994594
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокНачальные классыКонспекты"НАУРЫЗ - 2015"

"НАУРЫЗ - 2015"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


Наурыз-2015

1-жүргізуші:
— Сәлемәтсіздер ме , құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

2-жүргізуші:
Еліміздің несібесі көп болсын,
Сиыр желіні толатұғын сүт болсын.
Жауын жауып, жер бетіне көк толсын,
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!

Құтты болып мерекелі Наурызы,
Ал, халайық тұрмайық,

Әндетейік жырлайық.

Ырыс тілеп бұл жылға

Шашумен қарсы алайық.

(Әже сахнаға шығып шашу шашады)

Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан жаңбыр нөсер.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризалығың болсын көл - көсір!

1-жүргізуші:

Бүгінгі мерекеміздің түндігін ашу үшін мектеп басшыларын құттықтау сөз айтуға сахнаға шақырамыз.

Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан. Бір-бірімен төс қағыстырып амандасқан.

Оқушылар екі-екіден шығып, төс қағыстырып амандасады.

Деген халық «Сәлем сөздің атасы»

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.

Амандасу ізгілік пен сыпайылық белгісі

Сәлем бердік, Амансың ба қалайсың:

6 оқушы шығып тақпақ айтады.

  1. Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
    Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды! 
    Мал біткеннің бал татыған уызды, 
    Қуат болып қанымызға тарайды. 

  2. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
    Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
    «Аман ба» деп мал жаның? 
    Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 


  1. Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
    Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
    Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
    Өнерлерін көрсетуге келді міне

  2. Енді ортаны баршыңызға ашайық
    Көрермендерге жырдан шашу шашайық
    Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
    Өнерменен інжу - маржан шашайық

  3. Дастарханда дәніміз, 
    Жайдарымыз бәріміз. 
    Жарасу бар, жаулық жоқ, 
    Қандай жақсы Наурыз!
     

  4. Күн мен түн теңеледі, 
    Жер шуаққа бөленеді, 
    Соны тойлар ел енді. 
    Наурыз тойы — салтымыз, 

(Арттарында хормен ән айтатындар тұрады, соңғы оқушы айтып болған соң, ән орындайды)

Хор «Наурыз» әні

Бір топ балалар сахнаға шығып,

-Бұл не шу?

-Бұлар кімдер?

-Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

-Анау тұрған Қар екен,

-Мынау тұрған Күн екен!

1-жүргізуші:

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

/Қар мен Күн болып киінген балалар шығады/

Қар: Қара жерді ақ көрпеге ораған,

Кең даланы боранымен бораған,

Қыс керемет емес пе?

Күн: Мал төлдеп, адам аузы аққа тиген,

Жер бусанып, мал ауызы көкке тиген,

Жаз керемет емес пе?

Қыс: Құрт-құмырсқа, бақа-шаян жер бетіне шығатын,

Шыбын-шіркей, маса-қоңыз ызыңдап мазаң алатын,

Жаздың несі керемет?

Күн: Дүлей боран бораған,

Бетіңді аяз қарыған,

Қыстың несі керемет? 

Қыс: Борандатсам, қырсыздарды сынағаным емес пе?

Қар жауғызсам, жерді көкке дайындағаным емес пе? 


Күн /көніп/:

Жылқы кетті,

Қойым жетті,

Бер жолыңды, Қар аға!

 Қыс:

Жолымды мақұл берейін,

Өз жөніме кетейін!

 Қыс кетеді аластау рәсімі

 (жаулық тағынған ана мен қыз балалар от жағып залды аластап шығады)

Алас, алас,

Мың бір пәледен алас,

Жүз бір қатерден алас,

Көзі жаманның көзінен сақта,

Тілі жаманның тілінен сақта,

Ниеті жаманның ниетінен сақта.

Жер-Ана, күш-қуат бере гөр, тәу-тәу!

Атар таң, ақ ниет бере гөр,тәу-тәу,

Самал жел, жаңа леп бере гөр, тәу-тәу!

2- жүргізуші:

Қыс пен күннің айтысын тамашаладық, енді Әсем мен Саяттың айтысын тамашалайық.

(Әсем мен Саят сахнаға домбыраларымен шығып айтысады)

1-жүргізуші:

Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып, ақындарын айтыстырып, балуандарын күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, наурыз көже ішіп, таңды көзбен атырған. Сол түні ер балалар қызддарға (селт еткізер», ал қыз балалар оларға жауап ретінде «Ұйқыашар» ұсынған.

Ұл мен қыз сахнаға шығады.

Қыз бала ер балаға кесемен тағам ұсынып:

«Ұйқыашар» әзірледім,

Іше ғой, асыл бегім!

 Ер бала кеседегіден дәм татып, тамсанып, «селт еткізер» сыйлайды:

Сыйласам қалқашыма «селт еткізер»,

Аңсаған арманыма сол жеткізер! /екеуі қол ұстасады/

3 «ә» сынып оқушысының әні

2-жүргізуші:

Тойлау барша қауымдық сауық-сайранмен, ұлттық, спорттық ойындармен жалғасқан. Ендеше «Арқан тартыс ойынына шақырамыз.

(Бір топ сахнадағы балалар, екінші топ көрермендер арасынан шақырылып ойын өткізеді)

Оркестрдің орындауында күй.

1- жүргізуші:

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша наурыздың 21-і күні даланы Қыдыр аралайды екен. Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді.

Ата болып киінген кісі келіп бата береді.

Сұрасаң бата берейін,

Ақ тілекті төгейін.

Еліме берсін берекет,

Қашсын сырқат-бәлекет!

Кірсін дәулет есіктен,

Кетсін бейнет тесіктен,

Ескі жылым есірке,

Жаңа жылым жарылқа!

Дастарханың мол болсын!

Абыройың зор болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Әумин!

2-жүргізуші:

Бүгінгі мерекемізге Ұстаздарымыз да күмбірлеген домбырасымен ән шашу шашпақшы қарсы алыңыздар.

«Сағыныш сазы» әні мұғалімдер орындайды. Дуэт.

1-жүргізуші:

Дастарқанның басты асы Наурыз көже болған. Ол жеті түрлі тағамнан жасалған. Наурыз көжені тойып ішу керек. Сонда жыл бойы тоқшылық болады деген сенім бар.

« Қазақтың дастарқаны» әні ойнап тұрады.

(бастарына орамал тағынған жас аналар көрермендерге наурыз көже ұсынады)

Би . Бишілер тобы.

2-жүргізуші:

Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!
Отбастарыңызға бақыт әкелсін!
Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын
Отанымызға шаттық өмір әкелсін
Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:

Ұлыс оң келсін,
Ақ мол болсын
Ашу артта қалып
Ақыл алға шықсын
Наурыз тойы құтты болсын!

Жаң күн құтты болсын,

Осымен Наурыз мерекесіне арналған шағын қойылымымыз аяқталды.


Краткое описание документа:

1-Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.

2-Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

3-Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне

4-Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық

5-Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!

6-Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы — салтымыз,

Общая информация

Номер материала: 296015

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.