Инфоурок Другое Научные работыНаучную работу на тему "Шәкәрім шығармаларындағы заттың (құбылыстың) көлемін білдіретін сөз тіркестерінің жасалуы"

Научную работу на тему "Шәкәрім шығармаларындағы заттың (құбылыстың) көлемін білдіретін сөз тіркестерінің жасалуы"

Скачать материал

Шәкәрім шығармаларындағы заттың (құбылыстың)

көлемін білдіретін сөз тіркестерінің жасалуы


БЕКБАЕВА ФАУЗИЯ САДЫҚҚЫЗЫ


Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

«Қаракөл орта мектеп-бақшасы»КММ-і


  1. Кіріспе

Қазақ поэзиясының ішінде Шәкәрім аты өзіндік бір сара жолы бар, ауыз толтыра айтар ірі тұлғалар қатарында.

Шәкәрім қаламынан туған көптеген әдеби, бай мұралар, поэзия әлемінде өзіндік арнасымен жол тауып, қайталанбас жыр кестелерімен ерекшеленеді. Ал осындай ақынды ақын еткен кім? Ол – Абай. Абайдың кіндік қаны тамған Шыңғыстау топырағы, Абай жұтқан саф ауа, қазақтың байтақ даласы, тау мен тасы, сылдырап аққан бұлағы, бозторғайдың шырылы. Оның бер жағында жасынан құлағына сіңісті болған қазағымыздың ауыз әдебиеті. Өлең – жыр бастауы Абайдан басталып, соңы Абай үлгі тұтқан Пушкин, Лермонтовқа ұласты. Шәкәрім туындылары өлең, поэма, әңгіме, роман, аударма, мақала, нақыл сөз болып дүниеге келіп жатты. Шығармалардың негізгі арқауы өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, көргендері мен көкейіне түйгендері.

ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың басында сүрген Шәкәрім қоғамдық , әлеуметтік, рухани – мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздады. Шығармашылық көпшілігі революцияға дейін де, одан кейін де баспада жарияланып келді. Әрбір шығармасында өмір көріністері шынайы бейнеленген. Қазақ халқының тағдыры, оқу-білім аздығы, ұйымшылдық, береке жоқтығы, тоғышарлық пен қулық-сұмдықтың етек алуы – ақын қаламының ащы сындық ұшына ілінді. Осыларды жойғанда ғана болашағымыздың бесігі түзелетініне кепілдік беріп, өрелі ойлар айтқан. Шәкәрім өлеңдерінде Абай өрнектері табиғи өріліп, бір-бірімен жымдаса тым бір туындыны алдыңа жайып салады. Нақыл сөздері философиялық түйіндер мен талғаулы тұжырымдардан тұрса, жастарға жазған өлеңдерінде еңбеккер, ақылды, саналы, білімді, мәдениетті болуға уағыздайды. Тағы бір ерекшелігі-өмірде кездесетін адамдардың іс-әрекеттері, мінез-құлықтары, рухани өрістері әр түрлі бейнелі сөздермен көркем айшықталған. Ұйқас, буынөлшемдері, ырғақтары, бейнелі тіркестер көптеп кездесіп, өлең сапасын нақтылай көрсетеді. Сөз өнерінің тың қырларын құлпырта ашатын теңеулер, эпитеттер, метафоралар, шендестірулер көркемдік ерекшелігін аша түсіп, ой-иірімдерін қиял көгінде шарықтатады. Мектеп есігін ашпаған, ұстаздан дәріс алмаған Шәкәрім өлеңдерінен біз бүгінгі таңдағы тіл білімінің сан салаларын кездестіреміз. Оны мынадай өлең жолдарындағы сөз тіркестерінен көруге болады.

  1. Негізгі бөлім. Шәкәрім шығармаларынан көлемдік мағынасын беретін сөз тіркесінің жасалуын қарастыратын болсақ, оны мынадай өлең жолдарындағы сөз тіркестерінен көруге болады:

Слайд №1

Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,

Табиғат барша жанға рақым етіп.

Шығармалар жинағы «Жаз келер» 41 бет

Осы өлең жолдарындағы көлемін білідіріп тұрған сөз тіркесуінің жасалуына келетін болсақ, қасықтай сөзі сындық мағынаны білдіріп тұр. Түбірі қасық заттың атауы да, -тай жұрнақ, сын есімтудырушы.

Тіл білімінде зерттеушілер сөз таптарынан сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысындабіртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсетеді. «Сөздің морфологиялық жағынан тұлғаланған лексикалық топтарының (зат, іс-әрекет, қасиет және т.батаулары) олардың синтаксистік қызметінің негізінде жасалу процесі индоевропа тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасынан ашық-айқын көрінеді». Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының жасалуы, яғни ежелгі есіидердің зат есімдер мен сын есімдерге дифференциялануы, индоевропа тілдерінде салыстырмалы грамматика методтары арқылы көріне алады. Мұндай дифференциация индоевропа тілдерінің ең көне кезінде болмаған. Бұл жайында А.А.Потебня былай деп жазды: «Тілдердің тарихында зат және белгінің атын ажырататын сын есім зат есімнен кейінірек және содан жасалды». Зат есім сын есімнің арасындағы айырмашылық о бастан емес. Сын есімдер зат есімдерден туған, яғни әр түрлі индоевропа тілдерінде азды-көпті айқын іздер мен деректер қалдырылған, сапа-қасиет тек қана нақтылы, тек қаназат ретінде ұғынылған кездер болған.Зат есімнен сын есімнің жасалу жолы дегеніміз зат есімнің атрибутивті қолданылуы.

Ендеше осы процесс тағы да бірнеше сөз тіркестерінде қайталанған. Тобықтай тон. Тобық – зат есім, -тай жұрнақ, сын есім тудырушы. Тоң сөзі басыңқы компонентте тұр, зат есім. Түркі тілдерінде әріесім, әрі етістік мағынасын білдіретін көш, тай, тоң, ық, ой тәрізді етістік – есім омонимдер бар. Етістік – есім түріндегі бұлар тәріздес түбір омонимдерді Э.В.Севортян түркі тілдерінің көне дәуіріндегі грамматикасы мен сөздігінде болған грамматикалық синкретизм құбылысы ретінде қарайды. Ол синкретизм құбылысы түркі тілдерінің тарихында есім мен етістік түбірлерінде ғана емес, сонымен бірге бірден есім және етістік тудыратын аффикстерде болғандығын айтады.

Зат есімдерден жасалған сын есімдерге тағы бірнеше өлең жолдарындағы сөз тіркесін қарастыруға болады.

Индедей пайда тие ме,

Мешітте мың жыл отырсаң.

«Иманым» 242 бет

Шәкәрім шығармаларынан сөз тіркестерінің сын есімнің шырай түрлерін кездестіруге болады. Сын есімнің морфологиялық белгісінің бірі – шырай категориясы. Шырайдың үш түрі: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай бар. Синтетикалық, яғни белгілі бір жұрнақ қосылу арқылы жасалатын шырайлар бір нәрсенің біркелкі сапа дәрежесінің не артық, не кемдігін салыстыра көрсетеді, мұны салыстырмалы шырай дейді. Солғындау мағына тудыратын –лау, -леу, -тау, -теу, -дау, -деу жұрнақтары.

Ол күйеу Балқыбектің баласы еді,

Қортықтау Барлы деген аласа еді.

«Нартайлақ пен Айсұлу» (312 бет)

Көзі өткір, қараторы жігіт екен,

Орта бойлы, тапалдау, кең иықты.

«Еңлік-Кебек» дастаны (294 бет)

Тіліміздегі сын есімдерге тән қосымшалардың ішінен салыстыру мәнін туғызатын да, салыстыру қызметін атқаратын да формалар –рақ, (рек), - ырақ, (ірек) жұрнақтары ғана басымдық, артықтық, молдық рең жамайды. Негізгі және туынды сын есімдерде жатырқамай еркін жалғана береді.

...Аяғында сен де бір

Кішірек құдай болмақсың.

(Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым 83 бет)

Шәкәрім сөз қолданыстарына таң қалмасқа болмайды, қиыннан қиыстырып әкеліп, бір ғана сөзді бірнеше өлең жолдарында пайдаланып, бір-біріне ұқсамас шумақтардың әр тармағында өзгеше бір көркем өрнектерді айшықтайды.

Слайд №2

Ауыр қайғы, терең ой

Өкпеге зиян етеді.

«Ашу мен ынсап» (53 бет)

Терең ойға түсіп едім,

Кетті мастық улатып. (245 бет)

Осындай сезімдерді қуа берсең,

Түпсіз терең, сондықтан тоқтатайын. (262 бет)


Бастағы көз, құлаққа сенімім жоқ,

Терең ой мен ақылға айтамын дат.

«Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі» (263 бет)

Нартайлақ терең ойға түсіп кетті,

Білген соң Барғана мен Самсы екені


«Нартайлақ пен Айсұлу» (328 бет)


Орын іздеп қонарға,

Терең оймен болам мас.


«Мұтылғанның өмірі»(346 бет)

Қазақта қайдан болсын терең ғылым,

Түбі арам айла қуған өңкей жылым.


«Ләйлі-мәжнүн»(397 бет)

Тыңдап болып Кер түсті терең ойға...

«Криз патша» (481 бет)

Терең оймен тексермес надандарды...(138 бет)

Ақын өлеңдерінің бір ерекшелігі –өзіндік жаңа көркемдік тәсіл қолдануы. Жақсы мен жаманды, жанды мен жансызды қатар ала отырып ой айту тәсілін ұсынады. Ақын қарама-қарсы немесе өзара қатыссыз екі түрлі ұғымды параллель түрінде қатарластыра алып отырып, соларды салыстыру арқылы өзіндік тиянақты ой түйеді. Мәселен, «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек»өлеңінде ақын атқа салынатын кәдімгі ер тоқым мен адам мінезінің арасынан ұқсастық іздейді.

Слайд №3

Кей ердің алды биік, арты аласа,

Оны көрсем қаламын таң-тамаша

Алды биік, ерінің арты жалпақ,

Атын жауыр қылады-ау байқамаса.

Зергердің қолымен жасалған ер-тоқымның сыртқы сыртқы сұлулығымен ішкі мазмұны, яғни аттың арқасына жайлылығы арасындағы алшақтық кеудесіне нан пісіп, аяғын алшаңдай басқан санасында біртүйір дән жоқ саңылаусыз жандардың кейпіне теңеледі. Бұндағы биік, аласа сөздері бір-біріне қарама-қарсыантоним сөздер.

Қардай аппақ

Әжімсіз маңдайың кең

«Шын сырым»

Тәпсірлеуге миың тар.

Кеудесі тар күншілдің,

Үмітін өрт шалған күн.

Жетсе көзін бұл сырыма,

Ой өрісің, қылма тар (254 -бет)


Сол тастың жырасында бір үңгір бар,

Жатуға екі кісі болмайды тар.

«Нартайлақ пен Айсұлу»

...Ызақордың іші тар ...

«Қазақ» газеті мен «Айқап»журналы (147-бет)


Су шыққан құдық екен шыңыраудан,

Кіші емес топырағы төмпеш таудан

«Піскен мен шикі» (75-бет)

Шолақ ойдың аяғы осы болмақ,


Біраз күнге көңілдің хошы болмақ.

«Тәңірі мен жан» 266-бет

Зор дұшпаннан қалай сақтансаң,

Ұсақ жаудан сондай сақтан

«Мәнді сөздер» 546-бет

...Бірінен-бірі жуан бола беріп,

Ойласаң тоғыздан он туса керек.


Б.Әбдіғазиев Шәкәрім жұмбақтары


Екі жуан сыймайды жер жүзіне,

Тоғыз кедей сыяды алақанға. 158-бет

Қолына талдан жуан таяқ беріп,

Шаһардың көшесінде жүр сонда- «Ләйлі-Мәжнүн» 382-бет


«Криз патша» 482-бет


Ерінбей тамам гүлді аралаңыз,

Болса да кейі ұсақтау, кейі кесек

«Бәйшешек бақшасы» 149- бет

Лақатты кеңдеу қазғыз сол сиярлық,

Қылмасын екеумізге қабір тарлық. «Ләйлі-Мәжнүн» 393-бет

Ескі жырдың ұйқасы-

Бірі кесек, бірі ұзын. 141-бет.


Осы мысалдарға антонимдік жұптар келеді, тар-кең, үлкен-кіші, шолақ-ұзын, жуан-жіңішке, ұсақ-кесек. Шолақ-қысқа синонимдік қатар болады.

Шәкәрімнің сөз өрімдерінің ерекшелігі құрылымы өзгелерге ұқсамайды.

Әр сөздің белгілі бір мағынаға ие болатыны рас сол бір ғана мағына әр өлеңде әр түрлі сөздермен тіркесе отырып жаңа бір сөз саптауларын алдына тартады енді бір алуан сөз тіркесі «терең ой», осы тіркесті тек Шәкәрім емес сонау 1240-1320 жылдарында түріктің халық ақыны Юнус Емре де қолданған.

Балық болып тереңде жүу керек,

Жақсы болар терең ой өсіруіңе

«Патша дағы кейде құл болу керек» өлеңі

Ой, ми мақсаты үздіксіз жұмыс істеу, тынымсыз іздену, қарману.

Адамның ұлы қасиеттерінің бірі – ойлану қасиеті. Ақын сол қасиеттен айырылмауды, қайта оны жетілдіре беруді көздейді.бейтарап ой-қиялға қабілеттілігі әдебиетті өнер биігі еткен факторлардың бірі дер едік. Өйткені, сурет, кеіп, бейне дегендердің өзі осылай ойлаудың, қиялданудың өмірдегі бар нәрсенің дұрыс баламасын іздеп табу ғана емес, оның өсіңкі, көтеріңкі сипатын жасау ғой.


Мен тарыдай жақсылық қылсам,

Таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам.

«Мәнді сөздер» (545 бет)

Ғылым жаратылыс философия тақырыбынан табиғат (жер, күн, ай, жан-жануар, өсімдік) лирикасына ауысқанда да Шәкәрім ғылымдық негізден аулақкетпейді, белгілі құбылыстың заңды ерекшеліктерін өлеңін фабуласына қоса отырады. «Әбден толып жарық ай» өлеңінде Шәкәрім ай мен күнді сүйікті жарға бәсекелескен адам есебінде алып, үлкен поэзиялық сурет жасайды. Айды суреттей келіп, оның бұдыр екенін, бірте-бірте кеміп, орақтай болып, ақырында жоғалып кететінін айтады (астрономиялық құбылыс).

...Қармақтай белі бүгіліп,

Таласудан түңілді. (255 бет)

Бұнда айдың жер көлеңкесіне жасырынып, ақырында «Қармақтай бүгіліп қалатыны» рас. Міне, осылайша ай көлемінің кішірейуін әдемі образбен суреттеген.

Ет кесіп оң бетінен алақандай,

Сүйретіп алып шыққан қыр басына.

«Нартайлақ пен Айсұлу» (331 бет)

... түйе табанындай мүйіз болып кетті (әңгіме 491 бет)

...аузынан бал тамған шешен билерді де жерошақтай жер қазып, үңірейтіп баурыңа көміп жатсаң да бақайыңнан келмей түк көрмегендей-ақ маңқиып тұра бересің-ау!

«Әділ-Мария» романы (493 бет)

Жерошақтай сөзіне тоқталсақ, сындық мағынада тұр, ал түбір жерошақ сөзі біріккен сөз болып тұр, жер және ощақ сөзі. Біріккен сөздердің жазылуы олардың құрамындағы сөздердің түбірін сақтап, біріктіріп жазуға негізделетіні белгілі. Біздің ше, бұл – бірден-бір дұрыс принцип, мәселе принциптің дұрыс-бұрысында емес, жеке сөздердің жазылуында сол принциптенауытқудың салдарынан туған алалықты бір ізге түсіру.

...Керегедей жайылған кең қолтығыңды...(493 бет)

Керегедей жайылған күрделі сын есім, жайылған сөзі жай-түбір, -ыл бұйрық райлы етістік, -ғам есімшенің жұрнағы, керегедей сөзіне тіркесіп көмекші қызмет атқарып, синтетикалық байланыста тұр. –лы, -лі тұлғалы сын есімдер ретіне тоқталсақ,

Орта бойлы, кең иықты, жүзі нұрлы,

Отыз бес шамасында жастау өзі.

«Дубровский» (433 бет)

Саяз ойлы «шыншылдың»,

Қаруы адыра қалған күн (250 бет)

Түбір сөздерге сын есім тудырушы жұрнақтар тіркесіп, күрделі сынесімдер тобында тұр. Орта, кең, саяз сөздері көлемдік аясын нақтылап айтуда қолданылған. Құрастырушы сыңарларының келіп шығуы тегі тұрғысынан алғанда, алғашқы сыңары сындық, соңғысы заттық мағына беріп тұрған жоқ, екеуі бірігіп күрделі сын есім бөлшегі ретінде таңылады.

(К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері»)


Айнала дүниедегі бар нәрсенің сол күйінде айту, хабарлау тек ақпарлық, информациялық іс. Әдебиет онымен шектелмек емес, әдебиет оған абстракт ойлаудың нәтижесінде жан, өң бітіреді, белгілі мүсінге келтіреді, ішкі сырынашады. Сырт қарағанда қатысы жоқ дүниелердің көбін зерттеп, салыстыру арқылы оның көлемін, қалпын, сырын молырақ ұғамыз дұрысырақ танимыз. Бұл бейне, форма, мүсін. Өзіне хас мазмұнды ұстап, танытып тұрған мүсін. Суретте жай адам да көріп-білетін нәрсені айтқанымен сол адам түсініп, ұқпаған, көңілі қоймаған, хабар етпеген жайды аңғартпақ. Ол үшін абстракция керек. Ұшқыр қиял керек. Еркін қиялсыз, терең ойсыз, яғни талдауға, жіліншіктеп шағуға күші жететін ұғым, түсінік болмайынша әр заттың, немесе әр істің шын қасиеті ашылмақ емес. Ал талдап, жинақтау үшін бейтарап еркін ой, абстракция қажет. Адам баласының бар рухани табысы осы абстракт түрде ойлай білудің арқасында ғана мүмкін болады.

«Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Әулие дегені сол болса керек.»

«мәнді сөздер» 545-бет.

Жанымен сүйді әділет ардың жолын,

Сондықтан ол иесі терең ойдың.

Жасымнан жетік білдім... 143-бет

Қайран терең ойым, қарт айып тоздың ба?

Абай жолын үлгі тұтқан Шәкәрім өз білімін орыс әдебиетінің біртуар саңлақтарымен байланыса отырып, олардың еңбектерін оқып, қазақ жастарынаүлгі ете отырып, рухани қалыппен жетілдірді, оларға өлең де арнады, көлемдік мағына беретін сөз тіркесі өлең тармақтарындабылайша өрілді:

Білсе егер Салтыков пен Толстойын,

Сезсе олардың айтылған терең ойын.

Гоголь мен Пушкиндерден ғибрат алса,

Қазақтың бөлер еді-ау нұрға бойын.

Шәкәрім туған халқын өзге жұрттың осындай озық ойлы азаматтарын білсе, сол арқылы өздерінің ой –санасын оятса, бұлардың шығармаларын зерделей оқып, өздерінің эстетикалық, көркемдік түсінік – топшылауларынтолықтырып шыңдай түссе, менің халқымнан да осындай ұлдар шықса деген ұлы арманын паш етеді. Ақынның өз басы олардың шығармашылығындағы құнарлы нәрді жете сезінеді.

...Өткенін қанша уақыт пайым етпей,

Владимир тым терең ой ойлапты.

«Дубровский» 420-бет.

...Түпсіз ой, түссіз қиял неше мыңдап,

Бірі бүйт, бірі сүйт деп тұрады ымдап.

Тұңғиық, тұманданған алдыңғы өмір,

Тұрғанын біліп болмас не дайындап.

«Дубровский» 421-бет.

Ақын орыс әдебиетін оқып қана қойған жоқ, оның ішінен таңдап, ұнаған шығармаларын аударып, көпшілікке ұсынады. Аудару барысында әр сөз тіркесі өз ретімен мәнін ашып, қазақтың бай тілі мен ұйқасын, ырғағын тауып жымдаса қалды. Жаңа үлгідегі бүкіл орыс әдебиетін жақсы білгенмен, оның көркемдік ерекшеліктерін кәміл танығаны байқалады. Қазақ ұғымына лайықталды дегенмен де түсіп қалған эпизод, бедерленбей кеткен сурет жоқ. Повестің композициялық желісін берік сақтаумен қатар ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің үлкен жетістігі, әлемдік көркем танымға соны жаңалық, тың тыныс әкелген нәзік психологизмге айрықша ден қойған. Кейіпкер тағдырының қоғамдық астары, олардың іс-әрекетінің мінез-құлықтық негіздері тура пайымдалған.

...Терең ойлап, сөзімді құлаққа іл де. 139-бет

... Аяқты бірдей бассақ та,

Шықпайды бізден терең сыр.

«Міндеу мен күндеу» 66-бет

Бұндағы «терең» сөзі сын есім, сондықтан зат есімдерге қатысты болып, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркесінің құрамында өте көп жұмсалады. Сын есімдердің лексикалық мағыналарына және синтаксистік қызметіне қарағанда, олар есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңары болатын сөздер, сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады да, лексика-грамматикалық мағынасы жағынан анықтауыштық қатынаста тұрады.

Қазақ тіліндегі сын есімдер шығу тегі жағынан есімшеге барып тіркеледі. Атап айтқанда, бұлар етістіктің есімше түрінің тілдің тарихи даму барысында етістіктің қатарынан шығып, сын есімге айналуынан жасалған.

... Суалған көңіл толғаны.

Басыма қыдыр қонғаны. 249-бет.

Көзінің айтып болмас аққан селін. 324-бет


Қорытынды:

Шәкәрімнің шығармаларының көркемдік ерекшелігі - оның әдеби тілінде. Өлеңі болсын, прозасы болсын, қара сөздері болсын қайсысын алып қарасақ та, өзгеше бір сарын тың ойлар, шеберлікпен ұйқастыра білген сөз өрімдерін көреміз. Әрбір айтылар ойдан дәлділікті, шындықты сезінесің. Сұлу да сындарлы сөздері бойды шымырлатып, жүрегіңе нәзік бір сезімді құйғандай. Абай үлгісімен сөз сапталса да, Шәкәрімдік үлгімен тың жолды өрнектейді. Әр сөзінен алынар ұғымның аясы өте кең. Өлең ұйқасы, буын, бунақ сандарының да кейде өзгеге ұқсамас өлшемдері де кезігеді. Сонда да шұбалаңқы емес, жып-жинақы, терең ойлы сөз өрнегін көресің. Ал аудармаларына келетін болсақ, орыс сөздерінің баламасын қазақ тіліне аударғанда еш қиындықсыз, әдемі тіркестіре, жік-жігімен орналастырғанда ақын шеберлігіне таң қалмасқа болмайды. Орыс тілінде қолданған сөздердің ешқайсысы қалыс қалмастан сақталған.

«Ұстаздан шәкірт озған» деген осы болса керек.

Шәкәрім шығармаларын парақтан үңіле қарасаң, тіл білімінің сан қырын кездестіресің, әлі ашылмай, зерттелмей жатқан тілдер құпиясын, санау кезеңде өз туындыларының өзегі етіп алған аян. А.Байтұрсынов ілімі шығарманың тілдік қызметінде толық сақталған.

Шәкәрімнің ойы асқақ. Өз ғұмырында өмірге деген көзқарасы ерекше еді. Білсем, көрсем, сезінсем деген ой біраз істерін қамтып, артына өлмес мұра, асыл қазына қалдырып кетті. Өз бетімен ұстаз көрсеткен жолды қиындыққа мойымастан жүріп өтті. Оқыды тынбай ізденді, талпынды. Ақыры дегеніне жетті. Өмірдің соққысына шыдап бақты. Бірақ әлділер жеңді. «Қазағым» деп соққан ақ жүректі қаралады. Жаңа өмірді қуанышпен, асқақ көңілмен қарсы алып еді. Жауыздар таптауға салды. Болашаққа арнап жан сырын төге, жүрегімен жырлап еді. Оны тып-типыл етті. Бірақ артындағы қалған көз көргендер Шәкәрімді ұиытпады. Асылдың сынығындай қастерлеп, жарыққа алып шықты. Оның жазбаларын қоқыстан аршып алды. Ақын қайта оралған арыстардың бірі болып, қазақ әдебиетінде көрнекті өкіл, бірегей ақын, Ұлы Абай ұрпағы, ақын шәкірті болып ортамызға оралды. Өз өлеңінде жастарға өнегелі сөздерін арнады. Саналы, зерделі жас болса, менен керегін алсын деді.

Көрмесе де көзімді,

Білмесе де өзімді

Кейінгі жандар қабылдар

Айтылған түзу сөзімді.

Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағаның қарап ал,

Мұрам сол, жастар, бергенім.

«Сөз-жібек жіп, жыр - кесте», - деп Дулат айтқандай, сөз атты жібек жіппен, жыр атты көркем де сұлу, айшықты кесте шеге білген, осылайша артына сөз маржандарын қалдырған, қазағым деп күй толғап, әсем ән шығарған, өлең өрген ақын, аудармашы, филолог Шәкәрім аты біз үшін қастерлі де, аяулы. Шәкәрім сөзін әрбір жас ақын, ұғынып, өзіне өмірлік азық ретінде пайдалана білсе, қазақ елінің болашағы нұрлы, өмірі думан, ғасыр бедерінің асыл арнасында болар еді. Абай атамыз Шығыстың жетеуіне табынып, өзінің асқақ тұлғасын көрсетті. Ал біздер, бүгінгі таңдағы ұрпақ Шыңғыстың екеуіне табынсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Қ.Жұбанов: «Абай әдебиет тіліндегі халық үлгісінің басы артық қосарларын жоюмен қабат, шығыс үлгісінен келіп – жүрген араб – парсы сөздерін қуып, әдебиет тілін тазартып, қазақ тілінің бар байлығын іске асыруға жол ашып, жазба әдебиет тіліміздің іргесін қалайды». Ендеше Абайдың ақын шәкірті, Шәкәрімнің де өз туындыларын шығыс үлгісіндегі кірме сөздерді қоспай, қазақтың жалпақ даласындай мол тілімізді сан қырынан бедерлеп, зерлеп оқырман алдына асыл қазынасын тастауы да сондықтан болар.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научную работу на тему "Шәкәрім шығармаларындағы заттың (құбылыстың) көлемін білдіретін сөз тіркестерінің жасалуы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2016 852
    • DOCX 78.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекбаева Фаузия Садыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекбаева Фаузия Садыковна
    Бекбаева Фаузия Садыковна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1839
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 173 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе