Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Научные работы / Научный проект "Төрт түлігім - ырысым"

Научный проект "Төрт түлігім - ырысым"

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

ММ «Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Қарасу орта мектебі»






Төрт түлігім - ырысым
атты ғылыми – зерттеу жобасы

hello_html_88333ed.jpg

Бағыты: адам денсаулығының мәселесі

Секциясы: этномәдениеттану

Дайындаған: 4 «Б» сынып оқушысы Палагина Валерия.

Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Құсайынова Ұлберген Рамазанқызы



Ғылыми кеңесшісі: Құсайынова Ұлберген Рамазанқызы





Қарасу, 2016







Мазмұны

I. Кіріспе .......................................................................................................  4 бет

II. Негізгі  бөлім.

1.     «Төрт  түлігім- ырысым»   ...... ............................................. .......... 5 - 10 бет

a)     «Жылқының сүті – шекер, еті – бал, иісі –жұпар,

терісі – киім, міңсең – тұлпар» .................................................. ............ 5- 6 бет

ә)  «Түйе – малдың қасқасы»..................................................................... 7 бет

б)  «Сиырдың  сүті - тілінде» .................................................................... 7 - 8 бет

в)  «Қойдың  еті - қорғасын » ...................................................................   9 бет

г)  «Ешкі  төресі – серке» ........................................................................... 10  бет

II. Төрт  түліктің  пайдасы ................................................................... 11- 14 бет

3. Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар, мақал – мәтелдер

мен әндер.......................................................................................... ........... 15 -16 бет

4. Танысқан мәліметтер бойынша төрт түлік туралы қорытынды

кестем, практикалық экспериментім......................................................... 17 бет

5. Сауалнамам және оның қорытындысы ................................................. 18 бет

6. Зерттеуім және оның нәтижесі .............................................................. 19 бет

III.  Қорытынды......................................................................................... 20 бет

























Абстракт

Зерттеу  мақсатым:

1.Төрт  түліктің  түрлерімен  танысып, зерттеу.

2.Төрт  түліктің  адамға  пайдасын  зерттей  отырып, ұғымды кеңейту.

3.Төрт  түліктің  маңыздылығын  танысу, адам  өміріне  қажеттілігін көрсету.

Міндеттерім:

  • Төрт  түліктің  шығу  тарихын,  түрлерін    анықтау.

  •  Төрт  түліктің  адам  өміріне  пайдасы  туралы  мәлімет  жинау.

  •  Төрт  түлікке  қатысты   тыйымдар мен ырымдар, мақал – мәтелдер және өлеңдермен танысу.

Әдістерім:

  • Ақпарат көздерінен мәлімет алу;

  • Төрт түлік жайлы, олардың пайдасы туралы ауыл адамдарынан сұхбат алу;

  • Танысқан мәліметтер бойынша төрт түлік мал туралы қорытындылау кесте жасау;

  • Сиыр мен ешкі сүтінің салыстырмалы құрамымен танысу;

  • Практикалық эксперимент жасау;

  • Ауыл тұрғындарымен сауалнама, зерттеу өткізу;

  • Қорытынды жасау.

Гипотезам: Төрт түліктің түрлерімен, пайдасымен жан-жақты танысып, адам өміріндегі маңыздылығын  анықтау.

Зерттеу кезеңдерім:

Дайындаушылық: тақырыпты  таңдау, мақсат  пен  талаптың  қойылуы.

Зерттеушілік: төрт  түліктің  түрлерін, пайдасын  зерттеу, анықтау.

Зерттеуімнің  жаңашылдығы.

 Төрт  түліктің  маңыздылығын  түсіне  отырып, мәдени, рухани  дамыту  

  әдісі  ретінде  тиімді  қолдану  мүмкіншілігін  көрсете  білу.

Жұмысымның  нәтижесі  мен  қорытындысы.

Осы ғылыми жұмысымды зерттеу барысында кітаптарды, деректерді пайдалана отырып, ізденуімнің арқасында төрт түлік туралы көп мағлұмат алдым. Бұл  ғылыми - зерттеу  жұмысым  төрт  түлік  туралы  тереңірек  білуге, оларды

бағалап, құрметтеуге  септігін  тигізетіні  сөзсіз.

Ұсынысым:

Келешекте Қарасу өңірінде мал шаруашылығын кеңейтіп, әсіресе, аурухана, қарттар үйі, балабақша, мектептер, интернат сияқты мекемелерді төрт түлік етімен, сүтімен қамтамасыз ету.

  Жұмысымның  тәжірибе  ретінде  қолдану  аясы:

  Мектепте, сабақтарда дидактикалық материал ретінде, сыныптан тыс сабақтарында, сынып сағаттарында қолдануға   болады. 

Абстракт

Мои цели исследования:

1.Познакомиться с четырьмя видами домашних животных, исследовать.

2. Исследуя пользу домашних животных, расширить свои знания.

3. Узнать о значимости четырех видов скота в жизни человека, о их необходимости в жизни человека.

Мои обязанности :

Ø   Определить историю развития животных,  их виды.

Ø    Собрать сведения о пользе четырех видов скота в жизни человека.

Ø    Познакомитья с народными поверьями, запретами, пословицами, стихами, песнями относительно четырех видов животных.

Мои методы:

  • Собрать материал по теме;

  • Провести интервью с жителями села о животных и их пользе;

  • Создать итоговую таблицу об особенностях домашних животных;

  • Познакомиься со сравнительным составом коровьего и козьего молока;

  • Провести анкетирование и исследование с жителями поселка Карасу;

  • Подвести итог.

Моя гипотеза: Всесторонне изучив виды животных и их пользу, определить их значение в жизни человека.

Этапы моих исследований:

Подготовительный: выбор темы, цели и требований.

Исследовательскиий: Провести исследование о четырех видах скота, определить их пользу и значение.

Новизна моего исследования.

Понимая значение четырех видов скота, в качестве культурного, духовного метода уметь использовать необходимые возможности.

Итоги исследования  

В процессе моего научного исследования, используя нужную литературу, я узнала очень многое о домашних животных. Эта научная работа помогла мне глубже узнать об истории четырех видов скота, научила ценить и понимать их значимость в жизни народа.

Рекомендации:

В будущем расширять в Карасуском регионе скотоводство, особенно, обеспечивать больницы, дома престарелых, детские сады, школы, интернаты мясом и молоком четырех видов скота.

 Области практического использования результатов: 

  В школе использовать как дидактический материал на уроках, во внекласных мероприятиях, на классных часах.



Abstract

My purposes of research:

  1. To acquaint pupils with four species of domestic animals, to research.

  2. Investigating the advantage of domestic animals, to expand (improve) their knowledges.

  3. To learn the significance of these domestic animals in our life.

My duties:

  • To define the event of advances of animals, their species

  • To gather detailed information about advantages of four species of domestic animals in human life

  • To acquaint pupils with national beliefs, bans, proverbs, poems, songs relative to these species of domestic animals

My methods:

  • To gather the training material about this topic

  • To conduct interview with the natives about advantages of domestic animals

  • To create the final table of features of domestic animals

  • To compare the composition of cow’s and goat’s milk

  • To carry out questioning and to research with the natives of Karasu region

  • To sum up result



My hypothesis:

Having comprehensively studied animal species and their advantages, to define their value in human life.

The stages of my researches:

Preparatory: the choice of the theme (topic), the aims and claims.

Research’s stage: to conduct study about four species of domestic animals, to define their advantage and value.



The novelty of my research:

Understanding the value of these four domestic animals as a cultural, spiritual method to be able to use necessary opportunities.

Results of research:

In the course of my research, using the necessary literature, I have learned many things about domestic animals.

This work has helped me to learn more about event of these four species of domestic animals, it has taught to appreciate and understand their importance in life of the people.

Recommendations:

In the future to expand domestic animals breeding in Karasu district, especially, to provide hospitals, nursing homes, kindergartens, schools, boarding schools with meat and milk of these four species of domestic animals.

The areas of practical use of results:

At school subject to use this material as didactic at the lessons, in out- of-class actions, in class’ hours.































Кіріспе

«Малы  бардың- жаны  бар», «Елдің  көркі - мал» деген   халық  нақыл    сөздерінен - ақ  қазақ   халқының  тұрмыс  тіршілігінде  төрт  түлік   малдың ерекше  орын  алатынын  түсінуге болады. Бабалары төрт түлікке  ерекше көңіл  бөлген. Ас- ауқаты, киімі, көлігі, қымызы – ем, жегжат – жұрағатымен жасайтын   алыс -  берісінің   көзі, байлығы  болғандықтан, қазақ  үшін  осы  төрт  түлік  мал  аса  қымбатты  дүние  болғаны белгілі. Малдың  сүтін  ішіп, етін  жеп, терісінен  тон  илеп, жүнінен  киім  тоқыған  қазақтарда  төрт   түлік  туралы  атаулар  жетіп артылады.

    Қазақтар  малды  тек  пайдаланып  қана  қоймаған, олардың  бабын  тауып, бағып күтудің  де  жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін  жақсы білген. Қазақ халқы  ежелден  мал  шаруашылығымен  айналысып  келеді. Мал  кезінде  алты алаштың жесе - асы, кисе - киімі, мінсе - көлігі, жапандас серігі болған. Қазақ халқы ежелден  малға  жақын  халық қой. Кезінде ата  бабалары  төрт  түлікке  жайлы қоныс іздеп,  кең далада көшіп қонып жүрген. Қазақ  төрт  түлікті  ерекше құрметтеген,  төрт  түліктің  жайымен  жазда  жайлауға, қыста  қыстауға  көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен  арқан  жіптер, киіз үй жабдықтары, киім-кешек, алаша, кілем тоқып , әр  түрлі  бұйымдар  жасаған. Төрт  түлік  малдың  сүтін  және  одан  жасалған  айран, қымыз, шұбат  сияқты  сусындарды  халық «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.

Төрт  түлік   туралы қазақ   әдебиеті  тарихында   және  халық   арасында кеңінен  таралып, қолданылуда. Ақын- жазушылар  өздерінің  өлең  жырларын да  да  жазып, адамға  пайдасы  зор  екенін  айтқан. Заман  алмасып, уақыт  өткен  сайын  бүгінгі  жас  буын  осы  төл  атауларды ұмытып, жаңылыстыратын   болып  жүр. Тірлігі  малмен  біте  қайнасқан  қазақ  үшін  бұл  жараспас. Осы себепті біздер, кейінгі жас буын (мен қазақ болмасам да, қазақстандықпын)  біле жүрейік деген  мақсатпен  осы төрт түлік туралы, олардың пайдасы жөнінде  мәліметтерді  жинау қажеттілігін түсіндім.

    Төрт  түліктің  пайдасы  туралы  ғана  емес, өлеңдер  мен  мақал - мәтелдер, тыйым сөздер  және  ақын- жазушылардың, жыраулардың  ойларын   жинақтауды  жөн  көрдім. Осы  зерттеу  жұмысында  төрт  түлік  туралы  ой-түсінігім  кеңейе түсті.

Тәуелсіз  Қазақстан  жерінде  төрт  түлігімізді бағалай  отырып, дастарханымызда   ұлттық   тағамдарымыз  жайнап   тұрса, балалар  ұлттық  ойындарды  ойнап   өссе, қандай тамаша! Ұлттық  құндылықты   құрметтеу - басты  парыз деп ойлаймын.

     Мал   өсіруге  аса  қолайлы  Қазақстан   жерін   малсыз   елестету  мүмкін емес. Бұл  біздің  еліміз үшін  бұдан  былай  да  аса  маңызды  шаруашылық болып  қала бермек. Қасиетті  төрт  түлікке  қатысты   ұлтымыздың  ұғымдары мен бай  тәжірибесін  ұмытпауға  тиіспіз. Қадір  тұтқан   мұраны сақтайық. 



4

«Жылқының сүті – шекер, еті – бал, иісі – жұпар, терісі – киім, міңсең – тұлпар»

Төрт  түлік  малдың  ішінде  қай  халықтың  болса  да құрмет  тұтатындарының  бірі - жылқы  малы. «Ат - ердің қанаты» деп айтатын дана  халқымыз  жылқыны  өте  қастерлеген. Жылқы - мінсең  - көлік, жесең - ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір  қазақ  жанұясын біз көре  алмаймыз.Тарихи  деректер  бойынша  адам  баласы  жылқыны  біздің  жыл  санауымыздан 3-4 мың  жыл бұрын  қолға үйреткен. Негізгі  Отаны  Шығыс  Еуропаның  далалы  аймағы, Орталық  Азия  және  Қазақстан  алқабы  деп  есептеледі .Әйгілі  ғалым  Ахмет  Тоқтабайдың «Алматы  кітап» баспасынан  жарық  көрген  «Қазақ  жылқысының   тарихы»  кітабында Орталық  Аз ия, соның ішінде қазақ  даласы - жылқы  Отаны» - деген  түпкілікті тұжырым  жасалған. Бұған дәлел ретінде, жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолит дәуіріндегі – «Ботай  қонысы» аталады. Ботайлықтар – жылқыны  алғаш  қолға  үйреткендер. Мұны  қазір  бүкіл  әлем  ғалымдары  мойындап отыр. 2009 жылы  бүкіл  әлемге  SCIENCE  ғылыми   журналында  жылқының   дүниежүзі   бойынша  тұңғыш  рет  Солтүстік  Қазақстанда  қолға  үйретілгені, ертедегі малшы-жылқышыларының б.з. д. ІY мыңжылдықта  қымыз  дайындағаны әлем  жұртшылығына  жария  етілді. Жылқының  арғы тегі  жылқы  пішіндес жануарлардан  дами келе тарпаңға, Пржевальск  жылқысына, құлан, зебраға  жеткен  көрінеді. Тарпаңдардың  бойлары  жылқылардан  аласалау, денесі тығыршықтай  томпақ, түстері  құла  және  көк  болып  келеді.

ХХ  ғасырдың  басында  тарпаң  жабайы  жылқылар  түрлері  мүлдем жойылып кетті. Оларды  тек  суреттерден  ғана көре  аламыз.

Жылқының  пірі – Қамбар  ата, төлі- құлын. Жылқыны «құрау- құрау»  деп  шақырады. Оны құлын, тай, жабағы,  құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр  деп  атайды. Ал  ат жүйріктігіне, тағы  да  басқа   қасиеттеріне  қарай, әсіресе,   батырлар  жырларында  жорға, су  жорға, текежәумет, жүйрік,тұлпар, қазанат, саңлақ, сәйгү-лік, назбедеу, дүлдүл, арғымақ  деп  атаған. Жылқы  малын  аса  жоғары бағалаған  қазақтар  үлкен  ас-тойларда  жарысқа  салып, бас  бәйгесіне  мол  дүние  беретін  болған. Ер - азаматтарға  жасалатын  сыйдың  да  үлкені  ат мінгізіп, шапан  жабу болған. Жалпы  халық  жылқыны  жоғары  бағалаған. Жылқының  жүрісіне  дейін  атаулары  болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға  жүріс, жортақ  жүріс, бүлкек  желіс, бөкен  желіс, шоқыта  жүру,шабыс. Оның  түсі түрлі  теңеулермен  сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар . Түйе  мен  жылқыны, өгізді  көлік  ретінде  пайдаланады, шанаға, арбаға, мал ға  жегеді, салт та  мінеді.

Жылқының  түрлері

Дүние  жүзінде  жылқының  250 -дей  түрі  бар. Қазақстанда  жылқының 16 түрі өсіріледі.

Жылқы – жүк  жылқысы, мініс  жылқысы, жазық  дала жылқысы, тау  жылқысы, солтүстік  дала  жылқысы  болып  бөлінеді.

5

  Қазақ  халқы  жылқыны 3 топқа бөлген:

1.Жүйрік  аттар: арғымақ, тұлпар ат , сәйгүлек  ат.

2.Күшті, еті тығыз  аттар. Ауыр жұмыстарға, жүк  артуға, көшкенде пайдаланған. Бұл  аттарды  «қазанат»  деп  атаған.

 3. Жүрдек  аттар.

Күші  мығым  ат  пен  бәйге атының  арасындағы  салт жүріске  жарамды  жылқылар  «жабы»  деп аталған.

 Жынысына қарайат, бие, айғыр, азбан деп ажыратады.

Құлын - биенің төлі

Жабағы - 6 айдан асқан құлын

Тай - 1 жастан асқаны

Жылқы     тұқымдары

.                                   

             Алтай тұқымы.                                      Қостанай тұқымы.

 

                                         

Буденный  тұқымы.                                            Қазақ  тұқымы

 

Қазақ жылқыларының ерекшеліктері – бастары үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөнес мұрынды, мойыны шомбалдау, қысқа, көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан. Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері  тығыз.

    Қазақ  жылқылары  ауа  райының  құбылмалы жағдайына  төзімді, жем – шөпті  талғамайды, үнемі  далада  жайылымда  жүріп  күнелтеді.



Жылқының  қасиеті.

     Төрт  түліктің  ішіндегі  ең  таза  мал - жылқы. Оның  тазалығы  соншалық - суды  да  кешіп  барып, таза  жерден  ішеді. Ол  өте  сезімтал  мал. Қолға тез үйренеді. Бір  ғажабы - жылқыда  өт болмайды. Төрт  түліктің  ішінде  жылқыны өсіру  жеңіл. Жылқы - жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.











6

«Түйе малдың  -  қасқасы »

Түйелер - ірі  табандылар  отрядының  түйе  тұқымдасына   жататын   ашатұяқты  сүтқоректілердің  бір  түрі. Қолда  өсірілетін   түйелердің   арғы   тегі - жабайы  түйелер. Түйе  бұдан  4-5 мың  жыл  бұрын  қолға  үйретілген.  Төрт  түлік  малдың  ішіндегі  ең  қасиеттісі  түйе  болып  есептелген. Ол  қырық  күн  шөлге  шыдамды  жүк,   артса – көлік, жесе – ет, ал  жүні  киімге  жараған. Қазақтар  түйенің  жүні-нен  шекпендер киген, ол  жеңіл  әрі  жұмсақ  сырт  киім  болған. Жүні  қыс  та  суықты  өткізбейді. Түйелер  қос  және сыңар  өркешті болып  келеді. Азық  қорын  өзімен  бірге  алып  жүреді. 100 килограмм  өркеші – азықтық майын  жинап   алатын   қоймасы  әрі   шөлдегенде  ішетін  суы. Өркешіндегі  май  оған  екі  жұмаға  дейін  азық  болады. Түйе  шөлдеген   кезде он минутта  он  литр  су  іше  алады  екен. Түйенің  күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылық  қасиеттеріне  қарай: біртуған, бекпатша, күлпатша , нар, аруана жампоз, мая, айыр, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек  деп  бөлінеді.

Асан  қайғының  шапқанда  құстай   ұшатын  желмаясы  естеріңізде болар.

(«Айырдан   туған  жампоз  бар, Нарға  жүгін   салғысыз» Шалкиіз  жырау.

Ал  түйе  өзінің  өсу  жолында   бота, тайлақ, буыршын,  буырлыш, науша,

бұзбаша, інген, атан, бура  деп  аталады. Түйенің   азғын   түрлерін:  көрт,

кейін  дейді .  («Түйе  жаманы - көрт, шөп  жаманы  керт». Мақал)

Түйенің  еті  мол, жүні  биязы болады. Түйе   30 - 35  жыл  өмір  сүреді.

Түйенің   пірі - Ойсылқара, төлі - бота. Түйені «көс-көс»  деп  шақырады.

Төлдеу  мерзімі – 12 ай.

 

Түйе  түрлері

Қазақстанда  түйенің  екі  түрі бар: қос  өркешті, сыңар   өркешті.

1) Жалғыз  өркешті  түйе (ғылыми  тілде  дромедар  дейді). Қазақстанның кейбір  жерлерінде  өсіріледі. Ең  көп  өсірілетін  жері - Қарақұм. Қазіргі кезде  қолда  аруана  деп  аталатын  қолтұқымы  өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - нар. Ұрғашысы - мая немесе аруана, еркегі - үлек. Сыңар  өркешті  түйе  ыстыққа  төзімді, бірақ  қатты  аязға шыдамайды. 

2) Қос өркешті түйе (ғылыми  тілде  Бактрия  түйесі  дейді)  немесе Айыр өркешті  түйенің  жабайы  түрі «қаптағай» деп  аталады. Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Қазақстанда  қос өркешті түйенің  Қазақстан түйесі, Монғол түйесі, Астрахан  түйесі  деп  аталатын негізгі  үш  тұқымы  өсіріледі. Ол құрғақ  далалы, шөл-шөлейтті  жерлердің табиғи  жағдайларына  жақсы  бейімделген. Аңызақ  ыстыққа, үскірік  аязға төзімді  келеді.



7



Түйенің   қасиеті.

Түйенің   жүні  мен  терісі – киім, сүті – сусын, еті– ас. Әсіресе, түйе  көш  көлігі  ретінде   бағалы. Ол – сиырдай   емес, сирақты  мал. Қыста   суыққа, жазда  ыстыққа  төзімді. Түйе  алпыс  күн  аштыққа, отыз  күн  шөлге шыдайды.  «Айт-шу» десең атып  тұратын «тіл  алғыш», жуас, қайырымды   мал. 

 

«Сиырдың  сүті – тілінде»

 Сиыр, ірі  қара, мүйізді  ірі  қара- сүтқоректілер   класына  жататын  аша  тұяқты, қуыс  мүйізді, күйіс  қайыратын  жануарлар. Сиыр малы   осыдан  7- 10 мың  жыл  бұрын  Жерорта   теңізі  маңындағы   елдерде қолға  үйретілген. Қазіргі  үй  сиырларының   шыққан  тегі  тур деп  аталады. Тур  деген  жабайы  сиырды  қолға  асырап, үйретілгеннен  кейін  үй  сиыры пайда  болған. Жабайы  сиырлармен  салыстырғанда, үй  сиырларының  аяқтары  қысқа, денелері  ірі, үлкен, шекелері  кіші  болып  келеді. Бұл  ірі қара әр  түрлі тұқымдардың шағылысуы арқылы  көптеген  будандарға  айналады. Мұндай  сиырлар  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Т әжікстан, Түрікменстан, туысқан  республикаларда  кең  таралып  өсті. Жергілікті  сиыр тұқымдары  көбейді. Қазақстан  сиырларының  тұқымдары  еттілік, сүттілік, көліктік  жағынан  ерекшеленіп, өсіп-өніп  келеді.

Сиыр   малы  момақан, қазақтар  үшін  көбінесе  тамаққа   жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік  осы   сиырдың  берген  берекесі  болған. Сиырды  кейде  көшке  де, егіске  де  пайдаланып  отырған. Жалпы, қазақтар  сиырды  киімге  жаратпаған, қонаққа  сыйға тартпаған, тіпті түске  кірсе  де  ауыртпалық  деп   жорыған, тіпті  қазақта  епетейсіз, икемсіз әрі  денелі  адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін  адамды «аузын   буған  өгіздей», «мыңқиған  бұзау  сияқты» деп  мазақтайтын  тіркестер  қолданылады. Дегенмен, сиыр  да  үйдің  берекесі, айран - сүттің  көзі, балаларының   асыраушысы  ретінде  қадірлі  мал  болған. Сиырды   жасына   қарай   бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа  деп  атаған.

Сиырдың  пірі -Зеңгі баба, төлі- бұзау. Сиырды «аухау-аухау» деп  шақырады.

Сиырдың  төлдеу  мерзімі - 9 ай.

Сиырдың  түрлері

Қазіргі  кезде  дүние  жүзінде  сиырдың   250- ге  жуық   түрі  бар. Сиырдың дене  бітімі  олардың   өнімділік   бағытына  (сүт, ет)  байланысты  болады.

Сүт  бағытындағы.   Сиырдың   денесі  ұзын, сүйегі  салыстырмалы  түрде жіңішке, терісі  жұқа, жұмсақ, түгі  жылтыр, қарыны  кең, басы  мен  мойыны ұзын, құрсағы  мен  желіні  үлкен  болады.

Ет  бағытындағы. Сиырдың  тұрқы  төртпақ  әрі  кең, омыраулы, аяғы  мен мойыны  қысқалау, желіні  кішілеу, сүтті  малға  қарағанда  бұлшық   еттері жақсы   жетілген, терісі  қалың  әрі  жұмсақ, тері  астындағы  май   қабаты  жақсы   дамыған.

8

Сүтті  бағыттағы  қолтұқымдар.

Бұл бағытта  өсірілетін  ірі  қара қолтұқымдарынан  сүт  алу мақсаты  көзде-леді. Қазақстанда   қырдың  (даланың) қызыл  сиыры, әулиеатаалатау, қараласимменталъ қолтұқымдары өсіріледі.

               

Сиырдың   қасиеті.

Сиыр  малы  момақан, көп  күтімді  талап  етеді. Қазақта:  «Сиыр   малы -үйдің  асыраушысы» деп  тегін  айтылмаған. Себебі : сиыр  сүтінен   қаншама  тағам  түрі  жасалады. Ертеде  қазақ  халқы  сиырдың  терісінен  құдықтан  су  тартатын  ыдыс  қауғалар, қымыз  ашытатын  сабалар  мен  сусын  құятын  торсықтар  жасады.

 

«Қойдың  сүті – қорғасын»

      Қой – қуысмүйізділер  тұқымдасына   жататын, күйіс қайыратын  жұптұяқты мал.  Қой  бұдан   10 -11 мың  жыл, бұрын  қолға  үйретілген. Қойдың  жабайы  арғы  тегі – жабайы  қой  муфлон  және  арқар таулы алқаптарда  таралған. Қойдың  алғаш  қолға  үйретілген  орталықтары:  Жерорта теңізінің   маңы, Орта Азия, Қазақстан Оңтүстік Африка.

Қой – төрт   түлік   малдың   ішіндегі  қазақтың  ең  сүйіктісі. «Қойдың  сүті- қорғасын,  қойды   құртқан  оңбасын»  дейтін   қазақтың  қой  өсіруге  ынта-ықыласы  мол- ақ. Өзі  майда, өсімтал, момақан, тез  ет алып, қонақ   кәдеге  жарап  отыратын, сүті  майлы  әрі жұғымды  қой  малын  ата-бабамыз  ерекше  қастерлеген. Қой  өсу  жасына  орай  қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық  деп аталады.

Қойдың  пірі - Шопан  ата, төлі - қозы. Қойды «пұшайт-пұшайт» деп шақырады.

Қойдың  төлдеу  мерзімі – 5 ай.

Қой  түрлері .

 Қазақстанда  өсірілетін  қой  тұқымдары:

                          Арқар -  меринос                           Алтай   қойы 

 Қой атаулары

Шопан ата – қойдың пірі, иесі, икесі.
Қозы, қошақан – қойдың жас төлі.
Көрпеш – есейген қозы.
Көбеген – төл басы, ерте туған қозы.
Көпей – кеш туған қозы.
Марқа - қозының марқайған кезі.
Бағлан – семіз марқа.

9

Тоқты – жасы алты айдан асқан.
Тұсақ – жастан асқан ұрғашысы.
Ісек – тарттырылған, кестірілген қой.
Құнан той – үш жастағы қой.
Дөнен қой – төрт жастағы қой.
Азбан – тарттырылған қошқар.
Қошқар – аталық.
Саулық – аналық қой.
Ақауыз қой –  әбден семірген бойдақ қой.
Пұшайт-пұшайт – қойды шақыру.
 

«Ешкі  төресі - серке»

    Ешкі  де  қазақтар  үшін  өсімтал  малдың  бірі.

Ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің  сүттісін  арнайы  ұстап, ана сүтіне  жарымаған  баланы  ешкі  сүтімен  асырайды.

Ешкінің  серкесін  әрдайым  қойдың  отарына  қосып  отырады, оның  бүкіл  отарды  бастап жайылымға   апарып, әкелетін  қасиеті бар.

Дегенмен  ешкіні  қонаққа  соймайды. Ешкі  жеңілтек  мал   деп есептеледі  де, мінезі  ұшқалақ, шыдамсыз  баланы  ( әсіресе  қыз баланы) «ешкі  құсап  селтеңдеп» деп, ешкіге  теңеп отыратыны  бар. Ешкіні  жасына  қарай  лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі. Ешкі  тоғыз – он  жыл тіршілік  етеді . Ешкінің  мүйізі  қырлы, д ене  бітімі  жеңіл, құйрығы қысқа  келеді.

Ешкінің  пірі - Шекшек  ата, төлі - лақ. Ешкіні «шөре-шөре» деп  шақырған.

Төлдеу  мерзімі - 5 ай.

 Ешкі атаулары

Шекшек ата – ешкінің пірі, иесі, киесі.
Лақ – төлі.
Бөрте – алты айлық төл.
Шікіраз – жасқа толған еркегі.
Туша – жасқа толған ұрғашысы.
Шыбыш – екі жастағы ұрғашысы.
Ешкі – аналық.
Сергештік – жасқа толған еркегі.
Теке – аталық.
«Шөре-шөре» – ешкіні шақыру.

10

Төрт  түліктің  пайдасы.

Төрт  түлік  малдың  өзі  қадірлейтін  басын  қазақтар  басқаға  бермеген, онда  жұтаңдық  орнап  қалады  деп есептеген. Әрбір  рудың  өз малына салатын  таңбасы  болған. Оны  олар  малдың  құлағына, мүйізіне, жамбасына салатын  болған. Еңбекқор  қазақ  халқы  мал өнімдерін өте  орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта  қолданылатын  заттар – жылқының  жалынан, құйрығынан  арқан, сиыр  мүйізінен  тарақ, қой  жүнінен  киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен  тоқылған  шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын  қайнатып, емге пайдаланған. Кедей  қазақтар қойдың  жабағы  жүніне  жаңа  туған  нәрестені  де орап, қыстан  аман алып шыққан. Осындай  аса  құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып үйірілген, еркелетіп отырған.  Малдың  қадірін   біліп, қасиетін  бағалаған  бабаларымыз  адам есіміне мал атауларын қосуды әдетке айналдырған. Мысалы, Ботакөз, Нартай, Атанбай, Бурабай, Жылқыайдар,Түйебай, Қошқар, Қозы, Серке, Қойлыбай, Құнанбай.

Қазақ халқы балаларын «ботам», «қошақаным», «құлыным» деп еркелетіп, әлпештегенде терең мән  жатыр.(«Ал шырағым, құлыным, маңдайымда тұлымың»)

Тіпті  ертедегі  халықтың  жыр, әңгіме, ертегілерінде де мал қасиетті түлік есебінде батыр, ер, сұлулармен  қоса дәріптеліп айтылып жүреді. Мұның бәрі халықтың  малсақтық  ерекшеліктері  мен  ұғымынан туғанын естен шығаруға  болмайды.

Әр мезгілде малдың жүнін, қылын, түбітін алудың да атау түрлері көп. Мысалы: Түйені  жүндейді, жылқыны  күзейді, қойды, ешкіні қырқады, ешкінің түбітін алу үшін тарайды.

  Малдың сүтінен жасалатын тағамдар: түйенің шұбаты, жылқының қымызы - аса құнды, шипалы сусын. Ал сиыр мен қой сүтінен:у ыз, айран, қатық, қаймақ,

май, сүзбе, ірімшік, ақпақ, құрт, ежігей, сарысу, тосан  көптеген  дәмді тағамдар  жасалады.

    Халық  ұғымында малдың  пірі, иесі бар деп түсіндіріледі. Мысалы: түйеде

- Ойсыл Қара, жылқыда - Қамбар ата, сиырда - Зеңгі  баба, қойда - Шопан ата, ешкіде - Шекшек ата.





Жылқының  жыры.

Қамбар  ата  жылқымын,

Шөптің  жеймін  түр –түрін.

Дертке  дауа  қымызым,

Берік  арқан  қыл-түгім.

 

11

Жылқыны  күту, тамақтандыру

Тау  бөктері  аймақтары  мен  қуаңшылық  жерлерде  ауа  райы жылы болғдықтан  жылқыны жыл бойы  жайылымда бағады. Бұл  жерде  жылқы шаруашылығы  ет  алу  мақсатында ұйымдастырылған. Жылқыны  бағудың  бірнеше әдістері бар: үйірлеп бағу, бос бағу, табындап бағу. Бос  бағуда  жылқыны жыл бойы жайылымда болады. Қатты  боран  немесе көк  тайғақ  болғанда пішен, жем беріледі. Табындап  баққанда  жылқы  жынысына және  жасына қ-рай  табынға бөлінеді. Боран және аяздан қорғау  үшін  қора, қолқа, ықтасын салынады, Құдық  қазылады, суаттар  жасалады.



Жылқы өнімі

Еті мен сүтінің  адам  ағзасына  пайдасы.

Қазақ  халқы үшін жылқы - қасиетті  мал. Оның еті  мен сүті өте шипалы.  Еті жесең қорытуға  жеңіл, сіңуі  тез, өте пайдалы. Жылқы  етінің басты қасиеті : жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек  жұмысын  жақсартуға, буын  сүйектерді  жібітуге т.б. қолданылады. Сондай -ақ  ірі  қара  малдың  асқазаны ауырғанда,  балапандар мен тауықтардың  ащы шегінде  қабыну белгілері байқалғанда  қолдануға болады. Міне, бұл  кеңестерді  үнемі жаныңызға  жинап, қажетіңізге  жаратуға  болады.

  Биенің  сүтінен  қымыз  ашытады. Қымыз  ауырған  адамға  ем, ал сау адамға қуат береді. Бие сүтінде қант көп болады.Жаңа  сауған сүттің  дәмін татып  көрсеңіз  байқайсыз. Құрамында  «С»  дәрумені  көп болады . Қымыздың  емдік  қасиеттері  әсіресе,  туберкулез  ауруын  емдеуге    пайдалы. Қымыз  қазақ  халқының  сүйіп  ішетін  сусыны. Биеден  күніне 10-12, кейбіреулерінен 15-17 литрге  дейін  сүт  сауылады.

Жылқының жал, құйрығын «қыл» деп атайды. Жал, қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған.

Қылқобыз - әлемдегі ысқышпен орындалатын ішекті аспаптардың атасы, қос ішекті көне музыкалық аспап. Қобыздың екі ішегіне және ысқышына аттың құйрық жалының қылы тағылады. Қобыз адамның денесін шымырлатып, жүректі тербейтін қоңыр қою дыбыс береді. Қобыз күйлері халықтың мұңы мен қуанышын, ішіндегі сырын айқын суреттейді. Ерте заманда қобызда жыршылар, бақсылар, емші — балгерлер ойнаған. Қылқобыздың қазіргі заманның түрі-  прима қобыз.

Жылқы біздің  ұлттық  мәдениетіміз, тарихымыз. «Ер қанаты -  ат» деген  қанатты  сөзді  халық  жадында  сақтап  келеді. Осы  қағиданы берік ұстаған бабаларымыз  жылқы  өсіруге  ерекше  ден қойған. Жылқы  еркіндіктің, тұрақ-тылықтың  белгісі, біздерді  жарқын   болашаққа   жетелейді.



12



Түйенің  түйгені.

Ірі менің сүйегім,

Ойсыл қара түйемін

Ежелден ақ ел білген,

Күш  қуатқа  иемін.

Түйенің  күтімі.

Түйе  түлігі  негізінен  жайылымда  бағылып, күтімді, құнарлы  азық  пен  құрылысы  күрделі, жылы  қора- жайды  аса  қажет етпейтіндіктен, басқа  ауыл шаруашылық  малдарымен  салыстырғанда  тиімді  сала болып табылады. Түйе түлігі  күй таңдамайды, басқа  мал  жемейтін  қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе  күндіз  жайылып, түнде  жатып, күйіс қайырады. Бірнеше  тәулік  су ішпеуге шыдайды. Бұл  кезде  өркеш  майларынан  бөлінген суды  пайдаланады .Түйе  шаруашылығы  Ақтөбе, Батыс  Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда ,Оңтүстік  Қазақстан, Жамбыл  облыстарында  жақсы дамыған.

                 Түйе   өнімдері.

Түйе  сүтінің  майлылығы  сиыр  сүтінен  әлдеқайда  жоғары. Оның   құрамында  адам  ағзасына  қажетті  нәруыз,  дәрумендер  мол.  Сүті  24  сағатқа дейін  ашымайды. Түйе  сүтінен  шұбат дайындалады (қымыран  деп  те аталады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Шұбаттың  радиацияға  қарсы  әсері  болатыны  да  анықталған. Түйе

 еті - түйе  өнімінің  бір  түрі, бағалы  тағамдық  шикізат.Түйе  етінің  химиялық  құрамы -мүйізді  ірі  қара  мал  етіне ұқсас  және қуатты  келеді.Түйе  етінің қасиеті толық  зерттеліп  бола  қойған жоқ, дегенмен, еліміздің түйе өсіретін  аймағының  жергілікті халқы оны диеталық  тағам деп біліп, дертке дауа санайды.

Шудасы. Түйенің  шудасы  да  қымбат  бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына  және  радиация  сәулелеріне  қарсы  ем  ретінде  пайдаланады. Шудадан  бағалы  тоқыма  бұйымдар  жасалады.Түйе  жүнінен  неше  түрлі өрмек  жіптерін  иіріп, шекпен, қап, белбеу, кілем, қоржын  сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы.Түйе жүнін көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық  шықпайды.

Төрт  түліктің  ішінде  түйе  малын  байлық  ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Осы малдың сақтаушы иесін Ойсыл Қара деп атаған. Ойсыл Қара атауы ұғымдық жақтан  түйе  деген  мағынаны  білдіреді.  Қазақтар  түйенің  жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл  әрі жұмсақ сырт  киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған. 



13

Сиырдың  сыры.

Ел  аузынан  түспеген,

Зеңгі баба - құт деген.

Балалар тез  өссін деп,

Шелек-шелек сүт берем

Сиырды күту.
      Шаруашылықта  малды  қолда   және  жайылымда  ұстайды. Қолда бағу кезеңінде мал қора — жайда, ал жайылым кезеңінде табиғи  өрісте  ұсталады.   Жаз  айларында  көк  шөп  құрама  жем, қыста сүрлем, пішендеме  береді. Бұзауларды  сүтпен  қоректендіреді.

Сиырдың еті мен сүтінің адамға пайдасы.

Сиырдың  сүті  бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі  шикізаты. Сиыр  сүтінен  айран, сары май, ірімшік, кілегей, құрт, сүзбе, сары су әзірлейді. Сүт  тағамдары  денсаулыққа  пайдалы  және  қоректі  қасиеті де  мол. Сиырдың  сүті  несеп ауруларына ем,  Ойды ұшқырлайды. Сары май әл ауқатты арттырады. Ал етінің құрамында белок  көп. Сиырдың  еті - салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.

 Видео – сұхбат.

Қойдың  ойы.

Біздер  жайлы  сөйлеген,

Момын әрі  пайдалы.

Біз  боламыз  қой  деген,

Шопан  ата  түбіміз.

Қойдың  қасиеті.

Қазақ  халқы  қой  мен  ешкіні  қосып «уақ мал» деп атайды. Қой-төрт түлік мал  ішіндегі  ең  жуасы. Қойдың  еті, жүні, терісі пайдалы. Жүнінен  киіз басады, түрлі киім-кешек тоқиды.

Қой  күтімі

        Қой  шаруашылығы - мал шаруашылығының  бір  саласы. Малды  қыста қорада, қалған  уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық  дақылдармен  қоректендіреді, мезгілімен  дәрігерлік  көмек  көрсетіледі. Қойдың салмағы тұқымына қарай  әртүрлі болып келеді.

Қой  өнімі

Қойды  ет, сүт, жүн, тері  өндіру  үшін  өсіреді. Қой  еті  бағалы  тағамдық шикізат. Қойдың  еті – жылу  мен  әл-ауқатты  арттырады, денедегі  желді  баса-ды. Асқа  тәбетті  арттырады. Сүті  қою, емдік  қасиеті  бар. Қойдың  жүнін «жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні», «өлі жүн» және «шет-пұшпақ» деп бес түрге  бөліп  атайды. Қойдың  жабағы  жүнінен  шидем  шапан, күпі  күседі, ішпек, терілік  жасайды, тыстап  күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді,

14

киіз жасайды.

 Қой  жүнінен  киіз басар,

 Кисе – киім, жесе – тамақ,

 Мал  жоқ  шығар  қойдан  асар  -  дегендей  үй жануарларына  адам  қандай

 қамқорлық  жасасақ, сондай пайда  көріп  отырмыз.

           

Ешкінің  ережесі.

Таппайтұғын  еш  тыным,

Шекшек ата – ешкімін.

Талайлардан  ілгері,

Талайлардан   естімін.

Ешкінің  қасиеті.

Ешкі- өте  өсімтал  мал. Ешкінің  мүйізі  қырлы, дене  бітімі  жеңіл, құйрығы қысқа  келеді. Оның  түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде  бесеуден  лақтайды. Жақсылап  күтсе,  жылына  екі  рет  төлдейді. Ешкілерді  көктемде, жылы  аудандарда  екінші рет тамыз – қыркүйек айларында  қырқады. Текесінен 4 – 6 кг, ешкісінен 3 – 5 кг қыл алынады. Түбітті ешкіден 0,2 – 0,5 кг, кейде 2 кг түбіт алынады. Ешкі  терісінен  сафиян, шевро сияқты  бағалы  былғары  жасалады.

Ешкі  күтімі

    Ешкі  шаруашылығы - мал  шаруашылығының  бір саласы. Ешкі   малы - текесі 60 – 65 кг-ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограмға  дейін тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май  алынады. Ешкі  тұқымын  асылдандыру, күтімі  мен  азықтандыруын дұрыс  ұйымдастыру  арқылы  оның  өнімділігін  арттырады.

Ешкі  өнімі

Ешкі  еті, әсіресе,  лақ, серке еті дәмді, сіңімді келеді. Сүті  емшектегі  балаға жұғымды, одан  қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран, т.б. тағамдар  дайындалады. Ешкінің  сүті  ентікпеге  ем. Өкпе  ауруына,  қан  аздық, рахит, буын, тері ауруына  шалдыққандарды  әу  бастан-ақ  ешкі сүтімен емдеген. Түбіті  мен жүнінен  жеңіл, әрі берік  орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылған.

 

Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар, мақал – мәтелдер мен әндер.

Тыйым сөздер.
* Қой қырқатын қырықтықты бос қайтармайды, жүнге орап береді.
* Қой қоздап жатқанда біреуге мал сыйламайды, сатпайды.
* Мал айдап келе жатқан адамға "айдар көбейсін" дейді, ал малшыға "бағар көбейсін" дейді.
* Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
15

* Мал сүйегін пешке салма.

* Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
* Ақты төкпе.
* Малды теппе.
* Малға теріс мінбе.
* Малдың басынан ұрма.



Ырымдар.

Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді – жас төлдің құты кетеді.

Мал туып жатқанда жанында адам тұрса, төлін қызғанып, өлтіріп тастауы мүмкін.

Ұрлық жасаған, өтірік айтқан адамға мал бағуға болмайды, малдың берекесі кетеді.

Тұмса малдың алғашқы сүтін ешкімге бермейді: сүтті болса, оны бөтен адамға айтып мақтамайды, себебі сүті қайтады.

Мал иесі немесе оның отбасында адам қайтыс болғанда, мал сауылмайды, төлін ағытып жібереді.

Бөтен адамды малдың ортасына кіргізбейді – малға көз тиеді.



Мақал –мәтелдер.

1.Сиыр су ішсе - бұзау мұз жалайды.
2. Құдай  сүзеген  сиырға  мүйіз  бермейді.
3.Тай - атқа  жеткізер, ат – мұратқа  жеткізер.
4. Еттің  бәрі - қозы емес, иттің бәрі - тазы емес.
5. Алпыс  күн  атан  болғанша, бір  күн  бура  болғанға  не  жетсін.
6. Жығылсаң  жылқы - жалын төсейді, сиыр - мүйізін  төсейді.
7. Соңғы  түйенің   жүгі ауыр.



«Қошақаным» әні

I.Жазда атамның аулына

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап, жүгіріп.

Қайырмасы:

Ақ маңдайлы, ай мекен,

16

Шекер мекен, бал мекен.

Кеттім сондай сағынып,

Қошақаным қайда екен?



II. Атам оған жем берді,

Әжем оған су берді.

Қошақаным тойып -ап,

Тастан – тасқа секірді.

Қайырмасы.



Танысқан мәліметтер бойынша төрт түлік туралы қорытынды кестем


Ойсыл

Қара

табын

бота

көс - көс

12 ай

Жылқы

Қамбар

ата

үйір

құлын

құрау - құрау

10 ай

Сиыр

Зеңғі

баба

табын

бұзау

аухау - аухау

9 ай

Қой

Шопан

ата

отар

қозы

пұшайт -пұшайт

5 ай

Ешкі

Сексек

ата

отар

лақ

шөре - шөре

5 ай



Сиыр мен ешкі сүтінің салыстырмалы құрамы (1 литрде)


Мен мынадай практикалық эксперимент жасадым:

Сиыр сүті мен ешкінің сүтін дастархан үстінде қалдырып кеттім. Келесі күні сиырдың сүті ашып кетті, ал ешкінің сүті ашыған жоқ. Олар тоңазытқышта төмен температурада қанша уақыт сақталатынын салыстырғым келді. Ол үшін екі банка сүтті тоңазытқышқа қойдым. 4-5 тәуліктен кейін сиырдың сүті өзінің дәмдік қасиеттерінен айырылды, ешкі сүті, сиыр сүтіне қарағанда, көбірек сақталды.


17



Сонымен, практикалық эксперимент келесіні көрсетті:

  1. Ешкі сүті, сиыр сүтіне қарағанда, көбірек сақталады.

  2. Ол жақсы сіңеді.

  3. Сиыр сүтіне қарағанда, оның құрамында дәрумендер көбірек.

  4. Оның емдік қасиеті көп, әсіресе, сәбилердің тамақтануына маңызды.

  5. Ол көп уақыт ірімей тұра алады (Бөлме температурасында - 3 күнге дейін сақталады, тоңазытқышта - бір жеті сақталады).

  6. Кальцийге бай.


Қарасу ауыл тұрғындарымен сауалнама

Анкетирование среди жителей села Карасу


1.Знаете ли вы  породы коров и коз?

А) да Б) нет

2. Держите ли вы корову? Если нет , то почему?

А) да Б) нет

______________________________________________________________________

____________________________________________________________________

3. Знаете ли вы какую породу коровы держите?

А) да Б) нет

4. Выгодно ли содержать корову?

А) да Б) нет

5. Какое молоко вы предпочитаете: коровье или козье?

А) коровье Б) козье


Мен Қарасу тұрғындарымен сауалнама өткізіп, келесі мәлімет алдым (қатысқаны -20 адам):

  1. «Сиыр және ешкілердің тұқымдарын білесіздер ме?» деген сұраққа 20-дан 19 – «иә», 1- адам «жоқ» деп жауап берді.

  2. «Сиыр ұстайсыз ба? Ұстамасаңыз неліктен?» атты сұраққа – 14 адам – «иә», 6 - « жоқ» деп жауап берді. Оның ішінде -2 – оны ұстайтын қора жоқ, 4- шөп, жемнің қымбаттығын хабарлады.

3. «Ұстап жатқан сиырдың тұқымын білесіз бе?» деген сұраққа 13 адам – «иә», 7 - «жоқ» деп жауап берді.

  1. «Сиыр ұстаудың пайдасы бар ма?» деген сұраққа 16 адам – «иә», 4 –«азырақ» деп жауап берді.

4. «Ненің сүтін ішуге таңдар едіңіз?» деген сұраққа 19 адам - сиырдың, 1 адам – ешкінің сүтін таңдап ішер едім» деген жауап берді.


Бұл мәліметтен мынадай қорытындыға келдім:

  • Қарасу ауыл тұрғындарының көбі сиырдың және ешкілердің түрлерін біледі.


18

  • Олар сементаль, әулиеколь, дала, қырдың қызыл сиыры, қара ала тұқымдарын ұстайды.

  • Ауыл тұрғындары сиыр ұстау өте қиын, өйткені мал азығы өте қымбат деп санайды.

  • Жазда оны бағатын жер де азайп бара жатқанын, және азық алатын орны да азайып бара жатқаны жөнінде хабарлады. Оған қоса сиырдың көбі бруцилез ауруына жалдықты. Сондықтан тұрғындардың көбі сиыр ұстаудан бас тартады. Ал кейбіреуі ешкі ұстап, оны сауып, сүтін пайдаланады.


10 үй иелерімен зерттеу өткіздім.


Исследование. Подсобное хозяйство семьи (беседа с хозяйкой)

- Держите ли вы корову?

__________________________________________________________________

- Назовите кличку вашей коровы

__________________________________________________________________

- Какой она породы? __________________________________________________________________

- Сколько литров молока она дает в сутки? __________________________________________________________________

- Чем вы ее кормите? _________________________________________________________________

- Где она посется летом? __________________________________________________________________

- Сколько литров молока дает летом? __________________________________________________________________

- Легко ли содержать корову? __________________________________________________________________


Алдымен Бейсеновтар отбасына барып, үй иесі Қайрат ағай мен Фануза апаймен әңгімелестім.

Қайрат ағай Фануза апай 2 сиыр ұстайды екен. Оларға Рябина, Калина деп ат қойған. Сиырларының тұқымы - қара ала. Олар тәулігіне 7 литр сүт береді. Фануза апай оларға шөп, жем береді. Жазда жайлауға айдайды, сондықтан сиырлары тәулігіне 10- 12 литр сүт береді. Отбасынан артылған май мен ірімшікті сатады. Үй иесі қазіргі кезде сиыр ұстауы қиындап бара жатқаны жөнінде айтты. Азығы өте қымбат, бағатын жері де азайып бара жатқанын хабарлады.


Келесі барған отбасы - Сарбасовтар отбасы.

Берік ағай мен Светлана апай 2 сиыр ұстайды екен. Олардың аттары – Милка

және Карнелита. Тұқымдары - семинталь. Үй иесі оларға шөп, зерноотход, кебек береді. Бір сиыр тәулігіне 10 литр сүт береді. Жазда табынға айдайды, кешке қарсы алады. Жазда сиырлары 15 – 20 литр сүт береді.

19

Үй иелері мал ұстауы қиын деп есептейді, өйткені мал азығы қымбаттап бара жатыр, оны табу да қиын, жазда әр басты бағу үшін бір мың бес жүз теңге төленеді екен.


hello_html_781cc8ba.jpg hello_html_2ebc86f.jpg

Келесі барып, әңгімелескен үй иесі - Блинкова Татьяна Петровна. Ол ешкі ұстайды. Ешкі ұстағанына 4 жыл болды. Оның алдында сиыр ұстаған. Өз туыстарынан ешкінің сүті сиырдың сүтіне қарағанда пайдалырақ екенін естіген. Ешкісіне шөп, қызылша, кәртөп қабығын береді. Ешкі тәулігіне 1 литр сүт береді. Жаздыгүні 2 литр сүт береді. Биыл ешкі әлі қоздаған жоқ. Мамыр айында қоздайды деп күтуде. Бір мәселе: ешкіні жазда бағатын жер жоқ, үйдің алдында байлаулы тұрады, үй иесі шөпті шауып әкеліп береді.


Зерттеудің нәтижесі

Қарасу ауылындағы сиырлар санынын азаю себептері:

1 себеп: мал жайылатын жерлердің азаюы;

2 себеп: жылдан жылға мал азығынын қымбаттауы.


Қорытынды және ұсыныстар

Ауылда мал ұстауы қиындап бара жатыр.

  1. Ауыл әкімі Нұрпейісовқа мынадай ұсыныс жасау: ешкілерді сиырлармен бірге бағу мәселесін шешу.

  2. Әкімшілікке ұсыныс жасау: мал бағуға көбірек жер беру.



Жалпы қорытынды.

Осы ғылыми жұмысымды зерттеу барысында кітаптарды, деректерді пайдалана отырып, ізденуімнің арқасында төрт түлік туралы көп мағлұмат алдым. Бұл  ғылыми - зерттеу  жұмысым  төрт  түлік  туралы  тереңірек  білуге, оларды

бағалап, құрметтеуге  септігін  тигізетіні  сөзсіз.

Келешекте Қарасу өңірінде мал шаруашылығын кеңейтіп, әсіресе, аурухана, қарттар үйі, балабақша, мектептер, интернат сияқты мекемелерді төрт түлік етімен, сүтімен қамтамасыз ету.

20



Пайдаланылған әдебиеттер



1. Қ.Бозымов « Жылқы және түйе шаруашылығы»  Алматы «Қайнар» 1993 ж.

2. Қ. Дүйсенбаев, З.Сейітов, Ә. Хасенов «Қымыз» Алматы «Қайнар» 1968ж.

3. К.Мырзалиев «Қызыл кітап» Алматы  «Жалпы» 1983 ж.

4.  Қазақстанның экономикалық  және  әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009 ж.

4. Қазақ  Энциклопедиясы, 8 том 2010 жыл























































ММ «Қарасу ауданы әкімдігінің білім

беру бөлімінің «Қарасу орта мектебі»

4 «Б»  сынып  оқушысы

Палагина Валерияның

«Төрт түлігім - ырысым»

деп  аталатын

ғылыми - зерттеу   жұмысына

            

Пікір.

Қазақ  халқының  басты құндылықтарының  бірі – төрт  түлік  мал. Ата - бабамыздан  келе жатқан  байлықтарымыз - төрт  түліктің  маңыздылығын  оқушы бойына сіңіру - мұғалімнің басты  парызы.

«Төрт  түлігім- ырысым» атты   ғылыми  жұмыстың  өзектілігі - төрт  түліктің адам  өміріндегі  маңыздылығын  айқындау, өнім  көзі  болып  табылатын  төрт түлікті  күтіп, баптау.

Орыс  тілді  мектепте оқитын  оқушының  зерттеліп отырған  ғылыми  жұмысы қазақ  халқының  тұрмыс  тіршілігінен  сыр шертеді. Оқушы өз ғылыми еңбегін зерттеп, жазу барысында  төрт  түліктің  маңыздылығын, түрлерін  терең  ашып байымдаған және  дәлелдеуге тырысқан. Бұл жұмыс тақырыпқа сәйкес түрлі - түсті фотосуреттермен, кестелермен, сауалнамалармен, видео – сұхбатпен, өзіндік қорытындысымен көзге түседі. Оқушы «Төрт  түлігім - ырысым» атты  тақырыпты  кітапханаларда отырып, зерттеп, ізденген, ойын  жеткізе білген. Зерттеу  барысында тақырыптың толық  мәнін  ашқан. Жалпы  жұмыс  ұтымды, нақты, тұжырымды  жазылған.











Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мұғалімі

Кусаинова Ұлберген Рамазанқызы

Сәуір айы 2016







Анноттация

Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Төрт түлігім – ырысым» деп аталады. Оқушы бұл жұмысты 2015 оқу жылының қараша айынына зерттеп келеді.

Жұмыстың мақсаты:

1.Төрт  түліктің  түрлерімен  танысып, зерттеу.

2.Төрт  түліктің  адамға  пайдасын  зерттей  отырып, ұғымды кеңейту.

3.Төрт  түліктің  маңыздылығын  танысу, адам  өміріне  қажеттілігін көрсету, пайдасын насихаттау.

Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі оқушы тәрбиесіне тигізер пайдасы мол. Төрт түлік мал жайлы, оның пайдасы туралы толығырақ жан – жақты зерттеледі. Тақырыптың мазмұнды тәлім, тәртиелік мәні зор. Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интеннет желісі, көмекші әдебиеттер, ғылыми мақалалардан жинақтаған.

Оқушы бұл материалды сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалануға дайындады деп айтуға болады.

Алдағы уақытта қорытынды жасап, қорғайтынына сенімім мол.



Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мұғалімі

Құсайынова Ұлберген Рамазанқызы

 
















































Танысқан мәліметтер бойынша төрт түлік туралы қорытынды кестем


Ойсыл

Қара

табын

бота

көс - көс

12 ай

Жылқы

Қамбар

ата

үйір

құлын

құрау - құрау

10 ай

Сиыр

Зеңғі

баба

табын

бұзау

аухау - аухау

9 ай

Қой

Шопан

ата

отар

қозы

пұшайт -пұшайт

5 ай

Ешкі

Сексек

ата

отар

лақ

шөре - шөре

5 ай



Сиыр мен ешкі сүтінің салыстырмалы құрамы (1 литрде)


Мен мынадай практикалық эксперимент жасадым:

Сиыр сүті мен ешкінің сүтін дастархан үстінде қалдырып кеттім. Келесі күні сиырдың сүті ашып кетті, ал ешкінің сүті ашыған жоқ. Олар тоңазытқышта төмен температурада қанша уақыт сақталатынын салыстырғым келді. Ол үшін екі банка сүтті тоңазытқышқа қойдым. 4-5 тәуліктен кейін сиырдың сүті өзінің дәмдік қасиеттерінен айырылды, ешкі сүті, сиыр сүтіне қарағанда, көбірек сақталды.

Сонымен, практикалық эксперимент келесіні көрсетті:

  1. Ешкі сүті, сиыр сүтіне қарағанда, көбірек сақталады.

  2. Ол жақсы сіңеді.

  3. Сиыр сүтіне қарағанда, оның құрамында дәрумендер көбірек.

  4. Оның емдік қасиеті көп, әсіресе, сәбилердің тамақтануына маңызды.

  5. Ол көп уақыт ірімей тұра алады (Бөлме температурасында - 3 күнге дейін сақталады, тоңазытқышта - бір жеті).

  6. Кальцийге бай.


Қарасу ауыл тұрғындарымен сауалнама

Анкетирование среди жителей села Карасу


1.Знаете ли вы  породы коров и коз?

А) да Б) нет

2. Держите ли вы корову? Если нет , то почему?

А) да Б) нет

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

3. Знаете ли вы какую породу коровы держите?

А) да Б) нет

4. Выгодно ли содержать корову?

А) да Б) нет

5. Какое молоко вы предпочитаете: коровье или козье?

А) коровье Б) козье


Мен Қарасу тұрғындарымен сауалнама өткізіп, келесі мәлімет алдым (қатысқаны -20 адам):

  1. «Сиыр және ешкілердің тұқымдарын білесіңдер ме?» деген сұраққа 20-дан 19 – «иә», 1- адам «жоқ» деп жауап берді.

  2. «Сиыр ұстайсыз ба? Ұстамасаңыз неліктен?» атты сұраққа – 14 адам – «иә», 6-« жоқ» деп жауап берді. Оның ішінде -2 – оны ұстайтын қора жоқ, 4- шөп, жемнің қымбаттығын хабарлады.

  3. «Ұстап жатқан сиырдың тұқымын білесіз бе?» деген сұраққа 13 адам – «иә», 7- «жоқ» деп жауап берді.

  4. «Сиыр ұстаудың пайдасы бар ма?» деген сұраққа 16 адам – «иә», 4 –«азырақ» деп жауап берді.

  5. «Ненің сүтін ішуге таңдар едіңіз?» деген сұраққа 19 адам- сиырдың, 1 адам –« ешкінің сүтін таңдап ішер едім» деген жауап берді.


Бұл мәліметтен мынадай қорытындыға келдім:

  • Қарасу ауыл тұрғындарының көбі сиырдың және ешкілердің түрлерін біледі.

  • Олар сементаль, әулиеколь, дала, қырдың қызыл сиыры, қара ала тұқымдарын ұстайды.

  • Ауыл тұрғындары сиыр ұстау өте қиын, өйткені мал азығы өте қымбат, жазда оны бағатын жер де азайп бара жатқанын, және азық алатын орны да азайып бара жатқаны жөнінде хабарлады. Оған қоса сиырдың көбі бруцилез ауруына жалдықты. Сондықтан тұрғындардың көбі сиыр ұстаудан бас тартады.Ал кейбіреуі ешкі ұстап, оны сауып, оның сүтін пайдаланады.



10 үй иелерімен зерттеу өткіздім.


Исследование

Подсобное хозяйство семьи _________________________________

(беседа с хозяйкой)

- Держите ли вы корову?

__________________________________________________________________

- Назовите кличку вашей коровы

__________________________________________________________________

- Какой она породы? __________________________________________________________________

- Сколько литров молока она дает в сутки? __________________________________________________________________

- Чем вы ее кормите? _________________________________________________________________

- Где она посется летом? __________________________________________________________________

- Сколько литорв молока дает летом? __________________________________________________________________

- Легко ли содержать корову? __________________________________________________________________


Алдымен Бейсеновтар отбасына барып, үй иесі Қайрат ағай мен Фануза апаймен әңгімелестім.

Фануза апай 2 сиыр ұстайды екен. Оларға Рябина, Калина деп ат қойған. Сиырларының тұқымы - қара ала. Олар тәулігіне 7 литр сүт береді. Фануза апай оларға шөп, жем береді. Жазда жайлауға айдайды, сондықтан сиырлары тәулігіне 10- 12 литр сүт береді. Отбасынан артылынған май мен ірімшікті сатады.

Үй иесі қазіргі кезде сиыр ұстауы қиындап бара жатқаны жөнінде айтты. Азығы өте қымбат, бағатын жері де азайып бара жатқанын хабарлады.


Келесі барған отбасы - Сарбасовтар.

Берік ағай мен Светлана апай 2 сиыр ұстайды екен. Олардың аттары – Милка және Карнелита. Тұқымы - семинталь. Үй иесі оларға шөп, зерноотход, кебек береді. Бір сиыр тәулігіне 10 литр сүт береді. Жазда табынға айдайды, кешке қарсы алады. Жазда сиырлары 18 – 20 литр сүт береді.

Үй иелері мал ұстауы қиын деп есептейді, өйткені мал азығы қымбаттап бара жатыр, оны табу да қиын, жазда әр басты бағу үшін бір мың бес жүз теңге төленеді екен.



Келесі барып, әңгімелескен үй иесі - Блинкова Татьяна. Ол ешкі ұстайды. Ешкі ұстағанына 4 жыл болды. Оның алдында сиыр ұстаған. Өз туыстарынан ешкінің сүті сиырдың сүтіне қарағанда пайдалырақ екенін естіген. Ешкісіне шөп, қызылша, кәртөп қабығын береді. Ешкі тәулігіне 1 литр сүт береді. Жаздыгүні 2 литр сүт береді. Биыл ешкі мамыр айында қоздайды деп күтуде. Бір мәселе: ешкіні жазда бағатын жер жоқ, үйдің алдында байлаулы тұрады, үй иесі шөпті шауып әкеліп береді.


Зерттеудің нәтижесі

Қарасу ауылындағы сиырлар санынын азаю себептері:

1 себеп: мал жайылатын жерлердің азаюы;

2 себеп: жылдан жылға мал азығынын қымбаттауы.


Қорытынды және ұсыныстар

Ауылда мал ұстауы қиындап бара жатыр.

  1. Ауыл әкімі Нұрпейісовқа мынадай ұсыныс жасау: ешкілерді сиырлармен бірге бағу мәселесін шешу.

  2. Әкімшілікке ұсыныс жасау: мал бағуға көбірек жер беру.






































Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 08.11.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Научные работы
Просмотров37
Номер материала ДБ-332779
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх