Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Научные работы / Научная робота тема " Біздің жерлестер Ұлы Отан соғысы жылдарында"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • История

Научная робота тема " Біздің жерлестер Ұлы Отан соғысы жылдарында"

библиотека
материалов



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облыстық білім беру департаменті

Индер аудандық білім бөлімі

Кулагино орта мектебі




Талғатов Нұрасыл

7-сынып




Тақырыбы: «Біздің жерлестер - Ұлы Отан соғысы жылдарында»




Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхаттары



Секциясы: Өлкетану



Жетекшісі: Тарих пәнінің І санатты мұғалімі

Боранғалиева Айсауле Салыққызы










2014 жыл






Атқанда мамыр таңы арайланып,

Желбіретіп жер-жерге жалау қағып.

Жеңіс күнін жыл сайын қарсы аламыз,

Аруақтарға арналған алау жағып...

Ибрайым Жәкиев






Жоспар:




І. Кіріспе

Ұлы Отан соғысы жылдары-адамзат тарихындағы ең қасіретті кезең.

Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігі.

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Индер ауданынан шыққан батырлардың өмір жолы.

б) Есбол ауылынан соғысқа қатысқан ардагерлердің қан майданда жүріп өткен жолы.

в) Ардагерлердің Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі өмірі мен қызметі.

ІІІ. Қорытынды «Ешкім де ұмтылмайды,

Ештеңе де ұмтылмайды».















Атырау облысы, Индер ауданы,

Есбол селосы

Кулагино орта мектебінің

7-сынып оқушысы

Талғатов Нұрасылдың

ғылыми жұмысына




Пікір


Шәкіртіміз Талғатов Нұрасылдың ғылыми жұмысын оқып, таныстық. Оқушы өзінің «Біздің жерлестер - Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбындағы зерттеу жұмысының тақырыбын толығымен ашып, алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындау жолында ізденіс танытып, өз тақырыбына қатысты көптеген ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып, қорытындылар жасаған. Негізінен, зерттеу нысанасы етіп алынған еңбектері бойынша ойларын өзінің тілімен баяндаған. Автордың тілі жатық, зерттеу жұмысының орындалу деңгейіне, одан алынған нақты қорытынды нәтижелеріне қарағанда бағалауға тұрарлық еңбек деп есептейміз.




Мектеп директоры: Р. Канатов



Пікір жазушы жетекшісі: А.Боранғалиева















Кулагино орта мектебінің

7-сынып оқушысы

Талғатов Нұрасылдың

«Біздің жерлестер- Ұлы Отан соғысы

жылдарында»

атты ғылыми жұмысына



Аннотация



Зерттеу мақсаты: Кеңес одағының батыры атағын алған жерлестеріміз Боран Нысанбаевтың, Иван Махорин, Иван Березиннің және ауылымыздағы ардагерлердің өмір жолына тоқтала отыра, соғыс кезіндегі ерліктері туралы айту.

Гипотеза: Ұлы Отан соғысы жылдарында өлкемізден шыққан батыр атағын алғандар және ауыл ардагерлерінің өмірбаяны мен соғыстағы ерліктеріне тоқталуымен ерекшеленеді.

Зерттеу кезеңдері: Ғылыми әдебиетті, оның ішінде нақты проблеманы зерттеуші ғалымдар еңбектерін оқу, ғылыми баспасөз беттеріндегі мақалаларды жинақтап қолдану.

Зерттеу әдістемесі: Ақпараттарды жинау, жинақтаған материалдарды қорыту.

Зерттеу жаңалығы: Индер ауданы бойынша батыр атағын алғандар мен Есболдан шақырылған соғыс ардагерлері туралы материалдарды пайдалана отыра, жұмыс жазу барысында өзіндік ой қорыту және зерттеу дағдысы қалыптасқан.

Зерттеу нәтижесі: Ғылыми жұмысты орындаушы өз жұмысын қорытындылай келе, соғыс ардагерлерінің ерлігі жөнінде деректер жинап олар туралы мектеп бағдарламасында кеңінен оқыту қажет деп түйін жасады.

Теориялық және практикалық маңыздылығы: Соғыс ардагерлерінің өмірі мен ерлігіне шолу жасай отырып, түсініктерін деректермен, қоғамдық, тәлімдік тарихи көзқарастармен дәлелдеуге ұмтылған. Өзіндік ой қорыту, нақты тұжырым жасау және зерттеу дағдысы шәкірт бойында қалыптаса бастаған.










Адамзат тарихында теңдесі жоқ, ең қаһарлы, қаңды қырғын болған екінші дүниежүзілік соғыс әлемге қисапсыз қайғы қасірет әкелді. Жер бетіндегі бейбіт өмір мен тыныш тіршіліктің тағдыры қыл үстінде тұрды. Әсіресе, басқыншы гитлершіл фашизмге қарсы бітпес азаттық күресіне көтерілген біздің бауырлас халықтарымыз үшін бұл алмағайып уақыт ауыр сын болды.

Ел басына күн туған қатерлі шақта кеуделерін от пен оққа тосқан миллиондаған ержүрек жерлестеріміз ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қаһармандықпен қорғады. Туған жер төсін қасық қандарымен суарған қаншама қайран боздақтар азаттық жолында жандарын пида етті. Осы сын сағатта естияр баладан еңкейген кәріге дейін өмір мен өлім белдескен алапат шайқасқа шыққан халқымыздың тең жартысын тізе бүктірген азулы да айбаты жауды тек өзара ынтымақ, тығыз топтасқандық, бірлік, төзімділік пен қайсарлық мінез көрсету арқылы ғана күйрете жеңіп шыққаны да шындық.

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты ісін қосты.

Ұлы Отан соғысы жылдарында аудан халқы «бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін, деген мақсат-тілекпен еңбек етіп, өмір сүрді. Күндіз шаруашылықтың ауыр жұмысын атқарып, түнде жылы киімдерін дайындап, қорғаныс қорына қаржы жинап жөнелтіп отырған. Мұрағат материалдарында «Передовик» ұжымшарының төрағасы Шымыров өзінің жеке қорынан майданға 50 мың сом, «Екпінді» ұжымшарының ферма меңгерушісі Тынысов 10 мың, Есқалиев 20 мың сом аударды деп жазылған.

Сөйтіп аудан жұртшылығы майданға танк колоннасын жасақтау үшін 2,5 миллион сом қаржы жинап, үлес қосқан. Тұрғындар

1943 жылдың қаңтар-наурыз айларында майданға 110 шәлі, 160 шұлық, 150 тоқыма киім, 17 бас киім өткізген. Бұл жұмыс соғыс аяқталғанша тоқтатылмаған.

«Қазақстан қолхозшылары» деген танк колоннасын жасақтауға қаржы жинау үшін жарияланған үндеуге байланысты аудандық партия комитетіне оның өкілі: «Қаңбақты ауыл кеңесінде мынандай жұмыстар істеп жатыр. Үндеуді талқылау партия ұйымының жиналысында қаралды. Қызыл армияға 7 пар байпақ, 4 пар қолғап, 8 бөрік, 2 одеал, 1 жылы көйлек, 2 пар шұлғау, 4 көйлек жібердік». Индербор кенішінің ұжымы қан майдандағы жауынгерлерге оқтын-оқтын сәлем-саухат жіберіп отырған.

Халықтың жүрегіне мұң мен қайғы ұялатып, қарғыс атқан қанды соғыс талай боздақтың қанын мойнына жүктеп, талай шаңырақты ортасына түсірді.

Ауданнан майданға аттанған 3800-ден аса адамның 1855-і оралмай қалды. «Қара қағаз» келген отбасына қариялардың көңіл білдіру үшін«Тұяғы бүтін тұлпар, қанаты бүтін сұңқар жоқ» деп айтатын сөзі соғыс жылдарында кімнің көңілінде болса да жатталып қалды. Айтса айтқандай, соғыс тауқыметі мен қасіретін көрмеген отбасы ауданда жоқ десе боларлық.

Аудан халқы ауыртпалықты күндерді өздері бастан кешіріп, қиындық көріп жүрсе де шарпыған аймақтан келушілерді жылы қабылдап, қолдан келген көмектерін аямады. Мысалы, ауданға

1941 жылғы қараша айында эвакуациямен 851 адам немесе 325 отбасы келген. Олардың арасында еңбекке жарамды 602 адам болса,соның 466-сы колхоздарға,55-і өнеркәсіп кәсіпорындарына, 77-сі ұйымдар мен мекемелерге жұмысқа орналасқан, балалар мектепке барған. Соғыс жылдарында және одан кейінгі жылдарда құм ішінде орналасқан шағын ұжымшарлардың еңбеккерлері жанқиярлық еңбектің үлгісін көрсетті. Облыстық партия комитетінің хатшысы Төлебаевтың атына жазылған бір құжатта былай делінген: «Сіздің 27.08.1942ж. №386 қатынас қағазыңыз бойынша Есбол аудандық жюри төмендігілерді хабарлайды. Облыстық партия комитеті мен атқару комитетінің қаулысы бойынша ауыспалы Қызыл ту «Индерборстройға» берілді. Біздің аудан Новобогат ауданымен социалистік жарысқа түсті.Аудан көлемінде 24 колхоз, 80 ферма,345 шопан,75 малшы, 150 сауыншы, 27 пішен бригадасы, 42 пішен звеносы, 225 пішенші, 716 егінші,54 егіс звеносы,246 егіс бригадасы өзара социалистік жарысқа түскен. Аудандық жюри төрағасы Мұқашев». Красин ұжымшарының жылқышылары Жайымов Құби, Қарабалин Әжіғали, Бозекенов Бертілеу 1944 жылы әрқайсысы өздеріне бекітілген 500-дей жылқыны аман сақтап, көп құлын алуды қамтамасыз еткен. Соның нәтижесінде Б. Бозекенов 1948 жылы Еңбек ері атанды. (1,5)

Мұндай табыстарға ұжымшарлардың басқа саласындағы еңбеккерлер де ие болды. Мысалы, Қалдеш Оспанова, Сәмия Омарова қарамағындағы 50-60 сиырдан бұзау алу, сүт сауу жоспарларын асыра орындады. Хасан Байниязов, Ералы Садықов басқарған қой фермаларының шопандары 1946 жылы еділбай тұқымды 2341-2203 қойдан 2385-2636 қозы алуды қамтамасыз етті. Мұрағат материалдарына қарағанда мұндай мысалды сол кездегі аудандағы әр ауылдың, әр шаруашылықтың да өмірінен келтіруге болатыны аңғарылады. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1948 жылғы16-қыркүйектегі Указына сәйкес аудандағы 30-дан аса мал шаруашылығы озаттары орден, медальдармен марапатталған. Олардың 13-і Еңбек ері атанған. Үкімет басшылығының жоғары бағалауына жауап ретінде аудан ұжымына арнайы хат жолдап, өздеріне көтеріңкі міндеттеме қабылдаған. Облыс басшылығына берілген әкімшілік мәлеметте 1949 жылдың 1-қаңтарында ауданда 19 мыңның аса ірі қара, 11 мыңдай жылқы, 184 мыңнан үстінде қой мен ешкі,2400-ге жуық түйе болғандығын көрсетілген. Соғыс кезіндегі ауыртпалықтан әбден тұралаған, техникалық жарақтануы әлі нашар, қуатты жұмыс қолы да жетіспейтін ұжымшарлар үшін мұншалықты мал өсіру сол кездегі ерлікпен пара-пар еді.

Майдан мен тыл, бірі мылтықты, бірі мылтықсыз шайқас. Майдандағыларды оқ қинаса, елдегілерді жоқтық қинаған еді. Әйтсе де, асқан төзімділікпен жеңіске жеттік. Сөйтіп, көктемнің жайма шуақ күні 1945жылғы 9-шы мамыр біздің еліміздің шежіресінде мәңгі – бақи ұмытылмас жарқын бет болып қалды. Табан тірескен қаһармандық 1418 күн мен түнге созылған күресте әр күн сайын 1404 адам опат болып отырса да, қол жеткен ұлы жеңіс дүниежүзілік цивилизацияны фашистік тағылықтан құтқарып қалды. Адамзаттың тағдырына планетадағы оқиғалардың одан кейінгі бүкіл барысына аса терең ықпал жасады.

Соғыс кезінде Кулагино селосы аудан орталығы болды. Оған 24, атап айтқанда «Степан Разин», «Социализм», «Красин», «Правда», «Передовик», «Красный Октябрь», «Алғабас», «Алғашық», «Екпінді», «Жаңа құрылыс», «Бірлік күш», «Бірлестік», «Екпінді құрылыс», «Коментерин», «Папанин», «Жаңа талап», «Анда» (Жданов), «Мәмбет», «Энгельс», «Еңбек», «Жамбыл», «Қаңбақты», «Мәдениет», «Тұрмантай» ұжымшарлары қараған. Мұның барлығы да жұмған жұдырықтай шағын, экономикасы қалт-құлт еткен әлсіз, дәулеті мен сәулеті әлі жетіспеген шаруашылықтар еді. Мысалы «Степан Разин» ұжымында 17425 қой, 970 ірі қара, 190 түйе, сондай-ақ 37 шошқа болған. Бұл ұжымшардың ішіндегі ең малы көбі еді. 1941 жылдың басында аудан шаруашылықтарында 78467 қой, 5213 жылқы, 8895 сиыр, 1768 түйе болған.жайық бойындағы ұжым орталықтарында барлығы 125 шошқа ұстаған. 80 фермадағы малды 350 шопан, 97 жылқышы мен бақташылар, көпшілігі әйелдер мен қарттар бағып күткен. Сондай-ақ, 215 сауыншы, 716 егінші ешбір техникасыз қолдап жұмыс жасап, пішендеріне дейін өздері дайындаған. 1941 жылдың алғашқы жартысында аудан бойынша төрт түлік малдың өсімі қой – ешкіден 96980 (115 пайыз), жылқы 5280 (106 пайыз), ірі қара 8432 (91 пайыз), түйе 1378 (102 пайыз) болған. Бұған керісінше өсірілетін шошқа жарты есеге кеміп кеткен. Барлық 24 ұжымшар 2333 сауын сиыр сауып, одан 659963 литр тапсырған. 13806 қой сауылып, одан 139527 литр сүт алынған. Барлық қойдан 77488 кило жүн қырқылып мемлекетке тапсырылған.

Енді аудан бойынша төл алудың 1942 жылғы көрсеткішіне келелік. 36438 қой – ешкіден 20067 қозы –лақ, 1345 жылқыдан 784 құлын, 3151 сиырдан 2411 бұзау, 617 інгеннен 120 бота алынып, мал басы біршама өскен. Осы малға тиісті 42 пішен звеносында жемшөп дайындау жоспары 119 пайызға орындалған. Осы кездегі 10 бас шошқаның күтімі де жаман болған жоқ. Аудан ұжымшарында

1940 жылы 742 гектардәнді-дақылдардан 4032 центнерден өнім алса, ал 1941-1942 жылдары соғыстың ауыр жағдайына қарамастан оны кеміткен жоқ.1940 жылы әр гектардан 5,44 ц. өнім алса,1941-42 жылдары тиісінше 6,7-8,6 ц. өнім жинап, Отанға жеткізіп жүрген. Алдыңғы қатарлы «Бірлестік» ұжымшары дәнді егістен орта есеппен әр га-дан 16 центнерден алған. Бірқатар звенолардың көрсеткіші бұдан да артық болды. «Степан Разин» ұжымшарының звено жетекшісі Блюденов тарыдан 20 центнерден, «Бірлестіктен» М.Ахметов ақ бидайдан 18 центнерден, «Екпіндіден» Құсайынов қиярдан

215,5 центнерден алған. «Правдадан» және «Красиннен» Дүйсекенов Қарабала, Баетов Қанатбай, Балжігітов Баймұқан, Ахметов Қосалы қарттардың еңбегі жоғары бағаланып жүрді. 1942 жылы осы «Правда» ұжымшарында 5331 бас қой болған. Бұл қойды

Қарабалин Қален, Байменов Қабдол, Қоспаев Рахмет, Күнтазиев Ожық, Нұрғалиев Өмірәлі, Шоқанов Құрман, Есекенов Қарабала,

Қанатов Төлеген деген 8 қарт өз әйел, баласын көмекші етіп баққан. Сол қой 1943 жылы 1 қаңтарда қозы есебінен өсіп, 6479 басқа жеткен, демек 125 пайызға өскен. Сөйтіп ол екі фермаға бөлініп, жаңадан 7 әйел 4 қарт және соғыстан оралған1адам, арлығы 12 шопан болған. Осы кезде «Екі-үш адам үшін жұмыс істейік!» деген сөз еңбекшілердің айбынды ұраны болды.

Сол кезде «Правда», «Красин», «Жданов», атындағы ұжымшарлардың әр қайсысына 7-10 мыңдай қой – ешкі, 700-1000 бастай ірі қара, 200-300 бастай жылқы, 50-100 бастай түйе болушы еді. Осы малдарды бағып-күту мен жем–шөбін дайындау жұмыстарының барлығы тек қана қол еңбегінің күшімен атқарылатын. Ол кезде ұжымшарларда ешқандай техника болмайтын. Сөйтіп, майданға кеткен ерлерінің орнын басқан сол кездегі желесі басында желкілдеген уыздай жап-жас келіншектер өздерінің қажырлы еңбектерімен жеңіс күнін жақындата түсуге айрықша үлес қосты. Көбінің жан – жарлары соғыстан оралмады, бірқатары кейіннен шаңырақ өзгертті. Оларды да айыптауға болмайды. Ал енді кейбірі шағит болған адал жарының түтінін түтетіп, кейінде қалған ұл-қыздарын жетілдіріп, басқа үйдің шамын жақпауға бел байлады.

Иә, дүркіреп өткен соғыс талайлар тағдырына өшпестей із қалдырды.

Аудан түлектері Боран Нысанбаевтың, Иван Махориннің, Иван Березиннің 2- дүниежүзілік соғыста батыр атанып, Гаврил Шаминнің даңқ орденінің толық иегері болуы, сондайақ 16 адамның еңбек ерінің алтын жұлдызын,20 дан аса еңбек озатының Ленин орденін кеудеге тағуы аудан тарихында қалыптасқан ерлік пен еңбеккерлік дәстүрдін беріктігін аңғартады.(2,66)

Екінші дүниежүзілік соғыс деп айдар таққан сұрапылдың да Жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толмақшы. Бірақ «соғыстың соңғы оғы атылғанына» деп айтуға әсте ауыз бармайды, өйткені, одан соң да сан тірес болды, ерлердің қолына талай рет қару ұстауына тура келді. Дегенмен 1941-1945 жылдар аралығын қамтыған ұлы шайқастың қашан да орны бөлек. Ол соғысқа біздің ауданнан 3719 адам қатысса, 1050 жерлесіміз ұрыс даласында мәңгілікке қалды. Олардың бірқатарының дерегі елге жетсе, тағы 1030-ының нақты мәліметі әлі қолға тиген жоқ. Соғыстың соңғы жауынгерінің хабары еліне, отбасына жеткенде ғана ол аяқталады екен негізі. Ал біздің ортамызда жарын күткен ананың, әкесін аңсаған баланың көз жасы құрғады деп кім айта алар.
Есбол топырағынан майданға аттанып, Кеңес Одағының Батыры атанған Боран Нысанбаев (Көктоғайдан), Иван Федорович Махорин (Аққала), Иван Николаевич Березин (Есбол), жауынгерлік «Даңқ» орденінің үш дәрежесінде кеудесіне тағып елге, Ынтымағына оралған Гавриил Петрович Шамин есімдерін баршамыз ардақ тұтамыз.
Батырлардың есімдері мектепке, көшелерге беріліп, өз ауылдарына ескерткіш тақтайшалар орнатылды. А.Матросовқа таңылған өшпес ерлікті Орел жерін жаудан азат ету кезінде одан 17 күн бұрын жасаған Боран Нысанбаевтың қаза тапқан Лески деревнясына индерліктер бір емес, бірнеше рет барып тағзым етіп, ерекше қасиетті іс тындырып жүр.
Көптеген жерлестеріміз бірнеше жауынгерлік орден, медальдарын кеуделеріне тағынып, ортамызда жүргенін ұмыта қойғанымыз жоқ.Сонымен бірге ұрыс даласына бір емес, бірнеше азаматын аттандырып, олардың бірде бірі кейін оралмағанын да есту, сезіну әр уақыт қиын. Арада өткен жылдар жазылмас жараны жазады деп жатамыз, бірақ соғыстың салған жан жарасының тереңдей түсіп, өзегіңді өртеп, өкініштің өксік қысқан сәттерін ештеңе алмастыра алмайды. Мәмбеттегі Ғабдуллиндер, Есболдағы Вьюрковтар отбасынан-4, Ынтымақтағы Қазбеновтар, Елтайдағы Досановтар отбасынан 3 адамнан туған жерге оралмай қалды. Өткен соғыстың салған осындай жазылмайтын жаралары бар.
Бүгін,таңертеңгі сағат 4-те Кеңестер Одағына ешқандай талап қоймастан,соғыс жарияламастан,герман әскерлері біздің елімізге бас салды, біздің шекарамыздың көп жерлеріне шабуыл жасады. (Радиодан берген үкімет хабары, 1941 жылға 22 маусым). 1939-1945 жылдар аралығында жер шарында соғыс өртті лаулап тұрды. Европаның тең жартысынан көбін қанды табанына басып, әбден есіріктенген, мұздай темір құрсанған неміс-фашист басқыншылары.Кеңес жеріне тұтқиылдан баса-көктеп еніп кетті. Ә дегеннен-ақ көптеген қалалар мен елді мекендерді айуандықпен қиратып,өртеп,мыңдаған Кеңес азаматтарын жазықсыз асып-атты.Майдандағы жағдайдың ауырлығы бүкіл еліміздің иығына зіл батпан салмақ болып түсті. Әскерлердің көбінде 30 пайызында ғана қару болды. Пуллемет, артиллерия атымен жоқты. Жаудың авиациясы да бізден 3 есе артық болатын. Әйтседе халықтарымыздың мызғымас достығы осы тұста көрініп, анталап келген жауға айбындылықпен қарсы тұрды. Осы жылдары біздің ауданнан майданға аттанған 3654 адамнан соғыста қаза болғаны 1890, госпитальда қайтыс болғаны 94, тұтқында өлген 3, хабарсыз кеткендері 454 барлығы 2441-і сол қырғыннан оралмады.Елге келгені 1213 жауынгер екен. (Бұл есепті аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Мақсым Елеуов жинақтаған.) «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» дегендей, Есбол топырағынан осы соғыста 3 Кеңес Одағынын Батыры шықты. Нарын құмының «Қаңбақты » деген жерінде туып, Орел облысындағы Покров ауданы Лески КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1943 жылғы 20-қыркүйектегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Матросовтың ерлігін одан 17 күн бұрын жасаған Боран есімінде бүгінде Көктоғайда мектеп бар, мұражай ашылған. Сталининградты қорғауда, Орел-Курск доғасында өшпес ерлік көрсеткен Аққалалық Иван Николаевич Березинге 1945 жылы 24-наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Гребенщиктік Гаврил Петрович Шамин жауынгерлік Даңқ орденінің иегері. Ол 1945 жылғы 24 маусымда Мәскеуде өткен Жеңіс парадына қатысқан бірден-бір жерлесіміз – Жауынгерлік «Даңқ» ордені, тағы басқа бірнеше орден иегелері М.Нұрсұлтанов, Т.П.Зубакин, Б.Қабиев, А.Сәрсенов, Ө.Қажығалиев, Қ.Есқалиев, Н.Сапаров, Ә.Қалиев, Е.Қабышев және тағы басқаларын жерлестері мақтан тұтады. «Қызыл Жұлдыз», екі бірдей Отан соғысы орденінің кеудесіне тағып оралған Ізтелеу Көпбаев бейбіт өмірде де бірнеше орденнің иесі атанған жан. Рейхстагқа қолтаңбасын қалдырған

Қалам Есқалиев, Қапаш Жұбашев, Рсалы Әймешов т.б. атауға болады.Қалам ағамыз финдермен шайқаста «Ерлігі үшін » медалімен, немістермен соғыста «Қызыл Жұлдыз» ордені «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен наградталған. Франция, Бельгия жерінде жүріп, қарсыласу қозғалысына қатысқан Сейілхан Ғабдуллин ағамыздың есімі де жерлестеріне жақсы таныс. Майдангерлер Қ.Шүйіншқалиев, Ш.Иманғазиев, Қ.Төремуратов, Қапаш, Мұхтар Жұбашевтар, І.Бекмағанбетов, Рахметжан, Бағытжан Шахметовтер, С.Қыдырғожин, Н.Молдашев, І.Ізғалиев, Ғ. Шаріпов, А.Мамаев, Р.Жұбаншқалиев, Ғ.Каукенов, Ү.Тасқарин, М.Шаріпов, И.Қаражанов, А.Исаев, Майданда қосылған М.Оспанов пен З.Ахметова А.Ерубаев, Қ.Қашқынов, С.Досанов, Қ.Қалбағаев, Қ.Есбосынов, Қ.Әбуов, О.Мұстафин, О.Кенесариев, Б.Сапағұлов, Қ.Ғабдуллин, Қ.Өмірәлиев, Т.Жалғасбаев, Ш.Әбілов, Б.Баетов, Д.Ізбасқанов, А.Боранбаев, Қ.Дүйсекенов, Т.Қалимов, С.Жұмағалиев, Ә.Жалбыров, Қ.Хасанов, Қ.Серікбаев, С.Сапаров, Н.Адиров, С.Әбдиров, Ғ.Оразмұханбетов және басқалары бейбіт өмірде де елеулі еңбектерімен көрінді. Отанын қорғап опат болғандар да ұмытылған жоқ. Олардың есімі мәңгілік сақтаулы үшін әр округте тізімдері жазылған ескерткіш орнатылып, жанында мәдени шаралар өткізіледі. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірден-бір үлкен шайқас болмады. Ұлы жеңіске қомақты үлес қосқан Индер ауданының азаматтары болды.

Ендігі кезекте майдангерлер туралы жазбақпыз.





 Боран Нысанбаев- (1918, Атырау облысы,Индер ауданы,Қаңбақты ауылы - 6.2.1943, Ресей, Орел облысы,Лески деревнясы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометшілер расчетінің командирі. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 137-атқыштар дивизиясының 771-полкі минометшілер расчетінің командирі болды. 1943 жылы Ресейдің Орел облысы,Лески деревнясы жанындағы ұрыс кезінде жау дзотын кеудесімен жауып, өзі ерлікпен қазатапты. Осы ерлігі үшін Нысанбаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (23.9.1943). Орел облысы,Покров ауданы,Дросково деревнясында жерленген. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды. Нысанбаев қаза болған жерге ескерткіш қойылды және Дросково орта мектебіне есімі беріліп, бюст орнатылды. Туған ауылындағы мектеп, бір көше Нысанбаев есімімен аталады. Оның ерлігі «Это был в Лески» деп аталатын пьесаға арқау болып, батырды еске алуға арналған волейбол турнирі жыл сайын өткізіліп тұрады. (3,166)

Гавриил Шамин (1923, Гребенщик-1995)- Ұлы Отан соғысының ардагері. «Данқ» орденінің толық иегері. 1941 ж. Индер борат кенішінде жұмыс жасай жүріп Есбол әскери комиссариаты арқылы майданға алынған.1945 жылы 24 маусымда Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруіне қатысушы. «Индербор кентінің Құрметті азаматы». (4,199 )

Иван Николаевич Березин- Кеңес одағының батыры. Ұлы Отан соғысына ауданнан аттанып, Белоруссияны, Литваны жаудан азат етуде ерлігімен көзге түскен.

Иван Феодорович Махорин- (1916 жылы Аққала)- Кеңес одағының батыры (1944). 6-гвардиялық Қызыл тулы атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан. 1943 ж. 22 қыркүйекте Днепрден алғашқылардың бірі болып өткен. Кейінгі әскерлердің өзеннен өтуіне қолайлы жағдай жасаған. Батыр атағын сол үшін алған.

Шахметов Рахметжан -1921 жылы 16 қазанда Өрлік селолық округіне қарастыжерде кедей шаруаның отбасында туған. 1937-1940 жылдары Кулагино селосындағы Жамбыл атындағы орта мектепте оқып, орта білім алып шықты. 1940 жылдың күзінде әскер қатарына алынып, 1941 жылдың тамызына дейін Монғолияда тұрған кеңес әскерлерінің құрамында 82-мотоатқыштар дивизиясының 210-мотоатқыштар полкінде қатардағы жауынгер болды. Содан Монғолияның Тамцаг-булак қаласында тұрған 57-қызыл тулы мотоатқыштар дивизиясының 293-мотоатқыштар полкінде взвод командирі болып, 1943 жылдың маусымына дейін істеді. 1944 жылдың 17 наурызында барлаушылар взводының командирі болып жүріп, ауыр жарақат алып, Ленинград қаласындағы 268 госпитальге түсті. Мұнда 1944 жылдың мамырының аяғына дейін емделіп, жазылып шыққан соң, Ленинград майданының Карель мойнағында неміс-фин әскерлеріне қарсы соғысып жатқан 160 дивизиясының 268 полкіндеболып взвод командирі артынан рота командирі лауазымында 27.06.1944 жылы екінші рет ауыр жаралы болып, Ленинградтың госпиталінде жатып емделді. 1945 жылдың күзінде елге оралып, 1950 жылға дейін Өрлік орта мектебінде тарих-география пәнінің, 1950–1953 жылдары Горы орта мектебінде жоғарыдағы пәндердің мұғалімі болып жұмыс жаксады. 1953–1960 жылдары әртүрлі салада қызметтер атқарды. 1960 жылы сырттай оқып, Оралдың А.С.Пушкин атындағы институтының тарих факультетін бітіріп шықты.

Орден-медалдары:

1. Орден «Отечественный войны І степени»

2. Медаль «За боевые заслуги»

3. Медаль «За победу над Германией»

4. Юбилейный медаль вознаменование 100-летия со дня рождения В.И.Ленина

5. Медаль «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941–1945 гг»

6. Знак«Двадцать пять лет победы»

7. Медаль «Пятьдесят лет победы»

8. Медаль «Пятьдесят лет вооруженных Сил СССР»

9. Медаль «60 лет Вооруженных Сил СССР»

10. Медаль «Маршала Советского Союза Жукова»

11. Медаль «Ветеран труда»

12. Медаль «10 лет Астаны»


Жалбыров Әбіш- 1925 жылы Есбол ауданы, «Алғабас» колхозы 1 ауылда туған. Әкеден 3 жаста, шешеден 7 жаста қалып, ағасының тәрбиесінде болды. 1943 жылы 18 маусымда әскер қатарына алынды. Орынбор облысының Троицк 14 Арт полкінде 6 ай оқып үйреніп, Орел қаласын жаудан азат етуге қатынасқан. 1943 жылы қарашаның26 күні Житамир қаласының маңынан соғысқа түсті. Житамирді жаудан азат етуге қатысты.Чернобыль Чернышов бағытында майданда болды. Дубно маңында жарылыста жараланып, Киевте госпитальде жатты.Содан кейін 296 лек полктің құрамына кіріп, Карпат тауы маңында соғысқа кірді. Чехия границасы маңында Сандамирпиацдари участогі маңында жараланып, қайта соғысқа түскен жоқ. 1947 жылға дейін Польшаға Рабочий батальонында, соңынан трофейный полкте қарауыл бастығы қызметін атқарды. 1947 жылы қараша айында Совет үкіметі шекарасына келді. Содан кейін Куйбышевта аэродром строительный полкінде кіші командирлер даярлайтын бөлімде оқып, взвод командирінің қызметін атқарды. Отан соғысына қатысқаны үшін «Қызыл жұлдыз» т.б. бірнеше жауынгерлік орден-медальдарға ие болды. 1950 жылы бас қолбасшының бұйрығымен Совет Армиясы қатарынан босатылып, елге оралды. Елге келіп, Индерде Рудникте жүргізуші болып жұмыс жасады. 1957-57 жылдары аудандық НПК комитетінде қызмет етті. Ж.Өтеғалиев кезінде 1959-1991 жылға дейін аудандық тұтынушылар қоғамында автолавка меңгерушісі болып қызмет атқарды. Кейінірек құрылыс складында істеді. Одан кейін механик болды. Соғыста бірнеше орден-медальдар иеленсе, еңбекте де сондай алдыңғы қатарда болғанын алған алғыс хаттары мен грамоталар дәлелдейді. Отан соғысының ІІ топтағы мүгедегі, Отан соғысы, Еңбек ардагері болып 1985 жылы еңбек демалысына шықты, содан кейін де 1991 жылға дейін еңбек етті. Зайыбы Тайба екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірген. Олардың барлығы да өмірден өз орындарын тапқан бір-бір мамандық иелері. 10 баладан 34 немере-шөбере көріп отыр.


Баетов Байғазы- біз 132-ші атқыштар полкінің 8-ші ротасының 12 бөлімшесінде болдық. 1942 жылдың қара суық қараша айы болатын. Полк командирінің бұйрығы бойынша шабуылға шықтық. Қарсы алдымыздан оқ қардай борап, біраз адамымыз жараланып қалды да «жатыңдар» деген бұйрық берілді. Бақсақ алдымызда бір топ неміс әскерлері жатыр екен.

- жолдарыңдағы жалғыз теректе неміс офицері отыр. Соны мергендерің атып түсіретін болсын, - деген бұйрық берілді арттан. Бөлімше командирі оны маған тапсырды. Мен бес оқты винтовкамды алып, әлгі теректі көздегенімде офицер тіпті алдыма жақындады. Біздің жақты биноклімен сүзіп отыр екен. Қалың шөп ішінде жатқан бізді көрмей жоғары жағымызды қарайды. Жақсылап көздедім де атып жібергенімде, шалқалай барып жерге топ ете түсті. Біз шабуылға шықтық. Бағана алдымызда оқ жаудырғандар командирі мұрттай ұшқаннан соң үріккен қойдай қашаи жөнелісті. Бөлім командирі бұл жетістігіме алғыс жариялап, арқамнан қақты.Полк командирі «Ерлігі үшін» медаліне ұсынып, кейін оны тақты. Сталининград қаласының батыс жағында болған елеулі табысым еді. Кейін біздің полк Украинаға қарай жылжып, Харьков қаласына жетті. Мұнда да неміс әскерлері оңайлықпен берілмеді. Шығын екі жақтан да аз болмады. Бізге жаңа күштер қосылып, толықтырылды. Ақыры немістер қаланы тастап, қашуға мәжбүр болды. Біз 12 адамнан 4 адам аман қалған едік. Бір үйге келгенбіз. Ол үйдің есігінің алдында еңгезердей неміс өліп жатты. Қара жамылған кемпір «бұлардың жасамағаны жоқ қой»,-деп жылайды. Жуынып жол қоржындарымыздан тамақтарымызды шығарып үстелге қойдық. Осы кезде әлгі кемпір дегеніміз жас келіншек болып киініп ортамызға оралды. Бәрімізде де жас кезіміз ғой, сүп – сүйуімді келіншекке қарап ауызымызды ашып қалдық. – Кемпір болып түрімді өзгертпеске болмады, - дейді жас келіншек көзіне жас алып, - неміс иттердің жасамағаны жоқ, атты, бейбіт тұрғындардың үстіне бензин шашып тірілей өртеді, дүниелерін тонады. Мұндай жауыздықты кім көрген. Киініп үлгермеген қызымды алып кетті. Мен кемпір болып, бүкшеңдеп, жыбырлап басып әзер аман қалдым. Ал 15 – інде бір гүлің ашпаған қызымның күні не болмақшы. Барлығы итше талап, қорлап – зорлап өлтіреді – ау деп көкірегі қарс айрылып отыр, қаладан шыққан немістерді бөлімшеміздің тағы бір бөлек тобы қуып кеткенін айтып, осы түнде оларды құтқарып, алып келеді, - деп әзер жұбаттық. Айтса айтқандай, түннің ортасында қызы аман - есен келіп, анасымен құшақтасып табысты. Айта берсек соғыс тарихынан әңгіме көп қой. Белорустың астанасы Минскіні алдық.

Одан әрі асқан соң, келіп түкен бомбаның жарқыншағынан қол - аяқтан бастан қатты жараланып, ес-түссіз госпитальға түстім де, әбден жазылған соң, 1944 жылдың аяғанда елге келдім. «От ішінде мақтаны сақтайды» дегендей шинеліміз шұрық тесік, етегі жырым – жырым болып елге аман келгеніме қуаныштымын. Үйлендік, бала сүйдік, келін түсіріп немерелі болдық. Мен қазір ІІ - ші топтағы Ұлы Отан соғысының мүгедегімін. Үкімет майдангерлік еңбегімізді бағалап, теп – тегін 4-ші рет машина мінгізді.

2014 жылы 100 жасқа толғанын тойлап, ауылдастары мен жақын - жуық балаларының ортасында отырды.


Шалмұқан Абилов-Тарихымызда теңдесі жоқ Ленинград шайқасының 900 қаһармандық күн мен түнге созылғаны белгілі. Сондықтан Ленинград майдана қатысып, қан кешкендер сапында болғандарды-ерекше құрметпен атау лазым. Әбілов Шалмұқан сол Ленинград қоршауын жоюға қатысқандардың бірі. 485 күнін майдан шебін бұзып өтуге әзірлік пен шайқасқа, тікелей қатысуға жұмсаған. Енді Шәкеңнің өзіне сөз берейік. - Мен дейді ол, соғысқа 1941 жылдың желтоқсан айында шақырылдым. Бугуруслан қаласына барған соң, бізді әскери тәртіпке үйретті. Таңның атысы, күннің батысына дейін граната лақтыру, мешін ату, ордан, биіктіктен секіруне керек бәріне жаттықтық. Сонан кейін Ленинградтан әрі 60 шақырым жерге алып барып, жер қаздырып траншея жасаттырды. Ағаш кесіп, блиндаж жасадық. Мұның бәрі алдағы болатын ауыр шайқастың әзірлігі еді. Бұл Ленинград қаласының отқа оранып жатқан кезі болатын. Командирлеріміздің айтуы бойынша гитлершілдер бар күшті осы қала маңына аямай төгіп, қоршауға алуды жоспарлапты.

Сол бір шақта қасымызда елден Шошақов Әнес,

Қарақұлов Рахмет, Шығанақов Бләл, Қалиев Ержан, Дүйшім,

Абахан деген жігіттер бар болатын. Әнес мені қобалжи түртіп: - «Бізге елдің наны бұйырар ма екен? Нақ жаудың аузына келдік - ау» - дейді.

Мен: - «Жауға кірерде ондай сөзді айтпас болар.Әуелі жауды құртайық. Олардан айламызды асырайық» - деймін оны жігерлендіріп. - Командиріміздің айтуы бойынша сымды қиып, бұйрықты күтіп жатырмыз. Айналаны қараңғылық тұмшылап, тек қана түн жәндіктерінің шырылы ғана естіледі. – Отан үшін алға! – деп дауыстады командиріміз. Бәріміз уралап алға жүгірдік. Сол сәтте ракеталар жан-жақттан атылып, күндізгідей жарық болып кетті. Жарықтан сескеніп, жата қалуға болмайтын еді. Жаңа ғана ұйқыға берілген жауымыз да алақтаған, абыржығанын пайдаланып, біразын оқпен жусатып салдық. Оларда тірі жанғой, естерін жиып жата қалды да атысты. Біләлға, онан кейін Әнеске оқ тиіп құлап түсті. Менің де жан – жағымнан ажал оғы сонаша ызың қағады. Ал жарақаттанғандарға қарайтын уақыт жоқ, уақыт бөлсең өзің де жазым боласың. Оқ тиген біраз адамымыз домаланып қалды. Бәрін де көрдік, ішіңде намыс оты қайнайды. Олар да көп, қырып тауса алмайсың. Атыстан гөрі бір – бірімізбен араласып, найзаласуға, мылтықтың құндығымен ұруға кірістік. Бір кезде қолымнан оқ тиді де винтовкам ұшып кетті.Атыс әрі ұзағаннан кейін жарақаттанғандарды санитарлық бөлімге алып келіп, одан әрі Ленинградқа жеткізді. Кейін білсем госпитальға біздің бөлімшеден 26 адам келіпті. Командиріміз Стоков та жарақаттаныпты. Ал Біләл мен Әнес жоқ болып шықты.

Жиырма күннен кейін жарақатым жазылып, тағы да ұрысқа қатыстым. Бұл неміс - фашистерінің Ленинградты қоршауға алған кезі болатын. Артиллерия мен әуеден жасақталған шабуыл жердің астан - кестенің шығарып жатты. Түтін бұлтының исімен бірге, өлексенің иісі келеді. Бұл жолы да жау шебін бұзып өту үшін ілгері ұмтылдық. Екі жақтан шығын аз болған жоқ. Мен басымнан жеңіл жарақаттанып, оны таңдырдым да сол бойда ұрысқа шықтым. Бір кезде 3 сөмкімдегі 45 оқ бітіп қалыпты. Қарманғанда тапқаным жалғыз граната, соны қолайлы жерде жұмсау үшін жан ұшырып келемін. Алдымдағы бір топ неміске гранатамды лақтырып үлгергенім сол еді, бас құйқам дыз етті де басым айналып, құлап түстім. Лақтырған гранатамда жарылып, гүрс етті. Одан әрі есімнен айырылып қалыппын... - Бұл жолы Архангельск госпитальінен бір шықтым. Мұнда 1943 жылдың 1 мамыр мерекесі атап өтілді. Мерекеге Ленинград майданынан келген өкіл қатынасып, сөз сөйледі. Қаһарман Ленинград қаласының азат етілгендігімен құттықтады.

Оны қорғауға қатынасқандарды орден, медальдарға ұсынғандықтарын хабарлады.

Рсалы Әймешов- Мен соғыс басталған жылы 16 жаста болатынмын. «Соғыс» деген суық хабардан кейін-ақ елдегі азаматтар жаппай майданға аттана бастады. Солардың бірі болып, ағам Ізекен де жүріп кетті. Ел басына ауыр күндер туды. Менің бойымда жауға деген кек буып, ауылда тынып жүре алмадым. Жыл өтпей-ақ Есбол аудандық әскери комиссарға барып, майданға сұрандым. Тілек қанағаттандырылды. Сөйтіп, бір топ жас Москваға таяу жердегі Кунцево селосында алты айлық артиллеристер курсынан өттік. Ішімізде сауатты тәуір, біліті жігіттер де баршылық. Олар гитлершілдердің «1941 жылы 7 қарашада Қызыл алаңда парад өткіземіз» деген жоспарының күл-талқан болғаны туралы, Москваны қорғауда ерекше ерлік істерімен танылған генерал И.В.Панфилов және панфиловшылар ерлігі туралы әңгімелегенде демімізді шығармастан тыңдаушы едік. Кірпік қақпастан жатып, Ұлы Отан үшін, артымызда көз жасын төгіп қалған туысқандарымыз үшін ерлікпен шайқасуға ішімізден ант беріп, таң атқызатынбыз.Сөйтіп, 1943 жылдың қыркүйек айында «қатардағы атқыш» деген куәлігімді алып, 1-ші Белорус майданына қарасты артиллерия полкының, 3-ші батериясының зениттік ракетасына келіп, жетінің бірі болдым.

Зенитіміз 37 миллиметрлік, біраз жерге дейін атады. Өзіміз әр ұлттан құралғанбыз. Қай жерге орналассақ та өзімізге оқпана қазып, бір кісінің баласындай қимылдаймыз.

Енді бір сәтте 1-ші Белорус майданының қолбасшысы, жоғарғы Бас қолбасшының орынбасары, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков сөйлеп тұрды. Біз қашықтау тұрғанбыз. Сөзін ести алмадық. Ал естігендердің айтуы бойынша Берлинге басып кіргендердің бәрі қас батырлар. Оларды наградтау керек - депті. Сөйтіп бәріміз «Берлинді алғаны үшін » медальымен марапатталдық.

Берлиннің өзінде үш жыл тыныштық күзетінде болдық. - Сөйтіп, Берлинге де барғанбыз.


Оразмұханбетов Құбайдолла -1924 жылы 9 мамырда Толыбай ауылдық кеңесіне қарасты «Қасқыр түскен» деген жерде дүниеге келген.1940-1941 оқу жылында Новогатауданының Айбас ауылдық кеңесіне қарасты «Карл-Маркс» орта мектебінде7-сынып бітіріп шықты.

1941 жылы маусым айында Ұлы Отан соғысы басталуына байланысты шілде айынан бастап, колхозда сиыр бақташысының көмекшісі болып еңбек еткен.

1942 жылдың 12 тамызында Отан қорғау үшін Қызыл Армия қатарына алынды.

1942 жылы желтоқсан айына дейін УФА қаласында мергендер

училищесінде оқу-жаттығу мерзімінен өтті. 1942 жылдың желтоқсан айынан бастап 31-ші жеке ұйымдастырылып жатқан шаңғышылар бригадасында оқу-жаттығу даярлығынан өтіп, 1943 жылы ақпан айының екінші жартысында Калинин майданының ВеликиеЛуки маңындағы теміржол стансасын жаудан тартып алу үшін қиян-кескі ұрыста бірінші рет наурыз айының 7-сі күні жаралы болып, мамыр айының 10-ына дейін госпитальда жатып, сауығып шықты. Тағы автоматшы, зеңбірекші ретінде қайта ұрысқа кірісті. 1943 жылдың шілде, тамыз шайқасына қатысып, тамыз айының 18-і күні жараланды. 1944 жылдың 14-ші наурызына дейін госпитальда болды. 1944 жылдың сәуір айынан бастап, 15 шілдеге дейін 2-Украина майданының қарауында Ясов түбіндегі соғысқа қатысып, автоматшы болды, осы жерде жаралы болып, госпитальда жатып, сауығып шықты. 1945 жылдың қаңтар айынан бастап станокты пулеметінің атушысы болып, 2-Прибалтика майданына қатысты. Қаңтар айының 25-і күні контузия алып, наурыздың 4-іне дейін госпитальда жатып, сауығып шықты. Осы күндерден бастап Курляндия түбегінде қалған неміс фашистерінің 16 армиясын талқандауға қатысты.

1945 жылдың қазан айында соғыста көп жарақат алғандықтан соғыстан босатты.

1945 жылдың қараша айында елге оралған.

Медальдар тізімі:

  1. За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941–1945 г

30 декабрь 1946 г

2. За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941–1945 г 19 апрель 1946 г

3. «За боевые заслуги», «За трудовую добласть», «За трудовое отличие»27 февраль 1946 г

3. «За доблестной труд в ознаменование 100-летия С дня рождения В.И.Ленина» 30 март 1970 г

4. «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне» 1941-1945 гг.


Жұқиев Аманқұл -1924 жылы 15 қыркүйекте Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген.1931 жылы отбасы Есбол ауданына көшіп келген уақытта 1-сыныпқа Жамбыл орта мектебіне келген. 1941 жылы Жамбыл орта мектебін«Ерекше» аттестатпен аяқтаған. Ұлы Отан соғысы басталып кетуіне байланысты жоғарғы оқу орнына түсе алмады. 1941 жылдың шілде айында Есбол аудандық білім бөлімінің жіберуімен Гурьевте математика, физика және дене шынықтыру пәнінің мұғалімін даярлық курсынан өтеді.

1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 1946 жылдың наурыз айына дейін курсант, сержант, бөлім командирі болып қызмет атқарады. Соғыс аяқталғаннан кейін 1946 жылдан бастап 8,9-сыныптар Қызылжар орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1946–1952 жылдары физика және математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1957 жылы тамыз айынан бастап Есбол аудандық білім бөлімінде мектеп инспекторы болып қызмет ете бастады.

Жұмағалиев Серікқали -1925 жылы 28 ақпанда бұрынғы «Есбол»ауданының «Қызылжар» ауылында дүниеге келген. 1932 жылы сол ауылдағы мектепке барып, 1940-1941 оқу жылында 8-сынып бітіргеннен кейін әрі қарай оқуды жалғастыра алмай, сол ауылдағы «Бірлік-күш» колхозында жылқы бақташысының көмекшісі болған.Содан 1942 жылы шілде айында ірі-қара фермасында есепші болып жүріп, 1943 жылы 7 ақпанда армия қатарына алынған. Сол жылдың шілде айына дейін дайындықтан өтіп, соғысқа аттанды. 15 шілдеде 1-Украина майданының 5 армиясының 50-ші дивизиясында 274-ші полкте қатардағы жауынгер болып, соғысқа түсті. Содан 28 тамызда жараланып, «Мичурин» қаласындағы госпитальде емделіп жазылғаннан кейін, 6 қазанда госпитальден шығып, «Житомир» қаласындағы 230-шы запастағы полктің командирінің орынбасарының байланысшысы болды. Содан кейін 1945 жылы 16 сәуірде Польшаның «НЕЭС» өзенінен өтерде, қайта соғысқа түсті. 2 мамыр 1945 жылы Берлинді алғаннан кейін Чехославакияның орталығы Прага қаласына 15 мамырда барған. Шілде айында Совет Одағының жеріне оралмақ болып, 1 тамызда «Львов» қаласына келеді. Сонда желтоқсан айына дейін тұрып, елге оралды. Әскерде болған кезінде «Жеңіс»медалі, «Берлинді алу»медалі, «Прага қаласын азат ету» медалімен марапатталды. Елге келгеннен кейін 1946 жылы аудандық есеп санақ мекемесіне жұмысқа орналасып, 1963 жылдың ақпанына дейін жасап, кейін «Правда» совхозына жұмысқа ауысты. Осы мекемеде әр түрлі жұмыс жасап, 1985 жылы зейнеткерлікке шықты. Мекемеде жұмыс жасап жүрген кезде соғыстың 25 жылдығы, 30 жылдығы, 40 жылдығы медальдарымен және Отан соғысы 1-дәрежелі орденімен, Жуковтың медалімен марапатталған.

Төлеков Муса -1926 жылы Гурьев облысы, Есбол ауданы, Тума ауыл советінде дүниеге келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған. 1945 жылдың 29 сәуірінде басынан, аяғынан ауыр жараланып, Россияның Туменская облысында госпитальге түседі. 1945 жылы Ұлы Отан соғысының ІІ топтағы мүгедегі болып оралады. Елге оралған соң 1954 жылы РысқалиеваАқсұлумен некеге отырады. Өмірге сегіз ұл-қыз әкеліп, тәрбиелеп өсірді.Мүгедектігіне қарамастан еңбекке араласып ПМК-61-де, МТС-та (казсельхозтехникада) ұста болып өмірінің соңына дейін жұмыс жасады.

Көптеген мерекелік медаль, құрмет грамоталарымен марапатталды. 1970 жылы «За доблестный труд» медалімен, 1976 жылы «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941–1945 гг» медалімен, 1979 жылы «60 лет Вооруженных Сил СССР» медальдарымен наградталды. 1979 жылы 30 мамырда дүниеден өтті.

Жұбанышқалиев Рахметқали -1922 жылы Атырау облысы, Индер ауданы Елтайселосының Құлантөбе деген жерінде кедей шаруа отбасында дүниеге келдім. 1940 жылы Елтай орта мектебін бітіріп аттестат алып шыққаннан кейін сол мектепте пионер вожатый болып үш айдай жұмыс жасап, 1940 жылы қазан айында Есбол аудандық әскери комиссариаты арқылы Совет Армиясы қатарына шақырылды. 1941жылы маусым айының 20-сы күні, яғни соғыс басталмастан бұрын 2 күн бұрын кіші командирлер даярлайтын мектепке кетіп бара жатқан кезде, кешке поезд күтіп отырған уақытта 22-сі таңда соғыстың басталғандығы туралы хабар алады. Чита қаласына жетіп, оқып, 1942 жылы қаңтар айында курсты бітіргеннен кейін, сержант атағын алып, 541 авиаполкте старшина писары болып жұмыс жасады. 1943 жылдан 1945 жылы тамыз айына дейін Маньчжурия шекарасының күзетінде тұрды. 1945 жылдың тамыз айының 8-інен 9-ына қараған түнде үш өзенді кесіп өтіп, Хайлар қаласына шабуылға қатысады. Қытайдың Чань-Шунь деген қаласына дейін соғысуға тура келеді. Жапон армиясына соққы бере отырып, Маньчжурияны азат етуге қатынасады. 1947 жылдың ақпан айында Совет Армиясы қатарынан елге оралды. 1950 жылы Елтай орта мектебінде оқытушы жұмысын атқарды. 1953 жылы қыркүйек айында Алматыдағы жоғарғы партия мектебіне тыңдаушы болып қабылданып, оны 1958 жылы бітірді. 1960 жылы Бүкіл Одақтық саяси-ғылыми білімдер тарату қоғамының мақтау грамотасына ие болып, ІІІ съезіне облыстан делегат болып қатынасты. 1961 жылы Республикалық Құрмет кітабына есімі енді. «Правда» совхозының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып жұмыс жасаған кезінде совхоздың Еңбек даңқы бөлмесін ұйымдастырды. Жасының үлкейгеніне қарамастан 2003 жылдың қазан айына дейін Кулагино селолық округінің ардагерлер алқасының төрағасы болып ақысыз еңбек етті. Индер ауданының құрметті азаматы, запастағы подполковник атағының иегері атанған. 2014 жылы дүниеден озды.

Сәрсенов Аққали Сәрсенұлы - 1923 жылы Кулагино селосында дүниеге келген. Әкесі Түрікпенов Сәрсен Ұлы Қазан революциясына дейін байлардың жалшылығында болған,Қазан революциясынан кейін колхоз құрылысында жұмысшы болған. Өзі 1963 жылы Кулагино селосындағы 11 жылдық мектепті аяқтағаннан кейін,1938-39 жылдары Орал қаласындағы алты айлық курсты бітіріп, Тайпақ ауданының Калмыков селосында обаға қарсы күрес мекемесінде техник болып істеп жүрген жерінен 1942 жылы өзі сұранып әскерге аттанады. Офицерлер дайындайтын алты айлық курста бір жетідей курста оқыған соң майданға кіруге арыз жазып, Воронеж қаласындағы соғысқа кіріседі. Қаланың көшелерінде жүріп жатқан уақытқа тап келеді. Қала сыртындағы ұрыста оң қолынан жарақаттанып, Пенза қаласындағы әскери госпитальде бір ай емделеді. Жарақаты жазылған соң, 800 шақырымдай жаяу жүріп, Сталинград қаласына келеді. Сталинград майданының 852 атқыштар полкінде өз мамандығы бойынша ұрысты жалғастырады. 1942 жылдың 27 желтоқсанында кезегі бойынша термоспен жауынгерлерге тамақ арқалап келе жатқанда жау самолетінің бомбасының жарқыншағы қолының шынтағының тұсын быт-шыт қылып паршалап кетеді. Сол жерден Энгельс қаласындағы госпитальге жеткізіп, сонда төрт ай жарым емделген соң, ауылға қайтарады.

Ауылға келген соң әр түрлі партия, кеңес, шаруашылық салаларында басшы, орта буын жұмыстар атқарады. 1987 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Наградалары: ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, одан басқа алты медальдың иегері.

Ізғалиев Ізтелеу- Гурьев облысы, Индер 1917 жылы 24 сәуірде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.1938 жылы Гурьев педагогикалық училищесін бітіріп, жеті жылдық мектепте мұғалім қызметін атқарған. Мұғалім қызметін атқарып жүріп әскер қатарына шақыртылып, 1940 жылы Отан алдындағы борышын өтеп елге оралады.

1940-1941 жылдары Есбол халықтық білім беру бөлімінде, 1941-1945 ж. Совет Армиясының офицерлік шенінде қызмет атқарса, 1945-1946 ж. Шевченко аудандық ІІ әскери бөлімінде, 1949-1953 ж. Есбол аудандық әскери бөлімінде, Райком (КПК) да, 1955 ж. Есбол аудандық тұтынушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары қызметін, Жамбыл орта мектебі директоры қызметтерін, 1960 ж. кадрлар бөлімі инструкторы, 1963 ж. Есбол аудандық тұтынушылар одағының кадрлар бөлімінің инструкторы, есепші қызметтерін атқарған. 1943 ж. КПСС мүшесі болған. Ұлы Отан соғысына қатынасқан І дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, Қызыл Ту ордені, көптеген медальдармен марапатталған.

Үбішов Борангали- 1916 жылы Атырау облысы, Өрлік селосында туған. 1927 жылы Кулагино бастауыш мектебін бітіре салысымен Гурьевтегі Фзу-ды бітіріп, еңбек жолын Есбол аудандық атқару комитетінде іс жүргізушіліктен бастаған.1937-1940 жылдар аралығында Тынық мұхиты флотының қызылфлотшысы, одан кейін бейбіт еңбекте Есбол парткомында есепші және техникалық хатшы жұмыстарында жасап, іскерлігімен, алғырлығымен танылған.

Ұлы Отан соғысы басталысымен соғысқа аттанып, Қызыл Тулы Каспий флотилиясында қызылфлотшы болады. Бұл флотилияда одан басқа ауылдастары Шаукен Мұсағалиев, Құрсан Жұмағазиевтер де еңбек етіпті.

А. Гриченко деген автордың «Это было на Каспии» деген «Жалын» баспасынан 1976 жылы шыққан кітабында Үбішев Борангали туралы былай жазылыпты: «Рейдте тұрған жанар-жағармай тасыған баржаларға жаудың тоғыз ұшағы шүйлікті. Бір бомба қашығырақ тұрған жанармай толы баржаға түсті. Экипажын өрттен құтқаруға асыққан Борангали кішкентай қайықпен жүруге асықты.Толқын жетіп барған қайықты қайта-қайта кері ысырады. Сәл кешіксе, экипаж жарылып,апат болары сөзсіз.Баржаға үш рет барып, толқын кері лақтырсада, жасынан шыныққан, шымыр жігіт ақыры баржаға жетті». Осы үзіндіден Борангалидың қаншалықты ержүрек, қайсар жан екені аңғарылды. Борангали 1943 жылдың 3 қарашасында ұрыс даласында,ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келді. (5,66)

Осы ғылыми жұмысты жазудағы мақсатым-Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында ұрысқа қатысқан 1 млн.200 мыңдай қазақстандықтардың қатарында болған өзімнің ауылымның Есболдандан шыққан ардагерлер ерлігін дәріптеу, өз өатарымдағы-жас ұрпақты отан сүйгіштікке шақыру. Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің өшпес ерліктерін дәріптеу.Олардан біз, туған халқына, ақырғы деміне дейін қалтықсыз етуді үйренеміз. Қарттарын қадір тұтқан елдің ұрпағы ретінде, ұлағатты болып ер жетіп, ертеңгі күннің сенімді иесі боламыз деп ант етем !




























Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1.«Атырау энциклопедиясы» Атырау. 2000ж.

2.«Боздақтар» естелік кітабы. Атырау облысы. 1996 жыл.


3.«Индер ауданы шежіре» Атырау 2006 ж.


4.Қ.Жылқышиев «Бес қаруын асынып, бабалар жортып өткен жер» Атырау 2002ж.

5.М. Мұхтарұлы «Даңқты аға» Орал қаласы, 2005 жыл.

6.«Дендер» Атырау 2000 жыл.

7.К. Қаюпов «Аудан тарихы сыр шертеді» Индер газеті

8.С. Көшеков «Ажарлы ауыл алысқа көз тігеді» Индер газеті №24. 2011 жыл

9.Ғ. Ғабдуллина «Отқа оранған балалық шақ» Орал қаласы 2009ж.






Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел История
Подраздел Научные работы
Просмотров208
Номер материала ДВ-570463
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх