әрекет болмасын,белгілі бір жақтағы (бұл жерде 3 жақта) субъект арқылы жасалады. Біз келтірген сөйлемде іс-әрекет бір адамның басқаларды қимылға тарту негізінде өтетіндіктен, етіс түрі функционалды грамматиканың формадан мазмұнға бағыт беруде бұл жерде ерекше рөль атқарады.
Етіс мағынасының сипаттамасына субъект пен объектінің арасындағы қарым-қатынастығы енеді: субъект – іс-әрекетті жасаушысы болса, объект іс-әрекетке тап болып, қимылдың бағытын көрсетеді.

Етістің әртүрлі формалары, әртүрлі сөйлем құрылымдарында қолданылатындықтан, бұл – етістікке тән, етіс категориясын, етістіктің басқа категорияларынан айырмашылығы бар. Басқа сөзбен айтқанда, етістіктің морфологиялық категорияларына қарағанда, етіс категориясы сөйлем синтаксисімен тығыз байланыста болады.

Негізінен, етіс морфология мен етістік семантикасында көрініс тапқан, қимыл-әрекеттің субъектіге қатыстығын білдіретін категория есебінде болса, екінші жағынан, сөйлем ішінде етістіктің баяндауышы мен бастауыш арасындағы қатынастықты білдіреді.

Етіс етістікке тән категория болғандықтан, функционалдық тұрғыдан оның лексика-грамматикалық табиғаты сөйлемнің нақты қазығы болатын, тек қана етістік сөз табы шеңберінде ғана айқын ашылады.

Темпоралдылық – функционалды-семантикалық категория.

Ол белгілі бір категориялық жағдаяттарда сөйлеу актісінде функционалды-семантикалық өрістерден көрінеді. Яғни функционалды-семантикалық категория мен функционалды-семантикалық өрісі бір нәрсенің екі жағы сияқты, бірі – потенциалдық жағы, екіншісі – соның сөйлеу актісіндегі берілуі (реализациясы), олар өздерінің сөйлемдегі атқаратын қызметімен байланысты.

Семантикалық функциялардың актуалдануының – өзектелінуінің бірнеше жолдары бар.

Олар:
1)таза грамматикалық тәсіл арқылы;


2) лексикалық құралдар, немесе сөзжасамдық құралдар арқылы;
3) грамматикалық және грамматикалық емес тілдік құралдардың кешені арқылы. Осы аталғандарға қоса семантикалық функциялар;
4) морфологиялық категориялардың өз қызметінен ауытқып, жанама қызмет атқаруы арқылы да жүзеге асады.

Етіс тікелей етістікке тән грамматикалық категория болғандықтан, бұл жерде сабақты етістік табыс септігіндегі тура толықтауышты меңгеретін, яғни табыс септігін керек ететін етістіктер екенін айтуға тура келеді. Сабақты етістік объекті арқылы ғана пайда болады дейтініміз сөзсіз. Объекті болмаса, сабақты етістіктер болмайды. Мұнда етістің қайтесе де объектіге қатыстығы туындайды.

Етістің кеңістік ұғымына тікелей қатыстығы бар екендігін келесі сөйлемдерден аңғаруға болады. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романынын бірнеше үзінділер алатын болсақ, мысалы:

Кеңістіктегі обьектілерді қабылдау өте күрделі процесс. Тек адамның нақтылы тәжірибесі арқылы арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен –бірінің қашықтығын,бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын  және формасын қабылдау арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікте орналасқан. Олардың   әрқайсысының  белгілі бір көрініс түрлері болады, мысалы: ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т.б.

Сондай-ақ,  олар бірден түрлі қашықтықта тұрады. Кеңістікке орналасқан  заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру (монокулярлық көру ) оларды тереңінен игеріп алуда бір сәттен дәл мағлұмат алуымыз қиындай түседі.  
Кеңістіктегі заттарды қабылдауға тек көру мүшесі ғана қатыспайды, мұнда қозғалыс, сипау, сезу  түйсіктері де елеулі рөль атқарады. Кеңістікті дұрыс  қабылдап, қоршаған заттарды тез меңгеріп алу,осыған үйрету кішкентай кезден басталады.


Заттардың кеңістікте орналасуын дұрыс  біле алудың адамның іс-әрекеті үшін қаншама маңызды екендігі түсінікті. Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы материяның өмір сүруінің обьективтік реалды формасы.
Дүниеде қозғалушы материядан басқа еш нәрсе жоқ,ал қозғалушы  материя Әлемнің соңғы кездерінде тілдің қалайша кеңістікті құрайтындығына кеңістік грамматикасындағы арнайы мақсатты зерттеулерге, яғни кеңістік қатынастарды көрсететін тәсілдерге ерекше назар аударылып жүр.
Кеңістік жүйесінің грамматикалық типологиясын құруға талпыныс етілгендігі байқалды.


Кеңістік қатынастарды функционалдық тұрғыдан қарастыруы объектілердің жылжуымен байланысты динамикалық, заттық, жағдаяттық күйде өтіп,  бұл категорияның әртүрлі деңгейде көрінетіндігін есепке алуымен жаңаша меңгеруге мүмкіндік жасайды.


Кеңістік сөйлеу әрекетінің әмбебаптық түрдегі ұйымдастырушылық мәні бар тіл орталығы ретінде саналады.


Кез-келген ақпарат берудің кең  түрі бойынша мәтіндегі әлемдік кеңістік болмысының орын алуымен сипатталады.
 Қазіргі таңда түркі тіл білімінде кеңістікті білдіретін етістіктердің толық лексика-семантикалық жақтары әлі де күні  бүгінгі  дейін толық жүйелі түрде қарастырылмаған. Бұл қатардағы етістіктер объективті болмыста  болатын кеңістік қатынастарды тіл арқылы жеткізуге белсене араласатындығын атап кетуге тура келеді..

   Сонымен бірге етістің функционалды грамматиканың басқа да түрлерімен байланысы бар екендігін атап кетуге болады.
Мәселен, аспектология ұғымының сөйлемдегі қимылдың басталып, тікелей аяқталмай, не аяқталып өтуіне қатысты,сол себептен жалпы қимылдың өтуімен байланысы тығыз болғандықтан,оның ерекшеліктері етістіктен етістік шығаратын етіс категориясымен айқындалатындығын аңғарамыз,мысалы,  «Күнікейдің жазығы» шығармасында:
«Күзден жатқан Күнікей-жазға жетті ілініп:күдері ғой, жан шіркін, үзілмейтін созылып» ( Ж.Аймауытов).

Шығарманың басты кейіпкері кедей қызы Күнікей. Повесть тақырыбы- әйел тағдыры. Біз Күнікейдің жалғыз,қараңғы үйде жатқанын көреміз. Бұл жерде автор ырықсыз етіс жұрнақтары арқылы жалғыз ауру әйелдің маңында неге ешкім жоқ, жазығы не бұл әйелдің деген сұрақтарды оқырмандарға іштей қойғызуымен, жазушы осындай тәсілмен қазақ әйелі теңіне қосылды дегенімен, әлі де  теңдікке толық жеткен жоқ екендігін, елдің ескілікті тұрмысы, ұғымы әлі де болса кері тартып, әйелдердің ауыр тұрмыс жағдайларын көрсетеді. Шығарма басындағы суреттеліп тұрған оқиға  желісінің
өзіндік себебі бар екендігі- функционалды грамматикада орныққан түрлерінің ішінен, бұл жерде аспектуалдылық- қимылдың өту сипаты мен персоналдылық- жақтылық ұғымдарымен ұштасып  алға шығады.
Повесть оқиғасының шегініс арқылы дамуында қимыл әрекеттің етіспен
көрінетіндігін байқауға болады. Жақтылық түрі функционалды грамматиканың кең көлемдегі объектісі ретінде қабылдауымыз жөн.
Жақтылыққа негіз болатын жіктеу есімдіктері. Сондай- ақ,жақтылықтың объектісі ретінде: морфологиялық, синтаксистік, лексикалық және етістіктің жақ категориясы мәселелерін көрсететін болсақ, жақтылық етіспен де тығыз байланысқа түседі. Шығарма бетінде кейіпкерлер бейнесін көрсетуде қимыл-  әрекетті білдіретін етістік сөз табы басты орын алып, сол қимылдың субъекті мен объектіге қатысы мен бағыты, байқағанымыздай, етіс категориясымен білінеді. Демек, қазіргі тіл білімінде қалыптасқан етістің бес- төрт түрі оқиға желісін жеткізуде ерекше орын алады.
Сонымен бірге Күнекей бейнесінің жеке тағдырын көрсетумен қатар, Ж.Аймауытов жалпы қазақ қызын қорлатып жатқан сол кездегі адамдардың тұрмыс- тіршіліктерін, ел өмірін суреттейді.

Осы жақтан алғанда,функционалды грамматиканың кеңістік категориясымен де етістің ұштасуын байқаймыз. Мұнда көшпелі елдің жауапсыз тіршілігінен туған жағдайларға автор көбірек үңілгендігін байқатады. Сөйтіп,жақтық қатынастың етістіктің етіс түрлеріне қатысы бар екендігі анық көрінді.
«Екі жақтан бірталай кісі аударылды.Бара жауырыннан алып төңкеріп кетті де,қалған екеуін кезекпе- кезек аударысып,жұлысып жүріп тағы түсірді» (Ж.Аймауытов). Келтірілген сөйлемдерді оқығанда, жоқшылыққа душар болған,азып тозып жатқан адамдардың мораліне күйінуге тура келеді.
Сондықтан болар,етістің функционалды грамматиканың модальділік категорияны шындауда қосары мол.


Етістің кеңістік ұғымына тікелей қатыстығы бар екендігін келесі сөйлемдерден аңғаруға болады:

Функционалды грамматиканың басты базалық ұғымдарының ішіне темпоралдылық, аспектуальдылық, жағдаят, таксис категорияларымен бірге кеңістік категориясы да тиісті орын алады.
Кеңістік  категориясы етістіктің етіс категориясымен  де ұштасуы мүмкін.


Ойымызды дәлелдеу үшін ,Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесінен бірнеше сөйлемдер келтіреміз:


«Анадай жерге сегіз қанат ақ отау тігіліп, іші кілем, киіз,алаша,көрпе жастық,түс киізбен безелді».


Сонымен, етістіктердегі жақ категориясын басқа сөз таптарына қарағанда, басымырақ екендігін біле тұра, өзіндік тарапысынан шығатын функционалды грамматиканың қайсыбір түрі етістіксіз  нақты көріне алмайтығана көзіміз жетіп отыр.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. – Л., 1970.      

       – 165 с.


2. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – М., 1989.           – 766 с.


3. Оразов М. Етістік. – Алматы, 2001. – 387 б.

4.Аманжолов А.С.  Көне түркі жазу ескерткіштері тіліндегі етістіктің меңгеруі. – Алматы: Ғылым, 1969. – 101 б.

Автор
Дата добавления 16.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров174
Номер материала ДБ-084114
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх