Инфоурок Начальные классы Научные работыНаучный проект "Хош иісті жалбыз"

Научный проект "Хош иісті жалбыз"

Скачать материал

 

Хош иісті жалбыз



МАЗМҰНЫ





І. Кіріспе …...................................................................................................2



ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Халық емшісі жайлы мәлімет............................................................5

2. 2. Жалбыз өсімдігіне сипаттама............................................................7

2. 3 Жалбыздың халық шаруашылығындағы маңызы......................19

2. 4 Жалбыздың емдік қасиеттері............................................................19

2. 5 Жалбыз қосылған шайдың пайдасы ...............................................21

2.6 Жалбыз халық ауыз әдебиетінде .......................................................21

2.7 Жалбызды косметика саласында пайдалану .................................21



ІІІ. Қорытынды...........................................................................................24

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

І Кіріспе

Жалбызым! Жалбызым!

Қасиетіңді білгенде

Өлмес еді жалғызым....

Халық нақылы

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.

Өсімдіктерді ауру-сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды.

Греция елінің дәрігері Гиппократ осындай дәрілік өсімдіктердің

200-ден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге, қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан мағлұмат беріп кетсе, ал Грецияның Диоскорит атты дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» еңбегімен тарихта қалған. Оның еңбегінде дәрілік өсімдіктердің 600 түрінің қолдану жолдары жазылған.

Жалпы қолданып жүрген препараттардың 40% дәрілік өсімдіктерден жасалған.

Еліміз Қазақстан өсімдіктердің алуан түрлерімен және де емдік өсімдіктердің 500-ден астам Төлеби ауданының Алғабас өңірінің өзінде 100-ден астам түрлері өседі және ол дәрілік өсімдіктерді халыққа шипалы қасиетін таныстырушы, халық емшісі Л.Б.Скупченко.

Халық емшілерінің тәжірибесінен қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған.


Бүгінгі таңда өз өлкеңе деген қызығушылықты арттырып, дәрілік өсімдіктің қажеттілігін түсіну, табиғатты қорғап, оның байлығын тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, қолдануды ұсынады. Сондықтан алдыма мынадай мақсат қойдым: дәрілік өсімдіктерді зерттеп, оның адам өміріне және адам ағзасына тигізетін пайдасын зерттеу, анықтау және насихаттау. Табиғаты қатал, қыстың  ызғары ұзақ сақталатын,   Алғабас аулында «Бадам жаңғағын» өсірудеміз жоғарыда көріп тұрғандарыңыздай. Болашақта оның да пайдалы тұстарын зерттемекпіз.Қәзіргі таңда қолжетімді дәрілік өсімдік жалбызды зерттеп отырмыз. Мен жалбыздың екі түрін 1994 жылдан бастап бақшада өсіріп келемін, аса күтімді қажет етпейді.Бірақ жарықты,суды жақсы көреді. Соның біріншісі қара жалбыз.Екіншісі жапырағы жалпақтау hello_html_66fe463e.jpgкелген иісі лимонды еске түсіреді.    Ең көп сұранысқа ие дүние жүзілік дәрілер көрсеткішінің ішінде тұрған өсімдіктің бірі – жалбыз.

Жалбыз (Mentha) — ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Жалбыз өсімдігің өзіндік ерекшеліктерін, адам ағзасына пайдасын анықтау үшін жалбыз өсімдігін тереңірек зерттеуге кірістім. Жалбыз өсімдігін далалы жерлерден, жайылымдардан көріп-біліп жүрсек те оның адамзат үшін маңызын біле бермейді екенбіз.

 

 

Зерттеудің мақсаты: Жалбыз өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Жалбыздан дайындалатын тұнбаларға сипаттама бере отырып, олардың жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.

Міндеттері:

- Жалбыз өсімдігіне сипаттама жасау;

- Жалбыздың емдік қасиеттерін айқындау;

- Жалбыз қосылған шайдың пайдасын таныстыру;

- Жалбыздың ауыз әдебиетіндегі берілуін анықтау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Негізгі бөлім

 

      Хамраханов Сұлтанхан 1958 жылы туылған, ұлты өзбек 1-мамыр ауруханасында 1991 жылы-2000 жылы аралығында терапевт мамандығы бойынша қызмет атқарған. Білімі жоғары. ТашМИ –ді бітірген, еңбек жолын Жызақ облысында бастаған екен. Атасы атақты емші болыпты. Сол Хамрахан атасының жолын қуып, 2000 жылдан бастап, өз үйінен клиника ашып, медицинамен қатар халықтық медицинаны қолданып келеді.
       Ол көбінесе ауруларды дәрілік шөптердің қоспасымен емдейді. Мысал ретінде 2008 жылы мен ауру ретінде емделгенім бар. Кенеттен пайда болған тері ауруым 10 күн ішінде жазылды. Көршім Арысбаева Сағадат зоб ауруымен жиі қаралып тұрады, нәтижесі көңілге қонымды. Дәрілері қолжетімді. Барлық дәрілерді өзі дәрілік шөптерден дайындайды. Ол дәрілік шөптерді таудан жинайды екен. Өз білімін жалпы медицина саласында жиі біліктілігін арттырып отырады екен.

Жалбыз өсімдігі қосжарнақтыларға жататын ерінгүлділердің жер жүзінде 3500-ге жуық түрі өседі.Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Еріндігүлділерді кейде тауқалақайгүлділер деп те атайды. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкере бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы – осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.

Ерінгүлділер тұқымдасы – жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2,4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша. Гүл формуласы: Т(5)С(2+3)А4Ж(2).hello_html_3e0abc49.jpg

Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті. Соның бірі – жалбыз.

Жалбыздың отаны – Англия. Осы жақтан Еуропа континетіне, одан Азия мен Америка елдеріне жеткізілген.

 

Жалбыз өсімдігіне  сипаттама

Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі.

Кең тараған маңызды түрінің бірі дала Жалбызы (Mentha arvensіs). Оның биіктігі 15-60 (110) см. сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді жалған күлте бас, немесе масақ гүл шоғырына топталған, қос жынысты, кейде дара жынысты болады. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Тұқымы –көп түйірлі жаңғақша. Жалбыздың жапырағында ментол болады.

Жалбыз-ерінді гүлділер тұқымдас , бұта тәрізді  сұрғылт-жасыл түсті өсімдік.Сабағы төрт қырлы,жапырақтары мен бұтақтары көп.Сопақша жапырақтарының ұзындығы он сантиметрге жуық.Гүлдері негізінен көк күлгін түсті,аздаған ақ және алқызыл гүлдері де болуы мүмкін.Екі ерінді төмен қарай өсетін гүл қауашақтары бар.Жемісі-шар тәріздес төрт жаңғақ. Биіктігі жиырма-елу сантиметр.

Июнь-июль айларында гүлдейді.

Қазақстаннның Оңтүстігінде кездеседе эфир майын алу және дәрі жасау үшін ол Молдавия және Украинада , Краснодар өлкесінде    өсіріледі.

Дәрілік өсімдіктердің  бірі-жалбыз.Ол-хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоңыржай ендікте көп таралған. СССР-де жиырмадан астам түрі, оның ішінде Қазақстанда тоғыз түрі өседі.

Сабағы тік, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан болады.

 

 

 

 

 

 

 

http://www.plantarium.ru/dat/plants/8/857/14857_a029751d.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=3978392b28ba21b70f8517374dbd545f&n=13

 

 

 

 

 

http://zvetki.ru/image/419_2836.jpg

 

 

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=48dcf9ec4d31ace0298d7d60d3950f70&n=13

 

 

 

 

http://www.chudovo.org/pic/garden_ornamental_plants/168_380_anise_hyssop_licorice_mint_bg.jpg

 

                                                   

 

 

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=0c1286fbede95d14354794de6b109cdb&n=13

 

 

 

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=b0bf32a99d56f36dd4df9322a7f0df76&n=13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/0/0d/Mentha-piperita.JPG

 

 

 

 

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=924d30ae73bdd29712db23f37da926c9&n=13

 

 

 

 

Оның дала жалбызы, су жалбызы,бұйра жалбыз,азия жалбызы,ұсақ гүлді жалбыз , кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маңызды түрлері бар. Дала жалбызы  суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маңында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында  өседі.

Химиялық құрамы.Жалбыз жапырақтарының  құрамында эфир майы илік

заттар, алколоидтар мен кейбір қышқылдар бар.

Ал кермек жалбыздың  мен гүл шоғынан жалбыз  эфир майы алынады бұл майдың негізгі құрам бөлігі-ментол.

Жалбыздың  халық шаруашылығындағы маңызы

Оны  сабынның  иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментю парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.

Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.

Жалбыздың емдік  қасиеттері

Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі түрі кездеседі – қара жалбызақ жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.

 

Саттархан Мерей мен жетекшісі Турымбетова Дилбар жалбыз тұнбасын қайнатып тұр.

Жалбыз жапырағынан 3-8 грамм, сондай-ақ  қалақайдан, гүлшетеннен, ақбасжусаннан  2-4 грамнан алып араластырады. Бұл қоспаға 3 ас қасық қайнаған су құяды да, жылы жерге қойып,жарты сағаттай  тұндырады. Тұнбаны күн сайын жаңадан әзірлеп отыру керек.Оны күніне үш рет тамақ алдында жылытып ішеді.Емделу мерзімі  3 ай.  Бұдан да ұзаққа созылуы мүмкін.          

 

 

Жалбыз қосылған  шайдың  пайдасы

    Жалбыз қосылған шайдың пайдасы жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан-бауыр ауруы мен ауырғандарға, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларында қол жетімді бағада сатылады.

 

Жалбыз халық  ауыз  әдебиетінде

 

 

Жалбызым! Жалбызым!

                                             Қасиетіңді білгенде

                                            Өлмес еді жалғызым....

Халық нақылы

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.

Жалбызды косметика саласында пайдалану

Жалбыз – ескі ароматты өсімдіктерінің бірі. Ежелгі уақытта жалбыздың сулы тұнбасы ақылды оятатын, көңіл-күйді көтеретін, ас қорытудың кез-келген бұзылыстарында қолданған. Мифологияда жалбыз hello_html_m683aa12e.pngқонақжайлылықты білдіреді. Біздің күндерде жалбызды емдік мақсатта, косметологияда, кулинарияда, ароматерапияда қолданады.

Жалбыз – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол – хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі – ментол. Құрамында шайырлы және илік заттар, каротин, гесперидин, аскорбин, хлороген, кофейн, урсол және олеанол қышқылы, аргинин, рутин, глюкоза, бетаин, бейтарап сапонин, фитостерин кездеседі.

Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Жалбыздың жапырақтары мен гүлдерінен ерекше хош иісті ментол заты бөлінеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі.

Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта (2000 м биіктікке дейін) өсетін 9 түрі бар. Оның бұйра Жалбыз (Menthacrіspa), бұрыш Жалбыз (Mentha pіperіta) және дөңгелек жапырақты Жалбыз (Mentha rotundіfolіa) деген түрлері қолдан өсіріледі. Сондай-ақ ұсақ жапырақты жалбыз, ақ жалбыз және т.б түрлері кездеседі. Олардың ішінде кең тараған түрлеріне дала жалбызы мен бұрышты жалбызы жатады. Жалбыздың көпшілік түрі екіүйлі болғандықтан түраралық будан түрлері де кездеседі. Мысалы, бұрышты жалбыз, су жалбызы мен масақты жалбыз деген будан түрлері табиғатта кездеспейді. Оларды тек қолдан ғана өсіреді.

Ал кермек жалбыздың  мен гүл шоғынан жалбыз  эфир майы алынады бұл майдың негізгі құрам бөлігі-ментол.

Қолданылуы.  Емдік  мақсатқа  жалбыздың жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын  залалсыздандыратын, тер басатын, ауруды асқындырмайтын  дәрі ретінде ауыз уылғанда , қызыл иек қабынып , одан қан кеткенде, тіс ауырғанда, баспада , сондай –ақ  жоғарғы тыныс жолдарының  қабынуында  ауызды және тамақты шаюға  пайдаланады . Жалбызды булау, шаю және  ванна жасау арқылы тері сыртына да қолдануға болады. Денені  шаюға  қажетті  тұнба  әзірлеу 25 грамм  үшін 10-20 грамм  жалбызды 1-стакан ыстық суға салып тұндырады  да ас қасықпен күніне бірнеше рет стаканның  үштен біріндей  мөлшерде ішеді. Сонымен қатар жалбызды пиязбен және балмен қосып пайдаланса,оның емдік қасиеті арта түседі.Әдетте туберкулезбен ауырған адам кейде түнге қарай көп терлейді.Бұған қарсы 15 грамм жалбыз жапырағын 1 стакан қайнаған суға салады да , сол күйінде жарты стаканнан ішеді.              

  Дәрігер С.В.Линькова (Саратов қаласы) басқадай қосалқы аурулардан таза тек өкпе туберкулезімен ауырғандарға мынадай қосынды жасап ішуді ұсынады: Жалбыз жапырағынан 3-8 грамм, сондай-ақ  қалақайдан, гүлшетеннен ,ақбасжусаннан 2-4 грамнан алып араластырады. Бұл қоспаға 3 ас қасық қайнаған су құяды да, жылы жерге қойып,жарты сағаттай  тұндырады. Тұнбаны күн сайын жаңадан әзірлеп отыру керек.Оны күніне үш рет тамақ алдында жылытып ішеді.Емделу мерзімі  3 ай.  Бұдан да ұзаққа созылуы мүмкін.          

  Халық  медицинасында жалбызды бауыр мен өт қабы, бүйрек пен бүйрек түбекшесі ауырғанда, іш өткенде, етеккір қалыптан тыс көп келгенде, іш кепкенде, булыққанда, дауыс қарлыққанда, гриппен ауырғарда және суық тигенде қолданады, сонымен бірге, жалбыздан жасалған шайдың ішек құртын түсіретін  қасиеті бар, сондай-ақ ол қарын сөлінің бөлінуін жақсартады және жүйкені нығайтады.Туберкулезбен ауыратындар жөтелген кезде іріңді қақырық  түссе және  қатты терлесе, жалбызды сүтке қосып қайнатып,кейде жапырағын жартылай су қосылған шарапқа салып ішеді.

 Ментол  парфюмерия, косметика , кондитер, тамақ өнеркәсібінде , сондай-ақ  тіс порошогіы мен пастасын жасауда пайдаланылады.  Жүрек –тамыр жүйесі  ауруларына  қарсы қолданылатын  дәрі валидол  да дәл осы ментолдан алынады. Дәрілік өсімдіктердіӊ бірі - жалбыз. Ол - хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоӊыржай ендікте көп тараған. КСРО-да 20-дан астам түрі өседі.

Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жалбызды зерттеу барысында мынаған көз жеткіздім ,бөлмеде өсірген едім бірер аптадан соң қурап кетті. Ол суыққа төзімді, 3 градус аязға шыдап ,үсіген жоқ. Мен жалбыздың екі түрін1994 жылдан бастап бақшада өсіріп келемін, аса күтімді қажет етпейді.Бірақ жарықты,суды жақсы көреді. Соның біріншісі қара жалбыз.Екіншісі жапырағы жалпақтау келген иісі лимонды еске түсіреді. Мен бақылаған ерекше қасиеттері мынадай.Бүйректің жұмысын жақсартады,әйелдер суықтаған кезде қайнатылған жалбыздың буына 10 минуттай жатар алдында 10 күн бойы отырса болады. Одан ұзақ отыруға болмайды, күйіп қалу қаупі бар.Күн ыстық кездерде үстел басында тамақтанып отырғанда дастарханның айналасына айналдыра қойсаңыздар шыбын –шіркейлер азаяды.Сезонда киетін қалың киімдердің арасына жалбызды  дәкеге орап қойсаңыз, күйе көбелектер жоламайды.Бөлме ауасына өзіндік жағымды иіс қалыптастырады. Қорыта келе ; Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде демекшімін. Қолда барда,алтынның қадірі жоқ демей,айналадағы қолжетімді дәрілерді пайдалана білейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жұмыс барысында пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.С.А.Арғынғалиев «Қазақстан өсімдіктері»

2.Ә.Ә.Әметов  «Ботаника»

 

3.А.К.Кощеев «Дикорастущие растение»,Москва «Колос» 1984 г.

 

4.М.К.Көкенов.С.М.Әдекенов, Қ.Д.Рақымов «Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің  қолданылуы» Алматы, «Ғылым»1994 ж.

4.Ол кім бұл не 3-том

5. «Дәрілік өсімдіктер» Мейман Қожабеков , Гүлзина Қожабекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Авторы: Төлеби ауданы Алғабас ауылы Алғабас жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі, ғылыми жетекшісі: Турымбетова Ділбар, ғылыми жобаны дайындаған 2-сынып оқушысы Саттархан Мерей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научный проект "Хош иісті жалбыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 040 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2018 3423
    • DOCX 2.6 мбайт
    • 45 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турымбетова Дилбар Амалбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6082
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек