Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Научный проект на тему "Казахский приметы"

Научный проект на тему "Казахский приметы"

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



«Май жалпы орта білім беретін мектебі» ММ






Ғылыми жұмыстың тақырыбы: “Қазақ халқының ырымдары мен тыйым сөздерінің сақталуы»



Орындаған: Бейсекеұлы Асылжан

7-сынып оқушысы


Жетекшісі: Муратова Гулайым Кабдыкаримовна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі





2014-2015 оқу жылы

1. Ғылыми - жобаның мақсаты: Қазақ халқының мәдениеті мен мінезін, тұрмыстық салт ерекшеліктерін даралап көрсетумен қымбат. Ел есінен шығып бара жатқан қазақ халқының ырымдарының түрлері мен жоралғыларын тауып, жүйелеп ашып көрсету.

Тәрбиелік мәні:

Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.

2. Зерттеу гипотезасы:

Зерттеу гипотезасы ретінде қазақтың ырымдарының түрлерімен жан-жақты танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау. Әдетте ата-бабаларымыз өмірдің өзінен алынған ырымдар арқылы бала-шағасын кездей соқ қауіп-қатерден, айтпай келетін алуан түрлі бәле-жаладан қорғап отырған. 3.Зерттеу кезеңдері:

1. Қазақ халқының ырымдары жөнінде ауыл адамдарының ауызынан жазып алынған, өздері күнделікті өмірде жиі қолданатын, жалпы ауыл арасында кең тараған ырымдарды, ғылыми әдебиеттерді, ырымдар жөнінде кітапшаларды жинақтап, оларға жалпы шолу жасау.

2. Ырымдардың түрлерімен жеке танысып, оның мән-мағынасымен танысу.

3. Оның қай жерлерде қолданылатынын аясын білу.

4. Ырымның тұрмыста пайдасының зор екендігін ұғындыру.

4.Эксперимент әдістемесі:

1. Болашақты болжау, болуға ықтимал қатерден адамды алдын ала сақтандырып отыратындығы жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу.

2.Ырымдардың күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу. Яғни, адамды белгілі бір қатерден қорғандыру, сақтандыру.


5. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

hello_html_m735825b.jpgЫрым-тыйым жақсылыққа бейімдеп, жамандықтан сақтандырып отырады. Міне, бұл–ырым-тыйымның басты қағидасы. Осыған байланысты арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ырымдардың алатын орнын, маңыздылығын, оқушыларға күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.




hello_html_m5efea901.jpg



hello_html_mf90677a.jpg

















Мазмұны


Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Негізгі бөлім

Отбасы, тұрмыс мәселелеріне байланысты ырымдар. . . . . . . . . . .

Балаларға байланысты ырымдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қасиетті төрт-түлікке байланысты ырымдар . . . . . . . . . . . . . . . . .

Ырымдардың қолданылу аясын анықтау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Кіріспе

-Қазақ халқының тәрбиесіне келер болсақ, тыйым сөздердің алар орны ерекше. Тыйым сөздер тәрбиенің балбұлағы емес пе ? Қазақта тыйым сөздер көп. Алдыңа ас келгенде тәубе айтып жеу, нанды, қасықты оң қолыңмен ұстау, асты шашпай жеу, қалай болса солай аузыңа салмай, асықпай шайнап жеу секілді ас ішудің де өзінің керемет тәртібі бар. Осындай ұсақ-түйек тыйымның өзі ертеңгі күнгі үлкен тәрбиенің қайнар бұлағы екенін ұғына білуіміз керек. Аяқ киіміңді кигенде оң аяғыңнан бастап кию, тәубе айтып жүру, міне, осының бәрі-үлкен тәрбие. Осындай адамның рухани дүниесін байытатын көп нәрсені жоғалтып алғандаймыз. Қазір біздің баламызды әкесі мен шешесі тәрбиелеп жатқан жоқ, компьютер мен теледидар тәрбиелеп жатыр. Қай-қайдағы сұмдықтарды көрсеткенде, қарауға адам ұялады. Осындай келеңсіздікке жол беру арқылы, ұрпақтың санасын улап, келешегінің кемел болуына кедергі жасаймыз.

Орта Азияның қоңыр үйегін мекендеп келе жатқан қоңыр мінезді қазақ халқының табиғаты басқа халықтарға қарағанда өзінің ерекшелігін байқатады. Біз тұрмыс-салтымызда ырым мен тыйымға айрықша мән беретін елміз.

Ырым мен тыйым дүниежүзі халықтарының бәрінде бар. Бұлардың ұқсастығы- екеуінің де тәрбиелік мәнге құрылғандығында. Ырым- тәрбие. Тыйым- салтымызбен сабақтасқан шарт. Халқымыз Ай мен Күнді және жұлдыздарды ерекше құрмет тұтқан. Тіпті, оларды қолын шошайтып көрсетпеген де. Әсіресе, жаңа туған айды көру қазақ үшін бір ғанибет. Айды өздері кие санаған. Жаңа айға қарап тұрып: «Ей, Тәңірім, жаңа айдай жарылқа, ескі айдай есірке. Еліме тыныштық, отбасыма амандық бер», деп бетін сипаған.

Қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарының қазақ халқының өмірінде алатын орны ерекше.

Ұлы Даланы сан ғасырлар бойы мекендеген ата-бабаларымыз қылыш ұстап серт берген дәуірден- құран ұстап ант берген заманға дейін талай-талай асулардан асып, бұралаң-бұлтарысы көп долдардан өткен. Сырт көзге сыр бермейтін көшпелі өмір-тіршіліктің қаншама асылдары мен құндылықтары тарихтың аударылған ауыр парақтарының астында қалып бара жатыр.

Қой да баққан, ойда баққан халқымыздың ырымдары, наным-сенімдері жөнінде балаларға, жалпы көпшілікке үлгі боларлық қағидалар өте көп.

Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерімен танысып, оқып білу үлкен жұмыс. Оның бәрін қамти алмасақта, сол жұмыстың бір тамшысындай болатын ырымдарға байланысты сөз айтылмақ.

Шоқан Уәлихановтың 1862-1863 жылдары жазылған «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» атты мақаласына көңіл аударайық: «Қазақтар туралы барлық зерттеушілердің айтуынша да, барлық географиялық нұсқауларда да: қазақтар- мұсылмандар, бірақ шамандық ырым, сенімді ұстайды. Олар мұсылман дінініне табынуымен қоса шамандық нанымдарға да иланады....».

Қазақтың бүкіл салт-сана, әдет-ғұрып, наным-сенімдерінің, ырымдарының бастау бұлағы Көк Тәңірге, Көк Аспанға, табиғатқа табынған қадым замандарда жатқанына шүбәсіз иланамыз.

Бүгінгі күнге қазақ ырымдарының ғасырлар көшінде әбден сана сүзгісінен өтіп, ешқандай күмән туғызбайтын, наным- сенімге әбден берік ұялаған түрлері ғана жеткенге ұқсайды. Бірақ ғылыми бағасын алып, толық елеп-екшеуден өткізілмегендіктен де бір ізгі, жүйеге түсірілген жоқ. «Малым- жанымның садағасы, жаным- арымның садағасы» деп ғұмыр кешкен ата-бабамыздың тіршілікте ұстанған позициясы, көзқарасы арман-аңсары да осы ырымдарында терең жасырынып жатқан тәрізді. Бұған жан-жақты ғылыми талдаулар жасалатынына үміт артамыз.

Ырым жеке адамның немесе қауымның жору, болжау арқылы орындауға тиісті ережелері. Халықтың ұғымында ырымдар екі түрлі болады.

1. Жақсы ырым. Мысалы:

а. Үйдің шаңырағына қарлығаштың ұя салуы.

ә. Баланың тонқайып жол қарауы.

б. Сауысқанның шықылықтауы.

2. Жаман ырым. Мысалы:

а. Жақ таяну, бүйір таяну.

ә. Малды тебу.

б. Ақты төгу.

1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе - бұлар жаман әдеттер. Ертеде кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін таянып жоқтау айтқан.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген. Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.
3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді - ырымдарды ұмытпай бір - бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.

Ырымның негізгі ерекшелігі – ол өте-мөте себеп-салдары. Оны мифке жақындатып тұрғаны дәл осы сипатты. Мифтік танымда әлем қарама-қарсы екі жілікке жарылып тұрады: жақсы-жаман, адал-харам, ыстық-суық, обал-сауап, шарапат-кесеапат т.б. Ал, барлық ырым осы керағар түсінікке табан тірейді.

Ырым халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп туған жерге аунату, батыр болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, Шыңғыс Шоқанға ырымдап Сегіз серінің (Мұхаммед-Қанапия) атын қойғызған. Абай, Абылай, Бауыржан, Олжас, Сәкен, Қаныш, Нұрсұлтан есімдерін қазір де ата-аналар өз балаларына ырымдап қойып тұр. Халықта жасы 100-ге келген адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу салты бар.

Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар баласына Күшік, Итбай, Итемген, Малай, Башай, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі болады деп ырымдаған. Жалпы айтқанда ырым халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Сөйте тұра кейде халқымыз “Қазақ ырым етеді, ырым қырын кетеді” деп те айтып жібереді. Бұл сөз ырымның бәрі бірдей орындала бермейтінін ескерткені деп түсіну керек.

Әр ырымның өзегінде бір замандарда қоғамда маңызды роль атқарған әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрдің сарқыны қуатты қайнар көзі жатыр. Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден білген. Тіпті малдан айырықша қасиетін, ерекшелігін халқымыз өздерінің тіршілік өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Мысалы, мал төлдеп жатқанда балалардың асық ойнауына болмайды. Өйткені асық ойнағанда сақа мен кенейлерді соғыстырып, шаңқылдаған дыбыс шығарады. Міне осы дыбыс мал киесін ызаландырады, төл шығын болады. Ия болмаса, жылқыны басқа бір алыс жерге апарғанда бұрынғы тұрған қорасындағы тезегінен ала жүріп, шым- шымдап жемге қосып береді. Сонда жылқы жат жерге тез үйренеді. Және бұрынғы жерін аңсап, қашпайды деп есептеген т.б. Ырым кейде қандай да бір шұғыл әрекетке байланысты туындайды. Оған қауым мән беріп, бір мезет назар аудару арқылы қарымта жауап (пікір-тілек, көзқарас, баға) білдіреді. Мәселен, біреу оқыстан түшкірсе, оған көңіл бөлініп, мынадай сөздер айтуға тиіс: Мысалы:

Жәрекімалла, жарылқа,

Құнан қойдан қойдан қабырға” т.б

Ырымдарға сенбесең де, “солай болып қалса қайтем ” деп психикаңа кері әсер етіп тұрады. Ондай сәттерде мүмкіндігінше, көңілге алмауға тырысу керек.

Кей ырымдардың беретін тағылымдық мәні бар шығар. Әйтсе де, діни тұрғыдан алғанда көбісі кереғар келіп жатады. Қазақ халқы сан ғасырлар өтсе де, түрлі ырымдарды әлі күрге дейін ұстанып келеді. Бүған ешкім шек қоя алмасы анық. Мысалы, жылан үйге кіріп кеткен жағдайда оған айран немесе сүт құйып шығару ежелден келе жатқан ырым десек те болады. Бұған біздің түйгеніміз, мінезі қойдан жуас келетін қазақ халхының зиян тигізетін жәндік пен жануарына да еш залалын тигізбей шығарып жүберуінің өзінде үлкен тәрбиенің бастауы жатыр.

Адам есінегенде аузын міндетті түрде қолымен жабуы керек. Сол қолдың сыртымен, оң алақанның ішкі бөлігімен жапса да болады. Тырнақты тістемейді. Қолды ауызға салмайды. Үйге кіргенде босағаны кермейді. Төгілген күлді баспайды. Ағын суға дәрет сындыруға, түкіруге болмайды.

Қазақ халқында жер бауырлап жатып жылау- жаман ырым. Түбі жақсылық емес деп түсінеді. Балаға түкірту ырымының мәні зор. Бала енді-енді тілі шығып, ойын баласына айналып келе жатқанда жасалатын ырым. Мұны жасау кез келгенге бұйыра бермейді. Абыройы асқан, ауылдың көпті керген кісісіне «сендей болсын, елге сыйлы, халқының қамын жейтін азамат болсын»-деп баланы түкіртіп алатын болған. Көбіне қолөнер шебері, дәулескер күйші, дарынды әнші, болмаса көп жасаған абыз қарияларымызға түкіртетін болған. Бұл ырым әлі күнге дейтін қазақ салтында қолданылып келеді.

  1. Түнде үйдің үстіне байғыз деген құс қонып, шықылдап түрғанда дереу үйден бір көсеуді шала жандырып қуалайды.

  2. Күндіз қарға үйге қарап қақ-қақ десе, аса көп жаман көрмейді. Хақ сөйле, - дейді. Әлгінің ақыры қуаныш болып бітер,- деп жориды.

  3. Ит келіп бұтын көтеріп, үйге сисе, құт құйды-құт құйды деп, оны жаман демейді.

  4. Ит аспанға қарап ұлыса, жаман көреді.

  5. Үй ішінде қазан асып, есікке қисайтып аспайды. Есікке қисық болса, несібе төгіліп кетеді.

  6. Үйге даладан жылан кірсе, өлтірмейді, үстіне сүт, айран құйып шығарады. Далада жылан көрсе, өлтіреді, үйдегі жыланды көрсе, жақсы көреді. Неге десеңіз, қайсы уақытта періште деген болар, жыланға құсап жүреді.

  7. Ат құйрығын кеспейді, неге десеңіз, адам өлгенде ат талдап, құйрығын кеседі. Атқа мініп шыққанда соңынан ит ерсе, итті қайтармайды, жол болады деп.

  8. Тұзды жерге төкпейді, неге десеңіз, әрқайсы тағамды шірін қылады. Тұзсыз тағам қандай болса да бимәзә болады.

  9. От жаққан орынды басуға болмайды. Отта кие бар. Бұлай істегенде оттың киесі атады деп, тыйым салады.

  10. Қазақ шығып бара жатып, есікті қатты серпімейді. «Қайта кірер есігінді қатты серпіме» деген нақыл бар. Өйткені бақ есік пен төрде қатар тұрады. Есікті қатты серпісең, үйден бақ қашады деп ұйғарады.

  11. Алыс сапарға шыққанда жолға сары май, тұз алып шықпайды. Оның мәнісі- жолым сарғайып, зарықтырмасын, тұздай ащы азап тартпайтын деген ниетті бейнелегені.

  12. Жол үстінде келе жатқан жолаушыдан: «Қайда барасың?» -деп сұрамайды. Қайта «Жол болсын!» деп, ақ жол тілейді. Себебі, жолаушы барар бағытын құпия ұстайды. Қаскөй біреулер біліп қалып, соңыма түседі, жолымды ториды, сайтан соңымнан ереді деп, жаман ырымға балайды.

  13. Қазақтар түнде айғайламайды. Тек жаугершілікте ғана солай істеуге тиіс. Жайшылықта ондай қылықтан аулақ болған жөн деп ұйғарылды.

  14. Мүшел жасын жасырады, басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас-қатерлі жас, тіл мен көз суығынан сақтасын деп ұйғарады да, жасты айтуға тура келсе не асырып, не кемітіп айтады.

  15. Нанды баспайды. Нан қасиетті деп есептеледі. Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшырайды, өзегі талып өкіреді деп ұтады.

  16. Айт күні ренжуге болмайды. Жайраң қағып, жылы шыраймен, ыстық жүрекпен, тасыған мереймен жүреді. Айт күні ренжісе, келесі айтқа дейін ашу тарқамайды деп жориды.

  17. Түнде қасқырдың атын атамайды. «Ит-құс» деп бүрмелеп сөйлейді. Қасқыр десе-қастасып, қораға шабады деп жориды.

Отбасында

Ата-әжелері бар отбастарында ырымдар өте қатты сақталады екен. Әсіресе, көпшілік отбасында 9 саны бар күндер тергеледі екен.Бұл күндері ешқандай іс басталмайды,жаңа сатып алынған тамақтар басталмайды екен.Өйткені береке-ырыс болмайды деп сенген.Жеңіл –желпі суық тигенде,қызуы көтеріліп ауырғанда әжелер баланы ұшықтап жеті қабат киіммен жауып тастайды екен.


Көшеде

Көшелерде адамдар жолын қара мысық кесіп өтсе,жолымыз болмайды дейді екен.Сонымен қатар бос шелек ұстап өтіп кетсе,ол жерді айналып өтеді.Тіпті қазақтың киелі сандарын машина нөмірлерінен көрсе,жолымыз болады деп сенеді екен.

Мектеп жасындағы балалар арасында да ырымға сенушілік көптеп байқалды.

Мысалы:

  • Мектепке оң аяғымен кіру

  • Мектепке кіріп келгенде бірінші ер адамда көрсе сабақтардан жақсы баға аламыз деп сенеді

  • Сөмкіге кітаптар оң жағымен салынуы керек

Балалардың есімінде үлкен терең мәні болсын деп қояды. Мысалы, Дана ата-анасы дана болсын деп қояды.Шыңғыс деген есім ұлдары Ұлы Шыңғыс хандай болсын деген.

Өзіміздің сыныпта сақталатын ырымдар бар.Көбісі үнемі сыныпқа оң аяқпен кіретінін айтты.Ал киімдерін теріс киіп алса,бес аламыз деп қуанады екен. Сөмкілерін теріс ұстамауға тырысады. Оң көздері тартса қуанамыз дейді.

Көркем әдебиеттегі тыйым сөздер

1.Ат құйрығын , кекілін кеспейді, неге десеңіз, адам өлгенде ат талдап, құйрығын кеседі. Атқа мініп шыққанда соңынан ит ерсе, итті қайтармайды.

Мысалы: “Үлкен көштің алдында есік пен төрдей жерде аттарын қатар бастырып, бір топ қыз келеді. Тап орталарында, ерттеулі күйде бос жетектелген, кекілі күзелген, қаракөк ат бар. Сол топтан әнтек кейін үлкен көштің алдын бастап келе жатқан сұп-сұр жүдей бәйбіше екен. Басына жұқа қара желек жамылыпты. Бұл бастаған он бес түйелі көштің сәні өзгеше көрінді. Бар түйенің үстіне артылған жүктерді жапқан өңшең қара кілем, қоңыр алаша, қарала, текемет көрінеді. Жүкті түйелердің екі жағы, сол үлкен қара жамылшылармен баяу ғана желпіне түсіп, өзгеше бір ауыр тыныс алып келе жатқан тәрізді”. М.Әуезовтің “Абай жолы” романы, І том, бет 111-112.

2. Қазақ аққуды, сары ала қазды, бұлбұлды және жалғыз жүрген құсты ауламайды, атпайды. Өйткені, бұларды киелі құс деп есептейді.

М.Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы.

...Әлдилеп ақ төсіне, бермей тыным,

Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.

Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,

Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.

*****

Сондай бір дәстүр бар-ды қалыптасқан.

Заманнан заман өткен, жаңарған жұрт,

Аққуын айдын көлдің налытпастан,

Дәстүрін аттамаған, анық басқан.

Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан.

Қайсыбір қиын-қыстау ай, күндерде,

Шойырылтып, түссе дағы қайғым белге,

Алаңсыз аққуымды атпасын деп,

Жатқа да дастарханды жайдым төрге-

Аққулар ұйықтағанда айдын көлде...

***

-Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған...

Бармаймын, бара алмаймын,қалай барам?!

3.Алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып, ұшбұрышты етіп тішілген қалташыққа, яғни тұмарға туған жердің топырағын толтырып алып шығады. Себебі, туған жерге дегеншексіз құрметтің, перзенттік парыздың белгісі. Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

««Айналайын, туған жер, сені де көретін күн болады екен-ау!»-деп тұншыға күбірлейді. Қалтыраған қолымен көңірсіген дымқыл топырақтың бір уысын алып, бетіне басады, танауына апарып, қайта-қайта иіскей береді...»

« Қарт шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қойды. Сонан соң көйлегінің түймесін ағытып, жалаңаш етіне асып қойған бойтұмарын алды. Барқыттан тігілген кәдімгі үшбұрыш тұмар. Қарт тұмарды ерніне жақындатып тәуеп етті. Сонан кейін қалтасынан бәкісін алып, тұмарды сөкті де, төңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс қиыршық топырақ түсті жерге. Бұл- осыдан қырық жыл бұрын жат өлкеге аттанарда туған жерден алған топрақ еді.»














Қорытынды

Біздің халқымыздың салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары енді ғана зерттеліп, жиналып, қаралып, көпшілік енді ғана назар аудара бастады. Мұның тек рухани, мәдени жағы ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақ адам тәрбиесіне де үлкен қызмет атқаратынын естен шығаруға болмайды. Ұлтымыздың осындай тәлім-тәрбиелік немесе сезімдік әдет-ғұрыптарының мәніне терең үніліп қарап, сырын ашытын болсақ, одан өте көп ғибратты істерге қанық боламыз.

Баяғы заманда адам әулиетін бір-біріне қарама-қарсы екі лагердегі рухтар қоршап тұр деген наным-сенімі болған. Адамдар осы рухтардың қатерімен қорғанып сақтану немесе мейіріне ие болып, қолдануына жетуді көздеп әрекеттер жасаған. Өз іс-қимылдарын сол ие киелерге үйлестіру, үндестіру мақсатында әр түрлі ырым-тиымды ойлап тауып тұрмыста қолдана бастаған.

Сол ырымдар әлі күнге дейін қазақ халқының өмірінде елеулі орын алып келеді. Соның ішінде біздің ауылда зерттеу жұмысы кезінде ырымға сенбейтін бірде бір отбасын көрмедік. Әсіресе отбасына, балаға, төрт-түлікке байланысты көп айтыла бермейтін ырымдар естідік. Әр ырымның өзегінде бір замандарда қоғамда маңызды роль атқарған әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрдің сарқыны, қуатты қайнар көзі жатыр.

Сонымен, ырым-тыйымдар қазақ фольклорында кездесетін ең қысқа, әрі өміршең жанрдың бірі деп танылады. Ол адамның күнделікті тұрмыс тіршілігінде тұтқиылдан көрініс тауып, қағілез бақылаушылар тарабына жария етілетін, қоғамдық санада бағзыда қалыптасқан қатаң қағидалардың түйіні, түйіршігі деуге болады.

Бір сөзбен айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Халық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған.























Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы, 2000ж

  2. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматыкітап, 2007ж.

  3. Қазақ әдебиеті. 2006ж.№47

  4. Иманбекова Б.И. тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004ж.

  5. «Түс жору түрлері және қазақтың ырымдары» /кітапша/ Алматы, 2001ж.

  6. Мұқанов С. Халық мұрасы. Қазақстан, 1974ж.

7. Оразаев Ф.К. Әубәкір Диваев-фольклорист. – Алматы: «Білім», бет 127 2012 жыл.

8.Бегманов Қ. Халқы мықтының- салты мықты: /этнографиялық сыр-сұхбат/ Алматы: «Өлке», 2010 жыл, бет 207-209.











Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров225
Номер материала ДВ-304647
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх