Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Научный проект на тему "Асқабақ" (текст)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Научный проект на тему "Асқабақ" (текст)

библиотека
материалов

Ғылыми жоба тақырыбы: «Асқабақ-пайдалы көкөніс».

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

1. 1. Асқабақтың шығу тарихы

1. 2. Асқабақтың пайдалы қасиеттері

1. 3. Асқабақтың тұқымдастар сипаттамасы

2.Қорытынды.

3.Пайдаланылған әдебиеттер



КІРІСПЕ

Болса да табиғаттың бір есебі,

Әлсіздер күштіменен теңеседі.

Мәңгілік мызғымайтын тас қой десең,

Тасты да, жарып шығып гүл өседі.



Ақын ағамыз жырлағандай, адам да табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі - дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол - өмір, ол - жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады.

Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады. Америкадан таралған және шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді. 100г асқабақта 19 ккал бар.

Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор , А, В1, В2 және С дәрумендері болады.

Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында, асқабақты арықтауға себепші болатын ем - дәмдерді жиі қолданылады. Ағзадағы ас қорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады, зат алмасудың артық өнімдерін жояды және су тепе - теңдігін реттейді.

Минералды тұздарға және дәрумендерге бай. Несеп, жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және дәндері паразиттерді жояды.



1. 1. Асқабақтың шығу тарихы

Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол біздің заманымыздан 3000 жыл бұрын Мексикада мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Біздің елде асқабақтың үш түрі: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіріледі.



Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Асқабақтың басқа түрлеріне қарағанда, оны солтүстік аудандар өсіреді. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді - түкті келеді

Асқабақтардың Алтайская, Мозолеевская, Бирючекутская, Миндальная, Столовая зимняя, Кашкарская, Палавкаду сияқты сорттары бар.

І. 2. Асқабақтың пайдалы қасиеттері

Асханада: Асқабақты кесуден алдын оның қабығын тазалап жуу керек. Кейін үстіңгі қабатын кесіп, екіге бөліп және ұрығынан тазалау қажет. Қандай тағам дайындауға қарап бөліңіз. Асқабаққа су қоспай пісіреді. Асқабақты бүтіндігінше пісіру де мүмкін, ол үшін ойып алынған жерін төмен қаратып, көлеміне сай ыдыста газ плитаға қойыңыз. Асқабақты чипсилер үшін жұқа қылып кесілген бөліктерді ұнға аунатып, қыздырылған майға да қызарып қабыршақтанғанша қуырып алынады. Асқабақты қуырғанда артықша сұйықтық болмай үшін оны кәді сияқты пісіру мүмкін: асқабақ бөліктерін тұздап, 2 сағатқа алып қоясыз, кейін қағазда құрғатып, қуырып аласыз. Асқабақты шикілей де, пісіріп те пайдаланады.



Асқабақтан дайындалған пюре, самса, сүтке пісірілген асқабақ ботқасы, асқабақ мәнтісі , шикі асқабақ шырыны, асқабақ құймағы өте дәмді, әрі пайдалы. Қуырған асқабақ ішектің сауығуына көмектеседі., қан аздықтың алдын алуда, жарақат алғанда, күйіп қалғанда, жұқпалы ауруға шалдыққанда өте пайдалы әрі несеп және өт айдағыш қасиетке ие. Асқабақ пюресінде көміртегі мен калория аз болғандықтан, оны қантты диабетке және семіздікке шалдыққандардың күнделікті дәміне қосып береді.



І. 3. Асқабақ тұқымдастар сипаттамасы

Асқабақ – көп күн талғамайтын, ексе бау - бақшаның бәрінде өсе беретін бір жылдық өсімдік. Сабағы жерге жатып, желі тартып өседі. Жапырағы ірі, гүлі сары, жемісі әр түрлі, кейде ересек адамның құлашы жетпейтіндей үлкен болып өседі. Асқабақ тұқымдастардың ұзын сағақты, жай жапырақтары болады.

Асқабақтың өсетін жері, гүлдеу мерзімі, тұқымдану кезеңі, сол өсімдіктердің қандай бөліктері дәрілік мақсатта пайдаланылатындығын анықтап шықтым. Зерттеу жұмысын жүргізіп, соңынан талдау жасадым.

Асқабақтың адам өмірі үшін өте маңызды өсімдік екенін зерттеп шықтым. Ол жүрек - тамыр аурулары мен бүйректің әр түрлі аурулары үшін пайдалы. Асқабақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар семіздіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін пайдалы. Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен органикалық қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейді.

Жас асқабақтың үгілген жұмсағын денедегі бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікке басады. Ішек құртына қарсы дәру ретінде пайдаланады. Дәндерінің қайнатпасын гельминтоздарды емдегенде қолданады.







Қорытынды.

Қорытындылай келе, әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана отырып адамдарға ұсынамын.



«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Жас ғалым» журналы.№4. Сәуір. 2011 жыл.

2. «Ақтөбе» газеті. 12 мамыр. 2006 жыл.

3. Биология оқулығы. «Атамұра 2007ж».

4. «Егемен Қазақстан» 2011ж. № 5



Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров65
Номер материала ДБ-085519
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх