Инфоурок Другое Научные работыНаучно-исследовательский проект на тему " Наша гордость и слава"

Научно-исследовательский проект на тему " Наша гордость и слава"

Скачать материал

Қостанай облысы Қарабалық ауданының

Научное селосы 2018 жыл

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы : « Біздің мақтанышымыз және даңқымыз»

 

 

 

 

Тегі: Аманова

Аты: Бакыткуль

Әкесінің аты: Бакыткереевна

Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жұмыс орны: Новостройка орта мектебі

Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Жалпы педагогикалық өтілі: 15  жыл

Педагогикалық тәжірибе алмасу тақырыбы: «« Қазақ тілі сабақтары мен  сыныптан тыс шараларында оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыра отырып, сыни тұрғыда ойлау модулін пайдалану»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=50e313c30e91e5cb&mb=imgdb_preview_775

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Жерлестеріміздің тарихи еңбек жолын әлемге паш етіп, болашақ ұрпаққа  көсемдік көзқарас таныту.

Аннотация

 

Знакомя  наших соотечественников  с историческим трудовым прошлым, мы воспитываем в будущем  поколении лидерские взгляды

 

Аnnotatіo

By acquainting our compatriots with the historical labor background, we educate  the next generation  leadership views

Тәжірибе бөлісудің мақсаты: Көпшілік назарына ұсына отырып, жиналған қормен бөлісіп, шәрттерімді ақпараттандыру.

Гипотеза: Оқырмандардың қызығушылығын ынталандыру, шығармашылық қабілетке жетелеу, іздемпаздық пен тапқырлыққа биімдеп баулу, шәкірттерімді сыни тұрғыда ойлауға тәрбиелеп, жаңа ғылыми ізденіске шақыру.

Зерттеу кезеңдерім:

-         Кітапханадан ақпарат жинау;

-         әдебиеттерге шолу жасау;

-          ғылыми еңбектерге шолу;

-         Зерттеушілік жұмыстарын жүргізу;

-         Қорытынды жасау және қосымша көрнекілік жабдықтар.

Зерттеу тәсілі: әдебиеттермен жұмыс жасап, жан-жақты ақпарат көзін аша отырып, зерттеу жұмысын жүргізу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Шығармашылық ойды әдеби тілмен жеткізіп, және оның ұғымы терең, жазылу деңгейі жоғары қалыптасқан, жетік дамыған жұмысты аяғына дейін жүзеге асырып, нақты фактілерді ашық баяндау.

 

 

 

Мазмұны

 

                       Кіріспе……………………………………………...……................…....4- 5.

І тарау   Астықты дала айнасы................................................................6 - 7.

ІІ тарау  Астықты бай өлкенің негізін қалаушылар.............................8-9

ІІІ тарау    Ауылдың күші, халықтың бірлігінде..................................10

Қорытынды..............................................................................................11

Қосымша..................................................................................................12

Әдебиеттер тізімі.....................................................................................13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=50e313c30e91e5cb&mb=imgdb_preview_775

 

 

 

 

Кіріспе

   Бұрынғыдай  тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіспіз. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.

                                                                                                     Н. Ә.  НАЗАРБАЕВ

   Артта қалған естелікті барлығымыз білуге міндеттіміз және оны өзгерту қолдан келмес. Тек бүгінгі күніміз бен  ертеңімізді өзгертуге амал бар. Артта қалған естеліктің ізінде ата-бабаларымыздың  тамыры мен тарихы терең, білімі таспен батқан сабақтарының бағалары мәңгі өшпес.

   Өмірлік жол оңайға тимес. Адам өмірі мен оның құқығы күнделікті емихан тапсырғанмен тең. Сол себептен өмірдің ащысы мен тұщысын еңбекерлеріміздің иығына ауыр түскенін, біз болашақ ұрпақ оның тарихы мен дәмін татып түсінгеніміз жөн.

   Тіршілік пен еңбектің кілті – бас, қол, жүрек. Сондықтан басымызбен ойлап, қолымызбен дәлел жасап, жүрегіміз кең, мейрімге толы, таза, еңбекқор болсақ, барлық жетістіктерге жетуіміз хақ. Жақсы өмір сурейік десек, жақсы еңбек етіп, маңдай тер төгу қажет. Сонда ғана тапқан табысымыз жемісті болмақ. Және де айналамызда болып жатқан өзгерістерге шынайы көзбен қарағауға үйрену керек.

   Және де өміріміз қоршаған ортамен тең. Айналамызды қоршан сүйікті отбасымыз, бауыр қандастарымыз, әрине халқымыз бен шаңырағымыз биік Отанымыз Қазақстан.  Өз жерімізге деген махаббатымыз бен сүйіспеншілігіміз ұлан-ғайыр. Туған жеріміздің құшағы кең, достығы берік- тұрақты, аспаны ашық, босағасы берік, шаңырағы биік ұясында барлық ұлттар тұрып жатқан, тәуелсіз мемлекетпіз. Мақтанышпен айтсақ артық болмас.

   Жері құнарлы, астығы асыл  кіші Отанымыз Қарабалық аймағын қалай айтпасқа... . Біздің ауылымыз – Науканың жерін кім танымас, тек Қазақстан жеріне танық емес, бүкіл әлемге аты кең тараған аймақ. Сондықтан құнарлы жеріміздің алтын дәнін әлемге мойындатқан басты себепкерлеріміз- еңбекерлеріміздің, тұрғындарымыздың арқасында.

 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында

   Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.

   Ал енді ауылымыздың тұрғындарына тоқтау айта кетсек-  жерлестеріміз салт- дәстүрімен, әдет-ғұрыпымен, кең пейілдігімен, мейрімді қарым- қатынастығымен, ыстық алақанымен, достығы жақын қасиеттерімен де көзге түскен халық. Осы барлық жақсы ниеттердің арқасында елімізге тигізген үлестері  зор.

   Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.

Н.Ә Назарбаев  

   Айранымыз ұйыған, қаймағымыз бұзылмаған халықпыз, сол себепті « Рухани жаңғыру» жолында ата- бабаларымыздың мұрасын, кіндік қанымызға сіңген, ізгі қасиеттерді қайта жаңғырту-біздің борышымыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=50e313c30e91e5cb&mb=imgdb_preview_775

 

 

 

 

 

 

Астықты дала айнасы

 

  

   Барлығы қалай басталды...

   Адамдар Тоғызақ жағалауына қай жылдан, қайдан көшіп  келгендері белгісіз. Бірақ, бұл үлкен жазық даланың көркемдігі сонша, жерінің құнарлығы мен сұлу табиғаты ұнағандары көрініп –ақ тұрды. Олар біріншіден өзен жағалауына жайғасып, жертөле үй (землянка) салып, көршілес ауыл құрып, абыр-сабыр өмірлері қайнап жатты. Ауылды жерлерін Өтеп немесе Утеповский ауыл деп атады, мүмкін, солай атауының себебі сол ауылдың негізін қалаушысына берілгендіктен болар. Бастапқыда тек қазақтар тұратын, кейін қайдан келгендері белгісіз бір екі орыс отбасылықтар келе бастады. Отызыншы жылдардың басында Набережная, Логавая көшелерінен бұрын Өтеп ауылы тұратын, бұл ауылдың  тұрғындары орыс, қазақ деп бөлінбей тату- тәтті, ұрыс- керіссіз өмір сүретін.

  Бұл аймақты ауылдар - отаршылық күйзелісінен де аман қалып, ешқандай күйзеліске ұшырмаған еді.  Бірінші әлемдік соғыс, кейін отаршылық, содан соң азаматтық соғыс басталды. Бірақ бұл жаңалықтардың бәрін олар кейін еститін. Ауыл тұрғындары сен «ақсың» сен «қызылсың» деп бөлінбейтін. Орысы да, қазағы мен украины да бейбітшілік өмір кешіп, достығы берік, бала-шағаларын бірге қағып – бағып, малдарын да өсірді. Олар үшін уақыттың өзі тоқтап қалғандай болып көрінді, ауыл тұрғындарының саны одан зор аймаққа тарала бастады. Талайдан бері бір-бірімен аралас-құралас тұратын халықтардың мәдениетін, дәстүрін және салтын білу, адамдардың бәрін қызықтыратын және шынай болатын. Өзара түсіністікті  ас қажет ететін тың көтеру, кен орындарын игеру, жаңа қалалар салу секілді аса ірі істерде бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығара жұмыс істеу ұлтына қарап бөлуге жол бермейтін. Күндіз – түні тынбай еңбек етіп, кешкісін тылысым тыныштықта қазақ пен орыс әндері шырқала бастайтын.

   Сонымен ауыл 10 кентке айналып, біріккен 4 колхоз, барлық аймаққа 1 мектеп болды. Небары 2 газетке ғана жазылатын. Ауыл тұрғындары жертөле үйде тұратын, едендері қара жер, киіз төсеп, ал тұрмысы жақсылары кілем төсейтін. Тамақтары мен төсектерін жерде ішіп, жерде жататын. Қыстың қысымшылығында малдың  төлін  үйге қамайтын. 80% пайыз тұрғындарының өзі жылқының етімен тамақтанып, нанмен тамақтануды ұмытатын.

   Жақын орталық ауыл мекендерінде астық совхозының құрылысы басталып, тыныштық өзен жағалауының тағдыры 1929 жылдан бастап өзгере бастады. 1929 жылдың 13 қаңтарында КСРО келісім шартымен 100 мың гектар егістік, ауылшаруашылық кардрларды дайындау және «әлеуметтік – егіншілік техникум» мен совхоздар мен колхоздарды машинатрактор станциясын құруға және оны ұйымдастыруға үкім шығарылды. Бұл құрылыстың құрылуына екі жыл берілді.

   Сөйтіп, Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибелі станциясының ғылыми, тарихи бастауы 1929 жылдан басталды. Астықты дала айналасын шыр айналдыру жауапкершілігі Михаил Иванович Тарковскийге жүктелді. Қарабалық кентінің алғашқы қазығын қақты. Бір шаңырақтың астында ауылшаруашылықтың үш бағыты жұмыс атқарды: жоғары оқу институт, тәжірибелі станция, өндіруші өнім мен ферма.

   Қазіргі таңда біздің құналды жерімізді «Академия даласы» деген атаққа лайық деп санайды. Біздің жерімізге қызығушылық танытып келіп жатқан шетелдіктер бар: ТМД елдері мен АҚШ, Канада, Жапония, Монғолия, Англия, Мексика, Голландия мен Қытай елдері. Және де біздің Ғылыми станцияның қызметкерлері ТМД, Мексика, Қытай мен Турция елдерімен тәжіриелерін алмасуда. Жетістіктерінің жемісі 5 жаздық жұмсақ бидай сорттары мен 3 қатты, 6 арпа, 5 азықтық сорттар мен 2 түрлі сортта май өнімдерін көптеген  Қазақстан жерлері мен ТМД елдерімен бөлісіп отыруда.

      Жердің құнарлығы сонша адам баласына тартқан сыйын қабылдау, біз үшін үлкен бақыт!

    Елбасымыз айтқандай «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Табысты  ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

 

  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=50e313c30e91e5cb&mb=imgdb_preview_775

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астықты бай өлкенің негізін қалаушылар.

 

   Біздің баға жетпес байлығымыз- бабалардан өсиет болып қалған, халқымызға қасиет боп қонған береке- бірлігіміз. Құнды қазынамыз – тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халықпыз.

Н.Ә.Назарбаев

 

 

   Адам баласының өмірі сан-қырлы естеліктермен, атақ-даңқтармен толы. Ғылыми жұмыскерлерінің ұжымы үшін, және барлық Қарабалық ауылшаруашылық тәжрибелі станциясына белгілі, сұрыптардың негізін қалаушы - Пименова Лидия Васильевнаның есімі міне, тағы да Қарабалық ауданымыздың 90 жыл мерей той қарсаңында қозғалғалы тұр. Бұл даңқты есімдер мәңгі өшпес – тарихи тұлға.

   Әлеуметтік еңбекері, аты Республикаға белгілі, тәжірибе станциясының басшысы өзінің «Академия даласында» атты кітабында Пименова Лидия Васильевна жайында былай деген екен:

  Қазан ауылшаруашылық-институтының түлегі Пименова Лидия Васильевна осыдан 1938 жылдары тәжірибелі станциясына алғашқы тәжиребесін салған екен. Ешкім сенбеді, бірақ бұл қолайсыдан бірдеңе шығады деп ойламады, оңтайлы қателесті.  Жаздың қай мезгілі болмасын алтын-дарқан даланың, шуақты күннің астынан, басында ақ қалпақты Пименова Лидия Васильевна көретінбіз. Ол өз өмірін осы еңбек жолында аянбай тер төкті. Пименова Лидия Васильевна Әлеуметтік еңбекерінің Батыры. Туған жылы 1903 жыл, Кустанай облысының Сарыкол ауылының тумасы.

   Жарты ғасыр өмір жолы мен еңбегінде табиғаттың қандайда болсын, қолайсыз ауа райына бет бермей, мойымай, жылдар бойы күресумен арпалыса отырып, тұрақты сұрыптарды шығара бастады.

   Ізденіс 20 жылға созылды. Және міне жетістік: бидайдың  «Жаңа Қызыл» жұмсағы мен « Кустанай-14» қаттысын өндіріп Қазақстан сыйлығына ие болды. Сонымен алған бетінен қайтпайтын қайсар Пименова Лидия Васильевна одан әрі сұрыптарды зерттеуге кірісіп кетті. Сөйтіп тағы да жаңа сұрыптардың жұмсағы мен қаттысы пайда болды. Лютесценс-33, Альборумбрум-50, Альбидум-46, Лютесценс-57, Қарабалық-80, Диана, Зефир, Гранат, Аврора, Алтын тоқын (Золотая волна), Жазық(Пластовая), Қарабалық-24, Тың (Цилинная), Оригон тағы да басқа сұрыптар шыға бастады.Осы жылдары ауылшаруашылық жас селекционерлер үшін мектеп ашылды.  Л.Васильевнаның ізін салғандарың жалғасы қазіргі уақытқа дейін жалғасуда.

   Ғылыми ұжым Л.Васильевнаны ыстық сезіммен , сыйластық құрметпен еске алады. Л.Васильевнаның ізін қуған, Құрмантай Искаков Асайұлы былай деген екен: «Өзімнің ғылыми жолымдағы қызметімнің бастамасын Л.Васильевнамен қызмет еткен кездерімді, бақытты деп санаймын»

Лидия Васильевна Пименова үлкен әріпті - ӘЙЕЛ-АНА.

 

   Құрмантай Асайұлы Искаков Қарабалық ауданының құрметті азаматы. Құрмантай ағаның өмірлік еңбек жолы 1960 жылдарынан бастау алды. Қостанайлық филиалының Целиноград ауылшаруашылық институтын  бітірді. Және де үлкен ғылыми серіктестікті бастады. Кейін диссертацияны қорғап, ауылшаруашылық кандидаттық атағына ие болып, АШТС лабороториясының жұмсақ және қатты сұрыптамаларының селекциясын басқарды. Құрмантай ағаның жетекшілігінде, мемлекеттік және Қазақстан көлемі бойынша, тіпті шетелдер арасынан көптеген сұрыптамаларды жоғары деңгейде басқарып отырды. Искаков есімі әлі күнге дейін барлық ауылшаруашылық оқу орындарында белгілі.

   Ол өз есімінің ізіне тек тарих пен ғылымға, АШТС ғана емес, баға жетпес тұқым дайындап қалдырды. Балаларының ішінен, ізбасары Руслан Құрматайұлы қазіргі кезде жазық рапс селекция лабороториясының жетекшісі. 2015 жылы оның зертханасын алғашқы жаздық рапстың "ЛипКар-2014» сортын Қазақстанның мемлекеттік сорт сынағына  берді.

   Құрмантай ағаның өмірлік жолы аса бір еңбекпен толы болғандықтан, туған еліне, жеріне деген азаматтық борышы «абзал» болды. Өзінен кейін қалған ізбасарларына үлгілі, өнегелі әке бола алды.

   Әрине, ғалымдар мен мамандар, ұрпақтар өзгереді, бірақ өнімділікті арттыру жолдарының шығармашылығы іздеу үстінде, сондықтанда жердің жеміс күшін сақтауға және оны молайтуға ұмтылып үлесін қосар ізбасарлар жеткілікті.

        Құрмантай Асайұлы өзінің өміріне, жеріне деген сүйіспеншілік жомарттығы  жүрегінде өшпейді.

   Құрмантай ағаның жасаған ерлігін барлық ауыл болып, жұрт болып, ел болып бағалаймыз. Сондықтан қазақ ұлының есімі «Ер есімі- Ел есінде».

  

 

 

 

 

 

 

 

http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=50e313c30e91e5cb&mb=imgdb_preview_775

 

Ауылдың күші- халықтың бірлігінде

 

   Нан жарқыраған алтын емес , бұрқыраған  ақша емес,  оған  баға жетпейді. Дағыстандағы бір әйелдің қабырының басындағы  тасқа « бір құмыра алтынды, бір құмыра бидайға айырбастай алмаған мына дүниені тәрк еттім » - деп жазылыпты.Осы жерге халық келіп тағзым етеді екен. 1931-1932 жылғы ашаршылықта қазақ халқының  жартысынан жуығы қырылған еді. Сонда адамзат бір үзім нанға зар болып қиналған. Өмір нәрі,тіршілік атауы нанды өсіретін- диқан.

 Научное ауылының- шаруалары қазіргі таңда табиғат Жер-Ананың төсін еміп, астықты өлкенің несібесін өзіне және өзеге теріп жатқан тіршілік қамының жайы бар. Ырысы мол, табысы еселі, көптен қалыспаған тыныс-тірлігі мен бүгінгі таңда қызу еңбектің арқасында бізді қуантпақ. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағытының түрлі қолдауынан шет қалмай, игілігін көріп, кәдеге жаратуда. Жері шұрайлы, халқы шырайлы өлкенің тұрмыс тіршілігі ойымыздан шығатындай.

   Научное ауылының қызметкерлері жаздың ыстығы мен суығына қарамастан  қолдарына кетпен алып, астықты арам шөптен тазартып, астықтың өнімін жақсартуға барынша жұмыс жасайды. Жоғары нәтижелерін күздің науқамында көре алатындарын айтады. Ал қыстың қақаған аязында лаборанттар қол қусырып отырмайды, олар асыл тұқымды іріктеп, көктемнің қамына кірісіп кетеді. Бұл қызметкерлердің еңбектері жайында айтылатын сөздік қорымыз жеткіліксіз секілді...

   Негізі күзгі жиын- терім науқаны сәтті өтуде. Ауа райының жауын-шашынсыз сәтті болуына байланысты болып тұр. Диқаншылар қызу еңбекте. Күні-түні астықты жинау қамымен арпалысуда. Қызметкерлердің әр қайсысы өз жоспарларын міндетті орындауда. Және сол жоспарды толығынан асыра қызмет көрсете білсе, диканшыларды сый- сияпатпен марапаттайды. Ал тұрғындары қыс қамын қамдап, жем – шөбін дайындау үстінде. Өмір бір орында тұрмас, қазіргі заманның талабы осындай. Нан дастарханға оңайлықпен келмейтінін білеміз, қаншам тер, қаншама еңбекті қажет етеді. Таза маңдай тер еңбегімен тапқан нанның дәмі тәтті.

 

 

 

 

 

 

 

http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=50e313c30e91e5cb&mb=imgdb_preview_775

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

   Ұлттың ұйытқысы да, берекесі мен бірлік деңгейі де- ауыл шаруашылығында.

Еңбектің өзі қажымас күш пен қайраттылықтан туады. Жақсы жұмыс іскерлік пен шеберлікті қажет етпек. Осының бәрін адам өз бойына сіңіре алмаса, жақсы жұмыс шықпайды. Әрине, жұмыстың ісі қиыны екені рас. Бірақ, жұмысың қаншалықты қиын болса да, мойымай, тырысуды әдет қылғаның жөн. Ал ендігі кезекті Қайрат, ақыл, жүрекке берсек:

 

Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

 

   Қайрат айтыпты: - Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді, әуелі өзіңді білуге ерінбей үйрену керек, ол – менің ісім..

   Ақыл айтыпты: -Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен.

   Жүрек айтыпты: -Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде, тамағы тоқ жатқан кісінің де, аш кедейдің жайын да ойлайтын – мен. Осы екеуі маған қалай таласады?

   Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: -Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бірі рас-ақ. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.

   -Ей, ақыл, сенің айтқандарыңның бәрі рас-ақ. Сенсіз еш нәрсе табылмайтыны рас. Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да – бәрі сенен шығады.

   Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды ғой. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет. Осы үшеуің бір кісідей  табылсаңдар, қасиетті адам сол.

Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.

(Абайдың 17 қара сөзінен)

 

   Осы аңызға сүйене отырып айтарымыз мол ағайын, біздің ауылымыздың аянбай тер төккен асыл Еңбекерлері мен Батырларымыздың бойынан тек жақсы қасиеттерді ғана көре аласың, және де болашақ ұрпаққа үлгі өнегелі мұра бола қала бермек.

Қосымша

 

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=792cb76e835d16fe573dd53b671ca56c&n=13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пименова Лидия Васильевна

 

 

http://nanoc.kz/wp-content/uploads/2017/09/iskakov.jpg

 

Құрмантай Асайұлы Искаков

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

 

1.  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті

2. //www.inform.kz/kz/elbasy-makalasy-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru_a3016293

3 . https://www.inform.kz/kz/elbasy-makalasy-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru_a3016293

4. Айна газетінен ақпарат № 12, 2003 жылдың 21 наурызы

5. «80 жыл» КСХОС – ның журнаынан  ақпарат

6. Қостанай облысы « Алтын дала» кітабы

7. Интернет желісінен ақпараттар.

 

 

  

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научно-исследовательский проект на тему " Наша гордость и слава""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Аннотация

Жерлестеріміздің тарихи еңбек жолын әлемге паш етіп, болашақ ұрпаққа көсемдік көзқарас таныту.

Аннотация

Знакомя наших соотечественников с историческим трудовым прошлым, мы воспитываем в будущем поколении лидерские взгляды

Аnnotatіo

By acquainting our compatriots with the historical labor background, we educate the next generation leadership views

Тәжірибе бөлісудің мақсаты: Көпшілік назарына ұсына отырып, жиналған қормен бөлісіп, шәрттерімді ақпараттандыру.

Гипотеза: Оқырмандардың қызығушылығын ынталандыру, шығармашылық қабілетке жетелеу, іздемпаздық пен тапқырлыққа биімдеп баулу, шәкірттерімді сыни тұрғыда ойлауға тәрбиелеп, жаңа ғылыми ізденіске шақыру.

Зерттеу кезеңдерім:

  • Кітапханадан ақпарат жинау;
  • әдебиеттерге шолу жасау;
  • ғылыми еңбектерге шолу;
  • Зерттеушілік жұмыстарын жүргізу;
  • Қорытынды жасау және қосымша көрнекілік жабдықтар.

Зерттеу тәсілі: әдебиеттермен жұмыс жасап, жан-жақты ақпарат көзін аша отырып, зерттеу жұмысын жүргізу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Шығармашылық ойды әдеби тілмен жеткізіп, және оның ұғымы терең, жазылу деңгейі жоғары қалыптасқан, жетік дамыған жұмысты аяғына дейін жүзеге асырып, нақты фактілерді ашық баяндау.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.09.2018 400
    • DOCX 171.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманова Бакыткуль Бакыткереевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18912
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек