Инфоурок Русский язык Рабочие программыНаучное исследование по казахской литературе "Халық ақыны Шәкен Отызбаевтың өмірі мен шығармашылығы"

Научное исследование по казахской литературе "Халық ақыны Шәкен Отызбаевтың өмірі мен шығармашылығы"

Скачать материал

Шығарманың тақырыбы:  Шәкен Отызбаевтың өмірі мен шығармышылық жолы.                                 

 

Жоспар:

 

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

Ι . Ш. Отызбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

1.1 Ақын өмірінен деректер

ΙΙ. Ш. Отызбаевтың ақындық мұрасы

2.1 Ақын поэзиясының тіл шеберлігі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

Жұмыстың өзектілігі: Қазақ халқының рухани қазынасына орасан үлес қосқан жерлесіміз,Ұлы Отан соғысы жылдарында елге көмек берген шығармаларымен белгілі асыл дарын, дүлдүл ақын, жыршы, әнші, халық ақыны Шәкен Отызбайұлының артында қалған әдеби мұрасы әлі толық жиыстырылмаған және ақынның өмірі мен шығармашылық жолы ғылыми тұрғыдан әлі зерттелмеген тың тақырып болып табылады. Ақынның өмір жолын зерттеп білу, бізге ақын жерлестеріне, кызық және баршамызға азаматтық борыш  болып табылады.

 

Жұмыстың мақсаттары:

 

-ақынның өмірбаяны туралы мол мәлімет беру;

-ақынның шығармышылығы жөнінде мәлімет беру;

-ақынның қолымызда бар мұраларын талдау арқылы ақынның  ақындық шеберлігін айқындау.

Жұмысымыздың басты мақсаты-ұмытыла бастаған баба мұрасын қайтадан жаңғыртып,ұрпақ есіне салу.

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Жоспар:

 

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

Ι. Ш. Отызбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

1.1 Ақын өмірінен деректер

ΙΙ.  Ш. Отызбаевтың ақындық мұрасы

2.1 Ақын поэзиясының тіл шеберлігі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

                                  

 Кіріспе

 

 

Қазақ даласы байырғы замандардан бері ән мен жырдың өлкесі болғаны екені баршамызға мәлім. Ән мен күйі шалқыған далада домбырасын жанына серік етіп от ауызды, орақ тілді, әсем жырларымен жаныңды жадыратар тума талант иелерінің мол болғанына таңдаңбай, мақтанбай тұра алмаймыз. Әсіресе, Сәкен, ілияс, Мағжан жырларына арау еткен аяулы Көкше жеріміз қашанда өнерлі жандарға бай блоғандығын мақтаныш сезіммен айта аламыз.

Қазақ мәдениетін дамытуда, халықтың ой-сезімін, рухани дүниесін жаңартып байытуда Арқа өңірінің сал-серілер мен әнші-ақындардың қосқан үлесі зор. Атақты ақан сері, Үкілі Ыбырай, Біржан сал, Шөже, Ғалия, Орынбай қалдырған мол мұра сөзімізге аян.

Осындай тамаша ортадан шықан дүлдүлдерден үлгі алып,дәстүрін жалғастырған мықты ақындарымыздың бірі- жерлесіміз, халық ақыны Шәкен Оызбайұлы.

Ғалым С. Негимов: «Біржан сал мектебінен сабақ алған, үлгі алған, көрнекті әнші-ақындармен халық композиторлары Үкілі Ыбырайдың, Ақан серінің, Балуан Шолақтың сұлу да кербез әндерін нәшіне, кемеліне келтіре шырқаған һәм «Бөгембай батыр», «Қабанбай батыр», «Ағыбай батыр», «Кенесары-Наурызбай», «Қарға батыр» жырларын жатқа сайратқан ардақты өнерпаздың бірі –Шәкен Отызбаев еді»,-деп баға берген /1,68/.

 

Шәкен асқақ әншілігімен, жыршылдығымен қоса ақындық талантымен, суырып салма өнерімен, шебер домбырашылдығымен көзге түскен ақын.

Шәкен Отызбаев-халық әдебиетінің өкілі.Шәкен ел басына қатер төнгенде, қиын-қыстау күндерде, елдің мұңын жырлап, өз өлеңдерімен жүрекке жылу ұялаиқан еді.

Оған ақынның осы ұлы өзгерістер дәуірінде туған шығармалары дәлел бола алады. Атап айтсақ: «Алтын жас», «Бақылдық», «Көкшетау», «Жыл құсы» атты туындылары арқылы заманының тынысын байқатқан еді.

Қазақтың айтыс өнерін сөз еткенде де Шәкен ақын есімінің аталмауы мүмкін емес. Ақын республика көлеміндегі бірнеше айтыстардың жүлдегері және де қазіргі кездегі айтыс өнеріне үлес қосқан, ақындық мектепті үлкен дәрежеге көтеруге ат салысқан тұлғалардың бірі- халық ақыны Көкен Шәкеевтің ұстазы еді.

ШӘКЕН ОТЫЗБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ

 

1.1 Ақын өмірінен деректер

Шәкен Отызбайұлы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсрепов ауданы, Шағалалы ауылында 1887 жылы дүниеге келді. Ақынның өмірбаяны жөнінде сөз еткенде алаңдататын бір жай – ақынның қай жылы туғандығы. Кейбір деректерде [21, 22, 25, 8, 1, 68;] ақынды 1890 жылы туған деп көрсетеді. Ал енді Шәкен ақынның өз өлеңдеріне жүгінетін болсақ, ол 1887 жылы туған болып шығады. Ақын өмірінің соңғы жылдарында үнемі аурулы болған. Өз жағдайын түсінген ақын ел-жұрты, ағайын-туысқанадрымен ертерек бақылдасып, қоштасып қояйын деп соңғы жырын шығарған сияқты. Сол «Бақылдық» поэмасы 1947 жылы шығарғандығын жырдың мына жолдарынан аңғарамыз:

         Біткелі соғыс екі жыл,

         Әлі күнге хабар жоқ,

         Зарықтырып шөлдеттің

         Хабарсыз екі қарағым

         1947 жылы ақын өз жасының 60-қа шығып отырғанын аталмыш жырында былай көрсетеді:

         Алпыс жас қайғы тартар кезім болса,

         Сол өмір келіп тұрмын алпыс жасқа;

Немесе:

         Ауру қайғымен екі жақтап,

         Жатырмын алпыс жаста естен тынып;

         Немесе:

         Айтқанда жас күнімді жек көруші ем,

         Шықтым ғой деген қыр басына.

         Міне осы жолдар ақынның 1947 жылы алпысқа келгендігін айқындап, дәлелдеп тұр. Сондықтан, Шәкен Отызбаев 1887 жылы дүниеге келді деп ақынның өз жырлары арқылы дәлелдей аламаыз.

         Ақынның азан шақырып қойған аты-Шәймерден. Әке-шешесінің еркелетуімен ел ішінде «Шәкен» деп атанып кеткен.

         Аынның әкесі – Отызбай Саполатов Ноғай – Қарауыл ішіндегі Аман тұқымының бірден-бір ескіше оқыған азаматы болған [27, 10]. Отызбайдан Рамазан, Шәкен, Қожахмет, Сүлеймен атты ұлдар туады. Бәрінің де ұрпақтары бар. Қазіргі Атбасар, Астана, Көкшетау өңірінің тұрғындары.

төңірекке аты кең тарады. Үйленбей тұрып соғысқа кетті де, содан майданнан оралмады. Үшінші баласы да жасын ілгірі беріп, майданға аттанған еді, хабарсыз кетті. Одан кейінгі қызы Қаншайым Рузаев ауданының Сарадыр ауылында тұрады. Кенжесі – Құрманғали. Әкесі еркелетіп «Бапал» деп атап кеткен [28, 9].

Шәкеннің тағы да бір қасиеттерінің бірі-есте сақтау қабілеті. Естігеннің бәрін есінде сақтап, уақыт өтсе де бұлжытпай, сөзбе-сөз айтып беретін болды.

Шәкен өле-өлгенше дейін не ескіше, не жаңаша хат танымай кетті. Шығармаларының бәрі ауызша шығарылып, ел арасына ауызша тараған. «Еңбек демалысына шыққан соң, Шәкен ағаның ел арасындағы өлеңдерін жинадым. Ол кісі жазу-сызу білмейтін»[25,8],- дейді Қазақ СССР-нің халық ақыны,Шәкен ақынның шәкірті-Көкен Шәкеев.

Шәкен ақынның аты көкше өңіріне біраз белгілі болса да, республикаға тек 1939 жылы Алматыда болған ақындар қатысқаннан кейін ғана белгілі болды. Осы жылы жыр алыбы Жамбылмен кездесіп, сын додасына түседі. Жамбыл қарт «Ақан серінің інісі »,-деп баға береді [28,9].

Осы жылы Алматыда болғанын дәлелдейтін материал 1992 жылы шыққан «Жұлдыз» журналының екінші санында «Қос саңлақ»деген мақалада көрсетілген. Мақала авторы Қазақ ССР Ғылым академиясыеың корреспондент мүшесі, өнертану ғылымының докторы – Борис Григорьевич Ерзаков.Ғалым былай деп жазды: «Халықтың музыкалық шығармашылық байлықтарын жинастыру, жазып алу және зерттеу бойынша жарты ғасырдан астам уақыт ішінде менің небір көрнекті дарын иелерімен кездесуімнің сәті түскен кездері болды. Мен кейде родио комитетінің студиясында алматыда болатын айтысқа қатысуға облыстардан келген халық  тврочествосы қайраткерлерінен әндер мен күйлер жазып алып жүрдім. Осындай айтыстардың  бірінде,яғни,1939 жылдың наурызында мен айтыс аяқталғанға дейін біздің үйімізге бола тұруға Естай Беркімбаев пен Көкшетау облысынан келген әнші-ақын Шәкен Отызбаевты шақырдым...» [26,78]

         Шәкен ақынның шығармашылық шарықтау шегі мен ақын шығармашылығының қорытындысы ХХ ғасырдың орта тұсымен тұспа-тұс келіп тұр. Ақынның осы кезде туған белгілі шығармалары: «Алтын жас», «Бақылдық», «Жел құсы», «Қара жорға», «Көкшетау». Ақынның үш әнінің мәтіндері де белгілі. Олар: «Самал жаз», «Қара жорға», «Қаршыға». Шәкеннің «Мұрат батыр» және «Жыл құсы» поэмаларының мәтіні әлі күнге дейін белгісіз.

         Шәкен Отызбаев 1947 жылы өзінің туған елі киелі Шағалалыда 60 жасында көз жұмды. Қазіргі таңда Шәкеннің бірден-бір тікелей ұрпағы, ақынның шөбересі –Серікжан осы өңірдің тұрғыны. Екі ұл, екі қыз сүйген аяулы әке.

 

 

Ш. Отызбайұлының ақындық мұрасы.

 

2.1 Ақын поэзиясының тіл шеберлігі.

Көркем әдебиеттің негізгі құралы-тіл.Адамның көңіліндегі көрікті ойды жеткізуші, жарыққа шығарушы да тіл. Әсіресе, тебіренткен терің сезімнің, айрықша эмоцияның, мазмұнды ойдың иегері –поэзия тілін айрықша атап өткіміз келіп тұр.

«Поэзия тілі дкгкніміз-поэтикалық образдың тіл арқылы берілуі»/10,79/.

Халық ақындарының тілі – қоғамдық, әлеуметтік, азаматтық ойларды бейнелі де суретті түрде жеткізетін әрі қарапайым, әрі тартымды тіл.

«Шәкен ақынның  мұрасы ақынық, жыраулық дәстүр үлгісінде келеді.»/16,85/.Лирикалық шығармаларда поэтикалық образдар әр түрлі нышан, символ, ауыстырулар, тенеулер, эпитет, метофоралар арқылы жасалатыны белгілі. Шәкен поэзиясында осындай ұтымды теңеулер мен эпитеттер, жарасымды метафоралар, символдар коптеп кездеседі.

Шәкен өз шығармаларын, негізінен, 7-8 буынды жыр үлгісі мен 11 буынды жыр үлгісінде жазған, ұйқас түрі- кезекті, редиф.

Мысалы:

 

Ау, жолдастар,жолдастар!         а,-7

Мен қарап тұрмайын.                 б,-7

Әскерге кеткен алтын жас,        в,-8

Артында қалып жырлайын.    б,-8

Ізіне басқан зар болып,           г,-8

Сағынып мен де жырлайын.  б,-8

Жылағанмен не пайда?          д,-7

Сөйленіп сөзді сырлайын.     б,-8

         Шәкен Отызбаев мұрасы ақындық, жыраулық дәстүрдің үлгісінде келеді. Сонау өткен ғасырлардағы Бұхар жырау, Шал ақындар, Біржан мен Ақан сері, Жамбыл дәстүрлерінің үлгі- өнеге алған ақын өз заманына сай өрелі жырларын айта білді. Халық әдебиетінің бәр өкілі ретінде танылуға тиіс Шәкен мұралары да салмақты.  

 Қорытынды

Қорыта келе айтарымыз, Арқаның ақындар мектебінде өзіндік қолтанбасын қалдырған, то ауызды, орақ тілді, күміс көмей жыр сарбазы Шәкен Отызбайұлын нағыз халық ақыны деп мақтануға тұрарлық дәрежесінің бар екендігі. Сондықтан Көкше өңірінің ардақты ақынының атын елге паш ету, оның бай мұраларын жарыққа шығару бүгінгі жастар ,  біздердің абыройлы міндетіміз. Дана бабаларымыздың жүріп өткен жарқын жолы жас ұрпақтар үшін әрекез сара жол, берері мен үйретері мол дана жол. Енді солар жүріп өткен жолдардың жалғастырып, жинап, көпшілік елге паш етсек нұр үстіне жауар деп ойлаймыз.

         Қорытынды сөзімді Шәкен ақынның аяулы, талантты шәкірті Көкен Шәкеевтің ұстазына арнаған арнау өлеңімен аяқтауды жөн көріп отырмыз:

Ұстазым Шәкен рухына

         Алпыс астық, өтті ғой жалын жасым,

         Ұстаз үшін жүрегім жалындасын.

         Асыл бейнең армандай алдымдағы,

         Сен менің өмір бақи жанымдасың.

 

         Батаңды домбыраңмен ұсынғанда,

         Бала едім мені ұядан ұшырғанда

         Арқамды алып күштер құрыстатып,

         Ғайыптан сөз келетін қысылғанда...

 

         Домбыраң көңілімде күмбірлеген

         Шабытың шапшанырақ «жүр-жүрлеген».

         Өзім емес, өзіңді таныстырдым,

         Қазірде Шәкен атын кім білмеген.

 

         Бас иіп рухыңа тебіренем,

         Сен еккен жемісіңді мен де егем

         Шат болсын аруағыңыз Шәкен аға,

         Өлең – жырдың парызын елге берем.  

 

 

                      Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

                      

1.Негимов С. Өнерпаздық өрнектері.-А:Ана тілі,1996.

3.Негимов С. Өлең өрімі.-Алматы: Ғалым,1980.

4.Шәкеев К. Көкшетаудың ұлымын. Алматы,1994.

5. Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары.-Алматы:Санат,1996.

6.Бәйтенова Г. Көкшетау әуендері.-Алматы: Өнер,1993.

7. Сейітова Р. Келбеті Көкшетаудың дара тұлға.-Алматы,1994.

8. Есекеев Ж. Айыртау арыстары. Көкшетау,2000.

9. Байзақов И. Құралай сұлу.- Алматы: Жазушы,1974.

10. Есмағұлов А. Шәкен ақынның отты жырлары // Көкшетау правдосы 1989ж.,21маусым.

11. Нұрғалиұлы О. Шәкен Отызбаев туралы бірер үзік сыр // Бірлік,1993ж.,30 қыркүйек.

12. Негимов С. Шәкен ақын // Лениншіл жас,1990ж.,9маусым.

13. Өтеев Ә. Шәкен ақын // Қазақ әдебиеті1969ж.,9маусым.

14. Өтеев Ә. Халықтың ардақтысы Шәкен ақын //Көкшетау , 1990ж.,20қазан.

15. Жүсіпов Қ. Ақынға табыну // Көкшетау ,1990ж.,14желтоқсан.

16. Шәкеев К. Елу жыл есте қалған ән //Көкшетау, 1998ж.,30қаңтар.

17.Қабділмәжитов Т. Шәкен ақын // Бұқпа ,2007ж.,18қаңтар.

18.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Ғылым,1976,2том.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научное исследование по казахской литературе "Халық ақыны Шәкен Отызбаевтың өмірі мен шығармашылығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 833 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 729
    • DOCX 58 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оразбаева Шнар Серикжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оразбаева Шнар Серикжановна
    Оразбаева Шнар Серикжановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8804
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по русскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 336 человек из 62 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания учебного предмета «Родной (русский) язык» в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 41 региона

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе