Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Статьи / Научная статья "Борьба на поясах"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Научная статья "Борьба на поясах"

библиотека
материалов

Бекентаев Нуржан Кабыкенович

nurzhanbekentaev@mail.ru

Дене шынықтыру сабағында мектеп оқушыларына қазақ күресіндегі «қоян-қолтық» белдесуді үйрету.

Аннотация

Бұл әдістемелік мақалада ұлттық спорт ойындарының бір түрі қазақ күресінің ережесіндегі «қоян-қолтық» күресі туралы жазылған. Осы «қоян-қолтық» күресін оқу сабақ жүйесіне қолданумен қатар оның оқушыларға берер пайдасы қарастырылған. Бұл жұмыстың негізгі мақсат міндеті ұлттық спорт қазақ күресімен мектеп оқушыларын жақын таныстырып білім беру. Қазақ күресін өсіп келе жатқан жас ұрпаққа кеңінен насихаттау. Осы ұлттық спорт түрлерін кеңінен қолданып оқушылардың денсаулығын нығайту. Жас жеткіншектерді дәстүрлі спорт түрімен тәрбиелеп рухани байту болып табылады. Балалардың әдетін жаман дағдылардан сақтау.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша білім беру бағдарламасында ұлттық спорт түрлерін қолдану бағыты бар. Осы бағдарлама негізінде қазақ күресінің ережесін оқытып және «қоян-қолтық» күресінің айла-тәсілдерін оқу үдерісін ұйымдастыруды кезінде пайдалану қарастырылды. Бұл қарастырылған әдістемелік жұмыста мектепте мамық болмасада қазақ күресінен үзінді алып насихаттауға болатынын төменде жазып баяндаймын.

Қазақ халқының ерте заманнан қалыптысып сіңіскен спорт ойындарының бірі қазақ қүресі. Өзге халықтардың күресіне қарағанда, басқаға ұқсамайтын өзіндік айырықшы ерекшеліктері бар. Бұрын қазақ күресі «күш атасын танымайды» деген түсінікпен салмағына, дәрежесіне, жасына қарамай өткізілген. Сондай-ақ, күрестің белгілі бір жүйедегі ережесіде болмаған. Сандықтан күреске түскендердің үлкен кішілігіне қарамаған. Алайда кез келген жарыс ережесіз болмайды. Жалпы қазақ күресінің ережесі бойынша алысқанда балуандар боз кілемде тік тұрып күреседі. Күрес ережесі бойынша балуандарға аяқтан ұстап,тізеге отырып және жатып күресуге тыйм салынған. Бұл дегеніміз адамды шымыр, ерікті, үстем және қарсыласының алдында тізе бүкпейтіндей батырлыққа тәрбиелейді. Ел аузындағы «жатқанды ұрмайды» деген дана сөзін дәләлдеп тұр. Осы нақыл сөз қазақ күресінің таза адал күрес екенін айқындайды. Ендеше осы адал ұлттық спорт түрімен өсіп келе жатқан жас ұрпағымызды неге тәрбиелемеске.

Ұлттық ойындар ұлтқа тән қасиеттерді ғана тәрбиелеп қоймайды, ол білім алушыларды өз ұлтына, өз халқына деген ілтипатқа, оның ғасырлар бойы жасаған рухани, мәдени, тарихи, әдет-ғұрып, салт-санасын, дәстүрін қадірлеуге, оны мақтан тұтып, тілін, дінін, дәстүрін құрметтеуге үйретеді.

Халықтардың ұлттық ойындары алуан түрлі, сан қырлы, мазмұны бай, адам баласының сәбилік шағынан бастап, бүкіл өмірін тұтас қамтуға негізделіп жасалған. Бұл мемлекеттік тәрбие беру мекемелері мен халық жасаған, барлық мәдени іс- әрекеттерді өз бойына жинақтап, халыққа білім және тәрбие беру мәселесін шешудің құралы қызметін атқарады. Өйткені ұлт ойындары балалардың жас ерекшеліктеріне орайластырып жасалған. Баланың сәби шағынан бастап ер жетіп, азамат санатына қосылғанға дейінгі өмірін қамтып қана қоймайды, адамның бүкіл өмір бойғы жан серігіне айналады.

«Қоян-қолтық» күресінің негізгі ережелері

Белдесу кезеңінде әдіс қолдану жүйесі екі жақта да тең жағдайда болады. Белдесу қазақтың көне «қоян-қолтық» күресі. Жеңімпазды анықтауда күрес қосымша 3 (үш) минуттық уақытта аяқталады. Ол үшін қоян-қолтық белбеуден ұстасып күрес жалғастырады. Мына жағдайларда ғана, белдесу тоқтатылып, жеңімпаз анықталады:

1.Күрес үстінде бір балуан белбеуден қолын жіберіп қойса;

2.Тізесі тиіп кетсе;

3.Қарсыластың жасаған әдісіне құлап қалса;

4.Кілем шеңберінен қарсылас шығып кетсе;

5.Берілген уақытты балуандар тең түссе, оларды өлшеп салмағы сәл жеңілдеу балуанға жеңіс беріледі.

Қолдарымен белден қоян-қолтық ұстасу белдесудің негізгі шарты болып саналады. Белбеуден бірінші алып ұстайтын қызыл түсті белбеудегі болады.

Алайда мектепте бұл сайысқа қолайлы мамықтар бола қоймайды. Мамықты қажет етпей осы күресті ұйымдастыру жолын мынадай әдіспен өткізуге болады. Бұл әдіс мұғалімге ешқандай қиындық туғызбайды. «Қоян-қолтық» күресін өткізуге мынадай жағдайлар болса жетіп жатыр. Біріншіден спортзалда спорттық ойындарға арналып сызылған ортадағы шеңбер. Екіншіден қызыл және көк түсті екі белбеу.

Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерімен мамықтың жоқтығына орай «қоян-қолтық» күресіннің ережесін шамалы жұмсартып мынадай тәсілдермен ережені жеңілдету керек.

«Қоян-қолтық» күресінің негізгі ережелерінің жеңілдетілген түрі


Белдесу кезеңінде әдіс қолдану жүйесі екі жақта да тең жағдайда болады. Жеңімпазды анықтауда күрес 1-2 минуттық уақытта аяқталады. Ол үшін қоян-қолтық белбеуден ұстасып күрес жалғастырады. Мына жағдайда белдесу тоқтатылып, жеңімпаз анықталады:

1.Күрес үстінде бір балуан белбеуден қолын жіберіп қойса;

2.Тізесі тиіп кетсе;

3.Әдісті істеуге және құлатуға тыйм салынған;

4. Арналып сызылған ортадағы спортзал шеңберінен қарсылас шығып кетсе;

5.Берілген уақытты балуандар тең түссе, оларды өлшеп салмағы сәл жеңілдеу балуанға жеңіс беріледі.

Қолдарымен белден қоян-қолтық ұстасу белдесудің негізгі шарты болып саналады. Белбеуден бірінші алып ұстайтын қызыл белбеудегі оқушы балуан болады.


Ұйымдастыру жүйесі


Сабақ кезінде «қоян-қолтық» күресін ұйымдастырғанда, күні бұрын сабақ жаспары жасалады. Жоспарда сабақтың құрылымы толық көрсетіледі. Сайысты жекелей және командалық жүйеде өткізуге болады. Сайыс барысында жеңіліске ұшыраған оқушыларды жұбату сөздермен көңілдерін көтеру қажет. Мысалы; Нұржанның аяғы кішкене тайып кетті немесе ол байқамай қолын белбеуден шығарып алды, т.с.с. Әйтпесе жеңілген балалар командасының алдында қатты ұялмауы мүмкін. Сайыстың көңілді өтуін басты назарда ұстау керек. Сабақты жоспарлау барысында мынадай жағдайларды ескерген жөн;


1.Сабақ тақырыбын хабарлап ережені толық түсіндіру.

2.Жалпы дамыту жаттығуларын қозғалыста және бір орында өткізу.

3.Арнайы жаттығулар: белге және қол, аяқ, буындарын жақсылап қыздырып жаттықтыру қажет, екіден тұрғызып бірін-бірі кеудемен итеру әрекеті т.с.с. қимылдары қолданса болады.

4.Шамалас салмақтыларды іріктеп жұптау.

5.Ережені мұқият сақтап күресті өткізу.

6.Күресу барысында мұғалім оқушылардың дәл тұсында болуы қажет.

Төменде мектеп оқушылармен өткізілген сабақтың көріністері суреттермен берілген. Осы суреттерде жоғарыда айтылған әдістемелік ұсыныстардың қағидаларын толық қамтиды.




1 сурет. 2 сурет.

Балуан оқушы сайыс барысында қандай да бір жағдайға дайын болуы тиіс. Шапшаң шабуыл жасауға қас қағым сәтте даяр тұруы немесе қарсыласыңның күтпеген шабуылына тойтарыс беруге әзір болуы керек. Тік тұрып белдескенде балуан оқушының денесі сәл еңкейіңкі аяқтары иық кеңдігіннен сәл алшақ тізесі аздап бүгіңкі болуы қажет. Аяқтардың бір-бірінен тым қашық тұруы оқушы балуанның әдіс қолдану ептілігін тежейді. Баста деген пәрменмен екі оқушы қимылды бір уақытта бастаулары керек, талап бұзылса ереже бұзылады. Екі балуанның бір уақытта қимылдағаны әділ және тиімді.



3 сурет. 4 сурет.


5 сурет. 6 сурет.



7 сурет. 8 сурет.


9 сурет. 10 сурет.


Ұстасқанда оқушы балуандар бірін-бірі баспен итеріп денеге тіреу жасауға болмайды. Екі оқушы балуанның да аттас беттері бір-біріне тиіп тұруы қажет. Аяқ қоюу, ұстасу, арақашықтық тұру қалпы бірдей болуы керек. Ешқайсысының тұру қалпы аяқ қоюу, ұстасу, арақашықтығы бірінен басым болмауын ерекеше қадағалаған жөн.

Балалардың жас ерекшеліктерімен сабақ жүргізгенде жасына қарай: жас жеткіншектер, жасөспірімдердің ағзасына түсетін жүктемені аса шеберлікпен реттеген жөн. Бұл арада мұгалімдер қауымы бүгінгі заманға сай анатомия мен физиология, психология, гигиена,биомеханикамен педагогиканың қол жеткен ғылыми жетістіктеріне арқа сүйеп отырып жұмыс жүргізулері аса маңызды.

Балалық шақ- адам ағзасының жан-жақты жетілуіне, дамуына мүмкіндік туғызатын ең тамаша кезең. Алайда осы кезеңдерде адам ағзасының жетілуіне сан түрлі жаттығу әрекет қимылдардың пайдасы зор. Дене шынықтыру сабағы адам ағзасын жетілдірумен қатар, жүйке жүйесіне жағымды әсер тигізеді. Бұлшық еттерді нығайтып дамытады. Ағзада қоректік заттар алмасуын жақсартады. Бойда жиылған пайдасыз заттарды денеден бөлінуге көмектеседі, сөйтіп ағзаны нығайтып денсаулықты күшейтеді.










Пайдаланылған әдебиеттер тізімдері

1. Бауыржан Жаналин, Марат Жақыт, Биткозов Диханбай, Мамиев Нұрлан Бекентайұлы, Қасымханов Жұмақан Нұрқанұлы. Қазақ күресі ереже.

2. Матущак П.Ф. Батыры на ковре. Алматы: Рауан, 1992.

3. Мәмиев Н. Ұлттық ойындар дене тәрбиесінің негізі. Алматы 2007ж

4. Жолымбетов Ө., Құлназаров А. Спорт теминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы 2009 ж











Автор
Дата добавления 28.05.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Статьи
Просмотров91
Номер материала ДБ-102043
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх