ШКО.Көкпекті ауданы. Қарамойыл ауылы
Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі
Сыздыкова Айгуль
«Наурыз- бұл жаңа жыл»
1-жүргізуші.
Армысыздар, бармысыздар, құрметті де, қадірлі ұстаздар мен білімгерлер.
Бүгінгі біздің «Наурызым-ұлыс, берекем» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
«Наурыз» парсы тілінен енген «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурыз – қазақша жыл басы.
Наурыз жыры
Қаһарлы қыспен мызыстан,
Тайпаласып жұлысқан.
Наурыз күні күлімдеп,
Шықты бүгін шығыстан.
Қарға қалған тұншығып,
Жанданады тіршілік
Әз өткен соң тоқтау жоқ
Аспаннан әеуз үн шығып.
Хабаршы көктемнің,
Қар ұйықтамай білдірер
Жақсылықтың жеткенін,
Күн ұзарып түн келіп
Ағаш түнер бүрленіп,
Күн-түн сайын жасарар.
Ұлы дүние түрленіп,
Құшақтасып, көрістік,
Қаунышты бөлістік,
Еміренген ел ыстық.
Наурыздың 22-сі күн Наурыз мейрамы екенін қазақ баласының көбі біледі. Бұл мейрам дін мейрамы емес, ұлт мейрамы. Біздің жаңа жылымыз- Наурыз, наурыздың басында болсын, ортасында болсын, әйтәуір наурыз айы мағынасымен жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаздың жақындағанын сезіп, көңілдеген кез. Міне табиғаттың осындай көңілді өзгерісінің кезіңде біздің жаңа жылымыз-Наурыз туады, әдет-ғұрпымызды ұмытпай белгілі бір күнді жыл басы қылып алсақ, ұнамды іс болар еді. Жалпы мұсылман жұртына ортақ, жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол Наурыз.
2-жүргізуші.
Ертеден ерге Наурыз – жылдың басы,
Жарасқан келбетіне нұр тұлғасы.
Сыр шертіп, шаттық құйып жүректерге,
Сұлу жыр, әсем ән боп сыңғырлашы, демекші білімгердің Наурызға арналған өлеңдерін тыңдайық.
Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті. Ол күні қар немесе жаңбыр жауса «Нұр жауды» «туар жыл жақсы болады» деп құанған. Наурыз күнінің бір ерекшілігі-бұл күн ағайынның көрісумен басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесуден қалыптасқан дәстүр бар.
Кең байтақ ұлысыма ұлы күй келді,
Жыл басы келді. Жаңғырта келді.
Дүние желпінді. Тіршілік күйі шертілді.
Ал қане, білімгерлер «Білгенге маржан, білмегенге арзан»- дей отырып, кімнің жылдам екнін байқау үшін сөзжұмбақты шешіп көрейік.
Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамында ойланатын ұлттық ойынның бірі.
Наурыз сөзі қай тілден шыққан.
Наурыз айында гүлдейтін көп жылдық өсімдік.
Наурыз көжеге қосылатын тағамның бірі.
Ұлттық ойынның түрі.
Қарағай жерді жасыра алмай, қылаулап жауған қарды не деп айтады.
1-жүргізуші.
Қазақ елі наурызды қарсы алғанда жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ шағып қояды. Жаңа жыл таза мұнтаздай үйге келсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктердің жаңы қағылып, жуылып тазартылады. Береке басына басталады демекші, жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады.
Ұлыс күнінде киіз үй тігіліп, наурыз көже дайындалады. Соңымен қатар көптеген ұлттық ойындар ойналады, қыз-келіншектер мен боз балалар өз өнерін көрсетеді.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсен менше сүй- деп Абай атамыз айтқан.
Кім жүйрік екенін сұрақ-жауап арқылы көрейік?
Наурыз көжеге қосылатын тағамның түрлері.
Наурыз мерекесіне қатысты мақал-мәтелдер айту.
Жаңа жыл күні жеті түрлі тағамнан-соғымнан қалған сүрі ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай т.б. Салып қазан толы наурыз көженің дайындалуы қыс тағамымен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы-жаз тамағымен қауышудың мәнін білдіреді. Ал наурыз көжені тойып ішу «жыл бойына тоқшылық болсын» деген ұғымға сияды. Әдетте Наурыз күні қасиетті дәмнен алыс сапарда жүрген адмдарға, қадірменді ақсақалдарға сыбаға сақталады. Ұлыс тойы күні көкпар, күрес, алтыбақан, ақсүйек секілді ұлттық ойындар ойналады.
«Наурызым-ұлыс, берекем!» , барлық қауымға Наурыз мерекесі жақсылық, құт береке әкелсін.
Концерттік нөмірлер:
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.