Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы8-наурыз аналар күніне ашық тәрбие сағаты "Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!"

8-наурыз аналар күніне ашық тәрбие сағаты "Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!"

Скачать материал

Мұғалім:

- Құрметті ұстаздар, аналар, арулар! Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, сыныбымыздың ер балаларының дайындаған «
Күндей күлген анамның, Баласы болып қаламын!» ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

Нұрасыл:

Уа, ағайын, ағайын.
Көктем келді жайнаған.
Бау - бақшада бүгін той.
Қош келдіңіз ағайын.
Раушан гүлдер жайнаңдар.
Гүлдей жайнап тұрыңдар.
Құттықтаймыз сіздерді.
Мерекеңмен бүгінгі.
Ересіл:

Бүгін – наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз – Адамның
Анаға айтар лебізі

Мақсат:

Ана біздің күніміз.
Аялаған анамыз.

Ана біздің күніміз.
Саялаған панамыз

Ананың біз гүліміз.
Шынар болып өсеміз

Ұланды ана қуантып
Шырағы боп жанамыз.

Ұзақ өмір сүріңіз.
Нұрасыл:

Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

Ән: «Апатайым-анашым»

1.Кіршіксіз жүрегіндей жас баланың

Анашым өзің менің асқақ әнім

Өсірдің әлдиледің аяладың

Ойыңнан бір сәт мені тастамадың

                         Қ/сы

Апатайым анашым

Ақылы мол данасың

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің

2. Ойладың бүлдіршіндей бала қамын

Сипады маңдайымнан алақаның

Сөзіңді екі етпей қадірлейді

Қарайды қабағыңа балапаның

3. Анамның әрбір сөзі ойды алады,

Жүректің тереңінде сақталады

Өсемін сенің сүйгендей ұлан боп

Ардақты ана еңбектерін ақталады

Ересіл:

Наурыз келді, Ана жан серпіліңіз
Шуақтанып, шаттанып желпініңіз,
Кеудеңізде керемет оттар жатыр,
Сізден жылу әлемін күткеніміз.

Мақсат:

Ақ қабақты анашым
Күн көкірек мамашым
Ақ сүтіңнен суардың
Бөбегіңнің санасын.

Айшаның орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар.

Ойын: «Аялы алақан»
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының тапқызу.
Нұрасыл:

Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі - жаным деген, сая маған.

Мақсат:

Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін
Нағыз ана тілі - әжем.
Ересіл:

Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады
Бас жібермей әр күні
Ана жолын қуады.
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды
Әр бір қыз, әр бала.
Мамасына ұқсайды.

Ақарудың орындауында «Қыз сыны» әні.

1.Үкілі кәмшат бүрмелі көйлек

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп

Иықтан шашын төгіліп жерге

Күмісті шашбау жарасып белге

А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а-а-а

Күмісті шашбау жарасып белге

2.Қиылған қасы қарақат көзі

Жүректі баурап оятар сезім

Тал бойын нәзік қызғалдақ гүлдей

Дидарын нұрлы шуақты күндей

3. Жаңарып қайта жаңарып көне

Ләззат алар көрген жан сенен

Көркіңнен сенің айналдым еркем

Халқымның салтын сақтаған көркем

А-а-а-а-а-а-а

А-а-а-а-а-а-а

Халқымның салтын сақтаған көркем

Оқушылардың шығармаларын оқып беру.
Мақсат:

Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Нұрасыл:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Ересіл:

Ана, ана! Қасиетті үш әріп
Үш әріптен келемін мен күш алып.
Ана деген қасиетті ұғымнан.
Қанаттанып, шарықтаймын ұша алып.

Нұрасылдың орындауында «Аяулы анашым» әні қабыл алыңыздар.

1.Кішкентайдан мені мәпелеп өсірген

Осы күнге мені енбекпен жеткізген

Осы күнге мені ұйқысыз жеткізген

Аяулы анашым

Қ-сы

Аяулы анашым ак сүт берген маған

Бұл өмірде жоқ қой сенен артық адам

Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам

Аяулы анашым

2.Міне менде өстім

Осы жасқа келдім

Анамнын ак сүтін

Ақтар жасқа келдім

Ұлым өссе егер

Бір кайтарар деген

Аяулы анашым

Қ-сы

Аяулы анашым ак сүт берген маған

Бұл өмірде жоқ қой сенен артық адам

Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам

Аяулы анашым

Ойын: «Сіз балаңызды қаншалықты білесіз?»

Ақару:

Ана деген - ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!
Ақыл құйған санама
Алғыс айтам анама
Күн алыста, ал анам
Үнемі менің жанымда
Айша:

Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы анашым!
Хормен:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек - ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек - ау!

Айгерім апай өлең оқиды.

Мақсат:
Ересілдің орындауында «Анашым» әні

1.Оянғанда түнде жұбатып

Ақ сүт беріп өсірген

Басқанымда тәй – тәй қуантып

Тұсауымды кестірген

Қайырмасы:

Анашым құдіретіне табынамын

Көрмесем бір күн сені сағынамын

Анашым қартаймашы жалынамын

2. Көз алдымда дәурен балалық

Тіліңді алмай есірген

Балалық пен қылсам шалалық

Әр кез мені кешірген

Қайырмасы:

Анашым құдіретіне табынамын

Көрмесем бір күн сені сағынамын

Анашым қартаймашы жалынамын

3.Анашым саған қарызым

Бас иемін даңқына

Білемін өтеу парызым

Кір келтірмей атына

Қайырмасы:

Анашым құдіретіне табынамын

Көрмесем бір күн сені сағынамын

Анашым қартаймашы жалынамын

Мақсат:

Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

Ересіл:

Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,

Нұрасыл:

Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған.
Қуанышты берекең.

Мақсаттың орындауында «Аналардың тілегі»әні.

1.Аналардың тілегі,

тыңдайықшы жүрегін,

Жаса жайна аналар,

жырға қосып жүремін.

Болашаққа бастаған,

ана деген асқақ ән,

Тебірентіп жүректі

жыр етеді жас қалам.

Қайырмасы:

Алыста жүріп сағынам,

Өзіңе мәңгі табынам.

Бас иіп өтем анаға

Ақ жаулығын жамылған.

2.Қуат күшің талмасын,

бақыт гүлі солмасын,

Асқарына арманның,

ұрпақтарың самғасын.

Талай топтан іздеген,

ана көрдім жүздеген,

Сағынышын жеткізген,

жаны жақын ұл деген.

Қайырмасы:

Алыста жүріп сағынам,

Өзіңе мәңгі табынам.

Бас иіп өтем анаға

Ақ жаулығын жамылған.

Ата-аналар мен оқушыларға арналған сұрақтар

1. Ата – ананың ақысы немен өлшенеді?
2. «Ата - анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?
Нұрасыл:

Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.

Мақсат:

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған сыйлықтары бар. Соны табыс етейік.

Ақару мен Айшаның орындауында испан биі.

Мақсат:

Арулар – аяулылар, ардақтылар
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар
Арулар – тіршілікке күре тамыр
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар

Нұрасыл:

Анасын керек емес баптамаған,
Адам ба ана сүтін ақтамаған.
Адам боп жүрмесінші жер бетінде,
Анаға махаббатын сақтамаған.
Ересіл: Осы отырған бпоша аруларға «Сұлу қыздар» әнін арнаймыз.

Ойын: аналармен « Әндер сақинасы» (бір ана ән бастайды келесі ана жалғастырады)
Ересіл:

Мен үлкен боп өскенде,
Ақ сүтіңді ақтаймын.
Мәпелеп сізді аялап,
Алақанымда баптаймын

Нұрасыл:

Тыныштық баршамыздың ұранымыз
Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз,
Арманның асқарында қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.
Мақсат:

Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығың,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.

Хормен: ән «Мама-доброе слово»

Ұлдар қыздарға арнап жасаған сыйлықтарын табыс етеді.

Құттықтау сөз мектеп директоры Р.Смагулова және ата-аналарға беріледі.
Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз-дей келе ашық тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!








Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8-наурыз аналар күніне ашық тәрбие сағаты "Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 225 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.03.2016 1288
    • DOCX 25.7 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туребекова Айгерим Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туребекова Айгерим Маратовна
    Туребекова Айгерим Маратовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 76030
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1181 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 547 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе