Инфоурок Всеобщая история Научные работыНаучный проект по теме "Семей өңіріндегі балалар үйлерінің тарихы"

Научный проект по теме "Семей өңіріндегі балалар үйлерінің тарихы"

Скачать материал

Кіріспе

Зерттеу жұмысына сипаттама:  Ғылыми жұмыстың тақырыбын өзім таңдап, тақырып бойынша жан-жақты ізденіп жұмысты 1 жыл жоспарлы түрде жүргіздім.  Бүгінгі қоғамдағы жетім балалар проблемасы, олардың тұрмыс -тіршілігін зерттеуге арнадым .

Жобаның тақырыбы:  Семей өңіріндегі балалар үйлерінің   тарихы.

Жобаны алу себебімЖетімдік- біздің қоғамның алдында тұрған өте өткір мәселелердің бірі. Жетімдіктің етек алуы бүгінгі таңда көп елдерге тән күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Мұндай балаларды әр елде әрқалай атайды-               « қабылданбаған балалар»  «тастанды болу үшін туылғандар», « өмірлік нәрестелер».

         Жетімдіктің бар себебін атап шығу айтарлықтай қиын, сондай көп қырлы мәселе болғандықтан да, ғылымның әртүрлі саласындағы ғалымдар қарастырғанмен де, әлі күнге түбегейлі  зерттелген жоқ.

Жетімдік баланың қоршаған орта, ересектер мен өз құрбы-құрбыластарымен сезімдік байланыстарын бұзатын фактор әрі оған қосымша денелік, психологиялық және әлеуметтік дамуына да терең тежеу тудырады. Осы жетім балалардың тұрмыс- тіршілігі мен осы балалар тұрып жатқан балалар үйлерінің тарихын зерттесем – деген мақсат қойып отырмын.

Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде ұлттық мүдде тұрғысынан жүргізілген саясаты санамызға сілкініс енгізіп, ұлттық сезімді оятып, бірқатар игі істерге бастама болды.  Бұл зерттеу көпшілікке ой салып, балалар үйі жағдайындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды  қолдап, қоғамымызды жетім балаларсыз қоғамға айналдыру.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Балалар үйлерінің тарихымен, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірімен танысу.  Сол арқылы әрбір бала туғанынан отбасында ата-анасының сүйіспеншілігіне бөленіп өсуіне қоғамның назарын аудару.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-         Балалар үйлерінің шығу тарихына жалпы шолу;

-         Семей өңіріндегі балалар үйлерін зерттеу, танысу;

-         Зерттелу денгейін анықтау, өз зерттеулерімді жинақтап, толықтырып жазу,

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Ата-ана  қамқорлығынсыз қалған балалар өмірі  бүгінгі оқушының көзқарасы тұрғысынан қарастырылған.

Зерттеу жұмысының әдісі:  Зерттеу, жинақтау, әңгімелесу, сұрақ қою, сұхбат әдістерін қолдандым.

Зерттеу жұмысының дерек көздері: Қазақстан тарихы. Очерктер. [1], ғалымдардың еңбектері  [2,3,4,5,6], журналдар [7,8,9], мұрағат құжаттары.

Зерттеу жұмысының құрылымы:  Ғылыми жұмыс кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.Қазақстандағы балалар үйлерінің тарихынан

         Соңғы жылдары қоғамымызда ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар мен жетім балалар категориясының саны ұдайы өсiп отырғаны байқалады.  Бұл әлеуметтік - психологиялық демеу мекемелерін кұруды талап етедi.

Балалар құқын қорғау мен сақтау — ғасырлар шеңберіндегі өзекті мәселе болып табылады. Бала құқығы туралы БҰҰ конвенциясында (1989 ж.), сонымен қатар басқа халыкаралық құқықтық  актілерде бала дербес құқық субъектiсі ретінде жарияланады.  Оның өмір сүруi және толыққанды дамуына тең құқық  бекітілген, кез-келген құқығын шектеу түрінен сақтауға, өзіндік болмысын сақтауға, баланың құқығы  мен мүддесін сақтауға мемлекет міндеттеледі.

Республикада Қaзipгi кезде  мемлекет жәрдеміне  мұктаж балаларға көмек беруге арналған 79 мыңнан аса балалар тәрбиеленіп жатқан 660 интернаттық ұйымдар бар.  Олардың ішінде: жалпы және санаторлық үлгідегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы интернатта — 15 096 бала, ата-ана қаморлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған балалар үйi мен мектеп- интернаттарда — 12 574 бала , мүмкіндіктерi шектеулі балаларға арналған түзету мекемелерінде — 12 599 бала, девианттық мінез-құлықты балаларға арналған ерекше тәрбиелеу жағдайларын қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге арналған мекетеп-интернаттарда — 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылында - 281 бала, отбасы улгісіндегі балалар уйінде — 247 бала тәрбиеленуде. 1991 жылы небәрі  42 балалар үйі болса, қазiр 70-ке жетіп отыр.

ҚР  Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен Жастар уйлерi туралы» Заңына сәйкес 5 балалар  ауылы  мен 19 жастар үйлері, үш «SОS — Қазақстан Балалар ауылдары» жұмыс істеуде.

Жетімдік- біздің қоғамның алдында тұрған өте күрделі мәселелердің бірі екендігі ақиқат. Жетімдіктің етек алу мәселесі бүгінгі таңда көптеген елдерге тән.

Қазіргі кезде ғылыми айналымда жетімдік екі ұғым төңірегінде кең түрде қолданылады:

1.     «Әлеуметтік жетім (әлеуметтік жетімдік)»

2.     «Жетім (жетімдік)»

Жетім балалар- ата- анасының біруі немесе екеуі де қаза болған адамдар.

Әлеуметтік жетім-әлдебір себептермен баласын тәрбиелей алмайтын және қамқорлығы жоқ биологиялық ата-анасы бар балалар. Бұл жағдайда баланы қамқорлыққа алуды мемлекет пен қоғам өз мойнына алды.

           Бірақ бірінші жағдайда баланың жетім қалу себебі айқын (ата-анасының қаза болуы), екіншісінде мәселе күрделірек. Бұл себептердің әлеуметтік сипаты бар. Олар:

·        ата-аналық құқықтан айырылу;

·         ата-аналық құқықтарын шектеу;

·         ата-аналардың тұрмысқа қабілетсіздігі;

·         бас бостандығынан айырылып, кесімді мерзімді өтеуі;

·         баланы тәрбиелеуден бас тарту;

Зерттеу барысында 50%-дан астам балалар ата-ана құқынан айрылу, материалдық, тұрмыстық жағдайдың өте төмендігі, әйелдердің некесіз тууы, ата-аналардың түрмеде отыру себебінен балалар үйін қабылданғандықтары анықталды. Ата-ана құқыларынан айылырған 96%- дай отбасында әкесі немесе шешесі, немесе екеуі де ішімдікке салынған. Ішімдікке салыну әлі күнге дейін жетімдіктің негізгі себебі болып келе жатыр. Ерекше топты тастанды бабалар құрайды. Баладан бас тартудың басым себептері- оның қауіпті ауруы (60%), сонымен қатар отбасындағы материалдық және тұрсымыстық жағдайдың өте төмендігі (20%). Осылайша ата-ананың балалдан бас тарту себебі ауыр науқасты баланың болыуымен мемлекеттің қарауына беру қажеттілігінен туындайды.

Әлеуметтік жетімдіктің тағы бір себептеріне мыналар жатады: халытың материалдық жағдайының күрт төмендеуі, әлеуметтік-экономикалық жіктелу, халықаралық қақтығыстар, босқындардың пайда болуы, урбанизация, білім беру мен тәрбие жүйесіндегі дағдарысты жағдай. Бұл фактілердің барлығы көптеген елдерге тән және отбасылыраға кері әсерін тигізеді, нәтижесінде туу деңгейі кеміп, жарты отбасылар саны көбеюде, үйі-күйі жоқ кезбе балалар мен шеттен шыққан балалар пайда болуда.
Балалар үйі — ата-анасыз қалған балалар үшін құрылған 
тәрбие беру мекемесі. Балалар үйін ұйымдастырудың мақсаты — балаларға мемлекет тарапынан пана болу, материалдық, моральдық көмек беру, олардың білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау, мамандық таңдауына көмектесу, тәуелсіз өмір сүруге даярлау.  Жалпы білім беретін оқу-тәрбиелік  мекемелерде балалар 3 жастан 18 жасқа дейін толық мемлекет қамқорлығында болады. Қазақстанда алғашқы Балалар үйі 1918 жылы ашылды. Кеңес өкіметі кезінде Балалар үйінің: мектепке дейінгі (3—7 жастағы бүлдіршіндер); мектептік (7—14 жастағы балалар); аралас (бүлдіршіндер мен мектеп жасындағылар) және арнаулы (ата-аналары 2-дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан балалар) түрлері болды. 1956 жылы Қазақстан үкіметінің қаулысы бойынша Балалар үйінде болу мерзімі 18 жасқа дейін ұзартылды.  Мектептік Балалар үйі мектеп-интернат болып қайта құрылды (1959). Балалар үйіндегі балалар тобының көпшілігі отбасы үлгісінде ұйымдастырылған: ағайынды, апалы-сіңлілі балалар бірге өмір сүріп, тәрбиеленеді. Тәрбиеленушілер жақын маңда орналасқан мектептер мен оқу орындарында оқиды. Мектеп бітірген соң, арнаулы орта, жоғары оқу орындарына конкурстан тыс қабылдануға құқылы. Мұнда олар жалпы ережелерге сай мемлекет қамқорлығына алынады.

 

1.2.  Cемей өңіріндегі балалар үйлері

Жалпы, Шығыс өңірінде алғашқы балалар үйі 1920 жылы пайда болыпты. 01.01.1939 жылғы есеп бойынша Шығыс Қазақстан облысында 29 балалар үйі және оларда 3963 бала тәрбиеленді. Оның ішінде 4 мектепке дейінгі балалар үйінде  454 бала тәрбиеленген. Семей облысында 13 балалар үйінде 1527 бала тәрбиеленсе,  Алматы облысынан 2 балалар үйі көшіріліп әкеліп 1934 жылы Ұржар және Аягөз аудандарына орналастырылды.

1940 жылы Семей облысында 15 балалар үйінде 1777 бала тәрбиеленсе, оның 621 қазақ балалары болған. Бұл балалар үйлері: Абралы, Шыңғыстау, Белағаш, Жар ма,  Көкпекті, Аягөз, Ұржар және Семей қаласындағы №1, №2, №3, №4, №5, №7, №8, саңырау балаларға арналған  балалар үйі.  1940 жылы Шыңғыстау балалар үйі таратылды.  

Семей қаласындағы №8 балалар үйі сол бір қиын жылдары аштықтан бұратылып, өлім мен өмірдің, өң мен түстің арасында ажалын күткен қаншама балаға пана болған. Қазіргі күні облыста барлығы 14 балалар үйі бар. 2000 жылы ашылған  «Үміт» балалар үйі де тағдыр талқысында қалған қаншама сәбиге пана болып отыр.

Семейдегі №8 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде 83 бала тәрбиеленуде. Онда 7 мен 18 жас ерекшеліктеріндегі балалар тұрады, бірақ басқа мектептерде білімдерін алады. Тағдыр тауқыметін тартқандардың көбі ата-ана құқығынан айрылғандар мен тірі жетімдер.

Соңғы 5 жылдың көлемінде бұл балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар санында онша ауытқушылық жоқ.

Жылдары

2011

2012

2013

2014

2015

Тәрбиеленушілер саны

88

90

87

85

83

 

Бұл балалардың ұлттық құрамына келетін болсақ,  төмендегі кестеден көруге болады:

Ұлттар

Қазақ

Орыс

Татар

Қырғыз

Азербайжан

Тәрбиеленушілер саны

34

29

12

5

3

 

 

 

Тәрбиеленушілердің ішінде 31%- тұл жетімдер, қалған 69 %- әлеуметтік жетімдер. Зерттеу барысында Семейдегі №8 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың ішіндегі әлеуметтік жетімдердің  43 %-дан астамы ата-аналарын құқынан айрыу нәтижесінде, 32%- әйелдердің некесіз тууы, 15% ата-аналардың түрмеде отыру, 10% ата- аналарының тұрмысқа қабілетсіздігі себебінен балалар үйіне қабылданғандықтары анықталды. Ата-ана құқыларынан айылырған 96%- дай отбасында әкесі немесе шешесі, немесе екеуі де ішімдікке салынған. Ішімдікке салыну әлі күнге дейін жетімдіктің негізгі себебі болып келе жатыр. Ерекше топты тастанды бабалар құрайды. Баладан бас тартудың басым себептері- оның қауіпті ауруы (60%), сонымен қатар отбасындағы материалдық және тұрмыстық жағдайдың өте төмендігі (20%).

 

Әлеуметтік жетімдердің сапалық құрамы:

Ата-аналарын құқынан айырған тәрбиеленушілер

Тастанды балалар

Ата-аналары түрмеде отырған тәрбиеленушілер

Ата-аналарының тұрмысқа қабілетсіздігі

43

32

15

10

 

3 балалар үйі.

1921 жылы негізі қаланған бұл балалар үйінде 7-12 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде. Биылғы  жылы бұл балалар үйінде 89 тәрбиеленуші тәрбиеленуде.

Бұл балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың да жартысынан астамы қазақ балалары. Тұл жетімдер саны- 24, әлеуметтік жетімдер саны-75.

Әлеуметтік жетімдерді зерттеу барысында төмендегідей жағдай анықталды:

 

·        ата-аналық құқықтан айырылғандар - 20

·         ата-аналық құқықтары  шектелгендер- 18

·         ата-аналардың тұрмысқа қабілетсіздігі салдарынан- 5

·         бас бостандығынан айырылып, кесімді мерзімді өтеу салдарынан-22

·         баланы тәрбиелеуден бас тарту салдарынан-10

 

Екі балалар үйінде де балалардың қалыпты тұрмыс-тіршілігі үшін барлық жағдай жасалған. Жатын  бөлмелері жарық, төсек орындары да таза. Балалардың сабақтарына дайындалуына, дем алулары үшін арнайы бөлмелер жабдықталған. Балалармен тілдескенімізде мемлекет тарапынан балалардың тамағы мен киімдері үшін бөлінетін қаржының  ата-анасымен бірге тұратын балалармен бірдей қамтамасыз етілуіне жағдай жасалғанын білдім. Денсаулықтарын бақылау үшін арнайы медициналық қызметкер жұмыс істейді. Балалар үйінің ауласында балалардың ойынауы үшін арнайы ойын алаңдары мен спорттық алаңдары жабдықталған. Балаларды тәрбиелеуге, өмірге бейімдеуге арналған әр-түрлі үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған. Балалар үйінде жұмыс істейтін педагог қызметкерлердің әр баланың көңілін тауып, психикасына қандай-да бір кері әсер тудыратын жағдайларды болдырмауға тырысады.  Ішіндегі қызметкерлерде балалармен өз балаларындай қарым-қатынас жасауға тырысады. Бірақ-та балалардың көзінен ата-аналарына деген сағыныш пен мұңды көрдім.

 

 

Қорытынды

Кімге ұқсатам білмеймін қандайымды,
Мама кеп бір иіскеші маңдайымды,
Ақуызға толмаған таңдайымды,
Толтырайын айтумен жағдайымды,
Мама енді сені табу қиындады,
Ойласам көзден жасым тиылмады,
Алатауым, жұпарым арман болып,

Туған жердің топырағы бұйырмады, — деген өлең жолдарын оқи отырып, жетімдіктің қасіреті мен қайғысын сезінесің. Өзінің кім екенін, әке-шешесінің әсіресе, жеті атасын білмей өмір сүру қандай қиын? Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген  ұлағатты терең бойына сіңіріп өскен халық. Алайда соңғы уақытта іштен шыққан баласын далаға тастап, ана атанып жүргендер қаншама? Дана халқымыз сан ғасырдан бері «Адамның бақыты — балада» деп, баласының ер жетіп азамат болуына бар өмірін арнап,  жиған — тергенін балаларының жолына, қолына берген.  Кез-келген адам баға жетпес бақытты ұрпағының жалғасып, өсіп-өнуін тілейтіні белгілі. Ал, қазірігі таңда кейбір жандар өз бақытын байлықтан, мансап пен қызметтен іздейтін сияқты. Соның есебінен елімізде жәутеңдеп қара көздердің саны едәуір артып, жетімдер үйі көбеюде. Кейде таң қаласың, кейбір жандар балаға зар болып, күні-түні үмітін үзбей, Алладан  жалбарынып  тілейді.  Енді біреулер Алланың берген сәбиін көрінгеннің қолына тастайды. Тұрмыс жағдайын, тағдыр тауқыметін сылтау етіп, балаларынан бас тартады. Осындай қатыгездіктің салдарынан бейкүнә нәресте, дүние есігін ашпай жатып, өмір сынымен арпалысып, тағдыр тауқыметін арқалаған бұл балалардың қандай жазығы бар?  Балаша қуанып, уайым-қайғысыз күн кешудің орнына, көзін тырналап ашқаннан-ақ асыр салып ойнаудың орнына, терезеге телміріп «менің әке-шешем қайда?» деп уайым жейтіндей кімге не жазып еді сәбилер?!  Жанарларын жәутеңдетіп, кім маған жылы сөйлер екен деп әркімге жалпақтатып, тірідей тастап кеткен ата-аналарын іздеумен әуре! Өмірдің осындай аяусыз тұстарын көргенде, пенделерге мейірімділік пен қайырымдылықты бойларына сіңіре гөр деп еріксіз тілек етесің.

Бұл өмірде ананың ақ сүті мен мейіріміне жететін не бар? Оның мейірлене айтқан «Айналайын, құлыным, ботам, балапаным» деген жылы сөзі жаныңды ерекше сезімге бөлеп, бар бақытты сыйлады емеспе?! Ананың ыстық алақанына ештеңе де тең келмейді. Ал осы аялы алақанды сезбей, ананың ақ сүтін ембеген баладан қандай мейірімділікті, ізгілікті күтеміз.

Ресми деректереге сүйенсек, 80 мыңнан астам жетім балалар бар екен. Қаншама мың сәби үкімет қамқорлығында өсіп, ер жетуде. Әйткенмен, он сегізге толып, кәмелеттік жасты толтырғаннан кейін ол баланың болашағы не болмақ? Жетімдер үйінен кеткеннен кейін, бірі жалданып күнделікті нанын тапса, енді біреулер қылмыс жасап, бұзақылықпен айналысады. Сондықтан да, түрмеге түскендердің көпшілігі жетімдер үйінен шыққандар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар  болады екен. Әрине, жанашыр жақыны жоқ, бесікте жатып анасының ақ әлдиін, әкесінің тәрбиесін көрмеген бала қандай болмақ?! Бір айта кетерлігі, балалар үйінің болғаны жақсы, бір жағынан жаман. Себебі, көп аналар өз балаларын жетімдер үйіне апарып, «Балалар үйі» бар ғой, солар қамқор болады деген сеніммен тастап кетіп жатады. Сол себепті де жетім қалған балалардың саны күн санап өсіп келеді. Дана халқымыз «Балалы үй — базар, баласыз үй қу мазар» деп, баланың көптеп дүниеге келуін тілеп, ұрпағының көбейіп, шаңырағының кеңейгенін жақсылыққа балаған. Шындығында да солай, әр үйдің қуанышын молайтып, ата-ананы бақытқа бөлеп, былдырлаған тілімен, сыңғырлаған  күлкісімен үйдің сәнін кіргізіп, тәп-тәтті қылығымен қандай мұңды да жеңілдетіп, көңіліңді көтеретін жас сәбидің бал үніне жететін бақыт жоқ шығар?! Атам қазақ ешқашан жетімін тентіретпей, көрінгеннің қолшоқпарына айналдыруға ешқашан жол бермеген. Ал, мынандай жағдайға қарап тұрып, «жетім көрсең жебей жүр» деген дана халқымыздың данышпандығы қайда кеткен деген ойда қаласың. Еліміздің  басына қиын күн туғанда яғни соғыс жылдарында ашылған бірен-сараң балалар үйі, бүгіндері жер-жерден, ауыл-аймақтардан мыңдап ашылды. Тіпті, соңғы кездері соның өзі аздық етуде.

Осылай ата-аналардың балаларынан оңай бас тартып, жетім балалардың көбеюі күн санап келеді. Осындай жағдайларды қарап отырып, қазақ халқының бойын сіңген мейірімділік, бауырмалдылық қасиеттерін жоғалып, жолдан тайып бара жатыр-ау деп күмәнданамыз! Әрбір адам баласы дүниеге жетім болу үшін келмейді. Сондықтан да қатыгездікке жол бермеген абзал!

Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала – отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научный проект по теме "Семей өңіріндегі балалар үйлерінің тарихы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2017 1064
    • DOCX 56 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нуржауова Гульжанат Какимжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4319
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 417 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе