Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Научный проект "Менің мысығым" 4 класс

Научный проект "Менің мысығым" 4 класс


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Бұлақ орта мектебі











Зерттеу жұмысы:

Мазмұны

Аннотация________________________________________________3 бет

Кіріспе___________________________________________________4 - 5 бет

Негізгі бөлім _____________________________________________6 - 10 бет

Зерттеу бөлімі____________________________________________11 - 14 бет

Қорытынды______________________________________________15 бет

Пікір ____________________________________________________16 бет

Қолданылған әдебиеттер____________________________________17 бет


Аннотация

«Менің мысығым» тақырыбына жазылған бұл ғылыми жобамда өзімнің екі айлық кезінен асырап алған мысығымның өсу кезеңін, дамуын зерттедім. Мысығымды ұдайы бақылай жүріп адамдар ау баста қалай және неліктен мысықтарды қолға үйретті екен, мысықтың қандай түрлері бар екен, мысықтың адамға тағы қандай пайдасы мен көмегі бар екен деген сұрақтар туындады. Сосын осы сұрақтарыма жауап алу үшін түрлі журналдарды, интернет беттерін ақтарып, сұрақтарымның жауаптарын таптым. Бұдан кейін әр кезең сайын мысығымның салмағын, бойын өлшей отырып және мінез - құлқындағы өзгерістерді кестеге түсіре отырып, интернет беттерінде берілген мысықтардың даму кестесін өз мысығымның даму кестесімен салыстырып жүріп, мысығымның дұрыс өсіп - жетіліп келе жатқанына көзім жетті. Мысығымды үнемі бақылай отырып ол өте ақылды, саналы тіршілік иесі екенін де аңғардым.

Көптеген құрбы - құрдастарымның ұялы телефондар мен планшеттердегі «Том» атты мысықпен ойнайтыны, ал шынайы жан - жануарларды жақсы көру, оларға көңіл бөлу, оларды аялау сияқты қарапайым адами қасиеттерден алшақтап бара жатқаны бәрімізге белгілі. Сол себепті осы ғылыми жобамды өзім сияқты балаларға ұялы телефондардағы жан - жануарлармен ойнаған денсаулыққа зиянды екенін, ал мысық сияқты үй жануарын дұрыс күтіп - баптап асырайтын болсаң оның баланың дамуына өз үлесін қосатынын дәлелдеп беруге тырыстым.


Кіріспе

Үйге мысық асырап алу үлкен жауапкершілік. Мысықты анда - санда сипап, оған тамақ бере салумен оның алдындағы жауапкершілік аяқталды деу үлкен қателік. Ол жанды әрі саналы тіршілік иесі болғандықтан оны жақсы көре білу керек және оған үлкен күтім керек. Ал қазіргі кезде балалардың жалпы жан - жануарға деген, әсіресе мысыққа деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдері азайып бара жатыр.

Зерттеген тақырыбым: «Менің мысығым»

Менің бұл зерттеушілік жұмысымның мақсаты: мысықты қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәлімет жинастыру; мысығымның өсу кезеңіндегі іс - әрекетін, өзгеруін бақылау арқылы оған менің үйімде тұру жайлы ма екендігін анықтау; саналылығы туралы қорытынды шығару; құрбы - құрдастарыма ұялы телефондар мен планшеттерде өмір сүретін мысықтарды емес шынайы мысықты жақсы көру керектігін насихаттау;

Міндеттері:

- интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың қолға үйретілуі және түрлері туралы мәлімет жинастыру.

- өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу.

- жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару.

Болжам: осы жобамда қызықты да пайдалы мәліметтерді айта отырып, құрбы - құрдастарыма оларды саналы тіршілік иесі ретінде құрметтеу және жақсы көру керектігін түсіндіргім келеді; ал жалпы адамзат атаулы оларды өздері қолға үйреткендіктен олар үшін жауапты екендіктерін естеріне салу.

Зерттеу объектісі: өзімнің «Тұмар» атты мысығым.

Зерттеу жаңалығы: Зерттеу барысында интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың қолға үйретілуі және мысық түрлері туралы мәлімет жинастырдым. Кішкентай кезінен асырап алған мысығыма ұдайы бақылау жүргіздім. Оның даму кестесін құрдым және оны салыстырдым. Қазіргі ұялы телефондар мен планшеттерде өмір сүретін «Том» атты мысықпен ойнауды және шынайы мысықпен ойнауды салыстырып, алғашқысының зиянды екенін және соңғысының пайдалы екендігін дәлелдедім.

Жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығардым.


Негізгі бөлім

Мысықтарды қолға үйрету тарихынан

Миацидтер - бұдан 50 млн жыл бұрын пайда болған, барлық жыртқыштардың арғы тегі. Миацитар кішігірім денелі және ұзын құйрықты жануар болған. Ал жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Ливия мысығы болып саналады.


Мысық түрлері

Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр - түсі, мінез - дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып, аталады. Көптеген елдерде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істейді. Мұнда мысықтар тегі, түр - түсі бойынша арнайы кітаптарға тіркеліп, олардың көрмесі ұйымдастырылып отырады.


Ангор мысығы Бомбей

Парсы мысығы Азиаттық табби

Кимрик Сиам мысығы


Үй мысығының ерекшеліктері

Үй мысығы - өте таза хайуан болып есептеледі. Мысықты түзге шығуға өзі сұранатындай етіп үйретеді. Жүні ұзындарын күн сайын, жүні қысқаларын күн ара тарап отыру қажет. Мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге шығарады. Мойын жіп байланғаны дұрыс. Пәтерде оларға арнайы орын бөлініп, оған құм немесе топырақ, ағаш ұнтағы салынған себет әйтпесе жәшік қойып, ішін күнде жаңартып тұрады.

Мысықтың адамға пайдасы

Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді. Және де мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, екіншілері олай массаж жасамай - ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын сыйлайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Тек біздің бір білетініміз, бұрындары халық емшілерінің мысық бойындағы шипагерлік қасиетті жақсы біліп, оны іс - тәжірибеде пайдаланғаны. Қазіргі медицинада «анималтерапияның» бар екені, бұл саланың жылдан - жылға дамып келе жатқаны мысықтың емдік қасиетіне басты дәлелдердің бірі. Бұл жөніндегі ой - пікірлерге назар аударсақ, «мысық иесінің ауырған жерін дәл табатын энергетикалық – ақпараттық құрал іспеттес. Өйткені, адамның ауырған жерінің энергетикасы өзгереді де, осы өзгерісті мысық бірден сезеді».

Тағы бір таңғаларлық ой - пікір: «мысықтың биоөрісі жүректің жұмысын қалпына келтіреді, қан қысым реттейді, бас ауруын жазады, ол үшін мысыққа жақын болып, оны бір мезет сипап қою қажет». Ол адам бойындағы теріс қуаттарды да сүзіп алады. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пыр - пыр еткен үнінің өзі адамдарға шипалы. Мысықтың мияулаған дауысы – 20 - 25 герцке дейін жететін дыбыс толқындары болғандықтан, бұл мөлшердегі дыбыс диапазоны адам жарақатының тез жазылып кетуіне, сынған сүйектің тез бітуіне өте жақсы әсер етеді. Ол тіпті, ағзаның иммундық жүйесін күшейтіп, адам өмірін ұзартатын болып шықты. Сондай - ақ, мысықтың мамық терісін бірнеше минут сипасаң, инфаркт, инсульт алу қаупі азаятын көрінеді. Себебі, мысықты сипау - әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Бұл нағыз физиотерапия!

Таңғажайып оқиғалар

Мысық жыртқыш хайуан, тышқан, торғайды ұстап алып жей беретін етқұмар, итпен араз жануар саналғанымен, мысық пен торғайдың, иттің достығы тәрізді де таңғажайып оқиға, құбылыстар туралы әңгімелер көп. Жазушы Николай Семенович Тихонов «Таңғажайып қызық оқиғалар» атты хикаятында хайуандар достығы жөнінде былай деп жазады:

«... Ертемен балконға шыққанымда көрші аулада екі хайуанның шөп арасында жүргенін көрдім. Мен бұған қайран қалып, үн - түн жоқ тұра қалдым. Біздің жирен түсті еркек мысығымыздың қасында қаздаң - қаздаң басып бір қарға жүрді, ал мысық анда - санда бір қарап қояды да, қатарласып жүре береді. Бұл әдеттен тыс көрініс еді, мен оған түсінік таба алмағанымды мойындаймын. Мысық екі ауланы бөліп тұрған аласа шарбаққа дейін келіп, оның астынан өтті де, гүлзардың ішімен аяңдай бастады, ал қарға шарбақтан оп - оңай ұшып өтіп, мысықтың қасына келіп қонды.

Мен осының бәрін үй ішіне айттым; мұны көрген жалғыз мен ғана емес екенмін. Оның үстіне бұл үйде тұратын біз ғана емес, өзге келім - кетімді кісілер де мұншалықты таңғажайып достықтың куәгері болды. Таңертеңгі сағат алтыларда қарға біздің сая бақтың алдына келіп қонады да, ерсілі - қарсылы жүріп, мысықты күтеді. Сол сәтте, жирен мысық та далаға шығып, екеуі біздің аулада серуендейді немесе көрші қораға кетеді. Бұлардың алғаш ұшырасқан жері – жөке ағашының маңында жүргенін талай адам көріпті; мұнда мысық өзінің өрмелегіштік өнерін көрсетеді. Бұл кезде қарға үнсіз отырып, оның акробатикалық жаттығуларын тамашалайды. Бұдан соң мысық бұтақтардың үстінде отырады, ал қарға үздіксіз қарқылдай бастайды. Сырттан қарағанда, бұл мысықтың гимнастикасын талқылағанға немесе оған көрген - білгендерін айтқанға ұқсайтын еді; мұндайда мысық үнсіз отырып, мұқият тыңдайтын. Екеуі өстіп көп отырады да, қайтадан серуенге шығады.

Бұл оқиға жұрттың аузынан түспейтін болды. Кей адамдар мысық пен қарғаны көру үшін әдейілеп келіп жүрді. Екеуі кісіден қорықпайтын - ды, жақындап барсаң да тұра қашу дегенді білмейтін. Біраздан соң қарға ұшып кететін де, ертеңіне таңертең қайта келетін.

Алайда бұл оқиға қайғылы аяқталды. Қарға кенеттен жоғалып кетті. Ол дуал іргесінде өліп жатқан жерінен табылды. Көрші ауланың балалары үрлеме мылтық атуға жаттығып жүргенде қарға біздің қораға келіп қону үшін көршілердің жерін айналады, тым төмен ұшып келе жатқанда байғұсқа оқ тиіп кетеді...

Жирен мысық біршама уақытқа дейін ертемен далаға шығып, досын күтіп жүрді. Оның қаншама қайғы шеккенінен ешбір хабарымыз болмады. Біз хайуандардың сезім дүниесін тым аз білеміз ғой».

Мысықтар арқасымен құламайды

Нью - Йорк қаласында үйдің 32 қабатынан құлаған мысық өлмей тірі қалған. Осындай биіктіктен құлаған мысықтардың 132 - сінің 2 - еуі ғана өлетін болып шықты. Яғни, үйлер неғұрлым биік болса, мысықтардың да сақтану мүмкіндігі солғұрлым мол болады екен. Өйткені, құлап келе жатқан мысық өзінің қорғану, аман қалу «тетіктерін» көзді ашып - жұмғанша тез іске қосады. Ол бейне бір көзге көрінбейтін айналдырғыш аппарат тәрізді. Соның көмегімен ол арқасымен құлағанда аяқтарының табанын жерге төсей қоятын көрінеді. Жерге жақындағанда құлау жылдамдығы арта түскенімен, мысық табанын жайып жіберіп, аяғына түсетін күшті азайта алады. «Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінін» себебі де - осы арадағы қашықтықты «басып өткенше» біраз уақыт өтіп, денесіне жайлы болатындай етіп «қонудың» әрекетін жасап үлгіреді».


Зерттеу бөлімі

Түрлі мәлімет көздерінен мысықтар жайлы оқып білгенімнен төмендегідей түйіндіге келдім:

1. Мысықтар 15 - 20 жыл тіршілік етеді екен.

2. Мысықтардың көзі түнде жақсы көреді.

3. Олардың мұрттары “антенна” қызметін атқарады екен.

4. Мысықтар ешқашан адаспайды екен. Олар өз иесі мен үйін кез - келген жағдайда тауып алады екен.

5. Мысықтар еш уақытта арқасымен құламайды екен.

6. Мысықтар иесінің қай жері ауырса, сол жерге жатып оны емдейді екен.

7. Мысықтар ауа - райын болжай алатын көрінеді.

Өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу арқылы

оның даму кестесін құрастырдым

Жасы салмағы Мінез - құлқындағы өзгерістер

2 ай 1кг Алғаш рет суға түсірдік. Судан қорқады екен.

3ай 1, 3кг Мысығыма Тұмар деген ат қойдық. Ол жіппен, доппен ойнағанды ұнатады. Аңдып тұрып адамға қарсы жүгіреді.

4ай 1, 5кг Алғаш рет тышқан ұстады. Оны бірден жемей, біраз ойнап алды. Маған әбден үйренді. Мен мектептен келгенде алдымнан еркелеп шығып, мені қарсы алады.

5ай 1, 8 кг Тұмар күніне 5 рет ұйықтайды. Еттен басқа тағам жемейді.

Күніне 5 - 6 рет 2 - 3 түйір ет жейді. Нан және макарон өнімдерін жемейді. Көп су ішпейді. 6 рет тілімен жалап су ішеді. Түнде ұйықтайтын уақытты біледі, бізбен жату үшін ол шкафтың артына тығылып анам есікті жапқанын күтіп отырады да, ол кеткен соң зып беріп менің қойныма кіріп кетеді. Екеуіміз рахаттанып ұйықтаймыз.

6ай 2, 5кг Менің жанымда ұйықтағанды, бізбен асыр салып ойнаған

ды жақсы көреді.


7ай 3, 1кг Шомылдырғанда судан қорықпайды, яғни ол суға үйренді.

Қорегін аулауға шыққан жыртқыш аң сияқты бір бұрышта немесе қалтарыс жерде бір орында көздері жанып тырп етпей отырады. Сондай кезде біз оған кедергі жасасақ, ренжігендей сыңай танытады. Сондықтан мысығым «аңға шыққанда» біз оған кедергі жасамауға тырысамыз.


Қазіргі кезде менің көптеген құрбы - құрдастарым ұялы телефондар мен планшеттегі мысықпен ойнағанды жақсы көреді. Мен осы мысықпен ойнауды және өз мысығыммен ойнауды салыстырдым.

Салыстыру нәтижесін кестеге түсірдім

Ұялы телефондағы «Том» Менің Тұмарым

1. Мысықпен ойнап отырған бала еш қозғалыссыз отырады.

2. Ол мысық бір қалыпта өмір сүреді.

3. Бала үнемі өз дегенін істету арқылы оның бойында өзімшілдік қалыптасады

4. Үнемі бір нүктеге қарауынан көру қабілеті төмендейді


3. Денесі шынықпаған, қозғалыста болмаған баланың физикалық жетілуі төмен болады.

4. Бұл мысықтың тұрақты, оны шынайы жақсы көретін иесі жоқ, кім ұялы телефонды қолына алса, сол адам оның иесі бола қалады, және ол мысық ешкімді жақсы көре алмайды. 1. Мен мысықпен ойнағанда жүгіремін, аунаймын, секіремін. Бұның бәрі менің денемнің шынығып жетілуіне әсерін тигізеді.


2. Менің мысығым виртуалды мысық тәрізді емес, ол саналы тіршілік иесі, әркез жаңа қылықтар шығарады. Ол мені және менің отбасымды таниды.

3. Үнемі өз мысығыммен тығыз қарым - қатынаста болғандықтан, оған деген жылы сезімім пайда болды, сол арқылы жан - жануарларға деген көзқарасым өзгерді, жануарлар әлеміне деген қызығушылығым артты.

4. Мысығым мені өте жақсы көреді. Мен де оны өте - өте жақсы көремін.


Мысықтар - өте ақылды тіршілік иесі екенін байқадыңдар ма?!


Тығылмақ ойнағанда мысығым Шомылдырғанда, алғашқыда судан

мені кез - келген жерден тауып алады. қорқып еді, соңынан үйреніп алды.


Фотоға түскенді ұнатады. Бәрінен де мамық төсекте ұйықтағанды

өте - өте жақсы көреді.

Мысығым - менің келе ғой,

Құшағыма ене ғой,

Қасыма менің жата ғой

Тәтті ұйқыға бата ғой


Қорытынды

1. Менің мысығым мысықтардың даму кестесіне сай жетіліп келеді.

2. Менің Тұмарыма менің үйімде тұру өте қолайлы.

3. Мысықтар - саналы, ақылды тіршілік иелері.

4. Мысығым маған қосымша дене шынықтырумен айналысуыма үлкен көмегін тигізеді.

5. Менің бойымда жауапкершіліктің қалыптасуына үлкен көмегін тигізді.


Құрбы - құрдастарыма ұсыныс:

1. Жан - жануарларды жақсы көру керек.

2. Уақыттарыңызды тиімді әрі пайдалы өткізу үшін мысықпен дос болыңдар.

3. Ұялы мысықтан алшақтауға тырысыңдар, өйткені ол сенің денсаулығыңа қауіпті.

Ата - аналарға ұсыныс:

Өз уақыттарыңызды үнемдеу үшін балаларыңызды ұялы телефондағы мысықпен ойнатып қойғаннан гөрі шынайы мысықпен достасуларына мүмкіндік жасаңыздар. Мысық баланың жалпы дамуына көп әсерін тигізеді екен.


Пікір

Оқушыма ғылыми жоба жазайық дегенімде, өзінің ұсынысымен осы тақырыпты алған едік. Өйткені бұл тақырып алдымен оның жасына сай болса, екіншіден өзіне өте жақын әрі қызықты болды. Отбасы боп асырап алған 2 айлық мысыққа бақылау жүргізу барысында ол мысық тіршілігіндегі түрлі қызықты да, бұрын біз байқамаған сәттеріне куә болып, оны ұдайы күнделігіне жазып алып жүрді. Және мысықтар жайлы түрлі мәліметтер мен қызықты оқиғаларды ізденіп оқуға әуестенді. Қазіргі компьютерленген замандағы бала атаулының шынайы жан - жануарлардан гөрі виртуалды жан - жануарлармен ойнап кеткені бәрімізге белгілі. Томирис бұл жобада өз қатарластарына және олардың ата - аналарына виртуалды «Том» атты мысықтың олардың денсаулығына, эмоциясына, психикасына теріс әсер ететінін, ал шынайы мысықтың баланың жетілуіне пайдасын тигізетінін дәлелдеп беруге тырысты. Бұл жоба өз мақсатына жетті деген ойдамын. Дегенмен де оқушымның жоспары бойынша мысықтар әлемін зерттеуді әлі де жалғастырмақшы.


Қолданылған әдебиеттер:

1. «Сен білесің бе?» энциклопедиясы «Аруна» баспасы

2. «Балдырған» журналдары

3. Интернет желісі


«Тәтті сусындар жайлы ащы шындық»















Орындаған:

Қайыркен Темірлан Жасұланұлы

Бұлақ орта мектебінің

1 сынып оқушысы











2012-2013 оқу жылы



Мазмұны

I Кіріспе.....................................................................................................2-бет

II Негізгі бөлім

1.Сусындар патшасы атышулы Кока- Кола деген не?...........................4-бет

2. «Кока-Кола» жайлы аңыздар................................................................5-бет

3.Зерттеулер:

- «Тат басқан шегелерді тазалайық»........................................................5-бет

- «Кока-Кола және кальций қағы»...........................................................5-бет

- «Жұмыртқаның қабығы мен Кока-Кола».............................................5-бет

- «Малдың қарнын Кока-Коламен, Спрайтпен тазарту».....................................................................................................6.-бет

4. Газдалған тәтті сусындардың соншалықты қандай құпиясы бар?...6-бет


5. Сусыннан семіру...................................................................................7-бет


6. Кока-Кола – калийдің жауы..............................................................7-8-бет

7. «Кока-Кола» — қатерлі ісіктің бастау «бұлағы».............................8-9-бет

III Рефлексия .........................................................................................10-бет

Ұсыныстар..............................................................................................11-бет

Қосымшалар.....................................................................................12-19-бет

IV Қолданылған әдебиеттер................................................................20-бет














І Кіріспе





«Ас –адамның арқауы»


Халық даналығы



Жаз мезгілінде көшеде құр қол жүрген жанды сирек кезіктіресіз: біреуде – газдалған тәтті сусын,  енді біреуде – тағы басқасы… Бұл сусындардың адам ағзасына, денсаулыққа әсері қандай? Оны да ойлап қойған жөн десеңіз, тәтті сусындардан бастаңыз:

Сіздер өздеріңізге бір кесе шайға төрт кесек қант салуға рұқсат берер ме едіңіз? Сұмдық дерсіздер! Әрине, қантты шектен тыс пайдаланудың зияны туралы жақсы білесіз. Сөйте тұрып қолыңызға бір бөтелке тәтті суды ойланбай ұстай салатыныңыз бар. Ал тәтті сусындардың әр 100 грамының (!) құрамында 12 грамм қант (яғни төрт кесек) болады. Бірақ сол тәтті сусындардың өздерінің әдемі көз қызығартарлық атышулы атауларының астарында жатқан олардың құрамы туралы ащы шындықтар сіздерді ойлантты ма екен? Жоқ дейсіз бе? Өкінішті. Міне, сондықтан осы біздің тұтынып жүрген сусындар жайлы ащы шындықты ашу үшін зерттеулер жүргізу керек екен деп санадым және де неге осы дәрігерлер осынау шөлді басар тәтті газдалған сусындарға қызықпайды, оларды сусын ретінен гөрі ас үйдегі тұрмыстық ыдыстарды мысалы қақ басқан шәйнекті т.б. тазалау үшін қолайлы деп санайтынын, осының қаншалықты рас екендігіне көз жеткізгім келді. Тіпті қазіргі кезде ауылдық жерде де мал сойғанда оның ішек-қарнын тазалағанда, әсіресе қарынды осы газдалған сусын Кока-Коламен тазалап жүр, оның себебі тез тазартады екен. Сонымен бұл айтылғандардың қаншалықты мәнді екенін зерттеуді бастадым. Бұл зерттеу жұмысы тәтті газдалған сусындар өте дәмді, сонымен қатар өте зиянды, тіпті адам денсаулығына , әсіресе балалардың денсаулығына зиянды деген түрлі болжамдарды зерттейтін, растайтын тәжірибелерден тұрады.









2

Зерттеу жұмысының мақсаты: газдалған сусындардың құрамын ашу, дәмді тағамның әруақытта адам денсаулығына пайдалы бола ала ма екендігін анықтау


Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Газдалған тәтті сусындардың зияны мен пайдасын анықтау

  • Атышулы Кока-Коланың құпияларын (құрамын) анықтау

  • Кока-коланың басқа заттармен әсері

  • Газдалған сусындардың ағзаға әкелетін зияны


Болжам: тәтті газдалған сусындар өте дәмділігімен қатар, ересек адамның және балалардың денсаулығы үшін өте зиянды, тіпті өте қауіпті.


Зерттеу нысаны: Бұлақ орта мектебінің сынып оқушылары


Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныптастарымның қандай сусындарды ұнататынын және олар туралы не білетіндерін білу мақсатында сауалнама өткіздім.


Сауалнама мынадай сұрақтарды қамтыды:


  1. Тәтті газдалған сусындарды ұнатасыз ба?

  2. Қандай газдалған сусындарды көбірек ішесіз?

  3. Газдалған сусындарды қаншалықты көбірек пайдаланасыз?


а) күніне бірнеше рет

ә) күн сайын

б) күнара

в) аптасына 1 рет

г) өте сирек, анда-санда


  1. Неге газдалған сусындарды пайдаланасыңдар?

а) тәтті болғандықтан

ә) шөліңді тез қандырады

б) жай әншейін


5. Сендер осы сусындардың құрамында адам ағзасына зиянын тигізетін заттардың барын білесіңдер ме?


а) иә ә) жоқ б) маған оның құрамы бәрібір


Сонымен бастауыш сыныптардан сұралған 28 оқушының:


-26-сы газдалған сусындарды жақсы көреді (%)

-көбінесе ішілетіні «Пепси», «Фанта», «Кока-кола», «Спрайт», «Лимонад», «Екстрим»

-10 адам сусындарды күнде ішеді (), 6-еуі күнара (), 5-еуі аптасына 1 рет (), 2-еуі күніне бірнеше рет, 5 адам анда-санда , сирек ішеді

-бұл сусындарды негізінен тәтті болғандықтан және шөлді тез басатындықтан ішеді екен

-20 оқушы газдалған сусындарда зиянды заттар бар екенін біледі, ал үшеуі білмейді, 5-еуіне оның құрамы бәрібір болып шықты

ІІ Негізгі бөлім: «Сусындар патшасы атышулы Кока-Кола деген не?»

Қарастырылған әдебиеттердің мәліметтерінен анықталған, интернеттен алынған мәліметтер бойынша Кока-Коланың неден жасалатындығын, яғни құрамымен таныстым және осы құрамның адам ағзасына тигізер әсері жайында ақпарат алдым.


Кока-Коланың сыртқы зат таңбасында (этикеткасында) жазылған құрамнан басқа, яғни

  • Су

  • Қант 11%

  • Көміртек диоксиді

  • Бояғыш зат (қант колері IV)

  • Ортофосфор қышқылы-қышқылдық реттеуші (фосфордың 170 ррm)

  • Кофеин (140 ррm)

  • Хош иістендіргіштер


Міне, құрамына осындай заттар және Кока-Коланың беймәлім құпия нәрлендіргіштері кірген. Зерттеушілер бұл жұмбақ заттардың табиғи бояғыш «кармин» және тағамдық қоспалар «кошениль» сияқты кошениль құрттардан алынатынын анықтап отыр. Кошениль дегеніміз-бұл кокцид отрядына жататын әртүрлі жәндіктердің , яғни қызыл бояғыш кармин алынатын ұрғашы жәндіктердің жалпы атауы.


«Сусындардың алды Кока-кола жайлы аңыздар»

Күнделікті өмірдегі адамдар арасында, көптеген БАҚ –ында осы газдалған сусындар жайында түрлі әңгімелер айтылып жүр. Солардың кейбіріне тоқталмақпын:

  1. Газдалған сусындар татты, қақты еріте алады

  2. Онымен киімдегі майлы дақты кетіруге болады

  3. Газдалған сусынмен машинаның бояуын кетіруге, бүлдіруге болады

  4. Еттің бір кішкене бөлігін алып пышылдақ сусынға салып қойса, 1 аптада езіліп кетеді

  5. Сүт тістер газдалған сусында тұрса 2 күнде, ал азу тістер 1 аптада үгітіледі

  6. «Кока-Коланың» керемет «қасиеті» арқасында адамдар оны машинаның радиоторын жууға, трубаларды тоттан тазартуға пайдаланады екен. Тәжірибе жасағандардың айтуынша, «нәтиже» жаман емес тәрізді. Кез келген дақты «жұлып» алып, айнадай жалтыратып қояды

Осылардың кейбірін тексеріп көрдім. Енді сол зерттеулерге кезек берсек.


1-тәжірибе: Тат басқан шегені тазалау


Болжам: газдалған сусын татты өте тез, жеңі түрде кетіріп береді.


Сонымен, тат басқан шегелерді бірнеше сағатқа «Кока-колаға» салып қоялық. 2-3 сағаттан кейін қарасақ, тат кетіп қалды.


Бұдан шығатын қорытынды: газдалған сусын татты тез арада жоқ қылды, ендеше құрамында бала ағзасына зиянды заттар бар деген сөз.


2-тәжірибе: «Кока-кола мен кальций қағы »


Болжам: газдалған сусын кальций қағын кетіреді.


Қабырғасында кальций қағы тұрып қалған шәйнекке «Спрайт» лимонадын құямыз. Оны қайнатамыз. Бірінші қайнатқаннан-ақ, оның қабырғасындағы қақ түсіп қалды.


Бұдан шығатын қорытынды: газдалған су шәйнектің оңайлықпен кетпейтін қағын тез арада түсірді, ендеше бала ағзасына зиянды заттар бар деген сөз.


3-тәжірибе: «Газдалған лимонадтар және жұмыртқа қабығы»


Кока-кола құйылған стақанға жұмыртқаны салдық. 3-4 күннен кейін сырты жұмсарып қалғаны байқалды.


Бұдан шығатын қорытынды: тәтті газдалған сусындар кальцийді бұзады. Ендеше, бала ағзасына зиянды заттар бар.


4-тәжірибе: «Малдың қарнын Кока-Коламен, Спрайтпен тазарту»


Болжам: Еттің аздаған бір бөлігін пышылдақ сусынға салса, бірнеше минуттан соң аппақ боп кетеді.


Стақанға Кока-Кола құйып, оған қарынның кішкене бөлігін саламыз. 15 минуттан кейін қарын аппақ болып тазарды.


Бұдан шығатын қорытынды: тәтті газдалған сусындар малдың қарнын осылай аппақ қылып жіберер болса, адам ағзасына өте қауіпті.


Сонымен, бұл газдалған тәтті сусындардың соншалықты қандай құпиясы бар?


Осылайша тәтті, әдемі сусындардың адам нанғысыз қасиеттерінің сырын білу үшін медициналық мәліметтерден бұл газдалған сусындардың құрамына не кіретінін анықтадық. Сонымен, оның құрамын және кейбір медициналық мәліметтер:


  1. Көмірқышқыл газы (көміртек двуокисі). Ол адамның асқазан қышқылын жоғарылатады.

  2. Ортофосфорлы қышқыл-бұл қышқыл жерді тыңайтқыштармен өңдеу жұмысына көп қолданылады және де дәрі-дәрмек жасауда, металдардан жасалған заттарды қаптауға қолданылады. Баланың асқазанында бұл зат өте күшті жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін. Бүйректе тас жиналуына әкеп соқтырады.

  3. Лимон қышқылы-өте күшті аллергияны тудыруы мүмкін

  4. Кофеин-жүйке жүйесіне әсер етеді. Кофеинді көп пайдаланатын балалар өте тынышсыз болып келеді, ұйқысы нашарлайды, жиі бастары ауырады. Сабақта мұқияттылығы төмен бола бастайды.

  5. Бояғыштар-газдалған сусындарда көбінесе «сары бояу 5» деп аталатын бояғыш зат қолданылады екен. Бұл зат күшті аллергиялық аурудың қоздырғышы.

  6. Калий ацесульфамы-бұл қант алмастырғышы. Ол сахарозадан 200 есе тәттірек. Құрамында жүректің жұмысын төмендететін метил спирті бар. Адамның бір нәрсеге бас ала алмай дағдыланушылық қасиетін тудыратын зат. Бұл зат адам ағзасында жинақтала беруі мүмкін. 3 жасар балаларға қолдануға тыйым салынған зат.

  7. Аспартам-бұл да қант алмастырғышы. Адамда бас ауруын , шаршаңдықты, бас айналуды тудырады. Сондай-ақ, лоқсуға, құсуға, жүрек соғуының күшейіп кетуіне, есте сақтау қабілетінің төмендеуін әкеп соқтырады.

ЕуроОдақ елдерінде құрамында аспартам аталатын синтетикалық

қант алмастырғышы бар сусындарды балаларға беруге тыйым

салынған Зерттеушілер аспартам құрамына енетін

фенилаланиннің жүйке жүйесіне және миға кері әсері барын

анықтаған: фенилаланинді көп мөлшерде қабылдаған адам

ызақор, қатыгез келеді, түрлі қылмыстарға бейім болады, сондай-

ақ ол ми жұмысын, ақыл-ой дамуын тежейді.

ЕуроОдақ елдерінде құрамында аспартам аталатын синтетикалық

қант алмастырғышы бар сусындарды балаларға беруге тыйым

салынған.

Әдетте, өндірушілер балаларға арналған тәтті сусындарды «Пәлен витамин бар!» деген әдемі жарнамамен ұсынады. Ал олардың құрамындағы денсаулыққа, психикаға орасан зияны бар заттар туралы жақ ашпайды. Әдемі жарнаманың «қақпан» екенін адамдардың әрдайым ескере бермейтіні өкінішті-ақ…

Сусыннан семіру

Ғалымдар біраз уақыттан бері осылай дабыл қағып отыр. Бүгінде әлемде жыл сайын 552 миллиард литр алкогольсыз сусын тұтынылады, яғни әр адам 83 литр сусын ішеді екен. Соңғы көрсеткіш АҚШ-та 212 литрге жеткен. Соған орай Америкада семіздікке ұшырағандар саны да басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Солтүстік Каролина штаты университетінің ғалымдары бүгінде америкалықтардың тәуліктік калория мөлшерінің 21 пайызын тәтті сусыннан алатынын анықтаған.

Зерттеушілердің сөзіне сенсеңіз, тәтті сусындарды, әсіресе, салқын күйінде ішу – семірудің тікелей жолы. Өйткені салқын сусындар 4-5 сағат қорытылуы тиіс тағамды асқазаннан 20-30 минутта «қуып» шығады да, адам өзін аш сезініп, қайта-қайта тамаққа ұмтылады екен.

«Кока-Кола» – калийдің жауы

Жуырда Грекиядағы Иоаннин университетінің докторы Моше Элисаф жетекшілік еткен зерттеушілер тобы тәтті сусындардың кең таралған бір түрі «Кока-Коланың» ағзада калий жетіспеушілігін тудыратынын анықтады. Бұл топ «Кока-Коланы» көп мөлшерде – күніне 3-7 литр – ішетін жандарды бақылауға алып, олардың ағзасында калийдің тиісті деңгейден әлдеқайда төмен болатынына көз жеткізген. Ғалымдар калий жетіспеушілігін сусын құрамындағы фруктоза, глюкоза және кофеинмен байланыстырады. Калий бұлшық еттер жұмысын реттейді. Аталған минерал жетіспеген жағдайда адам өзін әлсіз сезінеді, ал калий жетіспеушілігі ұзаққа созылса, сал ауруына, яғни мүгедектікке апарады.



«Кока-Кола» — қатерлі ісіктің бастау «бұлағы»

ҚР Парамент Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов Палатаның отырысында ел азаматтарының күнделікті пайдаланып жүрген азық-түлік сапасының жағдайы қоғамда алаңдатушылық туғызып отырғанын жеткізді.

Елімізде кең қолданысқа ие болған «Кока-Кола», «Пепси» сусындарының адам ағзасына қаншалықты зиян келтіретіні туралы ғаламторда жарияланған деректерді алға тарта отырып, Америка Құрама Штаттарының ғалымдары бұл сусындарды жасауға пайдаланатын карамельдің негізінде жасалған бояғыштар қатерлі ісіктің дамуына себеп болатындығын айтып өтті.

Атап айтқанда, бұл заттар өкпе-бауырдың, қалқанша бездің қатерлі ісігіне және лейкомияға әкеліп соқтырады екен. Қауіпті қоспа «Кока-кола» компаниясының 5 түрлі өнімінде айтарлықтай мөлшерде табылған».

Тағы бір қызығы, тағамдардың зат таңбасында (этикетка) денсаулыққа қауіпті деп көрсетілмеген. Қант орнына қолданылушы зат – аспартаманың тағам құрамында бары да жазылмаған көрінеді. Ағзаға түскен бұл қышқыл метилдік спиртті құрап, ол қатерлі ісікке апарып соқтыратын формальдегидке (канцерогенге) айналатындығы бертінде анықталған.

Біз сөз етіп отырған мәселені Ресей Федерациясы тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы әлдеқашан сезіп, «Кока-Кола Лайт» сусынын сатуға тыйым салу жөнінде сотқа жүгінген.

Осыдан кейін газдалған сусын ішкен адамның ағзасын бақылап көрсек;


Алғашқы 10 минутта : адам ағзасына 10 шай қасық көлемінде қант (күнделікті қолдануға ұсынылған мөлшердің ең жоғарысы) түседі. Әдетте бұл жағдайда адам қанттан жүрегі айнуы керек. Бірақ адамның қанттан жүрегі айнымайды, себебі фосфор қышқылы сіңірілуіне жағдай жасай бастайды, яғни жоғары мөлшерде келіп түскен қант мөлшерін баса тұрады.


20 минуттан кейін қандағы қант құрамы жоғарылап, инсулинге әкеп шалдықтырады. Ал бауыр бұған бұл кезде алғашқыда қантты майға айналдыру арқылы әсер береді.

40 минуттан соң кофеиннің сіңірілуі тоқтайды. Содан көз қарашығы ұлғаяды, артериялық қан қысымы жоғарылайды, бауыр енді қанға көп мөлшерде қантты бөле бастайды. Ұйқысыздық басталады.


45 минуттан соң мидың қанағаттанарлық орталығын қозғайтын гармонның, дофаминнің түзілуі жоғарылап кетеді. Дәл осылай героин қолданғанда болады.

1 сағаттан кейін фосфор қышқылы ішектегі адам ағзасына қажетті кальций, магний, цинкті байланыстырып мұнымен метоболизм процесін ұлғайтады. Ақыр соңында кіші дәретпен бөлініп шығатын кальций мөлшері көбейіп кетеді, яғни адам ағзасындағы керекті кальций мөлшері азйып кетеді.


1 сағаттан артық уақыт өткенде кофеиннің кіші дәретпен шығарылуы жилеуге әкеледі де дәретханаға шамадан тыс бара беру пайда болады. Сонымен, бұл процесте сүйектің өсуіне қажетті кальций, магний, цинк ағзадан шайылып шығарылаып тасталады және натрий, электролит, су сияқты заттар да шайылып кетеді. Осының әсерінен адам ашуланшақ, әрі шаршағыш, солғын болып, жұмысқа қабілетсіздік танытады, баяу бола бастайды.


Бұдан шығатын қорытынды:


  1. Алынған зерттеулер газдалған сусындардың бала ағзасына қауіпті екенін растайды

  2. Газдалған сусындарды көп пайдаланудың салдары ас қорыту мүшелерінің ауруларына әкеп соқтырады


Енді осы қауіпті сусындардың қазіргі таңдағы қоланылу аясы қандай екнін көрейік: бір қызығы көптеген елдерде Түркияда, АҚШ-та, Үндістанда бұл сусындарды ішуге мектеп оқушыларына тыйым салған екен. Соңғы кездері Ресейде де тыйым қойылыпты. Қуанышты және өкінішті. Қуаныштысы бұл елдерде тыйым салынғаны, ал өкініштісі біздің елде оның әлі қолға алынбағаны.


Сондықтан естеріңізде болсын, газдалған сусын:

  • Адам ағзасындағы «В» дәрумендері тобын құртады

  • Асқазан ауруларын тудырады

  • Сүйектің жетілуіне және тістің өсуіне кері әсерін тигізеді

  • Күшті аллергиялық аурулар тудырады

  • Иммунитетті төмендетеді






ІІІ Рефлексия


Дүниені танып білу оған деген таңқалудан, қызығушылықтан басталады демей ме. Бұл көне даналық. Осы сөзді оқыған сайын оның мәніне көзіңді жеткізіп таң қаласың. Тәжірибе жасау кезінде бүкіл жағдайларды достарыммен қызығушылықпен байқадық.. Сөйте отырып көз жеткіздік.

«Ал менің асқазанымның жағдайы қалай ?» бұл сұрақ жай үстірт қойылған сұрақ емес, терең мағыналы ойландыратын сұрақ болуға тиіс. Әркім не ішкісі келсе де, не жегісі келсе де өз еркі, бірақ ол өзі үшін ішетінін ұмытпауы керек.Достарыммен газдалған сусындарды ішпейміз деп бірауыздан қолдадық Бұған ешкімнің ант су ішіп, серт беруінің қажеті жоқ, себебі ағза, денсаулық әркімнің өзінікі және де бабаларымыз айтып кеткен асыл сөздерді мысалы, «Аурудың бәрі астан (мұның астарында бүгінгі айтылған мысалдар жатыр)», «Ас адамның арқауы» дегендерді естен шығармайық. Бұл жай айтылған сөз емес, астарлы, мағыналы халық даналығы.






































Ұсыныстар


Тамақтанудың салауатты мәнері:


Тәні саудың – жаны сау” – деп атамыз қазақ дөп басып айтқан сияқты. Ал, деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтану қажет. Ас – адамның арқауы, өмірінің жалғастырушысы, ал кейде өмірін тоқтатушы ажал көзі. Дұрыс тамақтанудың маңызы, оның денсаулыққа әсері бізге көптен белгілі. Тамақтану – біздің биологиялық қажеттілігіміз.

Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50℅ тамақтануға, 20℅ қоршаған ортаның әсерлеріне, 20℅ тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10℅ ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты. Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсақ, соның 35℅ тамақтанудың үлесіне тиеді.


Сонымен,


1. Тамақтанудың режимін бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге қажетті үйлесімдігін сақтай отырып, энергия кірісі мен шығынының тепе- теңдігін сақтауға тырысыңыз


2. «Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық даналық. Бұл лебіздің ғылыми негізін зерттеулер растайды. Алма көптеген витаминдер мен минералды заттардың қайнар көзі болып табылады.Балықты пайдалануды ұмытпаңыз.


3.Асты дұрыс қабылдаңыз. Бүтін дәндер жайлы ұмытпаңыз: қоңыр күріш, оғаш бастырылған нан және құрамында талшықтары көп басқа да дәнді дақылдар


4. Иммунитетті күшейтіңіз. Ауырмау үшін, ағзаның қорғаныс күштерін жоғарлатыңыз. Бұл мақсатта лакто- және бифидобактериялармен сүтті тағамдарды қабылдауға ұсынады.


  1. Өте көп ішіп-жемеңіз










Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Кока-Коланың зияны» - http://chelnycity.ru/2007/08/21/vred_kokakoly_i_drugikh_gazirovannykh_napitkov.html

2. «Кока-Коланың құрамы?» - http://forum.kris.kz/index.php?topic=6102.0http://www.kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action;jsessionid=CC95C1BB18766FD38E20F71F277B063D.node1?newsId=53704


3. Ақтөбе газеті -http://www.aktobegazeti.kz/?p=2306


4. Айқын Республикалық қоғамдық саяси газетіhttp://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=386


  1. Қазақ заман -http://forum.kris.kz/index.php?topic=6102.0http://www.kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action;jsessionid=CC95C1BB18766FD38E20F71F277B063D.node1?newsId=53704


  1. Денсаулық журналы-№2 2009ж



  1. ЗОЖ газеті-№5 2008ж









































Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров159
Номер материала ДВ-461082
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх