Инфоурок Начальные классы Конспекты8 наурыз. Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы.

8 наурыз. Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы.

Скачать материал

Тақырыбы:    Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы

 

Мерекелік кештің басты мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады.

  Баубек Бұлқышевтың«Ана» атты монологы оқылады. Оқитын: Таңатқанова Арайлым


1-жүргізуші: 

Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

2-жүргізуші:

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!

Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 

3-жүргізуші

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, қасиетті аналар! 

Хор:            «Ақ мамам »

1-жүргізуші: 

Құрметті аналар! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

2-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
3-жүргізуші

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

 

 

Әдеби- монтаж:

1-оқушы:

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады,.

2-оқушы:

 Анасыздар, әрүйгепанасыздар,
Бала десе от болыпжанасыздар.
Сәттібассаұрпағың,- мерей тасып,
Қызкүлкісінсусынқыпқанасыздар.

 

 

3-оқушы: 

Анасыздар — АқЕділ, Жайықсыздар -
Жүзеалмайдыөтіндеқайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
ӘрүйдіңКүнідесе, лайықсыздар.

 

 

 

4-оқушы:

 Өрдесек те сіздерді — лайықсыздар.
Төрдесек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зордесек те сіздерді — лайықсыздар.

 

 

5-оқушы: 

Анасыздар, кеңбайтақдаласыздар.
Жаны жайсаңжеңімпазданасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбірегенжауқазынбаласыздар.

 

 

6-оқушы:

 Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

 

 

 

 

7-оқушы: 

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Алысқа қастарыңнан кете алмаймыз. 

 

1-жүргізуші: 
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

 

2-жүргізуші: 

Алдарыңызға   4 "А" сынып оқушылары  Жалбырова Айгерім, Қуаныш Наздана, Аманжолова Жанельдің орындауындағы «Мамочка милая» атты әнін қол соғып қошеметтпен қарсы алыңыздар.

 

1-жүргізуші: 

Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
2-жүргізуші:

 Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
3-жүргізуші: 

Сөз шебері, қазақ ақыны Ғабит Мүсірепов: "Адамзаттың бойындағы барлық асыл қасиет ананың ақ сүтінен, күннің нұрынан жаралады" деген екен.

 

1-жүргізуші: 

Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, маңдайымыздан сипай білген аналарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. 

2-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды-

 

3-жүргізуші: 

Ендігі тамашалайындарыңыз:Көрініс "Ата мен бала"І бөлім

Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.
Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 3 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.

Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендергеқоярталабым бар. Соныорындағандарыңменіңмұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері менақылыкөркінесайболса, солменіңмұрагерімболып, осы патшалықтыбасқарады.

Автор: Хан ұлдарынқасынажинады.

Хан: Балам, үйдегі алтын қазықкім?
1-Баласы:Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.

Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Анаақылдыболса, бала дана болады. Анатәрбиесі – қызға үлгі. Анасыйламағанныңақылы кем.

Хан: Үйдің ажары кім?

2-баласы: Әрине, мен.
Хан:  Жоқ, балам.Үйдің ажары - ана.

Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.

Патшаға абыз қария келеді.
Қария:
Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!
Қария: Менің айтпағым балаларыңда.

Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

1-Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.

Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, аштытоқететін – олана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңаменіңкөңілімтолмады. Ханзаданышақырыңдар!

3-Бала:Алдиярәке, не бұйырасыз?

Хан: Өнеріңді көрсет.

Бала:Ана! Ана! Не дегенқастерлі, қасиеттісөз едің. Осынауүшәріптентұратын ұлы сөздің түбіріндеқаншамаұлысезім, ұлықұдіретжатыр десеңізші. Ананың ыстықалақаныжүреккежылытиіп, әрсөзіадамзатбаласынаөшпеснәрбереді. Дүниедеанақадірлі.

ІІ-көрініс

Автор: Осы патшалықтағыаяулыанаалыстатұратынбауырыныңүйіндеболатын. Үйгебіраптаданкейіноралды. Үйгекірісіменқыздарыбіріненсоңбіріаналарынқалайсағынғандарынайтабастады.

1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.

2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.

3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.

4 - қыз: Мен сенсізгүлтаппаған ара сияқтымын.

5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.

6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.

Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Оланасыныңқолынжууүшін су әкеліпберді. Анасыныңасындаярлап, алдына ас қойып, шәйқұйыпберді.

Ана:Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де меніеңкішіқызым қатты сағыныпты.

К.қыз: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?

Бәрі:- Ана.

К. қыз.Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?

Бәрі: – Ол – мейірімдіана.

1-жүргізуші: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз.

 

2-жүргізуші:Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі барлық өнер  сіздер үшін.

 

3-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Беркенов Даниялдың  орындауындағы « Анашым »әнін қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші:

Құрметті  де ардақты аналар!  Балапандарыңыз өздеріңізге бірнеше сауал қойғысы кеп тұр.Ендеше,жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер.

Ақниет

1.  Ең сүйікті әншіңіз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

 

Бибісара

4. Балаңыздың қай мінезі ұнайды және қай мінезі ұнамайды?

5. Өлеңайтыпбереаласызба?

6. Осы мерекедесіздікімеңбіріншіқұттықтады?

 

Нұрдулат

7. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

8. Балаңызға қандай теңеу айтасыз?

 

2-жүргізуші:

Сіздерге көп-көп рахмет! Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз.
3-жүргізуші:

Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекесімен құттықтаймыз.
1-жүргізуші:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын, 
Айтатын ән, беретін гүлім дайын. 
«Әжетай сені жақсы көремін», деп 
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын. - дей отырып келесі ән асыл әжелерімізге арналады.

1-жүргізуші:

Келіс Каринаныңорындауында  «Әжеме» әні.Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Ендігі тамашалайтындарыңыз Көрініс «Үш ана»

3-жүргізуші:4сынып өнерпаздарын қарсы алайық

Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз

Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да, 
Хал сұрауды көздеді.

Әйгерім:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай, 
Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма, 
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт, 
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Анасы:
Әйгерімжан, бүгін сен, 
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды, 
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай, 
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып, 
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан, 
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та, 
Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым, 
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)

Жүргізуші:
Аналардың елжіреп, 
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып, 
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы, 
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес, 
Білсеңіздер ана болу!

 

1-жүргізуші:

Ән: Жұман Ақниеттің орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған « Ана сен бақыттысың» әні.


1-жүргізуші:

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды.

2-жүргізуші:

Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, Қымбатты біздің аналарымыз! Әр оқушының аналарына өзі дайындаған сыйлықтарын табыс етсін.Қабыл алыңыздар!

3-жүргізуші:

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым

 

Хор: «Улыбка»

1-жүргізуші:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.

2-жүргізуші:

Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

3-жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын.Барлықжақсылықтысебетін де аналар. Ендешесоланаларалдында бас иелік! 

1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

2-жүргізуші:
Бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз

өз мәресіне жетті.

3-жүргізуші:
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Хор:  «Бейбітшілік әні»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:    Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы

 

Мерекелік кештің басты мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады.

  Баубек Бұлқышевтың«Ана» атты монологы оқылады. Оқитын: Таңатқанова Арайлым


1-жүргізуші: 

Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

2-жүргізуші:

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!

Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 

3-жүргізуші

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, қасиетті аналар! 

Хор:            «Ақ мамам »

1-жүргізуші: 

Құрметті аналар! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

2-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
3-жүргізуші

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

 

 

Әдеби- монтаж:

 

1-жүргізуші: 
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

 

2-жүргізуші: 

Алдарыңызға   4 "А" сынып оқушылары  Жалбырова Айгерім, Қуаныш Наздана, Аманжолова Жанельдің орындауындағы «Мамочка милая» атты әнін қол соғып қошеметтпен қарсы алыңыздар.

 

1-жүргізуші: 

Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
2-жүргізуші:

 Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
3-жүргізуші: 

Сөз шебері, қазақ ақыны Ғабит Мүсірепов: "Адамзаттың бойындағы барлық асыл қасиет ананың ақ сүтінен, күннің нұрынан жаралады" деген екен.

 

1-жүргізуші: 

Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, маңдайымыздан сипай білген аналарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. 

2-жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды-

 

3-жүргізуші: 

Ендігі тамашалайындарыңыз:Көрініс "Ата мен бала"І бөлім

 

ІІ-көрініс

 

1-жүргізуші: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз.

 

2-жүргізуші:Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі барлық өнер  сіздер үшін.

 

3-жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Беркенов Даниялдың  орындауындағы « Анашым »әнін қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші:

Құрметті  де ардақты аналар!  Балапандарыңыз  өздеріңізге  бірнеше сауал қойғысы кеп тұр.Ендеше,жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер.

 

1.  Ең сүйікті әншіңіз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Балаңыздың қай мінезі ұнайды және қай мінезі ұнамайды?

 

5. Өлең  айтып   бере   аласызба?

6. Осы мерекеде  сізді   кім   ең  бірінші  құттықтады?

7. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

8. Балаңызға қандай теңеу айтасыз?

 

2-жүргізуші:

Сіздерге көп-көп рахмет! Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз.

3-жүргізуші:

Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекесімен құттықтаймыз.

1-жүргізуші:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын, 
Айтатын ән, беретін гүлім дайын. 
«Әжетай сені жақсы көремін», деп 
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын. - дей отырып келесі ән асыл әжелерімізге арналады.

 

2-жүргізуші:

Келіс Каринаның орындауында  «Әжеме» әні.Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Ендігі тамашалайтындарыңыз Көрініс «Үш ана»

 

3-жүргізуші: 4сынып өнерпаздарын қарсы алайық

Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз

Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да, 
Хал сұрауды көздеді.

Әйгерім:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай, 
Тамақ ішсең жарайсың.

Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма, 
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт, 
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Анасы:
Әйгерімжан, бүгін сен, 
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды, 
Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай, 
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып, 
Осы сені не істеймін (отырады)
Жүргізуші:
Анасының артынан, 
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та, 
Жайын ойлап жалпының.

Қарашығым, қарағым, 
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)

Жүргізуші:
Аналардың елжіреп, 
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып, 
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы, 
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес, 
Білсеңіздер ана болу!

 

1-жүргізуші:

Ән: Жұман Ақниеттің орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған « Ана сен бақыттысың» әні.


1-жүргізуші:

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды.

 

2-жүргізуші:

Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, Қымбатты біздің аналарымыз! Әр оқушының аналарына өзі дайындаған сыйлықтарын табыс етсін.Қабыл алыңыздар!

3-жүргізуші:

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым

 

Хор: «Улыбка»

1-жүргізуші:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.

2-жүргізуші:

Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

3-жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын.Барлықжақсылықтысебетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 

 

1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

2-жүргізуші:
Бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз

өз мәресіне жетті.

3-жүргізуші:
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Хор:  «Бейбітшілік әні»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-оқушы:

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады,.

 

2-оқушы:

 Анасыздар, әрүйгепанасыздар,
Бала десе от болыпжанасыздар.
Сәттібассаұрпағың,- мерей тасып,
Қызкүлкісінсусынқыпқанасыздар.

 

 

 

3-оқушы: 

Анасыздар — АқЕділ, Жайықсыздар -
Жүзеалмайдыөтіндеқайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
ӘрүйдіңКүнідесе, лайықсыздар.

 

 

 

 

4-оқушы:

 Өрдесек те сіздерді — лайықсыздар.
Төрдесек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зордесек те сіздерді — лайықсыздар.

 

 

 

5-оқушы: 

Анасыздар, кеңбайтақдаласыздар.
Жаны жайсаңжеңімпазданасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбірегенжауқазынбаласыздар.

 

 

 

6-оқушы:

 Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

7-оқушы: 

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Алысқа қастарыңнан кете алмаймыз. 

 

 

 

 

Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.
Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 3 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.

Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендергеқоярталабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сайболса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.

Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.

Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

1-Баласы:Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.

 

Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылдыболса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем.

 

Хан: Үйдің ажары кім?

 

2-баласы: Әрине, мен.

Хан:  Жоқ, балам.Үйдің ажары - ана.

Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.

Патшаға абыз қария келеді.
Қария:
Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!

Қария: Менің айтпағым балаларыңда.

Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

1-Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.

Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!

3-Бала:Алдияр әке, не бұйырасыз?

Хан: Өнеріңді көрсет.

Бала:Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.

ІІ-көрініс

Автор:

 Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.

 

1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.

 

 

2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.

 

 

3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.

 

 

4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.

 

 

5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.

 

6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.

 

Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Оланасыныңқолынжууүшін су әкеліпберді. Анасыныңасындаярлап, алдына ас қойып, шәйқұйыпберді.

 

Ана:Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.

 

К.қыз: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?

Бәрі:- Ана.

К. қыз.Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?

Бәрі: – Ол – мейірімді ана.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8 наурыз. Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 760 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 1234
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шамахан Галина Шайзадакызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шамахан Галина Шайзадакызы
    Шамахан Галина Шайзадакызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36644
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек