Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыНаучный материал на тему "Сармат тайпалары"

Научный материал на тему "Сармат тайпалары"

Скачать материал

 

 Жаллпы білім беретін М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп- балабақша кешені

 

 

Сабырғали Гүлдәурен

7- сынып оқушысы

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы

Жалпы білім беретін М.Қаналиев атындағы

                                                                    Алғабас орта мектеп- балабақша кешені

 

Тақырыбы:

«Алғабас елді мекенін темір дәуірінде мекендеген сармат тайпаларының ескерткіші»

 

 

Ғылыми жетекші: Муханбеталиев Нұржан Нәділшеұлы

                                                      тарих пәнінің мұғалімі

 

 

 

Алғабас 2014

 

Аннотация

   Жалпы білім беретін М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп - балабақша кешенінің 7-сынып оқушысы Сабырғали Гүлдәурен Берікқызының «Алғабас елді мекенін темір дәуірінде мекендеген сармат тайпаларының ескерткіші» тақырыбындағы жұмысына ұсынылады.

   Ерте темір дәуірінде Қазақстанның батыс өлкесін мекендеген соның ішінде Алғабас өңіріндегі сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерін зерттеуді жұмысымыздың объектісі ретінде алып отырмыз.

Зерттеу мақсаты. Қазақстан жерінің батысын, соның ішінде Алғабас өңірін мекендеген сармат тайпаларының мәдениетімен, заттай деректерімен танысу.

Зерттеу кезеңдері.  Зерттеу 2 кезеңнен тұрады.

1кезең. Археологтармен бірігіп қазба жұмысына қатысу арқылы обалардың орналасу ерекшелігін, хронологиялық кезеңін білу.

2кезең. Табылған заттай деректер туралы мәліметтер жинақтау.

Зерттеу жаңалығы. Қазба жұмысы барысында №1 обадан ер адамның қаңқасы, онымен бірге қанжар,қылыш,қола айна, қыш құмыра, ұсақ малдын сүйектері табылды.

№2 обадан әйел адамның қаңқасы,онымен бірге алтын сырға, тас моншақтар, қыш құмыра табылды.

Жұмыс нәтижесі. Теориялық білімімді практикамен ұштастыра отырып тереңдете түстім. Қазақстан тарихы пәніне қызығушылығым артты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

Жұмыс мазмұны

Аннотация

І. Кіріспе.__________________________________________________4-5

 

ІІ. Негізгі бөлім. Зерттеу жұмыстары

2.1. Ежелгі сармат,савроматтар туралы деректер.________________6-7                          

2.2. Сармат мәдениеті   _____________________________________8-10

2.3. Алғабас елді мекеніндегі сарматтардың зерттелуі___________11-14

 

ІІІ.Қорытынды бөлім.

А) жұмысты қорыту _______________________________________15

Ә) Ұсынба                _______________________________________16

                                

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.  __________________________17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

        Батыс Қазақстан облысы орнласқан Далалық Орал аймағы батысында Еділ бойы жазығымен,шығыс бетінде Мұғаджар сілемдері және Жалпы Сыртпен шектелсе, солтүстігінде Жайық өзені атырабымен,оңтүстігінде Каспий маңындағы шөлейтті қырлардың солтүстік қиырымен ұштасып жатыр.

        Екі құрлықтың-Европа мен Азияның тоғысқан тұсында тұрған Батыс Қазақстан аймағын адамзат баласы бағзы кезеңдерде –палеолит дәуірінде игеріп, мекен ете бастаған.

      Ұлы дала төсінде ықылым замандардан батыстан шығысқа,шығыстан батысқа жөңкіле көшіп-қонып жүрген көне тайпалар Орал жеріне де аялдап, ат басын тіреді,бұған осы өңірден табылған кесенелер,көне қоныстар,қалашықтар мен кен қазбаларының орындары куә.

       Бұл ешкерткіштердің Қазақстан тарихы үшін маңызы орасан зор,өйткені заманалар қойнауынан бүгінге жеткен деректі айғақтар тым мардымсыз.

      Тарихи деректердің ең алғашқылары бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген тарих атасы Геродот еңбектері арқылы белгілі болған.Ал қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған палеолит дәуіріндегі көне археологиялық ескерткіштердің жасын есептесек,ширек миллион жылға жуықтап қалады.Сондықтан Батыс Қазақстанның байырғы тарихы бүгінде негізінен тек археологиялық деректерге ғана оны арқа сүйейтіні ақиқат.Қасиетті қара жер қадым заманалар құпиясын өз қойнында ғасырлар бойы сақтап келеді.

      Тарихи жады-көзі сарқылмас қайнар іспеттес.Жаңадан ашылған ескерткіштер саны жылдан жылға көбейе түсуде,ал оларды зерттеп,зерделеу күтпеген нәтижелерді алға тартып,қалың жұртшылықтың назарын аударды.Осы арқылы Қазақстан халықтарының өркениет деңгейі жөніндегі түсінік – пайымымыз өзгеріп,жаңаша көзқарас қалыптаса бастағаны хақ.

      Көне Орал жері бүккен сыр мол ақ.ХІХғасырда заманынан оза танылған өлкетанушы,этнограф,әлеуметтік өмірді зерделеген ойшыл С.Бабажанов пен кеңестік дәуір археологы Г.А.Кушаевтың ізденістерің арқасында бірталай қызғылықты деректер мәлім болғанымен, бұл өңірде археологиялық зерттеулер кеңінен жүргізілген емес.

      Зерттеулер нәтижесінде б.з.д Імыңжылдықтың басында Евразия далаларын мекендеп,Оңтүстік Орал өңірінен Қара Теңіздің батыс жағалауына дейінгі ұлан ғайыр аймақты игерген сармат тайпаларының тарихы туралы маңызды мағлұматтарға қол жеткізілді.Сол дәуірдің саяси және мәдени өмірінде бұл тайпалардың үлкен роль атқарғаны айқын.Орталық пен Шығыс Еуропа арасындағы байланыс айтарлықтай дәрежеде солар арқылы жүзеге асты.Сармат тайпалары Боспор мемлекетімен саяси және экономикалық қарым қатынас орнатып,оның мәдениетінің өркендеуіне едәуір ықпал етті.Сарматтар Закавказьеге, Алдыңғы Азияға жорықтар жасап,ғұн бірлестіктерінің құрамында Орталық Еуропа жеріне де енеді.Батыс Қазақстан көне түркі өркениеті қалыптасқан орталықтардың бірі болды.

       Батыс Қазақстан жері жайындағы ең көне деректерді Геродот еңбектерінен кездестіруге болады.Оның б.з.д. Vғасырдың соңында жазылған «Тарих» атты шығармасында Каспий теңізі туралы құнды мәліметтер бар.

 

4

         

       Белгілі араб саяхатшысы әрі жазушы Ибн Фадлан да Орал өңірі жайында қызғылықты деректер қалдырды.Ол 921-922жылдары Халиф елшілерімен бірге Волга бойындағы болгар еліне барған сапарында Орал өзенінің төңірегі арқылы өткен.       

         Кеңес үкіметі кезеңінде Батыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеумен Г.А.Кушаев, М.Г.Машакова, Б.Ф.Железиков,кейіннен С.Ю.Гуцалов, М.Н.Сдықов айналысты.Осы ғалымдардың көп жылғы еңбегінің арқасында біз темір дәуірінде Батыс Қазақстан өңірін мекен еткен сарматтардың мәдениеті, тұрмыс тіршілігі туралы мәліметтер алып отырмыз.

 

                                                             

 

                                            

   Г.А.Кушаев                                                                            

                                                                                           С.Ю.Гуцалов

 

 

                              Сдыков

                                                 М.Н.Сдықов

 

 

 

 

5

           

 

2.1. Ежелгі мемлекеттердің сармат,савроматтар туралы деректері.

    Археологтардың мәліметтері бойынша, темір дәуірінің ескерткіштері екі кезеңге бөлінеді:олардың біріншісі - б.д.д. VII-V ғасырлардағы савромат жәдігерлері болса, ал екіншісі –б.д.д. IV-б.д. IV ғасырлар аралығын аралығындағы сармат ескерткіштері.Дәл осы мезгілде Батыс Қазақстан аймағын савроматтар,кейіннен сарматтар қоныс ете бастады.

 

 

       Олар туралы Герадот мынандай әңгіме айтады.Аңыз бойынша,савроматтар скиф бозбалалары мен амазонкалардың некелесіп,отасуынан пайда болған көрінеді. Фермодент шайқасы кезінде амазонкалар эллиндерден ойсырай жеңіліп,тұтқынға түседі.Эллиндер оларды кемеге отырғызып,Қара теңіз арқылы өз елдеріне аттандырады.Жолай амазонкалар кемедегі еркек атаулыны түгел қырып салады. Ескек есіп,желкенді кеме жүргізудің тілін білмейтін олар теңіз бетінде ұзақ жүріп, ақырында,Меотида көлінің маңында орналасқан Кремныға таяп келеді. Бұл- тумысынан еркін де ержүректілігімен аты шыққан скифтердің ата қонысы еді. Кемемен жүзіп келген жаужүрек амазонкалармен арада жойқын шайқас болады. Кейіннен скиф жігіттері оларға үйленеді де,тайпаластарынан дүние-мүліктерін бөліп алып,солардың қосына көшеді.Алайда амазонкалар скиф елінде тұрақтап қала алмайды. Жігіттерді ата-анасынан айырып,ел-жұртын ауыр қасіретке душар еткен олар скифтердің арасында өмір сүруді қауіп деп санайды.Сондықтан күйеулеріне қолқа салып,Танаис өзенінің арғы бетіне қоныс аударуды өтінеді. Жігіттер бұған келіседі.Танаис өзенінен өткеннен кейін,олар шығысты бетке алып үш күн және Меотида көлінен солтүстікке қарай үш күн бойы жүріп отырып, Орал өңіріне аяқ іліктіреді де,осы араға қоныс тебеді.Герадот заманынан жеткен бұл аңызды археологиялық қазбалар да айғақтайды. Дон мен Волга,Волга сырты мен Орал

 өзендері аралығындағы ұлан-ғайыр жазық далада,зерттеушілер анықтағандай савроматтардікімен біртектес мәдениет қалыптасып,дамығаны дәлелденіп отыр.

 

6

     

 

            Бұл аңыз әңгімеде савроматтар туралы және ең алдымен,сол замандарда әйелдердің еркектермен тең жағдайда болғаны жайлы қызғылықты деректер мол. Олар атқа шауып,садақ тартқан,найза лақтыра білген ерлермен бірге аң аулап,жорыққа шыққан,бірдей киім киінген.Жастайынан үйреніп, дағдыланбағандықтан,олар әйелдер атқаратын жұмыстарды істей білмейтін.

Жауын өлтірмейінше,ешбір бойжеткен тұрмысқа шықпайтын. Савромат әйелдері ежелден осылайша өмір сүрді.Аңыз сілемінде савромат әйелдерінің қоғамдағы орны жайлы шындық көрініс тапқаны анық,мұны Герадот та атап көрсеткен.

          Соғыс өнерін жақсы меңгерген сарматтар Риммен әскери қақтығыстар жасап отырады. Император Август тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың тоғызыншысы «Сарматия»деп аталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

viewer[1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

 

 

2.2. Сармат мәдениеті. 

         III-V ғасырларда далалық тайпаларда «полихромдық стиль» деп аталған сәндік өнер гүлденіп,өркен жайды.Оның жасалу жолдарында,көркемдеу тәсілінде бірсыпыра ерекше қасиеттері болды.

     Осы кездегі зергерлік өнерде негізінен бір ғана зат – алтын қолданылды.Алтын бұйымдарды жасауда ежелгі шеберлер өнерінің жетілдіргені соншалықты,тіпті қазіргі зергерлер жасаған сәндік бұйымдармен тайталаса алады.

     Полихромдық өнерге бұйымдарды әшекейлеудің әр алуан техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация),зерлеу(түрлі алтын домалақтарын жапсыру),оқа жүргізу(алтын жіптермен кестелеу,алтын жалату), заттың бетіндегі ойыстарды бағалы заттар қосылған арнайы сұйықпен толтыру,т.б. тәсілдері болды.

        Полихромдық стильдің скифтік-сібірлік аңдық стильді ауыстыруының ең басты себебі Монғолиядан, Орта Азия аймағынан ғұндардың көптеген бірлестіктерінің ағылып келуі болды.

       Ерте орта ғасыр тарихшысы Иорданның жазуына қарағанда ғұн ордалары батысқа қарай «құйын көтерген халықтай» жылжыды. Осы дауылды кезеңде Батыс пен Шығыс,Солтүстік пен Оңтүстіктің әр түрлі тайпалары арасында пайда болған тығыз байланыстар полихромдық стильдің барлық жерде бірдей,бір уақытта дамуына себепкер болды.

       Осы тамаша зергерлік өнерінің шығу көзі б.з.б І мыңжылдықтың басында жатыр.Б.з.б VII-V ғасырлардың өзінде ақ Қазақстанда полихромдық өнердің екі түрі – безендіру және зерлеу белгілі болды. Осылай әшекейленген заттар Ертістің жоғарғы жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды) және Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан, сонымен қатар Алакөл ойпатындағы қабірлерден табылды.

       Б.з.б І мыңжылдықтың басында Алдыңғы Азия мен Шығыс Жерорта теңізі елдерінен тараған бұл күрделі де нәзік өнер  ІV-V ғасырларда жетілу шегіне жетіп, ежелгі Азия зергерлері арқылы ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып қалып отырды.

       Полихромдық стиль скиф-сақ өнеріндей жоғалып кетпей, қазақ шеберлері жасаған әсем де тамаша мүліктерінде біздің заманымызға дейін сақталып келді.

       Хронологиялық тұрғыдан сарматтар мәдениеті үш кезеңге бөлінеді.Бірінші – ертеректегі сарматтар немесе прохор мәдениеті, екінші – ортаңғы сарматтар немесе суслов мәдениеті, үшінші – кейінгі сарматтар мәдениеті.

       Сарматтар қабірдің үстіне топырақтан үлкен оба үйетін.Оба үйінділерінен арба дөңгелектері,терте,мойынтұрық сияқты мүліктер жиі табылады.Молалардан қолдан жасалған қыш ыдыстар көптеп кездеседі.Ыдыстар сопақша немесе домалақ болып келеді.Құмыралар да бар.

       Әйелдердің сүйектері қасынан қолға ұстайтын сабы бар дөңгелек айналар, әшекейлерден қола тарақ, білезік, сақина, таналар мен алқалар табылды.Сақина тәріздес етіп мыстан,күмістен жасалған сырғалар алтынмен апталған немесе таза алтыннан жасалған.

       Моншақтан алқа тізіп, онымен киімді,әсіресе жен ұштарын әшекейлеген.Қару-жарақтан көбіне садақ,қанжар,семсер мен найзалар қойылған.Күрделі құрастырылған садақ қорамсақта сақталатын.

 

 

8

 

   Жебенің ұзындығы 60 см-ге дейін, ұштары қоладан және темірден жасалған.

Басқа тайпалар сияқты сарматтар да көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.жылқы мен қой малы басым болды.Боранды қыс мезгілінде малшылар малға панасы бар жерлерге қоныс аударды.Батыс Қазақстанда мұндай жерлер ағынсыз өзені бар құмды жоталар,қамысқа бай өзен аңғары,ағынсыз өзені бар құмды жоталар,қамысқа бай өзен аңғары, Жалпы Сырттың сілемдері болып табылады.Көктемде олар басқа жайылымға көшеді,өйткені келесі қысқа дейін бұл жерлердің шөбі жақсы жетіліп, сақталуы керек.

       Сарматтар арасында егіншілікпен айналасатын тұрақты отырықшылар да болды.Сармат тайпалары Еуразияның саяси экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді.   

       Б.з.д.VII ғасырдан бастап Батыс Қазақстан аймағын артына сансыз көп қорған обалар қалдырған савромат пен сармат тайпалары қоныс етіп, мекендеді.Савроматтардың ертедегі обалары әлі де жеткілікті түрде зерттелмей отыр.

      Орал қаласынан шығысқа қарай, 80шақырымдай жерде орналасқан Қырықоба қорғаны савромат сармат кезеңінің көрнекті ескерткіші болып табылады.Бұл үлкен аумақты алып жатқан, көлемдегі әр түрлі ондаған обалардың ішіндегі ең ірісі.Диаметрі 150метр, биіктігі 22 метр алып қорған алыстан оқшаулана көзге шалынады.

      Қорған жанында онымен біртұтас ғұрыптық кешен құрайтын екі дөңес төбешік орналасқан.Бұл ерекше салтанатты жиындар мен жоралғылар өткізетін храм міндетін атқарғанға ұқсайды.Табылған түрлі алтын  әшекейлерге,асыл бұйымдарға қарап,патша қорым обаларындағы құпиясы мол байлық көздері туралы ой тапшылауға болады.

      Жаңақала,Шалқар және Балықты Сакрал қорған обаларынан табылған қорымдар да ерте сармат дәуіріне жатады. Обалар оңтүстікке,оңтүстік-батысқа, оңтүстік- шығысқа бағытталып салынған.Бейіттің ішіне қойылған заттардың ішінен орақ пішіндес және айқаса біткен ұшы бар қылыш пен қанжар, ұшы доғал қылыш, темір мен қоладан жасалған үш қырлы жебе ұштары,ағаш сапқа қондырылатын, бүйірі конус тәрізді шығыңқы қола айна,моншақ,саз құмыра мен түтін салғыш саз ыдыстарды атауға болады.

       Шыңғырлау ауданының Лебедевка селосының төңірегінде орналасқан қорымдағы екі қорған оба бертіңгі сармат дәуірінің ескерткіші.Мұнда бейіт ішінен көптеген құрал жабдықтар,жергілікті қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан, сондай ақ Қара теңіз жағалауы,Кубань маңы кавказ бен Орта азиядан әкелінген әшекейлер, қола және күміс ыдыстар, керамика, қару жарақтар табылды. Бұл бұйымдар біздің б.з ІІ – Ivғасырлармен мерзімделеді.

       Лебедев обасындағы бірінші қорған диаметрі 27метр, биіктігі 2метрге жуық топырақ үйіндісінен тұрады. Топырақ үйіндісінің астынан үстінде жабындысы бар мола шұңқыры ашылып алынды. Мүрде мола шұңқырының батыс жағында басы солтүстікке бағытталып, шалқасынан қойылған. Бас жағында қырлы құлақтары бар, аузы тар грек құмырасы тұр. Сол иығына таман темір шөміш, орақ, сабы сынған найзаның ұшы жатыр. Аяқтарының оң жағына қыны ағаштан жасалған екі жүзді қылыш қойылған. Ақық тас қондырылған қылыш сабының ұшы доғалдана біткен.

9

 

 

 

Киімі тұтастай жарты шар түріндегі  алтын жапсырмалармен безендірілген.

 Бейіттің шығыс бөлігінен ұшы темір найза, темір және күміс шығыршықты ат әбзелдері табылды. Сондай ақ бұл жерден мыс қазан, құлағы имек аузы тар мыс құмырада ұшырасты.

         Ұраның оңтүстік тұсынан бірінің жүзі түзу, екіншісінікі имекше екі темір пышақ, янтарьдың кішкене бөлігі, күміс сүзгі, тостаған мен саз құмыралар, шырағдан, екі шыны аяқ пен сапты аяқ табылды.

         Екінші обаның топырақ үйіндісінің диаметрі 21-22метр, биіктігі бір жарым  метрге жетеді. Топырақ астынан обаның тап ортаңғы тұсынан қабырғасы ізбеспен әктеліп, қайың бағандарымен шегенделген мола орны ашып алынды. Моланың үстіде қайың бөренелірімен жабылыпты. 1,8метр тереңдіктегі кеспелтек тақтайша үстіне әйелдің мәйіті қойылған. Мүрдемен бірге көмілген заттарға қарағанда дәулетті адам болуы керек. Ол басы солтүстікке бағытталып, шалқасынан жатқызылған. Осы жерден түсті тастардан көз қондырылған ай пішіндес сырғалар, сердолик орнатылып, бедер жүргізілген сом жүзік және үш алқа табылды. Алқаның бірі сопақша янтарьдан екіншісі тау хрусталінен жасалған дөңгелек моншақтардан тізілсе, ал үшіншісі сердолик моншақтардан құралған. Сондай ақ мола ішінен ортасына ақ, көгілдір және яшма бояулармен геометриялық өрнек түсірілген төрт бұрышты тұмарша да кездесті. Әйел киімі бетіне бедер салынып, безендірілген әдемі жапсырмалармен әшекейленген.   

           

 

 

                                                                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

     2.3.  Археологиялық тұрғыдан маңызды сарматтардың жерлеу орындары Сырым ауданы Алғабас аулынан солтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым, Орал-Жымпиты тас жолынан 300 метр жерден биіктігі 0,8м,диаметрі 20м болып келетін топырақ қорғандар табылды. Сол қорғандардың бірін (№1 оба) қазған кезде топырақ астынан көлемі

                     

2,9×3,7 м тереңдігі 2,4м болып келген тік бұрышты қабір ашылды.Қабірді аршыған кезде басы оңтүстік батысқа қаратылған ер адамның қаңқасы табылды.

 Тайпа көсемі, батыр болса керек. Қолаяғы жазылып, шалқасынан жерленген. Бойының ұзындығы 180-185 см. Мәйттің бас сүйегі дін аман, тек сол жақ кеуде тұсында 2 қабырғасы сынған соған қарап көсемнің немесе батырдың өз ажалымен өлмегенін байқауымызға болады. Мәйіттің бас жағынан шеті сынған қола айна, белінде ағаш қынапты, екі жағы өңделген темір қанжар (ұзындығы 40 см)  және ұзын сапты қылышы(ұзындығы 1метр) бар. Ол көсемнің тірі кезінде өз қажетіне пайдаланған бұйымдары. Аяқ жағында ұсақ малдың сүйектері мен қыш құмыра табылды. Темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың діни наным-сенімдерінде о дүниеде екінші өмір бар екеніне сеніп, адамның қарны ашпас үшін малды сойып бірге жерлейтін болған. Ал қыш құмыраға арпа немесе сусын құйып қоятын болған.                                                     11

 


 

 

 

 

 

 

Қанжар темірден жасалынып, сырты ағаш қынаппен қапталған. Ұзындығы -40 см. Қанжар негізінен қоян қолтық ұрыста қолданылады. Тарихи деректерге сүйенсек бұл қанжар Шығыс Еуропа жерінен әкелінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қола айна тұрмыста пайдаланған.                                                     

 Ол екі металдын қосындысынан(мыс пен қалайы) дайындалады. Батыс Қазақстан жерін мекендеген сарматтар бұл бұйымдарды өздері дайындамай айырбас арқылы басқа тайпалардан алып отырған.

Әр көсемнің немесе абыз әйелдін  жеке қола айнасы болды. Қайтыс болған кезде айнасының шетін сындырып жеке мүліктерімен бірге көмілетін болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Sdc11688         

Қылыш темір металдан жасалынған. Ұзындығы -1м. Негізгі шайқаста қолданылатын қару.

 

12

           

    Ал екінші қабірден әйел адамның қанқасы табылды. Оның да басы оңтүстік батысқа қаратылған. Бойынынң ұзындығы  165-167 см. Шамамен жасы 45-50-дегі абыз әйел.

Әйел адамның жанынан алтын сырға,түрлі тастардан жасалған моншақтар,қыш құмыра табылды.

 

Түрлі тастан жасалған моншақтар  Қаратеңіз жағалауынан әкелінген. Олар аса шеберлікпен жасалынған. Тастардың сырты жылтырата тегістелген, көлемі әр түрлі. Ортасынан тесіліп жылқының қылы немесе ұсақ малдың сіңіріне өткізілген.

 

 

 

                                                        

                                          

  Алтын сырғаның екі түрі табылды. Біріншісі қарапайым әдіспен жасалса, екінші әдісі аса шеберлікпен жасалынған.   

 

13

 

Қыш құмыралардың бірнеше түрі табылды. Сарматтар қыш ыдыстарды Еуропадан алдырып отырған. Оларға астық, кей кезде сұйық тағамдар да құйып отырған. Қыш құмыралардың ішінен өсімдіктер дәндері мен арпа,сұлы қалдықтары табылды. Осыдан келіп ежелгі елді мекеннің тұрғындары негізгі шаруашылықтың көзі болмаса да  арпа, сұлыны өсіргендігін байқаймыз. Осы елді мекеннің тұрғындары мал шаруашылығымен де айналысқан. Олар қой, сиыр, жылқы өсірген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14

 

 

Қорытынды

        Батыс Қазақстан аумағы Еуразия құрлығында маңызды орын алады.Орал таулары мен Каспий,Арал теңізі арасында орналасқан аймақ Еуропа мен Азия көпірі бола тұра ежелгі заманнан бері көптеген халықтар мен тайпалардың миграциялық жолы болды.Бүгінгі күнгі археологтардың жаңа зерттеулері нәтижесінде көптеген көне мәдениет ескерткіштерінің табылуы бұл жерде бағзы замандарда көптеген халықтар мекендегеніне бұлтартпас дәлел.

        Батыс Қазақстан облысында археологиялық зерттеулерді ұйымдастыруға зор үлес қосқан Г.А.Кушаев пен оның шәкірті Б.Ф. Железиков болды.Ірі ғылыми жұмысты ұйымдастырушы бола отырып олар Қазақстан археологиясында алдыңғы қатардағылардың бірі болған Орал археологиялық мектебінің негізін қалады.Олар көшпелі халықтардың тарихын зерделей отырып,Орал өңіріндегі ежелгі көшпелілердің мәдениетін зерттеуге айрықша көңіл бөлген. Ерте темір дәуірінде (б.з.д VIIIғ.- б.з.Iv ғ.) қазіргі Батыс Қазақстан территориясын көптеген тайпалық бірлестіктер мекендеген, соның ішінде ғылымға белгілі скифтер,массагеттер,савроматтар,дахтар,сарматтар,аландар,ғұндар және т.б. Олардың оңтүстік орал даласындағы іздері археологиялық мәліметтермен, соның ішінде ХХғ. 60-шы ж.ж. соңы  80-ші жж. Қазба деректерімен де дәлелденеді. Бұл проблеманы зерттеуді орталық қызметкерлері,кітап авторлары Сдыков М.Н,Бисембаев А.А, Гуцалов С.Ю. жалғастыруда. Осылардың есімімен орал археологиялық мектебінің жаңа сатыға көтерілгендігі белгілі.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 

Ұсынба

Сырым ауданының картасы

Көріп отырғаныңыздай Сырым ауданының территориясында әлі де зерттелмеген сармат тайпаларының ескерткіштері көп кездеседі. Б.д.д VII ғасырдан бастап Батыс Қазақстан аймағын артына сансыз көп қорған-обалар қалдырған савромат пен сармат тайпалары қоныс етіп,мекендеді.Сарматтардың ертедегі обалары әлі де жеткілікті түрде зерттелмей отыр. Аралтөбе қорымынан сарматтардын алтын адамының табылуы, басқа да сармат обаларынан осындай жәдігерлердін тағы да табылатынына күмәніміз жоқ. Дегенмен,бұл обалар қазіргі уақытқа дейін тоналып келді.Мемлекет көне дәуір ескерткіштерін зерттеуге қаржы бөлсе және қазба жұмысына оқушылар қатысса, табылған жәдігерлер жергілікті мұражайға берілсе деген ұсынба білдіремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

16

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

1.Батыс Қазақстан облысының тарихы

(Т.З.Рысбеков,Б.Қ.Бірімжаров,С.Б.Құрманалин,Ж.Ж.Жақсығалиев) Орал,2001

2. «Ұлы дала мемлекеттері» (Алматы. «Адамар»2006)

3.Ежелгі Қазақстан (Алматы. «Аруна»2006)

4.Қазақ даласының ежелгі тарихы

Ә.Байбатша (Алматы. «Санат»2001)

5.Ежелгі Қазақстан тарихы

К.М.Байпақов (Алматы. «Рауан» 1995)

6.Батыс Қазақстанның археологиялық қазыналары

(К.М.Байпақов,С.И.Танабаев,М.Н.Сыдыков) Алматы. «Credo»2001

7.Батыс Қазақстандағы скиф қазыналары

(М.Н.Сыдыков,С.Ю.Гуцалов,А.А.Бисамбаева) Орал 2003

8. Батыс Қазақстан облысының археологиялық картасы (Ақтөбе,2009)

9.Западно-Казахстанская область       (Алматы. «Аруна»2010)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазба жұмыстарынан көрініс

 

Sdc11550      Sdc11529

 

 

Sdc11559     Sdc11534

 

 

Sdc11540       Sdc11541

 

Қазба жұмысы барысында табылған көне жәдігерлер

Sdc11575       Sdc11566

 

Sdc11583       Sdc11680

Sdc11686      Sdc11688

Sdc11681      Sdc11684   

 

 Sdc11683        Sdc11589

 

Sdc11564

 

Sdc11552

                                                                                          

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научный материал на тему "Сармат тайпалары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 2311
    • DOCX 6.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муханбеталиев Нуржан Надилшиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5672
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов