Инфоурок Другое Другие методич. материалыНаучный проект ученика Амантай Арсен на тему "Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні'

Научный проект ученика Амантай Арсен на тему "Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні'

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«№13 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

Жоба тақырыбы:

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

 

 

                                                                    Орындаған:  2 сынып оқушысы

                                        Амантай Әрсен  

                                                            Ғылыми жоба жетекшісі:

                                                                        қазақ тілі мұғалімі Мәлікова Ж.Қ. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл, 2015                                             

Андатпа

          Бұл жоба қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәнін зерттеуге арналған. Ғылым мен техника дамыған заманда адамзат адами қасиеттерден алшақтай бастаған кезде, болашақ ұрпақ тәрбиелеу құралы ретінде атазаманнан жеткен халық ертегілерінің көмегіне жүгінуімізге тура келеді.                                                                                                                       

          Екінші тарауда қазақ халық ертегілерінің балалардың санасына әсер етуін зерттеу экспериментінің нәтижелері берілген.

          Жобаның қорытындысында зерттеу тақырыбы бойынша тұжырымдар ұсынылған.

 

 

Аннотация

                     В проектной работе исследуется роль казахских народаных сказок в воспитании детей. Казахские народные сказки являются одним из главных направлений казахского устного народного творчества. В век развития науки и техники, когда человечество начинает отходить от духовных ценностей как никогда мы обращаемся к народным сказкам.

                     Во второй главе предлагается итоги исследовательской работы по изучению казахских народных сказок.

                     В заключении представлены выводы по теме исследования.



 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

1. Кіріспе..........................................................................................................................3-5

2. Негізгі бөлім

2.1 Қазақ халық ертегілері, оның түрлері....................................................................6-8

2.2 Ертегілердің тәрбиелік мәні..................................................................................9-12

3. Қорытынды...................................................................................................................13

4. Пайдаланылған әдебиет..............................................................................................14

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Жоба жұмысының өзектілігі.

          Менің ұсынып отырған ғылыми жобамның тақырыбы «Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні». Мен 1-сыныпқа келгенімде бастауыш сынып оқушыларының көбі үлкендерге құрмет көрсетіп, кішілерге қамқор болуды білмейді екен, өзара сыйластық, достық, қамқорлық қатынастары төмен болып көрінді. Бірақ мұғалім олардан өзін-өзі қалай ұстауы керек екені туралы сұрағанда бәрі де дұрыс жауап беретін. Сонда, сұрақтың жауабын біле тұра, тәртіп ережесін дұрыс қолданбайды. Тағы бір байқағаным, барлық оқушының қазақ тілі сабағында ертегіні оқып талдау кезінде қызығушылығы туады. Сондықтан мен сыныптастарымның тәрбиелі, ізетті, ақылды, мейірімді, еңбекқор болуына қазақ халық ертегілерінің  көмегі зор деген тұжырымдамаға келдім. Менің ойымша адамдардың бойында тек қана жақсы қасиеттер болуы тиіс, ал осы қаситеттерге қазақ халық ертегілерін оқу арқылы қол жеткізуге болады. Сөйтіп мен қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнін зерттемек болдым.

Мақсаты:  Қазақ халқы ертегілер арқылы балалардың тәрбиесіне қалай әсер ететінін проследить.

Міндеттері:

  • Қазақ халық ертегілерін оқу;
  • Ертегі кейіпкерлерінің тәртіп ережесін ұстанбағандықтан олақ жағдайларға түсу кезеңдерін табу;
  • Ертегі кейіпкерлерін жақсы қарым-қатынасқа, достыққа, еңбекқорлыққа үйрету үшін ертегішілер қандай тәсілдерді қолданғанын проследить;
  • осы проблемаға сыныптастарымның назарын аудару.

Зерттеу нысаны: Біз қазақ ертегілері негізінде тәжірибелік зерттеу жүргіздік. 

Жұмыс барысында қолданылған әдіс-тәсілдер:

1.     Бақылау әдісі

2.     Тарихи әдіс

3.     Аналитикалық әдіс.

4.     Салыстыру әдісі.

5.     Іздену әдісі.

6.     Зерттеу әдісі.

3

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:

          Осы жұмыстың нәтижесін балабақшаларда, мектептерде, қазақ халық ертегілеріне қызығушылары бар сыныптастарыма, олардың ата-аналарына қолдануға болады.

Зерттеудің жаңашылдығы:

          Қазақ халық ертегілерінің тереңірек білу үшін, ертегіні оқи отыра жағымды кейіпкерлерден үлгі аламын деген балаларға күнделікті көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

Жұмыстың құрылымы:

          Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі соңынан берілді.

Жоспар:

1.      Ғылыми жұмыстың мақсатын анықтау.

2.      Ғылыми жұмыстын жоспарын құру.

3.      Мұрағаттардан, кітапханадан алынған ғылыми әдебиеттермен танысу.

Зерттеу кезінде мен мыналарды түсіндім:

  • қазақ халық ертегілеріндегі жағдаяттар арқылы біз, яғни, оқырман көп жақсы нәрсеге үйренеміз;
  • қазақ халық ертегілерінде ата-ананы тыңдамағандар жазаға ұшырайды, ал төзімділік, сыпайылық, достық, тілалғыштық марапатталған;
  • ертегі кейіпкері тек сыпайылылық арқылы ғана көмек алған және көптеген кейіпкерлер біраз қиыншылықты жеңу арқылы мұратына жеткен.
  • ата-аналарға және үлкен адамдарға деген құрмет зор болған;
  • ертегілердің  ең басты тақырыбы еңбек болған, адал еңбектену арқылы кейіпкерлер қиын жағдайлардан шыға білген.

 

 

 

4

2. Негізгі бөлім

2.1 Қазақ халық ертегілері, оның түрлері. 

         Мен жетекшіммен бірлесіп қазақ халық ертегілерімен танысқаннан кейін, олардың түрлерін,ерекшеліктерін зерттей бастадым.  Сонымен, қазақ халық ертегілер - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Қазақ халық ертегілерінің асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән - мағынасының артып отырғандығында. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Ертегілер қоғам дамыған сайын адамның да ой-санасын өскен, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқаның байқаймыз.

         Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

         Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады. Кейіпкерлері қиялдан туған жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір, алып дәу және солармен күрескен батырлар болып келеді. Сонымен қатар адамға көмектесетін қанатты тұлпарлар, құстар да қиялдан туған бейнелер. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арманы мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді. Ертегінің қарапайым кейіпкері арманына жету үшін жолында кездескен барлық кедергілерді ақылмен, айласымен, достарының көмегімен жеңіп отырады. Қиял ғажайып ертегілер: «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Ыста тас», «Алтын сақа», «Тас болған шаһар».

                                                                      5

          Қиял ғажайып ертегілер қазақ ертегілерінің ішінде ең көнесі болып                           табылады. Қиял-ғажайып ертегілері көп дәуірді бастан кешіргендіктен, өзгерістерге де көп ұшыраған. Қазақ қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері «ай десе-аузы, күн десе-көзі» бар сұлу, не алтын шашты қыз, солармен қатар айдаһар, жеті басты жылан, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік сияқтылар араласып отырады. Бұлардың бір тобы ертегі кейіпкерінің досы болса, бір тобы қас жауы болып әрекет етеді. Бұл кейіпкерлердің арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетіндері де бар. Оларға таусоғар, көлжұтар, көреген, желаяқ, саққұлақ, жұмбақ жар, жылан патшасы, басы алтын киәк жатады.

         Қиял ғажайып ертегілерінде зұлымдықты жеңетін күш-адам. Ол не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғызы, не адал еңбекпен күнін көрген аңшы мен мерген ер болып келеді. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі адамға дос күштерден адамзаттың арманын тануға болады. Мысалы, «алты айлық жерді алты аттайтын тұлпар», өзі ұшатын кілем, көреген батыр, саққұлақ, желаяқ адам-адамның ұлы армандарын білдіреді. Адам аяғы баспаған жерді көрсем, танысам, табиғат құпиясын ашсам деген арманынан туған дүниелер қиял ертегілерде кеңінен орын алған.

        Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, жануарлар туралы болып бөлінеді.

         Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі ғажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі.

         Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы, озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа, сюжеттері бір бағытта болып келеді. Тұрмыс-салт ертегілерде қойшы малшы, бақташылардың тұрмысы суреттеледі. Бұл ертегілерің өзіне тән

                                                                               6

ерекшелігі-өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселердің араласып отыруы. Тұрмыс-салт ертегілеріне «Бозынген», «Аю, түлкі және қойшы», «Арыстан мен кісі» сияқты шағын, тәрбиелік мәні зор ертегілер жатады.                                     Жан-жануарлар туралы ертегілері барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері: қу түлкі, қорқақ қоян, озбыр қасқыр. Бұл топқа «Аю, қасқыр, түлкі, бөдене», «Аю, түлкі және арыстан», «Қоянның зары», «Күшік пен мысық» т.б. ертегілер жатады
           Қазақ халық ертегілері жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, қазақ халық ертегілерін пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.

 
2.2   Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні.

         Адамның  балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр. Кейде өмірде қиын жағдайлар кездесіп жатады. Не істеу керек? Қандай дұрыс шешім қабылдау керек? Осы сұрақтарға жауап табу үшін ертегі бізге асығады.

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні. Мен ертегі бізді неге үйретеді? деген сұраққа жауап беруім керек.

          Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынына сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.  

           Қазақ кейіпкерлері батылдық, батырлық, мейірімділік секілді адами қасиеттерімен ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар жақсылық зұлымдықтан

 

                                                                          7

 үстем шығады. Жағымды кейіпкерлер арасында батырлар да, қарапайым адамдар

 

 да, және әйелдер бейнесі де бар.

          Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін  және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.

               Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі. “Ер Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре,   Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.

“Ер Төстікте” кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілердеде бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. “Ер Төстік” әңгімесінің оқиғасы да басқа              ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған.

                                                                           8

 Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстарша басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген ел жылқысы алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал-кмпірдашығуы- бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі – экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс — “Шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі”. Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты,әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс – Ерназардың Сөрқұдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі. Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады.

Жылан патшасы бапы Ет Төстікпен достасып, оны жер астының патшасы Темір ханға жұмсайды. Ертегі оқиғасы қиындай, шеленсе түседі. Темір ханға беттеген сапарында: шаужұқпас, Саққұлақ, Таусағар, Көлтауысар, Қиян-қырағы тәрізді. Жақсылық иелері болмаса, Ер Төстіктің не болары белгісіз еді. Қиын жағдайда көмектесу үшін және зұлымдық өкілдерін Ер Төстіктің жеңіп шығуы үшін енгізілген бұл эпизодтық қаһармандар, бір жағынан, ертегіге қиял-ғажайыптың сипат берсе, екінші жағынан, темір хан мен Кенде ханды қалай жеңгеніне дәлелдеме болып отыр.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі – Ер Төстіктің жер бетіне шығып, шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешуі болып саналады. Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен  бітеді. “Ер Төстік” ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке сандаған бөгет, қиындықтар кездеседі. Оның

                                                                         9

әрқайсысы – жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттепрдің бәрін жеңіп шығады да, “барша мұратына жетеді”. Бұл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін  тұрақты шешім.

Ең алғаш ертегілерді В.В.Радлов, Ы.Алтынсарин, Потаниндер жинап бастады. Олар ертегілерді халық аузынан жазып сақтап қалуға тырысты. Ертегі жинаушылар халық шығармашылығын өз қалпында жазылуын және басып шығарылуын қолға алды.
            Ерте заманнан ертегілер үш үлкен топқа бөлінгенін білеміз
. Бірақ олардың арасын нақты айырып тастауға да болмайды. Мысалы, хайуанаттар туралы ертегілерде сиқырлы элементтер кездесіп қалады және керісінше.
 Хайуанаттар туралы ертегілер ең көне ертегілерге жатады. Ертегі кейіпкерлері қасқыр, бөдене, түлкі, құмырсқа  «Түлкі мен ешкі», «Ақымақ қасқыр», «Құмырсқа мен бөдене».  Әдетте барлық оқиға бір жануардың айналасында өтеді, мысалы түлкі – айлакер, қу. Қазақ ертегілерінде түлкі кейде жеңіліске де ұшырап қалады. Мысалы «Түлкі мен тырна» ертегісінде тырнаға қонаққа келген түлкі одан аш кетеді. « » ертегісінде өз ақымақтығынан аңшылардың қолына түседі.

             Қазақ ертегілерінде құмырсқа еңбекқор, төзімді, ақылды болып көрсетілген. Ол тыным таппай еңбектенеді. Өзі кішкентай-ақ бола тұра алып күштің иесі. «Құмырсқаның қанағаты», «Бөдене мен құмырсқа»


          Бізге шын мәнінде де ертегілер керек пе екенін білу үшін мен сыныптастарым арасында сауалнама жүргіздім қосымшаны қара. Сауалнамаға 2 сыныптың 20 оқушысы қатысты. Бұдан компьютерге көшкен заманда балалар кітап оқығанды жақсы көреді екен. Оған тағы бір дәлел – мектеп кітапханасындағы оқырман формулярын сараптау кезінде балаларға арналған қазақ ертегілерін бәрін де оқып шығыпты. Қазақ тіліндегі кітаптар көркем суреттермен, сөзжұмбақтармен, ребустармен толықтырылған, бастауыш сынып оқушыларын қызықтырары сөзсіз.

10

Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды  «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

       «Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.

         «Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.

        «Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.

       «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.

       «Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.

        «Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар  жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.

         «Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын баяндайды. Яғни,балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.

11

           Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан телеарнасында сенбі, жексенбі күндері «Дара» ағылшын ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего»  ағылшын ертегісі , ал сенбі күні  «Барби күнделігі» деген шетел мультфильмдері болады. Ал, Еуразия  телеарнасында жексенбі күні  «Робот» деген шетел мультфильмі болады.Осы шетел мультфильмдерінің орнына қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер көрсетілсе. Тек қана «Қазақстан» телеарнасында ғана Алдар Көсе ертегісі желісі бойынша  мультфильм көрсетіледі.

         Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі  арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар  бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.

         Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын салауатты,  саналы ұрпақ тәрбиелеу.

         Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше,  ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

         Руханилық - жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады,  ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке,  ізгілікке шақырады.

         Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін  өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен, дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің  халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.

         Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүние жүзі балалары «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?»,

12

«Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.

 

 Қорытынды

Ертегіні тыңдай отыра біз кейіпкерлермен бірге қуанамыз, ренжиміз. Кейде болып жатқан оқиғаларда өзіміз де жүрген секілдіміз, жақсылық пен зұлымдықты, батылдық пен қорқақтықты ажыратамыз, өмір туралы жіне қалай өмір кешу керектігін үйренеміз. Қазақ халық ертегілері –  тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілерді оқи отыра, біз өзіміздің ішкі әлемімізді дамытып,шығармашылыққа машықтанамыз. Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Иман және инабат» К. Оразбекова «Ана тілі» - 1993

2. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. Р. Жұмағұлова

3. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы.

 

 

№1-2 слайд  

Қосымшалар:

 Сауалнама: Оқырман белсенділігін анықтау.

 Қазақ халық ертегілерін оқисың ба?

*Иә – 16 бала 80%

*Жоқ – 2 бала 8%

*Сирек – 3 бала 12

 

№3 слайд  

Мен не білгім келеді? Адамдар неге ертегі шығарған? Халық ертегілерінде неге жақсылық жамандықты жеңеді? Халық ертегісін тәрбиеші деп атауға бола ма?

 

№4 слайд

Менің тұжырымдамам: Менің ойымша, адамдар ертегіні өз балаларына айту үшін шығарған. Кез-келген ертегі мейірімділік пен махаббатқа үйретеді. Егер сен біреуге жақсылық жасасаң, ол жақсылық саған көп есе болып қайтады. 

№5 слайд  

Жауап іздейтін сұрақтар: Ертегілер қандай болады? Қазақ халқы ертегілерде не туралы армандады? Қазақ халық ертегілерінің ерекшеліктері. Қазақ халық ертегілеріндегі сиқырлы тұрмыстық заттар. Халық ертегілерінде қандай сиқырлы жандар өмір сүреді?

№6 слайд

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, мен көп кітаптар оқып шығуым керек. Ертегілерді сараптап үйрену керек. Кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрену керек. Пайдалы ақпарат таба білу қажет. Қорытынды жасауға үйрену.

№7 слайд  

Менің әрекеттерімнің жоспары: Ғылыми жетекшіммен тақырыпты талқылау. Сыныптастарымды көмекке шақыру. Табылған материалдарды жетекшіме көрсету.

№8 слайд  

Ақпарат жинау үшін қазақ халық ертегілерін көп оқу керек, энциклопедиялармен жұмыс істеу қажет. Мультфильмдар көру. Пайдалы ақпараттарды компьютерден іздеу. Балалар кітапханасына бару.  

№9 слайд

Мен не білдім? Адамдар ертегіні өз балаларына жақсылық пен жамандықты айыра алу үшін айтып отыруға шығарған. Себебі ертегілерде әрқашан жақсылық  жамандақтан үстем болады. Кез-келген ертегі даналыққа, мейірімділікке, қамқорлыққа үйретеді. Егер сен біреуге жақсылық жасасаң, ол жақсылық саған көп есе болып қайтады. Егер ертегі болмаса өмір қызықсыз болады, адамдар өз ұрпағына өмірлік тәжірибесін бере алмайды, қателіктен сақтандырып қиындықтарды жеңе отырып мейірімділік пен жарыққа жол сілтей алмайды. Қазақ халқы көптеген қызықты ертегілерді осы күнге дейін жеткізген. Қазақ ертегілерінде қиялға сыймайтын оқиғалар болады. Ертегі – бұл көптеген ертегішілермен жылдар бойы айтылып келе жатқан ойдан шығарған әңгіме. Ертегі белгілі тәртіппен айтылады.

№10 слайд

Менің зерттеуімнің нәтижесі: Қазақ халық ертегілерінің бала тәрбиесінде маңызы өте зор. Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді .

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научный проект ученика Амантай Арсен на тему "Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні'"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 903 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 3841
    • DOCX 105 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маликова Жанар Каирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маликова Жанар Каирбековна
    Маликова Жанар Каирбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11495
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек